Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы олжалаған. 

  • Қазақстандық дзюдошы Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
  • Александр Бублик Францияда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмағанын айта кетейік. 

Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. 
 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.