Пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)



жүктеу 1.62 Mb.
бет6/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ربنا آتنا في الدنيا حسنة، و في الآخرة حسنة، و قنا عذاب النار

«Раббәнә әтинә фид-дунья хасанә, уә фил-ахирати хасанә, уа қинә азабән-нәр», - деп айту қажет (мағынасы: «Раббымыз! Бізге осы дүниеде игілік сыйла, әрі Ақыретте де игілік сыйла, әрі От азабынан сақта!»)

Сүннетке сәйкес Қағбаны тауап жасау кезіндегі әрбір айналымда Қара тастың қарама-қарсысына келгенде: «Аллаһу Әкбар!», - деп, Аллаһты ұлықтау керек. Ибн Аббас (Аллаһ оның екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Аллаһтың) Үйін түйе үстінде отырып тауап жасады. Қағбаның бұрышына (яғни Қара тас орналасқан бұрышына) жақындаған сайын, ол қолындағы нәрсесімен оған нұсқайтын әрі Аллаһты ұлықтайтын», - деп жеткізген. Бұл хадисті әл-Бухари келтірген.

«Аллаһу Әкбар» сөздері әр айналымның басында айтылады. Демек, тауапты бітірген кезде қолды Қара тасқа нұсқаудың әрі: «Аллаһу Әкбар», - деп айтудың қажеті жоқ.

Ал осы тұста «Бисмилләһ» («Аллаһтың атымен») сөздерін айтуға келер болсақ, мен (яғни шейх әл-Әлбани – ауд. (қаз.)) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тікелей көтеріліп жеткізілетін (осы туралы айтылатын) бірде-бір хадисті кездестірмеппін. Тек Ибн Умардың Қара тасқа қолын тигізген сайын: “Бисми-Лләһ, уа Аллаһу Әкбар!”, - деп айтқаны хабарланатын сахих дерек бар.



55 Қағбаны жеті рет айналу кезінде қабырғаның (әл-хижрдың) сыртынан өту қажет.

56Ән-Нәуауи ғалымдардың «әр-рамл» сөзіне келесідей анықтама бергеніне нұсқаған: «Бұл желістеп жүргендей жылдам әрі шағын қадамдармен шапшаң жүру». Йемен бұрышы мен Қара тас аралығында жүгірудің қажеті жоқ. Рамл тек тауаф әл-қудумда ғана (жасалады).

57 Басқа хадистерде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны осы алғаш тауабын (яғни тауаф әл-қудумдыредактордың ескертпесі), оң иығын жалаңаштап (мудтабиан) жасағаны туралы жеткізіледі. Әл-идтиба’ (яғни ер кісі болған қажының Қағбаны тауап ету кезінде оң иығын жалаңаштауы) мынаны білдіреді: риданы (қажының үстіңгі жамылғысының) бір ұшын оң қолының қолтық астынан өткізіп, оны сол иыққа тастау, әрі осылайша оң иықты жалаңаштап, сол иықты жабу. Оң иықты Қағбаны тауап жасап болғанға дейін жалаңаш ұстау керек.

58 Қажы (Қара тас орнатылған) Бұрыш пен Қағбаның есігінің арасындағы орынға (мультазамға) денесімен: оған көкірегін, бетін, білектерін қойып - жабысуына болады.

Қағбаны тауап жасауда Аллаһты зікір етудің қандай да бір белгіленген сөздері жоқ. Қажы Құраннан және Аллаһты еске алу сөзерінен қалаған нәрселерін оқуына болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «(Аллаһтың) Үйін (Қағбаны) тауап ету намаз (саләт) болып табылады, тек Аллаһ онда сөйлеуге рұқсат еткендігінен басқа. Ал кім (Қағбаны тауап ету кезінде) сөйлесе, тек игі сөз айтсын», - ал хадистің басқа бір нұсқасында: «…оның кезінде азырақ сөйлесін», - деп айтылады.

Жалаңаш адамға немесе етеккірі келіп жатқан әйелге Қағбаны тауап жасауына болмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «(Келесі жылдан бастап Аллаһтың) Үйін бірде-бір жалаңаш адам тауап жасамайтын болады», ал қоштасу қажылығы кезінде ол умра жасау үшін келген Айшаға (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: «Қажы істейтін барлық нәрселерді істей бер, бірақ тазармағаныңша (Аллаһтың) Үйін тауап жасама [және намаз оқыма]

Ескерту: егер адам жасаған айналымдарының санынан жаңылысып, күмәнданса, ол сенімді болған нәрсесіне, яғни азына қайтуға тиісті. Егер ол тауап жасап болған соң күмәндана бастаса, онда күмәнға көңілін бұрмау қажет. Егер иқама айтылса, ол тоқтап, намаз оқуы, ал содан соң тауапты тоқтаған жерінен жалғастыруы қажет. Сондай-ақ егер тауап жасау барысында кісінің дәреті бұзылса, ол дәретін жаңартып, тауапты тоқтаған жерінен жалғастырады.



59 Иығын жауып.

60 Бірақ егер сол жерде орын таба алмаса, онда осы екі ракағатта басқа жерде оқудың оқасы жоқ.

61 Ешбір жағдайда намаз орындаушының алдын кесіп өтуге болмайды, сондай-ақ намаз орындап тұрған кезіңде ешкімге алдыңнан кесіп өтуге рұқсат етуге болмайды, бұған жалпы сипаттағы хадистерде тиісті тыйымның болуына, әрі Қорықты Мешітке де, жалпы Меккеге де қатысты күшке ие болатын ерекше бөлек жағдай орнатылмағандығына байланысты!

62 Ибн Аби Шәйбаның «Мусаннафында» сахих жинақта «Әр жеті (айналым) үшін екі ракағат» деген хадис келеді. Яғни әр тауаптан соң екі ракағат (намаз) орындау керек.

63 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Зәм-Зәм суы оны не үшін ішсе - сол үшін». Сондай-ақ ол былай деді: «Ақиқатында, ол игі-берекелі, әрі тойдыратын тамақ [және аурулардан шипа]. Бұдан тыс ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жер бетіндегі ең жақсы су Зәм-Зәм болып табылады. Онда тамақтың бір түрі және аурулардан шипа бар», - деді. Зәм-Зәм суын әбден тойғанша қанып ішу (тадаллю’) сүннет болып табылады. Зәм-Зәмды өзімен бірге алып кетуге де болады, мұны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегеніндей.

64 Меккеде тауап жасау мен нәпіл намаз орындаудың құпталмайтын уақыты жоқ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Уа, Абду Манафтың ұлдары, адамдарға намаз бен тауап жасауға тыйым салмаңдар, олар мұны қай уақытта жасауды ниеттенсе де» (Тирмизи, Нәсаи, Аби Дауд).

65 Ифрад қажылығын және қиран қажылығын жасайтындар үшін сағиді бір-ақ рет жасау уәжіп екеніне келіспеушілік жоқ. Тәматтуғ қажылығын жасаушы адамға келер болсақ, ол, көпшіліктің (жумһур) пікірі бойынша, оны екі рет жасайды. Ахмад пен Ибн Таймийяның пікіріне сәйкес умра кезінде жасалған сағи жеткілікті болып табылады, әрі егер адам қажылық барысында оны жасамаса да – мұның оқасы жоқ. Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі.

66 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сағиді / орындаңдар, өйткені Аллаһ сендерге сағиді орындауды бұйырды»

67 Аят пен «әбда’у би-мә бәда’а-Ллаһу би-һи» сөздерін кісі Сафаға барғанға дейін оқуы керек, өйткені бұл сөздер сағиді орындау кезінде айтылатын зікірлер емес.

68 Яғни: «Лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Әлхамду лилләһ», - дейді де (3 рет), содан кейін төменде келтірілген зікірді айтады.

69 Бұл сөздер Аллаһ Тағаланың одақтас тайпаларды адамдар арасындағы шайқассыз әрі мүлде қандай да бір адамдардың араласуынсыз талқандағанын білдіреді. «Тайпалар» дегенде бұл жерде «Хәндак (Ор) шайқасы» деген атпен аталып кеткен тіке-тіресте Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы біріккен пұтқа табынушылардың топтары меңзеледі.

70 Екі қолды тек дұға еткен кезде ғана көтеру қажет, зікір айтқанда екі қол көтерілмейді. Сондай-ақ осы жерде зікір үш рет, ал дұға екі рет айтылатынына нұсқау бар.

71 Бұл хадис Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рәсімдік жүгіруді (сағи жаяу жасағанына нұсқайды. Жәбирдің (Аллаһ оған разы болсын) басқа хадисінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әс-Сафа мен әл-Маруа (төбелерінің) арасында сағиды түйенің үстінде жүріп өткендігі туралы жеткізіледі: ол осыны адамдар оны көрулері, (оның жасап жатқан рәсімдерін) бақылап жүрулері және оған өздерінің сұрақтарын қоюлары үшін жасады, өйткені оның айналасына өте көп халық жиналған болатын.

72 Яғни қажы оң және сол жақта орналасқан және біздің кезімізде жасыл түспен белгіленген нұсқау белгісіне дейін жүріп барады. Бірінші белгіге жеткен кезде ол келесі белгіге жеткенше жылдам жүгіреді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде осы жерде түбі майда тастармен жайынған әл-Әбтах атты кеуіп кеткен арна орны болатын. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әл-Әбтах уадиін жылдам жүріп өту керек», - деген.

73 Кейін қажылық жасаушы адам артына қайтуы және әс-Сафаға көтерілуі қажет. Ол жай жүріспен жүріп өтуге тиіс жерлерді жүріп өтеді, әрі сағи жасап өтуге тиіс жерлерді жүгіріп өтеді. Бұл әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын екінші рет жүріп өту болып саналады. Кейін ол әл-Мәруаға қайтады. Сөйтіп ол осы екі төбенің арасын жеті рет жүріп өтпейінше қайталай береді. Жетінші сағи әл-Мәруада аяқталады.

Әс-Сафа мен әл-Маруаның арасын мініс құралын пайдаланып өтуге де болады. Алайда Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл рәсімді жаяу орындау ұнайтын.

Қажы әл-Маруадағы жетінші айналымын біткен кезде, шашын қысқартады да, осымен оның умрасы аяқталады. Енді оған ихрам кезінде тыйым салынған нәрселер рұқсат етіледі және ол ихрамсыз күйде әт-таруия күніне (яғни зул-хижжа айының 8-іне) дейін қала береді.

Кім ихрамға умра мен қажылықты қоса орындамау ниетімен кірген әрі өзінің тұрғылықты жерінен құрбан шалатын малын айдап келмеген болса, сол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына ілесіп әрі оның ашуын туғызған нәрседен қашқақтап, ихрам халінен шығуға тиіс. Ал кім өзімен бірге құрбандыққа шалатын малын айдап келген болса, сол ихрам халінде болуын жалғастыра береді әрі одан Айт Күнінде тас лақтыру рәсімін орындаған соң ғана шығады.



74 Тауаптан айырмашылығы - сағиде сүннет (нәпіл) болмайды. Сағи жасауда айтылатын нақты белгіленген зікір түрі жетпеген.

75 Бұл іс-әрекет Сүннетке жатады. Әт-тәматтуғ қажылығын орындаушы қажылар үшін (умра жасап болған соң) басты қырып тастау емес, шашты қысқарту абзалырақ болады. Ол басын айт Күні, қажылықтың барлық рәсімдерін аяқтап болған соң қырып тастайды, бұл туралы Ибн Таймийя мен басқа ғалымдар айтқандай. Ал Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! Шашын қырып тастағандарды жарылқа», - деп үш рет, ал «Қысқартқандарын жарылқа», - деп бір рет айқанына келер болсақ, бұл сөздер әт-тәматтуғ қажылығын емес, әл-қиран немесе әл-ифрад қажылық түрлерін орындаушыларға қатысты айтылған.

76 Бұл зул-хижжа айының 8-күні. Ол тәруия күні деп аталуының себебі – осы күні келесі күндерге, яғни қажыларды сусындандыру және басқа да қажеттіліктер үшін су жиналып әзірленетін. Қз.: “ән-Ниһайя”.

77 Яғни сендер алдын орындауды ниет еткен әл-ифрад қажылығының орнына умраны жасаңдар, сосын ихрам халінен шығыңдар да, (8 зул-хижжаға дейін) әдеттегідей өмір сүріңдер. Қз.: «Фатх әл-Бәри».

78 Ән-Нәуауи былай деді: «Ғалымдардың көпшілігі бұл сөздердің мағынасы қажылық айларында умра жасауға болатындығында деп есептейді, ал (бұл) Исламға дейінгі надандық дәуіріндегі қажылық айларында умра жасауға тыйым салынатын тәжірибенің күшін жойды».

79 Әрі осыда әт-тәматтуғ қажылығын жасайтын адам өз мойнынан бірден екі міндеттемені түсіретініне нұсқау бар.

80 Редактордың ескертпесі: яғни бәрібір өзгертуге болмайтын және бәрібір қашып құтыла алмайтын нәрсені істеудің қажеті не?

81 Басқа бір хадисте келесі қосымша бар: “Бақыттыларға қатысты айтар болсақ, олар үшін бақытты амалдарды істеу жеңілдетіледі, ал бақытсыздарға келер болсақ, олар үшін бақытсыз амалдарды істеу жеңілдетіледі”, - содан соң ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (мына аятты) оқыды:

فأما من أعطى واتقى وصدق بالحسنى فسنيسره لليسرى وأما من بخل واستغنى وكذب الحسنى فسنيسره للعسرى

«Ал енді әлде кім тиістіні берсе, тақуалық етсе, ең жақсы нәрсені (таухид куәлігін немесе Жәннатты) мойындаса; сонда ең оңай нәрселерге оның жолын оңайластырамыз. Ал енді әлдекім сараңдық істесе әрі өзін еш нәрсеге мұқтаж емес деп ойласа, әрі ең жақсы нәрсені (таухид куәлігін немесе Жәннатты) жасынға шығарса; сонда оның ауырлыққа (жамандыққа және жазаға) ұшырауын оңайластырамыз» («Ләйл» сүресі, 5-10 аяттар)». Бұл хадисті әл-Бухари және басқа (мухаддистер) жеткізген.

Ескерту: Ұғып алуға тиіс екі нәрсе бар: Біріншісі – Аллаһ Тағала бізден қалаған нәрселер. Екіншісі – Ол бізбен істегісі келген нәрселер. Әрі Ол бізден қалайтын нәрселерді бізге баяндап берді де, ал бізбен істегісі келген нәрселерді бізден жасырып қойды. Сондықтан да білетін нәрселеріңді ұмытып және қалдырып, білмейтін нәрселермен айналысудың қажеті жоқ.



82 Бұл Қорықты (Қасиетті) Үйге сіздің Аллаһ үшін құрбандық шалатын малыңыздан берілетін сыйлық. Қз.: “ән-Ниһайя”.

Әрі бұл қажылық үшін құрбандық шалу жөніндегі бұйрық болатын. Әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжаның оныншы күні құрбан шалды, бірақ мұны оныншы күнге дейін істеуді рұқсат етті. Сондықтан да умрадан кейін құрбан шалу сүннет болып табылады, бірақ әт-тәматтуғ қажылығын жасайтын кісі үшін емес. Әрі сондықтан да Ибн Умар (Аллаһ оның екеуіне де разы болсын) умрадан кейін құрбан шалатын. Сол себепті де умраны кіші қажылық деп атаған.



83 Редактордың ескертпесі: арабтың «бадана» сөзі Меккеде құрбандыққа шалынатын ұрғашы түйені білдіреді.

84 Редактордың ескертпесі: Сүннетке сәйкес қажылық орындаушы зул-хижжа айының 9-күні (Арафатта тұру күні) ораза ұстамауға тиіс. Мысалы, Умм әл-Фәдлдің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Арафатта (тұратын) күні адамдарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстады ма, әлде ұстамады ма?» деген күдіктер туындады, сонда мен оған сусын беріп жібердім, ал ол оны ішті» («Сахих» әл-Бухари). Ал қажылықта емес мұсылмандарға келер болсақ, оларға, керісінше, зул-хижжа айының 9-күні ораза ұстау нұсқалады. Бұл туралы Абу Катада (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Арафатта (тұру) күнінде ораза ұстау туралы сұралғандығы, әрі ол: «(Бұл күнде ұсталатын ораза) өткен және келесі жылдың (күнәларының) өтеуі болады», - деп жауап бергендігі туралы айтылатындай (Муслим).

Зул-хижжа айының 10-күні (Ид әл-Адха, Құрбан Айт) туралы айтар болсақ, барлық мұсылмандарға түгел, олар қажылықта болсын-болмасын, осы күні ораза ұстауға қатаң тыйым салынады (харам). «Абу Саид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жылдың екі күнінде: Ораза Айтта және Құрбан Айтта – ораза ұстауға тыйым салғанын жеткізген» (әл-Бухари және Муслим).

Әрі соңында, әт-тәшриқ (яғни зул-хижжа айының 11, 12 и 13) күндері туралы айтар болсақ, онда осы күндерде құрбан шалуға мүмкіндіктері болмаған қажыларға ораза устауға болады, бұл туралы Айша және Ибн Умар, Аллаһ оларға разы болсын: «Тәшриқ күндері құрбан шала алмағандардан басқа ешкімге ораза ұстауға рұқсат етілмейтін», - деп жеткізгендей (әл-Бухари және Муслим). Сондай-ақ құрбан шалуға мүмкіндігі болмаған қажылар үш күндік оразасын умрадан соң бірден, яғни 8 зул-хижжаға дейін-ақ бастауларына, ал үйлеріне қайтқан соң жеті күн ораза ұстауына болады. Егер олар осыны істемесе, онда ең дұрыс пікірге сәйкес, оларға құрбан шалу міндетті болады, өйткені олар осының орнын басатын нәрсені орындамады.

Ал қажылықта емес мұсылмандар әт-тәшриқ күндерінде ораза ұстамауы керек. Бұған Нубайша әл-Хузали (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген келесі хадис айғақ болады: "Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әт-тәшриқ күндері – бұл ішіп-жеу және Ұлы әрі Құдіретті Аллаһты зікір ету күндері»" (Муслим).



85 Яғни умра рәсімдерін орындап болған соң және қажылық рәсімдері басталғанға дейін кісінің мойнынан ихрамдағы адамға қойылатын шектеулер түседі. Ибн Хәжар былай деді: “Сахабалар қажылық жасаушы ихрамнан екі рет шығатынын білген болуы керек, сондықтан олар осы мәселені анықтап алғысы келді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға ихрамнан толық шығу керек екендігін, өйткені умра ихрам халінен бір рет қана шығуды меңзейтінін түсіндіріп берді”.

Ескерту: ғалымдардың арасында «толық» деген сөзді түсінуде келіспеушілік бар. Олардың көпшілігі харам аймағында болу шартымен толығымен ихрамнан шығу туралы сөз болуда деп айтады. Қазіргі заман ғалымдарынан бұл пікірді шейх Ибн Баз және шейх Усаймин, Аллаһ оларды рахым етсін, ұстанған. Ал басқалары харамда болу шарт емес, әрі адам тіпті өз үйіне де қайта алады деп айтады. Қазіргі заман ғалымдарынан бұл пікірге шейх әл-Әлбани тоқтаған.



86 Әл-Батха – Мекке алқабы. Бұл Меккеден шығыста орналасқан жер әл-Әбтах деп аталады. Ол түбі майда тастармен жайылған кең арна болып табылады, бұл туралы «әл-Қамуста» және басқа (түсіндірме сөздіктерде) айтылатындай.

87 Сахабалар (ихрамнан шығу туралы үндеуді) елемегендей болды. Бұл орын алған жағдай олардың ихрамнан шыққан кейбіреулерінің жүректерінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығынан кейін бірден қандай да бір абыржу қалғанына айғақ болады. Ал қалған адамдарға келер болсақ, олар бұйрықты орындауға Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі құтпасына дейін асықпады, ал онда ол қажылықты умра үшін үзу туралы бұйрығын растады. Содан соң сахабалар, олардың барлығына Аллаһ разы болсын, ихрам халінен шықты.

88 Редактордың ескертпесі: яғни ихрамнан толығымен шығу, ал бұл жайт әйелдерімен жыныстық қатынасқа баруды хәлал ететін еді.

89 Яғни қолымен ұрықтың қалай таматынын көрсетіп.

90 Бұл енді екінші құтпа болатын. Яғни онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылықты умра жасау үшін үзу туралы бұйрықты растады. Бірінші құтпа ихрамға дейін болған еді, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) микаттар туралы айтып берген болатын.

91 Яғни бұл мал Құрбан Айт Күні Минада құрбандыққа шалынбайынша.

92 Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) тек өзіне белгілі болған нәрсені ғана хабарлады, әрі бұл Айша баяндаған нәрселерге еш қайшы келмейді: “Құрбан шалатын малдар Пайғамбарда (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бакрде, Умарда, сондай-ақ әл-ауқатты мұсылмандарда бар еді”. Бұдан тыс, оның сіңілісі Асма (Аллаһ оған разы болсын) мынаны хабарлады: “Өзімен бірге құрбан шалатын малы болған әз-Зубайр да ихрам халінен шықпады”. Бұл хадистердің арасында қарама-қайшылықтардың жоқтығы туралы қорытындыны дәлел туралы білетін адам ол туралы білмейтін адамның алдында артықшылыққа ие екендігіне, ал бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық берілетіндігіне сәйкес жасауға болады.

93 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны ол жаққа қазы етіп жіберді.

94 Өйткені ол сол сәтте тәматтуғ қажылығы туралы еш нәрсе білмейтін.

95 Ол оған әйелінің әкесі ретінде барды, бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған ақиқатты түсіндіріп, оны пайғамбар ретінде күтіп алды.

96 Өйткені Алимен (Аллаһ оған разы болсын) бірге де құрбандыққа шалатын малдар болды, бұған келесі сөйлем нұсқайтындай.

97 Ән-Нәуауи былай деді: “Осы жерде шектеуді меңзейтін жинақтау бар, өйткені Айша ихрам халінен шықпады, әрі өзімен бірге құрбан шалатын малын айдап келе жатқан жоқ еді. «Адамдардың барлығы ихрам халінен шықты» деген сөздермен олардың көпшілігі меңзеледі”.

Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) ихрам халінен шықпағаны көптеген хадистерде, соның ішінде Жәбирдің (№54 тармақ) хадисінде де, анық жеткізіледі. Айша өзімен бірге құрбандыққа шалатын мал айдап келмегеніне оның өзінің: «Өзімен бірге құрбандыққа шалатын малдарды айдап келмегендер: олардың ішінде құрбандық малдарын айдап келмеген оның әйелдері де – ихрам халінен шықты», - деген сөзі дәлел бола алады. Айшаның бұл хадисін Муслим және басқа (мухаддистер) жеткізген.



98 Егер адамның басында шаш өспесе, онда ол ұстарамен басынан жүргізіп өтуі қажет, өйткені басты қыру рәсім болып табылады.

99 Сондай-ақ Айша (Аллаһ оған разы болсын) Меккеге жеткенге дейін еттеккірі келе бастағандығынан және сегізінші зул-хижжаға дейін одан тазармағандығынан әл-ифрад қажылығын өтеуі себепті де ихрамнан шықпады.

100 Редактордың ескертпесі: яғни зул-хижжа айының 8-күні.

101 Ән-Нәуауи былай деді: “Осы сөздерде Минаға алдын ала, (яғни) әт-тәруия күніне дейін ығысу Сүннетке қатысы жоқ екеніне нұсқау бар. Имам Мәлик те мұны сөккен”.

102 Яғни ихрам халіне кірді. Қажылық жасаушыға Меккенің кез келген жерінде ихрамға кіруіне рұқсат етіледі, әрі ихрамға кіру үшін арнайы бір орын таңдауына рұқсат етілмейді. Ихрамға кірген соң қажы умрада істеген амалдарын істейді. Алайда оның тәлбийясы енді умра үшін емес, қажылық үшін болады. Қажы умра жасау үшін ихрамға кірген микатта не істеген болса, соны істейді: ғұсыл құйынады, денесіне хош иістер жағады, изар мен рида киеді және тәлбийя айтады. Қажы үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақаба) тас лақтырмайынша тәлбийя айтуын тоқтатпайды (толығырақ 44-сілтемені қараңыз!).

103 Яғни ол ихрам халінен шықпандығына қарамастан, ғұсыл құйынып, қажылық жасау ниетімен қайтадан ихрамға кіруге тиісті.

104 Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: осы сөздерде әйел кісінің етеккірі келген кезінде Құран оқуына рұқсат етілетініне дәлел бар. Қажы атқаратын ең жақсы амалдардың біріне, күмәнсіз, Құран оқу жатады, ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаға Қағбаны тауап ету мен намаздан басқа қажылықта атқарылатын барлық істерді рұқсат етті. Ал егер Құран оқуға тыйым салынған болғанда, онда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған намазға қатысты шариғи норманы түсіндіріп бергеніндей, осыны да міндетті түрде түсіндіріп берер еді. Бұдан қалса Құран оқу туралы мәселені осы жерде ең бірінші кезекте осылай істеуге тыйым салатын мәтіндік куәліктің (насс) болмауымен түсіндіру керек. Бұл мәселе бойынша, (етеккір келген кезде) намазды орындауға тыйым салынғандығынан айырықша, ғалымдардың бірауызды келісімі (ижма`) жоқ. Сондықтан да, егер Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған намаз оқуға тыйым салып, Құран оқу туралы еш нәрсе айтпаған болса, онда бұл жайт оған Құран оқуға рұқсат етілетіндігіне айғақ болады, өйткені фиқһ негіздері ғылымынан белгілі бір уақытта белгілі бір мәселені түсіндіруге деген қажеттілік туындап жатса, оны кешіктіруге жол берілмейтіні белгілі. Осы қағида фиқһ негіздері ғылымында мығым орнатылған, әрі осы түсіндірме, Аллаһқа мадақ, белгісіз бір нәрсе болып табылмайды.

Ал “Жүніп күйіндегі адам мен еттеккірі келген әйел Құран оқымасын!” деген хадиске келер болсақ, ол әлсіз. Имам Ахмад оны өтірік хадис деген.



Осы жерде әйелдердің етеккіріне қатысты кейбір мәселелерді қозғағымыз келді.

  1. Егер әйелде етеккір келуі (хайд) немесе босанғаннан кейінгі қансырау (нифас) басталса, бұл жайт оның ихрамға кіріп күтуіне кедергі болмайды. Әрі егер ол Меккеге жетуге дейін тазарса, онда қажы орындауға тиіс амалдың барлығын орындайды.

  2. Ал егер оның етеккір келуі бітпесе, онда оның екі жағдайы бар: не ол зул-хижжаның 8-не дейін бітеді, әрі ол біткен бойдан ол умра жасайды; не (зул-хижжаның 8-не дейін) бітпейді, әрі бұл жағдайда ол Үйді тауап ету мен намаз оқудан басқа қажы орындауға тиіс амалдардың барлығын орындайды, яғни ифрад қажылығын жасайды.

  3. Ғалымдар етеккір келген кезде қоштасу тауапын (тауаф уада’) жасаудың міндеттілігі түсетініне бірауызды келіскен.

  4. Әйел кісіге негізгі тауапты (тауаф ифада) қалдыруға тыйым салынады. Ендеше, ол не істеуі керек? Егер ол күте алса, тазарғанынша күтуге міндетті, әрі тіпті егер ол басқа қалаға кетсе де, ихрам халінде қала береді, және етеккірі тоқтаған бойда ол кері қайтуға міндетті. Егер ода ұшағының үшып кетуі т.с.с. себепті күту мүмкіндігі болмаса, мұндай жағдайда, көпшілік ғалымдар айтқанындай, оған тауап жасауына рұқсат етіледі. Өйткені тахарат тауап үшін уәжіп, бірақ оның жарамдылығының шарты және рүкіні болып табылмайды. Ал ол тек осыны істей алатын адам үшін ғана уәжіп.

  5. Айша ифрад қажылығын жасады. Әрі кімнің жағдайы Айшаның жағдайы іспеттес болса, Айша істеген нәрсе оған да рұқсат етіледі. Мысалы, адам зул-хижжаның сегізінші күні таңертең Мәдинададан тәматтуғ қажылығын жасау ниетімен келе жатты, бірақ жолда белгілі бір нәрсе орын алды да, ол тек түстен кейін келді. Ал адамдардың біздің кезімізде істеп жатқан нәрсесі, яғни умраны «Айша» мешітінен бастап қайта жасауы, Құранда да, Пайғамбар Сүннетінде де, сахабалардың іс-әрекеттерінде де нұсқалмаған бидғат болып табылады.

105 Бұл сол жерлерде жаяу жүргенге қарағанда, мініс жануарымен жүру жақсырақ екеніне нұсқайды. Жалпы айтқанда, қажыға жаяу жүргенге қарағанда салтты жүрген жақсырақ.

106 Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намаздардың арасын қоспайтын, әрі әрқайсысын өз уақытында орындайтын. Алайда егер қажеттілік болса, олардың (қосып оқуға болатындарын) қосып оқудың оқасы жоқ.

107 Бұл Минада түнеу әрі күн шыққанға дейін одан тыс шықпау Сүннетке жататынына айғақ болады.

108 Ибн әл-Асир ән-Нәмираға қатысты былай деді: «Бұл (Исламға дейінгі надандық дәуірінде) Қорықты аймақ пұттары үшін құрбан шалатын Арафат жанында орналасқан бағаналар (әл-ансаб) тігілген тау». Нәмира Арафат (алқабының) бөлігі емес.

109 Арафатқа қарай бара жатқан сахабалар арасында тәлбийя айтқандары да, тәкбір айтқандары да болды, бұл туралы екі «Сахихтың» екеуінде де Әнастан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте хабарланатынындай.

110 Бұл сөздердің мағынасы мынада: Исламға дейінгі надандық кезеңде құрайштықтар әл-Мәш’ар әл-Харамда, Муздалифадағы Кузах атты таудың жанында тоқтайтын. Ал қалған арабтарға келер болсақ, олар Муздалифаның үстінен жүріп өтіп, Арафат (алқабында) тоқтайтын. Сондықтан да құрайштықтар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың ескі әдеті бойынша әл-Мәш’ар әл-Харамда тоқтайды әрі осы орынның жанынан (тоқтамай) жүріп өтпейді деп ойлады. Алайда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағала оған:

«ثم أفيضوا من حيث أفاض الناس»



Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> fikh
fikh -> Исламдағы ерте жаста некелесуге қатысты тағылатын айыптауларға жауап
fikh -> Мұсылман әйелдің хижабына қойылатын талаптар
fikh -> Некенің алдында әйелдің қандай дене мүшелеріне қарау рұқсат етіледі
fikh -> ҚЫСҚаша мазмұндамасы (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)
fikh -> Әйел кісіге үйден шығар кезде рең беруші (тоналды) крем қолдануға болады ма?
fikh -> Саләтул-‘идайн
fikh -> Ораза айт пен Құрбан айт намазы (Саләтул-идайн)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет