Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарындағы бірқатар құқықбұзушылықтарды анықтады. Мектепте бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар мен психикасы бұзылғандар жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық прокуратоураның мәліметінше, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған мұғалім мен ек күзетші жұмыс істеді. Бұл еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3-тармақшасының (Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер) талаптарына қайшы. 

Сондай-ақ, мектепте психиатриялық ауытқуы бар "Д" есебінде тұрған бір адам (көмекші персонал) жұмыс істеген. 

  • Қазақстанда оқушыларға сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салынады: Заң Тоқаевтың қол қоюына жіберілді
  • "Дініңізді тастаңыз, сонда ғана біздің қоғамда өмір сүресіз": Қазақстандық оқушы хиджаб кигені үшін қандай қысым көргенін айтып берді

Прокуратура шаралары бойынша аталған тұлғалар жұмыстан шығарылып, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысына әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5-тармағы бойынша (Білім беру заңнамасын бұзу) 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Бұған дейін вице-министр Қазақстан мектептеріндегі жыныстық сауаттылық туралы айтқан еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.