Пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)



жүктеу 1.64 Mb.
бет3/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

وما كان ربك نسيا

«Ал Раббың еш нәрсені ұмытпайды» («Мәриям» сүресі, 64-аят).

Аллаһ сіздерге жеңілдік қалайды әрі ауыртпалық қаламайды. Ендеше, Аллаһ сіздерді Тура Жолға салғаны үшін Оны ұлықтаңыздар! Бәлкім, шүкіршілік етушілерден боларсыздар!


Шәууәл айының 15 күні, һижраның 1384 жылы

(17 ақпан 1965 ж. – редактордың ескертпесі)



Дамаск

Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани

بسم الله الرحمن الرحيم

Жә‘фар бин Мухаммад оның әкесі былай деп айтқанын жеткізген: Біз Жәбир бин ‘Абдуллаһтың (олардың екеуіне де Аллаһ разы болсын) жанына келгенде, ол (қасындағы) адамдардан өзінің алдына кімдердің келгені туралы сұрай бастады. (Осылайша) ол маған дейін жетті.13 [Оның сұрағына] мен: «Мен - Мухаммад бин ‘Али бин Хусайнмын», - деп жауап бердім. Сонда ол екі қолын менің басыма қарай созды да,14 [алдымен] жоғарғы түймемді, кейін төменгісін ағытып, кейін алақанын менің көкірегіме қойып, - сол кезде мен балиғатқа толмаған жасөспірім15 болатынмын, - : «Қош келдің16, уа, менің бауырымның баласы,17 сұрағың келген нәрсең туралы сұрай бер18», - деді. Мен сол кездерде зағип болып қалған [Жәбирге] сұрақтарымды қоя бастадым. Намаздың уақытысы басталған кезде, ол көрпесіне19 оранып орнынан тұрды, бірақ ол оны иығына жапқан20 сайын [көрпесінің] шеттері қайтадан өз орнына түсе беретін, өйткені ол шағын ғана болатын, ал [Жәбирдің] жамылғысы оның жанындағы [киім] ілгіште [ілінген] болатын. Ол бізбен бірге намаз оқыды21, [содан соң] мен одан: «Маған Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы туралы баяндап беріңіз», - деп сұрадым22.

[Мухаммад бин ‘Али бин Хусайн осыдан кейін Жәбир] саусақтарын бүгіп, тоғыз санын көрсеткенін және былай деп айтқанын [жеткізген]:

1- “Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Мәдинада] тоғыз жыл бойы бірде-бір рет қажылық жасамай тұрды23.



2- Кейін оныншы жылы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [осы] жылы қажылық жасауды ниет еткендігі туралы адамдарға хабарланды.

3- Әрі сол кезде Мәдинаға көптеген адамдар келіп жетті24 (хадистің басқа нұсқасында: «Жаяу не көлікпен жүре алатын бірде-бір адам (үйінде) қалмады», - деп жеткізіледі)25. [Адамдар онымен бірге шығуға (үлгеру) үшін асықты, өйткені] олардың барлығы Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге жүруді және ол жасап жатқан рәсімдерді қайталауды қалады26.

4- [Жәбир былай деді: “Мен оның (хадистің басқа нұсқасында: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа жасап, былай деді...», - деп жеткізіледі): “Мәдина тұрғындары үшін ихрамға кіру орны - Зул-Хуләйфа27, басқа жолмен (Шамнан) келетіндер үшін – әл-Жухфа28, Ирак тұрғындары үшін – Зат Ирқ29, Нәжд тұрғындары үшін – Қарн, ал Йемен тұрғындары үшін – Яләмлам30»,31 - деп айтқанын естідім"].

5- [Жәбир былай деді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [зул-ка’да айының аяқталуына бес, не төрт күн қалған кезде]32 жолға шықты].

6 – [және өзімен бірге құрбандыққа шалатын малдарды айдап алып кетті]33.

7 – Біз онымен бірге [әйелдер және балалармен қатар] жолға шықтық.

8 – Сөйтіп Зул-Хуләйфаға жеттік34. Сол кезде Асма бинт Умайс Мухаммад бин Абу Бакрды босанды35.

9- Ол өзінің не істеу керек екенін сұрау үшін Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам жіберді.

10- [Сонда] ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: Ғұсыл құйын, сосын (мақта толтырылған енді матамен) қан ағып жатқан жеріңді байлап таста да, содан соң ихрамға кір36.

11- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітте [толық үнсіздік сақтап,] 37 намаз оқыды 38.

ИХРАМ ХАЛІНЕ КІРУ 39
12- Кейін он әл-Кәсуаға отырды40. Оның түйесі әл-Байда деген қонысқа жеткен кезде [ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары (тек қажылық жасау ниетімен ғана) ихрам халіне кірді де, тәлбийя 41 айтты (Хадистің басқа нұсқасында: «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары әл-ифрад қажылығын (жасау ниетімен) ихрамға кірді әрі тәлбийя айтты», - деп хабарланады].

13- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді:] «Мен [барлық жерде] – оның алдынан да, артынанда да, оң жағынан да, сол жағынан да оны көзбен қамту мүмкін болмаған (өте көп) жаяу және салтты (адамдар) қоршағанын көрдім42. Олардың арасында оған Құран түсіріліп жатқан әрі оның мағынасын (та’уил) білетін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бар еді, сондықтан да біз оның істегендерінің барлығын қайталайтынбыз43».

14- Ол бірқұдайшылық сөздерін қатты дауыстап жариялап44, (мына сөздерді қайталай бастады):

لبيك اللهم لبيك لبيك لا شريك لك لبيك إن الحمد والنعمة لك والملك لا شريك لك

Ләббәйк Аллааһуммә ләббәйкә! Ләббәйкә ләә шәриикә ләкә ләббәйкә! Иннәл хамда уән ниъмәтә ләкә уәл мулк, ләә шәриикә ләкә”

(Мағынасы: «Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Міне, мен Сенің алдыңдамын, әрі Сенің серігің жоқ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Ақиқатында, Саған мақтау-мадақ тән, әрі нығметтер мен патшалық Сенікі! Сенің серігің жоқ!»).

15- Барлық адамдар оның ізінен осы сөздерді қатты дауыстап45 қайталай берді. (Хадистің басқа бір нұсқасында: «Адамдар тәлбийяны [, оған келесі сөздерді қосып] айта бастады: [ لبيك ذا المعارج لبيك ذا الفواضل Ләббәйкә Зәл-Мә`ариж, Ләббәйка Зәл-Фәуәдил” (мағынасы: «Міне, мен Сен алдыңдамын, дәрежелердің Иесі46! Міне, мен Сенің алдыңдамын, пайда-игіліктердің Иесі!») {Абу Дауд, Ахмад, әл-Бәйһақи}], ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға осы үшін еш нәрсе деп айтпады47.

16- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийяны тоқтаусыз қайталай берді48.

17- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: [“Біз [бар дауысымызбен]: [“Ләббәйкә Аллаһуммә («Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллаһ!»)], Ләббәйкә би-л-хаж”(«Міне, мен Сенің алдыңда қажылық (жасап) тұрмын»), - деп айттық]. (Хадистің тағы бір нұсқасында: “Біз умраны (жасауға болатындығын) білмедік”, - деп айтылады)49, (ал хадистің басқа бір нұсқасында: «Біз, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары, тек қажылық әрі қажылықтан басқа еш нәрсе, тек қана қажылық (жасау ниетімен) ихрам халіне кірдік және тәлбийя айттық», - деп жеткізіледі).)

18- [Ол былай деді: “Ал Айша умра жасауды ниет етті. Ол Сарифке50 келгенде, еттеккірі келе бастады].
Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:


  1. Ихрамға изар мен рида киімінде кіру, әрі оған дейін ғұсыл құйыну.

  2. Осы киімдерді киюден бұрын ер кісілер денелеріне хош иіс майларын жағу.

  3. Ихрамға арнайы микат деп аталатын орында кіру.

  4. Етеккірі немесе босанғаннан кейінгі қаны келіп жатқан әйелдердің ихрамға ғұсыл алғаннан кейін кіруі.

  5. Қажылықтың орындалатын түріне байланысты ихрамға қажылық пен умраны жасау ниетімен кіру.

  6. Қажылықты әйелдермен және балалармен бірге жасау.

  7. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан тәлбийя сөздерін айту.

  8. Тәлбийяны қатты дауыспен айту.

  9. Егер қиран немесе ифрад қажылығын жасаушы адам өзімен бірге құрбандыққа шалатын малын айдап келе жатпаған болса, қажылықты умра жасау үшін үзу.


МЕККЕГЕ КІРУ51 ЖӘНЕ ҚАҒБАНЫ ТАУАП ЖАСАУ
19- Біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге [зул-хижжа айының төрті күні таңертең] (Аллаһтың) Үйіне жақын келгенімізде, (хадистің басқа риуаятында былай деп хабарланады: “Біз Меккеге күн едәуір биік көтерілген кезде кіріп келдік.

20- Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Қорықты) Мешіттің қақпаларының алдына келіп, түйесін тізесіне шөктірді де, кейін Мешітке кірді52).

21- Ол (Қағбаның) бұрышын сипап өтті53 (Хадистің басқа риуаятында: «Қара тасты», - деп хабарланады)54.

22- [, ал кейін одан (яғни Қара тастан) оң жаққа қарай жүрді55]

23- және [оған қайта-қайта оралып,] жылдам жүріспен (әр-рамль)56 (Қағбаны) үш рет, ал (қалған) төртеуін әдеттегідей жүріспен [жай]57 айналып өтті. 58

24- Кейін59 ол Ибраһимнің (оған Аллаһтың сәлемі болсын) (тұрған) орынына (мақам Ибраһим) келді де [, адамдар оны еститіндей етіп дауысын қатты көтеріп] былай деді:



واتخذوا من مقام إبراهيم مصلى

«Уа-ттахизу ми-м-мақами Ибраһимә мусаллә»

(мағынасы: «Ендеше, Ибраһимнің (тұрған) орнын намаз оқитын орын ет» («Бақара» сүресі, 125-аят)).

25- Ол Ибраһимнің (тұрған) орны онымен Қағбаның60 арасында қалатындай етіп тұрды [да, екі ракағат намаз оқыды]61.

26- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді]: “Ол екі ракағатта «قل هو الله أحد» (сөздерінен басталатын сүрені) және «قل يا أيها الكافرون» (сөздерінен басталатын сүрені) оқыды. (Хадистің басқа бір риуаятында: قل يا أيها الكافرون» ((«Айт: «Әй, кәпірлер!…») сөздерінен басталатын сүрені) және «قل هو الله أحد» ((«Айт: Ол, Аллаһ, Жалғыз…») сөздерінен басталатын сүрені)", - деп хабарланады.62)

27- [Кейін ол Зәм-Зәм бұлағына барып, одан су ішті және оны басына құйды]63.

28- Кейін ол (Қағбаның) бұрышына қайта оралды да, оған (яғни Қара тасқа) қолын тигізді.64



ӘС-САФА МЕН ӘЛ-МӘРУА (ТӨБЕЛЕРІНІҢ) АРАСЫН ЖҮРІП ӨТУ (САҒИ) 65
29- Содан соң ол қақпа арқылы шықты да (хадистің басқа нұсқасында: «Әс-Сафа қақпасы арқылы шықты», - деп хабарланады), әс-Сафа66 (төбесіне) қарай бет алды. Оған жақындаған кезде ол (мына аятты) оқыды:

إن الصفا والمروة من شعائر الله

«Иннә әс-сафа уәл-мәруата мин шәаириЛләһ» (мағынасы: «Расында, әс-Сафа мен әл-Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен»)67, (содан соң):



أبدأ (نبدأ) بما بدأ الله به

«Әбда’у (хадистің басқа бір нұсқасында: нәбда’у) би-мә бәдә’а-Ллаһу би-һи», - (деп айтты) (мағынасы: «Мен Аллаһ бастағаннан бастаймын») (хадистің басқа бір нұсқасында: «Біз ... бастаймыз», - деп келтірілген)). Ол әс-Сафадан бастады да, оған (Аллаһтың) Үйін көргенге дейін көтеріле берді.

30- Ол Қыблаға бетін бұрып тұрды, бірқұдайшылық куәлігін айтты, Аллаһты [үш рет] ұлықтады [, Аллаһқа мақтау айтты]68 және былай деді:



لا إله إلا الله وحده لا شريك له له الملك وله الحمد [ يحيي ويميت] وهو على كل شيء قدير لا إله إلا الله وحده [ لا شريك له] أنجز وعده ونصر عبده وهزم الأحزاب وحده

«Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу лә шәрикә ләһ. Ләһуль мулк, уә ләһуль хамд [юхьи уә юмит], уә һуа алә кули шәин қадир. Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу [лә шарикә ләһ]. Әнжәза уаъдаһу, уә нәсара абдаһу, уә хазамәл ахзабә уахдаһу»

(мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, (Ол) серігі жоқ Жалғыз! Билік пен мақтау-мадақ Оған тән, [Ол тірілтеді және өлтіреді], әрі Ол барлық болмыс үстінен билікке ие! [Серігі жоқ] Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ! Ол уәдесін орындады, құлына көмектесті және жалғыз Өзі дұшпан тайпаларды талқандады!»)69.

Ол мұны үш рет қайталады, ал әрбір екі реттің арасында Аллаһқа дұға етіп жалбарынды70.

31- Кейін ол түсіп, әл-Мәруа (төбесіне) қарай [жаяу] бет алды71. Оның аяқтары кеуіп кеткен (арнаның) (уади) ішіне басқан кезде, ол жүгіре жөнелді (сағи)72, ал ол көтеріле бастаған кезде [бұл «сайдың арғы жағына] [түсіп»] [дегенді білдіреді], жүруге көшті де, әл-Мәруаға жетті. [Ол оған (Аллаһтың) Үйін көргеніне дейін көтеріле берді].



32- Әл-Мәруаның үстінде ол тура әс-Сафада істегендерін істеді73.
Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:

  1. Меккеге кіру;

  2. Мүмкіндік болса, ғұсыл құйыну;

  3. Мешітке оң аяқпен кіру және мешітке кірерде айтылатын дұғаларды айту;

  4. Қағбаны тауап жасау;

  5. Осы тауапты жасау барысында ер кісілердің оң иықтарын жалаңаштап жүрулері;

  6. Қағбаны осы тауап жасау кезінде алғашқы үш айналымды жылдам жүріспен (әр-рамл) жүріп өту;

  7. Қара тастың жанында: «Аллаһу Әкбар!», - деп айту;

  8. Қағбаны тауап жасау кезінде әрбір айналымда Қара тасты сүю және Йемен бұрышына қол тигізу;

  9. Қағбаны (осы) тауап жасап болған соң екі ракағат намаз оқу. Бірінші ракағатта («әл-Фатихадан» кейін) «әл-Кәфирун» сүресін (№109), ал екінші ракағатта «әл-Ихләс» сүресін (№112) оқу;

  10. Осы намазды Ибраһимнің (тұрған) орнының (мақам Ибраһим) артында тұрып оқу;

  11. Зәм-Зәм бұлағынан су ішу және оны басқа құю;

  12. Қара тасты ұстау үшін оған қайта оралу;

  13. Белгілі аятты оқып, әс-Сафа төбесіне қарай бет алу;

  14. Әс-Сафа (төбесінде) жүзді қыблаға қаратып тұру;

  15. Әс-Сафа төбесінде Аллаһты зікір ету; бірқұдайшылық (таухид) куәлігін үш рет қайталау, Аллаһты ұлықтау (тәкбір), Аллаһты мадақтау (тахмид) және «Лә иләһа илләЛлаһ» (тәхлил) сөздерін айту;

  16. Әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын жеті рет жүріп өту;

  17. Әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын әрбір жүріп өткен кезде кеуіп кеткен арнаға (уади) басқан кезде рәсімдік жүгіру (сағи) жасау;

  18. Әл-Мәруа (төбесінде) (қыблаға қарап) тұру;

  19. Әл-Мәруа төбесінде әс-Сафадағыдай зікірлерді айту;

  20. Рәсімдік жүгіруді (сағи) әл-Мәруада аяқтау74;

  21. Әт-Тәматтуғ немесе әл-қиран қажылығын жасаушы адамның, егер ол өзімен бірге құрбандыққа шалынатын малды айдап алып келмеген болса, шашын алуы, жай киім кию арқылы ихрамнан шығуы;

  22. Әт-Тәматтуғ қажылығын жасаушы адамның шашын қыруы емес, оны қырқуы арқылы ихрамнан шығуы.


ҚАЖЫЛЫҚТЫ УМРА ЖАСАУ ҮШІН ҮЗУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ
33- Әл-Мәруада соңғы жүгіруді аяқтап болған соң (хадистердің бірінде: «...бұл жетінші (сағи) болатын», - деп хабарланады), ол былай деді: [Уа, адамдар!] Егер мен бұрынырақ қазір білген нәрсемді білгенімде, өзіммен бірге құрбан шалатын малдарды айдап келмес едім әрі [міндетті түрде] умра жасар едім. Егер сендердің қайсыларыңда өзімен бірге (айдап келе жатқан) құрбандық малы болмаса, сол өзі жасаған рәсімін умра етіп, ихрам халінен шықсын". (Хадистің басқа риуаятында: “Және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Сендер (Аллаһтың) Үйін тауап жасап, әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасап болсаңдар және шаштарыңды қысқартсаңдар75, ихрам халінен шыға беріңдер де, әдеттегідей өмір сүре беріңдер, ал әт-тәруия күні76 келгенде, қажылық жасау ниетімен (қайтадан) ихрам халіне кіріңдер. Ал өздеріңмен алып келгендеріңді умра етіңдер77!”)

34- Сонда [әл-Мәруа етегінде отырған] Сурака бин Мәлик бин Жу’шум орнынан түрып: “Уа, Аллаһтың елшісі! [Осы (басқа бір мәтінде: “біз (умра үшін) үзген (қажылық)”, - деп келтіріледі)] біздің умра бізге тек осы жылы ғана бұйырылды [ма] әлде мәңгіге ме [, мәңгі замандарға ма]?” [Ол (яғни Жәбир) былай деді:] «Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолының саусақтарын бір-біріне байлап (тіркеп), былай деді: “Умра қажылыққа [Қиямет Күніне дейін] кірді78, әрі бұл (сендерге) мәңгі замандарға [, мәңгі замандарға”] бұйырылды» [(, - әрі осыны) үш рет (қайталады)]79.

35- [Ол (Сурака) былай деді: “Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге дініміздің (мәнін) біз енді ғана туылғанымыздай түсіндіріп берші. Біз бүгінгі амалдарымызды неге сәйкес (жасаймыз): тағдырға жазылған және алдын ала белгіленген нәрселерге ме, (енді ғана жазылатын) нәрселерге ме?” Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Жоқ, тағдырға жазылған және алдын ала белгіленген нәрселерге сәйкес”, - деді. (Сурака): “[Онда] бірдеңе істеудің қажеті не?”, - деп сұрады.80 Сонда (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: “Амал етіңдер, ал әркімге [ол не үшін жаратылған болса, соны (істеу)] жеңілдетіледі”81.

36- [Жәбир былай деді: “Ол бізге ихрам халінен шыққаннан кейін құрбан шалуымызды бұйырды82. Сонда біз малдармызды құрбандыққа шалуымыз үшін топтарға жинала бастадық]. [Жеті адамнан тұратын әр топқа бір жануардан (бадана83) тура келді]. [Қім құрбандыққа шалатын мал таппаған болса, (қажылық кезінде84) үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстауға міндетті еді]”.

37- [Ол былай деді: “Біз: “Уа, Аллаһтың елшісі, ал ихрам халінен қалай шығуымыз керек?”, - деп сұрадық. Ол: “Толығымен”, - деді”]85.

38- [Ол (яғни Жәбир (Аллаһ оған разы болсын)) былай деді: “Әрі бізге (бұл) жүрегіміз қысылатындай ауыр болды].


ӘЛ-ӘБТАХҚА ЖЕТІП КЕЛУ
39- [Ол былай деді: “Біз (әл-Батха) алқабына қарай жүрдік86. Ол былай деді: “(Сол кезде) бір адам: «Бүгін мен өз отбасыма қайтамын», - дей бастады]87.

40- [Ол былай деді: “Біз тек қажылықты орындау ниетімен ғана шыққан болатынбыз. Бізге әйелдеріміз үшін босану88 бұйырылғанда, Арафатта тұру күніне дейін төрт-ақ күн қалған болатын (хадистің басқа нұсқасында: «бес [түн]», - деп айтылады). Әрі біз Арафатқа келуіміз керек еді, ал мүшелерімізден ұрық тамып тұруы керек еді". Ол (Мухаммад бин ‘Али бин Хусайн – аудармашыдан (қаз.)) былай деді: «Жәбир қолымен (бұлғап) баяндап жатты»)89. (Хадистің жеткізушісі былай деді:) «Мен оның қолын бұлғап сөйлеп тұрғанын дәл көз алдымда көріп тұрғандаймын». [(Адамдар): “Біз бұны қажылық деп атап қойған соң, қалайша оны умра етеміз?”, - деді].

41- Ол былай деді: [“Әрі осы (сөздер) бізге беймәлім болған қандай да бір жолмен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жетті. Бұл оған көктен жеткізілді ме, әлде оған бұл туралы адамдар хабарлады ма – біз білмейміз”].

42- [Ол орнынан тұрды да] [адамдарға қарап құтпа айтты90, (ал оның алдында) Аллаһты мақтап дәріптеді]. Ол былай деді: [“Уа, адамдар! Сендер маған Аллаһтың дініне қатысты бір нәрсе үйретпексіңдер ме?!] Сендерге мен сендердің араларыңдағы ең тақуа, ең шыншыл және ең салиқалы екенім белгілі ғой. [Ендеше, мен сендерге бұйырған нәрселерді орындаңдар, өйткені] егер менің өзіммен бірге құрбан шалатын малым болмағанда, мен сендер сияқты ихрам халінен шығар едім [, алайда мына құрбандыққа шалынатын мал тиісті орнына жетпейінше мен ихрам халінен шыға алмаймын]91. Егер мен бұрын қазір білетін нәрселерді білгенімде, өзіммен бірге құрбандыққа шалатын малдарды айдап келмес едім, сондықтан да ихрам халінен шығыңдар”].

43- [Ол былай деді: “Сонда біз әйелдерімізбен жыныстық қатынасқа бардық, хош иістерімізді жақтық және әдеттегі киімдерімізді кидік]. [Біз естідік және мойынсұндық”].

44- [Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және құрбан шалатын малдары бар адамдардан басқа барлық адам ихрам халінен шықты және шаштарын қысқартты].

45- [Ол былай деді: “Әрі Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Тәлхадан басқа олардың ешқайсысында құрбандыққа шалатын малдары жоқ болатын]92.
ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ИХРАМҒА КІРГЕН НИЕТПЕН ИХРАМ ХАЛІНЕ КІРГЕН АЛИДІҢ ЙЕМЕННЕН КЕЛУІ
46- Али [өзіне тапсырылған істі бітіріп,]93 Йеменнен Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандыққа арналған мал айдап келді.

47- Әрі ол ихрамнан шыққан адамдардың арасында Фатиманы көрді. [Ол шашын тарап], боялған матадан киім киіп, көзіне сүрме жаққан болатын. Ол оны осы үшін сөкті [де: “Саған мұны кім бұйырды?!”, - деді]94. Ол: “Ақиқатында, менің әкем маған осылай істеуді бұйырды!”, - деп жауап берді.

48- Ол (яғни Жәбир) былай деді: “(Жылдар өте,) Али Иракта болған кезінде, былай деп баяндайтын: «Сонда мен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Фатиманың істегені туралы арыздану үшін әрі оның өзіне хабарлаған нәрселері туралы оның пікірін білу үшін аттандым»95. Ол сол үшін оны (Фатиманы) сөккен [, ал ол оған: «Менің әкем маған осылай істеуді бұйырды!», - деп айтқан] жағдай туралы айтып бергенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол шындықты айтты! [Ол шындықты айтты!][Мен оған осылай істеуді бұйырдым]», - деді".

49- Жәбир былай деді: “Әрі қарай ол Алиден: «Сен қажылықты бастаған кезіңде не айттың?», - деп сұрады. Ол (яғни Али): «Мен: “Уа, Аллаһ! Ақиқатында, мен ихрам халіне Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ихрамға кірген ниетпенен кіріп жатырмын!”, - дедім!», - деп жауап берді.

50- Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:Ақиқатында, менімен бірге құрбан шалатын малдар бар, сондықтан ихрамнан шықпа96 [да, қазіргі халіңде қала бер]”!

51- Али Йеменнен айдап алып келген құрбан шалатын малдар мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Мәдинадан] қуып алып келген малдар, бәрін қосқанда жүз бас [түйе мен сиыр] болды".

52- Ол былай деді: «Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдары барлардан өзге адамдардың барлығы ихрам халінен шықты97 және шаштарын қысқартты98» 99.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет