Өз денсаулығыңды сақта !



жүктеу 25.91 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі25.91 Kb.


Өз денсаулығыңды сақта !

«Өзіңді парасатты ұстамыңдаған адамдар арасында тек біреуі ғана табиғи өлімге ұшырайды, қалғандары тұрмыстағы парықсыздық салдарынан өледі» Маймонид (философ, 1135–1204 жж.)
Бүгінгі күні әлемдегі өзекті проблемалардың бірі–адамзатқа қауіп төндіріп тұрған адамның иммун тапшылығы вирусы–АИТВ-ның таралуын барлық жерде бірдей болдырмау болып табылады. АИТВ инфекциясы өсуінің жоғары қарқынына қарамастан, АИТВ-ның алдын алу шаралары өте қарапайым.

Әрекет үстіндегі–жыныстық, парентералды және жұқтырылған анадан шаранаға жұқтырудың үш жолының ішінен–жыныстық жолмен жұқтырудың өсу беталысы байқалады. Соған сәйкес алдын алудың өзекті де басымдық шаралары–АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің алдын алу болып табылады. Қауіпсіздік пен оның қарапайым шараларын білу–өзіңді және өзіңнің жақын туысқандарыңды АИТВ жұқтырудан сақтап қалмақ! АИТВ инфекциясының таралуына тиімді күрес жүргізу үшін және осыдан жастарды қорғау үшін, жыныстық қатынасты ерте жасау фактілерін таныған жөн. Адамдарға осы жайлы білімді, машықты және қорғау құралдарын беру арқылы АИТВ инфекциясының таралуын едәуір азайтуға болады.

АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің алдын алу– әсіресе, жастар арасында қауіпсіз жыныстық қатынас жасауды, жыныстық өмір сүру мәдениетін кеңінен насихаттауды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауды, сексуалды қатынас жасауды кейінге шегеруді, сенімді бір ғана серіктеспен жыныстық қатынаспен шектелуді, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, оның ішінде иммун тапшылығы вирусынан, осыларды дұрыс және ұдайы пайдаланған кезде тиімді әрі сенімді қорғайтын, мүшеқапты пайдалануды қамтиды.

Мүшеқаптарды қолдану—жыныстық қатынас жасау кезінде АИТВ-ның алдын алудың ең жақсы тәсілі. Егер жыныстық серіктестер бірімен бірі мүшеқаптарды және қаупі аз сексуалды істерді пайдалануды талқылай алса және оған дайын болса, АИТВ-ның алдын алу тиімділігі едәуір артады.

Мүшеқаптардың қаптамасы, оны қолдану жөнінде нұсқаулықтан тұруы тиіс.

Сапалы мүшеқаптарда міндетті түрде оның өндірушісі, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер болуға тиіс.

АИТВ-ның парентералды жолмен берілуінің алдын алудың негізі– инъекциялық есірткі тұтынудан бас тарту, есірткіні енгізуге арналған жеке шприцтерді пайдалану, біржолғы залалсыздандырылған медициналық құрал-саймандарды, жеке ұстара құралдарын, жеке басының гигиеналық заттарын пайдалану болып табылады.

АИТВ-ның анадан шаранаға берілуінің алдын алуда–АИТВ инфекциясына жүкті әйелдерді міндетті түрде екі рет тексеріп-қарау, АИТВ жұқтырылған анадан туған балаларды тексеріп-қарау керек. АИТВ жұқтырылған жүкті әйелдерге АИТВ-ның шаранаға берілуін абайлату үшін, кесар тілігі жолымен қауіпсіз босандыруды жүргізу, АИТВ жұқтырылған анасының туған баланы емшектен емізуден бас тартуы үшін белгіленген мерзімде АРВ терапиясы тағайындалады. Отбасын жоспарлау, АИТВ жұқтырылған әйелдерді уақытылы диспансерлік есепке қою, оларды контрацепциялау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу керек. Жаңа туған нәрестеге дереу АРВ препаратымен алдын алу тағайындалады. Осынау барлық шаралар АИТВ-ның балаға берілу тәуекелдігін азайтуға мүмкіндік бермек.



АИТВ-ны жұқтырудың алдын алудың ең сенімдісі–өзіне сыйға тартылған ең қымбатына, адамның өз денсаулығына деген өзінің көзқарасы болып табылады.

Сіз туындаған кез-келген мәселелермен біздің емдеу мекемемізге– «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығына» мына «Сенім телефоны» бойынша хабарласа аласыз: 52- 45-58; 50-40-49; 50-05-12.


Мақаланы дайындағын

ЖИТС МОО

эпидемиологының көмекшісі

Зульфия Габбасовна Ишмаева.
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2016
docfile -> Внеочередное донесение о смерти вич-инфицированного больного Косый Сергей Анатольевича 1977гр
2016 -> Вич и Беременность
docfile -> «житс-21 ғасыр дерті»
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
2016 -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни
docfile -> Вич-инфекция среди наркоманов
2016 -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет