Педагогические íÀÓÊÈ



жүктеу 466.67 Kb.
бет1/3
Дата08.05.2019
өлшемі466.67 Kb.
  1   2   3



ПЕДАГОГИКАЛЫ² ±ÛËÛÌÄÀÐ



ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ÍÀÓÊÈ








ЖОК 37.01

А61


ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

Қ.Қ.Аманжолова



Бұл мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістермен жаңалықтарға жалпы сипаттама берілген және білім беру жүйесінде қазіргі кезде қолданылып жатқан жаңа инновациялық технологияларға қысқаша шолу жасалған.

Қазақстан Респуликасынның білім беру саласы өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист-философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытып, сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру саласы құралып, ары қарай даму сатысында тұр /1/.

1990 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде.

1992 және 1999 жылдары қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты Республикада білім беру саласын демократияландыру гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай тың мәселелер қаралуда /3/.

Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы» бекітілді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясы» жасалды. «Ауыл жылы» жариялануына байланысты «Ауыл мектебі» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Білім беру жүйесін жетілдіруде ең басты қадам мемлекет бойынша Бірыңғай ұлттық тест /БҰТ/ және оқытушылардың аралық аттестациясы енгізілген.

Мемлекетте жоғарғы кәсіби білімді 50 мемлекеттік ЖОО-дары қамтамасыз етуде. Ондағы профессорлік-оқытушылық құрам 38 мың адамға сәйкес, оның ішінде 14 мыңы докторлар мен кандидаттар.

Әлемдік ЖОО-ның жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру мақсатында Қазақстанда 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесі енгізілуде: бакалавриат-магистратура-доктарантура /PhD/.

Білім беру жүйесіндегі реформаны қалыпты шешу және перспективті дамыту мақсатында Қазақстанның білім беру жүйелерінде Республика бойынша оқу-әдістемелік кеңестері құрылуда, ал ЖОО-дар ішіндегі жетекшілері бойынша 30 астамы оқу-әдістемелік орталықтары қалған барлық негізгі мамандық бойынша жұмыс істейді.

Ғылым және білімді дамытуға жағдай жасау мақсатында атаулы сыйлықтар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары беріледі, соның ішінде педагогика саласында ең үздік саналатын ғылыми зерттеу жұмысына берілетін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық және мемлекеттік стипендиялар бар.

Білім беру саласында Қазақстанда Халықаралық байланыстар кеңейтілуде. Жыл сайын мыңнан астам қазақстандықтар шетелдің ЖОО-рында оқуда және ғылыми кәсіпорындарынан тәжірибе алмасуда, соның ішінде Президенттік халықаралық «Болашақ» стипедиясы бойынша.

Білім беру саласында қайта құрудың ең басты кезеңі жалпы орта білім жүйесін ақпараттандыру. «Мектепке-интернет» ведомость аралық бағдарламасы бойынша 1,5 мың мектеп пен 70 колледжі Интернет жүйесіне қосылған және бұл жұмыс әлі белсенді түрде жүргізілуде. «Қазақстанның ауылдық мектептеріне арналған қашықтық оқыту» және «Қашықтан оқытудың спутниктік каналы» атты ұшақтық жобалар жұмыс істеуде, ол әртүрлі аймақтағы мұғалімдер мен оқушыларды өзара жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Электрондық оқулықтармен мультимедиялық оқу бағдарламалары жалпы білім беру саласындағы жиырмадан асық пәндер бойынша жасалған. Электрондық оқу залдары мен кітапханалар жасалуда /1/.

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел Президентінің Қазақстан -2030 атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызды /5/.

Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытымызда еркін бағытталуымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанына аз ғана уақыт өтіп, енді ғана аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артты, жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, оқулық ресурстары жоғары, өзіне тән әдістемесіне бірге электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Қазіргі кезде оқу ақпараттыныңең ауқымды кең тараған формасының бірі /технология деп те айтамыз/-Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру /1/.

Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы басқа да мұғалімдердің жаңа жағдайға байланысты оқу-трбие процесін шығармашылықпен пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді.

Инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.

Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн.

«Технология» деген сөз-грек тілінен алғанда «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, + «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Олай болса, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы деп атауға болады.

Оқыту технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей болып келеді:

- оқытудың мақсаты,

- білім беруің мазмұны,

- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы /оқыту және мотивация/, оқыту процесін ұйымдастыру,

- оқушы,оқытушы,

- әрекетің нәтижесі /сонымен бірге кәсіптік дайындықтың деңгейі/

Оқыту технологиясы-оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек.

Бүгінде білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада жаңа оқыту технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі еліміздегі білім беру жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес белсенді формалары мен әдістерін көптен енгізуді қажет етуде /3/.

Осындай инновациялық технологиялардың кейбіреулеріне қысқаша сипаттама жасайық:



Модулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрлым құру.

Модулдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

- модул-біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі,

- модул-пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрлымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді,

- модул-бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру әдістемелік құрлымының бірлігі.

Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік оқытуға байланысты.

Модулдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқада дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсатарына сай жалпы дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрлымды меңзейді. Модулдік бағдарламаларды құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады. Даралық модулдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрлымдау түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамсыз етілуі керек.

Сонымен, модулдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модулдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді. Ендеше модулдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімет беру үрдісіне бағытталған цикілділігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатумен ерекшеленеді /2/.



Қашықтан оқыту - қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі-білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл жаңа ақпараттық құралдар мен әдістерін дамыта оқытудың идеяларын жүеге асыруға, оқу –тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тағыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген ұғымды білідіреді.

Бұл күнде қашықтан оқыту білім берудің дамытудың нақты элементті болып табылады. Өйткені қашықтан оқыту жүйесінің икемділігі сол, оқушылар негізінен дәріс, семинар түріндегі сабақтарға бармай, өздеріне ыңғайлы мзгілде, қолайлы жерде, қолайлы жылдамдықта жұмыс істу мүмкіндігіне ие болады /6/.



Интерактивті оқыту-қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісіне негізделген оқыту-интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы қатысуы қажет: 1/ақпарттық /ақпараттық берілуі және сақталуы/; 2/интерактивті /біріккен іс-әректте өзара әсердің ұйымдастырылуы/;

Қазігі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр.

1. «Қарым-қаынасмәдениті», «Риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курыстарын ендіру.

2. Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.

Интерактивті оқыту кезінде студенттер тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше шеше алатын болады /8/.

Сонымен, Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде әлеуметтік-эконмикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі саяси–экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізіде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады /4/.


Қазақстан Республикасы ұлттық білім беру жүйесінің кӨпсатылық құрлымы

/Қазір қолданып жүрген білім беру жүйесі/




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

/1-деңгей/






Орта білім беру

/2-деңгей/





Жоғары кәсіптік білім беру

/3-деңгей/






Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

/4-деңгей/






Балабақшадағы бүлдіршіндер үшін




Мектеп алды даярлық 5

жастағы балалар үшін






Бастауыш мектеп 1-4 сыныптар




Негізгі 5-10 сыныптар




Ортамектеп сыныптар

110-11 сыныптар







Жоғары базалық білім беру /бакалавриат

4 жыл/





Магистратура /ғылыми пед. даярлық/ 2 жыл 1 жыл




Аспирантура 3 жыл




Доктарантура СНС 2 жыл



Гимназия жаңа жоғары

Лицей тұрпаты арнаулы



мектептер білім

беру


Колледж орта кәсіптік 4-5

Училище мектептер жыл



2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің

көпсатылық құрлымы

/Жаңа тұжырымдамаға сәйкес/




Мектепке

ейінгі


Тәрбие

Мен


Оқыту

/1-деңгей/







Орта білім беру

/2-деңгей/






Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру

/3-деңгей/






Жоғары кәсіптік білім беру

/4-деңгей/






Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

/5-деңгей/


1.Балабақша 1.Бастауыш 1.Орта буын үшін 1. бакалавриат 1.Магистратура

білім беру кәсіптік маман- 4 жылдық 1-2 жыл

2.Мектепалды / 1-4 сыныптар/ дарды даярлау

сыныптар 2.Доктарантура

3 жыл


3.Балалар үй- 2.Негізгі орта 2.Кәсіптік оқыту
лері мектеп білім беру мен мамандар

интернатар- /5-10 сыныптар/ даярлау курстары

дың мектепке ІІ-саты 1-6 айға дейін

дейінгі топтар


4.Мектеп-бала 3.Бейімдік оқыту

бақша кешені /11-12 сыныптар/

ІІІ-саты

4.Техникалық және

кәсіпттік білім беру

2 жыл
Білім беру- бұл адамды ақыл ой иесі және тұлға ретінде қалыптастыратын ең маңызды шарт болып табылдады.


Әдебиет
1. Лидер оброзования Казахстана. Золотая книга, 2004

2. Тұяқов Есенкелді.Модулдік технологиямен //Қазақстан мектебі ,3/2005

3. С.Ш.Әбенбаев, А.М.Құдиярова, Ж.Ә.Әбиев. Педагогика Астана-2003

4. Сейталиев Қадыржан. Педагогиканың жалпы негіздері, А-Полиграфия ЖШС. Ақтөбе. 2004

5. Ж.Шатеков, С.Исаев. Келешекте жоғарғы білім беру саласының кейбір мәселе-лері. //Ізденіс,1999/2.

6. Пазылова Г.Қашықтықтан оқыту.Қазақстан мектебі//2005

8. Б.Молдағалиев, А.Махимова, Г.Сатқанова. Интерактивті оқыту әдістері.// Қазақ-стан мектебі,2006/9

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет