Пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)


ИХРАМ ХАЛІНДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ МИНАҒА ҚАРАЙ ЖЫЛЖУЫ



жүктеу 1.62 Mb.
бет4/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ИХРАМ ХАЛІНДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ МИНАҒА ҚАРАЙ ЖЫЛЖУЫ
53- Әт-таруия100 күні келгенде, [(сахабалар) Меккені тастап,] Минаға аттанды101 әрі [әл-Әбтах деген жерде] қажылық (жасау ниетімен) тәлбийя айтты102".

54- [Ол былай деді: “Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) жанына кірді де, оның жылап отырғанын көріп: «Саған не болды?», - деп сұрады. Ол: “Менің еттеккірім (келе бастады). Адамдар ихрам халінен шықты, ал мен шықпадым. Мен сондай-ақ (Аллаһтың) Үйін тауап жасамадым, ал қазір адамдар қажылыққа аттанып жатыр», - деп жауап берді. Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Ақиқатында, бұл нәрсе Адамның қыздарының тағдырына жазылған. Сондықтан да ғұсыл құйын, сосын ихрам халіне кір де, қажылық (жасау ниетімен) тәлбийя айт103 [, кейін қажылық жаса да, қажы істейтін нәрселердің барлығын істе, бірақ тек (Аллаһтың) Үйін тауап жасама және намаз оқыма”]104. (Айша:) «Мен дәл солай істедім» (, - деді)]. (Хадистің басқа бір нұсқасында: «Әрі ол (Аллаһтың) Үйін тауап жасаудан басқа қажылық рәсімдерінің барлығын орындады», - деп айтылады].

55- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Минаға) мініс жануарының үстінде барды105 әрі онда (яғни Минада (ал хадистің нұсқаларының бірінде: «бізбен бірге», - деп айтылады)) бесін (зухр), екінті (‘аср), ақшам (мағриб), құптан (‘иша) және таң (фәжр) намаздарын оқыды106.

56- Кейін ол күн шыққанша сол орнында азғантай уақыт тұрақтады107,

57- әрі Нәмира108 (тауында) [өзі үшін] шатыр орнатуды бұйырды.
АРАФАТҚА ҚАРАЙ ЖЫЛЖУ ЖӘНЕ НАМИРАДА АЯЛДАУ
58- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолға шыққанда109, құрайштықтар оның әл-Маш’ар әл-Харамда [Муздалифада] тоқтайтынына күмәнданбайтын, өйткені құрайштықтар Исламға дейінгі надандық (жәхилиет) заманында осылай істейтін110. Бірақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Арафат (алқабына) жеткенге дейін тоқтамай жүріп отырды111. Ол Нәмира тауында өзі үшін шатыр орнатылғанын көріп, сонда тоқтады.

59- Түс ауған бойдан ол өзіне әл-Касуаны жетектеп алып келуді бұйырды. Оны алдына алып келгенде [ол оған мініп,] кеуіп кеткен арнаның (уади) ортасына дейін жетті112.


АРАФАТ (КҮНІ) АЙТЫЛҒАН ҚҰТПА
60- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға құтпа113 айтып, онда былай деді:

Ақиқатында, осы күн, осы ай және осы жер қасиетті болғаны сияқты, – сендердің қандарың және сендердің мал-мүліктерің де сондай қол сұғылмайтын және қасиетті! [Әрі] [, ақиқатында,] жәхилиет (исламға дейінгі надандық) кезінде [осы] менің аяқтарымның астында істелгендердің барлығына енді тыйым салынады!114 Жәхилиет кезінде төгілген қан үшін өш алуға тыйым салынады, әрі мен басқалардан бұрын (біздің туысқанымыз) Раби’а ибн әл-Харистың ұлы [ибн Абд әл-Мутталибтің] қаны үшін өш алуға тыйым саламын! Ол бану Са’д тайпасынан болған емізетін әйелге тәрбиелеуге берілген еді, ал Хузәйл тайпасы оны өлтірді!



Жәхилиет дәуіріндегі өсімқорлыққа тыйым салынады, әрі барлығынан бұрын мен біздің руымыз – ‘Аббас ибн ‘Абд әл-Мутталиб алатын өсімге тыйым саламын. Бүгіннен бастан өсімқорлыққа толығымен тыйым салынды!115

Әйелдеріңмен қарым-қатынас жасауларыңда Аллаһтан қорқыңдар, өйткені сендер оларды Аллаһтың аманат етіп беруі арқасында алдыңдар [хадистің басқа нұсқасында: «…өйткені сендер оларды Аллаһтан берілген аманат ретінде алдыңдар», - деп айтылады]116, Аллаһтың Сөздеріне сәйкес оларды өздерің үшін хәлал еттіңдер және ие оларға болдыңдар117! Әрі [, ақиқатында,] сендер олардан өздеріңнің төсектеріңе сендерге ұнамайтын адамдардың отыруына рұқсат етпеулерін талап ете аласыңдар118, ал егер олар осыны істесе оларды ұрыңдар, бірақ қатты емес119. Ал олар сендерден өздерін лайықты түрде (немесе ғүрыпқа сәйкес) тамақтандыруларыңды және киіндірулеріңді талап етуге құқықты!

[Ақиқатында,] мен сендерге егер содан ұстансаңдар – ешқашан адасушылыққа түспейтін нәрсені тастап бара жатырмын: ол – Аллаһтың Кітабы!120. Сендерден мен туралы сұрайды [басқа бір айтылу үлгісінде: «Сендер мен туралы сұраласыңдар», - деп жеткізіледі], сонда сендер не айтасыңдар?» Адамдар: «Біз сені [өз Раббысының жолдауын] жеткізді, (пайғамбарлық міндетін) орындады, [өзінің үмметіне] дұрыс насихаттар берді [және (Аллаһ тарапынан) жүктелген нәрселерді орындады] деп айтамыз», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұқ саусағын көкке қаратып көтерді де: «Уа, Аллаһ, (мұны) раста! Уа, Аллаһ, (мұны) раста! Уа, Аллаһ, (мұны) раста!», - деді.121
ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ОҚУ ЖӘНЕ АРАФАТТА ТҰРУ
61- Кейін122 [Біләл] [бір рет азан айтып] (адамдарды) намазға шақырды.

62- Содан соң ол оның басталғанын (иқамат) жариялады, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (адамдармен бірге) бесін (зухр) намазын оқыды. Кейін тағы да бір рет иқамат айтылды да, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (адамдармен бірге) екінті (‘аср) намазын оқыды123.

63- Осы екі намаздың арасында ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешқандай намаз оқымады124.

64- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [әл-Касуаға] мініп, тұратын орынға жеткенше жүрді125. Ол әл-Касуаны тастарға126 шөктірді, жаяу қажылар жүріп жатқан соқпақ жолдың алдына127 келіп тоқтады да, жүзін Қыблаға қаратты128.

65- Ол аспанның сары түсі бұрыңғысындай жап-жарық емес болып, ал күннің дөңгелегі көкжиектен жоғалып, батқанға дейін тұра берді129.

66- [Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен мына жерде тұрдым, алайда бүкіл Арафат (алқабы) тұратын орын болып табылады»]130.

67- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артына Усама [бин Зәйдті] отырғызып алды.
АДАМДАР ЛЕГІНІҢ АРАФАТТАН ЛАП БЕРУІ
68- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жол жүріп кетті (хадистің басқа нұсқасында: «...адамдар легінің арасында байыптылық131 сақтап, жүріп кетті», - деп хабарланады). Ол әл-Касуаның басы үзеңгіге тірелетіндей жүгенін қатты тартты. Ол оң қолын алға созып [(хадистің жеткізушісі:) «Былай» (, - деді де), алақанының ішкі жағын аспанға қаратты]: «Уа, адамдар! Тыныштық сақтаңдар, тыныштық сақтаңдар!», - деді.

69- Құм төбелеріне жақын келген әрбір сәтте ол түйесінің олардан өтуі жеңілдеу болу үшін жүгенді аздап босататын132.


МУЗДАЛИФАДА ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ОҚУ ЖӘНЕ СОНДА ТҮНЕУ
70- Муздалифаға жетіп барып, ол сонда ақшам (мағриб) және құптан (‘иша) намаздарын [өзара қосып] оқыды133. Намазға шақыру азаны бір-ақ рет айтылды, ал намаздың басталуы туралы (иқамат) екі намаздың әрқайсысының алдында айтылды134.

71- Осы екі намаздың арасында ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешқандай намаздар оқымады135.

72- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңға дейін ұйықтауға жатты136.

73- Таңның алғашқы шапақтары көрінісімен, азан мен иқамат айтылған соң, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңғы (фәжр) намазын оқыды137.



ӘЛ-МӘШ’АР ӘЛ-ХАРАМДА ТОҚТАУ
74- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Касуаға отырып, әл-Мәш’ар әл-Харамға дейін жетті [де, оған көтерілді]138.

75- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзін Қыблаға қаратты, Аллаһқа дұға етіп жалбарынды (хадистің басқа айтылу үлгісінде: «Аллаһты мадақтады», - деп жеткізіледі), Оны ұлықтады, «Лә иләһа иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ») сөздерін айтты да, бірқұдайшылық куәлігін жария етті.

76- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жарық түскенше тұра берді.

77- [Әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен мына жерде тұрдым, алайда бүкіл Муздалифа тұратын орын болып табылады», - деді].


(ҮЛКЕН) БАҒАНАҒА ТАС ЛАҚТЫРУ ҮШІН МУЗДАЛИФАДАН ШЫҒУ
78- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [жиналу орнынан139] күн шыққанға дейін [, байыптылық сақтап,] жолға шықты140.

79- Өзінің артына ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шаштары әдемі, ақ құба және сүйкімді келген әл-Фәдл бин Аббасты отырғызып алды141.

80- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыққан бойдан, оның жанынан ішінде әйелдер отырған зембілдер жүріп өтті. Әл-Фәдл соларға қарай бастады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Фадлдің бетін қолымен жапты, бірақ ол басын басқа жаққа бұрып қарауын жалғастыра берді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Фәдл көзін әйелдерден алуы үшін тағы да оның бетін қолымен жапты.

81- Мухассир алқабының ортасына жеткен кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [(адамдарға): «Тыныштық сақтаңдар!», - деп,] сәл жылдамрақ жүрді.


Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:

  1. Әт-Тәруия күні қажылық (жасау ниетімен) ихрамға кіру және тәлбийя айту.

  2. Мина (алқабына) жүру және сонда түнеу.

  3. Минада бесін (зухр) және қалған бес уақыт намаздарды, қысқартып, бірақ әр намазды өз уақытында оқу.

  4. Арафатта (тұру) Күні күн шыққаннан кейін Минадан Арафатқа ұарай жылжу. 142

  5. Егер мүмкіндік болса, Нәмирада Арафаттың жанында түстен бұрын тоқтау.

  6. Урана уәдиіне қарай жүру және бесін (зухр) мен екінті (аср) намаздарын қосып оқу. Бірінші бесін, содан кейін бірден екінті намазы оқылады.

  7. Имамның Арафат (Күні) намазға дейін құтпа айтуы.

  8. Арафатта дұға жасап, Аллаһты мадақтап, ораза ұстамай тұру.

  9. Арафатта тұрған кезде, жүзді қыблаға қаратып және қолды көтеріп дұға ету.

  10. Арафатта тәлбийя сөздерін айту.

  11. Күн батқаннан кейін тыныштық сақтап, Арафаттан шығу.

  12. Муздалифада ақшам (мағриб) және құптан (‘иша) намаздарын қосып оқу. Бірінші ақшам намазы, содан соң бірден құптан намазы оқылады.

  13. Осы намаздардың әрқайсысының алдында иқамат айтылады.

  14. Осы екі намаздың арасында қосымша (сүннет) намаздарын оқудан бас тарту.

  15. Муздалифада бір түн бойы түнеу.

  16. Таңның алғашқы шапақтары көрінісімен таң (фәжр) намазын оқу.

  17. Муздалифаның шекарасында орналасқан әл-Мәш’ар әл-Харамда жарық түскенге дейін жүзді қыблаға қаратып және Аллаһқа дұға етіп, Оны мадақтап (тахмид), Оны ұлықтап (тәкбір), «лә иләһа илләЛллаһ» сөздерін айтып (тәхлил) тұру.

  18. Әл-Мәш’ар әл-Харамнан күн шыққанға дейін шығу.

  19. Мухассир алқабынан өткен кезде жүрісті әдеттегіден жылдамдату.


ҮЛКЕН БАҒАНАҒА (ӘЛ-ЖӘМРАТ ӘЛ-КУБРА143) ТАС ЛАҚТЫРУ144
82- Кейін [үлкен бағанаға (әл- жәмрат әл-кубра) шығаратын] орта жолмен145 қасында ағаш өсіп тұрған (осы) бағанаға дейін жетіп алды,

83- және [түске дейін] оған жеті тас лақтырды146.

84- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-хазф147 мөлшеріндей болған әр тасты лақтырғанда: «Аллаһу Әкбар!» («Аллаһ Ұлы!»), - деп айтты148.

85- [Осы орайда] ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [түйесінің үстінде отырып және: «Рәсімдеріңді149 (орындауды) менен үйреніңдер, өйткені, ақиқатында, мен білмеймін, бұл менің соңғы қажылығым шығар», - деп,]150 уадидің ішкі жағынан151 тас лақтырды».

86- [Ол (яғни хадистің жеткізушісі – редактордың ескертпесі) былай деді: «Ол Құрбан Айт күнінен кейін [қалған әт-ташрик152 күндерінде] тастарды түстен кейңн лақтырды]153.

87- [Сурака бин Мәлик бин Жу’шум Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен бағананың (жәмрат әл-акаба) қасында, ол тас лақтырып жатқанда кездестіріп, одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл тек біздерге ғана қатысты ма154?», - деп сұрады. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Жоқ, бұл барлық заманға»(, - деді)]155.



ҚҰРБАН ШАЛУ ЖӘНЕ БАСТЫ ҚЫРУ
88- Кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) құрбан шалу орнына барып, сонда өз қолымен алпыс үш [сиыр мен түйені] құрбандыққа шалды.

89- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнын Алиге (Аллаһ оған разы болсын) берді156. Ол (Йеменнен) айдап келген [қалған] жануарларды құрбандыққа шалды, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған осыда көмектесті.

90- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр сойылған малдан бір кесім еттен алуды, оларды қазанға салып, пісіруді бұйырды157. (Тағам дайын болған кезде,) олар екеуі еттен жеп, сорпасын ішті».

91- [Хадистің риуаяттарының бірінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері атынан құрбандыққа сиыр шалғаны келтіріледі]158.

92- [Хадистің басқа нұсқасында ол (яғни Жәбир) былай деді: «Біз құрбандыққа жеті (адамның) атынан бір түйе және жеті (адамның) атынан бір сиыр шалдық (ал басқа риуаятта: «...Ол құрбандыққа түйе шалды», - деп келтіріледі). (Жәбирден жеткен хадистің тағы бір нұсқасында былай деп жеткізіледі: «Бір құрбандыққа шалатын малға жеті (адамнан) тұратын топтан тура келді». Сонда біреу одан (яғни Жәбирден): «Сен сиыр туралы не айтасың: оны бір топ адамдар атынан құрбандыққа шалуға болады ма?», - деп сұрады. Бұған ол (яғни Жәбир): «(Иә, өйткені) ол құрбандыққа шалынатын малдардың қатарына кіреді», - деп жауап берді).

93- (Хадистің нұсқаларының бірінде былай деп хабарланады: «Жәбир: «Бұрын біз құрбандыққа шалынатын малдың етін (Минада болатын) үш (күннен) артық жемейтінбіз. Ал содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): («Жеңдер әрі қамданыңдар159»), - деп, бізге (бұған) рұқсат берді. [Ол былай деді: «Әрі біз (осы еттің бір бөлігін) жедік, (ал қалған бөлігін) қамдандық][та, сол қамданумен Мәдинаға дейін жеттік160.


ҚҰРБАН АЙТ КҮНІ ОРЫНДАЛАТЫН РӘСІМДЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫН БОЛСА ДА БАСҚАСЫНАН ЕРТЕ, НЕ КЕШ ОРЫНДАУДА КҮНӘ ЖОҚ
94- (Хадистің бір нұсқасында былай деп хабарланады: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалды [және басын қырды]»)161.

95- “Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Құрбан Айт күні Минада] адамдармен бірге болды. Әрі [сол күні] оған [, ретінен бұрын істелген] рәсімге қатысты қандай сұрақ қойылса да, ол міндетті түрде: «Ода күнә жоқ, ода күнә жоқ»162, - деп жауап берді. Мысалы, оған бір кісі келіп: «Мен басымды құрбан шалғанға дейін қырып тастадым», - дегенде, (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді).

96- Кейін оған басқа адам келіп: «Мен басымды тас лақтырғанға дейін қырып қойдым», - деді, (оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді.

97- [Кейін оған басқа адам келіп: «Мен Қағбаны тас лақтырғанға дейін тауап жасап қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді].

98- [Басқа бір кісі: «Мен Қағбаны құрбан шалғанға дейін тауап жасап қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Оны шала бер, әрі бұда күнә жоқ», - деді].

99- [Кейін тағы бір адам келді де: «Мен құрбанды тас лақтырғанға дейін шалып қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «[Оларды лақтыр, әрі] бұда күнә жоқ», - деді].

100- [Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен құрбандықты осы жерде шалдым, алайда Минаның барлығы құрбан шалатын орын болып табылады].

101- [Әрі Меккенің әрбір шатқалы мен оған (алып баратын) жол да құрбан шалатын орын болып табылады]163.

102- [Сондықтан да құрбандықтарыңды тұрақталған орындарыңда шала беріңдер», - деді]".164
ҚҰРБАН АЙТ КҮНІНДЕ АЙТЫЛҒАН ҚҰТПА165
10З - [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізді: “Құрбан айт күнінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтып: «Қай күн ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің күн», - деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай ай ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «(Осы) біздің ай», - деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай қала ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің қала» (, - деп жауап берді). Сонда (Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің166 және сендердің мал-мүліктерің сендер үшін осы қаладағы, осы айдағы осы күндерің сияқты қасиетті болып табылады. Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?!» (Адамдар): «Иә!», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! (Осыны) раста!», - деді”].
АДАМДАР ЛЕГІНІҢ ҚАҒБАНЫ НЕГІЗГІ ТАУАП (ӘТ-ТАУАФ ӘС-САДР)167 ЖАСАУ ҮШІН (МЕККЕГЕ) АҒЫЛУЫ
104- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйесіне отырды да, адамдардың легі арасында (Аллаһтың) Үйіне қарай ұмтылды [, әрі (олар) Қағбаны тауап жасады168,

105- бірақ әс-Сафа мен әл-Мәруа (төбелерінің) арасын сағи жасамады]169.

106- Ол бесін (зухр) намазын170 Меккеде орындады171.

107- Одан кейін ол бану Абд әл-Мутталиб тайпасының адамдарына жақындады, [ал олар] Зәм-Зәм (бұлағының) суын үлестіріп жатқан болатын172, және былай деді: «Уа, ‘Абд әл-Мутталибтің ұрпақтары, су шығарыңдар! Егер мен адамдардың сендерді осы жерден ығыстырып тастауларынан қорықпағанымда173, оны сендермен бірге шығарар едім».

108- Олар оған (Зәм-Зәм бұлағынан) су алып берді, ал ол одан қанып ішіп алды»174.

Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:


  1. (Үлкен) бағанаға (тас лақтыру үшін) Арафатқа барған жолдан басқа жолмен бару.

  2. Үлкен бағанаға (әл-жәмрат әл-кубра) Құрбан Айт күні күн шыққаннан түске дейін уадидің ішкі жағынан тас лақтыру.

  3. Егер қажеттілік болып жатса, түстен кейіннен түнге дейін тас лақтыруға деген рұқсат.

  4. Әр тасты лақтырғанда тәкбір айту.

  5. Тас лақтырудан бұрын тәлбийя сөздерін айтуды тоқтату.

  6. Тас лақтыру ихрам халінен «кіші», яғни толық емес шығуды меңзейді.

  7. Әт-тәшриқ күндерінде тас лақтыру түстен кейін орындалады. Тәшриқ күндері бірінші және екінші бағаналарға тас лақтырып болған соң шетке шығып, ұзақ уақыт дұға ету қажет.

  8. Қажылықтың әл-қиран мен әт-тәматтуғ түрлерін жасаушы қажылар құрбан шалады. Кім құрбандыққа шалатын мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн әрі үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды.

  9. Түйе немесе сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады.

  10. Құрбан шалу Минада да, Мекеде де орындала береді.

  11. Құрбандыққа шалынған малдың етінен жеу.

  12. Тас лақтырып болған соң хош иістер жағу, басты қыру және әйеліне қосылудан басқа ихрам халінде тыйым салынған барлық нәрселердің рұқсат етілуі.

  13. Басты оң жақтан бастап қыру.

  14. Имамның Құрбан Айт күніне (байланысты) құтпа айтуы.

  15. Қағбаны негізгі тауап (тауаф әс-садр / тауаф әл-ифада) жасау үшін Меккеге аттану, әрі оны орындау барысында алғашқы үш айналымда жылдам (әр-рамл) жүрмеу.

  16. Қағбаны тауап жасап болған соң Ибраһим (тұрған) орнының (мақам Ибраһим) алдында екі ракағат намаз орындау.

  17. Әт-тәматтуғ қажылығын жасаушы қажының әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасауы. Әл-Қиран қажығын жасаушы қажы бұл сағиді жасамайды.

  18. Құрбан Айт күні орындалатын қажылық рәсімдерінің ретін сақтау.

  19. Осы рәсімдерді орындап болған соң ихрам халінен толық және соңғы рет шығу.

  20. Қағбаны негізгі тауап жасап болғаннан және екі ракағат намаз орындап болғаннан кейін Зәм-Зәм (бұлағынан) су ішу.

  21. Минаға оралу және тәшриқтің үш күндерінде сонда болу.

  22. Тәшриқтің әр күнінде түстен кейін үш бағаналарға (жәмараттарға) тас лақтыру.

  23. Меккеден үйге кетудің дәл алдында Қағбаны қоштасу тауабын (тауаф әл-уада’) жасау, әрі оны орындау барысында алғашқы үш айналымда жылдам (әр-рамл) жүрмеу.


Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> fikh
fikh -> Исламдағы ерте жаста некелесуге қатысты тағылатын айыптауларға жауап
fikh -> Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар
fikh -> Некенің алдында әйелдің қандай дене мүшелеріне қарау рұқсат етіледі
fikh -> ҚЫСҚаша мазмұндамасы (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)
fikh -> Әйел кісіге үйден шығар кезде рең беруші (тоналды) крем қолдануға болады ма?
fikh -> Саләтул-‘идайн
fikh -> Ораза айт пен Құрбан айт намазы (Саләтул-идайн)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет