«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет төлқұжаты



жүктеу 41.93 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі41.93 Kb.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет төлқұжаты


1

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

2

Ақылы/ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;

бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.



4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде)

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

өтiнiш;

кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;



№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

нысан бойынша өтiнiш;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

нысан бойынша өтiнiш;

бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

порталға:

4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).


6

Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының атауы

«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы.


7

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік корпорация;

2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет