Қостанайда көлік жүргізушісі өзіне ескерту жасаған полиция қызметкерін балағаттап, шабуыл жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жанар Каримова

Оқиға 19 наурыз күні Әл-Фараби даңғылында болған.

“Lada Granta жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойында көлігін дұрыс қоймаған. Патрульдік полицияның ескертуін елемей, қызметкерлерге қарсылық көрсеткен. Енді ол екі дерек бойынша әкімшілік жазаға тартылды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Жүргізушіге полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 110 мың теңге, тұрақ ережелерін бұзғаны үшін — 18 мың теңге айыппұл салынды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.