Көлік министрі баға өскенге дейін нормативтік құқықтық акт алдын ала жарияланатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Сенат кулуарында тариф 11 жыл бойы өзгермегенін атап өтті. 

"Біз тарифті көтеруді қарастырамыз. Себебі 2013 жылдан бастап 11 жыл бойы тариф өзгерген жоқ, өткен жылы – 20% өсім болды", – деді Марат Қарабаев.

Министр қазақстандық тарифтерді ресейлік тарифтермен салыстырып, Қазақстанда тариф 1 теңге 20 тиын, Ресейде – 7 теңге екенін атап өтті.

"Сіз бізде жақсы жолдар болғанын қалайсыз, ал жақсы жолдар болуы үшін техникалық қызмет көрсету қажет.  Сапалы жолға қажетті қаржының салық төлеушілер есебінен болғанын қаламайсыз. "Қазавтожол" бюджеті есебінен болсын десек, ақылы жолдарға тарифтерді көтеруден басқа амал жоқ”,- деп атап өтті министр.

Қарабаев бағаның айтарлықтай өсуі болмайды деп уәде берді. Мамандар қорытынды құнын есептейді. 

"Мен тарифті "бірнеше есе көтеруге болмайды” дедім. 2-3 есе көтерейік деген ұсыныс айтылды. Олай болмайды, бірақ бірнеше пайыз өседі. Біздің мамандар қосымша 1100 бірлік техниканы сатып алу үшін, жолдарға қызмет көрсету үшін қанша ақша қажет болатынын есептеуі керек. Әрине, мұның бәрін бірден төлей алмаймыз. Қанша өсіретінімізді және шығындарымыздың қанша бөлігін өтейтінін көрейік, соған сүйене отырып, нақты қанша пайыз өсетінін жариялаймыз", – деп толықтырды көлік министрі.

Тарифтерді өсірердің алдында ашық НҚА-да жарияланатын болады.

Еске салайық, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде тағы бір жол ақылы жолдар қатарына қосылған еді. Министрлік мәліметінше II санаттағы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Орал-Ресей Федерациясының шекаралық (Саратовқа дейін) учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны нақтыланды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.