«Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі



жүктеу 134.43 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі134.43 Kb.


«Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ
Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
Жаңа кітаптар
(қаңтар-наурыз)


Құрметті оқырмандар!


Осы «Жаңадан түскендер тізімінде» 2012 жылдың 1 тоқсанында Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапхана-филиалдарына түскен әдебиеттер ұсынылған.

Әрбір жазбада кітап туралы және оның сақталу орны туралы ақпарат беріледі, мысалы:




60.5 я2 Әлемдік әлеуметтану антологиясы: энциклопедиялық сөздігі 10

Ә 42 томдық. Т. 10 / ред. Г. В. Осипов.- Алматы: Қазақстан, 2008.- 342 б.- (Мәдени мұра).


Сигла: ЦБчз,ЦБкх,м3,м10,м12,м15,м17,К,Пм

әдебиеттің сақталу орны




Павлодар, 2012

2 Биологиялық ғылымдар

26.8 я2 -140783- kaz

А 90 Атамекен [Мәтін]: географиялық энциклопедия / бас. ред. Б. Ө. .Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 647 б.: фотосурет.

Сигла: ЦБчз, м4, м8, ЦДБ, д2, д3, д4, д5, д6, д7, д8, Пд


«Атамекен» географиялық энциклопедиясында баянды еліміздің бай табиғаты, оның ішінде тау-шыңдары, жоталары, шокы-қыраттары, құмды-белесті жазықтары, жусан иісті далалары, дария теңіздері, өзен-көлдері, орман-тоғайлары, жеті қат жер қойнауы, көрікті қорықтары, сәнді саябақтары, Халықаралық және Қазакстанның «Кызыл кітабына» енгізілген өсімдіктері мен жануарлар әлемі, т.б. энциклопедиялық жүйемен, әліпби бойынша берілген. Мақалалар суреттермен безендіріліп, кесте, карталармен толықтырылған. Бұл басылым туған жер, өскен топырағын білгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналады.

26.89(5Каз) -141231- kaz

Л 27

Ләмбекұлы, С.



Қарқаралы [Мәтін] / С., Ләмбекұлы.- Астана: Фолиант, 2011.- 279 б.: фотосурет.- (Менің Отаным-Қазақстан).

Сигла: ЦБчз, м3, м10, м17


Азаттық айқасында жылдап емес, ғасырлап қилы күй кешкен қазақ даласының тағдырлы тарихы тәуелсіздік алғалы ғана ақиқатын аша бастады. Шежіре шерткен сыр құлақ құрышын кандырғандай екен. Осындай шежірелі өлкенің бірі - Сарыарқаның алтын алқасындай Қарқаралы. Жер асты мен жер үстіндегі байлығымен тамсандырып, сұқтандырып, аңдасқан да, арбасқан да, әрі ерікті, әрі еріксіз сеңдей соғысып, семсердей сілтенген күштердің алаңы болған Қарқаралы бая­ны кім-кімді болсын бейжай қалдырмайды. Қарқаралыда туып, Қарқаралының өткеніне үздіге зер салып өткен қаламгер Сапарғали Ләмбекұлы сол мол шежірені терендей тарқатуға тырысыпты және сол үдеден шыққандай.

Еқбек көркемдігімен де, ғылыми-танымдық ұстанымымен де тартымды. Сондықтан ол ғылыми ортаға да, қалың көпшілікке де қызықты болар деп ойлаймыз.
26.89(5Каз) -141230- kaz

Н 17


Назырбаев, Қ.

Катонқарағай [Мәтін] / Қ., Назырбаев.; фотосурет. Ю. К. Зинченко, Г. В. Стариков және т. б.- 8-ші шығ.- Астана: Фолиант, 2011.- 277 б.: фотосурет.- (Менің отаным Қазақстан).

Сигла: ЦБчз, м12, м15, ЦДБ

Республикадағы орман қорының жетпіс пайызы мен жер кіндігі атанып жүрген атақты Мұзтау орналасқан, түркі жұртының атамекені болған және бүкіл әлемді таңғалдырған сақтар патшасы жерленген Берел корғаны табылған, табиғатының таңғажайып әдемілігі мен ұшан-теңіз байлығы жағынан жер жаннаты атанған Катонқарағай өңірі - Алтайдың алтын алқасы деп тектен-текке айтылмаған. Катонқарағай оның үстіне Тәңірдің ерекше жаратқан қасиетті жануары - бұғы-маралдың да Отаны.

Бұл кітап осынау ғажайып өңірдің өткендегі тарихы мен өзіне тән ерекшеліктерін тереңірек білгісі келетін окырмандарға арналады.

28.0(5Каз) я7 -141229- kaz

С 28

Сәтімбеков, Р.



Қызықты биология. Жануарлар әлемі. Төрт түлік [Мәтін] / Р. Сәтімбеков, Р. Әлімқұлова.- Алматы: Таймас, 2011.- 129 б.: фотосурет.- (Танымдық! Қызықты!).

Сигла: ЦБкх, м4, м8, м10, м12, м15, К, д2


Кітапта төрт тулікке қатысты танымдық, тәрбиелік деректер, ұлттық ұғымдар, даналық сөздер, сөзжүмбақтар, басқатырғылар жүйелі түрде көркем және жеңіл тілмен жазылған.

Кітапта әрбір мәтіннің мазмұнын тереңдете түсетін және оқырмандардың қызығушылығын арттыра түсетін түрлі түсті суреттер де берілген.

Кітап ата-аналарға, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына және көпшілік оқырмандарға қосымша көмекші құрал бола алады деп есептейміз.
6 Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар

60.54(5Каз) -141237- kaz rus eng

Қ 18

Қазақстандағы әйелдер қозғалысы әлеуметтік жаңғырудың көрінісі=Женское движение Казахстана как аспект социальной модернизации=The feminist women of Kazakhstan as an aspekt of social modernization [Мәтін] / авт.: К. Н. Бұрханов, З. М. Байсакова және т.б.; қаз. тіл. ауд. Э. С. Сұлтанбаева.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 293 б.: фотосурет.- (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл).



Сигла: ЦБкх, м3, м4, м8, м10, м12, м15, м17
Кітапта Казақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуында ерекше рөл аткарған қазақстандық әйелдердің тарихымен қатар тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде гендерлік саясатты Қазакстанға енгізуге ұмтылған 20 эйелдің өмір тарихы баяндалады. Кітап көпшілік оқырман кауымға арналады. Деректік және библиографиялық мәліметтермен қатар ақпараттык материалдар берілген.
63 Тарих. Тарихтық ғылымдар
63.3(5) -141248- kaz

Б 60 Бичурин, Н. Я. (Иакинф).

Мыңқолдың төрт ханы [Мәтін] / Н.Я., Бичурин.; орыс тіл. ауд. Ә. Тарази.- Астана: Фолиант, 2011.- 395 б.

Сигла: ЦБкх, м3, м4, м8, м10, м12, м17, Пм


Ұлы ғалым Никита Бичуриннің бұл еңбегі белгілі жазушы, аудар-машы Әкім Таразидің тәржімесімен тұнғыш рет казак тілінде басылып отыр.

Кітап мынқолдың төрт ханы Шыңкұз, Үкүтай, Күйүк, Мөңко хаһандар жөнінде терең мағлұмат береді. Кітаптын тілі жеңіл. Көпшілік оқырман кауымға арналған.

63.3(5) -141238- kaz

Б 60 Бичурин, Н. Я. (Иакинф).

Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы [Мәтін] / Н.Я., Бичурин.; орыс тіл. ауд. Ә. Тарази.- Астана: Фолиант, 2011.- 526 б.

Сигла: ЦБкх, м3, м8, м10, м12, м17, К
Никита Яковұлы Бичурин - орыс халқынын ұлы ғалымы. Он үш жыл Қытайда түрып, кытай тілін меңгерген. Аударылып отырған бұл кітап Санкт-Петербург қаласында 1851 жылы басылып шыққан. 1998 жылы «Жазушы» баспасында орыс тілінде жарық көрді. Ал қа­зақ тілінде белгілі жазушы, аудармашы Әкім Таразидің тәржімесімен түңғыш рет басылып отыр.

Кітаптың танымдық дерегі, мағлұматы мол.

63.48(5Каз) я6 -141228- kaz rus eng

Ж 81

Жұмабекова, Г. С.



Есік=Иссык=Esik [Мәтін] / Г.С. Жұмабекова, Ғ.А. Базарбаева, А. Оңғар.; жауапты ред. А. З. Бейсенов; фотосурет. О. В. Белялов.- Алматы: Таймас, 2011.- 199 б.: фотосурет.- (Мәдени мұра=Культурное наследие).

Сигла: ЦБчз, м3, м4, м8, м8, м10, м12, м15, м17, К, М, Пм, ЦДБ


Бугінгі таңда Есік обасы еліміздегі ең танымал археологиялық ескерткіштердің бірі болып табылады. Бұл ескерткіштен табылған олжалар тек халықтық игілікке ғана емес, сондай-ақ ұлттық нышанға айналып отыр. Мұндағы құндылық тек табылған төрт мыңнан астам алтын бұйымдарда емес, олжалардың жиынтығында, оларды жасау барысында және орнына қойылғанда берілген мәнмағынада, әсемдігімен мен көркемдігінде жатса керек. Кәпшілікке танымал болған Есік обасынан табылған бұйымдардың суреттері мен көшірмелерінің көптеп таралуы, адамның алтындалған салтанатты киімінің бірнеше қайта жаңғыртпаларының жасалынғанына қарамастан, көптеген меселелер шешімін таптаған күйі қалып отыр.

63.4(5Каз) -141234- kaz

Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы: Батыс Қазақстан облысы [Мәтін] / авт. М. Н. Сдықов, С. К. Рамазанов, Я. А. Лұқпанова; бас. ред. Қ. Байғабылова.- Алматы: Аруна, 2011.- 511 б.: фотосурет.- (Мәдени мұра).

Сигла: ЦБчз, м3, м4, м8, м10, м12, м15, м17, К, М, Пм, ЦДБ


Басылымда Батыс Қазақстан облысы территориясында сақталып, мемлекеттің корғауына алынған және осы кітапты басып шығару барысында жаңадан анықталған археологиялық, тарихи, қала құрылысы, архитектуралық және монументальді өнер ескерткіштерінің ғылыми-аныңтамалық мақалалары энциклопедиялық бағытта баяндалады.

Бұл жинақта облыстың физикалық-географиялық ерекшеліктері, өлкенің палеолит кезеңінен біздің кезеңге дейінгі тарихы таныстырлады. Кітапта облыста жүргізілген коп жылғы зерттеулер нәтижесінде жинақталған археологиялық ескерткіштер, архитектура ескерткіштерінің нақты зерттеулері, тарих және монументальді өнер туралы кең көлемдегі мәліметтер берілген.

Ескерткіштердің жазбаша анықтамасымен бірге, олардың фотосуреттері және сызба-жобалар беріледі, олардың көбі алғашқы рет жариялануда. Басылым түрлі көрсеткіштер мен библиографиялық дерек көздермен жабдыңталған.

Кітап археология, тарих, этнография, өлкетану, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану салалары мамандарына, ауылдық, қалалық, аудандық, облыстык, әкімшілік қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қызығушылықпен қарайтын әр саладағы оқырмандарға арналған.


63.4(5Каз) -141233- kaz

Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы: Қызылорда облысы [Мәтін] / авт. Ж. Құрманқұлов, К. Байпақов және т.б.; ауд Ж. Жетібаев, Ж. Утубаев және т.б.- Алматы: Аруна, 2011. - 502 б.: фотосурет.- (Мәдени мұра).

Сигла: ЦБчз, м3, м4, м8, м10, м12, м15, м17, К, М, Пм, ЦДБ


Басылым энциклопедиялық сипатта. Онда Қызылорда облысының территориясында сақталған мемлекет қорғауындағы археология, тарих, қала кұрылысы, сәулет өнері және монументті құрылыс ескерткіштері туралы ғылыми-анықтамалық мақалалар қамтылған.

Кітапта әртүрлі көрсеткіштер, библиография, фотосуреттер мен сызбалар қолданылған.

Басылым археологтарға, тарихшыларға, этнографтарға, қала салушыларға, сәулетшілерге, өлке-танушыларға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласының мамандарына, әкімшілік қызметкерлеріне және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады.

63.48(5Каз) -141227- kaz rus eng

С 17 kaz

Самашев, З.

Берел=Berel [Мәтін] / З., Самашев.; ғылыми ред. Ә. Төлеубаев.- Алматы: Таймас, 2011.- 235 б.: фотосурет.- (Мәдени мұра=Культурное наследие).

Сигла: ЦБчз, м3, м4, м8, м10, м12, м15, м17, К, М, Пм, ЦДБ



Кітапқа автордың 1998-2011 жылдары Қазақ Алтайындағы Берел қорымында жүргізғен зерттеулерінің алғашқы қорытындылары енгізілді. Осы мағлұматтар б.д.д.ІV-ІІІ ғасырлардағы көшпелі халықтардың көркемөнері мен мәдениеті, өмір-тұрмысы, жерлеу рәсімдері, діни ғұрыптары мен дүниетанымы туралы ғана емес, сондай-ақ олардың шаруашылық жүйесі, әртпурлі материалдарды өңдеу технологиясы және қоғамның әлеуметтік құрылымы, этникалық құрамы, әсіресе, мемлекеттілігінің ерекшелігі туралы да ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызды. Басылымда өңірдегі ортағасырлық түріктердің мәдениеті мен тұрмысын сипаттауға керекті құнды деректер де қамтылған.
68 Әскери іс. Әскери ғылым


68.4(5Каз) я2 кр -140782- kaz

А 31

К Айбын [Мәтін]: энциклопедия / бас. ред. Б. Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 876 б.: фотосурет.



Сигла: ЦБчз, м3, м4, м8, м10, м12, м15, м17, Пм, ЦДБ, д6, д7
Ана тілімізде алғаш рет шығарылып отырған «Айбын» әскери энциклопедиясы ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери кұралымдарының, Ішкі және Шекара әскерлерінің қатардағы жауынгерлерінен бастап барлық әскери қызметкерлеріне, Әскери академия, әскери жоғары оқу орындары, училищелердін және Кадет кор­пусы курсанттарына, азаматтық жоғары оку орындарының әскери кафедралары студенттеріне, басқа да арнаулы әскери орта мектеп ұландарына, курстар мен факуль­тет тыңдаушыларына қосалкы оку құралы есебіндегі ғылыми дерек көзі ретінде ұсынылады. Сондай-ақ мемлекеттік тідді дамытудың бір саласы - әскери терминдер мен сөз-ұғымдарын қалыптастыруды мақсат тұтқан бұл басылым әскери ғылым және тарих саласын зерттеуші мамандарға, ата-бабаларымыздың ерлігін жалғастырушы жалынды жас патриоттар мен елін, жерін сүйетін жас жеткіншек ұрпаққа, барша кітап сүйер қауымға арналады.

68.9 я2 -140784- kaz

Т 65 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс [Мәтін]: энциклопедиялық анықтамалық / бас. ред. Б. Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 637 б.

Сигла: ЦБчз, м3, м10, м12, м17, ЦДБ


Энциклопедиялық анықтамалықта төтенше жағдайлар, әскери іс, азаматтық корғаныс салалары жөніндегі терминдердің анықтамалығы берілді. Кітапта жоба авторының осы салада қызмет еткен жылдардағы жинактаған материалдары көрініс тауып, оларға түсініктеме жасалды.

Энциклоледиялық анықтамалық төтенше жағдайлар саласында, мемлекеттік қызметте, әскери салада қызмет атқаратындарға, сонымен бірге көпшілік оқырман кауымға арналады.
75 Дене шынықтыру және спорт
75.581 я2 -140781- kaz rus

Ж 33 Жас шахматшы энциклопедиясы=Энциклопедия юного шахматиста [Мәтін] / авт.: А. Бөлекпаев, Ж. Мусин, В. Чундеров; бас. ред. Б. Ө. .Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 553 б.: сурет.

Сигла: ЦБчз, м17, М, ЦДБ, д2, д3, д4, д5, д6, д7, д8, Пд
Бүл басылым жаңадан үйренуші шахматшыға да, тәжірибелі шахматшыға да арналған. Энциклопедия ежелгі үнді ойыны және оның мұрагері шатранджбен танысқан кезде анықтама беру мақсатын көздейді. Дебют және эндшпиль стратегиясының бастамасын, қазіргі шахматтың іс-тәжірибелік партиясында ұтымды шабуыл мен берік корғануды қалай жоспарлау керектігін үйретеді, ойынның реформадануы және компьютрлендірілуі жөнінде әңгімелейді. Сонымен катар басқатырғыш есептер мен қызықты мысалдар келтірілген.

Кітап материалдары мектептің педагогикалық үдерісі мен балалар жаттықтырушылары жұмысында өз орнын алары сөзсіз, өйткені жасөспірімді қисынды ойлануға үйретеді, оның ой-өрісін жүйеге келтіріп, есте сақтау қабілетін арттырады.
78 Кітапхана ісі. Кітапханатану. Библиография


78.3 -141194- kaz rus

К 24 Кәдірбайқызы, Ә.

Қазіргі кітапхана терминдерінің жинағы [Мәтін] / Ә. Кәдірбайқызы, Ж. Кенжалиев.- Алматы: Мектеп, 2011.- 317 б.- (Кітапханалық іс).

Сигла: ЦБдир, ЦБоко, ЦБибо
Кітап - жаңа бағытта жазылып шығып отырған тұңғьтш көлемді сөздік. Кітапханатану жөніндегі терминологиялық сөздік жасау — ел мәдинетінің ғана емес, экономикалық, стратегиялық маңызы бар ұлттық құндылықтардың бірі. «Қазіргі кітапхана терминдерінің жинағы» атал-мыш құндылықтардың бастауы. Сондықтан төл еңбектің кітапханатану саласына тигізер септігі мол болары сөзсіз. Сондай-ақ бұл жинақ сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыруына, кітапханашылар мен оқырмандардың жаңа терминдерді игеруіне мүмкіндік береді.

84 Көркем әдебиет

84(5Каз=Каз)6 -141225- kaz

Қ 66

Қорғасбек, Ж.



Жынды қайың [Мәтін]: әңгімелер, хикаяттар / Ж., Қорғасбек.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2009.- 282 б.

Сигла: ЦБаб, К, М, Пм


Шерияздан Елеукенов, Түрсынжан Шапай, Айгүл Ісімақова сынды әдебиеттанушылардың әдеби-сын мақалаларында жақсы бага берілген; беймаза тірлікке бейтарап қарай алмайтын қаламгердің өзгеше көзқарасы айқын көрініс тапкан; тосын тақырып, күрделі қүрылым, күтпеген шешімі оқырманды да бей-жай қалдырмайтын - жұмыр да шымыр дүниелер топ-тастырылған бұл кітап XXI ғасыр прозасының бір бедері екені дау тудырмас деген үміттеміз.
84(5Каз=Каз)6 -141208- kaz

Б 17


Байғұт, М.

Оқу залы [Мәтін]: әңгімелер / М., Байғұт.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2009.- 343 б.- (ХХІ ғасыр прозасы).

Сигла: ЦБаб, м4, м8, ПМ
Жазушы, көркем әңгіме шебері Мархабат Байғұттың «Оқу залы» атты бұл кітабына кейінгі жылдары жазған шығармалары енгізілді. «Оқу залы», «Тәржіман тірлік», «Жоғалған Жұрнақ», «Сізді сүйген қыз едім», «Салқын масақ», «Банктің иттері» сияқты дуниелері түрлі басылымдар беттерінде жарық көріп, оқырмандар ықыласына бөленген.

88 Психология
88.3 я2 -140780- kaz

П 84 Психология [Мәтін]: энциклопедиялық сөздік / жоба авт. Қ. Б. Жарықбаев, О. С. Саңғылбаев; бас. ред. Б. Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 618 б.

Сигла: ЦБчз, м3, м4, м10, м12, м15, м17, К, М, Пм, ЦДБ, д2
Төл тілімізде тұңғыш рет жарық көргелі отырған энциклопедиялық сөздікке психология ғылымының сан түрлі салалары бойынша қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген негізгі атаулары еніп отыр. Осынау әмбебап сөздік жалпы оқырман қауымға, сондай-ақ орта, арнаулы және жоғары оку орындарының студенттеріне, бакалаврларына, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына, сондай-ақ барша ғылыми қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдеріне, бұкаралык баспасөз қызметкерлеріне арналған.

Құрастырушы: А.С. Бобкова







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет