Паллиативтік көмек жөніндегі халықаралық форумның Қарары астана, 7 қыркүйек



жүктеу 23.93 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі23.93 Kb.

Паллиативтік көмек жөніндегі халықаралық форумның

ҚАРАРЫ

Астана, 7 қыркүйек

ТМД елдері онкологтары мен радиологтарының VII съезі шеңберінде ұйымдастырылған Паллиативтік көмек жөніндегі халықаралық форумның қатысушылары:

Денсаулық еліміздің экономикалық дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне әсерін етуші фактор болып табылатынын, және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететініне терең сенімді бола отырып,

Паллиативтік көмекке құқық адамның ажырамас құқықтарының бірі екенін, және адамның қадір-қасиеті мен өмірінің құндылығын құрметтеудің бірден-бір көрсеткіші болып табылатынын қайта мәлімдей отырып,

Науқас адамдар қазіргі уақыттағы медициналық технологиялардың даму деңгейі мүмкіндік беретіндей дәрежеде өздерінің күйзелісі мен қиналысын жеңілдетуге құқылы екеніне ерекше көңіл аудара отырып,

Паллиативтік көмек көрсетуге қатысы бар мамандардың білімі мен әлеуетін арттыруды, сондай-ақ бұқара қоғамның хабардарлығы мен білгірлігін арттыру қажеттілігін басым бағыттардың бірі екендігін мойындай отырып;

Қатысушы-елдер тұрғындарының денсаулығын сақтап нығайту және паллиативтік көмек мәселелерін ілгерілету мақсатында келесі шараларды

Ұсынады:

Паллиативтік көмекті медициналық көмектің ажырамас бөлігі ретінде және тұтастай медицинаны дамытудың өзекті бағыттарының бірі ретінде тануды;

Еліміздегі паллиативтік көмек өзге медициналық-әлеуметтік қызметтермен қатар толыққанды қызмет ету үшін ДДҰ-ның, сондай-ақ заңнамалық түрде бекітуге мүмкіндік беретін өзге құжаттардың ұсыныстарына сәйкес паллиативтік көмектің ұлттық бағдарламаларын қабылдауға ынталандырып отыруды;
Паллиативтік көмекке және ауруды басуға құқықты адамның іргелі құқықтары деп тануға арналған стратегияларды әзірлеп енгізуді;

Әрбір елдің дәстүрлі және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып паллиативтік көмекті ұйымдастырудың алуан түрлі нысандарын дамытып отыруды;

Паллиативтік көмек және ауырсынуды емдеу қызметтерін ұйымдастыруға арнап бара-бар көлемдегі қордардың бөлініп отыруына ықпал етуді;

Опиоидтық анальгетиктерді алу тәртібінің оңтайлылығы мен оның заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу шараларының арасындағы теңгерімді сақтау қағидасын ескере отырып, опиоидтық анальгетиктерге қол жеткізу саласындағы ұлттық заңнамаларды оңтайландыруды;

Бақыланатын дәрілік заттарға қатысты ұлттық қажеттіліктердің нақты көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы бағалау әдістемелерін қайта қарауды;

Медицина қызметкерлері мен есірткіні бақылау органдарының өзара әрекеттесуін жолға қоюды;



Денсаулық сақтау саласының мамандарын, соның ішінде дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлері мен фармацевттерді негізгі білім алу шеңберінде, сондай-ақ біліктілігін арттыру шеңберінде орта медициналық қызметкерлерді, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді тиісті даярлау шараларын қамтамасыз етуді;

Барлық мүдделі тараптарды, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдарды, соның ішінде құқық қорғау және пациентке бағытталған қоғамдық бірлестіктерді қоса алғанда паллиативтік көмекті дамыту саласындағы тиісті саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру үрдістеріне қатыстырып отыру және олардың қоғамның паллиативтік көмек туралы хабардар болу деңгейін арттыру үрдістеріне белсенді түрде қатысуына ықпал етуді.
Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет