Өзін-өзі тану пәні негізінде оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу



жүктеу 92.27 Kb.
Дата13.10.2017
өлшемі92.27 Kb.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Тоқтағұлова Г.Б.
Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы

Алматы қаласы
Кілтті сөздер: Рухани-адамгершілік тәрбие, рухани білім, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттер, тұлғаның мінез-құлқы, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтар.
Рухани-адамгершілік мәдениеті жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда, ол адамның жемісті іс-әрекеті болып табылады. Рухани-адамгершілік қасиеттер адамдардың еңбек мәдениетінде, қоғамдық мәдениеттің көркем және эстетикалық, ғылыми және білім беру компоненттерін өзара байланысын, қоғамдық қатынастағы мәдениетін, рухани-адамгершілік көз қарасын қалыптастырады. Осы сөздеріміздің дәлелі ретінде, әлемдік ой-сананың асқар биігіне көтерілген  Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген сөздері, деп айтуы әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған. Баланың сана–сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын тәрбиенің ең біріншісі рухани міндет. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады [1].

Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеаларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерден байқап, оған қолдау көрсетіп отырған болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Оқушыларды ибалыққа баулып, мейрімділік, қайрымдылылық, кішіпейілділілік, қамқорлық, ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру әрбір мұғалімнің және мектептің басты парызы. Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштігі жатады. Мінез ол адамның өзіндік бағыт-бағдардың, жан дүниесінің ерекшіліктерінің тұрлаулы белгісі[1]. Дана ақын, рухани адамгершілік қасиеттерін талдап жеткізген халықтың ырысы. «Құтты біліктің» негізін қалаушы  Ж.Баласағұн адамның мінез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да  жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп–тұруы тиіс деген ойлары жақсы мәлім. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың басты мақсаты. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркенниетті әлемге танытатын, елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі, себебі мемлекеттің болашағы білімді де саналы жас ұрпақтың жеке басының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Біз білімді ұрпақтың, рухани жан-дүниесі бай, біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең болуын, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруын қалаймыз. Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, басында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, мектептің, жоғарғы оқу орындарының, ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті[2].  Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің  бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады. Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті[3]. Адамгершілік – рухани тәрбиедегі басты нысана - баланы құрметтеу. Баланың қуат қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екенін мойындап, соған орай баланың сезімін тәрбиелеуге, сұлулықты сезінуге, көңіл – күйін реттей білуге көмектесетін «Өзін-өзі тану» пәні болып отыр. Бұл пән болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. «Өзін –өзі тану» пәні бойынша сабақтар оқушылардың бойында рухани – адамгершілік тәрбиесін дамыту негіздерін қалауға мүмкіндік береді, өйткені, сол үшін ерекше қолайлы жағдайлар жасалады. Ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.   Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - тұлғаны рухани  - адамгершілік тұрғысынан дамыту. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады. Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі [4].

Педагог ғалымдар істің өзі емес, сол істегі мұғалім мен оқушы арасындағы мұғалімнің тәлім-тәрбиелік ықпалы жақын, бірлескен қарым-қатынас барысында іске асатынын дәлелдеген. Мұнда тағы бір маңызды мәселе ол – баланың істеп жатқан еңбегіне қызығушылығын ояту, оның пайда–зиянын білу. Бұрынғы кездері үлкендер тәрбие жұмысының негізін білім, іскерлік, дағды және құндылықтарды балалардың бойына жинақтау деп түсінді. Соның негізінде балалар, олардың ата-анасы өмір сүрген ортаның қағидаларына сүйенеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік өзгерістер ғылыми-техникалық мәдени, тұрмыстық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты болғандықтан, балаларды осы ыңғайға дайындауымыз қажет сияқты. Сондықтан тәрбиенің жетістіктері- оларға өздерінің іскерліктері мен дағдыларын беру ғана емес, олардың жеке әрекет жасауға және шешім қабылдауға өз бетінше үйрене алуына мүмкіндік туғызу. Жас ұрпақ үнемі өзгеру жағдайында болады, оның психологиялық реакциясы да ауыспалы болып отырады. Осы күні педагогикалық білімі жоқ адамдар да білетін ереже – «тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек». Бірақ кейбір мұғалімдеріміз өзін-өзі тексеріп, өзін-өзі қайта тәрбиелеуде бас тартқандардың жауабы біреу - енді кеш, болары болды дейді. Тағы да сол ұлы ғалымдардың айтқаны бар. «үйрену ешқашан кеш болмайды», ал халқымыз «ештен кеш жақсы» дейді. Мектептегі тәрбие өз оқушыларын артынан ертіп, еліктетіп әкетуді, онда тек жақсы істермен ғана үлгі көрсетуді көздесе, оның басты жолы рухани-адамгершілік тәрбиесі болмақ. Баланың сана – сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын тәрбиенің ең біріншісі рухани міндет. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады[5].

Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеаларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерден байқап, оған қолдау көрсетіп отырған болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Оқушыларды ибалыққа баулып, мейрімділік, қайрымдылылық, кішіпейілділілік, қамқорлық, ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру әрбір мұғалімнің және мектептің басты парызы. Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштігі жатады. Мінез ол адамның өзіндік бағыт-бағдардың, жан дүниесінің ерекшіліктерінің тұрлаулы белгісі. Дана ақын, рухани адамгершілік қасиеттерін талдап жеткізген халықтың ырысы. «Құтты біліктің» негізін қалаушы Ж.Баласағұн адамның мінез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады [6].

Адам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да  жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп–тұруы тиіс деген ойлары жақсы мәлім. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың басты мақсаты.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркенниетті әлемге танытатын, елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі, себебі мемлекеттің болашағы білімді де саналы жас ұрпақтың жеке басының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Біз білімді ұрпақтың, рухани жан-дүниесі бай, біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең болуын, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруын қалаймыз. Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, басында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, мектептің, жоғарғы оқу орындарының, ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті.  

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. “Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін – өзі дамытуына жол көрсету.

Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады[7]. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс .Өйткені біз баланы  адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге   тәрбиелеп отырмыз.   Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз   жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                                         




Аннотация (түйін)

Мақалада өзін-өзі тану пәні негізінде оқушыларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері мен қоғамның басты мақсаты ретінде білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ, толыққанды жетілген азаматтарды тәрбиелеу мәселелері қарастырылады.

В статье рассматриваются проблемы воспитания всесторонне развитых, образованных и квалифицированных поколении высокой нравственности
граждан, как главной целью общества, а также возможности
духовно-нравственного воспитания школьников на основе предмета
самопознания.
Аnnotation

The article deals with problems of education fully developed, educated
and skilled generation of high morality of citizens, as the main
purpose of the society, as well as the possibility of spiritual and
moral education of students on the basis of the subject of
self-knowledge.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993

  2. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д.  Ушинский– М.      Просвещение, 1977

  3.   Богословский В.В. Жалпы психология / В.В.  Богословский– А.: Мектеп,    1995

  4. Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998

  5. Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980

  6. Балтабай Е Этнопедпгогика және тәрбие / Е Балтабай // Қазақстан мектебi, -   2003, -№ 1, - 40 б.

  7. Сiләмбекова Т. Адамгершiлiкке тәрбиелеу – басты мақсат /Т Сiләмбекова // Қаз. Мектебi, -2003, - № 5, - 44 б.


Сұраныс


Аты – жөні (толығымен)

Тоқтағұлова Гаухар Бекенқызы

Оқу немесе жұмыс орны , лауазымы

«Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы» аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі мен атағы

Әлеуметтік (психология )ғылым магистрі

Баяндама тақырыбы

Өзін-өзі тану пәні негізінде оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері

Секциясы

4

Баяндамаға қажетті техникалық құрал жабдықтар

Интербелсенді тақта

Мекен-жай, телефондары (жұмыс, үй, ұялы),электрондық пошта адресі (E-mail)

Гоголь№161, байланыс жұмыс телефоны 233-45-90 ұялы 87028709550, Gauhar.999@mail.ru

Жатар орын мен шақырту қажеттілігі

Қажеттілігі жоқ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет