Партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды



жүктеу 47.85 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі47.85 Kb.

Партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

25 қараша 2014 | 11:11 | Саясат | Қаралған: 2789 | Пікірлер: 0

012345

Партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды



Кеше Өскеменге жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ХVI-шы есеп беру-сайлау конференциясына қатысып, «Партияның 50 тұлғасы» жобасының өңірлік қатысушылармен кездесті.

Есептік-сайлау конференциясына 500-ден астам партия өкілі жиналды. Олардың қатарында облыстық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, мәслихаттардағы депутаттық фракциялар басшылары, партиялық сайлауалды тұғырнама кураторлары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері болды.

Өз сөзінде Бауыржан БАЙБЕК Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына сәйкес «Нұр Отан» партиясы жұмысының бір бағыты – барлық деңгейдегі бюджет қаражатының жұмсалуы мен қолға алынған жобалар сапасын бақылау болатынын атап өтті.

Партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

– Шығыс Қазақстанның еліміздегі алар орны ерекше. Облыс жетістіктері «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының жоғары бағасын алғаны белгілі. Бұл – шығысқазақстандықтардың еңбегі. Мен, сонымен қатар, облыстың бұрынғы әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА да атқарған жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты нақты міндеттер қойып отыр. Сол саяси кеңесте партия соңғы екі жарым жылдағы өз жұмысының есебін беріп, ол Елбасы тарапынан лайықты бағаланды. Партия Төрағасы халық алдындағы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері ешқандай қиындықтарға қарамастан орындалатынын атап көрсетті.

Мен ел Президентінің тапсырмасы бойынша Даниал АХМЕТОВТІ партияның облыстық филиалының төрағасы қызметіне ұсынамын. Ол – Елбасының сенімді серіктерінің бірі. Бірнеше облыстарды басқарды, ең қиын кезеңде төрт жыл Премьер-Министр болды. Соңғы жылдары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі ретінде мол тәжірибесін көрсетті. Ол облысты алға жылжытуға қауқарлы. Сіздер менің ұсынысымды қолдайды деп сенемін, партия қазірдің өзінде аталмыш бағыттағы жұмыстарға белсенді түрде кірісуге тиіс, - деді Бауыржан БАЙБЕК.

Ашық дауыс беру арқылы конференция барысында облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ бірауыздан «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Бауыржан БАЙБЕК төрағаға жаңа партия билетін салтанатты түрде табыс етті.

Бұдан соң Даниал АХМЕТОВ баяндама жасап, алдағы атқарылар шаруаларға тоқталды.

– Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ дәстүрлі Жолдауы – бүкіл Қазақстан халқы асыға күтетін ең басты тарихи бағдарламалық құжат. Ағымдағы жылғы 11 қарашада жария еткен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Елбасы экономикалық дағдарыс, санкциялық саясат белең алып тұрған тұста елімізді күрделі кезеңнен алып шығу үшін алдымызға нақты тапсырмалар қойды. Мемлекет басшысы қойған міндеттердің ең негізгі мақсаты – әлеуметтік тұрақтылықты сақтау. Жаңа экономикалық саясатты басшылыққа ала отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық – мәдени даму қарқынын бәсеңдетпеу. Кез келген жаһандық қауіптерге дайын болу. Бізге қалыптасқан жағдайды ескеріп, Жолдаудағы негізгі тапсырмаларды орындау үшін алдағы жоспарларымызды жан-жақты саралап алу қажет. Бүгінгі жиынның мақсаты – осы, – деген аймақ басшысы Жолдау аясында Шығыс Қазақстан облысы үшін көліктік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту, жалға берілетін үйлердің қолжетімділігін, шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін арттыру, жағымды инвестициялық орта қалыптастыру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру сынды ауқымды мәселелердің айрықша маңызды екеніне назар аудартты. Сонымен қатар, жаңадан сайланған партия филиалының төрағасы бүгінде облыстың түкпір-түкпірінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басты бағыттарын талқылау бойынша кездесулердің өткізіліп жатқанын хабарлады.

Партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

Осыдан кейін облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, облыстық кәсіподақтар қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұржан Түсіпова сөз алып, Жолдауда көрсетілген міндеттерге тоқталды. Оларды орындауға біркісідей жұмылуға шақырды. Мұнымен қоса, ол ауқымды жобаларға бөлінген қаржының жұмсалуына депутаттық бақылау жүргізілетінін атап өтті. Келесі кезекте мінберге көтерілген «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Игорь Шацкий шағын және орта бизнесті қолдау шаралары Жолдауда жан-жақты көрініс тапқанын айтып, енді осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аудандарда кәсіпкерлер үйін ашып, кәсіпкерлер санын 20 пайызға көбейту қажет деген ойларын жеткізді. Жастар атынан сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Бақыт Злобин Жолдауда көрсетілген міндеттер ішіндегі өзекті деген баспана мәселесінің де ұмыт қалмағанын, осы бағдарламаға талай жастың үміт артып отырғанын айтты.

– «Нұр Отан» 15 жылдың ішінде билеуші партия ретінде қалыптасты. 1997 жылы Елбасы алғашқы Жолдауын, яғни, «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялаған кезде оның өміршеңдігіне күмәнмен қарағандар аз болмаған еді. Бірақ сол міндеттерді біз лайықты орындап шықтық. Енді жаңа мақсат-міндеттерді іске асыруға күш салып, мемлекетті бірге құруымыз керек. Жұрттың талап-тілегін жерде қалдыруға болмайды. Өткен жылы партияның қабылдау бөлімдеріне 800 мың азамат келген, биылғы 9 айда 500 мың адам жүгініп, өз мәселелерін шешуге көмек алды. Алдымызда тұрған тағы бір маңызды міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорықтың тамырына балта шабу. Алдағы бес жылда коррупцияға қарсы 15 заң қабылданатын болады, - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК.

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков осы жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Айталық, облыста патияның 20 аумақтық филиалы және 368 бастауыш партия ұйымы қызмет атқаруда. Олар 56 мың нұротандықтың басын қосып отыр. Биылғы қараша айының мәліметтері бойынша нұротандықтардың 50 мыңы жаңа үлгідегі партиялық билеттерді алып үлгерді.

Конференцияда облыстық партия филиалы саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Жаңарған құрамда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері екі есе көбейіп, ондағы мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 пайызға азайды.

Сонымен бірге, конференцияда «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде қабылданғанан 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуын талқыланды және партияның соңғы екі жарым жылдағы облыстағы сайлауалды тұғырнамасының орындалу нәтижелері қорытындыланды. Мысалы, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша 20 қоғамдық кеңес құрамында бірыңғай жемқорлыққа қарсы арнайы құрылым жасақталып, ағымдағы уақытта ойдағыдай жұмыс атқаруда.

Жиын соңында Бауыржан БАЙБЕК «Партияның 50 тұлғасы» жобасының өңірлік қатысушыларымен кездесті. Оның құрамында партия саяси кеңесінің мүшелері, партияның сайлауалды тұғырнамасының бағыттары бойынша кураторлар, партиялық топтардың жетекшілері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, білім беру мекемелерінің, кәсіпорындардың басшылары, жас белсенділер, инженерлер, сондай-ақ, дәрігерлер мен мұғалімдер бар. Кездесу барысында қатысушылар Елбасының жаңа Жолдауын талқылап, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының басымдықтарын талқыға салды және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ержан Әбіш



Бөлісу:
Каталог: images -> kronika -> 2014kaz
2014kaz -> Ер жәнібектің 300 жылдығы Жармада ерекше тойланды
2014kaz -> Қазақтың хас батыры Қабанбайға ескерткіш қойылды 9 мамыр 2014
2014kaz -> Қарауылда «Құнанбай» фильмінің түсірілімі басталды 10 шілде 2014
2014kaz -> Шығыс Қазақстанға жаңа әкім тағайындалды
2014kaz -> Медициналық орталыққа Бағдат Шаяхметовтің есімі берілді
2014kaz -> Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика атындағы манежі ашылды 21 наурыз 2014
2014kaz -> «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы Шығыстан бастау алды 14 ақпан 2014
2014kaz -> Үш көпқабатты үй пайдалануға беріліп, балабақша ашылды
2014kaz -> Шығыстың есігі туристерге айқара ашық 12 ақпан 2014


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет