Өз білімін жетілдіру



жүктеу 33.75 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі33.75 Kb.

«Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу ұйымдастырылған оқу

қызметінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Қырауланған ағаштар Мақсаты: Ағаштарды бейнелеуге үйрету , түстерді ажырату ға үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Алдын – ала жұмыс: Ағаштарды бейнелеуге Сөздік жұмыс: санамақ,тапақ Дидактикалық құралдар: Ағаш,қыс мезгілінің суреттері,сурет үлгіс


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

басқарымдық қызметі



Балалардың іс-әрекеті

І кезең мотивациялық-қозғаушы


Балалар қарандаршы мынау не?

Ал ағашта жапырақтар барма?



Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толығымен жауап береді

ІІ кезең ұйымдастырушылық

ізденушілік


Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы - осы өлеңде не туралы айтылған?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қыста күн қандай болады?

- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?

Суретпен жұмыс: Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар? - Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.

- Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.

Әнуарбек Дүйсенбиев аталарыңның «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық.

- Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді)

- Қар қандай болады?

- Қар неге ұқсайды екен?

- Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды екен.

(Орманнан қайтып, орындарына келіп бағанадан бері көргендерін, байқағандарын енді қағаз бетіне түсіреді) «Қар жамылған ағаш» бейнесін саламыз. Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі:

- Енді балалар, сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық.

- Енді, отырып жұмысымызды бастай беруге болады.

- Қылқаламды алып, қоңыр түсті гуашпен ағашты саламыз. Ағаштың жуан діңін, төменнен жоғары қарай салып, қар жамылған бейнені ақ гуашпен саламыз. Қар жауып тұрған сәтті шашырату әдісімен салып көрсету.


- Қыс мезгілі туралы

- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

- Суық, аяз, боран.

- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты


- Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.

- Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.

Аппақ, аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды қысқы орман

- Жапалақтап, борандатып жауады

- Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады

(ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді)

- Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды


Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.

Үлгіге қарайды.

Бас бармақ

Балан үйрек

Ортан терек

Шылдыр шөмек

Кішкентай бөбек


Қылқаламды алып, қоңыр түсті гуашпен ағашты салып. Ағаштың жуан діңін, төменнен жоғары қарай салып, қар жамылған бейнені ақ гуашпен салып . Қар жауып тұрған сәтті шашырату әдісімен салып көрсету.

ІІІ кезең Рефлексивтік-түзетуші.

- Орманда нелер болады?

- Мынау қандай ағаш?

- Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық.

Бір баланы шығарып, кімнің салған суреті өзіне ұнайды, соны алып шығып, не себепті ұнайтынын айтады.



- Ағаштар, құстар, аңдар болады

- Шырша


- Балалар терең тыныс алады

Күтілетін нәтиже:



Ұғынады: Қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді Қоладанды: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін Түсінеді: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет