Дәстүрлі әнші, композитор Өмірқұл Айниязов жаңа жыл қарсаңында үшінші рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 45 жасында екінші ұлдың әкесі атанды.

“Сүйінші!!!!Жаңа жылдың алғашқы күнінде,Ұлды болдым ағайын”, – деп жазды дәстүрлі әнші. 

Сондай-ақ атұстарының дүниеге келгеніне тыңдарман інісі бағалы сыйлық тарту етті. Бұл туралы әнші жеке парақшасында видео жүктеп, алғыс айтты. 

“Дүниеге ат ұстар келді деп алтынмен апталған күміспен күптелген қамшы сыйлаған Біләл ініме Алла разы болсын!”, – деді өнер иесі.

Желі қолданушылары қамшының бағасын сұрап та үлгерді. Әнші “1 миллион теңге” деп қысқа қайырды. Сонымен қатар жаңа туған сәбиге құтты болсын айтып, ұзақ ғұмыр тілеп жатқандарға алғысын жаудырды. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 𝓞𝓶𝓲𝓻𝓴𝓾𝓵 𝓐𝓲𝓷𝓲𝔂𝓪𝔃𝓸𝓿 (@omirkul_ainiyazov)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.