Партия мүшелігіне қабылдау, оларды есепке алу, партиялық билеттерді рәсімдеу және беру тәртібі туралы нұсқаулық Жалпы ережелер Осы Нұсқаулық



жүктеу 166.03 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі166.03 Kb.


«Нұр Отан» партиясы

Саяси кеңесі Бюросының

2014 жылғы «14» қаңтардағы

№ 003 қаулысымен

бекітілді

Партия мүшелігіне қабылдау, оларды есепке алу, партиялық билеттерді рәсімдеу және беру тәртібі туралы нұсқаулық



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына (бұдан әрі – партия Жарғысы) сәйкес әзірленді және «Нұр Отан» партиясы (бұдан әрі – партия) мүшелігіне қабылдау және оларды есепке алу, партиялық билетті рәсімдеу және беру, партия мүшесін есепке алу карточкасын рәсімдеудің тәртібін айқындайды.

2. Бастауыш партия ұйымдары және партия филиалдары осы Нұсқаулықпен белгіленген тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

3. Партия орталық аппараты партия мүшелігіне қабылдау және оларды есепке алу мәселелері бойынша партия филиалдарына ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсетеді, осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес партияға қабылдау, есепке алу, партиялық билетті рәсімдеу және беру, партия мүшесін есепке алу карточкасын рәсімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді.


2. Партия мүшелігіне қабылдау
4. Партияға мүшелік – жеке, ерікті, тіркеуге алу түрінде.

5. Партия Жарғысына сәйкес партия Жарғысының және бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партияның алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға, мақсаттарға қол жеткізуге белсенді араласатын, мүшелік жарналарды уақытылы төлейтін, заңнамалық актілерде айқындалған тұлғалардан басқа жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының азаматы партия мүшесі бола алады.

6. Партияға мүшелік басқа партияға мүшелікпен үйлеспейді.

Партия мүшесінің партиялық билеті партиядағы мүшелікті растайтын партиялық құжат болып табылады.

Партиялық билет партиядағы мүшелік тоқтатылғанға дейін қолданысқа жарамды.

7. Партияға қабылдау мәселесін бастауыш партия ұйымының (бұдан әрі – БПҰ) жиналысы азаматтың осы Нұсқаулықтың № 1 қосымшасына сәйкес формада жазған жазбаша өтінішінің негізінде шешеді. Өтінішке осы Нұсқаулықтың № 2-қосымшасына сәйкес формада жазылған партияның екі мүшесінің ұсынымы қоса беріледі.

Сонымен қатар, өтінішке осы Нұсқаулықтың № 3-қосымшасына сәйкес формада жазылған партияға қабылданатын тұлға туралы мәлімет және жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестерінің Бюролары, сондай-ақ БПҰ Бюролары жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасының азаматы партияға қабылдау туралы өтінішін, өзінің электрондық сандық қолтаңбасын қоя отырып, партияның ақпараттық порталы арқылы онлайн режимде беру мүмкіндігіне ие.

Бұл ретте азамат партияның ақпараттық порталында дербес мәліметтерді толтырады, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың, жеке куәлігінің сканерленген нұсқасын қоса береді, сондай-ақ ұсыным берген екі тұлғаны көрсетеді.

Партияға қабылдау туралы онлайн өтініштер Партия мүшелерін есепке алудың орталықтандырылған деректер қорына (ЕОДҚ) толтыру формасында көрсетілген партия филиалдары қызметкерлерінің қарауына түседі.

БПҰ жиналысында (болмаса БПҰ Бюросында) немесе партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестері Бюроларының отырыстарында қарау барысында азамат өтініштің және екі партия мүшесінің ұсынымдарының түпнұсқаларын беруге міндетті.




  1. Партиялық билетті, партия мүшесін есепке алу

карточкасын рәсімдеу
8. БПҰ жиналысының хаттамасынан немесе партияның, оның филиалдарының Саяси кеңестері Бюроларының, сондай-ақ БПҰ Бюроларының қаулыларынан жасалған үзінділердің негізінде партияға өткен тұлғаға осы Нұсқаулықтың №№ 4, 4-1 қосымшаларына сәйкес формада партиялық билет және осы Нұсқаулықтың № 5 қосымшасына сәйкес формада партия мүшесін есепке алу карточкасы рәсімделеді.

Партия мүшесін есепке алу карточкасының номері партиялық билеттің номерімен бірдей болады.

9. Партия мүшесін есепке алу карточкасын ресімдеуді партияның аумақтық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтері жүзеге асырады.

10. Партияға қабылдау отырыстарда жүзеге асырылған жағдайда қабылдау немесе партиядан шығару туралы тиісті қаулыны дайындауды және рәсімдеуді келесілер қамтамасыз етеді:

1) партияның Саяси Кеңесінің Бюросында – Партия орталық аппаратының Ұйымдастыру-бақылау департаменті;

2) партия филиалдарының Саяси кеңестерінің Бюросында – партияның аймақтық филиалдарында ұйымдастыру-бақылау бөлімдері, партияның аумақтық филиалдарында есепке алу және статистика секторларының меңгерушілері – бас бухгалтерлері;

3) БПҰ Бюросы – БПҰ төрағасы.

11. Партия мүшесін есепке алу карточкасы қара немесе көк сиямен (пастамен) анық және түсінікті, түзетусіз, қатесіз және толық жазылып толтырылады.

12. Партия мүшесі партиялық құжатты жоғалтқан жағдайда ол БПҰ немесе партияның аумақтық филиалына партиялық құжаттың жоғалу себебін көрсете отырып, қалпына келтіру туралы өтініш береді.

Мұндай өтініш белгіленген тәртіпте БПҰ (Бюро) жиналысында немесе партия аумақтық филиалы Саяси кеңесінің Бюросында қаралады және онда партиялық билетті қалпына келтіру (қалпына келтіруден бас тарту) туралы шешім қабылданады.

Егер партиялық билет партия мүшесіне қатысты емес себептермен жоғалған болса, оны қалпына келтіру туралы шешім қабылданады.

Бұл ретте партия мүшесіне бұрынғы номермен, «Дубликат» деген сөз көрсетіле отырып, партиялық билет беріледі.

Партиялық билет немқұрайлы қараудың салдарынан жоғалған жағдайда (яғни, партия беделін түсіретін әрекет жасалды деп танылса) партия мүшесіне партиялық құжатты қалпына келтіруден бас тартылады және партиядан шығару туралы шешім қабылданады.

13. Партия мүшелерін есепке алу партия мүшелерін есепке алу карточкасының негізінде осы Нұсқаулықтың № 12 қосымшасына сәйкес формада ЕОДҚ-да жүзеге асырылады.


4. Партия мүшелерін есепке алу тәртібі
14. Партия мүшелерін есепке алуды осы Нұсқаулықтың № 6 қосымшасына сәйкес формада партия мүшелерінің тізімі бойынша төраға немесе оның тапсырмасы бойынша партия мүшесінің бірі жүргізеді.

15. БПҰ төрағасының міндеттері:

1) партияға қабылдауды ұйымдастыру;

2) осы Нұсқаулықтың № 7 қосымшасына сәйкес формада партияға қабылдау немесе партия мүшелігін тоқтату туралы БПҰ жиналысы (БПҰ Бюросының отырысы) хаттамасының үзіндісін, өтініштердің, екі партия мүшесі берген ұсынымдардың түпнұсқаларын партияның аумақтық филиалына уақытылы жіберу;

3) партияға кіргісі келетіндердің іскерлік қасиеттері мен азаматтық ұстанымдарын білу, олармен түсіндіру сұхбаттарын жүргізу және оларды партияға кіруге дайындау;

4) партияға жаңадан қабылданған партия мүшелеріне, сондай-ақ жоғалғандардың орнына рәсімделген партиялық билеттерді уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету;

5) партияға жаңадан қабылданғандарды, сондай-ақ басқа партия ұйымдарынан келгендерді уақытылы есепке қою;

6) тұратын жерін, жұмысын ауыстыруға байланысты немесе басқа себептермен кеткен партия мүшелерін, сондай-ақ партиядан шығарылғандарды есептен уақытылы шығару;

7) партия мүшелерінің тізімін уақытылы және толық толтырылуын қамтамасыз ету;

8) БПҰ Бюросының немесе жиналыстардың хаттамаларын, партия мүшелерінің тізімдерін, партия мүшелеріне партиялық билет беру журналын жүргізуді қамтамасыз ету;

9) БПҰ есебінде тұрған партия мүшелерінің қозғалысы туралы партияның аумақтық филиалына уақытылы ақпарат беру;

10) партиядағы мүшелігі тоқтатылғандардың тізімін осы Нұсқаулықтың № 6 қосымшасына сәйкес формада жасау және партияның аумақтық филиалына беру;

11) осы Нұсқаулықтың № 8 қосымшасына сәйкес формада БПҰ-дан аудан, қала, облыстың аумағынан тыс кеткен партия мүшелерінің тізімін партияның аумақтық филиалына беру:

12) осы Нұсқаулықтың № 13 қосымшасына сәйкес формада партия мүшесіне партиялық билетті беру журналын толтыру;

13) тоқсанына бір рет БПҰ құрамын салыстыру;

14) партия мүшелеріне партиялық есепке тұру және одан шығу тәртібін түсіндіру;

16. БПҰ-ға келген партия мүшелерін есепке алу партиялық билеттің және партия мүшесін есепке алу карточкасының негізінде жүзеге асырылады.

Партияның аумақтық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтері БПҰ төрағасымен бірлесе отырып, есепке алу карточкасы мен ЕОДҚ-ға тиісті мәліметтерді енгізеді.

17. Партия мүшелерін БПҰ-да және партияның аумақтық филиалында партиялық есептен шығару тізімге, партия мүшесін есепке алу карточкасына және ЕОДҚ-ға тиісті жазбалар енгізу жолымен келесілердің негізінде жүзеге асырылады:

1) БПҰ-дан кеткендер – партия мүшесінің ауызша хабарлауы негізінде;

2) партиядағы мүшелігін тоқтатқандар – өздерінің жазбаша өтініштерінің негізінде (партия Жарғысының 3.6. тармағына сәйкес, 5) және 7) тармақшаларды қоспағанда);

3) партиядан шығарылғандар – БПҰ жиналысының немесе БПҰ Бюросының, партия немесе оның филиалдары Саяси кеңестері Бюросының шешімдері негізінде.

18. БПҰ-да тізім әліпби тәртібінде жүргізіледі.

19. Партия мүшелерін есепке алудың жай-күйіне, бастауыш партия ұйымының құрамы туралы ұсынылған мәліметтің нақтылығына жауапкершілік БПҰ төрағасына жүктеледі.

20. Партияның аумақтық филиалында есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтері партия мүшелерін есепке алуды партия мүшелерін есепке алу карточкалары және ЕОДҚ бойынша жүргізеді.

21. Партияның аумақтық филиалында партия мүшелерін есепке алу карточкаларының картотекасы БПҰ бойынша әліпби тәртібінде жүргізіледі. Картотека темір шкафта (сейфте) сақталады.

Картотекада БПҰ атауы:

1) пластикалық қосымша парақшада жазылуы тиіс (қосымша парақшалардың биіктігінің өлшемі бірдей болуы тиіс);

2) осы БПҰ-ны құру туралы партия филиалдары Саяси кеңесі Бюросы қаулыларының үзінділеріне қатаң сәйкестікте болуы тиіс.

Картотекалардағы есепке алу карточкаларының саны ЕОДҚ-дағы партия мүшелерінің санымен дәл келуі және олардың деректерімен сәйкес болуы тиіс.

22. Партияның аумақтық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтерінің міндеттеріне мыналар жатады:

1) БПҰ жиналысының, партия филиалы немесе бастауыш партия ұйымдары Саяси кеңесі Бюросының хаттамасы үзіндісінің негізінде партияға жаңа қабылданған мүшеге есепке алу карточкасын рәсімдеу;

2) партияға жаңадан қабылданған мүшеге партиялық билетті уақытылы табыстауды қамтамасыз ету;

3) партия мүшелерін есепке алу карточкалары бойынша және осы Нұсқаулықтың №№9, 10, 11, 12 қосымшаларына сәйкес БПҰ бойынша ЕОДҚ-да автоматты түрде қалыптасатын статистика мен есептер негізінде партия мүшелерін есепке алуды жүргізу;

4) партия мүшелерін есепке алу карточкаларын және ЕОДҚ толтыру жолымен партияға жаңадан қабылданған мүшелерді партияның аумақтық филиалында есепке алу;

5) партия мүшелерін есепке алу карточкаларына және ЕОДҚ-ға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы басқа БПҰ-дан келгендерді партияның аумақтық филиалында есепке алу;

6) БПҰ төрағаларының ұсынған мәліметтерінің негізінде партиядағы мүшелігін тоқтатқандарды, қаладан, ауданнан, облыстан тыс жерлерге кеткендерді есептен шығару;

7) партиядағы мүшелігі тоқтағандардың, қаладан, ауданнан, облыстан тыс жерлерге кеткен партия мүшелерінің тізімін жасау;

8) ЕОДҚ арқылы партия мүшелеріне партиядан шығарылғандығы туралы хабарлау;

9) кеткен партия мүшелерінің есепке алу карточкаларын келіп түскен сұратуларға сәйкес уақытылы жіберу:

- қаладан, ауданнан кеткендердікін – тиісті филиалға;

- облыстан кеткендердікін – жоғары тұрған филиалға.

10) БПҰ-да партия мүшелерін есепке алудың жай-күйін тұрақты бақылау;

11) тоқсанына бір рет филиалдың құрамын салыстыра отырып, тексеру;

12) партияға жаңадан қабылданған мүшелерге ЕОДҚ арқылы олардың жеке куәліктеріне сәйкес партиялық билеттер дайындауға тізім жасау;

13) осы Нұсқаулықтың № 13 қосымшасына сәйкес формада партия мүшесіне партиялық билет беру журналын жүргізу;

14) осы Нұсқаулықтың № 14 қосымшасына сәйкес формада партия мүшесін есепке алу карточкасының бланкісіне тапсырысты партияның аймақтық филиалына уақытылы жолдау;

15) осы Нұсқаулықтың № 19 қосымшасына сәйкес формада ЕОДҚ арқылы партия мүшесін есепке алу карточкасының бланкісін пайдаланудың есебін жүргізу.

16) ЕОДҚ және жинақ папкасын жүргізу, БПҰ жиналыстарының (БПҰ Бюросы, партия филиалы Саяси кеңесі Бюросы отырыстарының) хаттамаларынан үзінділердің, партияға қабылдау немесе партия мүшелігін тоқтату туралы қаулылардың, өтініштердің, екі партия мүшесінің ұсыныстарының, есепке алу карточкаларының, партия мүшесіне партиялық билетті беру журналының сақталуын қамтамасыз ету.

23. Партияға жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттер дайындауға тізімді дайындау жауапкершілігі партияның аумақтық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтерге жүктеледі.

24. Партияның аумақтық филиалында партия мүшелерін есепке алудың жай-күйіне, ұсынылған есептердің нақтылығына жауапкершілік партияның аумақтық филиалының төрағасына және төрағаның бірінші орынбасарына жүктеледі.

25. Партияның аймақтық филиалында партия мүшелерін есепке алуды ұйымдастыру-бақылау бөлімі аумақтық филиалдар мен БПҰ бойынша ЕОДҚ-да автоматты түрде қалыптасатын статистика мен есептер негізінде жүзеге асырады.

26. Партияның аймақтық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің міндеттері:

1) партияның аумақтық филиалдарында, сондай-ақ БПҰ-да партия мүшелерін есепке алынудың жай-күйін бақылау;

2) осы Нұсқаулықтың №№ 9, 10, 11, 12 қосымшаларына сәйкес формада БПҰ және аумақтық филиалдар бойынша ЕОДҚ-да автоматты түрде қалыптасатын статистика мен есептер негізінде партия мүшелерінің есебін жүргізу;

3) ЕОДҚ-да аумақтық филиалдар жұмысының тиімділігін бақылау және қамтамасыз ету;

4) облыстан кеткендер, партия мүшелігін тоқтатқандар тізімінің қалыптастырылуын ЕОДҚ арқылы бақылау;

5) келіп түскен сұратуларға сәйкес тиісті аймақтық филиалдарға облыстан тыс кеткен партия мүшелерінің есеп карточкаларын уақытылы жолдау;

6) тоқсанына бір рет партияның аумақтық филиалдары мен БПҰ бойынша партия мүшелерінің құрамын салыстыра тексеруді бақылау және нәтижелерін талдау;

7) партияның аумақтық филиалдары бойынша партияға жаңа қабылданған мүшелердің партиялық билеттерін дайындау үшін ОЕДҚ арқылы тізімнің дайындалуына бақылау жасау;

8) осы Нұсқаулықтың № 14 қосымшасына сәйкес формада партия мүшесін есепке алу карточкасының бланкісіне тапсырысты дайындап, Партия орталық аппаратына жолдау;

9) осы Нұсқаулықтың № 15-қосымшасына сәйкес формада партия мүшесін есепке алу карточкаларының бланкілерін Партияның орталық аппаратынан алу, оларды сақтау және партияның аумақтық филиалдарына беру;

10) осы Нұсқаулықтың № 19 қосымшасына сәйкес формада аумақтық филиалдар бойынша ЕОДҚ арқылы партия мүшелерін есепке алу карточкаларының бланкілерін пайдаланудың есебін жүргізу.

11) ЕОДҚ және жинақ папкасын жүргізу, партия филиалы Саяси кеңесі Бюросы отырыстарының хаттамаларынан үзінділердің, партияға қабылдау немесе партия мүшелігін тоқтату туралы қаулылардың, партия мүшелерін есепке алу карточкаларының бланкілерін беру журналының сақталуын қамтамасыз ету.

27. Партия аймақтық филиалдарында партия мүшелерін есепке алудың жай-күйіне, ұсынылған есептердің нақтылығына жауапкершілік партияның аймақтық филиалының төрағасына және төрағаның бірінші орынбасарына жүктеледі.

28. Партия орталық аппаратында партия мүшелерін есепке алуды Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті жүргізеді, оның міндеттеріне мыналар кіреді:

1) аймақтық, аумақтық және бастауыш партия ұйымдарында партия мүшелерін есепке алудың жай-күйіне бақылау ұйымдастыру;

2) аймақтық, аумақтық филиалдар немесе БПҰ бойынша ЕОДҚ-да қалыптасатын статистика мен есептер негізінде партия мүшелерінің есебін жүргізеді;

3) ЕОДҚ арқылы партия құрылымы және оның құрамы туралы есептерге талдау жасау және жинақтау;

4) тоқсанына бір рет аумақтық және аумақтық филиалдар бойынша партия мүшелерінің құрамын тексере салыстырудың нәтижелерін талдау;

5) партияның аймақтық филиалдарының өтінімдерінің негізінде партия мүшелерін есепке алу карточкаларын дайындау және таратуға жауапты «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» ЖШС-ға өтінімдер дайындап ұсыну;

6) партия мүшелерін есепке алу карточкаларының бланкілерін партияның аймақтық филиалдарына беру;

7) осы Нұсқаулықтың № 19 қосымшасына сәйкес формада ЕОДҚ-да автоматты түрде қалыптасатын есептің негізінде партия филиалдарының партия мүшелерін есепке алу карточкалары бланкілерінің есебін жүргізуіне бақылау жасау.
5. Партия ұйымдарының құрамын салыстыра тексеруді

ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
29. Партияның аумақтық филиалының төрағасы, ол жұмыста болмаған жағдайда – есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтері тоқсанына бір рет партия мүшелерін салыстыра тексеруді жүргізу кестесін бекітеді.

30. Партияның аумақтық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтері салыстыра тексеруді жүргізу кестесін әр БПҰ төрағасының назарына жеткізеді.

31. БПҰ төрағасы тоқсанына бір рет партия мүшелерінің тізімі бойынша партия мүшелерін салыстыра тексеруді жүргізеді.

Бұл ретте БПҰ төрағасының міндеттеріне мыналар жатады:

1) әр партия мүшесі бойынша мәліметтерді нақтылау;

2) БПҰ-дағы партия мүшелерінің, соның ішінде басқа БПҰ-дан келгендердің партиялық билеттерінің болуын тексеру; партиялық билеті болмаған жағдайда – оны қалпына келтіру мәселесін қарау;

3) партияның аумақтық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі – бас бухгалтерімен бірлесе отырып мыналарды тексеру:

- партияның аумақтық филиалында әр партия мүшесінің, соның ішінде басқа филиалдардан келген партия мүшелерінің есепке алу карточкасының болуын тексеру; карточкасы болмаған жағдайда бұрынғы есепте тұрған орнынан нақтылау;

- тізімдегі, есепке алу карточкасындағы, ЕОДҚ-дағы мәліметтердің сәйкестігін тексеру. Қажет болған жағдайда партия мүшелерінің тізіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

4) кеткен партия мүшесінің тұратын жаңа орнын немесе жұмысын анықтау бойынша шаралар қабылдау. Есептен шығу күні мен себебі көрсетіле отырып, кеткен партия мүшелерінің тізімін осы Нұсқаулықтың № 8 қосымшасына сәйкес формада жасау;

5) партия мүшелерін салыстыра тексеруді жүргізу қорытындысы бойынша жиналыс өткізу. Осы жиналыстың хаттамасы осы Нұсқаулықтың № 16 қосымшасына сәйкес формада жасалады және партияның аумақтық филиалына ұсынылады.

32. Партияның аумақтық филиалы БПҰ төрағасымен бірге салыстыра тексеруді жүргізеді:

1) картотекада әр партия мүшесінің есепке алу карточкасының болуын;

2) партия мүшелерін есепке алу карточкасында және ЕОДҚ-да партия мүшелері туралы мәліметтердің сәйкестігін.

Қажет болған жағдайда есепке алу карточкасына мен ЕОДҚ-ға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

33. Партия мүшесінің есепке алу карточкасы болмаған жағдайда БПҰ төрағасы партияның аумақтық филиалымен бірлесе отырып, партия мүшесінің бұрынғы есепте тұрған орынын анықтайды.

Партия мүшесінің бұрынғы партия ұйымының орналасқан жері:

1) осы қала, аудан көлемінде болса – партияның аумақтық филиалы партия мүшесін есепке алу карточкасына және ЕОДҚ-ға тиісті жазбаларды енгізе отырып, есепке алу карточкасын тиісті БПҰ-ға ауыстырып қояды;

2) облыс көлеміндегі басқа қалада, ауданда болса – партияның аумақтық филиалы партияның тиісті аумақтық филиалына есепке алу карточкасын ұсыну туралы электронды сұраным жібереді;

3) басқа облыста болса – партияның аумақтық филиалы жоғарғы тұрған партия филиалына есепке алу карточкасын ұсыну туралы электронды өтінім жолдайды, ал жоғарғы тұрған партия филиалы – партияның тиісті аймақтық филиалына жолдайды.

Келген партия мүшесіне есепке алу карточкасын ұсыну мүмкін болмаған жағдайда партияның аумақтық филиалы оның партиялық билетінің негізінде жаңа есеп карточкасын толтырады.

34. Партия мүшесі қала, аудан, облыс көлемінен тыс жерлерге кеткен жағдайда аумақтық партия филиалы БПҰ-мен бірлесе отырып, кеткен партия мүшесінің жаңа тұратын жері немесе жұмысын анықтау бойынша қажетті шараларды қабылайды.

Кеткен партия мүшесінің нақты тұратын (жұмыс істейтін) орны анықталған жағдайда:

1) партияның аумақтық филиалы тұратын (жұмыс істейтін) жаңа орны бойынша партия филиалын партия мүшесінің оларға кеткені туралы хабарлайды;

2) тұратын (жұмыс істейтін) жаңа орны бойынша партия филиалы оның бұрынғы есепте тұрған орнына есепке алу карточкасын ұсыну туралы электронды сұраным жібереді;

3) бұрынғы партия ұйымы кеткен партия мүшесін сырттай есептен шығарады және оның есепке алу карточкасын тұратын (жұмыс істейтін) жаңа орны бойынша партия филиалына жібереді;

4) тұратын (жұмыс жұмыс істейтін) жаңа орны бойынша партиялық ұйым оны партиялық есепке қояды.

Партияның аумақтық филиалы кеткен партия мүшесін оның тұратын (жұмыс істейтін) орны нақты анықталған жағдайда ғана сырттай есептен шығара алады.

35. Тұратын (жұмыс істейтін) орнын ауыстырған жағдайда уақытылы есепке тұрмағаны (алты айдан астам) үшін кеткен партия мүшесі партиядан шығарылады.

36. Партиядағы мүшелігі тоқтатылғандардың есепке алу карточкалары партияның аумақтық филиалында жеке картотекада партия мүшесі кеткен күнінен бастап кем дегенде бір жыл сақталады, кейін осы Нұсқаулықтың № 17 қосымшасына сәйкес формадағы акт бойынша жойылады.

37. Партияның филиалдары БПҰ төрағаларымен жүйелі жұмыс жүргізуге, соның ішінде партия мүшелерін есепке алу тәртібін үнемі оқытуға міндетті.

6. Партия мүшесін есепке алу

карточкасының бланкілерін

дайындау, тарату және сақтау
38. Партия мүшелерін есепке алу карточкасының бланкілерін дайындау және таратуды Партия орталық аппараты Ұйымдастыру-бақылау департаментінің өтінімі негізінде «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» ЖШС жүзеге асырады.

39. Партия мүшелерін есепке алу карточкасының бланкілері қазақ және орыс тілдерінде типографиялық тәсілмен дайындалады.

41. Партия орталық аппараты партияның аумақтық филиалдарына берген есепке алу карточкаларының бланкілері партияның аймақтық филиалында осы Нұсқаулықтың № 15 қосымшасына сәйкес формадағы есеп журналында тіркеледі.

42. Бланкілер партияның аймақтық филиалдарының темір шкафтарында (сейфтерінде) сақталады, партияның аймақтық филиалдары оларды партияның аумақтық филиалдарына өтінімдері негізінде жібереді.

43. Партия мүшесін есепке алу карточкасының бүлінген бланкілері партияның аумақтық филиалында осы Нұсқаулықтың № 18 қосымшасына сәйкес формадағы акт бойынша күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жойылады.

44. Партия филиалдары осы Нұсқаулықтың № 19 қосымшасына сәйкес формада ЕОДҚ-да автоматты түрде қалыптасатын есептің негізінде партия мүшесін есепке алу карточкаларының бланкілерін пайдаланудың есебін жүргізеді.

45. Партия мүшесін есепке алу карточкасының сақталуына жауапкершілік партия филиалдарының есепке алу және статистика секторының меңгерушілеріне – бас бухгалтерлерге жүктеледі.
7. Партия мүшесінің партиялық билетін

дайындау, тарату және табыс ету
46. Жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттерді дайындау үшін аймақтық, аумақтық филиалдар және БПҰ бойынша тізімдер партияның аумақтық филиалдарының есепке алу және статистика секторларының меңгерушілері – бас бухгалтерлері толтырған деректердің негізінде ЕОДҚ-да автоматты түрде қалыптасады.

47. «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» ЖШС жаңадан қабылданған партия мүшелерінің ЕОДҚ-да қалыптасқан тізіміне сәйкес партия мүшелерінің партиялық билеттерін дайындайды және олардың сапалы, уақытылы дайындалуына жауап береді.

48. Партияның аумақтық филиалдарына партиялық билеттерді таратуды Партия орталық аппаратының Кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті аптасына кем дегенде бір рет жүзеге асырады.

49. Партия мүшелерінің партиялық билеттері оларды бергенге дейін партияның аумақтық филиалдарында темір шкафтарда (сейфтерде) сақталады. Аумақтық филиалдар оларды бастауыш партия ұйымдарына соңғылардың хаттамалары үзінділерінің негізінде береді.

50. Партия орталық аппаратынан алынған және бастауыш партия ұйымдарына берілген партиялық билеттерді тіркеу партияның аумақтық филиалдарында осы Нұсқаулықтың № 13 қосымшасына сәйкес формада есеп журналы бойында жүзеге асырылады.

51. Партия мүшелерінің партиялық билеттері берілгенге дейін оларды сақтау жауапкершілігі партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларына жүктеледі.

52. Партиялық билетті партия мүшесіне беруді келесілер жүзеге асырады:

1) Партия Төрағасы, партия Төрағасының Бірінші орынбасары, оның тапсыруымен – Партия орталық аппаратының лауазымды тұлғалары, партияның сайланбалы органдарының мүшелері;

2) партия филиалдарының басшылары – олардың тапсыруымен – партия филиалдарының лауазымды тұлғалары, партия филиалдарының сайланбалы органдарының мүшелері;

3) БПҰ төрағасы, оның орынбасары немесе БПҰ Бюросының мүшелері.

53. Аймақтық және аумақтық деңгейде партиялық билеттердің уақытылы тапсырылуын бақылауды тиісті партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары жүзеге асырады.

_______________






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет