Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің туған бауыры Дәурен америкалық былғары қолғап шеберімен жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Empire State Building
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің бауыры Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10КО) жеңілмеген нокаутшымен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Отандасымыз жеңілістің дәмін татпаған ирландиялық Каллум Уолшпен (9-0, 7КО) жұдырықтасып, бірінші орта салмақтағы WBC Continental Americans белбеуін сарапқа салады. Жекпе-жек 15 наурыз күні, Нью-Йорк қаласында өтеді.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде күтпеген жерден танзаниялық Пиус Мпендадан ұтылып қалған болатын.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.