Өз іс-тәжірибеме енгізілген өзгерістер туралы Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измагамбетова Райхан Амандыковнаның рефлективтік есебі



жүктеу 87.18 Kb.
Дата28.03.2019
өлшемі87.18 Kb.

Измагамбетова Райхан Мұғалім портфолиосы В1

Амандыковна 3 деңгей

1 топ

Орал қаласы



Өз іс-тәжірибеме енгізілген өзгерістер туралы Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измагамбетова Райхан Амандыковнаның рефлективтік есебі

Мен педагогикалық колледжін аяқтаған 2001 жылдан 2013 жылдың наурыз айының 11 -іне дейінгі іс – тәжірибем туралы айтсам: бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан әрқашанда оқытудағы ең басты мақсатым, алдыма келген кішкене бүлдіршіндерге сауатты жазу мен оқуды меңгерту ғана болатын. Осы мақсат жолында мен оқушыларыма білімді оқулықтағы дайын материалдар арқылы ғана меңгертіп келдім. Ал оны балаға қаншалықты дұрыс жеткізу немесе баланың ол білімді қалай алғысы келетіндігі туралы ойлар туындағанмен оларды іске асыру амалын жан-жақты қарастыру, мен үшін әлі түйіні шешілмеген мәселе болатын. Біз үшін ең маңызды бастауыш сыныпта баланың дарыны мен таланты тек оның білімі арқылы ғана ашылады деген ұғым еді. Енді осы ұстанған бағытыма басқаша көзқарас танытуға оны өз тәжірибеме енгізуге және оны аз уақыт ішінде меңгеріп қана қоймай, оның нәтижесіне жетуге болатынын дәлдеуге мүмкіндік берген оқытудағы Кембридж университетінің ғалымдары ұсынған «Сындарлы оқыту бағдарламасы» еді. Р н н н г шщ щзз з х дд лп в н е к оц

Бірінші бетпе – бет кезендегі сабақтарымыз, алған теориялық білім қызықты болғанымен, мектепке барарда : « алдағы сабақтарымда осы әдістерді қалай өз тәжірибеме қалай енгізем?», «қаншалықты тиімді болады?», «мақсатқа жете алам ба ?» деген әртүрлі сұрақтар мазалаған болатын. Алайда қазіргі заманғы оқыту технологиясын тәжірибемізге түпкілікті енгізу күрделі де ұзақ уақытты қажет ететін үрдіс. Жас ұрпаққа заман талабына сәйкес оқыту мен тәрбиелеу бүгінгі күннің ұстазына артылып отырған үлкен жүк. Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін жете түсініп, оны балалардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай орынды қолданудың мәні зор. Оқыту мен тәрбиелеуде оқушыны жаңаша әдіспен оқыту үшін алдымен мұғалім өзі жаңа технологияны толықтай ұғып алуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім оқушыны дамыту мен қатар, өзінің жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін басқа қырынан аша алады. Бұл оқыту бағдарламасымен танысқанға дейін мен оқушыларыма дәстүрлі сабақтар тізбегі арқылы білім беріп келдім. Бұл сабақтар арқылы барлық оқушының деңгейін бақылау, оларды түгелдей сабаққа тарту, олардың мүмкіндіктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін байқау қиынға соғатын. Сонымен қатар сыныптағы оқушылардың қызығушылығын бір нәрсеге бірдей бағыттау, күнделікті сабақта қолдануға мүмкіндік аз еді. Ее е н г шщ к а п

Жаңа бағыттағы біліктілікті арттыру курсы маған қалай оқу мен оқыту тәсілдерін үйретіп қана қойған жоқ, жеті модуль арқылы оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілетіне сай белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болатынын бағыттады және оны сабақтарымда қолдануға, нәтижесіне көз жеткізуге, сонымен қатар әрбір сабағымызды сыни талдау арқылы қателіктерімді табуға үйретті.Сондай - ақ сол сабақтарды өткізу арқылы тиімді білімді меңгертуге қол жеткізуге мүмкіндік ұсынды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға әрдайым көрнекілікпен сабақ түсіндірген уақытта, олардың естерінде білім жақсы сақталады. АКТ- ны қолдану арқылы сабақ өткізу олардың қандай да болмасын мәлімет туралы толық түсініктің қалыптасуына және де толықтай ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және оны осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. (Нұсқаулық 64-бет)

Бастауыш сынып оқушысының қай уақытта да сөз қоры сұрақтарға толы болады. Бұл бағдаралама соны құптай отырып ғалымдарың зерттелуінде диалог сабақта оқушылардың қызығушықтарын арттырады, ал достарымен бірігіп жүргізілетін жұмыстың балалардың оқуына және когнитифті дамуына әсер ететіндігі туралы айтылған. (Лилтон, 2007), (Нұсқаулық, 38-бет). Ее е

Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсы кезіндегі бірінші бетпе –бет кезеңінен соң, өзімнің іс-тәжірибеме көз жүгіртіп дейінгі мен кейінгіні салыстыра келе оқыту әдісіме сыни көзбен қарап, өзгерістер енгізіп, оқушыларға жаңаша оқытуым кажет деген ойға келдім. Енді сол іс-тәжірибемдегі өзгерістерге тоқталғым келеді.

Оқушылардың оқу үдерісін қызықты және білімге өз бетімен меңгеруге бағыттап ұйымдастырып, түрлі әдіс пайдалану арқылы, әр сабақта бұрыннан белгілі қайталай бермей, « мозайка», постер, кластер шығару, ыстық орындық сияқты оқытудың жаңа және Акт арқылы визуалдандыру: видеороликтар мен бейнебаяндар тыңдату сияқты тәсілдерін сабағыма енгіздім. Г ш щ щ ш нг ен апкк н ггш е н г шщ щз г н ен ен г ш ш

Мен оқытудың тиімді әдістерін соның ішінде сыни тұрғысынан ойлауды, АКТ-ны әрдайым пайдалану, диалогтық әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы белгілі нәтижеге жетудің мақсатын көздедім. Жаңа форматтағы ойлауды дамыту технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Жаңа әдіс - тәсілдер оқушылардың білім деңгейін көтеруге, тереңдетуге, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамытуға, өзіндік шығармашылығын жетелейді. Сабақ жоспарын құрғанда оқушының білімді меңгеруіне сабақта қолданылатын әдістердің алар орны ерекше. К е н р о рп аа ва вп р о

Жаңа бағдарлама әдісі бойынша оқудан кейін менің сабақ беру үрдісімде көптеген өзгерістерге толы десем де болады. Бағдарламаның модульдары ұсынған әдістерді сабақта пайдаланғанда (мысалы: топтық әңгіме, постер шығару, жұптық әңгіме, акт-ны пайдалану, бағалау т.б.) жетістікке жеттім.

Себебі сол бағытта өткен сабақтардан соң балалар: «топқа бөліп отырғызғанан кейін өзімізді еркін ұстадық, сабақты жақсы түсіндік» деп, болашақта сабақтың осылай ұйымдастырылғанынтілейтіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, оқушыларға тең дос ретінде қарап, олармен сабақ жоспарын бөлісіп отыру, өздеріне бағалату балаларды өзін-өзі реттеуге пайдасының зор екенін ұқтым. Н г ш щш гш гн е ек ке енн н гг г

Әрбір тиімді шыққан әдісті, өз іс-тәжірибеме қосып, әрі қарай дамытудың жолын ойластырдым. Бағдарламаның аясындағы әдістер арқылы мен өз сабақтарымда шәкірттеріме білімді өз бетімен алуды, сыни ойлауды, бірлесіп әрекет етуді, өз ойын еркін жариялауды, сабақтарда мүмкіндігінше ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдануды және тек қызығушылығын арттыру ғана емес, сонымен қатар білім алу үшін де пайдалануға болатындығын ұқтым. Сол себепті мен бұл әдістерді сабақтың қай бөлімінде қолданатынымды алдын-ала жоспарлап қойдым. Сол жоспарларым арқылы тізбектелген сабақтарымды өткізгенде менің байқаған және жеткен өзгерістерім төмендегідей болды.

Менің сыныбым бастауыш сынып жасындағы балалар болғандықтан оларға топта жұмыс жасау алғашында қиын болды. Себебі олар әрқашанда өздерін көрсеткісі кеп тұратындықтан болар алғашында үнемі топтың емес өзінің пікірін дәлелдеуге тырысты, бірақ кейінгі сабақтарда олар топпен жұмыстануға жақсы бейімделіп, әр қайсысы өз тобының жанашыры болуға тырысты. Қазақ халқында «Күш - бірлікте» деген сөз бар.Топпен жұмыстану арқылы олардың достық, жанашырлық қасиеттері жақсы қалыптасаты деп айта аламын. Сонымен қатар бұл әдіс арқылы бұрынғы белсенділік танытпайтын оқушыларым сабаққа тартыла бастады. Олардың бұрынғыдай үнсіз отыра бермей, сабақтағы топта өзіндік пікір білдіргендері байқалды. Жалпы ұсынылған бағдарламаның модулдарындағы әдістерді пайдалануға тырыстым. Ұстаздар өз тәжірибелерін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды. Оқушылар еркін ойлай білуге, өз ойларын жүйелеуге, қорытынды жасай білуге және дәлелдеуге үйренді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда көп көмегін тигізді, өз бетімен оқуға дағдыланды. Тізбектелген сабақтардың үшінші және төртінші сабақтарда оқушылар топтағы бірлескен тапсырмаларды орындауда жақсы жетістікке жетті. Р н

Әр сабағымның соңында мен оқушыларымнан сабақтың қалай өткендігін, оның ұнаған – ұнамағанын ауызша сұрап отырдым. Оқушылардың және өзіммен бірге тәжірибеден өтіп жатқан әріптесімнің сабаққа берген бағасы арқылы мен де өткізген сабақтарымның кемшілігі мен жетістіктеріне қарап, талдауға үйрене бастадым. Осы бағдарламаның менің тәжірбиеме айтарлықтай берген өзгерісі әр сабағыма талдау жасауым, баға беруім және оқушыларға бағалау әдістерін үйретуім. Сабақтарымды талдау арқылы оның сәтті және сәтсіз шыққан тұстарын білуге, сол арқылы келесі сабақтың жоспарын құруға бағытталып отырдым. Өз сабағыңды талдау, өз ісіңе есеп беруге сол арқылы келесі сабақты жоспарлауды үйретеді. Сабақтарды бағдарламаның ұсынған әдістері арқылы өткізу оқушыларға білімді өз бетімен алуға, жасаған жұмыстарына баға беруге, сол арқылы еркін ойлауға жеткізеді. Р р гоого оо о о оо

Бұдан көрінетін нәтиже оқушы біреудің жұмысына топпен бірлесіп баға беру арқылы, өз ісіне талдау жасай алатыны, сол арқылы өз білімін жетілдіруге жол ашатыны аз мерзімде болса да өз көрінісін тапты, демек баланы өзіне бағалату арқылы оқыту әрқашанда жетістікке апаратын жол.

Бұл өткізген эксперемент сабақтарымның барлығы жақсы да сәтті шықты деп айтуға келмес, дегенмен әрбір сабақтың барысында оқушыларым кластер шығаруды, бағалаудың алғы шарттарын, сонымен топта жұмыс жасаудын ережесін жақсы меңгерді. Біз оқушылардың қабілетін дамыта отырып, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де пайдаланатын шығармашыл құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанамыз. Егер шын мәнісінде мұғалім, ата-ана, өзара тығыз байланыста болып,балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұрпақтары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Оқушылардың білім негізі бастауышта қаланады. Сондықтан мен үнемі ізденісте жүремін.

Мен оқытудың ұтымды әдістерін, оларға диалогтық оқыту, формативті бағалау, сын тұрғысынан ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ-ны пайдалану сияқты модульдерді сабақтарға енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым.

Рефлекциялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады, өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

Жалпы бағалау баланың өз деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендігін өзі түсініп, пайымдауы үшін таптырмас құрал деп ойлаймын. Өйткені балаға «Сен мынаны білмейсің немесе мына тақырыпты оқымағансың» деп айтқаннан гөрі, өзі басқалармен өзін салыстыра отырып, өз қатесін түсінеді, өз деңгейін ұғынады, өз-өзіне есеп береді, сөйте отырып, алға ұмытылады деген ойдамын.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сындарлы оқыту элементтерін қолдану өте тиімді.Әр мұғалім шәкіртіне білім тәрбие беріп қана қоймай,әр баланың «менін» ашу.Сол «менді»шығармашылық тұлғаға айналдыру. Бала қабілетінің ашылуы үшін мұғалім жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Адамның ерекше қасиеттері - ақыл-ой, сана-сезім, ішкі жан дүниесі жоғары кәсіби-дәрежелі, шығармашыл ұстаздан қалыптасады»-деп тегін айтпаған. Сондықтан, баланың бойындағы ерекше қасиетті, шығармашылық қабілетті ашу-мұғалімге жауапты міндет.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен көрінеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Білім - тоқтаусыз толассыз үрдіс. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.

Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім - ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді.

Қорыта келе, жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсы бағдарламасы арқылы қазіргі таңдағы талаптарға сай тұлғаны тәрбиелеуде өзіндік орны зор екендігіне мен өз іс –тәжірбиемде көз жеткізе отырып, оқып үйренген білімімен зерттеген тәжірбиелерімді жинақтап, өзара байланыстырып болашақтағы жұмыс жоспарымды жетілдіруге төмендегідей мақсат қойдым:


  • Әрбір қысқа мерзімді жоспарыма жаңа әдіс - тәсілдерді жүйелі ықпалдастырып, тиімді пайдалану.

  • Сабақ жоспарларын сыни ойлауға бағыттап құру.

  • Оқушыларға бағалау критерилерінің жолдарын үйрету.

  • Жаңа әдіс тәсілдердің тиімді жақтарын қолдану.

  • Оқушылардың және өзімнің ақпараттық – коммуникациялық құзыреттіліктерімді одан әрі дамыту.

  • Әрбір өткізген сабағымды дұрыс талдау, қателіктер мен сәтсіздіктерге жол бермеу.

  • Өз білімімді үнемі жетілдіріп отыру.

  • Әріптестеріммен іс – тәжірбие алмасып отыру.

  • Акт мүмкіндіктері арқылы білімімді жетілдіру

Осындай мақсатқа бағытталған жетілдіру жұмыстарын үнемі жүйелі жүргізіп, өзіме сыни көзбен қарап, өз ісіме есеп беріп, сабақтарыма талдау жүргізіп жұмыс жасаған жағдайда мен сындарлы оқыту бағдарламасы арқылы оқып үйренгенімді балаға білім беруде жақсы нәтижеге жеткізе аламын деп есептеймін.

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Нн н н н н нн н н н н нн



Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
















Каталог: uploads -> doc -> 0d5d
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d5d -> Сабақ. География- 11сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Мұғалім : Наушабаева Динара Сейткаримовна Тақырыбы: Чехия Сабақтың ақпараттық картасы: Мақсаты
0d5d -> Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы пайдалы қазба түрлері Мақсаты Білімділік
0d5d -> Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет