Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



жүктеу 4.68 Mb.
бет1/23
Дата25.10.2017
өлшемі4.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ПАРСЫША
СӨЗДІК

КІРІСПЕ
Тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл» десе, ол да тілге зор маңыз бергендігі. Бір халықтың кәршілес басқа халықтармен араласпай, өз бетімен жеке өмір сүре алмайтыны қоғам еміріндегі табиғи заңдылық екені мәлім. Халықтардың тарихи, экономикалық және мәденп қарым-қатынасы, өзара тығыз байланысы олардың тілдерінде де белгілі із қалдырды.

Әдетте бір тілден екінші тілге ондаған, жүздеген сөздер ауысып, тіл байлығын жетілдіре түсуі жиі кездеседі. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамын оның даму жолын қарастырсақ, тіпті басқаны қойып сонау араб, парсы тілдерінен енген қайсы бір сездердің қазақ тіліне мүлдем сіңісіп, байырғы сөздік құрамына айналып кеткенін көреміз. Рас, түркі тілдес халықтар ішінде араб, парсы сөздерін ең аз қабылдаған қазақтар екен. Сейтсе де араб, парсы (ар жағы иран) тілдерінен қазақ тіліне де бір қатар сөз және сөз тұлғаларының енгендігі ғылмн дәлелденген1.

Әрине, бұл ретте парсы сөздері және сөз формалары қазақ тіліне қалай енген? деген сұрақ тууы мүмкін. Қазақ тіліне парсыдан енген сөздерге зер салып үңіле қараған адамға мүндай сүраққа жауап беру соншалықты қиынға соқпайды. Ол, біріншіден, тіл ерекшеліктерінен, екіншіден, халқымыздың басынан кешірген тарихи жағдайларына тығыз байланысты. Ишан, намаз, ораза, пайғамбар, құдай сияқты кейбір діни сөздер болмаса, қазақ тіліне енген парсы сөздері көбіиесе шаруашылыққа, әсіресе егіп, су шаруашылығына, бау-бақшаға, сауда-саттық, құрылыс істеріне, тұрмыстық салт-сана, әдебиет пен өнерге байланысты болып келеді.

Тілдің даму заңдылығы бар. Мысалы, қажетті жаңа сөздің ана тілінде тиісті баламасы болмаса, грамматикалық нормасы мен стилистикалық мүмкіндікке сыйғыза, сәйкестендіре отырып, басқа тілден жаңа сөзді, даяр терминді алуға тура келеді.

Қазақ тілі Октябрьден кейінгі дәуірде жан-жақты дамып, мемлекеттік тілге айналып отыр. Егер Абай өз заманыпдағы қазақтың тілімен биік адамгершілік идеяларын, ақындық дарынын таныта алған болса, қазіргі қазақ тілі онан да байып, биік белеске шықты. Басқа тілдерден қабылданған терминдерді былай қойғанда, кейінгі елу жылдың ішінде ана тілі қорының негізінде С. Сейфуллиннің «Советстанынан» бастап сан алуан жаңа сөздер өмірге келгені белгілі. Мысалы, аудан, балалар бақшасы, баяндама, гүлзар, емхана, мазмүндама, өнер-кәсіп, хабарлама, шеберхана, ілім тағы басқалар. Тілдегі бұл құбылыс өзінен-өзі бола қалған жоқ. Бұл бір жағынан халықтың тілге деген ынталылығының, екінші жағынан, әдебиетшілеріміздің журналистеріміздің, мәдениет қайраткерлерінің, тілшілеріміздің, ғалымдарымыздың аянбай ізденгеп, зерттеген еңбегінің нәтижесі.

1 Бұл жерде айта кететін бір жағдай: сөз ауысуы бір жақты процесс емес екендігі. Сондықтан да араб, парсы тілдеріне түркі тілініи де көп әсері тигендігі мәлім.— Автор.
Сондай-ақ, жер-судың, ауа райының жағдайына қарай әр өңірдің өзіне лайықты кәсіптері, соған орай пайда болған сөздік терминдері болатыны да мәлім. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде жер суландыру тәсілдері, сонымен байлапысты егін шаруашылығы ертерек пайда болған. Оған Орта Азияның егіншілік мәдениеті зор ықпал етті. Осының нәтижесінде жергілікті тұрғындар тіліне шаруашылықтың алуан түрлі салаларына тән терминдер енді. Олардың біразы бізге түркі тілдес елдер арқылы енсе, бірсыпырасы тікелей парсы сезінен ауысқандығын көреміз. Бұл кәсіптер Қазақстанның барлық жеріне тегіс таралмаса да бақ, бақша, диқан, мақта, анар, пісте, қауын, қарбыз, қияр, түт, мейіз сияқты көп сөздер әлдеқашаннан қазақ сезінің қорына еніп кеткен. Бұл процесс әлі де жүріп жатыр және жүре береді. Бұған, бір жағынан, кейбір ертеден келе жатқан байырғы кәсіптердің қазір ерісінің кеңеюі, жаңа кәсіптердің пайда болуы себеп болса, екінші жағынан, халықтың қарым-қатынасы кеңейіп, сездері араласа түсуіне байланысты «жергілікті» терминдер ортақтық мағына тауып, халық тілінің жалпы сөздік қорын байыта түседі. Бұл женінде сан алуан мысалдар келтіруге болады.

Диқандарда атам заманнан бері белгілі күздік деген сәз бар. Олай деп әдетте күзде егетін дақылдарды айтады. Ал Қазақстанның солтүстігінде күздіктің қай түрін болса да көпке дейін қара бидай деп келді. Бұл да түсінікті. Бұл өңірге диқаншылық Россия арқылы келген. Орыстар бұрын күзде тек қара бидай егетін. Енді қара бидай ауызекі сөзде ғана айтылып, күздік жалпы қазақ халқының бәріне бірдей түсінікті ұлттық термииге айналды.

Құрылыста кеп қолданылатын, үйлерді ағарту үшін жұмсалатын ақ балшық бар. Кейінгі уақытқа дейін оның бізде белгілі атауы болған жоқ. Ол ақ балшық, әк деп түрліше аталып келеді. Кейбір қазақ сөздіктерінде орыстың известь, известка деген сөздері бұрмаланып, оларың қазақшасы ізбес, ізбеске деп жазылып жүрді. Әк парсының аһәк деген сезінен шыққан. Ол орыстың известь деген сөзіпің тура мағынасын береді, оған тұп-тура балама бола алады. Енді оны басқа тілден келген сез деп жұртты сендірудің Өзі қиын. Одан әк тас (тау жынысы) деген жаңа термин пайда болды. Ауыл шаруашылығында топыраққа әк қосып, егістікті өңдеу әдісі табылды. Оны әктеу дейді.

Қазақстанның оңтүстігінде құбыр деген сәзді халық бұрыннан біледі. Тараз қаласында (Жамбыл қаласының ескі орны) осыдан мың жылдай бұрын-ақ су құбыры болғандығын ғалымдар анықтап отыр. Ал біз болсақ елуінші жылдарға дейін бұл терминді қолданғанымыз жоқ. Соңғы жылдары ғана су құбыры, газ құбыры, мұнай құбыры дей бастадық, бірақ құбыр әлі де сөздіктерден өзінің заңды орнын алған жоқ. Мұндай ескіре барып ұмытылған, елеусіз қалып, қайта тірілген сөздер аз ба?

«Кен байлығы — жерде, сөз байлығы — елде» деп халық бекер айтпаған. Сөз асылы да, ана тіліміздің таусылмас бай қазынасы да — халықта, халық тіліпде. «Осы байлықты зерттей берсек екен, тексере жүріп, жинай берсек екен, жинағанымызды қажетімізге жарата білсек екен» деген тілек айтқым келеді.

Шөлмек деген сөзді білмейтін қазақ жоқ. Бірақ оған сөздіктерде тиісті орын берілмей жүр. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (ІІ-том, 494-бет) шөлмек «арақ-шарап шынысы, бөтелке» деп түсіндіріледі де, «облыстық» деген ескертпе айтылады. Бұл сез «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың ертеден келе жатқан аңызында кездесетіні барша жұртқа мәлім. Шөлмек сезін біз Ақан сері, М. Әуезов, I. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ә. Сәрсенбаев сияқты ақындар мен жазушылардың шығармаларынап да жиі кездестіреміз. Сонда осы сөздің «облыстық» ясы олде қайда кеңіген жоқ па?

Балшықтай иленіп, қалыптан шыққан құрылыс материалын қыш не кірпіш дейміз. Тілшілердің айтуынша бұл сөздердің екеуі де қазақ тілінде қалыптасқан сөздер. Қыш қазақ тілінде ертеден келе жатқан термин. Кірпіш қазақтарға Россиядан тікелей немесе татарлар арқылы кейінірек келген сәз, Осыған қарағанда қыш тілімізде өзінің заңды орнын алуға хақы бар, оны тиісті жерінде толық пайдалануымыз керек.

Бізде руль деген сездің баламасы жоқ. Орысша руль деп әдетте су мен әуе кемелерінің және автомашинаның жүрісін басқаратын тетігін айтады. Ондай рульдің қайықта да болатыны белгілі. Мұны Сыр қазақтары бұлқын дейді екен. Біз білмейтін осы сияқты қызық та, керек сездер халықта әлі де аз емес. Үлкен өзен-көлі жоқ жердің қазақтары сазан, шортан, шабақ дегендей төрт-бес ғана балықтың атын біледі. Мысалы, Қаспий, Арал, Балқаш, Зайсан — Қазақстанның балық кәсіпшіліктерінің орталығы. Ал енді осы еңірлердегі балықшылардың тілі балық кәсібіне байланысты терминдерге аса бай. Олардың білетін сезі бізге жат емес, бәрімізге еншілес ортақ сездер. Балық терминдерін солардан алмағанда қайдан аламыз?

Орыс тілі — мейлінше бай тілдердің бірі. Ол нормаланған, қалыптасқан тіл. Сондықтан оның бір сөзің басқаша жазу, орынсыз пайдалану мүмкін емес. Бұл жағыпап да орыс тілі басқа көп тілдерге үлгі бола алады. Ал қазақ тіліне келсек, дәл осындай бір ізділік, тұрақтылық әлі байқалмайды.

Совет өкіметі жылдарында қазақ тілі, басқа туысқан тілдер сияқты, жан-жақты дамып, емлесі қалыптасып, сөздерінің мағынасы даралана бастады. Бірақ әлі де болса түрліше айтылып, түрліше жазылатын сездер тілімізде аз емес; жазу алалығынан арыла алғанымыз жоқ. Бұл жағдай әсіресе қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінен кебірек кездеседі. Бұл әдеби тілдің қалыптасу кезеңінде байқалатын заңды құбылыс тәрізді. Сондықтан да мұндай сөздердің (айтылу, жазылуындағы) тұлғалық варианттарын ыңғайына қарай орынды пайдалануға болатын тәрізді. Оны тіл тәжірибесі көрсетті де. Мәселен, арабтың деген сәзін алсақ, ол кеп уақытқа дейін қазақша өкімет, үкімет, хүкімет делініп, үш түрлі айтылып, жазылып келді және олар бірде «власть», бірде «правительство» дегеп мағынада қолданылған еді. Қазақ тілінде ол кезде «власть» пен «правительство» деген ұғымдарды беретін дербес терминдер болмады. Осы жайды еске ала отырып, біздің өтінішіміз бойынша тілшілеріміз бен ғалымдарымыз езара кеңесіп, «власть» мағынасында өкімет, «правительство» мағынасында үкімет қолданылсын деп келіскен еді. Бүгінгі күнде бұл екі сөз қалыптасып кетті. Сөйтіп бір-екі сездің болса да айтылуы мен жазылуындағы алалығы жойылып, тілімізде екі анық термин пайда болды. Сондай-ақ, қазақтар арабтың илм деген сезін ғылым, ілім деп екі түрде айтып келген-ді. Енді ол сөздер өзара жіктеліп, «наука»ғылым, «учение»ілім болып тілімізге сіңіп кетті.

Қазіргі шетелдермен қарым-қатынас барынша дамып, ғылым мен техниканың барынша қарыштап өсу дәуірінде тілге сырттан сез енбей тұрмайды. Тек осы сөздерді талғап, таңдап ала білуіміз керек.

Ендігі бір ескертетіи жай — сөздіктің соңында парсы сездерімен аталған кісі аттарының тізімін жәнс қысқаша түсініктерін беріп отырмыз. Сонымен бірге екі немесе үш дербес сөзден тұратын кісі аттарының мағынасын және жеке компоненттерінің төркінін түсіндіре отырып, олардың әрқайсысын жеке-жеке жіктеп, тәптіштеп жатуды артық кердік. Себебі, біріншіден, Сәрсенғали деген есімге айырықша түсінік берудің қажеті жоқ сияқты, ейткені Ғали «ұлы» деген мағынаны білдірсе, Сәрсені — есім несіпің сәрсепбі күні туғанын көрсетеді. Екіншіден, кісілердің аттарында көп кезедесетіи жан сөзі көп мағыналы болып келеді. Мысалы, Жангелді, Бақытжан, Жанжігіт есімдеріндегі «жан» мағына жағынан бірдей емес. Бұлардың әрқайсысының өзінше тарихы, орны бар. Сондықтан бір жақты болмау үшін, ондай құрама сездерден тұратын есімдердің тек түбірлерін көрсетіп, толық мәнін жан-жақты анықтауды, қорытуды оқырмандардың ез еркіне қалдырдық.

Қорыта айтқанда, оқырман қауымына ұсынылып отырған бұл сөздікті жасауда алдымызға қойған мақсатымыз, жоғарыда ескерткеніміздей, қазақ тіліне парсыдан ауысып, ерте кезден сіңісіп кеткен және қазақ әдебиетінде (сирек те болса) кездесетін сөздердің түп-төркінін анықтау және олардың мағынасын ашу, сейтіп қолдан келгенше оқырмандардың білімін байытуға қол-қабыс ету. Бұл мақсатымызды қай дәрежеде, қаншалықты дұрыс орындағанымыздың әділ бағасын беруді оқырман қауымның өздеріне қалдырамыз. Сондай-ақ ескерте кететін бір нәрсе, бұл сездікте ана тілімізге парсыдан келген сөздер мен элементтердің барлығын бірдей түгел қамти алдық деп кесіп айтудаи аулақпыз.

Сөз жоқ, кітапта кейбір олқылықтар, әлі де болса ойланатын, ойласатын жайлар болуы мүмкін. Сондықтан да оқырмандарымыздың бұл сөздік жөніндегі пікірлерін, талаптарын, біз әрқашан асыға күтіп, оларға алдын ала алғыс айтамыз.

Сөз соңында осы еңбегімізді жазу және баспаға әзірлеу үстінде ұйымдасқан түрде талқылап, пікір айтқан, жарық көруіне ат салысқан Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының ғалымдарына, сондай-ақ сөздіктің қолжазбасын зер сала қарап шыққан, еңбегіміздің ғылми дәрежесінің артып, толыса түсуіне дәйекті ақыл-кеңестерімен үлес қосып, қамқорлық көрсеткен жрлдастарға да айырықша алғыс айтамыз.


Автор.

Парсы жазуының кейбір ерекшеліктері

жөнінде
1. Парсылар жазуда араб алфавитін пайдаланады. Оның үстіне араб тілінде жоқ, бірақ парсы тілінде кездесетін төрт дыбысты белгілейтін мына өріптер қосылған. Сонда парсы тіліндегі әріптердің саны 32 (алфавитті қараңыз).

2. Парсыша жазу әдетте оңнан солға қарай жазылады. Сөздердің басында, ортасында, аяғында немесе жеке жазылуына қарай, әріптердің жазылу кескіні де езгеріп тұрады. Олар қай жағдайда қалай өзгеріп, қалай жазылатыны алфавитте көрсетілген. Арабша, парсыша жазудың ең бір қиындығы да осында. Сондықтан әріптердің жазылу түріне айрықша назар аударудың зор мәні бар.

3. Парсылар ез тілінің араб тілінен кептеген фонетикалық айырмашылықтарына қарамастан арабтың әріп-теріп түгелімен өзгертпей пайдаланып келеді. Осыған байланысты парсы тілінде жазудың, оқудың да белгілі ерекшеліктері бар. Біз солардың сөздікті оқуға қажетті жерлеріне ғана тоқталамыз.

4. Парсы тілінде кейбір дыбыстардың бірнеше белгі-лері бар: мысалы, т О және әріптермен беріледі. Олардың әрпі парсы мен араб сөздеріңде бірдей кездесетін болса, әрпі көбіне араб және басқа тілдерден енген сездерде жазылады;

С дыбысы әр түрлі айтылуына байланысты үш түрлі белгіленеді: о олардың о мен әріптерітек араб сөздерінде ғана кездеседі;

3 дыбысы да әр түрлі айтылуына байланысты, және к төрт түрлі әріптермен белгіленіп, олардың мен әріптері тек араб сөздерінде ғана жазылады.

Алфавиттегі джим әрпін транскрипциялағанда әдетте дж қос әріпті таңбамен беріледі. Осы оріппеп келетін сөздерді орысша және басқа сөздіктерде де дж арқылы жазу дәстүрге айналған. Ал араб, парсы сездері қазақ тіліне енгенде «дж» емес, ж болып естіледі және солай жазылады: Жұмабай, Тәжібай т. б. Сондықтан біз алфавитте бұл әріпті джим деп шартты түрде алсақ та, оның қазақ тіліндегі айтылуы ж болатынын ескерген жөн.

Нүктесіз (х) әрпі тек араб сөздерінде ғана жазылады. X дыбысы қазақтың байырғы төл сездерінде кездеспейтіндіктен, осы дыбыспен келетін араб сөздері қазақша әр түрлі айтылуы мүмкін. Мысалы: Ло. әл, хал, өкімет, үкімет, хүкімет; әкім, кәкім, хакім деп айтатын болса, парсылар бұл сөздердің тек бірінші түрін ғана қолданады. Кейбір сөздіктерде бұл дыбыс кейде х, кейде Һ әріптерімен алынады. Сондай сөздер кездескенде түсінікті болу үшін біз алфавитте ха (Һа) етіп бердік. Бірақ есте болатын нәрсе, һ дыбысынан х дыбысы қатаңдау айтылады.

Әйн әрпі де тек араб сездерінде жазылады. Әйн әрпінің транскрипциялық белгісін шартты (ғәйн) арқылы бердік, бірақ олардың айырмашылығын көрсету мақсатымен әйнді алфавитте ғ(әйн) етіп бердік. Қазақ тілінде мұндай дыбыс да, әріп те жоқ. Сондықтан әйн әрпі кездесетін араб сөздері қазақша әр қилы болып айтыла береді: әлем, ғалам; ғұлама, ұлама; ріс ғылым, ілім; ғұмыр, өмір. Егер әйн әрпі сөздің басында келсе, парсы тілінде ол айтылмайды да, оның асты-үстіне қойылатын таңбаларға (харәка) қарай сәлем, іс өмір болып оқылады. Егер әйн әрпі тұйық буынды сөздің аяғында келсе, ол түсіп қалады; мысалы, шәмғ, шәм, шам.

Парсы тілінің емлесі бойынша (б) әрпінің алдында X (н) келетін болса, ол м болып оқылады. деген сөз дүмбе болып айтылады.

Парсыдан қазақ тіліне енген (хат, кітап, шығарма, туынды) — нама, (үй, бөлме, жай) — хана сияқты сөздердің аяғында парсы тілінің емлесі бойынша Һ (а, о) дыбысы жазылады, бірақ ол һ болып оқылмай-ды, қысқа а (казіргі парсы тілінде ә дыбысына жақыны-рақ) болып оқылады. Мұндай сөздердің бәрі де қазақ тіліне жоғарыдағыдай нама, хана түрінде қалыптасқан. Ал енді бұл дыбыс (әріп) парсы сездерінің ортасында, иемесе дауысты дыбыстан кейін сөз аяғында келсе, ол қазақша жазғанда, оқылғанда түсіп қалады: орныиа орнына күнә, күна болып жазылады.

Егер (х) әрпімен (у, уау) әрпі қатар келсе, парсы тілінің емлесі бойынша х әрпінен кейін келетін у әрпі оқылмайды, сондықтан: (хәуар) парсыша хар, қазақша қар болып айтылады.

Парсылар арабтың «Һәмзе» (әмзе) белгісін эр түрлі мақсаттармен, солардың ішінде дауыс тынысын белгілеу және қатар келген екі дауысты дыбысты бір-бірінен айыру үшін пайдаланады. Мысалы: парсыша аина сөзі қазақша айна болып оқылады.

5. Араб, парсы графикасының тағы бір ерекшелігі мен қиыншылығы — ол қысқа айтылатын а, э, о дауысты ды-быстар хатта жазылмайды. Бұл арабша, парсыша жазу-ды, оқуды өте қиындатады. Ол қиындықты құран, әптиек сияқты кітаптарда асты-үстіне белгілер (хәрәкатлар) қою арқылы жеңілдетеді. Олар мыналар:

а) қысқа а дыбысынын орнына әріптердің үстіне қойылатын «зәбәр» белгісіздік жүреді. Қысқа а оқылғанда шартты ә делініп алынады; мысалы,

ә) қысқа э дыбысының орнына әріптердің астына койылатын «зир» белгісі жүреді. Мысалға



(нышан, нысан) деген сөзді алайық. Мұнда ң әрпінен кейін жазылған и әрпі жоқ, бірақ сонда да ол нәшан болып оқылып тұр. Өііткеиі н әрпіиің астына «зир» белгісі қойылған;

б) қысқа о дыбысын білдіру үшін әріптердің үстіне үтір тәрізді «пиш» белгісі қойылады. Ол мына бүт (бұт), 1 гол (гүл) деген екі мысалдан анық байқалады;

в) егер дауыссыз дыбысты білдіретін әріптің үстіпде

(секін) белгісі тұрса, ол сол әріптен кейіи дауысты дыбыстың (әріптің) жоқ екенін көрсетеді.

Оны біз (дәптер) деген сөздің ф әрпінің үстіне қойылуынан анық байқаймыз;

г) Тәщдид «тәштит» белгісі лстында түрған әріптің қосарланып келетінін көрсетеді. Оны біз (дүр) деген сөздердегі р әрпінің рр болып қосарлануынан көріп тұрмыз;

ғ) Мәддә («мәт») белгісі(2)қатар келетін екі әліптің орнына бір әліп жазылып, ол оның үстіне койылғанда сол дыбыстың созылып айтылатынын керсетеді. Ондай әліптер көбінше арман, асман (аспан) сияқты сөздердің басында жазылады;

д) қысқа дауыстылар сөз басында әліп және сәйкесті үсті-асты белгілерімен жазылады: қысқа а— Т («дліп + здбэр») қысқа э қысқа о —Т

Сонда дндэк деген сез болып жазылған болар еді. Егер үсті-асты қойылмаса, бұл сөздердің жазылу түрі былай болады

е) араб тіліндегідей, парсы тілінде де созылыңқы а, и, о дыбыстары бар. Ұзын а дыбысының жазылуы женін-де жоғарыда айтылды («мәдде» қаралсын). Созылыңқы и сездің басында әліп пен йә Л у — әріп пен уау әріптерінің қосылуымен жазылады. Оны узбек (өзбек) дегеп сөздерден көруге болады.

СӨЗДІКТІҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ


1. Сөздіктеті барлық реестр сөздер араб-парсы алфавитінің тәртібімен беріледі.

2. Реестр сез ретінде бірінші орында қазақ тіліне енген және қазақ әдебиетінде кездесетін парсы элементі араласқан сездер беріледі. Реестр сөздер араб-парсы жазуымен беріледі.

3. Реестр сөзден кейін жақша ішінде қысқартылып алынған әріптермен (ппарсы, аараб, қ— қазақ, оорыс т. б. ) сол сөздің тілдік құрамы, яғни қай тілдердің элементтерінен жасалынғандығы көрсетіледі:

(қ — п) аурухана...

(п — а — қ) биғамдық (п — о — қ) бипартиялық...

4. Егер реестр сәз таза парсы (иран) сезі болса, жақша арқылы оның теркіні көрсетілмейді.

5. Жақшадан кейін, немесе реестр сөзден кейін, сол сөздің парсы тілінде жазылуына (мұнда да белгілі шарттылық жоқ емес) сәйкес курсивпен терілген транслитерациясы беріледі: асман, аспан.

6. Транслитерациядан кейін реестр сөздің қазақшасы, яғни қазақ тілінде жазылып жүрген формасы, не формалары келтіріледі. Тіл практикасында жарыса айтылып жүрген мұндай дублеттердің бірінші орында әдеби вариантын беруге тырыстық: ұры-қары, ұры-қар... Транслитерациядан бұл сөздер үтір арқылы бөлініп, қара әріппен теріледі: бикар, бекер...

7. Одан кейін жақша ашылады да, оның ішінде басқа тіл элементтерімен араласа жасалған парсы сездерінің транслитерация ретінде де, қазақша жазылуы бойынша да құрамы көрсетіледі және кейінгісі қара курсивпен теріледі:

(қ —п) укдан, оқдан (уқ + дан, оқ + дан)... Егер реестр сөздің негізгі түбірі қазақ сезі болып, оған алдынан да (префикс), артынан да (қосымша) жалғана-тын парсы элементі тілімізде кеп қолданылатын-хана, -паз, -қар, -кер, -қор, би- бей-тәрізді элементтер болса, мұндай сездердің құрамы жақша ішінде барлық жерде бірдей керсетілмейді: (қ— п) усумхор, өсімқор. Мұқтаждарға өсімге ақша беріп, пайда табатын адам...

8. Бұдан кейін реестр сөздің мағынасы ашылады. Бірінші орында оның негізгі мағынасы, не мағыналары, одан кейін ауыспалы мағынасы (ауыс) беріледі. Реестр сездің қазақ тілінде кейде қолданылмайтын парсы тіліндегі мағыналары да ескеріледі. Қазақ тілінде қалыптасқан мағыналарын ашуда реті келген жерде автор «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1959—1961 жж.) пайдаланады.

9. Реестр сөздің мағынасын ашуға дәл келетін басқа мағыналас синоним сездер табыла қоймаған жағдайда сол сөздің сыпаттамасы беріледі де, ол курсивпен теріледі, кейде жақша ішіне алынады. әлучә, алша. Алша, өсетін жеміс ағашы.

10. Бұдан кейіп реестр сөзге әдебиеттерден бірнеше мысал келтіріледі де, авторы, не еңбектің қысқартылған аты жақша ішінде алынып көрсетіледі. Реестр сөз сол мысалдардың ішінде қара әріппен теріліп көрсетіледі.

Ескертпе: бірен-саран сездердің шекесіне (екі тілде жазылуы бойынша) жұлдызша қойылады — ол сол «сөздің парсы сөзі екендігі әлі талас» деген мағынаны аңғартады. Мысалы: Баһадур*, батыр*...

11. Сөздіктен пайдалануды, яғни онан іздеген сөзіміз-ді тез тауып алу үшін сөздіктің аяғында Индекс берілді. Онда реестр сөздердің қазақ тілінде айтылуы бойынша алфавитке келтіріліп, оның тұсына кітаптың беті көрсе-тіледі.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ШАРТТЫ

БЕЛПЛЕРІ
а — арабша

ауыс. — ауыспалы мағына

«Қ. Ә.» — «Қазақ одебиеті» газеті

«Қ. Ә. Т— Қазақ әдебиетіпің тарихы

«Қ. Т. Т. С» — Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

«Қ. Қ— Қазақша календарь

қ — қазақша

қар. — қараңыз (осы сөзді)

о — орысша және орыс тілі арқылы келген шетел сөздері



ө — өзбекше

«0. Қ.» — «Оңтүстік Қазақстан» газеті п — парсыша



«С. Қ— «Социалистік Қазақстан» газеті т — түркі тілдерінде

«Ү. С. Э.»—Үлкен советтік энциклопедия.

«Ү. Г. Ж.»— Үш ғасыр жырлайды.

«Ш. С» — Шешендік сөздер

«X. М.» — «Халық мұғалімі» журналы

«Л. Ж.» — «Лениншіл жас» газеті.

ПАРСЫ АЛФАВИТІ


Қатар саны

Әріптердің аты

Транс-крипциясы

Әріптердің жазылу түрі

Парсы сөздерінің қазақша айту ықпалы мен кейбір әріптер төмендегіше өзгеріп айтылуы мүмкін

Сөздің аяғында

Сөздің ортасында

Сөздің басында

Жеке түрі

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

32


әлиф

бә

пә



тә

сә

джим



чим

ха (һа)


ха

дал


зал

ра

за



жа

син


шин

сад


зад

тай


зай

ғ (әйн)


ғәйн

фа

қаф



каф

гаф


лам

мим


нун

уау


һа

йа

б

п

т



с

дж

ч



х

х

д



з

р

з



ж

с

ш



с

з

т



з

ғ

ғ



ф

қ

к



г

л

м



н

у, оу


һ

и, й













п

с



ж

ш

а,ә,к,қ,һ,х


д

з


с
с

з

т



з

а,ә,е,о,ұ,ү,

ы,і

қ

б,п


к

о,ө,ұ,ү


ә,е,ү,х

ж,и,й,ы,і





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет