Пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын)



жүктеу 1.62 Mb.
бет7/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Соңсоң қалған адамдар жолға шығатын жерден шығыңдар»), - деп бұйырғандай, құрайштықтар емес, қалған арабтардай өз жолын жалғастырды да, әл-Мәш’ар әл-Харамға тоқтамастан Арафатқа жеткенге дейін жүре берді.

Құрайштықтар Муздалифада тоқтауының себебі – ол Қорықты аймақтың (әл-Харамның) бір бөлігі болғандығында еді. Осы орайда олар: «Біз Аллаһтың Қорықты аймағында өмір сүреміз, сондықтан да оның сыртына шықпаймыз», - дейтін. Қз.: ән-Нәуауи.



111 Имам ән-Нәуауи былай деді: “Бұл жерде хадистің жеткізушісі астарлы мағыналы сөйлеп, «...Арафатқа жақындады...» дегенді меңзеп тұр, өйткені мұны оның: «Ол Нәмира (тауында) өзі үшін шатырдың орнатылғанын көріп, сонда тоқтады» деген сөздері түсіндіруде, ал, бұл туралы бұрынырақ айтылғандай, Нәмира Арафаттың бір бөлігі болып табылмайды”.

112 Бұл уадиУрана деп аталады әрі Арафаттан тыс орналасқан. Қз.: ән-Нәуауи.

113 Бұл үшінші құтпа болатын. Алайда бұл құтпа қажылықтың рәсімі болғанымен ерекшеленеді, ал одан алдыңғы екеуі үйрету құтпалары болатын.

Жоғарыда айтылғандай, бұл құтпа жұма құтпасы емес еді. Сондықтан да оны екіге бөлмеу керек. Сондай-ақ егер Арафат күні жұма күніне түссе, сол қажылық 72 қажылыққа тең деген хадис өтірік хадис болып табылатынын да айта кеткен жөн.



114 Әрі қарай тізбектеп айтылатын нәрселер (қантөгіс, риба (өсімқорлық), әйелдерге жаман қарым-қатынас жасау, әйелдердің бөгде адамдарға деген қатынасы) жәхилиет әдеттерінен болатын.

115 Бұл айтылған сөздің мағынасы бастапқы капиталға қандай да артық нәрсе (өсім т.с.с. ретінде) қоса есептеуге қатаң тыйым салынатындығында. Аллаһ Тағала былай деді:

وإن تبتم فلكم رؤوس أموالكم

«Ал егер тәубе етсеңдер, онда сендерге бастапқы капитал қалады» («әл-Бақара» сүресі, 279-аят). «Тыйым салынады» деген сөздермен өсімқорлықтың тәрк етілетіні (әр-радд) және оның күші жойылатыны (әл-ибтәл) меңзеледі.

116 Бұл сөздерде әйелдердің құқықтарын қорғауға, оларға (өз мүлкіңді) өсиет етіп қалдыруға және оларға жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандыру бар. Әйелдерге (мал-мүлікті) өсиет етіп қалдыру, олардың құқықтарын орындау, сондай-ақ олардың құқықтарын бұзуға тыйым салынғандығы туралы көптеген хадистер айғақ болады. Бұл туралы толығырақ білгісі келгендер имам әл-Мунзиридің “әт-Тарғиб уа әт-Тархиб” (3:71-74) еңбегіне, сондай-ақ имам ән-Нәуауидің “Рияд әс-Салихин” («Ізгілердің бақтары») енбегіне жүгінсе болады.

117 «Шарх "Сахих" Муслимде» (Муслимнің «Сахих» жинағына жазылған түсіндірмеде) осы сөздің мағынасының төрт түрлі түсіндірмесі келтіріледі. Олардың ішіндегі ең дұрысы – «Осы жерде Аллаһ Тағаланың

»فانكحوا ما طاب لكم من النساء«

«Өзеріңе үнайтын әйелдерге үйленіңдер» («ән-Ниса» сүресі, 3-аят) деген сөздері меңзеледі» дегені.

118 Осы сөздердің ең жақсырақ көрінетін түсіндірмесі келесідей: сендерге ұнамайтын адамдардың ешқайсысына: ол бөгде еркек, әйел немесе әйеліңнің қандас туысы болсын - сендердің үйлеріңе кіруге және оның ішінде болуға рұқсат етілмейді. Бұл тыйым, осы туралы имам ән-Нәуауи айтқандай, жоғарыда аталған тұлғалардың барлық санатын қамтиды.

119 Бұл сөздің мағынасы – егер олар осылай істесе, онда оларды ұрыңдар, бірақ қатты емес, әрі оларға жаны ауыратындай тимеңдер.

Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: тәрбиенің бұл түрі, ең соңғы мәжбүрлі шара ретінде, ерлердің әйелдер үстінен қамқоршылық жасауына нұсқайды, бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтатындай:



»الرجال قوامون على النساء بما فضل الله بعضهم على بعض وبما أنفقوا من أموالهم فالصالحات قانتات حافظات للغيب بما حفظ الله واللاتي تخافون نشوزهن فعظوهن واهجروهن في المضاجع واضربوهن فإن أطعنكم فلا تبغوا عليهن سبيلا إن الله كان عليا كبيرا«

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ бірін-бірінен артық етті. Сондай-ақ олар малдарынан да пайдаландырады (әйелдерге мәһр, нафақа береді). Ал енді жақсы әйелдер - бой ұсынушылар, Аллаһ қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында, Аллаһ өте Жоғары, тым Ұлы» («ән-Ниса» сүресі, 34-аят).

120 Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: ”Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ақиқатты айтты, өйткені мұсылмандардың соңғы ұрпақтарынан болған адамдар Аллаһтың Кітабынан ұстануды және Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне ілесуді қойып, адасушылыққа түсті әрі тура жолдан тайды. Бұл нәрсе адамдардың пікірлері мен олардың мазхабтары олардың арасында өзара келіспеушіліктер туындағанда жүгінетін негізге айналған кезде орын алды. Олар Аллаһтың Кітабынан және Сүннеттен өздерінің пікірлеріне және мазһабтарына сәйкес келетін нәрселерді алып, олармен сәйкес келмейтіндерінен бас тартатын болды. Олардың кейбіреулері: «Біздің мазһабымызға қайшы келетін кез келген хадис, күші жойылған болуы әбден ықтимал», - деп айтуға дейін барды. «Бұл үмметтің соңы оның басы түзелген нәрсемен ғана түзеле алады», - деп айтқан имам Мәликті Аллаһ рахымына бөлесін! Сондықтан да мұсылмандар Раббыларының Кітабынан ұстанулары және, Батыста не Шығыста болсын ешбір адамның пікіріне ілеспей, өздерінің барлық істерінде оны басшылыққа алулары қажет”.

121 Бұл құтпада негізінен адам құқықтарына қатысты мәселелер қозғалған болатын. Өйткені Аллаһ адамдарға Аллаһтың құқықтарына қатысты жіберген қателіктерін тәубе және кешірім сұрау арқылы кешіреді. Әрі адам Арафатта тұрып, Аллаһтан кешірім сұраса, Аллаһ Тағала оған Оның құқықтарына байланысты нәрселерді ғана кешіреді, ал Оның құлдарының құқықтарына байланысты нәрселерді құлдарға қайтару, әрі тек содан соң ғана Аллаһтан кешірім тілеу керек.

122 Әрі осыда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұма (намазын) емес, бесінді (зухр) орындағанына әрі Арафат күні, тіпті ол күн жұмаға тура келсе де, құтпа жасау сүннет екеніне нұсқау бар.

123 Кім осы екі намазды имамға үйып оқуға үлгермесе, оларды тура осылай етіп жалғыз өзі немесе қасындағы өзі секілді адамдармен бірге орындайды.

124 Шейх Әлбани, Аллаһ оған рахым етсін, былай дейтін: «Мен одан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ бесін намазының парызынан бұрын да, екінті намазының парызынан кейін де осы жерде (қажылық кезінде) де, оның басқа жол жүру кездерінде де нәпіл намаздарын оқығаны туралы еш нәрсе жетпегенін айтамын. Сондай-ақ оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сапарда (жолда) болған кезінде таң (фәжр) намазы мен үтір намазынан басқа қандай да нәпіл намаздарын оқығандығы анықталмаған».

125 Әрі осыда Арафаттан тыс жерде намаз оқу сүннет екеніне нұсқау бар. (Нәмирадағы) аялдауды және содан кейін келетін (Урана уадиіндегі) аялдауды адамдардың өте көп ағылатындығы себепті біздің кезімізде орындау өте қиынға соғады. Сондықтан да егер қажы Арафатқа бара жатып, олардың үстінен тоқтамай жүріп өтсе, оған, Аллаһ қаласа, күнә жазылмайды.

126 Әр-Рахма деп аталатын таудың етегінде шашылып жатқан үлкен тастар туралы сөз болуда. Бұл тау Арафат алқабының ортасында орналасқан. Имам ән-Нәуауи былай деген: «Осы жерде тұру абзал». Ал надандардың арасында кең таралған «әр-Рахма тауына көтерілу керек» деген пікірге және олардың «тек соның үстінде ғана тұру керек» деген сенімдеріне келер болсақ, олар қате.

127 Яғни олардың жиналатын орнының алдына.

128 Кейбір хадистерде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолын жоғарыға көтерген күйде Аллаһқа жалбарынып тұрғаны туралы жеткізіледі. Сондай-ақ Арафатта тұрып тәлбийя айту да сүннетке жатады.

129 Арафатта тұру кезінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстамады. Умм әл-Фәдл Арафат күні оған бір кесе сүт беріп жіберді, әрі ол оны түйесінің үстінде отырған күйінде ішіп алды. Бұл хадис екі «Сахихтың» екеуінде жеткізіледі.

130 Арафатта тұру уақыты түстен күн батқанға дейін сөзылады. Арафатта тұрудың ең аз уақыт мөлшері, бұл туралы ғалымдардың көпшілігі сенімді Сүннетке жүгініп айтқандарындай, (зул-хижжаның) тоғызы күніндегі түстен бастап сол күннің түніне дейінгі бөлігін қамтиды.

Арафатта тәхлилді (яғни «Лә иләһә иллә-Ллаһ» - «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ» сөздерін) жиі қайталау сүннет болып табылады. Әрі бұл сөздер Арафат күнінде айтылатын ең жақсы дұға болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арафат Күні кешке (‘ашийа) айтқан ең жақсы дұға бұл:

» لا إله إلا الله وحده لا شريك له، له الملك و له الحمد و هو على كل شيء قدير «

(мағынасы: «Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті!»)», - деген.

Кейде қажы тәлбийяға «إنما الخير خير الآخرة» (мағынасы: «Нағыз игілік – бұл Ақыреттің игілігі») деген сөздерді қосып айтуына болады.

Қажы Аллаһты Арафатта зікір етуін, тәлбийя айтуын және қалаған дұғаларымен Оған жалбарынуын тоқтатпайды, әрі Аллаһ Тағала оны Тозақ отынан құтқарылатындардың және Өзі олармен періштелердің алдында мақтанатын құлдарының қатарына қосатынына үміттенеді, бұл туралы мына хадистерде айтылатынындай: ”Аллаһ Тозақ отынан Арафат күнінде (Өзінің) көп құлдарын босататындай, (басқа) күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Мына (адамдар) не қалайды?», - деп мақтанады»; «Ақиқатында, Аллаһ Арафаттағы адамдармен аспан тұрғындарының (яғни періштелердің) алдында мақтанады да: «Маған шаштары тұйпаланып және шаңға батып келген құлдарыма қараңдаршы!», - дейді”.

Егер адам шаршаса және ұйықтап қалса, мұның оқасы жоқ, оның Арафатта тұруы бұдан бұзылмайды.


131 Бұл сөзбен жұмсақтық және тынышталу меңзеледі. Имам ән-Нәуауи былай деді: «Бұл Арафаттан қайтуда байыптылық (тыныштық) таныту сүннет болып табылатынына айғақ болады. Ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бос орын тапса, тезірек жүретін, бұл туралы басқа хадисте айтылатынындай».

132 Осы жолдың түгел барысында, бұл туралы екі «Сахихта» келтірілген әл-Фәдл ибн Аббастың хадисінде жеткізілетініндей, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийя сөздерін айтуды тоқтатпады.

133 Егер адам құптанға дейін жетіп үлгерсе, онда құптанның (‘иша) уақытын күткен және екі намазды кұптанның (‘иша) уақыты кірген соң орындау жақсырақ болады. Егер адам Муздалифаға уақытылы, яғни түн ортасына дейін жетіп үлгермеуден қорықса, онда ол жергілікті орнында намазды орындай береді.

134 Әрбір намаздың алдында иқамат айту ақиқат болып табылады. Ал кейбір мазһабтардың екі намаз қоса орындалса, онда бір-ақ иқамат айтылады деген ережесі Сүннетке қайшы келеді. Осы орайда (намаздарды қосып оқу кезінде) екі рет азан айтудың да хадистерде негізі жоқ. Қз.: "Нәсб әр-Райа" (3/69-70).

Сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі – бұл адамдардың осы намаздар үшін бірігуі және әр он метр сайын он жамағаттар құрмау қажет екендігі болып табылады.



135 Яғни ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы екі намаздың арасында ешқандай қосымша намаздар орындаған емес. Егер қажы осы екі намазды қандай да бір себептермен арасын бөліп орындаса, бұл оған зиян тигізбейді. Бұған Сүннет нұсқайды.

136 Ибн әл-Қаййим былай деген: «Сол түні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ояу болмады. Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан айт және Ораза айт күндеріне қараған түндерде ұйықтамады деген бірде-бір хадис кездеспейді».

137 Әйелдер мен әлсіз адамдардан басқа барлық қажылар таң намазын Муздалифада орындаулары керек, ал әйелдер мен әлсіз адамдарға топырлаудан қорыққандықтан Муздалифадан түннің үштен екі бөлігі өткеннен, яғни ай көрінбей қалғаннан кейін шыға беруге рұқсат етіледі.

138 Бұл жерде Муздалифада орналасқан атақты Кузах тауы меңзелуде. Кейбір фақиһтер осы хадисті әл-Мәш’ар әл-Харам – бұл Кузах тауы дегенге дәлел ретінде пайдаланған. Кұран тәпсіршілерінің, өмірбаян зерттеушілердің және хадис білгірлерінің көпшілігіне келер болсақ, олардың пікірі бойынша бүкіл Муздалифа әл-Мәш’ар әл-Харам болып табылады. Қз.: ән-Нәуауи.

139 Редактордың ескертпесі: жиналу орны (жәм’) – зул-хижжа айының 10-нына қараған түнінде бүкіл Муздалифа алқабы.

140 Осы орайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийя айтуын тоқтатпай жалғастыра берді.

141 Осы және осыдан алдынғы тармақ (№67), бұл туралы көптеген хадистер айғақ болатынындай, егер мініс жануары көтере алатын болса, онда артыға тағы бір адамды отырғызуға болатынына нұсқайды. Бұл туралы имам ән-Нәуауи айтқан.

142 Редактордың ескертпесі: яғни зул-хижжаның 9-күні.

143 Редактордың ескертпесі: әл-жәмрат әл-кубра – үш бағаналардың ең үлкені.

144 Бұл зул-хижжаның 10-күні орын алды. Осы күні қажы бес істі орындауға тырысуы қажет: тас лақтыруға, құрбан шалуға, басты қыруға, тауаф әл-ифада мен сағи жасауға. Әрі осы амалдарды тура осындай тәртіппен орындау да сүннет болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылай істеген болатын.

145 Ән-Нәуауи былай деді: «Бұл жерде Арафаттан қайтуда осы жолмен жүру сүннет болып табылатынына айғақ бар. Бұл - оның Арафатқа барған жолынан басқа жол».

146 Осы сәтте, бұл туралы әл-Фәдлдің және өзге сахабалардың хадистерінде жеткізілгендей, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийя айтуын тоқтатты.

147 Ән-Нәуауи былай деген: «Бұл тас көлемі бойынша шамамен мысыр ірі бұршағындай (әл-бакила’) келеді. Ол осы көлемнен үлкен де, кіші де болмауға тиіс. Дегенмен, егер тас үлкендеу, немесе кішілеу болса да, лақтыру (рәсімі) орындалған болып есептеледі».

Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: тасты осылай лақтыру әдісі бірқатар хадистерде кейбір сахабалардан, мысалы, Абдурахман бин Муаз әт-Тамимиден жеткізіледі. Ол былай дейді: «Біз Минада болғанымызда, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айта бастады. Біздің құлақтарымыздың оның сөздеріне қадалғаны соншалықты – біз тіпті шатырларымызда (отырып) оның сөздерін естідік». (Әрі қарай Абдурахман) былай деді: "Әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге қажылық рәсімдерін үйрете бастады. Тас лақтыру мәселесіне жеткенде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұқ саусақтарын бірінің үстіне бірін қойып: «(Бұл) әл-хазф тастарымен (жасалады)», - деді...”

Тас лақтыру мәселесін қарастыра отырып екі маңызды жайтқа назар бұру қажет:

Біріншісі: Күн шыққанға дейін тас лақтыруға тыйым салынады, тіпті Муздалифадан ертерек кетуге рұқсат етілген әйелдер мен кәрі кісілерге де. Олар күннің шыққанын күтіп, тек содан соң ғана тас лақтыруды бастаулары керек, өйткені Ибн Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз жанұя мүшелеріне келіп, күн шықпайынша үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақаба) тас лақтырмауды бұйырғаны» жеткізіледі. Бұл хадис әл-Бухари Асма бинт Абу Бакрден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген басқа хадиске қайшы келмейді. Онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болып кеткен соң (үлкен) бағанаға тас лақтырғаны, содан кейін таң намазын оқығаны хабарланады. Бұл хадистен Асма осыны Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде оның рұқсатын алып істеді ме, әлде жоқ па – анық емес. Алайда ол Муздалифадан түннің жартысы өткен соң шығып кетті. Ал хадистерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер мен әлсіз адамдарға осылай істеуге рұқсат етілгендігі туралы анық түрде жеткізіледі. Сондықтан Асма Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы рұқсатнамасы түнделетіп тас лақтыруға да қатысты деп ойлаған болуы, әрі оған Ибн Аббастың (Аллаһ ол екеуіне де разы болсын) есінде қалған оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (күн шыққанға дейін) тас лақтыруға тыйым салғандығы туралы хабар жетпеген болуы ықтимал.

Екінші: Айт күні түстен кейін түнге дейін (үлкен бағанаға) тас лақтыруға рұқсат етіледі. Осы мүмкіндікті (күн шыққаннан кейін) осы рәсімді орындауға қиналатын адамдар пайдалана алады. Бұған да Ибн Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізген хадисі дәлел болады: “Айт күні Минада болған Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біз (осы күнде орындалатын қажылық рәсімдерін өз уақытынан ертелеу немесе кештеу орындау туралы) сұрақтар қойдық, оларға ол: «Мұның күнәсі жоқ», - деп жауап берді. Бір кісі: «Мен құрбан шалуға дейін басымды қырып қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Құрбандық шала бер, әрі бұда күнә жоқ», - деп жауап берді. Сонда әлгі адам: «Мен тастарды кеш батқаннан кейін лақтырдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді. Бұл хадисті әл-Бухари және басқа (мухаддистер) жеткізді. Тастарды Құрбан Айт күні түстен кейін лақтыруға болатындығы туралы әш-Шәукани, ал оған дейін Ибн Хазм «Әл-Мухалләда»: «Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан Айт күні күн шыққанға дейін тас лақтыруға тыйым салды, әрі оларды (күн шыққаннан) кейін, тіпті түннің бірінші жартысына дейін жалғасатын кеш батса да лақтыруға рұқсат етті”, - деп айтқан еді. Сондықтан да қажы Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда айтылған үлкен бағанаға (күн шыққанға) дейін тас лақтыруға қатысты тыйымын бұзбауы үшін, осы рұқсатнаманы естен шығармауға тиіс. Көптеген қажылар осы тыйымды мәжбүрлі қажеттіліктерді сылтаулатып бұзып жатады.

Үшінші: Үлкен бағанаға Құрбан Айт күні тас лақтырып болған қажы басын қырған-қырмағанына қарамастан, жыныстық қатынастардан өзге ихрамдағы адамдарға қойылатын тыйымдардың барлығынан азат етіледі. Бұл туралы Айшадан жеткен хадисте былай деп айтылатындай: "Мен өз қолыммен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол қоштасу қажылығын жасау үшін ихрам киімдерін киюден бұрын және Құрбан Айт күні үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтырып болған соң хош иісті майлар жақтым. Бұл оның (Аллаһтың) Үйін тауап жасауына дейін болды”.

Алайда егер қажы ихрам емес халде қалғысы келсе, онда Қағбаның негізгі тауабын (тауаф әл-ифаданы) тура сол күні (яғни 10 зул-хижжада - аудармашының ескертпесі) орындауға тиіс. Кері жағдайда, егер қажы негізгі тауапты жасамай жатып кеш батып кетсе, ол тас лақтыру рәсіміне дейінгі ихрам халіне қайта оралады. Сөйтіп, ол өзінің әдеттегі киімін шешіп, ихрам киімін киюі керек, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, осы күні (яғни Құрбан Айт күні) сендер (үлкен) бағанаға тас лақтырып болғандарыңда, сендерге ихрам халінен шығуға рұқсат етіледі, яғни сендерге жыныстық қатынастан басқа (ихрам халінде) тыйым салынған нәрселердің барлығы рұқсат етіледі. Ал егер сендер осы (Аллаһтың) Үйін тауап жасауларыңнан бұрын кеш батып кетсе, онда Қағбаны тауап жасап болғанша тас лақтыруға дейінгі ихрам халіне ораласыңдар».

Кейбір ғалымдар бұл ережені қабылдамады. Шейх әл-Әлбани бұған қатысты былай деді: «Егер хадис Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екені анықталған болса әрі онда, біздің жағдайымыздай, айқын шариғи айғақ болса, онда оны қандай да бір ғалымның ол туралы хабардар болу-болмауына байланыстырмастан, оған бірден амал ету міндетті болады. Имам әш-Шәфи’и былай деген: «Хабар анық болған сәтте-ақ қабылданады, тіпті егер имамдар өздері қабылдаған хабарға сәйкес амал етпесе де. Ақиқатында, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі біреулердің одан кейінгі амалдарына сәйкес емес, өздігінен расталады»”.

Сондай-ақ шейх, Аллаһ оған рахым етсін, былай деді: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі ислам фақиһтері оған сәйкес амал ету-етпеуімен расталудан жоғары екенін атап айтқым келеді! Ақиқатында, хадис ол туралы үкім шығармайтын, бірақ оның өзі үкім шығаратын (Шариғаттың) дербес көзі болып табылады. Сонымен бірге, жоғарыда аталған хадиске сәйкес ғалымдардың тұтас тобы амал еткен, олардың арасында атақты табиғин ‘Уруа бин әз-Зубайр болған. Ендеше, осыдан соң кімде болсын осы хадиске сәйкес амал етуден бас тартуға деген орынды себеп болуы мүмкін бе? «Ақиқатында, осыда (сезімтал) жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанға бір үгіт бар» («Қаф» сүресі, 37-аят)».

Төртінші: бағаналарға лақтыратын тастарды кез келген жерден теріп алуға рұқсат етіледі, бұл туралы Ибн Тәймийя (Аллаһ оған рахым етсін) айтқан. Мұның осылай болуының себебі - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тас жинайтын жерді белгілеп қоймағандығында. Бұл туралы Ибн Аббастың (, ал басқа риуаятта ол әл-Фәдл бин Аббастан) жеткізген хадисінде былай деп айтылады: "(Жәмрат) әл-Ақаба (бағанасына тас лақтыратын) күні таңертең (хадистің басқа нұсқасында: «Құрбан Айт күні таңертең», - ал тағы бір нұсқасында: "Муздалифада жиналудан (кейін) таңертең"), - деп жеткізіледі) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мініс жануарының үстінде отырған күйінде маған: «Маған (майда тастар) жинап берші!», - деді. Сонда мен оған әл-хазф көлеміндегі тастардан жинап бердім. Мен оларды оның қолына салғанымда, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Осылар сияқты», - деді де, осыны үш рет қайталады. (Кейін ол былай деді:) «Дінде шектен шығушылық жасаудан сақ болыңдар, өйткені, ақиқатында, сендерден бұрынғылар діндегі артық кетушіліктері себебінен опат етілген еді»".

Бұл хадис, егер оның екінші, сондай-ақ ең көп жеткізушілер жеткізген бірінші риуаятына сүйенсек, онда (тас жинайтын) орын туралы тікелей мәлімет болмаса да, бізге тастардың үлкен бағананың (жәмрат әл-ақаба) жанында жиналғандығы туралы тұжырым жасауға негіз береді. Мұны өзінің "әл-Муғни" (3/425) еңбегінде: «Бұл Минада орын алған еді», - деп айтқан Ибн Кудама да байқаған болуы әбден ықтимал.

Әрі сондықтан да, бұл туралы ғалымдар айтатындарындай, қолданылған тастарды қайта теріп, жәмратқа лақтырудың еш оқасы жоқ.

Егер адам лақтырған тастарының санында күмәнданса, онда ол ең аз санға қарай ауады.

Ал көптеген қажылардың Муздалифаға келген соң тас жинауға кірісіп кетуі Сүннетке қайшы келеді. Бұдан қалса тасты өзімен алып жүретін және алдағы күндерде лақтыратын тастарды алдын ала жинап қоятын қажылардың осындай істері ерсі (такәллюф, яғни жасалуы қиын әрі ешқандай пайдасы жоқ) амалдарға жатады.

{Редактордың ескертпесі: әл-Бухаридің «Сахихында» Ибн Умар (Аллаһ оларға разы болсын): «Бізге ерсі қылықтар жасауға тыйым салынған болатын», - деп айтқаны жеткізіледі}.

Сондай-ақ бұрын қолданылған тастарды бағаналарға лақтыруда айыпты еш нәрсе жоқтығын да білу керек, өйткені мұны тыйым салатын дәлел жоқ. Бұл туралы, Ибн Тәймийядан айырықша, әш-Шәфи’и мен Ибн Хазм, Аллаһ оларды рахым етсін, айтқан.

Әл-Фәдл бин Аббас жеткізген хадисте дінде артық кетушілік жасаудың бір көрінісі әл-хазфтан үлкен, ал бұл түрік (мысыр) бұршағынан (әл-химмис) үлкен және фундуктан (әл-бундук) кішілеу болған тастарды лақтыру болып табылатыны жеткізіледі. Егер осының өзі дінде артық кетушілік жасауға жатса, онда бағаналарға аяқ ким лақтыратын надандар туралы не айтуға болмақ?! Аллаһтан мұсылмандардың жағдайын түзетуін, оларға ардақты Пайғамбардың Сүннетін білуді нәсіп етуін және соған сәйкес амал етулеріне көмектесуін сұраймын, егер олар расында да осы өмірде де, Ақыретте де шынайы бақытқа қол жеткізуді қаласа!

Сондай-ақ маңызды жайттардың бірі - 10 зул-хижжада жамрат әл-кубраға тас лақтырғанда ешқандай дұға етілмейтіні; тек тас лақтырылып, содан соң қажылар әрі қарай кететіні. Дұға тек келесі күндері әрі тек бірінші және екінші бағанаға тас лақтырғаннан кейін ғана жасалады.



148 Осыда тастардың барлығын бірден емес, бірте-бірте лақтыру керектігіне нұсқау бар.

149 Бұл жерде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық рәсімдерін өзінен үйренуді бұйырып тұр, бұл туралы басқа хадис жинақтарында айтылатындай. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері келесідей мағынаны меңзейді: «Мен өзімнің қажылығым барысында істеген, менің айтқандарыма, іс-әрекеттеріме, үлгі-өнегеліме қатысты осы істер қажылық істері болып табылады әрі оның ерекшіліктеріне қатысты. Олар сендердің рәсімдерің болып саналады, сондықтан да оларды менен алыңдар, оларды қабыл етіңдер, оларды жаттап алыңдар, оларды сақтаңдар, оларға сәйкес амал етіңдер, әрі өзгелер де оларға сәйкес амал етсін». Осы хадис қажылық рәсімдеріне қатысты ұлы негіз болып табылады әрі ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазға қатысты айтқан «Намазды мен көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар!» деген басқа айтқан сөзі сияқты. Қз.: ән-Нәуауи.

Науқас және тас лақтыруға шамасы жетпейтін кісілер мұны басқа біреуге тапсыруына рұқсат етіледі. Ал егер адам тастарды өзі лақтыра алса, онда оны басқаға тапсыруына тыйым салынады.



150 Бұл сөздер Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларымен қоштасып жатқанына және оларға өз өлімінің жақындағанын хабарлап жатқанына нұсқайды. Сонымен ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларды бұрынғыдан да ынталы түрде өзінен рәсімдерді (үйреніп) алуға әрі олар оның ізінен қалмай жүруге және одан дінді үйрену мүмкіндігінен пайдаланып қалуға ынталандырады. Сондықтан да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы қоштасу қажылығы деп аталған болатын. Қз.: ән-Нәуауи.

151 Яғни Мина оның оң жағында, ал Мекке оның сол жағында еді.

152 Бұл жерде сөз Құрбан айт күнінен кейін жалғасатын үш күн туралы болуда. Ғалымдардың басым бөлігінің пікірі бойынша, аталған хадистің мәтініне сәйкес, осы күндерде тек түстен кейін ғана тас лақтыруға руқсат етіледі. Ән-Нәуауи былай деді: "Осы күндерде бағаналарға тас лақтыру кезінде реттілік сақтау қажеттілігін білу керек. Бұл ең алдымен әл-Хайф мешітіне барлығынан жақын орналасқан бірінші бағанаға, содан соң ортаңғы бағанаға, ал содан соң үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақаба) тас лақтыру керек дегенді білдіреді. Бірінші бағанаға тас лақтырып болған соң, одан қашықтау жерге тұрып, жүзді Қыблаға бұрып, ұзақ уақыт бойы Аллаһқа дұға ету және оны зікір ету қажет. Тура соны екінші бағанаға тас лақтырып болған соң да істеу қажет. Алайда үшінші бағанаға (яғни жәмрат әл-ақабаға) тас лақтырып болған соң, оның қасында тоқтамау қажет. Бұл тұжырым әл-Бухаридің «Сахих» жинағында Ибн Умардан (Аллаһ оларға разы болсын) келтірілетін онда ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтырып болған соң тоқтамағанын көргендігі туралы айтылатын хадиске негізделеді. Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді әт-тәшриқтің әрбір күнінде атқару абзал болады, ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі!

153 Тастардың жалпы саны 70 болуға тиіс, ал асыққан, яғни Минаны тәшриқтің екінші күні тастап шығатын адам үшін – 49 тас.

154 Редактордың ескертпесі: яғни бұл осы жылы ғана қажылық жасаушыларға қатысты ма?

155 Осылай деп аталған хадистің ‘Атаның Жәбирден жеткізетін иснадымен жеткізілетін риуаятында келтіріледі. Хадистің басқа риуаятында (№34 тармақ) Сурака бұл сұрақты әл-Мәруа етегінде болған (әрі) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әс-Сафа мен әл-Мәруа төбелерінің арасында сағи рәсімін орындап біткен кезде бергені хабарланады. Сурака осыған тағы да бір көз жеткізіп, осыны тағыда бір рет растау үшін, бір сұрақты екі рет қойған болуы әбден ықтимал, ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі! Қз.: "Фатх әл-Бари" (3:480).

156 Осыда Құрбан шалуды өзге адамға тапсыруға рұқсат етілетініне нұсқау бар.

Сондай-ақ міндетті құрбандық малынан бөлек, - ал ол бір қой, немесе түйе, немесе сиырдың жетіден бір бөлігі, - тағы да қосымша құрбандық шалу құпталатын сауапты іс екендігіне де нұсқау бар. Өйткені Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек түйенің жетіден бір бөлігі ғана міндетті болатын, ал ол жүз түйе шалды.



157 Ән-Нәуауи былай деді: "”Бұл хадистің мәтіні құрбандыққа шалған малдың етінен дәм тату абзал екеніне нұсқайды. Өйткені Аллаһ Тағала: فكلوا منها «...олардан жеңдер», - деді”.

158 Осыда қажылық жасамаған адамдар үшін құрбандық шалуға болатындығына нұсқау бар. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен бірге қажылық жасамаған әйелдері үшін құрбан шалды. Өйткені онымен бірге қажылық жасаған әйелдері үшін құрбан шалу міндетті еді, ал онымен бірге Умм Сәлама, Айша және Сафийя болды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет