Педагог тұлғасы туралы постулаттар (әдістемелік құрал)



жүктеу 236.36 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі236.36 Kb.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Ким В.А., Немеребаев М.Н., Ким Э.В.




Педагог тұлғасы туралы постулаттар

(әдістемелік құрал)

Тараз, 2013

УДК 370.1

ББК 75.1

Н45
Рецензенттер: Заикина Н.В., педагогика ғылымдарының кандидаты

Новожилова М.В., педагогика ғылымдарының кандидаты


Ким В.А., Немеребаев М.Н., Ким Э.В.

Н45 Педагог тұлғасы туралы постулаттар (әдістемелік құрал)-Тараз, ТИГУ, 2013-29б.

ISBN 978-601-7325-39-15


Оқу құралы мұғалімдер, болашақ мұғалімдерді дайындайтын педагогика кафедраларының қызметкерлеріне, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған.

Бұл мектеп мұғалімдері, болашақ мұғалімдерді дайындайтын педагогика кафедраларының қызметкерлеріне, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған алғашқы педагогикалық постулаттары бойынша алғашқы оқу құралы. Онда бүгінгі күннің педагогінің кәсіби қызметімен байланысты негізгі постулаттар беріледі.

УДК 370.1

ББК 75.1


ISBN 978-601-7325-39-15

Ким В.А., Немеребаев М.Н., Ким Э.В.

ТИГУ, 2013

мазмұны
1 Алғы сөз

2 Постулат (аксиома)

3 Бедел


4 Қамқорлық

5 Сыпайылық

6 Данышпан

7 Мейірімділік

8 Педагогикалық тәжірибе

9 Педагогтің руханилығы және адамгершілігі

10 Даналық және адамгершілік

11 Сенім және сенімсіздік туралы

12 Педагогтің мінезі

Алғы сөз
Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Жолдауында «Дамыған, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін біз жоғары білімді мемлекет болуымыз керек», - деп атап өткен. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді шешуде заманауи педагог тұлғасы ерекше орын алады. Педагогтің тұлғасы мен оның педагогикалық шеберлігі – педагогика теориясы мен практикасындағы негізгі мәселе болып табылады. Заман талабына сай заманауи педагогиканың әдіснамасы педагогтің тұлғасы мен педагогикалық шеберлікті әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде қарастырады.

Педагогтің тұлғасы мен оның кәсіби қызметіндегі педагогикалық шеберлік мәселесін шешу үшін педагогикалық аксиоманың (постулат) маңызы зор. Ол үйлесімді дамыған өскелең ұрпақты қалыптастыру міндеттерін нәтижелі шешу үшін бүгінгі педагогтің қандай болуы керектігін түсінуге көмектеседі. Педагогтің тұлғасы туралы постулат кең педагогикалық қоғамдастықтың, жалпы қоғамның қатысуымен дамиды. Ол баршаның шығармашылық дербестілігіне негізделеді. Педагогтің тұлғасы туралы постулатты байытуға қатысу үшін өзін-өзі оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзара тәрбиелеудің маңызы зор. Педагогтің мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық постулатты зерделеу, меңгеру, зерттеу және пайдалану үшін күнделікті ақпаратты педагогикалық талдаудың, сонымен қатар әдебиет, сурет өнері, музыка, этнопедагогиканың үлесі мол.

Педагогикалық постулаттар:


  • өз тұлғасын өзгертуге талпынып жүрген және педагогикалық шеберлік мәселесіне түрліше қырлы қайта қарауға дайын мұғалімдер, болашақ мұғалімдерді дайындайтын педагогикалық кафедралардың қызметкерлеріне, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған.

  • еш уақытта тыным таппайтын және мәңгі ізденісте жүрген креативті ойлайтын педагог-практиктерге арналған.

  • педагогикалық ізденіс – ғалымдардың ісі деп есептемейтін патриот педагогтерге арналған, олар бар ынтасымен шығармашылық тұрғыда ойлайтын эксперимент жасаушы болуға қарсы болмайды.

Постулат теория мен практика бірлесе отырып, қалай педагогикалық шеберліктің идеяларын жетілдіре алады деген сұраққа жауап беруі мүмкін. Педагогикалық постулаттың идеяларын құралдың авторлары 50 жылдық практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында пысықтады. Педагогикалық постулаттың барлық авторлары мектеп мұғалімдері, ЖОО, мектептен тыс ұйымдарда, комсомол жұмысында оқытушылар, арнайы мектептердің тәрбиешілері ретінде педагогикалық қызмет саласында жұмыс істеді. Көптеген педагогикалық постулаттар ЖОО, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру институтының қабырғаларында практикалық сабақтардың барысында талқыланған.

Педагогикалық постулат (аксиома) педагогтің тұлғасын «Мен» концепциясы – «өз-өзінің теориясы» тұрғысынан түсінуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Жалпы психологияда «Мен» концепциясының екі формасы ажыратылады: шынайы және идеалды. Кәсіптік педагогикалық «Мен» концепциясы шынайы және идеалды бола алады.

«Шынайы» деген түсінік бұл концепция шынайы дегенді білдірмейді. Мұндағы бастысы – ол педагогтің өзі туралы, «Мен қандаймын» деген түсінігі. Ал идеалды «Мен» концепциясы – бұл (идеалды «Мен концепциясы») педагогтің өзі қандай болғандығынын қалайтындығы туралы концепция («мен қандай болсам»).

Постулаттарда оқырмандар құрал авторларының педагогтің тұлғасы туралы ойларымен танысады, олар халықаралық конференциялардың материалдарында, «жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру», «полирухани білім беру», «полилингвалды білім беру», «педагогикалық қараусыз қалу және педагогикалық қараусыз қалған балаларды қайта тәрбиелеу» тұжырымдамаларында, сонымен қатар монографияларда және әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарда көрініс тапқан.

Педагог мамандығы өз рухани-адамгершілік мәдениеті мен кәсіби шеберлікті үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Педагогтің педагогикалық және рухани-адамгершілік мәдениеті өзара тығыз байланысты. Әрбір педагог мәдениетін дамыту және жетілдіру үшін өзін педагогтің тұлғасы ретінде жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін жеке өзінің кәсіби постулатын анықтап алуы тиіс. Осы құрал мұғалімдер, болашақ мұғалімдерді дайындайтын педагогика кафедраларының қызметкерлеріне, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне нақты көмек көрсетудің алғашқы талпынысы болып табылады.

Авторлар мектеп мұғалімдеріне, білімгерлерге және білім беру саласының қызметкерлеріне педагогикалық постулаттарды дайындауда құнды кеңестері үшін алғыстарын білдіреді.



Постулат (аксиома)
Бедел

  1. Мұғалімнің нағыз беделі дегеніміз – адамгершілік үлгіге негізделген ақиқат.

  2. Педагогтің тиянақтылығы – ол өз мамандығына қатысты әдептілігі.

  3. Педагогикалық альтруизм – кәсіби патриотизм сезімінен туындайтын өз тәрбиеленушілеріне берілетін нақты көмек.

  4. Кәсіби аскетизм – адамды тәрбиелеуде ерікті жоққа шығару.

  5. Педагогикалық аскет қоршаған адамдардан шексіз және үздіксіз рақат алу үшін адамдар әлемінен бас тартады.


Қамқорлық


  1. Педагогикалық мақтаншақтық – ол өзінің бойында жоқ қасиеттерге дәмегөйлік.

  2. Педагогикалық қырағылық – балалардың педагогикалық қараусыз қалуын алдын алуға үнемі дайын болу.

  3. Педагогикалық кәсіби жұтаңдық – барлық адами дарындарды жою.

  4. Педагогикалық ақылдың үнсіздігі – жүректің қайырымдылығын туғызушы үндеулердің жоқтығы.

  5. Педагогикалық адамгершілік дегеніміз – жігерді ортақ мақсатқа бағыттау. Өзінің жеке мақсатына ұмтылатындар педагогикалық тұрғыдан адамгершіліктен жұрдай. Мақсаты ақыл-есті адамдардың мақсаттарына сай келмейтін ұстаздар педагогикалық тұрғыдан адамгершіліктен жұрдай.

  6. Адамгершілікке ненің жатпайтынын білу үшін педагог өзінің педагогикалық қызметінде неге жол бермеу керектігін білуі тиіс.

  7. Педагогикалық қамқорлық дегеніміз – тәрбиеленушілердің табиғи құндылығын мойындау арқылы қарым-қатынастың олардың өздеріне арналуы.

  8. Педагогикалық мамандыққа деген сүйіспеншілік пен тәрбиеленушіге деген сенім өзара тығыз байланысты.

  9. Мінезсіз педагог – ұстамды кәсіби ережелері жоқ педагог.

  10. Адал педагогті қудалауға болады, бірақ қорлауға болмайды.

  11. Өнегелі педагог өз оқушыларына менсінбеушілік танытпайды, ал өзінен жоғары тұрғандарға жағымпазданбайды.

  12. Педагогке алғыс тәрбиеленушілердің жүрегінде сақталуы.

  13. Педагогтің игі істері саналылыққа жол сілтейді.

  14. Орасан зор жарылқаушылық ризашыл емес, кекшілдерді туғызады.

  15. Педагогикалық саналылық – басқару және бағыну ісіндегі үйлесімдік.

  16. Педагогикалық саналылық – өз тәрбиеленушілерінің оң көзқарасынан айырылмау және олардың өздері үшін сақтап қалу.

  17. Педагогикалық мейірбандық – ұнатпаған жағдайда да жақсылық жасауға дайын болу.

  18. Педагогтің көмегіне зәру адам оның жақыны болып табылады.


әдептілік


  1. Педагогтің адамгершілік кәсіби өмірі үшін істің маңыздылығы оның заттық маңызы мен мүмкін болатын салдарымен емес, ізгілік дәрежесімен өлшенеді.

  2. Педагогтің әдептілігі – кез келген адамға құрмет көрсетуді символды шартты түрде білдіру.

  3. Ұлы педагогтер – руханият пен адамгершіліктің кез келген материалды күштен артық екендігін түсінетін педагогтер.

  4. Пайдалы болу – пайдалы мұғалім (педагог) болу; тамаша педагог болу – тек қана тамаша педагог болу; алайда пайдалы және тамаша педагог болу – ұлы педагог болу.

  5. Ұлы педагогтер кішік болады.

  6. Нағыз тәрбиелік кең пейілділік адамдарға өзінің қолы жетпейтін нәрселердің бәрін қызғанышсыз, шың жүректен тілеумен ерекшеленеді.

  7. Кіші нәрседегі адалдықтан педагогтің ұлы істеріндегі кәсіби табысы туындайды.

  8. Педагогтің ұлылығы – оның шығармашылық тұрғыдан ойлай білуінде.

  9. Кәсіби сенім – педагог ғибратының тұрақтылығы.

  10. Педагогтің нанымы – сенім емес, бірақ өзінің кәсіби ақиқатын ұғыну.

  11. Мамандығына берілгендік – педагогтің артықшылығы, ал адалдықты бастан өткізу – педагогтің ар-намысы.

  12. Педагогтің қиянатшылдығы – балалар мен ата-аналардың сенімін саналы түрде алдау.

  13. Әрбір педагог өзінің кәсіби қызметінде жасамаған жақсылықтарға айыпты.

  14. Педагогтің жоғары талғамы оның ақылдылығынан бұрын пайымдарының айқындылығын білдіреді.

  15. Педагогтің кәсіби талғамы – ол кәсіби ар-намыс.

  16. Педагогтің жігері – дұрыс ой-пікірмен ұштастырылған мақсаткерлік.

  17. Тәрбиелеу дегеніміз – рухани-адамгершілік мінез-құлық ережелерін меңгеру.

  18. Рухани-адамгершілік тәрбие баланың бойында жоқ қатардағы қабілеттерді қалыптастыру емес, оның қабілеттерін қуаттандыруды білдіреді.

  19. Педагогтің ең үлкен сәтсіздігі – ол сәтсіздіктің жоқтығы.

  20. Педагогикалық ұстамдылық – ол сәтсіздікке ұшырағанда шыдамдық таныту қабілеті.

  21. Педагогтің кәсіби ұстамдылығы – нағыз пайымдарының еңсерілмейтін күші.

  22. Педагогикалық ұстамдылық – сәтсіздікте байсалды болу.


Данышпан


  1. Педагогикалық дарын – өз шамасын білетін парасаттылық.

  2. Он бес минут бойы педагог болудан гөрі бір апта бойы нағыз педагог болу қиын.

  3. Тек қана жалған педагогтер өзінің тәрбиелік сенімділігінен таймайды.

  4. Әрбір педагогке жаңылысу тән, бірақ ақыл-парасаты шектеулі педагог қана өз жаңылысуында қарысып қалады.

  5. Педагогтің ақылсыздығы – оны бәрі көрсін деп алдында тұруы, ал педагогтің даналығы – өзі көру үшін артта тұруы.

  6. Педагогтің немесе ата-ананың ашуы – ол бір мезетке есалаң болу.

  7. Ақыл-парасаты шектеулі педагогтің ашуы – оның сөзінде, ал зиялы педагогтің ашуы – оның ісінде.

  8. Кіші пейілді педагог тіпті бөтен кемістіктерді ұғады, тәкаппар педагог – жеке өзінің кемістіктеріне ие болады.

  9. Нағыз педагог өзінің абыройымен мемлекетке қызмет етеді.

  10. Өз кемшіліктерін жасыратын педагог сол кемшіліктерінен айырылғысы келмейді.

  11. Балаларға деген махаббат олардың барлық күнәларын кешіруі тиіс, бірақ махаббатқа қарсы күнә кешірілмейді.

  12. Педагогтің немесе ата-ананың дөрекілігі – оны қоршаған адамдарға (балаларға) ұнайтын немесе ұнатпайтын нәрселермен санаспау.

  13. Кәсіби педагогикалық пән – педагогтің адамгершілік заңдылықтарына өз еркімен бағыну.

  14. Оқушының нағыз пәні – ішкі бостандықты, яғни рухани байсалдылықты білдіру және өзін-өзі басқару.

  15. Педагогтің мейірімділігі – балалардың бақытына бағытталған кәсіби жігер.

  16. Кәсіби өмір педагогті көп нәрсені өз еркімен жасауға мәжбүрлейді.


Мейірімділік


  1. Ақыл-ой болмаса мейірімділіктің мәні жоқ. Тура осыны ата-аналардың өз балаларына деген мейірімділігіне қатысты айтуға болады.

  2. Мейірімділік жасай алатын емес, зұлымдық жасай алмайтын педагог мейірімді педагог болып табылады.

  3. Педагогтің сенімі – ол батылдық, адалдық дегеніміз – ол ақыл-ой күші.

  4. Педагогтің сүйіспеншілігі ешқашан ақымақтық болып көрінбейді, ал егер сенім балаларға деген сүйіспеншілікпен байланыстырылмаса, ол әрқашан ақымақтық болып көрінеді.

  5. Педагогикалық сенім – кімнен игілік күтсек, соны сыйлау.

  6. Кәсіби педагогикалық борыш – педагог өзіне әмір ететін нәрсеге сүйіспеншілік.

  7. Педагогтің кәсіби борышы – ол жалпы мінез-құлық ережелерін құрметтеу.

  8. Педагогтің абыройы туралы оның жақсы қасиеттеріне қарай емес, сол қасиеттерді қалай қолданатындығына қарай бағалау керек.

  9. Адамгершілік және кәсіби абырой – педагогтің жеке өзінің адамгершілік заңына деген құрметі.

  10. Өзінің қоғамдағы борышын саналы сезетін педагог өзінің бағасын біледі.

  11. Абыройлы педагог деп кемшіліктері жоқ педагогті емес, абыройы бар педагогті айтамыз.

  12. Оқушыны өзінің досына айналдырудың жалғыз жолы – онымен дос болу.

  13. Тәрбиелеудің объектісі мен субъектісінің ынтымағы – тәрбиенің практикалық істерінде жалпы игілік тілеу.

  14. Отбасы және мектеп тәрбиесі мәселелеріндегі ынтымақ – бала тәрбиесінің практикалық істерінде жалпы игілік тілеу.

  15. Әртүрлі ұлт адамдарының бірігуі олардың бірігуге ұмтылуы емес, ақиқатқа талпынудың негізінде орын алады.

  16. Әртүрлі ұлт адамдарының ынтымағы – практикалық істерде жалпы игілік тілеу.

  17. Тәрбиедегі тілек-қалау дегеніміз – жанның ақыл-ойсыз қозуы.

  18. Ата-ананың тілегі – үміттің бесігі.

  19. Ата-ана баласына өзі білмейтін нәрсені тілей алмайды.

  20. Адал педагогтің адамгершілік қасиеттері заңдарды әбден алмастыра алады.

  21. Педагогикалық қараусық қалудың алдын алу – педагогика ғылымының үлесі.

  22. Педагогтің зұлымдығы надандықтың дөрекі формасы болып табылады.

  23. Тәрбиешінің өмірі балаларды зұлымдықтан құтқаруда көрініс табады.

  24. Педагогтің зұлымдықпен күресі дегеніміз – зұлымдық жасайтын балалардың ойын өзгерту.

  25. Ең жауыз ата-аналар – ол өздерін сүймейтін ата-аналар.

  26. Педагогтің өнері – балаларды мейірімділікті зұлымдықтан ажырата білуге үйрету.

  27. Педагогикалық рақымшылдық– рухани сұлулық; сұлулық – сырттай рақымшылдық.

  28. Балаларға олардың қандай екендігін көрсетсеңіз ғана олар жақсы жаққа қарай өзгереді.

  29. Педагогтің сүйіспеншілігі – тәрбиеленушілерінің бойындағы игіліктерден рахат алу.

  30. Педагогикалық рухсыздық – тәрбие мақсаттарына жету мүмкіндігіне күмән келтіру.

  31. Педагогтің қайырымдылығы – өз тәрбиеленушілеріне үздіксіз тілектестігі.

  32. Балалардың қайырымдылығы өздерінің үйлерінде басталады.

  33. Өз пікірі жоқ педагог әріптестерінің пікірлеріне үнемі қарсы шығады.

  34. Дана педагог барлық оқушыларын бағалайды, себебі әрқайсысының жақсы қасиетін байқайды.

  35. Педагогтің кәсіби табандылығы – міндетті нәрселерді орындаудағы өжеттілігі.

  36. Ақиқат – кәсіби ерліктің жалғыз көзі.

  37. Педагогтің борышы – тәрбиеленушілерінің рухани-адамгершілік қалыптасуын жетілдіру.

  38. Педагогтің борышы байыптылық және рақымшылдықтың арқасында орындалады, себебі рақымшылдық дұрыс мақсат қояды, ал байыптылық – оған жету құралы.

  39. Педагогтің борышы – әріптестері мен тәрбиеленушілерінің ықпалымен өзін үнемі жетілдіріп отыру және өзгелерді ақыл-есті адамдардың кері әсері арқылы жетілдіру.

  40. Парасатты педагог кінәлі оқушыны теріс қылық жасағаны үшін емес, болашақта қайталамасын деп жазалайды.

  41. Теріс қылық үшін жазаланбау – ол үшін азаптанбау дегенді білдірмейді.

  42. Педагогтің өз оқушыларына зорлықпен шара қолдануы жаңа зұлымдыққа алып келеді.

  43. Педагогтің кез – келген зорлық-зомбылығы кәсіпқойлықтың жоқтығының куәсі.

  44. Педагогтің асқақ мақсаты – дана болу; асқақ даналық – адамгершілікте.

  45. Егер педагог адамгершіліктің негіздерін білмесе, тәрбие туралы педагогикалық ғылым кәсіби қиындықтардың сәттерінде оған жубаныш бола алмайды. Ал руханилық пен адамгершіліктің негіздерін білу педагогтің ерік-жігерін жандандырады.

  46. Педагогикалық ғылымның міндеті – бар нәрсені емес, ол қандай болу керек дегенді білу.

  47. Педагогтің сенбеушілігі – өзі сенбейтін нәрсені білемін деп есептеуі.

  48. Педагогтің ең қауіпті сенбеушілігі – өзіне өзі сенбеуі.

  49. Дәлелдеуге талпынбайтын педагог кінәлі емес.

  50. Педагогтің емін-еркіндігі – өзін қысылып-қымтырылмай ұстаудан туындайтын өз-өзіне сенімділігі.

  51. Тәрбиедегі ең үлкен сәтсіздік – ол сәтсіздікті көтере алмау.

  52. Тәрбиедегі сәтсіздік сәттілікке сенетіндерді ешқашан қажытпайды.

  53. Адамгершілік – құштарлық пен қылықтарда көрініс табатын жан даусы.

  54. Педагогтің жақсы пейілінің оның ниеттеріне қарағанда маңызы зор.

  55. Кәсіби заңдар өз күшімен әдет-ғұрыптарға міндетті.

  56. Педагогке кәсіби білімге ие болу жеткіліксіз, оқушыларға ұнай білу қажет.

  57. Педагогтің адамгершілігі – ол кәсіби ар-намыс.

  58. Педагогикалық адамгершілік – тәрбие тәжірибесінің жаны.

  59. Педагогтің адамгершілігі – педагогтің кәсіби қызметінің тамаша негізі.

  60. Педагогтің адамгершілігін оқушыларға адалдығымен анықтау жеткіліксіз. Сондай-ақ, өзіне үнемі «Адалдығым шынайы ма?» деген сұрақты қойып отыру керек.

  61. Жақсы және иманды – екеуі бір ұғым. Алайда жақсы педагог – ол тәрбиеленушілері үшін жақсы педагог.

  62. Нағыз педагогтің уәдесі адамгершілікке айналады.

  63. Педагогдің зәбір келтіргеннен гөрі зәбір көргені дұрыс.

  64. Педагогтердің оқушыларына қатысты міндеттерінің маңыздысы – сөзі мен ісіндегі шыншылдық.

  65. Педагогикалық оптимизм – болашақ оқушының парадигмасы.

  66. Педагогтің нағыз оптимизмі – өз оқушыларын саналы түрде қалыптастыруға талпыну.


Педагогикалық тәжірибе


  1. Педагогтің тәжірибесі – кәсіби өмірдің негізі.

  2. Тәжірибе кәсіби даналықты ұлғайтады, бірақ оны жетілдіру мүмкіндігін азайтпайды.

  3. Тәжірибесіз педагогикалық білім – өзіне таныс емес педагогикалық жолдағы көретін адаммен іспеттес; білімсіз тәжірибе – өзіне таныс педагогикалық жолдағы соқырмен іспеттес.

  4. Жақсы әрекет етіп, бірақ нашар ойлайтын педагог аса қауіпті.

  5. Педагогикалық оптимизм – ол болашаққа деген кәсіби жігерлену.

  6. Нағыз педагогикалық оптимизм – ол тәрбиеленушісінің тұлғасын қалыптастырудың саналы идеалына ұмтылу.

  7. Педагогикалық тәжірибе – білімнің жарығы.


Педагогтің руханилығы және адамгершілігі


  1. Педагогтің руханилығы және адамгершілігі дегеніміз – кәсіби қызметте болып жатқан барлық нәрсеге шексіз жауакершілік.

  2. Педагогтің даналығы – қатені жасай отырып, оны дер кезінде мойындау. Қатені мойындау және оны жасырмау – адал болу деген сөз.

  3. Нағыз патриот педагогтің адамгершілік борышы – тәрбиеде өз халқына қызмет ету және халыққа тәрбиемен қызмет ету.

  4. Педагогика және психология заңдарын нашар білетін педагог күдіктенуден азап шегеді.

  5. Педагогтің мамандығы – еріктік өнері, өз бетінше әрекет ететін тәрбие субъектісін тәрбиелеу.

  6. Адамгершілікте де, тәрбиеде де жақсылық жасамау зұлымдық жасаумен тең.

  7. Тәрбиеде орын алатын ең дөрекі қате – тәрбиені адамгершіліктен бөлек қарау.

  8. Адалдық – педагогтің ең үздік ар-намысы.

  9. Ар – бұл ата-аналардың ең жақсы мұрасы.

  10. Нағыз кәсіби пайда педагогтің адамгершілікті мінез-құлқысы арқылы жүзеге асырылады.

  11. Маған тиер пайда: адал ғалым деген атағымды сақтау.

  12. Балаларды өз-өздеріне көмектесуге үйретудің маңызы зор.

  13. Педагогтің сәтсіздігі – тәрбиедегі сәттіліктің бастамасы.

  14. Педагогикалық парасаттылық –заңдық әрекеттер көзделмеген жағдайларда педагогтің саналы және әділетті қызмет ету қабілеті.

  15. Педагогтың кәсіби сарыны – оның ақжүректігі мен имандылығында.

  16. Жоғары педагогикалық амал – тәрбиеленушіні өзінің алдында қою.

  17. Педагогикалық мақтау педагогтердің игі ниеттерін нығайтады, сонысымен пайдалы.

  18. Педагогтің кейбір жазғырулары мақтау болып естіледі, бірақ педагогтің кейбір мақтаулары оқушыны қорлаумен тең.

  19. Педагогтің ақиқаты – педагогтің кәсіби намысы.

  20. Педагогтің құрметі – оның ізгілігі үшін марапат.

  21. Педагогтің құрметі рухани-адамгершілік міндеттерді талап етеді.

  22. Педагогтің ақиқаты – кәсіби қызметтегі ар-ожданның жеңісі.

  23. Педагогтің кәсіби құқығы – ізгілік пен әділдік өнері.

  24. Педагогтің құқығы – тәрбиенің ақиқаттылыығ және әділеттілігі.

  25. Педагогикалық адалдық – тәрбиеленушіге сенім туғызатын барлық нәрсеге өз еркімен құштар болу.

  26. Педагогикалық мамандыққа мәнсіз берілуден бұрыстық алыс емес.

  27. Педагогикалық сатқындық – ол ең алдымен, өз-өзіне сатқындық жасау.

  28. Жек көру – педагогтің ең үнсіз сезімі болуы тиіс.

  29. Педагог тұлғасындағы ең тамаша қасиет – адамгершілігі мол мейірбандық.

  30. Педагог тұлғасындағы барлық тамаша қасиеттер адамгершілікке жатады.

  31. Педагогтің мейірімділігі – оның тамаша әрекеттерінде.


Даналық және адамгершілік


  1. Адамгершілігі өте жоғары деп абыройы мінсіз, барлық рухани-адамгершілік қасиеттерді иеленген педагогті айтады.

  2. Педагогтің үндемеуі – тәрбиеші даналығының стилі.

  3. Дау-жанжал жағдаятында тіл қатпау – өз-өзіне сенімді білдіреді.

  4. Педагогтің даналығы – тәрбиенің жоғары игілігі туралы білімі.

  5. Педагогтің даналығы – ережелерді орнататын практикалық ақыл-парасат, ол барлық тәрбие қызметінің түпкілікті мақсатымен өлшемдес.

  6. Педагогикалық даналық – қоғамдық мақсаттарға сәйкес әрекет ету қабілеті.

  7. Педагогикалық даналықтың бірінші белгісі – сөз бен істің арасындағы қайшылыққа жол бермеу және өз кәсіби борышына адал болу.

  8. Қарапайым баланың бойында ғажап қасиеттерді көре білу – педагогикалық даналықтың белгісі.

  9. Педагогтің кәсіби даналығының ең үздік дәлелі – оның рухани әлемін үздіксіз жетілдіруі.

  10. Педагогтің кәсіби даналығының ең үздік дәлелі – үнемі руханилыққа бейімділігінде.

  11. Педагогикалық даналықтың алғашқы қадамы – зұлымдықпен күрес; соңғы қадамы – тәрбиеленушілерге төзімділік таныту.

  12. Кәсіби даналық – өз өмірінді қоғам үшін барынша пайдалы етіп өткізу өнері.

  13. Дана педагог барлық тәрбиеленушілерін бағалайды, себебі әрбір тәрбиеленушінің бойында жақсылықты байқайды.

  14. Педагогтің салмақтылығы – ең алдымен, өз сезіміңді жүректің түкпіріне терең жасыра білу.

  15. Педагог-патриот – кәсіби борышты орындаудағы табандылық.

  16. Педагогтің батылдығы – сәтсіздікке ұшыраудан қорқу және ерліктің өлшемі.

  17. Педагогтің батылдығы – ақиқатқа беріктігінде.

  18. Педагогтің батылдығын сынау – сәтсіздікке ұшырай отырып, еңсені түсірмеу.

  19. Батыл педагог әдетте тәрбиеленушілеріне наразылық білдірмей қиналады; әлсіз педагог азап тартпай-ақ, өз оқушыларына шағымданады.

  20. Ойшыл педагог кінәлі оқушыны теріс қылық жасағаны үшін емес, болашақта қайталамасын деп жазалайды.

  21. Өз тәрбиеленушілерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленбеген педагог адамгершілік тұрғыдан жазаланады.

  22. Педагогтің кез-келген зорлық-зомбылығы оның кәсіби күшінің емес, кәсіби дәрменсіздігінің куәсі болып табылады.

  23. Зорлық көрсететін педагог зорлыққа төзетін педагогке қарағанда ерігі кем.

  24. Педагогтің жоғары ілімі – дана болу; педагогтің жоғары даналығы – мейірімді болу.

  25. Педагогикалық ғылымның міндеті – бар нәрсені емес, ол қандай болу керек дегенді білу.


Сенім және сенімсіздік туралы


  1. Педагогтің ең қорқынышты сенімсіздігі – ол өз мамандығына сенімсіздік.

  2. Педагог қашан шара қолдану керек және қашан тәрбиеленушілерін жазалаудан бас тарту керектігін білуі тиіс. Ұқсас жағдайларда әрекет ету және әрекетсіздік бір-біріне қайшы келмейді.

  3. Педагог істемеуге тиісті нәрселерді істемеу керек, сонда ол керекті нәрсенің барлығын істейді.

  4. Педагогикалық сенімсіздік тәрбиеленушілердің сенімін алдайды.

  5. Өз-өзіне сенбейтін педагогке сенуге болмайды.

  6. Ешқандай негізсіз балаларға сенбейтін педагогтер өз-өздеріне сенбейді.

  7. Педагогтің сенімсіздігі – рухани жұтаңдықтың кемістігі; сенімдік – нағыз кәсіпқойдың осалдығы.

  8. Аса сенімсіз болу – педагогтің осалдығы; аса ризашыл болу – педагогтің ақымақтығы.

  9. Үлкен кемшілігі бар педагог сол кемшіліктерді өз тәрбиеленушілерінің бойынан оп-оңай табады.

  10. Рақымды педагог тіпті өзінің осал жерлері мен кемшіліктерінен рухани күш-жігер алады.

  11. Егер педагог біреуді жақсы көріп немесе сыйласа, кейін оның азап шегіп жүргенін білсе, оның сүйіспеншілік сезімі аялаушылыққа айналады.

  12. Өшпенділік – рухани әлсіз педагогтердің ашу-ызасы.

  13. Педагогтің емін-еркіндігі – өзін қысылып-қымтырылмай ұстаудан туындайтын өзіне-өзі сенімділігі.

  14. Педагогтің әділетсіздігі – педагогика заңдарын елең қылмау.

  15. Педагогтің барлық әділетсіздіктерінің ішіндегі ең жанға батарлығы – адамды тәрбиелеу заңының жолында жасалатын әділетсіздік.

  16. Педагогтің әділетсіздігі екі амалмен іске асырылады: зорлықпен немесе жалғандықпен.

  17. Педагог бақытсыздығының мәні – балаларға көмек бергісі келе тура, көмектеспеу.

  18. Педагогтің ең үлкен сәтсіздігі – кәсіби сәтсіздікті көтере алмау.

  19. Өз айыбын білетін және сол үшін өзін жазғыратын педагог шынында да бақытсыз.

  20. Кәсіби жүдеулік – еріншектіктің белгісі.

  21. Педагогтің кәсіби ниеті – құштарлық пен әрекеттерде көрініс табатын жан үйлесімі.

  22. Педагогикалық ниет – мінез-құлық әдеттерінде көрініс табатын педагог мінезінің тұрақты қасиеті.

  23. Балаларға ұнаудың ең дұрыс жолы – балалардың саған қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, оларға тура солай қарау.

  24. Педагогтің адамгершілігі – кәсіби ерік-жігердің парасаты.

  25. Педагогтің адамгершілігі – педагог жүрегінің парасаты.

  26. Педагогтің адамгершілігі қалай бақытты болу керектігін үйретпейді, ол адам бақытына қалай лайықты болуды үйретеді.

  27. Кәсіби адамгершілікті педагогтің өз сенімдеріне деген адалдығымен анықтау жеткіліксіз. Өзіңе үнемі «менің сенімдерім дұрыс па?» деген сұрақ қойып отыру керек.

  28. Педагогтің кәсіби адамгершілігінің негізгі іргетасы – мейірімді кәсіби ерік-жігер.

  29. Нағыз кәсіпқой педагогтің уәдесі кәсіби борышқа айналады.

  30. Педагогтің тәрбиеленушілерінің алдындағы алғашқы міндеттерінің бірі – өз сөзі мен ісіндегі шынайылық.

  31. Педагогтің оптимизмі –болашаққа бағытталған кәсіби ерік-жігер.

  32. Нағыз педагогикалық оптимизм дегеніміз – кәсіби қызметтің саналы идеалына талпыну.

  33. Педагогикалық тәжірибе – ұстаздың ұстазы.

  34. Педагогтер өз кәсіби қызметінде түсінбейтін нәрселерді жиі сынайды.

  35. Балаларға әрдайым көмекке келуге дайын педагог қана оларды сынауға құқылы.

  36. Педагогтің батылдығы ұлы істерден гөрі кіші істерде мойындалады.

  37. Педагогикалық этика – тәрбиеленушінің өміріндегі барлық болып жатқан нәрселерге шексіз жауапкершілік.

  38. Педагогтің торығуы – кәсіби қызметтегі табыстылыққа үмітсіз қорқыныш.

  39. Нағыз патриот педагогтің адамгершілік борышы – тәрбиеде өз халқына қызмет ету және халыққа тәрбиемен қызмет ету.

  40. Педагогтің пессимизмі – оның көңіл-күйі, ал оптимизм – кәсіби ерік-жігері.

  41. Пессимист – өзі туралы түнеріп ойлап, балалар туралы да солай ойлайды, және балаларды сол үшін жек көреді.

  42. Уайымға салынбаған педагогтің жүрегі суық болып қала береді.

  43. Педагогтің мінез-құлқы – өз рухани әлемін көрсететін айна.

  44. Педагогтің адамгершілік мінез-құлқы – имансыздыққа жол бермеу.

  45. Үйреншікті жолмен жүрмей, дұрыс жолды өз бетінше табу және оған саналы ілесу педагогтің адамгершілік мінез-құлқын танытады.

  46. Педагогтің күдікшілдігі – құлықсыздықтың белгісі.

  47. Мұғалім оқушыны ұнатпаса, оны күдікті деп мойындатуға талпынады.

  48. Баланың пайдасы үшін оның теріс қылықтарын бетіне басу дегеніміз – баланы сөгу емес, оған ақыл айту дегенді білдіреді.

  49. Педагогтің кәсіби кемістігі – тілек-қалаулардың бар болуы емес, оларды басқара білмеу.

  50. Кемістіктің болмауы емес, тәрбиешінің сол кемістіктерді жеңе білуі оның абыройын асқақтатады.

  51. Педагогтің кәсіби ар-ұяттылығы – ақ ниеттілігі және дұрыс ойлауы.

  52. Педагогтың кәсіби сарыны – оның ақжүректігі мен имандылығында.

  53. Кәсіпқой педагогтің тұрақтылығы – рухани-адамгершілік сезімдердің табандылығы.

  54. Педагогтің кәсіби құқығы – ізгілік пен әділдік өнері.

  55. Кәсіби борышты құқық туындатпайды, кәсіби борыш – құқыққа негіз болады.

  56. Тәрбиешінің мәнсіз адалдығынан бұрыстық алыс емес.

  57. Мұғалім бойындағы тамаша қасиеті –мейірімділік символы.

  58. Педагог тұлғасының мейірбандығы – оның тамаша әрекеттерінде.

  59. Адамгершіліктің жалпы қағидатын үнемі есте сақтайтын педагог кеңеске мұқтаж болмайды.

  60. Өзінің рухани-адамгершілік қалыптасуын басқара алмаған мұғалім балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін басқара алмайды.

  61. Педагогтің қарапайымдылығы – өз кәсіби абыройын ұғыну.

  62. Қарапайымдылық – тәжірибеліліктің ағырғы шегі және педагогтің соңғы күш салуы.

  63. Кешіре білу – кәсіби жігерлі педагогтің қасиеті. Жігерсіз педагог өз тәрбиеленушілерінің қателерін кешіре алмайды.

  64. Педагог пен тәрбиеленушінің немесе ата-ана мен баланың толық теңдігі жаппай жауапкершілікке алып келеді.

  65. Педагогтің қуанышы – кәсіби жетілгендікті сезіну.

  66. Балалардың қуанышын жақсы көрмейтін педагог өз мамандығын да сүймейді.

  67. Педагогтің кәсіби парасаттылығы – жақсылық пен зұлымдықты ұғыну.

  68. Педагог қызметіндегі парасаттылық – парасатты шешімдер қабылдай алу қабілеті.

  69. Отанды қорғау – өскелең ұрпақтың адамгершілік абыройын қорғау.

  70. Өркөкірек педагог әрқашан шектеулі болады. Ол өзінің жақсылық жасай алмайтынын сезеді, сондықтан өз-өзін бәрін дұрыс жасап жатқандығына сендіреді.

  71. Педагогтің сабырлылығы – кәсіби-моральдік қағидаттарға қарсы келетін уәждерге бетпе-бет келіп, кәсіби-моральдік ұстанымдарды сақтау мен ұстанудағы табандылық.

  72. Педагогтің еріктігі – кәсіби жауапкершілікке жігерлену.

  73. Педагогтің еріктігі – өзін-өзі тежеу емес, өзін-өзі ұстай білу.

  74. Өзінің кәсіби қызметінде ештеңеге үміттенбейтін және ештеңеден қорықпайтын педагог шын мәнінде ерікті.

  75. Педагогтің бірбеткейлігі – ол төзімсіздікке алып келетін мінез-құлықтағы құбылмалылық.

  76. Педагогтің балаларға деген сүйіспеншілігі педагогтің өзіне деген сүйіспеншілігін білдіреді, себебі балаларға деген махаббат балаларды жақсы көретін педагогтің өзіне де тарайды.

  77. Рухани және адамгершілік пейілдер педагогтің жүрегінен орын алады.

  78. Педагогтің сөзі – істің парадигмасы.

  79. Педагогтің сөзі – кәсіби ой-пікірлер.

  80. Педагогтің айтылмаған сөзі – оның құлы.

  81. Педагогтің күлкісі – кәсіби ақылдылықтың көңілділігі, жымию – нағыз педагог жүрегінің қуанышы.

  82. Балаларға күлмес бұрын, педагог алдымен оларды шын жүректен жақсы көруді үйренуі тиіс.

  83. Кәсіби кемелдік – ол педагогтің өзінің жетілмегендігін мойындауы.

  84. Педагогтің кәсіби ар-ожданы – оның қылықтары әріптестері мен оқушыларының құрметіне немесе сынына қаншылықты лайықтылығын дәл анықтайтын ішкі судья.

  85. Педагогтің күмәндары оның кәсіби сенімін нығайтады.

  86. Педагогтің өз оқушыларының зардап шеккендерінен бақытсыз болатыны –оның аяныштылығында.

  87. Педагог пен оқушылары арасындағы ұзақ уақытқа созылған дау – екі тараптың да бұрыстығының белгісі.

  88. Педагогтің әділеттілігі – кәсіби ар-ожданның құқығы.

  89. Педагогтің әділеттілігі – оның моральдік кәсіби сенімділігі.

  90. Педагогикалық әділеттілік әділеттілікке ұмтылу емес, балаларға деген сүйіспеншілік арқылы жүзеге асырылады.

  91. Әділетті педагог өзіне қатал, ал балаларға мейірбандықпен қарайды.

  92. Педагогтің азаптануы әрекет етуге түрткі болады.

  93. Педагогтің кәсіби қызметіндегі үрейленетін жалғыз нәрсе – ол қорқыныш.

  94. Педагогикалық табандылық – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі тайсалмайтындық және өжеттілік.

  95. Педагогтің шыдамдылығы – үміттене білу өнері.

  96. Менменшіл педагог кәсіби борышына қарағанда өз-өзіне көбірек қызығушылық танытады.

  97. Педагогтің кәсіби сенімі – оның кәсіби парасаттылығының ар-намысы.

  98. Ақылды педагог балалардың тек білетінін ғана сезеді.

  99. Педагогикалық зейінділік – тәрбиенің мазмұны, формалары мен әдістерін таңдаудағы өжеттілік.

  100. Нағыз педагог үйренуді жалғастырады, ал қалғандары үйретуді ғана артық көреді.

  101. Педагогикалық философия – педагогикалық болмысты үнемі ұғынуды көксеу.

  102. Педагогикалық немқұрайдылық – өскелең ұрпақты сеніп тапсырылған тәрбиелеу ісіне жауапкершіліксіз қарау.


Педагогтің мінезі


  1. Педагогтің мінезі – педагогикалық қағидаттарға сәйкес әрекет ету қабілеті.

  2. Жақсы педагог балаларға, әріптестерге және ата-аналарға адалдықпен жауап береді.

  3. Педагогтің шыншылдығы – шындық қағидатының қарапайым көрінісі.

  4. Оқушыларды игі істері үшін шын жүректен мақтау – сол игі істерге белгілі бір дәрежеде қатысу деген сөз.

  5. Педагог сезіммен ойлап, оймен сезуі керек.

  6. Жомарт педагог болу – балаларға қолыңнан келгенінен көп беру; тәкаппар педагог болу – керек болғаннан аз алу.

  7. Педагогикалық энтузиазм – бала тұлғасын қалыптастыруда керемет мінсіздікке ақылға қонымды ұмтылыс.

  8. Педагогикалық этика – ол сендіру философиясы.

  9. Педагогтің игі қаһары онын жанын тазартады; соқыр қаһар оны жояды.

  10. Педагогтің ақ жүректігі – жан тазалығы; ал жан тазалығы – ойларының ақ ниеттілігі.

  11. Тазалық – тәрбиешілердің терең ойларының ең үздік көрінісі.

Педагог тұлғасы туралы постулаттар

Құрастырушылар: Ким Владимир Александрович, педагогика ғалымдарының докторы, профессор,

Немеребаев М.Н., техника ғалымдарының докторы, профессор,



Ким Эдуард Владимирович, менеджмент профессоры.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет