Пайдалану сенімділігін жоғарылату мақсатында электрлік қондырғылардың ҚОРҒаныс аппараттарың таңдау



жүктеу 76.31 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі76.31 Kb.

УДК 631.371
ПАЙДАЛАНУ СЕНІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ МАҚСАТЫНДА ЭЛЕКТРЛІК ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ҚОРҒАНЫС АППАРАТТАРЫҢ ТАҢДАУ
Ж.Е. Алишева

С. Ә. Орынбаев.



Электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде әр түрлі апатты жағдайлар пайда болады. Оларды алдын алу үшін және осыған байланысты қондырғылардың жұмыс атқару сенімділігін жоғарылату үшін қорғаныс аппараттарын таңдаймыз. Бірақ қорғаныс аппараттарын да дұрыс таңдау қажет.
Пайдаланудың қажетті немесе кез келген режимі үшін апатты немесе қалыпсыз режимдердің пайда болуы мүмкін. Оларға жатады:

  • электр қозғалтқыш орамдарында көпфазалы және бірфазалы тұйықтаулар;

  • басқару тізбегіндегі қысқа тұйықтаулар;

  • қозғалтқыш орамаларында орам аралық тұйықтаулар;

  • жұмыс режимінің бұзылуымен байланысты жылулық жүктелулер;

  • іске қосудың қиын шарттары кезінде жылулық асқын жүктелулер;

  • статор орамында немесе сыртқы күштік тізбекте фазаның үзілуі кезінде жылулық асқын жүктелулер;

  • суудың шарттары бұзылғанда жылулық асқын жүктелулер.

Электр қондырғыларының көбі номиналға дейін жүктелмегендіктен, ал кейбіреулері қысқа уақытты режимдерде жұмыс істегендіктен, олардың ұзақ жүктелулері апатқа келтірмейді.

Электржетектерді пайдалану үрдісінде әр түрлі апатты жағдайлар туады:



  • толық фазалы емес режим (фазаның үзілуі - ФҮ) — 40...50%;

  • ротордың тежелуі - 20...25%;

  • технологиялық жүктелулер - ТП - 8... 10%;

  • оқшаулама кедергісінің төмендеуі ОКТ — 10... 15%;

  • суудың бұзылуы - СБ - 8... 10%.

Жоғарыда көрсетілген электр қозғалтқыштардың жұмыс барысында апатты режимдердің істен шығуға әсерін 1 суреттің функционалды байланыстары бойынша байқаймыз.

Қазіргі уақытта қорғаныс құрылғыларына қойылатын талаптар артты, өйткені соңғы сериялы қозғалтқыштар жылулық қолдану бойынша қоры және аз салмағы бар.

Қорғаныс құралдары қамтамасыз етуі тиіс:


  • өндірістің үздіксіздігін;

  • тез әсер етуді;

  • іске қосылғаннан кейін қайтарудың минималды уақытын;

  • өндірістің нақты шарттардағы сенімді жұмысын;

  • әмбебаптылықты;

  • пайдаланудағы қолайлықты.


Сурет 1-Электр қозғалтқыштардың апатты режимдері кезінде негізгі

функционалдық байланыстар.

Қорғауларды үш топқа бөлуте болады.

Бірінші топқа арнайы бақыланатын апатты режимге әсер ететін арнайы құрылғылар. Толық емес фазалы және тораптың симметриялы емес кернеуі кезіндегі қозғалтқышты сөндіретін ЕЛ-8, ЕЛ-10, Е-511, РОФ, РНФ типті құрылғылар; сақтау муфталары - ротордың тежелуі кезінде; ЗОУД, РУД - оқшаулама кедергісінің рұқсат етілиейтін төмендеуі кезінде.

Екінші топқа қозғалтқыштың бір параметрін бақылап, бірнеше апатты режимге әсер ететін әмбебап құрылғылар. Оларға ТРН, ТРА, РТЛ, РТТ типті жылулық реле, УВТЗ типті температуралық қорғаудың қүрылғысы, ФУЗ типті фазасезгіштік құрылғысы жатады.

Үшінші топқа қозғалтқыштың бірнеше параметрін бақылап, барлык негізгі апатты режимге әсер ететін комплектілі құрылғылар. Ол УЗ-1 типті қорғау құрылғысы, ШЭП-5802 типті басқару станциялары, «Каскад»; УСУЗ және ДР - қорғау мен басқарудың әмбебап станциялары жатады.

Құрылғының сезгіш бөлшегімен бақыланатын параметр бойынша барлық қорғауларды келесідей бөлеміз:



  • токтық;

  • жылулық;

  • температуралық;

  • фазалық;

  • кернеулік;

  • комплексті.

Ең кең тараған түрі — температуралық-токтық немесе жылулық қорғау.

Жылулық қорғаудың жұмыс істеу принципі денелердің электр тогымен қызуы кезінде онда механикалық және физикалық өзгерулерді қолдануына негізделген. Ток ағысы кезінде бөлінетін жылу механизмның іске қосылуын тудырады. Жылулық қорғауларға балқу сақтандырғыштары, жылулық токтык реле, автоматты ажыратқыштар жатады.

Электр қозғалтқыштарды қысқа тұйықталудан сақтауға арналған балқу сақтандырғыштары сипаттамалардың әр жерде орналасуынан онша сенімсіз. Бір балқу қыстырмасының жанып кетуі кезінде асинхронды қозғалтқыштың толық емес фазалы режимі орнауы мүмкін.

Электр қозғалтқыштарды қысқа тұйықтаудан сақтау үшін электромагнитті ажырауы бар автоматты ажыратқыш, ал технологиялық жүктелуден - жылулық ажыратқыш қолданылады. Ажырауы құрамдасқан ажыратқыштар кең қолданылуда.

Барлық типті релелер жылулық инерцияға ие, осыдан басқа олардың қорғаныс сипаттамаларының едәуір шашырауы байқалады. Токтық қорғаныс суу жүйесі бұзылған және кайталанып-қысқа уақытты және айқын көрінетін кездейсоқ-айнымалы жүктеме режимдерінде жұмыс істейтін қозғалтқыш үшін қолданылмайды.

Электрқозғалтқыштарды қосқаннан кейін фазаның үзілуі кезінде ток номиналды токтаң 30-40% дейін өсуі мүмкін. Оқшаулама үшін мұндай ток жарамайды, сондықтан релені реттеу керек.

Қозғалтқыш орамалары үшбұрышқа қосылған кезде қайталанатын-қысқа уақытты режимдерде қозғалтқыш қызуының және жылулық реленің қызу тұрақтысы әр түрлі болады, ток жүктелген фазада желілік сымдағыдан тез өседі. Қорғаныс сенімділігін арттыру үшін реленің қыздыру элементтерін үшбұрышқа қосу қажет.

Токтық әдіспен жасалынған қорғаныс аппаратурасының кемшіліктері принципиалды жаңа қорғап-сөндіретін қүрылғыны ойлап шығаруға әкелді (УВТЗ).

Температуралық қорғаныстың жүйесіне тізбектей қосылған және электр қозғалтқыштың орамаларының алдыңғы жерінде орналасқан температуралық датчиктер мен датчиктердің сигналын күшейтіп, магнит қосқыштың басқару сүлбасына жіберетін сөндіру құрылғылары кіреді.

Температуралық датчиктер ретінде 115, 130, 145, 160° іске қосылу температурасына арналған СТ14-2 позисторлары қолданылады. Апатты режим және қозғалтқыш орамаларының температурасы жеткіліктіден асқанда, датчиктер кедергісі тез артады және сөндіру құрылғысы өзінің түйіспесімен магнит қосқыштың тізбегін ажыратып, қозғалтқыш тораптан ажыратылады. Статор орамы жеткілікті температураға дейін суымайынша, бұл тізбек ажыраулы тұра береді.

УВТЗ-ң негізгі кемшіліктері:


  • апатты режимнің себебіне емес, орнына әсер етеді;

  • тоқтап қалу кезінде орамдар қызып кеткенше дейін апатты режимде қала береді, бұл оқшауламаның ескіруіне әкеледі;

  • датчиктерді орнату зауытта және жөндеу кезінде ғана мүмкін;

  • номинал токтан 1,5-1,6 есе аса жүктелуде және температураның өсу жылдамдығы 3-тен 7,5°С/с дейінгі кезінде сенімді;

  • қосып қорғау аппаратурасымен қосу үшін қосымша сымдар қажет;

  • екі фазада жұмыс істеп, электр қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді (фазаның корпусқа тұйықталуы кезінде және сақтандырғыш жанып кеткенде датчиктердің қызып кетуіне дейін 3-8 минут аралығында қозғалтқыш корпусы кернеу астында қалуы мүмкін).

УВТЗ модификациясының біреуін Калыков Б.Р. ойлап тапты. Ол қызып кетудің ұзақтығын өлшеу үшін және рұқсат етілген шамамен салыстыру үшін қорғанысты уақыт релесі блогымен толықтырды.

Электр қозғалтқыштардың қорғанысы үшін толық емес фазалы режимдер кезінде фаза сезгіштік құрылғыларды қолданады, жұмыс істеу принципі келесідей. Электр қозғалтқыштың жүктемелер токтары арасындағы фазалар ығысу бұрышын өлшеу оның негізінде жатыр. Мұны өлшеу үшін АВ және ВС фазаларына қарама-қарсы қосылған Т1 және Т2 екі фазаайналғыш трансформатор кемегімен U1 және U2 кернеулері қалыптасады. Апатты режим кезінде калыптасатын кернеулер фазаларының айырмашылығы жұмыстың калыпты режимі кезіндегі кернеулер фазаларының айырмашылығына келмейді (толық фазалы режим кезінде f = 90°, 0 үзілгенде 180°). Үзілу кезінде қосу релесі катушкасындағы ток арта бастайды, фазалык детектор бұл сигналды ескеріп, қорғаныс релесіне әсер етеді. Жүктелуден қорғау үшін ФУЗ-М модификациясы құрылған, онда асқын жүктелуді бакылау түйіні еңгізілген (U1 немесе U2 кернеуін бақылау). Қорғаныстың фазасезгіш қондырғылары бес типөлшемді шығарады.

Кестесі -1 ФУЗ-М типөлшемдердің техникалық берілгендері


Типөлшем

ФУЗ-1М

ФУЗ-2М

ФУЗ-3М

ФУЗ-4М

ФУЗ-5М

Жұмыс токтарының диапазоны

1...2

2...4

4...8

8...16

16...32

Суудың шарттары бүлінген қозғалтқыштарды ФУЗ-М қызып кетуден сақтамайды. ФУЗ-У модификациясында қозғалтқыш корпусында орнатылған позистор еңгізілген. ФУЗ-У-дың соңғы модификациясы оқшаулама кедергісі нормадан төмен болғанда қозғалтқышты қосуға мүмкіндік бермейді. Ток трансформаторы арқылы қосылған фазасезгіш құрылғылар үлкен қуатты электр қозғалтқыштарын қорғайды. Пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, мұндай құрылғысы бар электр қозғалтқыштар жұмыстан көп шыға қоймайды.


Әдебиет


  1. Котеленец Н.Ф. Испытания и надежность электрических машин. М.: Высшая школа, 1988 г.

  2. Быстрицкий Г.Ф. Выбор и эксплуатация силовых трансформаторов. М.: Академия, 2003 г.

  3. ПТЭ и ПТБ при эксплуатации электроустановок. М.: Энергоатомиздат, 1990 г.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті



ВЫБОР ЗАЩИТНОЙ АППАРАТУРЫ ЭЛЕКТРООБОРУДОВАНИЯ С ЦЕЛЬЮ ПОВЫШЕНИЯ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЙ НАДЕЖНОСТИ
Ж.Е. Алишева

С. А. Орынбаев.


При эксплуатации электрооборудования возможно появление аварийных и ненормальных режимов. Для предупреждения появления аварийных ситуации и повышения эксплуатационной надежности электрооборудования устанавливают аппараты защиты. Проблема однако заключается в правильном выборе защитных аппаратов.

SELECTION Of PROTECTIVE ELECTRICAL EQUIPMENT WITH A VIEW TO ENHANCIN SAFETY
Zh.E. Alisheva

С. A. Orynbaev.


In the operation of electrical equipment, you may receive emergency and abnormal modes. To prevent emergency situations and to improve the maintainability of electrical protection devices set. The problem however is the right choice of protective devices.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет