Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру



жүктеу 75.43 Kb.
Дата30.11.2018
өлшемі75.43 Kb.
түріСабақ


Пән: Вагон құрылымы.
1. Сабақтың тақырыбы: Вагон моделі 13-4012 әмбебап платформаның рамасы
2. Сабақтың мақсаты:

а) Сабақтың білімділік мақсаты – Оқушыларға вагон моделі 13-4012 әмбебап платформаның рамасы туралы мәліметтер беру.

б) Сабақтың тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың мамандыққа және сабаққа қызығушылығын арттыру.

в) Сабақтың дамытушылық мақсаты – Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3. Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар және ТОҚ:

1. Интерактивті тақта

2. Бағалау парағы

3. Тестік сұрақтар

3. Фишкалар (қызыл, сары, жасыл)
4. Сабақ түрі: Аралас сабақ

5. Пән аралық байланыс: ТЖЖҚ, материалтану, информатика


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин.)

Журналдағы тізім бойынша оқушыларды түгендеу

ІІ. Оқушылардан өткен сабақты сұрау (20 мин.)

Оқушылар төрт командаға бөлінеді (А, Б, В, Г) , әр команданың өз капитаны болады.

«А» командасы.

«Б» командасы.

«В» командасы.

«Г» командасы.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин.)

а) Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру



Вагон моделі 13-401 әмбебап платформа
Сабақты қорытындылау: (7 мин.)

Үйге тапсырма беру: Оқытып бақылайтын мультимедиялық программа [1]

[1] §31. 66-67 бет


«А» командасына берілетін тапсырма:

Тестік сұрақтар бойынша өз білімдерінізді бағалап көрініз:
10 жауап – «5»

8-9 жауап – «4»

6-7 жауап – «3»

5 және одан төмен – «2»



«Б» командасына берілетін тапсырма:

І. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 12-541 әмбебап жартылай ашық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 12-541 құрылысы

3. Вагон моделі 12-541 техникалық сипаттамасы

«В» командасына берілетін тапсырма:

«Г» командасына берілетін тапсырма:

Тестік сұрақтаға жауап беру:
10 жауап – «5»

8-9 жауап – «4»

6-7 жауап – «3»

5 және одан төмен – «2»

І. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 12-541 әмбебап жартылай ашық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 12-541 құрылысы

3. Вагон моделі 12-541 техникалық сипаттамасы

ІІ. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 11-260 әмбебап жабық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 11-260 құрылысы

3. Вагон моделі 11-260 техникалық сипаттамасы

ІІІ. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 11-835 арнайыландырылған жабық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 11-835 құрылысы

3. Вагон моделі 11-835 техникалық сипаттамасы

ІV. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 19-756 арнайыландырылған жабық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 19-756 құрылысы

3. Вагон моделі 19-756 техникалық сипаттамасы

V. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 12-1580 арнайыландырылған жартылай ашық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 12-1580 құрылысы

3. Вагон моделі 12-1580 техникалық сипаттамасы

VІ. Карточкалардағы сұрақтарға жауап беру

1. Вагон моделі 19-715 арнайыландырылған жабық вагонның қызметі

2. Вагон моделі 19-715 құрылысы

3. Вагон моделі 19-715 техникалық сипаттамасы

І-нұсқа
1. Вагон моделі 11-835 қандай жүкті тасымалдауға арналған?

а) Тыңайтқыштарды

б) Автокөліктерді

в) Мұнайөнімдерін

г) Хлорды

д) Орман ағаштарын



2. Вагон моделі 15-880 қандай жүкті тасымалдауға арналған?

а) Тыңайтқыштарды

б) Технологиялық жаңқаны

в) Автокөліктерді

г) Мұнайөнімдерін

д) Орман ағаштарын



3. Вагон моделі 13-469 қандай жүкті тасымалдауға арналған?

а) Технологиялық жаңқаны

б) Тыңайтқыштарды

в) Мұнайөнімдерін

г) Автокөліктерді

д) Орман ағаштарын



4. Вагон моделі 11-740 қандай жүкті тасымалдауға арналған?

а) Тыңайтқыштарды

б) Мұнайөнімдерін

в) Хлорды

г) Орман ағаштарын

д) Автокөліктерді



5. Жеңіл автокөліктерді тасымалдауға арналған платформаның моделін көрсетіндер?

а) Вагон моделі 15-1556

б) Вагон моделі 13-479

в) Вагон моделі 13-479

г) Вагон моделі 15-1405

д) Вагон моделі 15-1404



6. Вагон моделі 11-835 арбашығының конструкциясының ерекшеліктері неде?

а) Жүккөтерімділігі жоғарлатылған

б) Бүйірлік рамалардың конструкциясы жеңілдетілген

в) Букстық тоғыстары модернизацияланған

г) Вагон шанағының тірелуі өкшеліктік тоғыстар арқылы

д) Әр серіппегіштік жинақта төрт серіппе



7. Рулондардағы иілген болаттарды тасымалдауға арналған вагонды көрсетіндер?

а) Вагон моделі 12-4011

б) Вагон моделі 12-1580

в) Вагон моделі 13-479

г) Вагон моделі 15-1556

д) Вагон моделі 15-1480



8. Вагон моделі 15-880 қандай жүкті тасымалдауға арналған?

а) Тыңайтқыштарды

б) Мұнайөнімдерін

в) Технологиялық жаңқаны

г) Автокөліктерді

д) Орман ағаштарын



9. Вагон моделі 19-715 шанағының дөңбек қабырғалары қандай бұрышта оранласқан?

а) 60°


б) 65°

в) 50°


г) 70°

д) 40°


10. Вагон моделі 15-871 неше шпангоуттармен бекітілген ?

а) 8


б) 14

в) 16


г) 12

д) 6



Вагон моделі 13-4012 әмбебап төртосьті платформа

Днепродзержинск вагонсоғу зауытында соғылған моделі 13-4012 әмбебап төртосьті платформа 0-ВМ габариті бойынша проектіленген және ТМД елдерінің жолтабаны 1520 мм теміржолдарында және жолтабаны 1435 мм реконструкциялан-ған сүрлеу жолдарында пайдалануға арналған (1-сурет).



1-сурет. Вагон моделі 13-4012 әмбебап платформа
Платформаның шанағы еденнің аралас төсемі бар 10 рамадан 2, сегіз бүйірлік 1 (әр шетіне төртеуден) және екі дөңбек 7 еренулерден құралады (2-сурет). Бүйірлік ернеулері раманың бүйірлік арқалықтарына топсалы бекітілген, және олардың әр қайсысы жабық қалпында үш сыналық бекітпелермен 3 ұсталады, ал дөңбек ернеулері - екі сыналық бекітпелермен 6. Дөңбек ернеулерін көлденең қалпында ұстауға және оларды доңғалақ техникасын өзінің жүрісімен жүктегенде қолдану үшін раманың соңғы арқалықтарында төрт-төрттен тіреу кронштейні 8 орнатылған.

Жүкті байланыстыру үшін шанақтың ішінде скобалар 9 қарастырылған ал сыртында - байланыстырғыш сақиналар 5. Ернеулерден жоғары жүктелген жүктерді тасымалдағанда, раманың бүйірлік арқалықтарында ағаш тіреулерді орнатуға арналған скобалар 4 дәнекерлен




2-сурет. Вагон моделі 13-4012 әмбебап платформаның құрылысы.
Шанақтың рамасы дәнекерленген. Ол жота 15, екі бүйірлік 13, екі соңғы 1, екі шүберінді 2, үш негізгі 5 және екі аралық көлденең 4 арқалықтардан құралады, олар көмекші бойлық арқалықтармен бірге 3 пен 9 еденнің төсемін ұстауға қызмет етеді (3-сурет).

Ауыспалы биіктіктегі екі двутаврлар № 70 ұзындығы бойынша жота арқалықты 15 құрайды. Двутаврлар өз ара диафрагмамен және автотіркегіштердің тіреулерімен қосылған. Жота мен шүберінді арқалықтардың қиылысу тоғыстары табанүсті диафрагмалармен 16 күшейтілген. Бүйірлік арқалық 13 барлық ұзындығы бойынша биіктігі тұрақты № 30 двутаврдан дайындалған. Оның сырт жағынан скобалар 6 мен сыналық тиегіштердің ұстағыштары 7 дәнекерленген.

Ұзындығы бойынша биіктігі тұрақты соңғы арқалықтар 1 дәнекерленген және қалыңдығы 8 мм Г-тәрізді табақтан және оны күшейту элементтерінен дайындалған: кронштейндерді 8 орналастыратын орындарындағы арқалықтың ішкі жағынан дәнекерленген екі бұрыштықтан (150х60х6 мм) және төрт қабырғадан.

Қимасы тұйық қораптық, ұзындығы бойынша биіктігі ауыспалы шүберінді арқалықтар 2 дәнекерленген. Олар екі вертикаль (8 мм), үстіңгі және төменгі горизонталь табақтарынан (10 мм) құралады. Шүберінді арқалықтардың төменгі горизонталь табақтарына сырғымалар 17 тойтармаланған, ал жота арқалықпен қосылған зоналарында табандар 18 бұрандамалармен орнатылған.





3-сурет. Вагон моделі 13-4012 әмбебап платформаның рамасы.
Негізгі көлденең арқалықтар 5 дәнекерленген қимасы двутаврлық, ұзындығы бойынша биіктігі тұрақты, олар вертикаль табақтан (8 мм) және екі горизонталь табақтан (10 мм) құралады.

Көмекші көлденең 4 және шеткі бойлық 3 арқалықтар №10 двутаврдан дайындалған, олар еденнің төсемін ұстауға қызмет етеді.

Көлденең арқалықтар 4 рамада еденнің деңгейінен төмен, көмекші бойлық арқалықтардың 3 биіктігіне тен орналасады, ол олардың үстін бүйірліктермен бір жазықтықта орналасуын қамтамасыз етеді және еденнің төсемін жеңілдетеді.

Еденнің төсемі аралас: ортаңғы бөлігі металды 10 және бүйір жақтары ағаш 11. Еденнің тақтайлары үш бойлық арқалықтарға тіреледі - 9, 13 пен 3. Оның бір соңы S-тәрізді арқалыққа 9 кіргізіледі, ал басқасы бұрандамалармен раманың бүйірлік арқалығына 13 бекітіледі. Бүйірлік бойлық арқалықтар жағынан тақтайларды иілген П-тәрізді элементтермен 14 күшейтеді оларға ұзындығы бойынша байланыстырғыш скобаларды 12 дәнекерлейді.

Металды еден 10 қалыңдығы 4 мм кем емес және ені 1200 мм кеңірдектенген табақтардан төселген. Тежегіш жабдығын бекіту үшін рамада қажетті кронштейндер қарастырылған.

Платформаның бүйірлік ернеулерінің биіктігі 500 мм және ұзындығы 3322 мм, қалыңдығы 3 мм кең бойлық кеңірдектері бар арнайы иілген профильдерден дайындалған. Әр ернеу жабық қалпында үш сыналық бекітпелермен реттеліп ұсталады, Олар ернеуге1 дәнекерленетін ашық-машықтан 2, бойлық пазы бар 6 сынадан 3, біліктен 4 және раманың бүйірлік арқалығына дәнекерленетін тіреуі бар 7 құйылған ұстағыштан 5 құралады. Ернеу жабық кезінде, төмен түсірілген қалпында бойлық паздың 6 арқасында тұрады. Бұндай қалпында төмеңгі бөліктен сына 2 тіреумен 7 құйылған ұстағышпен 5 ұсталады. Ернеуді ашу үшін, сынаның 3 төмеңгі жағынан соққы беріп және оның төмеңгі бөлігін тіреуден 7 жоғары көтеру керек, содан кейін сынаның бұрылуына жән ернеудің ашылуына еш нәрсе кедергі келтіре алмайды.



Дөңбектік ернеулері биіктігі 400 мм бойлық кеңірдектері бар қалыңдығы 4 мм суық иілген табақтан жасалған және сыналық бекітпелермен құлптанады конструкции. Дөңбек ернеулер соңдары бойынша бойлық ернеулермен конструкциясы тасталмалы бекітпелердің көмегімен қосылады. Раманың барлық көтеруші элементтері төмен легирленген болаттан 09Г2Д дайындалған, ал еренулер - болаттан 09Г2Д-2.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет