Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда



жүктеу 201.2 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі201.2 Kb.
түріКодекс


Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы №1379 қаулысы

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнің 307-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидалары бекiтілсін.

2. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 492 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 162-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 қазандағы №1379 қаулысымен бекiтiлген

Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің (бұдан әрі – Салық кодексi) 307-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Қағидаларда пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштерді беру мен қарау тәртібі және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу критерийлері белгіленеді.


2. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштер беру мен қарау тәртібі
3. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған, кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) игеруді көздейтін, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған критерийлерге сәйкес келетін келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш білдіреді.

4. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылға кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар үшін алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер өтінім ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда өткен қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі беріледі;

3) заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы кемінде тоқсан күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылының өткен кезеңіндегі қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған алдыңғы күнтізбелік жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

5) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;

6) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған, өтініш берілген күннің алдындағы кемінде тоқсан күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

7) корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) және үстеме пайда салығы (бұдан әрі – ҮПС) бойынша алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша салықтық есептілік;

8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есептемесі (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдер төлеушісі болса) және КТС мөлшерінің ағымдағы есепті жылға жоспарланған есептемесі;

9) КТС бойынша салық міндеттемелерінің есептемесі, сондай-ақ заңды тұлғаның осы кезеңдегі бюджетіне берілген есептемелерді егжей-тегжейлі байланыстырумен ағымдағы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша таза табыстың, сатулар рентабельділігінің есептемесі;

10) келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есептемелері үшін пайдаланылған минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның, металдың орташа бағасының негіздемесі.

5. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш алдағы күнтізбелік жылы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен ерте емес, бірақ ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей беріледі, оған осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған алдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;

2) компанияның келісімшарт бойынша КТС бойынша салық міндеттемелерінің есептемесі, сондай-ақ заңды тұлғаның осы кезеңдегі бюджетіне берілген есептемелерді егжей-тегжейлі байланыстырумен алдағы күнтізбелік жылдағы келісімшарт бойынша таза табыстың, сатулар рентабельділігінің есептемесі.

Бұл ретте осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер ағымдағы күнтізбелік жылдың өткен 9 айы үшін беріледі.

6. Қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептемелердi сұрата алады.

Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұратуын алғаннан кейін он жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде Қағидалардың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептемелердi уәкілетті органға береді.

7. Уәкiлеттi орган өтініш түскен күннен кейін және (немесе) осы Қағидалардың 4 және (немесе) 5-тармақтарында көзделген құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган сұратып алған құжаттар мен есептемелердің толық тізбесін ұсынбаған немесе құжаттарды ұсынбаған және (немесе) өтініш берушінің ұсынған құжаттарында мәліметтер толық болмаған немесе өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да қосымша құжаттар мен есептемелер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiшті қараудан бас тарту жөнінде дәлелденген жауап жолдайды.

8. Уәкiлеттi орган өтiнiшті қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде, өтiнiштiң және оған қоса берiлген құжаттардың көшiрмелерiн төменде көрсетілген мемлекеттiк органдарға мынадай мәселелер бойынша:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне – салық есептілігінің деректерін растау үшін;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жобалық шешiмдер мен мiндеттемелердi ескере отырып, минералдық шикiзат, пайдалы қазба, металл өндiрудiң жоспарланып отырған көлемдері мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар көлемi және тиісті күнтізбелік жылдағы минералдық шикізат, пайдалы қазба мен металдың болжамды бағасының, сондай-ақ минералдық шикізат, пайдалы қазба мен металдың алынуы негiздiлiгi мәселелерi бойынша;

3) өзге мемлекеттiк органдарға – өздерінің құзыреті шегінде және уәкiлеттi орган қойған мәселелер бойынша пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері жөнінде негізді шешімдер әзірлеу мақсатында қорытындылар дайындау үшін жібереді.

Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары уәкiлеттi органға одан өтiнiш және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелері алынған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн мерзімінен кешіктірілмей берiлуге тиiс. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде тиісті мемлекеттік органдардың барлық қорытындылары алынған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельдiлiгінің есептемесін жүргiзедi және осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес белгiленетiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша осындай ставкалар қолданылатын күнтізбелік жылды көрсете отырып ұсыныстар дайындайды.

9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік органдардың барлық қорытындыларын алған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына тиісті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельділігінің есептемелерін және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстарды, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса бере отырып, өтініш енгізеді.

Комиссия он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті, тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын, тиісті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельділігінің есептемелерін және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстарды қарайды және кен орнын (кен орындары бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту туралы, рентабельділігі төмен кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныс әзірленген жағдайда) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық ставкасының мөлшері туралы ұсынымдар әзірлейді.

10. Комиссия кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсынымдар әзiрлеген жағдайда, уәкiлеттi орган комиссияның ұсынымына сәйкес жиырма жұмыс күні ішінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын қоса бере отырып, рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылған кен орындарының тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

11. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасы күнтізбелік бір жылға белгіленеді. Егер пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасы көрсетілген жылдың ішінде белгіленген жағдайда осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан бері есептелген және төленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық (бұдан әрі - ПҚӨС) осы Қағидаларға сәйкес белгіленген мөлшер бойынша қайта есептеледі.

12. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызу туралы тиісті өтініштерді комиссияда қарау нәтижелері туралы уәкiлеттi орган комиссия тиісті шешім шығарғаннан кейін он жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзедi.

13. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) КТС бойынша салықтық міндеттемелердің ұсынылған есептемесінің, сондай-ақ таза табыстың, тиісті күнтізбелік жылға арналған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша сатулар рентабельділігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес келмеуі;

2) жер қойнауын пайдаланушының өтініш беруші рентабельділік деңгейін есептеу үшін пайдаланған тиісті күнтізбелік жылғы минералдық шикiзат, пайдалы қазба, металдың негізсіз болжамды бағасын қолдануы;

3) кен орны (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға мәлімделген өндіру көлемдерінің жоспарланған өндіру көлемдеріне сәйкес келмеуі;

4) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен салыстырғанда бір тонна минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның, металдың өндірістік шығындарының, сату шығындары мен жалпыәкімшілік шығындардың 10 %-дан жоғары ұлғаюы жағдайында немесе егер өтініш көрсетілген кезеңдегі бюджет негізінде енгізген түзетулерді есептей отырып, жыл бойындағы болжамдық деректерді негізге алып есептелген ағымдағы күнтізбелік жылдың деректерімен алдағы күнтізбелік жылға берілген жағдайда негізсіз ұлғайтылуы;

5) өткен күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі немесе жоспарланған деңгейінің 0 %-дан артық болуы.

Жер қойнауын пайдаланушыға кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тарту себептері жойылған жағдайда, ол осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайтадан өтініш жолдауға құқылы.

14. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтiнiшті қарау мерзiмдері осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерден аспайтын уақытқа ұзартылуы және қосымша бақылауға алынуы мүмкін.

Өтінішті қарау мерзімдері ұзартылған жағдайда, уәкілетті орган қарау мерзімдері ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге мерзімдердің ұзартылғаны туралы хабарлайды.


3. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу критерийлері
15. Егер кен орны (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өз бетінше жүргізген есептемелері бойынша 0 % тең немесе одан аз болған жағдайда рентабельділігі төмен санатқа жатқызылады.

16. Бір заңды тұлғаның шеңберінде құрылымдық немесе өзге де техникалық бөлімшеге минералдық шикізатты қайта өңдеуге жіберген жер қойнауын пайдаланушылар үшін кен орнының (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділік деңгейін айқындау мақсатында бір компонентті және көп компонентті кен орындары (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгі) болып бөлінеді.

Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) шеңберінде өндірген минералдық шикізат дайын өнімнің бір түрін алу үшін пайдаланылатын болса, онда мұндай кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бір компонентті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) ретінде қарастырылады.

Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) шеңберінде өндірген минералдық шикізат дайын өнімнің бірнеше түрін алу үшін пайдаланылатын болса, онда пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің көп компоненттік кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) ретінде қарастырылады.

17. Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейінің есептемесі тиісті кезең ішіндегі минералдық шикізат, пайдалы қазбалар мен металдың бағаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректері негізінде және құзыретті орган растаған өндіру көлемдерінің негізінде жүргізіледі.

1) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

Рк = ТТк/ЖЖТк * 100%,

мұнда:


Рк - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік;

ТТк – Қағидалардың осы тармақшасына және Салық кодексінің


310-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс;

ЖЖТк - Қағидалардың осы тармақшасына және Салық кодексінің


310-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс.

Салық кезеңі үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыстың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

ТТк = ССТк-КТСк,

мұнда:


ССТк - Салық кодексінің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстардың сомасына азайтылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс мынадай формула бойынша айқындалады:

ССТк. = ЖЖТк - Шк,

мұнда:

Шк - Қағидалардың осы тармақшасына және Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша шегерімдер.



Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын немесе ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызмет көрсетуіне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді көтерумен байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасын ұлғайтуды қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылда минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.

КТСк - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтік табыс салығы, мынадай формула бойынша айқындалады:

КТСк = ССТк * Ст,

мұнда:


Ст – Салық кодексінің 147-бабында белгіленген пайыздармен, корпоративтік табыс салығының ставкасы.

2) бір компоненттік кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

Рк = ТТк/ЖЖТк * 100%,

мұнда:


Рк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік;

ТТк – Қағидалардың осы тармақшасына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс.

Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салықтық кезеңдегі таза табыстың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

ТТк = ССТк-КТСк,

мұнда:

ССТк - Салық кодексінің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстардың сомасына азайтылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс мынадай формула бойынша айқындалады:



ССТк. = ЖЖТк - Шк,

мұнда:


Шк – Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша шегерімдер.

Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын немесе ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызмет көрсетуіне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді көтерумен байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасын ұлғайтуды қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылда минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.

Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

ЖЖТк = ТӨҚк - ДӨӨТБк,

мұнда:

ТӨҚк – жекелеген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген бастапқы минералдық шикізаттың және қайта өңдеудің толық өзіндік құны;



ДӨӨТБк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттан өңделген дайын өнімді өткізуден түскен таза табыстың бөлігі мынадай формула бойынша айқындалады:

ДӨӨТБк = ТӨҚк / ТӨҚдө * (ДӨӨТ - ТӨдө),

мұнда:

ТӨҚдө – дайын өнімнің толық өзіндік құны;



ДӨӨТ – өндірілген минералдық шикізаттан жасалған дайын өнімді өткізуден түскен табыс;

КТСк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтік табыс салығы, мынадай формула бойынша айқындалады:

КТСк = ССТк * Ст,

мұнда:


Ст – Салық кодексінің 147-бабында белгіленген пайыздарда, корпоративтік табыс салығының ставкасы;

3) көп компоненттік кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

Рк = ТТк/ЖЖТк * 100%,

мұнда:


Рк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік;

ТТк – Қағидалардың осы тармағына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс.

Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық кезеңіндегі таза табыстың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

ТТк = ССТк-КТСк,

мұнда:

ССТк – Салық кодексінің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстардың сомасына азайтылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс мынадай формула бойынша айқындалады:



ССТк. = ЖЖТк - Шк,

мұнда:


Шк – Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша шегерімдер.

Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын немесе ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызмет көрсетуіне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді көтерумен байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасын ұлғайтуды қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылда минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.

КТСк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтік табыс салығы, мынадай формула бойынша айқындалады:

КТСк = ССТк * Ст,

мұнда:

Ст – Салық кодексінің 147-бабында белгіленген пайыздарда, корпоративтік табыс салығының ставкасы.



Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгі) бойынша жылдық жиынтық табыс мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

ЖЖТк = ЖЖТк1 * Үк.қ,

мұнда:

ЖЖТк1 – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) шеңберінде пайдалы қазбалардың кені құрамының үлес салмағын ескере отырып, былайша есептелетін, өндірілген пайдалы қазбалардың түрлері бойынша тауар өнімінің жалпы өткізілуі бойынша жылдық жиынтық табыс:



ЖЖТк1= (Трддк)11+(Трддк)22+…(Трддк)nn,

мұнда:


Тр – компания бойынша барлық минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның және металдың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өткізудің нақты көлемі;

Тд – Лондонның металл биржасында бағамдалатын металдарды қамтымайтын минералдық шикізат өндірілген жағдайда – компания бойынша барлық өндірілген минералдық шикізаттан алынған пайдалы қазбаның, металдың нақты көлемінің жиынтығы немесе жалпы компания бойынша өндірілген минералдық шикізаттың нақты көлемінің жиынтығы;

Тдк – Лондонның металл биржасында бағамдалатын металды қамтымайтын минералдық шикізат өндірілген жағдайда – жекелеген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттан алынған пайдалы қазбаның, металдың нақты көлемінің жиынтығы немесе жекелеген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттың нақты көлемінің жиынтығы;

Б – Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында тіркелген, бағамдалған бағаларды ескере отырып, дайын өнімді, металды өткізу бағасы.

Егер дайын өнімге және (немесе) металға Лондонның металл биржасында бағамдар болмаған жағдайда, өткізу бағасы қолданылады.

Келісімшарттық қызметтің үлесі мынадай формула бойынша айқындалады:

Үкқ = ТӨҚк / ТӨҚдө,

мұнда:


ТӨҚк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттың толық өзіндік құны;

ТӨҚдө – дайын өнімнің толық өзіндік құны.

18. ПҚӨС ставкалары рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің 0 % деңгейіне жету мақсатында белгіленеді.

19. ПҚӨС ең төменгі ставкасы жоспарлы өндіру көлемін ескере отырып және ПҚӨС жеке ставкасы белгіленетін ағымдағы күнтізбелік жылдың бағалары бойынша 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған редакцияда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында белгіленген салық салу базасы мен ставкасы бойынша есептелген роялти сомасының абсолюттік мәніне тең сомада ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төлеуін қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленуі тиіс.

Егер жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарында 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша роялти ставкалары белгіленбеген болса, 2008 жылғы 31 желтоқсанға қолданылған редакциядағы Салық кодексіне сәйкес тиісті пайдалы қазбаға роялти ставкалары қолданылады.

ПҚӨС ең төменгі ставкасының есептемесі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) тиісті күнтізбелік жылға жоспарланатын өндіру көлемін ескере отырып, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес (салық салу объектісі, роялти ставкасы, тиісті күнтізбелік жылға салық салу базасы) жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуге жататын роялти сомасы айқындалады;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген роялти сомасы абсолюттік мәнде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік 0 %-дан аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуі тиіс ПҚӨС сомасын құрайды;

3) рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін ПҚӨС ең төменгі ставкасы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен есептелген пайдалы қазбаның тиісті түрі (пайдалы қазбалардың тиісті түрлері) бойынша ПҚӨС бойынша салық салу базасына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген ПҚӨС сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.

Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС ставкалары тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленген жағдайда өткен салық кезеңдеріндегі нақты қалыптасқан бағалардың негізінде күнтізбелік жылдың басынан есептелген және төленген ПҚӨС осы Қағидаларға сәйкес белгіленген ставкалар бойынша қайта есептеледі.

20. Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасын қолданған салық төлеуші тиісті салық жылының 4-тоқсанынан кейінгі 2-айдың 15-күнінен кеш емес мерзімде Салық кодексінің 45-тарауында белгіленген тиісті ставканы қолдана отырып, нақты деректер негізінде рентабельділік көрсеткіштерінің есептемесін жүргізеді.

Егер келісімшарт бойынша жүргізілген есептеменің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген рентабельділік мәндері асып кетсе, салық төлеуші барлық салық жылындағы жалпыға белгіленген ставкалар негізінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық міндеттемелерін қайта есептейді және алынған мәндерді пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша қосымша декларацияда көрсетеді. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық сомасы салық жылының 4-тоқсанының салық міндеттемесі болып табылады және жалпыға белгіленген тәртіппен айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбастан бюджетке төлеуге жатады.


Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларына қосымша


Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы

ӨТІНІШ

1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды тұлғаның) толық атауы не Т.А.Ә. (жеке тұлғаның): ____________________________________________.

2. Орналасқан жері (почталық мекенжайы): ____________________.

3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ____________________________.

4. Пайдалы қазбаларды өндіру жүзеге асырылатын және пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу тәртібін қолдану болжанатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:

4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары, келісімшартты жасасу күні: _______________________________________;

4.2. Құзыретті органда келісімшарт тіркелген күні және нөмірі: ________________________________________________________________;

4.3. Келісімшарттың (кен орнының) атауы: ____________________;

4.4. Келісімшарт аумағының (кен орнының) орналасқан жері ____;

4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі _______________________.

5. Өтініш беру негіздемесі ___________________________________.

6. Байланыс жасайтын тұлға (Т.А.Ә, лауазымы, телефоны): _______ ________________________________________________________________

Қосымшалар:

___________________

___________________

___________________


Басшының Т.А.Ә., лауазымы ___________________

М.О.


Өтініш берілген күн: 20___ ж. «___»___________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет