Пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)


АЙШАНЫҢ ӘНГІМЕСІНІҢ АЯҚТАЛУЫ



жүктеу 1.62 Mb.
бет5/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

АЙШАНЫҢ ӘНГІМЕСІНІҢ АЯҚТАЛУЫ
109- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Ақиқатында, Айша етеккірі келген күйде қажылықтың (Аллаһ) Үйін тауап жасаудан өзге барлық рәсімдерін орындады»].

110- [Ол былай деді: «Ал ол (етеккірінен) тазарған кезде, Қағбаны тауап175 етті және әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасады. Содан кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) оған: «Міне, енді сен қажылық пен умрадан (кейін) ихрам халінен шықтың», - деді].

111- [Ол (Айша) былай деді: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сендер қажылық пен умра жасап, кетіп бара жатырсыздар, ал мен – тек қажылықты ғана ма?»176. [Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сенің (Аллаһтан алатын сауабың) олардың (Аллаһтан алатын сауабына) сәйкес болады».].

112- [Ол былай деді: «Ақиқатында, мен қажылықты орындағаныма дейін жүрегімде (Аллаһтың) Үйін тауап жасамағаным үшін кірбің болатын»]».

113- [Жәбир былай деді: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұмсақ мінезімен ерекшеленетін, сондықтан да егер ол бір нәрсені қаласа, ол оның қалауын орындайтын]177.

114- [Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Абдурахман178! Онымен бірге әт-Тан’имге бар, әрі ол сол жерден (шығып) умрасын орындасын», - деді.

115- [Әрі ол қажылықтан кейін умра жасады] [да, кейін] әл-Хасба түнінде179 [қайта оралды]]».]

116- [Жәбир былай деді: «Қоштасу қажылығы кезінде180 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйе үстінде отырып (Аллаһтың) Үйін тауап жасады әрі (Қара) тасқа қисық сапты аса таяғын тигізіп (өтті). (Ол осыны) адамдар оны көрулері, (оның рәсімдерін) бақылаулары және оған өз сұрақтарын қоюлары үшін (істеді), өйткені оның айналасына өте көп халық жиналған еді»].

117- [Жәбир былай деді181: «Бір әйел баласын Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарай көтерді де: «Мынау қажылық жасай алады ма182?», - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): Иә, ал саған осы үшін сауап (тиісті)”, - деп жауап берді». {әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Бәйһақи}]183.

Осы жолдар менің ол туралы Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) баяндаған “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы” атты зерттеуімді аяқтайды. Кейбір бауырларымыздың кеңесіне ілесіп, Аллаһ оларға игілігімен қайырсын, мен осы кітабымның соңында қажылық рәсімдерінің қысқаша мазмұндамасын келтіремін. Бұл тарау осы рәсімдер туралы білуі және үйренуі қажет болған қажылар үшін ерекше көкейтесті болып табылады.



Осымен кітап аяқталды. Соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар айтамыз!

1 Яғни яһудилер мен христиандар – ред.

21 Ибн ‘Аббас, Аллаһ оларға разы болсын, былай деп жеткізген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсап-еліктейтін ерлерді және ерлерге ұқсап-еліктейтін әйелдерді лағынеттейтін». Хадистің басқа нұсқасында: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсап еліктейтін ерлерді және ерлерге ұқсап-еліктейтін әйелдерді лағынеттеген», - деп хабарланады (әл-Бухари жеткізген) - ред.

3 Редактордың ескертпесі: Әт-таматту’ қажылығы – кіші (умра) және үлкен қажылықты ізбе-із келесідей тәртіппен өтеу: Меккеге келген қажы ең алдымен умраны өтейді де, содан соң ихрам халінен шығады. Кейін 8 зул-хижжада ол қажылық рәсімдерін өтеу үшін қайтадан ихрамға кіреді. Егер қажылықты өтеуші адам құрбан шалатын малдарын өзімен бірге айдап келсе, онда әт-таматту’ қажылығын жасау рұқсат етілмейді.

4 Редактордың ескертпесі: Әл-қиран қажылығы – қажылық пен умраны келесі тәртіппен қоса өтеу: қажы ең алдымен умраны өтеп, содан соң ихрам халінен шықпай және қажыларға жүктелетін тиісті тыйымдарды орындап, қажылықты орындау уақытын күтеді.

5 Редактордың ескертпесі: Әл-ифрад қажылығы – умрасыз тек жалғыз қажылықты ғана жасау.

6 Біз «Бұл (бұйрық) тек сахабаларға ғана қатысты» деп айтатындарды №24 тармаққа жасаған ескертпеде теріске шығарғанбыз.

7 Редактордың ескертпесі: яғни әт-таматту’ қажылығын жасаса.

8 Араб түбегінде өсетін бұта түріндегі өсімдік, сол өсімдіктің талшықтарынан тіс тазалағыш таяқшалар жасалады – ауд. каз.

9 Редактордың ескертпесі: яғни ихрам халінен шығып, әйелдерімен жыныстық қатынас жасау.

10 Аудармашыдан (қаз.) - бұл (тыйым) намаз орындаушы мен ол сәжде жасайтын орынның арасынан кесіп өтетін адамға қатысты. Қз.: (шейх әл-Әлбанидің) «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы» кітабы, «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының қысқаша мазмұндамасы».

11 Редактордың ескертпесі: Аллаһтың рахымымен бұл кітап «UMMAH» Баспа үйі тарапынан орыс тілінде басып шығарылды.

12 Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: жоғарыда баяндалғанның барлығынан оқырманның өзі де шейх әл-Исламның (Ибн Таймийяның) «Ихрамдағы адамға ол Кім үшін ихрамға кірген болса, Соған өзін құрбан етуі ең абзал болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және онымен бірге қажылық жасаған сахабалар солай істеді» деген сөздері қате екенін түсіне алады.

13 Осыдан, бұған «Бізге адамдарға олардың жай-күйіне сәйкес тиістісін беру бұйырылған еді» деген хадис нұсқайтынындай, “адам оны зиярат етіп келген қонақтармен өзін лайықты түрде ұстауы үшін, олармен танысуы, олардың атын, жай-күйін білуі абзал” деген пайда алынады.

14 Жәбир зағип болатын.

15 Осыда «бала хадис алып жүруші бола алады, бірақ ол оны тек кәмелетке жеткеннен кейін ғана жеткізе алады» дегенге нұсқау бар (Ислам мәселесінде де тура осылай).

16 «Мархабан» - «Қош келдіңіздер» сөзі сүннет болып табылады, әрі егер адам оны Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу ретінде айтса, сол үшін сауап алады.

17 Осыда бөгде адамға (тікелей мағынада емес, халық ішінде қалыптасқан ғұрып бойынша) «балам», («інім», «аға» «қарындас», «әпке»,) «ата», «көке» деп айтуға болатындығына нұсқау бар, өйткені бұл арабтардың әдет-ғұрпы еді, әрі сахабалар осыны амал ететін.

18 Осыда білім талап етушінің: «Менен сұраңдар», - деп айтуына рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар .

19 Қазақ тіліне аудармашының ескертпесі: орыс тіліндегі мәтінде «одеяло» деп келтірілген.

20 Сондай-ақ бұған иықтарды ашып намаз оқуға деген тыйым бар басқа да хадистер нұсқайды.

21 Жәбир намазда әуретті жабудың ең төменгі мөлшері қандай болуға тиісті екенін тәжірибеде көрсеткісі келді. Сондай-ақ хадисте зағип адамға ұйып намаз оқуға болатындығына нұсқау бар.

22 Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін біліп-түсінуге деген ұмтылысына, сондай-ақ сұрақ қандай үлгіде қойылу қажет екендігіне нұсқау.

23 Ғалымдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға коныс аударғанынан соң һижраның оныншы жылы бір-ақ рет, яғни «қоштасу қажылығы» деп аталып кеткен қажық жасағанына бірауызды келіскен. Ғалымдардың әртүрлі пікірлерін туғызған басқа «Қажылық қашан бұйырылды?» деген мәселе болды. Ғалымдар арасында бұған қатысты бірнеше пікірлер болған, олардың арасындағы ақиқатқа ең жақыны - «қажылық һижрадан кейін тоғызыншы не, оныншы жылы парыз етілді» деген пікір.

24 120 мыңға жуық.

25 Осыда бұйрықтағы негіз оны бірден орындау керек екендігіне нұсқау бар.

26 Осыда олар қиран қажылығын жасау ниетімен шыққандығына нұсқау бар.

27 Зул-Хуләйфа – Мәдинадан алты миль қашықтықта орналасқан жер (Хуләйфа – бұл талдың аты).

28 Әл-Жухфа – Меккеден үш күндік (марахил) қашықтықта орналасқан жер. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийя өзінің “Мәжмуа әр-Расаи’л әл-Кубра” еңбегінің “Мәнасик әл-Хаж” (2/356) тарауында былай деген: «Бүл – бүгінгі күні бұзылып кеткен Мухай’а атты ескі қоныс. Соған байланысты, қажылар ихрамға оған (жеткенге) дейін Раабиғ деген жерде кіреді. Ол батыс бағыттан келетін қажылар, мысалы, Шам (Сирия, Иордания, Палестина, Ливан) және Мысыр тұрғындары үшін микат (ихрамға кіру орны – редактордың ескертпесі) болып табылады».

29 Зат Ирқ – Араб жазирасындағы Нәжд пен Тихама аудандарын бөлетін орын болып табылатын мекен. Бұл жерден Меккеге дейінгі қашықтық қырық екі мильді құрайды, бұл туралы “Әл-Фатхта” хабарланады.

30 Яләмлам – Меккеден екі күн қашықтықта орналасқан жер, бұл отыз мильді құрайды.

31 Адамдар микатқа қатысты үш санатқа бөлінеді: 1 – (макки) харам аймағында тұратын және харам шекарасында умра үшін ихрамға кіретіндер; 2 – харам аймағының сыртында, бірақ микаттың ішінде түратындар – олар ихрамға өз үйлерінде кіреді; 3 – микаттың сыртында тұратындар (афакиюн) – олар ихрамға микатта кіруге міндетті.

32 Бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шаштарын тарап, хош иіс сеуіп, ихрам киімін – «изар» (қажы белінен төмен жағын орап алатын мата – редактордың ескертпесі) мен «рида» (қажы иығына тастайтайтын мата – редактордың ескертпесі) кигеннен кейін орын алды. Тура соны оның сахабалары да істеді. Ихрам киіміне, яғни изар мен ридаға қатысты айтар болсақ, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) запыранға (шафран) боялғаннан басқа еш нәрсеге тыйым салмады. Бұл туралы Ибн Аббас айтқанын әл-Бухари жеткізді. «Запыранға боялған» деген сөздер запыран сияқты сары түске боялуды меңзейді.

Ибн Аббастан жеткізілетін осы хадис микатка жетпей жатып ихрам киімін киюге болатындығына нұсқайды, көп адамдар осылай істеуді дұрыс деп санамаса да. Ихрамхаліне кіруді ниет етудің үкімі бұдан өзгеше, біздің пікірімізше, бұл (ниет) тек микатта ғана не болмаса, егер қажы ұшақта келе жатқан және микатты ихрам халіне кіруді ниет етуден бұрын өтіп кетуден қорықса, оған жетуден сәл ертерек жасалады.

Сондай-ақ Шариғат бойынша ниетті тілмен айту (мысалы: «Уа, Аллаһ, ниет еттім…», - деп, т.с.с. - редактордың ескертпесі) ихрамға кіргенде де, дәрет алудың алдында да, намазға кіріскенде де, ораза ұстаудан бұрын да, құлшылықтың басқа түрлерін орындаудан бұрын да рұқсат етілмейді, өйткені ниет тек жүректе бекітіледі. Ал ниетті тілмен айтуға келер болсақ, бұл діни жаңалық (бидғат) болып табылады, ал «кез келген бидғат адасушылық болып табылады, әрі әрбір адасушылық Отта (болады)». Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде жеткен нәрсе – бұл ихрам халіне кіруден бұрын айтылатын “Ләббайка Аллаһумма умратан уа хажан” (“Міне, мен Сенің алдыңда, уа, Аллаһ, умра және қажылық (жасап тұрмын)”) деген сөздер. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерге тоқтады, әрі оларға еш нәрсе қоспады, мұны шейх әл-Ислам Ибн Таймийя өзінің “ән-Нийя” («Мәжмуа әр-Раса’ил әл-Кубра», 1-бөлім, 244-245 беттер) кітабында растағанындай.


33 Яғни, бұл туралы екі «Сахихта» келтірілген Ибн Умардың хадисінде келтірілетіндей, Зул-Хуләйфадан.

34 Микаттар екі түрлі болады: уақытпен байланысты микат және орынмен байланысты микат. Уақыт микатына келер болсақ, бұл үш айлар (шәуал, зул-қағда, зул-хижа). Әрі сондықтан да егер адам тәматтуғ қажылығын жасағысы келсе, онда оған қажылық айларының бірінде умра жасау керек болады. Ал егер ол умраны басқа кезде жасаған болса және Меккеде қажылық басталғанға дейін қалса, онда оған ифрад қажылығын жасау жақсырақ болады. Әрі бұл Ибн Таймийя мен төрт имамның пікірі.

Ал орынмен байланысты микаттар: 1-Зул-Хуләйфа, 2-Әл-Жухфа, 3-Зат Ирқ, 4 – Қарн, 5 – Яләмлам



35 Асма босанатынын білетін еді, бірақ осыған қарамастан бәрібір (жолға) шықты, әрі осы (жайт) қажылық оны жасауға мүмкіндік пайда болған кезден бастап бірден парыз болатынына нұсқау бар.

36 Осыда әйел кісіге етеккірі (хайыз) немесе босанғаннан кейінгі қаны келген кезінде микатты ихрам халіне кірмей өтуіне болмайтынына нұсқау бар. Сондай-ақ осыда ол ғұсыл құйынуы қажет екендігіне де нұсқау бар.

Ғұсыл сондай-ақ басқа адамдар үшін де шариғатпен заңдастырылған, бұған Ибн Умардан жеткізілетін мына сенімді хадис нұсқайтынындай: «Ақиқатында, егер адам ихрамға не Меккеге кіргісі келсе, ғұсыл құйыну Сүннеттен». Бәйһақи, Хаким т.б.



37 Яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаздан соң талбийяны айтпады. Ол оны, бұл туралы келесі тармақта айтылатынындай, тек өзінің түйесіне мінген соң ғана айтты.

38 Бесін (зухр) намазын. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадан екінті (аср) намазын оқып шыққан болатын. Зул-Хуләйфаға жеткеннен соң, ол адамдарды күтіп тұрғанда ақшам (мағриб), құптан (‘иша), таң (фәжр) және бесін (зухр) намаздарын (сол жерде) оқыды. Бұған барлық хадистердің жиынтығы нұсқайды. Әрі осыда егер адам микатқа бес уақыт намаздың біреуінің уақыты кіргенде жетіп келсе, онда ол ихрамға парыз намазын орындап болғаннан кейін кіру керек екендігіне нұсқау бар. Ал ихрам үшін орындалатын намазға қатысты айтар болсақ, бұл – бидғат.

Батхада ихрам себепті емес, осы алқаптың артықшылығы себепті екі ракағат намаз орындау шариғатта заңдастырылған. Мысалы, әл-Бухари ‘Умардан (Аллаһ оған разы болсын) оның былай деп айтқанын жеткізеді: “Мен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Уади әл-‘Ақиқта былай деп айтқанын естідім: “Бүгін түнде маған Раббымның елшісі келді де: «Осы берекелі уадиде намаз оқы да: “Умратан фи хәжатин” [Умраны қажылықтың ішінде (орындаймын)»], - деп айт», - деді” (осы хадистің басқа бір риуаятында: “Умратан уа хәжатан” [«(Мен) умра мен қажылықты (өтеймін)», - деп келтіріледі].



39 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ихрам халіне кіруінен бұрын Айша (Аллаһ оған разы болсын) оған ең жақсы хош иісті майларды жақты. Ол (Аллаһ оған разы болсын): «Ихрамды киген Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айрығындағы хош иісті майлардың жылтырауы әліге дейін көз алдымда тұр», - деп айтатын. Бұл хадис «Сахих» әл-Бухариде келтіріледі.

Ихрам киіміне келер болсақ, шейх әл-Ислам «Манасик әл-Хаж» (кітабында) былай деген: «Сүннетке сай ихрамға изар және рида киюмен кіреді. Имамдардың бірауызды келісіміне сәйкес олар тігілген де, тігілмеген де болуы мүмкін». Көп адамдар осы мәселеде қателесіп, (ихрамдағы адамға) барлық тігілген нәрсе, яғни жіппен тігілген кез келген киімді: ол адамның қандай да бір дене мүшесін жапса да, жаппаса да - тыйым салынған деп есептейді. Сөйтіп «мүлде барлық тігілген нәрсеге тыйым салынған» деген пікір дұрыс емес болып табылады. Іс жүзінде (ихрам халіндегі адам үшін) адам денесіне сәйкес пішіп тігілген, мысалы, көйлек, жейдеше, сырт киім, кеудеше, шалбар және адамның әлдебір дене мүшесінің пішімі бойынша тігілген барлық нәрсеге тыйым салынған. Ихрамдағы адамға дәл осы үлгідегі киімді киюге тыйым салынған, тіпті ол тоқылған болса да. Ал ридаға, егер ол қысқа немесе тар болса, бір нәрсені қоса тіге салуға, немесе егер ол жыртылып қалса, тігуге рұқсат етілген. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ихрамдағы адам көйлек, сәлде, сырт киім, шалбар, сары ағашпен (уарс) немесе запыранмен боялған кез келген киім және қайыс мәсі, тек егер ол сандали таба алмаса (өйткені мұндай жағдайда қайыс мәсі киюге болады), кимеуі керек», - деп айтқан. Ибн Таймийя «Манасик әл-Хаж» (кітабында) былай деп жазады: «Қажылық жасаушы адам қайыс мәсіні тобықтан төмен болу үшін кесудің қажеті жоқ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алғашында оларды кесуді бұйырған болатын, ал кейінірек, Арафатта болған кезінде ол изар таппағандарға шалбар киюге, ал сандали таппағандарға мәсі киюге рұқсат етті. Ғалымдардың екі пікірінің ең дұрысырағы осындай». Бұл ерлерге қатысты.

Әйелге қатысты айтар болсақ, оның ихрамы екі нәрседен тұрады: ниқаб пен қолғап кимеу, бұған Сүннет: «Ихрамдағы әйел ниқаб және қолғап кимеуі керек», - деп нұсқайтынындай. Осы орайда, ихрамдағы әйелге бетін жаулық сияқты (хымар) немесе басынан бетіне түсетін жамылғы тәрізді әйел киімі (жилбаб) сияқты нәрсемен жабуға рұқсат етіледі, ғалымдардың ең дұрыс пікіріне сәйкес тіпті егер ол бетке тисе де, алайда әйел оны байлап кимеуі керек деген шартпен.

Адам ихрамға кірісімен, ол үшін басын қыру харам болады. Бірақ егер оған қандай да бір себеппен басын қыруға тура келсе, онда ол құрбан шалуға міндетті, бұған Құран мен Сүннет мәтіндері нұсқайтынындай:

مَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضاً أَوْ بِهِ أَذًى مِّن رَّأْسِهِ فَفِدْيَةٌ مِّن صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُ

«Біреу (ихрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шашын алдырса, ол өтем ретінде ораза ұстауы, не садақа беруі, немесе құрбандық шалуы керек» («әл-Бақара» сүресі, 196-аят).

(Әл-Бухари ‘Абдуллаһ ибн Ма’калдан жеткізген хадисте былай деп айтылады: «Мен Ка’б ибн ‘Ужраның жанына осы мешітте, яғни Куфа мешітінде, келіп отырып, одан (осы) «...ол өтем ретінде ораза ұстауы...» (деген аят) туралы сұрадым. (Ка’б) былай деді: ”Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жанына келтірілдім әрі сол кезде (менің басымнан) бетіме биттер төгіліп түсіп жатқан болатын. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен сені осыншалықты мен көріп тұрғандай қиындыққа түседі деп ойламаппын. Сенде бір қой табылады ма?», - деп сұрады. Мен: «Жоқ», - деп жауап бердім. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Үш күн бойы ораза ұста немесе алты кедейді тамақтандыр. Әрбір кедей үшін – жарты са` тамақ. Әрі басыңды қырып таста», - деді. (Ка’б былай деді:) «(Бұл аят) мен туралы жеке түсті, бірақ сендер үшін ол жалпы күшке ие»” Әл-Бухари №4517, Муслим №1201. – аудармашыдан (қаз.))

Кейбір ғалымдар қияс (ұқсастық бойынша салыстыру) жасап, қажылық рәсімдерінің қайсысын болса да тастаған әрбір адам құрбан шалуға міндетті деп айтқан. Бұл – дұрыс емес пікір, өйткені оған дәлел жоқ. Бұл аз болса, дәлелдер бұған кері нұсқайды. Мысалы, Муздалифада түнеуді қалдырған Аббастың уақиғасы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны құрбан шалумен міндеттемеді. Сондықтан да дәлел келмейінше адамды қан ағызумен (құрбан шалумен – аудармашыдан (қаз)) міндеттеуге болмайды. Дәлел тек төрт нәрсеге келген: 1- қиран не тәматтуғ қажылығын жасайтын адамның құрбандығы; 2- егер адам ұсталып қалса (ихсар) әрі осыны алдын ала шарт етіп белгілемен болса, онда ол құрбан шалмастан, ихрамнан шыға алмайды; 3 – ихрам халінде қажеттілікке сәйкес шашты алып тастауға мәжбүр болғанға байланысты шалынатын құрбан; 4 – аңшылық жасағаны үшін жаза ретінде құрбан шалу.

Сондай-ақ ихрамға кірген қажылық жасаушы адам денесіндегі түктер мен шаштарды алуға не қысқартуға, тырнақтарын алуға, бас киім киюге (қол шатыр пайдаланудың оқасы жоқ), денеге сәйкес пішіп тігілген киімдер киюге, хош иістер пайдалануға, аңшылық жасауға (тышқан, шаян, қарға, сауысқан, қабаған итті өлтіруден басқа), құда түсуге, некелесуге, жыныстық қатынас және оған алып келетін амалдар жасауға, бетін жабуға (келіспеушілік бар) тыйым салынады.



40 Әл-Касуа – Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйесі осылай аталатын.

41 Ихрамға кірудің бір бөлігі (әл-ихләл) тәлбийяны көтеріңкі дауыспен айту болып табылады. «Ән-Ниһайяда» былай деп айтылған: «Ихрам киімін киген қажылық жасаушы ихрамға тәлбийяны қатты дауыстап айтқан кезінде кіреді».

- Сондай-ақ қажылық жасаушы адам бетін қыблаға бұрып және умра немесе қажылық жасау үшін тәлбийя айтып, былай дейді: اللهم هذه حجة لا رياء ولا سمعة «Аллаһуммә һазиһи хижжә, лә рийя уә лю сумғә (мағынасы: «Уа, Аллаһ, осы қажылық, (онда) көзбояушылық пен даңққа ұмтылу жоқ!»)».

Үш нәрсенің арасын ажырата білген жөн:

- ниет (ол үйден шыққан уақыттан бері болуы керек);

- ихрам киімі (оны миқатқа дейін киіп алуға болады), ихрам күйі (жағдайы);

- ихрам жағдайына кіру.

{Редактордың ескертпесі: Мен осы жерде құрметті оқырманның назарын бір өте маңызды жайтқа бұрамын. Жоғарыда келтірілген екі хадистің және басқа да хадистердің мағынасынан шығатынындай, тәлбийяның екі түрін ажырата білу қажет:

(1) ихрам күйіне кірердегі (әл-ихләл) тәлбийясы, оны қажылық жасаушы адам миқатты өткізіп алудан қорыққан жағдайда оған жетпей жатып айтады (мысалы, әт-тамматуғ қажылығын жасаушы адам: «Аллаһуммә, ләббәйкә умратан! («Уа, Аллаһ, міне, мен Сенің алдыңда умра (орындап) тұрмын!»)», - деп айтады; ал кейін, зул-хижжа айының 8-күні ол қайтадан ихрамға кіреді, әрі ол: «Аллаһуммә, ләббәйкә хажжән! («Уа, Аллаһ, міне, мен Сенің алдыңда қажылық (орындап) тұрмын!»), - деп айтуға тиісті және

(2) ихрамға кіріп қойған қажы айтатын тәлбия: “Ләббәйк Аллааһуммә ләббәйкә! Ләббәйкә ләә шәриикә ләкә ләббәйкә! Иннәл хамдә уән ниъмәтә ләкә уәл мулк, ләә шәриикә ләкә!” (мағынасы: «Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Міне, мен Сенің алдыңдамын, әрі Сенің серігің жоқ! Міне, мен Сенің алдыңдамын! Ақиқатында, Саған мақтау-мадақ тән, әрі нығметтер мен патшалық Сенікі! Сенің серігің жоқ!», - редактордың ескертпесінің соңы}.

Егер қажылық жасаушы қандай да бір себептің, мысалы, науқас немесе қорқыныштың оған қажылығын соңына дейін орындауға кедергі жасауынан қауіптенсе, онда ол тәлбийяны айтуда Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен: «اللهم مِحِلّي حيث حبستني «Аллаһумма михилли хайсу хабастани» (мағынасы: «Уа, Аллаһ, менің ихрамға кіруім Сен мені ұстап қалған жерде») деген сөздерін айтып, өз қажылығын Аса Жоғары Раббысының алдында шартты етуіне болады. Сондықтан да егер қажылық жасаушы осылай істеген болса, әрі қандай да бір нәрсе оны ұстап қалса, немесе ол ауырып қалса, онда оған қажылық не умра жасау кезінде ихрам халінен шығуына болады. Әрі ол өтеу ретінде құрбан шалуы және қажылығын қайтадан жасауы қажет емес, тек егер бұл оның ең бірінші, парыз қажылығы болмаса ғана, ал егер бұл бірінші, парыз қажылық болса, онда оны қайта жасау қажет болады.

- Сондай-ақ хадисте кісі тәлбийяны көлікке отырысымен бастауы керек дегенге нұсқау бар. Ал тәлбийя айтуды, егер ол ифрад немесе қиран қажылығын жасаушы болса – тас лақтырып болған соң, ал егер ол тәматтуғ қажылығын жасаушы болса – Меккенің үйлерін көрісімен аяқтайды. Бұған сенімді хадистер нұсқайды.


42 Осы мәселеге қатысты ән-Нәуауидің айтқан сөзі бар, әрі біз оны ықшамдап келтіреміз: “Осы жерде салтты түрде де, жаяу да қажылық жасауға рұқсат етілетініне нұсқалады. Бұл туралы ғалымдар бір ауызды келісімде болған. Келіспеушілік тек осы екі әдістің қайсысы абзалырақ дегенге қатысты туындаған. Ғалымдардың басым бөлігі қажылықты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесіп, салтты атқарған жақсырақ деп есептеген. Бұдан тыс, қажылық рәсімдерін орындау жеңілірек әрі шығындар да көбірек болады. Дәуд: «Жаяу адамдар бастан өткізетін қиындықтарына байланысты көбірек сауап алуға лайықты» деген тұжырым қате, мүмкін, (осыда) қиындықтар болмауы себепті", - деген екен".

Осыдан шыға келе, қажылық жасаушыға әуе көлігін пайдалануына рұқсат ғана емес, бұл абзалырақ екендігін білу керек, кері пікір айтушылардан айырықша. Ал: «Ақиқатында, салтты жүрген қажы өзінің жануарының әрбір қадамына жетпіс, ал жаяу жүруші өзінің әрбір қадамы үшін жеті жүз сауап алады» деген хадиске келер болсақ, ол әлсіз әрі дәлел ретінде қолдануға жарамсыз. Бұл хадис сондай-ақ «Жаяу жүргіншіге жетпіс қажылықтың сауабы тиісті, ал салттыға – отыз (қажылықтікі)» деген мәтінмен де жеткізіледі. Бұл риуаят бірінші хадистен де әлсіз. Қз.: «Силсиләт әл-Ахадис әд-Даи’фа» (№ 496-497)

Шейх әл-Ислам Ибн Таймиййя, Аллаһ оны рақым етсін, “Мәнасик әл-Хажда” бұл мәселедегі даналық адамдардың өздерінің (қажеттіліктеріне) тәуелді: (яғни) «біреулер үшін қажылықты салтты, ал басқалар үшін жаяу жасау жақсырақ» екенін айтқан.

Мен (яғни шейх әл-Әлбани – аудармашының ескертпесі): бәлкім, осы пікір - ақиқатқа ең жақынырағы, – деймін.



43 Бұл сөздерде Пайғамбар ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларға өзіне уахи етіліп жатқан Қасиетті Құран аяттарының мән-мағынасын түсіндірушісі болғанына астарлы ишара бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), басқа адамдардан айырықша, аяттарды шынайы білімнің негізінде дұрыс тәпсірлей және түсіндіре алатын жалғыз адам еді. Тіпті сахабалар да, Аллаһ оларға разы болсын, оларға Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген білімсіз амалдай алмас еді. Осы себепті де қоштасу қажылығы кезінде де, басқа құлшылықтарды орындау барысында да, сахабалар, оларға Аллаһ разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен мұқият бақылайтын, әрі оның әрбір іс-әрекетін дәлме-дәл қайталайтын. Осыда адамдардың екі тобына қарсы дәлел бар:

а) Араларында Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен, оның басшылығынан және түсіндіруінен «аян етілетін білім» үшін бас тартатын сопыларға, олар мұны «Жүрегім маған Раббымнан хабарлады!» деген сөздермен түсіндіреді. Іс әш-Ша’аранидің “әт-Табақат әл-Кубрада” олардың (экстазға кіріп кеткен – автордың ескертпесі) шейхтарының кейбіреулері біздікінен басқаша Құранды оқитынын әрі сауабын қайтыс болған мұсылмандарға бағыштайтынын жеткізеді!!!

б) Құранның оларға ешқандай қатысы жоқ болса да (өздерін Құранға телитін – аудармашыдан – (қаз.)) «құраншыларға». Олар: «Құранды түсіну үшін Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде ешқандай қажеттілік жоқ, тек араб тілін және оның ережелерін білсең болды», - деп айтады. Алайда Жәбирдің және басқа да сахабалардың хадистерінен айқын болатыныдай, олар тап-таза арабтардан шыққан болса да және Құран олардың тілінде түскен болса да, бұл білім оларға жеткіліксіз еді. Ал «құраншыларды» жақтайтындарға келер болсақ, олардың барлығы немесе басым бөлігі араб та емес. Ақыр аяғында олардың жоғарыда аталған түсінігі олардың Исламнан шығып, жаңа дін құруына алып келді. Олардың «намазы» біздің намазымыздан, олардың «қажылығы» біздің қажылығымыздан, олардың «оразасы» біздің оразамыздан айырықша. Мен білмеймін, бірақ олардың ақидасына да қатысты да осылай болуы мүмкін. Олар алғашында да Үндістанда пайда болып, кейіннен Мысыр мен Сирияға тарады. Өз кезінде мен олардың авторы белгісіз “әд-Дин” («Дін») деген кітабын оқығанмын. Кім осы кітапты оқып шықса, олардың адасушылығына және ислам дінінен шығып кеткеніне көзі жетеді. Аллаһ мұсылмандардың осы екі топқа кіріп кетпеуі үшін жеткілікті!


44 Тәлбийяны бірқұдайшылық сөздері деп атаудың себебі көпқұдайшылдар өздерінің тәлбийяларында көпқұдайшылық сөздерін қосып айтатынында еді.

Таухид бұл барлық пайғамбарлар уағыздап-шақырған нәрсе: وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُونِ «(Мухаммад) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз, Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық етіңдер", - деп қана уахи етіп, жібердік» («Әнбийя» сүресі, 25-аят).

«Ләббәйкә» сөздері шақырудан кейінгі (сол шақыруға берілген – аудармашыдан (каз.)) жауаптың мағынасына нұсқайды, яғни «Міне, мен Сенің алдыңдамын». Яғни «Мен Сенің алдыңдамын, саған мойынсұнуға дайынмын». Алайда егер біреу: «Ал Аллаһтың ихрамға кіруші адам оған жауап беруге тиісті шақыруы қайда?», - деп сұраса, біз оған: “Аллаһ Тағаланың «وَأَذِّن فِي النَّاسِ بِالْحَجِّ يَأْتُوكَ رِجَالاً وَعَلَى كُلِّ ضَامِرٍ يَأْتِينَ مِن كُلِّ فَجٍّ عَمِيقٍ» «Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді» деген сөздерінде”, - деп жауап береміз. Яғни адамдарды шақыр, әрі олар саған жаяу және көлік үстінде келсін.

«Аллаһуммә», яғни Аллаһ Тағаланы: «Уа, Аллаһ», - деп шақыру.

«Ләббәйк», растау үшін қайталау. Яғни «Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің алдыңдамын!»

«Міне, мен Сенің алдыңдамын, әрі Сенің серігің жоқ!» Яғни Сенің еш нәрседе серігің жоқ. Тәлбийяда ғана емес, бүкіл нәрседе. Сенің билікте серік жоқ, Сенің құлшылықта серігің жоқ, Сенің Есімдерің мен сипаттарыңда серігің жоқ. Мен Сенің алдыңда ықыластымын, мен қажылықты рия (көз бояушылық) немесе атақ-даңқ үшін үшін жасамаймын. Мен оны ақша немесе тағы да бір басқа нәрсе үшін жасамаймын. Ақиқатында, менің қажылығым тек Сен үшін, әрі мен тек Саған ғана жауап беремін.

«Ақиқатында, Саған мақтау-мадақ тән, әрі нығметтер мен патшалық Сенікі! Сенің серігің жоқ!» Егер адам осы тәлбийя туралы ой қозғаса, оның шындығында да өзіне бірқұдайшылықтың барлық түрлерін қамтыған бірқұдайшылық сөздері екенін түсінеді.



45 Қажыға тәлбийя айтқан кезінде дауысын көтеру бұйырылған, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған Жәбірейіл келді де, сахабаларым мен жанымдағы адамдарға тәлбийя айтқан кезде дауыстарын көтеруді бұйыруыма әмір етті». Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы қажылық – бұл тәлбийя (сөздерін) қатты дауыспен айту және құрбандықтың қанын ағызу», - деген. Сондықтан да, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары ихрамға кірген соң әр-Рауха деген жерге жетпей-ақ дауыстары қарлығып қалатын. Әйелдердің тәлбийясына келер болсақ, әйелдер (бұл мәселеде) ерлер сияқты, өйткені жоғарыдағы екі хадис жаппай сипатқа ие. Сондықтан оларға да дауыстарын көтеру керек, тек егер осы (әйелдердің дауыстарын шағаруы) фитна тудырмаса ғана. Мысалы, Айша дауысын оны басқа ер кісілер еститіндей көтеретін. Абу ‘Атыйа былай деген: «Мен Айшаның: “Ақиқатында, мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийясы қандай болғанын білемін», - дегенін естігенмін, содан соң мен оның: “Ләббәйк Аллааһуммә ләббәйкә!... (әрі соңына дейін)”, - деп тәлбийя айтқанын да естігенмін».

46 Редактордың ескертпесі: «әл-Мә`ариж» сүресі, 3-аятпен салыстырыңыз.

47 Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийясына басқа да (мағыналас) сөздерді қосуға болатындығына айғақ болады, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың іс-әрекеттерін өзінің үнсіздігімен құптады. Тура осы туралы имам Мәлик пен әш-Шәфии айтқан. Сонымен бірге имам Ахмад Ибн Аббастың: “Осыда тоқта (әрі еш нәрсе қоспа), өйткені Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийясы осындай”, - деген сөздерін келтірген. Бұл хабардың жеткізушілерінің бірі әлсіз болуына қарамастан, кейбір қазіргі заман ғалымдары оның иснадын сенімді деген. Десе де Абу Һурайрадан жеткізілетін, онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтатын тәлбийя сөздерінің ішінде “Ләббәйкә Иләһә-л-Хаққ” (мағынасы: «Міне, мен Сенің алдыңдамын, уа, Ақиқаттың Құдайы») деген сөздердің де бар екендігін хабарлаған сахих хадис бар. Бұл хадисті ән-Нәса’и мен басқа (мухаддистер) келтірген.

Тәлбийя пенденің Аллаһ Тағаланың Өз жаратылыстарына жолдаған шақыруына берген жауабы болып табылады. Аллаһ Ибраһим пайғамбар арқылы (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Өзінің жаратылыстарын (Қасиетті) Үйіне қажылық жасауға шақырды (қз.: «Хаж» сүресі, 27-аят – редактордың ескертпесі). Тәлбийяны айтушы қажы мойынсұнған түрде: «Ләббәй-кә, Аллаһуммә, ләббәй-кә …», - яғни, - «Мен Сенің Даналығыңа бағынып және әркез кешікпей және саспай Сенің әміріңе мойынсұнып, Сенің шақыруыңа жауап беремін!", - деп, Аллаһтың шақыруына асығады. Бұл туралы шейх әл-Ислам (Ибн Таймийя) айтқан.



48 Осыда тәлбийяны тоқтаусыз қайталай берудің қажеттілігіне нұсқау бар, өйткені, біріншіден, ол «қажылық рәсімдеріне» жатады, ал, екіншіден, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Тәлбийя айтушы оның сөздерін айта бастаған мезетте-ақ, оның оң және сол жағындағы нәрселер: ағаштар, тастар мен кесектер – осы жерде де, ана жерде де оның оң және сол жағындағы жер біткенше бірден тәлбийя айта бастайды» Мұны әсіресе қажылық жасаушы адам қандай да бір төбеге көтерілетін немесе жазыққа түсетін кезде жасауы қажет. Бұған (...): «Мен Мусаның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) тәлбийя (сөздерімен) Аллаһты қатты дауыспен шақырып, төбеден түсіп келе жатқанын көріп тұрғандаймын», - деген хадис нұсқайтындай. Ал басқа хадисте: «Мен оның тәлбийя айтып жазыққа түсіп келе жатқанын көріп тұрғандаймын», - деп жеткізіледі. Тәлбийяға қоса тәхлил (яғни «Лә иләһа иллә-Ллаһ» сөздері - аудармашының ескертпесі) сөздерін де қоса айтуға болады. Өйткені Ибн Мәс’уд (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге шықтым, әрі ол үлкен бағанаға (жамрат әл-ақабаға) тас лақтырмайынша тәлбийя айтуын тоқтатпады, тек тәлбийяға қоса ол тәкбир (яғни «Аллаху Әкбар» сөздері – аудармашының ескертпесі) не тәхлил айтқанынан басқа», - деген.

49 Мен (яғни шейх әл-Әлбани – аудармашының ескертпесі) былай деймін: бұл қоштасу қажылығының басында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларына қажылық айларында умра жасаудың (шариғи тұрғыдан – ауд. (қаз.)) заңды екеніне нұсқаудан бұрын орын алды, бұған көптеген хадистер айғақ болатынындай. Олардың арасында, мысалы, Айша жеткізген мына хадис бар: «Біз (қоштасу қажылық жылында) Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге жолға аттандық, әрі ол: Сендерден кім қажылық пен умраны жасағысы келсе, оларды жасай берсін. Кім умраны жасағысы келсе, оны жасай берсін...”, - деді». (Әрі қарай) Айша: «… мен умра жасауды ниет еткендердің қатарында болдым», - деді. Бұл туралы әл-Бухари мен Муслим жеткізген. Хадистің мәтіні Муслимнің баяндауында келтіріледі.

50 Әт-Тан’имнен алыс емес жерде орналасқан мекен. “Ән-Ниһайяда” былай деп айтылған: “Ол Меккеден он миль қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ осы жердің Меккеден азырақ және көбірек қашықтыққа орналасқандығы туралы да айтылады».

51 Мүмкіндігі бар адам Меккеге кіруден бұрын Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесіп, ғұсыл құйынуы және оған күндіз күруі керек. Меккеге оның жоғары жағынан кіру қажет. Қажылық жасаушы адам Меккеге қалауы бойынша кез келген жолмен кіре алады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Меккенің әрбір шатқалы (сайы) жол әрі құрбан шалатын орын болып табылады», - деп айтқан.

Умраны Меккеге келген бойдан бірден жасау міндетті емес. Алдын біраз дамылдап, кейін мешітке барса да болады.



52 Мешітке оң аяқпен кіріп: « اللهم صلّ على محمد وسلم ، اللهم افتح لي أبواب رحمتك» «Аллаһумма салли `алә Мухаммадин уа салләм, Аллаһумма-фтахлии әбуәбә рахматик», - деп айтуы керек (мағынасы: «Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілік пен сәлем бер! Уа, Аллаһ, маған Рахметіңнің есігін аша гөр!»).

Қажы Қағбаны көрген кезде екі қолын көтеруіне болады, өйткені бұл Ибн ‘Аббастан бекітілген. Сондай-ақ қажы Аллаһқа кез келген қалаған дұғасымен жалбарынуына болады. Ал егер ол ‘Умар айтқан «Аллаһуммә әнтә-с-Саләм уа минкә-с-саләм, фә-хаййинә Раббәнә би-с-саләм!» (мағынасы: «Уа, Аллаһ, Сен – Бейбітшіліксің («әс-Саләм» – Аллаһтың кемшілік пен мін атаулыдан азат (пәк) екендігіне нұсқайтын Оның Көркем Есімдерінің бірі), әрі Сенен - бейбітшілік (яғни Сен кез келген қайғы-қасіреттерден және бақытсыздықтардан арылтасың), Уа, Раббымыз, бейбітшілікпен бізді тірілте гөр (бұл жерде дұға етуші Аллаһтан сұрайтын есендік меңзелуде)») деген дұғамен жалбарынса, бұл жақсы болады.



53 Яғни оны оң қолымен сипады. Бұл іс-әрекет, бұл туралы ән-Нәуауи айтқандай, Қағбаны әрбір тауап жасау барысында орындалатын сүннет болып табылады. Сондай-ақ қажылық жасаушы оған сәжде жасайды, өйткені осылайша Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ‘Умар мен Ибн ‘Аббас істейтін.

Қара тасты сипауда өте үлкен игілік бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Аллаһпен ант етемін, ақиқатында, Аллаһ Қиямет Күні Қара тасты тірілтеді, әрі оның екі көзі болады. Ол сол көздерімен қарап тұрады. Және оның тілі болады, әрі ол сол тілімен сөйлейді. Ол оны шындықпен сипаған әрбір адамды жақтап куәлік береді». Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қара тас пен Йемен бұрышын сипау күнәларды өшіреді», - деді. Бұдан тыс, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қара тас Жәннаттан. Ол қардан да аппақ болатын, алайда көпқұдайшылдардың күнәлары оны қап-қара етті», - деп те айтты.

Алайда Қағбаны тауап жасауда және Қара тасты сипауда адамдарды итермеу керек, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Уа, Умар! Сен күшті еркексің, ендеше әлсіздерге зиян тигізбе! Егер (Қара) тасты сипағың келсе, (оның алды бос) болса, сипа! Ал егер (бос) болмаса, онда оған жүзіңді қаратып, тәкбір айт!»


54 Қағбаны осы тауап жасау кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Йемен бұрышына да қолын тигізген, бұл туралы Ибн Умардың хадисінде жеткізілетініндей. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл бұрышты сүймегенін (және оған қарай қолын нұсқамағанын) атап кету керек.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны әрбір айналған кезде тек Қара тасты ғана сүйген. Қара тасты сүю сүннетке жатады. Егер оны істеуге мүмкіндік болмаса, онда оны қолмен сипай салып, кейін қолды сүюдің өзі де жеткілікті болады. Егер бұл да қиын болса, онда, мысалы, оған таяқтың үшын тигізіп, кейін соны сүйсе де болады. Кері жағдайда ол жаққа қарай жай қолмен нұсқаса да болады. Алайда мұның ешқайсысын Қағбаның басқа бұрыштарына қатысты істеуге болмайды. Йемен бұрышына келер болсақ, оны тек сипап өту ғана құпталады. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесіп, Қағбаның екі Сирия бұрыштарына қол тигізбей өту керек.

Йемен бұрышы мен Қара тас аралығында жүріп бара жатып:


Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> fikh
fikh -> Исламдағы ерте жаста некелесуге қатысты тағылатын айыптауларға жауап
fikh -> Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар
fikh -> Некенің алдында әйелдің қандай дене мүшелеріне қарау рұқсат етіледі
fikh -> ҚЫСҚаша мазмұндамасы (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)
fikh -> Әйел кісіге үйден шығар кезде рең беруші (тоналды) крем қолдануға болады ма?
fikh -> Саләтул-‘идайн
fikh -> Ораза айт пен Құрбан айт намазы (Саләтул-идайн)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет