Өзін-өзі тану- адамгершілік бастауы Кожакулова Меруерт Тасболатовна Педагог-психолог, «Өзін-өзі тану»



жүктеу 29.58 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі29.58 Kb.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ- адамгершілік бастауы

Кожакулова Меруерт Тасболатовна

Педагог-психолог, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Мұнайлы ауданы,«Қызылтөбе лицейі» ММ

meruert.kozhakulova@mail.ru

ЖАС ҰРПАҚҚА рухани-адамгершілік тәрбие беру игілікті іс. Бұл ізгілікті іс тал бесіктен бастау алады. «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек, тәрбиесісіз берілген білім адамзаттың қас жауы» (Әл-Фараби). Сондықтан да, қазіргі қоғам жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты, талғамы жоғары, білімді, тәрбиелі, парасатты тұлға ретінде қалыптастыруды талап етіп отыр. Осы орайда елімізде рухани- адамгершілігі мол парасатты жеке тұлғаға берілетін ұлттық тәрбие мәселесі көтерілуде. Отбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы саты. Халық даналығында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз бар, яғни тәрбие отбасынан басталады. Өйткені баланың алғашқы өмір тану қадамы үйден, отбасы ортасынан басталады. Әрбір жанды, пендені, жеке тұлғаны адам қылытын ол –Адамгершілік. Адамгершілік- парыз, үлкенді-кішіні сыйлау, үлкендердің жолын кеспеу, сөзін бөлмеу, адамдармен қарым-қатынасы түзуболыу, сәлемін үзбеу, ешкімнің көңілін қалдырмау тағыда басқа моральдық ережелер жаман әдеттен сақтайтын таза ұлы қасиеттер, атадан балаға мирас болып сақталған қазақ халқының моральдық этикасы деп атауға болады.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біз әр адамның ар-намысы мен беделін бағалайтын, рухани құндылықтар мен жоғарғы адамгершілік мәдениеті бар қоғам құруымыз қажет» деген болатын. Тәуелсіз еліміздің көк байраға көк аспанға еркін желбіреп тұрған шағында, қалыптасып-дамып келе жатқан жас ұрпағымызда рухани-адамгершілікті қасиеттерге, ұлттық, азаматтық тұрғыдан тәрбиелеуіміздің бірдер бір жолы, жоғарыда айтылғандай міндеттердің іс жүзіндегі орындалуы -ұлт жанашыры, еліміздің барша бүлшіндерінен өз мейірімін аямаған еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен жарық көрген «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік бағдарламасының жүзеге асыуы.

Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пыйымдауға үйретуді мақсат еткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің қағидалары мен әдістеме –нұсқаларының қайнар бұлағы-ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Пәнге қажетті оқулық, дәптерлер мен бағдарламалар, әдістемелік материалдардың жеткіліктілігі және де пән бойынша білім береуді ұйымдастырудың төмендегідей бірқатар әдістемелік тәсілдерді (тыныштық сәті, дәйексөз, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, шығармашылық, топпен жұмыс, топпен ән айту, соңғы тыныштық сәті) оқушының өзін, өзгені тануға өз бойындағы жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізілгеніне аз уақыт өтсе де, «Өзін-өзі тану» пәні оқушылардың сүйікті пәндерінің біріне айналған, сонымен қатар ұстаздардың да ыстық ықыласына бөленуде.

Сабақ барысында оқушылар еркін отырады, бір-бірімен еркін пікір аламсып, өз ойларын білдіреді, бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Мектебімізде және аудан көлемінде «Өзін-өзі тану» пәні аясында ашық сабақтар, түрлі сыныптан тыс іс-шаралар өтізіледі. Оқушылар барлық жүргізілетін іс-араларға шығармашылықпен, қызығушылықпен, бар ынта-жігерімен қатысып, өнерлерін көрсетеді.

«Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін –өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешімін қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Адам өзінің табиғатпен, туған жермен тұтастықта, ондағы ел-жұрттың бірлестігінде танып, оны зерделейді, ішкі дүниесімен үйлестіреді, сонымен қатар өзін-өзі танып өзінің «Менін» қалыптастырады.

Жанұяда бастау алған тәлім-тәрбиені осы «Өзін-өзі тану» сабағында толықтырары сөзсіз.



Рухани-адамгершілікті негізіндегі білім нәрімен сусындаған адам өзін-өзі арқылы өзгені танып, жан-жағындағыларға ерекше сүйіспеншілікпен қарап, жақсының қадірін бағалауға,қастерлеуге, мейірімді, қайырымды,кешірімді, кішіпейіл, ақыл ойы толысқан бойында ар-ұят, намыс секілді қасиетті ұғымдардың қалыптасуы сөзсіз.

Жас ұрпақты бар мейірімімен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына әр ұстаз еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар халақтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өседі деп сенеміз.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет