Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 010 жылғы шілдедегі №358 бұйрығы



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/3
Дата05.04.2018
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3


Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 шілдедегі № 358 бұйрығы

 

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сәйкес және педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуден өткізуді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған:

1) педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық;

2) біліктілік тестілеу құжаттарының негізгі нысандары бекітілсін.

2. Ұлттық тестілеу орталығы (И.Ө. Сағындықов) ұйымдастыру-технологиялық нұсқаулықтарының орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 


Министрдің

міндетін атқарушы

 

М. Сарыбеков

 

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы 3 шілдедегі

358 бұйрығымен бекітілген



 

 

Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуді ұйымдастыру

және өткізу жөніндегі нұсқаулық

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуді (бұдан әрі - тестілеу) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық бойынша төмендегілердің іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ);

2) Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);

3) Ұлттық тестілеу орталығы филиалының (бұдан әрі - ҰТО филиалы);

4) Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық (калалық) білім бөлімдерінің (бұдан әрі - ББ, АББ, ҚББ);

5) Аттестаттау комиссияларының;

6) Базасында тестілеу өткізілетін мектептегі жауапты адамның (бұдан әрі - мектептегі жауапты адам);

7) Педагог қызметкерлердің.

2. Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметтерінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, ҚР Еңбек Кодексін, Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін (бұдан әрі - Ереже), Педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу технологиясын, осы Нұсқаулықты, ҚР БҒМ басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.



Ескерту: Осы нұсқаулықта қолданылған нысандар «Тестілеудің негізгі нысандары» құжатында келтірілген.

 

 

2. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі



 

3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың, яғни ҚР БҒМ, ҰТО, ҰТО филиалдарының, аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, АББ (ҚББ) және мектептегі жауапты адамның бірлесе отырып атқарған жұмыстарын қарастырады.

4. ҚР БҒМ ҰТО-мен бірлесе отырып Нұсқаулықты, нормативтік құжаттар мен Ережені әзірлеп, жетілдіреді.

5. ҰТО «Өтініштерді тіркеу», «Бас компьютер», «Педагог қызметкер базасы», «Тестіленуші» автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) әзірлейді және оны электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі бойынша белгіленген мерзімде филиалдарына жібереді.

6. ҰТО филиалында «Педагогикалық қызметкер базасы» АЖО-сы орнатылады және АББ-дан (ҚББ-дан) мәліметтерді қабылдау жұмыстары ұйымдастырылады.

7. ҰТО филиалы «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сын орналастыру және толтыру үшін көрсетілген мерзімде АББ-нің (ҚББ) жауапты адамына береді.

8. Ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогикалық қызметкер аттестаттау комиссиясына өтініш береді.

9. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы құжаттарды қабылдауды жүргізеді және деректер базасына (бұдан әрі - ДБ) енгізу үшін өтініштерді АББ-ға (ҚББ-ға) жеткізуді қамтамасыз етеді.

10. АББ (ҚББ) «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сы көмегімен «Педагогикалық қызметкер» ДБ-сын қалыптастыра отырып, аттестаттаудан өтуге берілген өтініштен мәліметтерді енгізеді.

11. АББ (ҚББ) Білім басқармасымен біріге отырып, базасында тестілеу өтетін білім беру ұйымын белгілейді. «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сының көмегімен компьютерлік сыныптар қоры қалыптастырылады.

12. ДБ-ға педагог қызметкерлердің барлық мәліметтері енгізілгеннен кейін лектерге бөлініп, тестілеу уақытының кестесі жасалады.

13. АББ (ҚББ) енгізілген барлық мәліметтерді тексеру үшін педагог қызметкерлерге рұқсаттамалар басып шығарады. Рұқсаттамалар АББ-ның (ҚББ-ның) мөрімен және АББ-ның (ҚББ-ның) меңгерушісінің қолымен расталады.

14. «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сының көмегімен қалыптастырылған «Педагог қызметкер» ДБ-сы тасымалдағыштың көмегімен ҰТО филиалына беріледі.

15. Мәліметтер жинақталғаннан кейін филиал деректерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады.

16. Филиалдар жіберген мәліметтер негізінде ҰТО барлық филиалдар үшін «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларын дайындайды.

17. Ережеде белгіленген мерзімде тестілеуге қатысушылардың барлығымен бірлесіп тестілеу өткізіледі.

18. Тестілеу өткізілгеннен кейін «Педагог қызметкер базасы» АЖО-сының көмегімен педагог қызметкерлердің нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу нәтижесінің хаттамасы басылып шығарылады.

19. Барлық лектер өтіп болғаннан кейін филиал қызметкерлері ҰТО-ға мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді жүзеге асырады.

 

 

3. Негізгі функциялар



 

20. Тестілеу процесін ұйымдастырушылар мен атқарушылар бірлесіп қызмет атқаруына қарамай, тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінде өз функцияларын орындайды.

 

 

4. ҚР БҒМ функциялары



 

21. Тестілеуді өткізуге қатысатын барлық қатысушыларды тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік, нұсқамалық құжаттар: педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен, педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу технологиясымен, педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етеді.

22. Республика бойынша тестілеу процесін қадағалайды.



 

 

5. ҰТО функциялары



 

23. «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыру кезеңінде:

1) тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөнінде филиалды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді;

2) тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүруге филиалдарды оқытуды өткізеді;

3) «Педагог қызметкер базасы» және «Өтініштерді тіркеу» АЖО-лары бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастырады;

4) «Педагог қызметкер» ДБ-сын қалыптастыру процесін қадағалайды;

5) телекоммуникациялық желі арқылы «Педагог қызметкер» ДБ-сын жинайды.

24. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңінде:



6) тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу үшін нормативтік құжаттарды дайындайды және жетілдіреді;

7) тест тапсырмасы базасын жасайды және өңдейді;

8) «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларын жасайды және жібереді;

9) тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптар қорының дайындығын қадағалайды.

25. Тестілеуді өткізу кезеңінде:



1) тестілеудің өтуін қадағалайды және алып жүреді;

2) тестілеу нәтижесі бойынша статистикалық деректерді жинайды.

26. Тестілеудің өтуі туралы есеп дайындайды.



 

 

6. Филиалдың функциялары



 

27. «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыру кезеңінде:

1) АББ-ны (ҚББ-ны) қажетті құжаттар мен «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сы бағдарламасымен қамтамасыз етеді;

2) АББ-ны (ҚББ-ны) «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сымен жұмыс істеуге үйретеді;

3) «Педагог қызметкер» ДБ-сын құру жөніндегі жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастырады;

4) «Педагог қызметкер» ДБ-сын қалыптастыру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

5) «Педагог қызметкер» ДБ-ға мәліметтерді енгізу барысын қадағалайды;

6) АББ-дан (ҚББ-дан) мәліметтер қабылдайды;

7) «Педагог қызметкер базасы» АЖО-сының көмегімен алынған мәліметтерді жинақтайды;

8) мәліметтерді ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастырады.

28. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:



1) ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы тестілеу өткізуге арналған бағдарламаларды алады;

2) мектеп бойынша жауапты адамды «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларымен жұмыс істеуге үйретеді;

3) тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптардың дайындығын қадағалайды;

4) тестілеу өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастырады;

5) тестілеу өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

6) ҰТО-ға сұралған мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жібереді.

29. Тестілеуді өткізу кезеңінде:



1) бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

2) мектеп бойынша жауапты адамнан тестілеу нәтижелерін электронды тасымалдағышта немесе электрондық пошта арқылы қабылдайды;

3) педагог қызметкерлердің тест нәтижелерін өңдейді;

4) педагог қызметкерлердің біліктілікке тестілеу хаттамаларын басып шығарады және таратады;

5) телекоммуникациялық желі арқылы тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді жіберуді ұйымдастырады.

30. ҰТО-ға тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін телекоммуникациялық желі арқылы жібереді.



 

 

7. АББ-ның (ҚББ) функциялары



 

31. «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыру кезеңінде:

1) білім беру ұйымдары аттестаттау комиссияларынан аттестаттаудан өтуге өтініш қабылдауды ұйымдастырады;

2) Білім басқармасымен бірге келісе отырып, базасында тестілеу өтетін білім беру ұйымын анықтайды;

3) филиалда «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді үйренеді;

4) «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді филиалдан алады және орнатады;

5) педагог қызметкерлердің өтініштерінен мәліметтерді ДБ-ға енгізеді;

6) базасында тестілеу өткізілетін білім беру ұйымымен компьютерлік сыныптар қорын жиынтықтауды келіседі және компьютерлік сыныптар қоры туралы мәліметті енгізеді;

7) Білім басқармасымен келісе отырып, тестілеу өткізу кестесін жасайды және бекітеді;

8) тіркелген педагог қызметкерлерді лектерге бөледі;

9) педагог қызметкерлердің тіркеу журналы мен рұқсаттамаларын басады;

10) педагог қызметкерлердің тіркеу журналы мен рұқсаттамаларын білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссияларына беруді ұйымдастырады;

11) мәліметтерді ҰТО филиалына береді.

32. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:



1) тестілеу өтетін компьютерлік сыныптар қорының дайындығын бақылайды;

2) тестілеу кестесіне сәйкес педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын аттестаттау комиссиямен біріге отырып қамтамасыз етеді;

33. Тестілеуді өткізу кезеңінде:



1) тестілеу технологиясының сақталуын бақылайды;

2) педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу нәтижелерінің хаттамасын ҰТО филиалынан алады.

 

 

8. Білім беру ұйымы аттестаттау комиссиясының функциялары



 

34. «Педагог қызметкер» ДБ-сын қалыптастыру кезеңінде:

1) педагог қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

2) ағымдағы жылы аттестаттаудан өтуге тілек білдірген педагог қызметкерлерден құжаттар қабылдайды;

3) АББ-ға (ҚББ-ға) аттестаттаудан өтуге өтініш бланкілерін жеткізуді ұйымдастырады;

4) АББ-дан (ҚББ-дан) педагог қызметкерлерді тіркеу журналы мен рұқсаттамаларды алады;

5) педагог қызметкерлерге рұқсаттамаларды беруді ұйымдастырады;

6) педагог қызметкерлердің мәліметтерінде қате болған жағдайда ДБ-ға түзету енгізуді ұйымдастырады;

7) педагог қызметкерлерді тестілеу кестесі туралы хабардар етеді.

35. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:



1) тестілеу кестесіне сәйкес педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

36. Тестілеуді өткізу кезеңінде:



1) педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу нәтижелерінің хаттамасын ҰТО-ның филиалынан алады;

4) педагог қызметкерлерді тестілеу нәтижесі туралы хабардар етеді.

 

 

9. Мектеп бойынша жауапты адамның функциялары



 

37. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

1) ҰТО филиалында «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларымен жұмыс істеуді үйренеді;

2) тестілеу өткізу үшін филиалдан орнатылатын бағдарламаларды және нұсқамалық құжаттарды алады;

3) компьютерлік сыныптағы техниканың жұмысқа қабілеттілігін тексереді;

4) «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-ларын әрбір компьютерлік сыныпта орнатады;

38. Тестілеуді өткізу кезеңінде:



1) бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлердің жұмысқа қабілеттілігін тексереді;

2) «Тестіленуші» АЖО-сы бағдарламасымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді;

3) бағдарламалық қамтамасыз етуді филиалмен бірге алып жүреді;

4) компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді;

5) педагог қызметкерлердің жеке жауап карталарын 2 данада басады: бір данасы - педагог қызметкерге беріледі, екішні данасы - танысқандығы туралы педагог қызметкердің қолы қойылып, ҰТО филиалына беріледі;

6) тестілеу аяқталғаннан кейін деректерді электронды тасымалдағышта немесе электронды поштамен ҰТО филиалына жібереді.

 

 

10. «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыру



 

39. «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыру келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

1) ҰТО-да «Өтініштерді тіркеу» мен «Педагог қызметкер базасы» АЖО-лары әзірленеді, электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі арқылы филиалға жіберіледі;

2) филиалда «Педагог қызметкер базасы» АЖО-сы филиалдың ерекшелігіне қарай орнатылады;

3) АББ-ның (ҚББ-ның) әкімшілігі «Педагог қызметкер» ДБ-ны қалыптастыруды жүзеге асыратын жауапты адамды тағайындайды;

4) ҰТО филиалы АББ-ның (ҚББ-ның) жауапты адамын «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сымен жұмыс істеуге үйретеді;

5) ҰТО филиалы «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сын және нұсқамалық, анықтамалық құжаттарды АББ-ның (ҚББ-ның) жауапты адамына береді;

6) АББ-да (ҚББ-да) «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сы орнатылады және қажетті ақпараттарды енгізу қамтамасыз етіледі;

7) АББ (ҚББ) Білім басқармасымен бірге базасында тестілеу өткізілетін білім беру ұйымын белгілейді;

8) АББ (ҚББ) Білім басқармасымен келісе отырып тестілеу кестесін жасайды және бекітеді;

9) білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлер аттестаттаудан өтуге өтініш толтырады (КТПР-01 нысаны);

10) толтырылған өтініш бланкілерін аттестаттау комиссиясы АББ-ға (ҚББ-ға) жеткізеді;

11) АББ-да (ҚББ-да) «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сының көмегімен «Педагог қызметкер» ДБ-ға педагог қызметкерлердің өтініштерінен мәліметтер енгізіледі;

12) тіркелген педагог қызметкерлерді лектерге бөледі;

13) бір мектептің барлық өтініштері ДБ-ға енгізіліп біткеннен кейін педагог қызметкерлердің тіркелгендігі туралы рұқсаттамалар (КТПР-03 нысан) мен тіркеу журналы (КТПР-02 нысан) беріледі. Рұқсаттамаларды беру қызмет істейтін орнына қарай білім беру ұйымында іске асырылады;



14) Ережеде бекітілген мерзімде өтініш қабылдау аяқталады және соңғы базаны АББ-ның (ҚББ-ның) жауапты адамы электронды тасымалдағышта ҰТО филиалына береді;

15) «Педагог қызметкер базасы» АЖО-сының көмегімен алынған мәліметтер жинақталғаннан кейін педагог мамандар туралы соңғы мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

 

 

11. Компьютерлік сыныптар қорын жоспарлау



 

40. АББ (ҚББ) базасында тестілеу өтетін мектепті белгілейді.

41. АББ (ҚББ) мектеп бойынша жауапты адаммен бірге компьютерлік сыныптарды жиынтықтайды.

42. Тестілеу өтетін білім беру ұйымдарын таңдау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

1) компьютерлік сыныптар бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;

2) сыныптағы орындардың саны 8 компьютерден кем болмауы керек;

43. Тестілеу бірнеше білім беру ұйымының базасында өткізілуі мүмкін, бірақ олардың саны 7-ден көп болмау керек. Білім беру ұйымдарының саны көп болған жағдайда ҰТО-мен келісіледі.

44. АББ (ҚББ) компьютерлік сыныптар қоры туралы мәліметті «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сына енгізеді.

 

 

12. Тестілеу кестесі



 

45. Педагог қызметкерлерді тестілеу кестесін АББ (ҚББ) жасайды және бекітеді.

46. Тестілеу кестесі туралы мәлімет «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сына енгізілуі керек.



 

 

13. Өтініш бланкісін толтыру тәртібі



 

47. Педагог қызметкер аттестаттаудан өтуге өтінішін Ережеде көрсетілген мерзімде, берілген үлгіге сәйкес (КТПР-01 нысан) өз қолымен толтырады.

48. Өтініш міндетті түрде толтырылуы тиіс 10 бағаннан тұрады.



 

р/с

Баған

Мәліметтерді алу көзі

1.

Т.А.Ә.

Жеке басын куәландыратын құжат

2.

Туған жылы

Жеке басын куәландыратын құжат

3.

Жұмыс орны

Оқу орындарының анықтамалығы

4.

Білімі туралы мәлімет

Білімі туралы құжат

5.

Оқу орнын бітірген жылы

Білімі туралы құжат

6.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Еңбек әрекетін дәлелдейтін құжат (Еңбек кітапшасы)

7.

Нақты біліктілік санаты

Берілген біліктілік санаты туралы куәлік

8.

Жоспарлаған біліктілік санаты

Педагог қызметкердің аттестаттаудан өткеннен кейін күтілетін санаты (аттестаттау комиссиясының бұйрығы)

9.

Тест тапсыру тілі

Беретін пәнінің тілі

10.

Тестілеу пәні

Беретін пәні

 

49. Жоғарыда көрсетілген деректердің растығына және дұрыс толтырылуына педагог қызметкер тікелей жауап береді.



Ескерту: Педагог қызметкер туралы өтініште көрсетілген мәліметтер «Педагог қызметкер» ДБ-ға енгізіледі және ары қарай педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу нәтижелерінің хаттамасында көрсетіледі, сондықтан келтірілген мәліметтерді дәлелдейтін құжаттар негізінде толтырған дұрыс.

 

 

14. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру



 

50. АББ-да бір білім беру ұйымдарының өтініштері түгел ДБ-ға енгізілгеннен кейін рұқсаттамаларды ресімдеу жүргізіледі. Рұқсаттамаға АББ-ның (ҚББ-ның) меңгерушісі қол қойып, мөрін басады.

51. Рұқсаттама тіркеу журналымен бірге педагог қызметкерге беру үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына беріледі.

52. Рұқсаттама педагог қызметкерге тіркеу журналына қол қойғаннан кейін беріледі. Рұқсаттама алғанда педагог қызметкерге тестілеу уақыты мен өткізілу орны хабарланады.

53. Педагог қызметкер рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Рұқсаттамадағы мәліметтерден қате табылған жағдайда ол өзгеріс енгізуін талап ете алады.

54. Рұқсаттамадағы қателерді педагог қызметкер түзетеді. Рұқсаттамада өзгертілуге жататын мәліметтерді жазып, аттестаттау комиссиясына береді.

55. Аттестаттау комиссиясы рұқсаттамаларға өзгерістер енгізу үшін АББ-ға (ҚББ-ға) береді.

56. АББ-ның (ҚББ-ның) жауапты адамы рұқсаттамаларға өзгерістер енгізіп аттестаттау комиссиясына береді.

57. Рұқсаттамадағы қателер жөнделгеннен кейін педагог қызметкерге қайта беріледі.



 

 

15. Тестілеуді өткізуге дайындық шаралары



 

58. Аттестациялық комиссияның іс-әрекеті:

1) педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді.

59. Филиалдың іс-әрекеті:



1) тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптардың тестілеуге дайындығын тексереді;

2) бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

3) ҰТО-дан лекті ашу үшін пароль алады;

4) мектеп бойынша жауапты адамнан тестілеу нәтижесін электронды тасымалдағышта немесе электронды пошта арқылы қабылдап алуды ұйымдастырады.

60. Мектеп бойынша жауапты адамның іс-әрекеті:



1) компьютер және басқа да тестілеуге қатысты құрылғылардың тестілеуге дайындығын тексереді;

2) педагог қызметкерлерден жеке жауап картасын қабылдауды ұйымдастырады;

3) «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-ларын дайындайды және орнатады;

 

 

16. Тестілеуді өткізу



 

61. ҰТО филиалының іс-әрекеті:

1) бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүреді;

2) мектеп бойынша жауапты адамнан тестілеу нәтижелерін электронды тасымалдағышта немесе электронды пошта арқылы қабылдайды;

3) ҰТО-дан әрбір лектің дұрыс жауаптар коды бар файлды телекоммуникациялық желі арқылы қабылдайды;

4) педагог қызметкерлердің тест нәтижелерін өңдейді;

5) педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу хаттамаларын басады;

6) педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу хаттамаларын беруді ұйымдастырады;

7) әрбір лектің статистикалық мәліметтерін телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді;

62. Аттестаттау комиссиясының іс-әрекеті:



1) тестілеуден өтетін педагог қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етеді;

2) педагог қызметкерлерді тест нәтижесінен хабардар етеді;

63. АББ (ҚББ) іс-әрекеті:



1) тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптардың алдында тәртіптің сақтайды және қадағалайды;

2) тестілеудің өтуіне қадағалау жасайды;

64. Мектеп бойынша жауапты адамның іс-әрекеті:



1) компьютерлік сыныптардың тестілеуге дайындығын қамтамасыз етеді;

2) тестілеудің басталу уақытын қадағалайды;

3) педагог қызметкерлерді отырғызуды қадағалайды;

4) педагог қызметкерлерге тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін түсіндіреді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

5) «Тестіленуші» АЖО-сы бағдарламасымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді;

6) тестілеу аяқталғаннан кейін мәліметтерді тестілеуге қатысқан компьютерлерден «Бас компьютер» АЖО-сына беруді жүзеге асырады;

7) әрбір педагог қызметкердің жеке жауап картасын басады;

8) педагог қызметкерлерден жауаптарын салыстырып тексергендігі туралы қол қойылған жеке жауап карталарын жинайды;

9) тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір лектің мәліметтерін ҰТО филиалына электронды тасымалдағыштың немесе электронды поштаның көмегімен жібереді.

 

 

17. Педагог қызметкерлерді компьютерлік сыныптарға кіргізу және отырғызу



 

65. Педагог қызметкерлер компьютерлік сыныпқа бір-бірлеп жіберіледі. Мектеп бойынша жауапты адам аттестаттау комиссиясы мүшелерімен бірге педагог қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың негізінде сәйкестіктендіру жұмыстарын жүргізеді.

66. Мектеп бойынша жауапты адам аттестаттау комиссиясы мүшелерімен бірге педагог қызметкерлердің сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Педагог қызметкер кез-келген бос тұрған компьютерге отырады. Педагог қызметкерлерді компьютерлік сыныпқа жіберу тестілеу басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады.



 

 

18. Педагог қызметкерлердің тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережелері



 

67. Педагог қызметкер кез-келген бос тұрған компьютерге отырады.

68. Тестілеу үзіліссіз 2 сағат 40 минут (160 минут) бойына өтеді. Математика, физика, химия пәндері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерге 2 сағат 55 минут (175 минут) беріледі. Тестілеу кезінде компьютерлік сыныптан шығуға тыйым салынады.

69. Бір компьютердегі орнынан екінші компьютер тұрған орынға ауысуға, сөйлесуге, көшіруге, шпаргалка, анықтамалық әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар) пайдалануға тыйым салынады. Бұл ережелерді бұзған жағдайда педагог қызметкер тестілеуден шығарылады.

70. Педагог қызметкер өзін тәртіпті ұстап, мектеп бойынша жауапты адамның түсіндірулерін мұқият тыңдайды.

71. Педагог қызметкер қате жібермей, бағдарламамен аса мұқият жұмыс істеуі тиіс.

72. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог қызметкер өз жауаптарын жеке жауап картасымен салыстыра алады.

73. Жауаптарын салыстырғаннан кейін педагог қызметкер жеке жауап картасында көрсетілген жауаптардың дұрыстығын тексеріп қол қояды.

 

 

19. «Тестіленуші» АЖО-сы бағдарламасымен жұмыс істеу тәртібі



 

74. Тестілеу бағдарламасын қосқаннан кейін автоматты түрде уақыт есептелінеді. Осы уақыттан кейін барлық сұрақтар мен түсіндірулер тоқтатылады. Тестілеуге таза 2 сағат 40 минут (160 минут) уақыт беріледі. Математика, физика, химия пәндері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерге 2 сағат 55 минут (175 минут) беріледі.

75. Педагог қызметкер ереже бұзған жағдайда, мектептің жауапты хатшысы бұл жөнінде аттестаттау комиссиясына ескертеді және тәртіп бұзудың алдын алу жөнінде келіседі.



 

 

20. Тестілеу аяқталғаннан кейін ақпараттарды «Бас компьютер» және



«Педагог қызметкер базасы» АЖО-ларына тапсыру

 

76. Тестілеуді аяқтауына немесе уақыттың мерзімі өтуіне байланысты электронды тасымалдағыштың көмегімен әрбір педагог қызметкердің тестілеу нәтижесі «Бас компьютер» АЖО-сына тапсырылады.

77. Әрбір педагог қызметкерге жекеленген жауап картасы 2 данада басылады: бірі - қол қойылып мектеп бойынша жауапты адамға тапсырылады, екіншісі - педагог қызметкерге қалдырылады.

78. Педагог қызметкер тестілеу аяқталғаннан кейін монитордың экранында көрсетілген жауаптарын жеке жауап картасындағы жауаптарымен салыстырады.

79. Педагог қызметкер салыстырып болғаннан кейін жеке жауап картасындағы жауаптардың сәйкестігін растап қол қояды да, оны мектеп бойынша жауапты адамға тапсырады.

80. Мектеп бойынша жауапты адам педагог қызметкердің жеке жауап картасындағы қажетті секторларды толтырғандығын тексереді және оны папкаға салады.

81. Әрбір лек аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының алып жүруімен тестілеу нәтижелерін және жеке жауап карталары салынған папканы ҰТО филиалына тапсырады.



 

 

21. Тестілеу нәтижелерін өңдеу



 

82. Педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижелерін өңдеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) мектеп бойынша жауапты адам тестілеу аяқталғаннан кейінгі «Бас компьютер» АЖО-сының көмегімен қалыптастырылған файлды филиалға тапсырады.

2) филиал лектің аяқталғандығын ҰТО-ға хабарлайды.

3) ҰТО телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар кодын жібереді.

4) «Педагог қызметкер базасы» АЖО-сы бағдарламасының көмегімен жұмыс бағаланады және педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу нәтижесінің хатгамасы білім беру ұйымы бойынша 2 данада басылып беріледі: біріншісі - АББ (ҚББ) үшін, екіншісі - аттестаттау комиссиясы үшін.

5) педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу нәтижесінің хаттамасына ҰТО филиалы жетекшісінің, аттестаттау комиссиясы мүшелерінің, хатшының қолдары қойылып, ҰТО филиалының мөрімен расталады.

6) содан кейін ҰТО филиалы педагог қызметкерлері біліктілікке тестілеу нәтижесінің хаттамасын АББ-ға (ҚББ-ға) және аттестаттау комиссиясына береді;

7) тестілеу нәтижелері педагог қызметкерлерге тестілеуден өткеннен кейін 3 күннің ішінде хабарланады.

 

 

22. Тестілеу қорытындысы бойынша статистика



 

83. Әрбір лектің нәтижелерін өңдеуді аяқтағаннан кейін филиал статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады.

84. Барлық лек аяқталғаннан кейін ҰТО-ға қорытынды файл телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі.



 

 

Форма КТПР-01



 

________________________________________________________________________________

(аттестаттау комиссиясының атауы)

________________________________________________________________________________

(педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 

ӨТІНІШ



 

Мені 20____ жылы _________________ лауазымы бойынша біліктілік санатына _______________________ аттестаттауыңызды сұраймын.

Қазіргі кезде ___________________________________________ уақытқа дейін жарамды ______________________________ санатым бар.

Өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін (мерзімінен бұрын аттестаттау) мынадай жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын _________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Тестілеуден өтеді:

1) пән бойынша: ___________________________

2) тілі (қазақ, орыс): _________________________

Білімі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек өтілі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет