Павлодар облысы



жүктеу 41.82 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі41.82 Kb.
түріКонкурс

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін барлық

мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері

арасында ішкі конкурсты жариялау

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ біліктілік талаптар E-4*** санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығына енгізілген өзгерістерді ескере отырып).





min

max

E-4***


77452

104935


«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

140600, Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы,

Елгин көшесі 172, телефон: 8(71833)21850, 8(71833)22471 (факс).

alzhanova.akr@pavlodar.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

1. бас маман – бас бухгалтер «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, санаты Е-4***, (лауазым индексі № 01-0-7).

Функционалдық міндеттері:

Тауарлы-материалды құндылықтардың, ақшалай және басқа да қаражаттар қозғалысының бухгалтерлік есебін жүргізу, шығындар сметасын орындау.

Есептеу және мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төлемдерді аудару дұрыстығын, бухгалтерлік есептілікті дұрыс құрастыруды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

«Казначейство клиент» жүйесі арқылы есептері бойынша төлемдерді өткізу.

келісім-шарттарды дайындау және «Казначейство клиент» жүйесі арқылы азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу.

Тауарларды, жұмыстарды, (қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды соның ішінде «Веб портал» арқылы өткізу.

Тауарларды, жұмыстарды, (қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді дайындау. Бухгалтерия бойынша номенклатуралық істерді жүргізу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес) барларға рұқсат етіледі Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Е-4*** санатындағылар үшін келесі біліктіліктің болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Качир ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Качир ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет