Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



жүктеу 1.45 Mb.
бет6/8
Дата26.02.2018
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Мақсаты: Іс-әрекет туралы жалпы түсінік беру, оның түрлерімен таныстыру,маңызын айқындау.

Дәрістің мазмұны :


  1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

  2. Адам қажеттіліктері.

  3. Іс-әрекеттің негізгі түрлері.

1. Адамның өмір. сүруі белгілі іс - әрекетпен айналысуына байланысты. Өмір сүру барысында адам психикасы түрлі жолмен жарыққа шығып отырады.Мысалы, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктеріне еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

Әрекет дегеніміз – түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.

«Әрекетіміз дұрыс болу үшін, біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» - дейді Әл-Фараби. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оған жекелеген әрекеттердің жүйесі кіреді, яғни әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі. Әрекетті орындау тәсілдерін операция деп атайды.

Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен байланыс жасап, оны өзгерте алады.

Іс-әрекеттің қоғамдық, әлеуметтік маңызы ерекше. Іс-әрекеттің негізгі басты белгілері оның саналылығы, мақсаттылығы, жоспарлылығы және нәтижесінің болуы.

Адамның сана-сезімі өскен сайын, оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болады. Сана мен әрекеттің бірлігі, адам психикасының іс-әрекет үстінде дамитынының бірден-бір дәлелі.

Адам қажеттіліктері.

Адамдарды әректке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түркіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай да болмасын объектілердің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән жайын толық түсіну қиын болады.

Жеке адамдарды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауға адамның өмір сүруі ушін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б) болады.

Адам баласының тарихи даму жағдайынды туған еңбек әрекеті еңбек құралдарын пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) туғызды. Рухани қажеттердің дамуы материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талаптандырады. Оның қажеттері саналы әрекеттің нәтижесінде біртіндеп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.

Сонымен адамдардың қажеттері – іс-әрекеттің негізгі мотивтері,яғни оның психолгиясының қайнар көзі., бастамасы, болып табылады. Қажеттіліктер әсіресе табиғи қажеттер, өмір сүрудің, тіршілік етудің арқасы. Егер табиғи қажет өтелмесе өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адамдарда, жануарларда тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл- биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады.

Іс-әрекеттің негізгі түрлері.

Адам іс-әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Іс-әрекеттерге тән ортақ белгі олар белгілі қажеттерге қарай туып отырады. Адам жас кезеңдеріне қарай түрліше көрінеді.



Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат бар. Кез-келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Бала ойында қалай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу көбіне ойын арқылы болады»-деді А.С.Макаренко. Бала ойында үлкентердің әрекетін бейнелейді. Сондықтан да ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығушылығы. Ересектердің еңбек әрекетінен айырмашылығы, баланың ойынын да қоғамдық пайдалы өнім болмайды, талап етілмейді. Осыған қарап, ойынның ешқандай маңызы жоқ деуге болмайды. Бала ойын арқылы өзінің қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.

Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мысалы, бір жасқа дейінгі балалар ойыны манипуляциялық болса, үш-төрт жаста бала сюжетті ойындарды ойнайды. Балалар өздеріне ересек адамдардың ролін алып, соны өз танымына, ұғымына сай белгілейді. Ойын үстінде баланың қиялы, сөйлеуі дамиды. Әр түрлі ережелермен ойналатын ойындар баланы тәртіптендіріп, адамгершілік ережелерді орындауға үйретеді.Әрдайым бала еңбегіне үлкендер басшылық жасауы қажет. Бала мектепке келгеннен кейін оның ойыны мазмұн жағынан кеңейіп, өзгеріп отырады. Сонымен қатар мектеп жасына жеткен бала үшін ойын екінші кезекке ысырылады. Мектепке дейінгі кезеңде балалар ойыны көбіне тұрмыста бейнелесе, енді қоғамдық саяси мәні бар сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Бастауыш сынып оқушылары ойындарының ерекшелігі - олардың ұжымдық сипатта болатыны. Ұжымдық ойындарда бала жолдастың не екенін түсіне бастайды. Балалар өздерінің мүмкіншіліктерін аңғарып, әлсіз жақтарын толықтыруға, мүмкіншіліктерінен арылуға тырысады.



Оқу. Мектеп жасындағы баланың негізгі іс-әрекеті-оқу. Оқу - еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы балаға өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді.

Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқу материалдары бала психикасына зор талаптар қояды. Өйткені ұғыну күрделі әрекет. Ұғыну күрделі кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде бала нені қалай оқу керектігі жайында мағлұмат алады. Келесі кезекте бала ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұғынғанын ойында ұстап тұрады да, бесінші кезеңде балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасады.

Шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен байланысты екенін түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтижеде болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталады. Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады. Оқытушыға, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, төменгі сыныпта баланы оқудың сыртқы атрибуттары қызықтырса, жоғарғы сынып оқушысы оқудың ішкі мазмұнына, мәніне үңіле бастайды. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша оған оқудағы формализмнен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алудан, өмірмен байланыстыра алмау) құтылу қиын болады. Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер балада бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді. Мысалы, ол оқып- жазғанына ғана, алған бағасының жалпы санына ғана мәз болады. Баланың жасы өскен сайын оның оқу мотивтерінің де мазмұны өседі.

Білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін, ондай адамды жұрттың құрметтеп сыйлайтынын түсіне бастайды.

Оқу әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, оқушылардың біршама бөлігінің не себептен сабақ үлгіре алмай, екінші жылға қалып қоятындығы жайлы сөз болғанда, мынадай себептер анықталды. Үлгермеушілік негізінен 2 түрлі себепке байланысты туып отырады. Бірі оқыту тәсілдері мен бағдарламалардың олқылықтары, оқушыға берілетін білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынан, балалардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Балалардың өзіне байланысты болатын үлгірмеушіліктің 5 тобы белгілі:

1) Мұғалім бақылауынан біраз уақыт бойы шығып қалған (ауруына байланысты).

2) Ми ауруларымен ауырған балалар.

3) Туысынан мүкіс еститін, не естуі нашарлап бара жатқан балалар.

4) Түрлі аурулармен ауырып, организмі әлсіреген балалар.

5) Нашар мінезді балалар (сотқар, қасарыспа, қыңыр т. б)

Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттердің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Жалпы еңбек әрекетінің ерекшелігі – оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.

Жеке адам қайда да қоғамнан, ұжымнан тыс еңбек етіп, өз қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Баланың еңбек дағдылары жанұяда қалыптасады. 2-3 жастағы балалардың шешініп , киінуінде, ойыншықтарды жинауында еңбектің нышандары бар. Мектепке дейінгі жастағы балалардың үй ішіне қолғабысы – еңбек процесінің нақты көрінісі.

Тексеру сұрақтары:



  1. Адам әрекетiнiң жалпы сипаттамасы қандай?

  2. Оқу әрекетi дегенiмiз не? Төменгi сынып оқушыларының оқу әрекетiнiң ерекшелiгi неде?

  3. Шәкiрттердiң сабақ үлгiрмеу себептерiн ғылым қалай түсiндiредi?

  4. Ойын әрекетi дегенiмiз не ойынның бала психикасын қалыптастырудағы рөлi қандай?

  5. Еңбек әрекетi дегенiмiз не? Төменгi сынып оқушылары еңбегiнiң психологиялық маңызы неде?

  6. Дағды дегенiмiз не?

  7. Дағды мен икемдiлiк ұғымдарының бiр-бiрiнен айырмашылығы қандай?

  8. Әдет дегенiмiз не, оның қандай түрлерi бар?

  9. Дағдылардың қалыптасуын сипаттайтын қандай басты белгiлерi бар?

  10. Дағды қалыптасуда жаттығу қалай жүрiп отырады?

  11. Дағдылардың өзара байланысы қандай?

  12. Дағды мен әдет балаларда қалайша дамып отырады? Мұғалiм оқушылардың дағды, әдеттерiн қандай жолдармен тәрбиелеп отырады?


Жетінші дәріс.

Тақырып: Психикалық процестер. Түйсік.

Мақсаты: Психикалық процестер, түйсік туралы жалпы түсінік беру, оның қасиеттерімен таныстыру.

Мазмұны:

1. Түйсік туралы жалпы түсінік.

2. Түйсік қасиеттері.

3. Түйсік жөніндегі көзқарастар.



Түйсік туралы жалпы түсінік.

Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.

Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.

Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге – қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды.

Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.

Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.

И.В.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.

Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен тұрады.

1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.

2)Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары).

3)Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар.(мидағы түрлі нерв орталықтары).

Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер – экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады).

2.Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.

3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары – проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.



Түйсік қасиеттері.

1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

4. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.



Түйсік жөніндегі көзқарастар.

Түйсіктер адамға қоршаған ортамен өзіне тән сигналдарды қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды тереңірек дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Көптеген тұжырымдар философия тарихында күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы емес, табиғаттан берілген , сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл ой қабілетіміз, - деп ойлаған. Рационализм философиясының негізіне алынған бұндай көзқарастың мәні : психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, санамен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндірілмейтін қасиеті. Идеалистік тұжырымдаманы қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келді.

Бұл көзқарасты кезінде философ идеалист (Д.Беркли, Д.Юм, Э.Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) «сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (құлақ, көз, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны – сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр.Бұған идеалисттердің келтіретін дәлелі : көзге қандай әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қлошаған дүниенің объективті әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің субъективті кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдады. Бұл сезім көзі- түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.

Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объективті бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объективті болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың дыбыстық тербелістерге жауп қатушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электро – магниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясы мен қатынас жасамай, сыртқы энергияны қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді.



Пысықтау үшiн сұраулар:

  1. Түйсiк дегенiмiз не?

  2. Түйсiктiң физиологиялык негiздерiн И. П. Павлов iлiмi қалай түсiндiредi?

  3. Адам түйсiктерiнiң табиғатын идеалистер қалайша бұрма-лайды?

  4. Түйсiктi материалистiк тұрғыдан қалай түсiнуге болады?

  5. Сезгiштiк пен табалдырық заңдылығының мәнiсi неде?

  6. Адаптация және сенсибилизация дегенiмiз не? Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы қандай?

  7. Түйсiктердiң өзара байланысы қалай?

Сегізінші дәріс.

Тақырып: Түйсіктің негізгі түрлері.

Мақсаты: Түйсік түрлерімен, қасиеттерімен, даму заңдылықтарымен танысу.

Мазмұны:

  1. Түйсік түрлері.

  2. Түйсік заңдылықтары.

  3. Түйсікті дамыту жолдары.

Түйсік түрлері:

Көру түйсіктері – сәулеленуші заттардың жарық толқынынң нәтижесінде пайда болатын жарық толқындары көздің қарашығы арқылы көру рецепторлары болып көз торына әсер етеді. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық (ақ, қара, сұр) және хроматикалық ( қызыл, көк, көгілдір, күлгін, жасыл, сары т.б.) болады

Есту түйсіктерін туғызатын тітіркендіргіш дыбыс толқындары, дыбыс беруші денедегі ауа тербелісі. Бұл дене тербеліс рецепторы құлақтың келте органы болып есту анализаторынаәсер етеді. Онда есту нервтерінің сезімтал ұштары болады. Құлақтың шамамен 24000 мембрана болады. Құлаққа жеткен дыбыс түйсік мембранасының бір талшығын қоздырады. Мембранаға әсер етеді де, миға беріледі, нәтижесінде есту түйсігі пайда болады.

Дыбыстарды екіге бөлуге болады: музыкалық және шулы.



Иіс түйсіктері жағымды иістерге рахаттануға және денсаулыққа зиянды заттардан сақтануға мүмкіндік береді. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.

Дәм түйсіктері . Бұлардың тітіркендіргіштері біздің ауызымызға түсіп, тілдің, жұтқыншақтың, таңдайдың, көмейдің нерв ұштарына әсер ететін заттардың ұсақ бөлшектері. Дәм түйсіктерінің төрт түрі бар: тәтті, ащы, тұщы, қышқыл. Тәтті дәм тілдің ұшында, ащысы – тілдің түбі, қышқылы – тілдің екі жақ шеті. Тұзды тілдің екі жақ шеті мен ұшы жақсы сезеді.

Сипап сезу. Бұлар комплексті түйсік, өйткені онда жанасу және қозғалыс түйсігі ұштасып жатады. Бұлар қозғалып отыратын қолдың немесе денелердің басқа заттарға тиіп кетуінен туады.

Қазіргі ғылымның дамуы адамдардағы түйсік түрлері туралы білімін біршама кеңейтті.



Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер . Қозғалыс анализаторының қызметі арқылы адам өз қозғалысын бақылап реттей алады. Қозғалыс түйсігінсіз біз қалыпты түрде қозғалысттарды жасамаған болар едік.

Тепе-теңдік түйсігі – кеңістікте біздің денеміздің орналасуы. Біз алғаш екі аяқты велосипедке отырғанда, ролик, коньки, су шаңғысына тұрғанда – мұнда ең қиыны тепе-теңдік ұстау болып табылады. Тепе-теңдікті түйсіну ішкі құлақта орналасқан.

Ауырсыну түйсігінің өзінің қорғаныстық маңызы бар. Олар адамға организмдегі қолайсыздықжөнінде хабарлайды. Егер ауырсыну түйсігі болмаса, адам салмақты, жарақатты сезіне алмас еді. Ауырсыну нүктелері (арнайы рецепторлар) терінің беткі қабатында және ішкі органдарда , бұлшық етте орналасқан.

Вибрациялық түйсік тербелісті бейнелейді. Мұндай түйсіну мысалы адамның қолының дыбыс шығатын рояльдің қақпағына тигенде түйсіну алады. Бұл түйсік адам үшін үлкен ролі болмайды және өте нашар дамыған.

Органикалық түйсік – біздің организмнің жұмысы туралы айтады. Бұған ашығу, тою, шөлдеу денелердегі, ішкі органдардағы өзгерістер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. Бұл түйсік ішкі органдардың біріндегі қалыпты әрекеттің бұзылуынан пайда болады.

Түйсік заңдылықтар:

1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

4. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.



Түйсікті дамыту және қалыптастыру.

Балаларда түйсіктер дүние келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Бұлар баланың дәм түйсігінің ерте дамитындығын көрсетеді. Баланың есту түйсігі де біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суғак толы болады да ештеңені естпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Үш айлық бала анасының даусын тани бастайды. 2-3 айдан кейін бала жарыққа елеңдей бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсінуді жаңа туған нәрестелерден де байқауға болады. Заттың түсін айыру кейін пайда болады. 5 айлық бала алдымен заттың түріне, түсіне, , біртіндеп көлеміне, одан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы ,оның жүре бастауы – түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке барғаннан кейін балада түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипап сезу, қозғалыс.т.б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да қаласақ жетілдіруге болады. Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және соған жетуге жаттығатын болса, оның түйсігі ойдағыдай дами түседі. Түйсік адамның іс-әрекетіне байланысты дамитындығын көптеген мамандықтардың тәжірибелері сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзі өткір, көргіш болады, композиторлар мен шекарашылар естігіш, сақ құлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері дәмді татып білуге шебер келеді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді, шығармашылық, қызықты ұйымдастырылуы керек. Түйсіктің дамуына кері әсер ететін факторлар да бар :



оның көру қабілеті нашарлайды. Ана тілі, көркем жазу, ауызша сөйлеуге жаттығу балалардың фонематикалық (дыбыстардың айырмашылығын ести алу) түйсіктерді дамытады. Мәселен, төменгі класс оқушысы көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен айыра алмайды, жазу дағдыларын бірден қалыптастыра алмайды. Көп қайталау нәтижесінде жаттығып, кейін айыра алатын болады.

Тексеру сұрақтары:



    1. Синестезия дегенiмiз не?

    2. Бiр iздi образдар дегенiмiз не?

    3. Түйсiк қандай түрлерге бөлiнедi?

    4. Көру түйсiгi, “үш түстi көру” теориясы дегенiмiз не?

    5. Есту түйсiгiнiң ерекшелiктерi қандай?

    6. Иiс, дәм түйсiктерiнiң бiр-бiрiнен айырмашылықтары неде?

    7. Терi және сипай сезу түйсiктерiнiң бiр-бiрiнен айырмашы-льщтары қандай?

    8. Органикалық, кинестезиялық, статикалық түйсiктердi түсiн-дiрiңiз. Вибрациялық түйсiк дегенiмiз не?

    9. Бала түйсiктерiнiң даму жолдары қандай? Оларды қалай тәрбиелеуге болады?

Тоғызыншы дәріс.

Тақырып: Қабылдау.

Мақсаты: Қабылдау туралы түсінік беру, оның қасиеттерімен таныстыру.

Мазмұны:

  1. Қабылдау туралы түсінік.

  2. Қабылдаудың түрлері.

  3. Қабылдаудың қасиеттері.

Қабылдау туралы түсінік.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Адам тек түйсік арқылы қоршаған әлемнен байланыс алып қана қоймайды, сонымен бірге қабылдау арқылы да білім алады. Түйсік және қабылдау-сезімдік танымның тұтастай топ процесі болып табылады. Олар бір-бірімен өзара байланысты, бірақ та өзіндік айырықша ерекшеліктері бар. Түйсік арқылы адам заттардың белгілі қасиет сапалары жайында білім алады (заттың түсі, температурасы, дәмі, дыбысы). Бірақ та шынайы өмірде біз көреміз, күн сәулесі немесе электр жарығы адамның дауысы немесе электр жарығы адамның дауысы немесе музыкалық аспап үнін тыңдаймыз. Қабылдау заттар мен құбылыстардың, қасиет қатарын меңгерген тұтастай бейнесін береді. Түйсіктен өзгешелігі адам қабылдау кезінде заттар мен құбылыстардың тұтастай таниды.

Қабылдаудың негізінде түйсік болады. Мысалы, біз кітапты қабылдасақ, оның түсін, пішінін, көлемін түйсінеміз. Түйсіксіз қабылдау болмайды. Қабылдау процесінде сөйлеу сөздік түрінде затты атап айту үлкен орын алады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дәмі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы алайық. Қабылдауға материалды бізге таныс анализаторлар береді. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі тағы басқа заттардың қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де миымызда тұтас бейне пайда болады. Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінен арқылы белгілі бір тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Сөйтіп, қабылдауда бір мезгілде бірнеше анализатор қызмет істейді.

Қай анализатор басымдылық орын алуына байланысты көріп қабылдау кинестезиялық, иіс және дәм сезіп қабылдау. Қабылдау күрделі түрлері кеңістікті қабылдау, уақытты қабылдау. Қабылдау процесі қалай жүреді ? Қабылдаудың арнайы органдары жоқ. Қабылдауға материалды бізге белгілі анализаторлар береді. Қабылдаудың физиологиялық негізі болып анализаторлар жүйесінің комплексті іс-әрекеті табылады. Шындықтағы қандай да болмасын зат , құбылыс күрделі және комплексті тітіркендіргіш болып табылады. Қабылдау бас ми қабының аналитико-синтетикалық іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады : белгілі бір толық жүйе қалыптастыратын жеке қозу, бір-бірімен байланысты түйсіктер.

Қабылдаудың түрлері.

Қабылдауда анализаторлардың басым рөлдеріне байланысты қабылдауды көріп қабылдау, естіп қабылдау, дәм сезіп қабылдау, кинестизиялық қабылдау, сипап сезіп қабылдау деп бөледі. Қабылдаудың күрделі түрлері қабылдаудың бірнеше түрлерінен тұратын жиынтықтан тұрады.

Түйсіктерге қарағанда қабылдау бейнелері бірнеше анализаторлар жұмысының нәтижесінде пайда болады. Қабылдаудың күрделі түрлеріне мысалы, кеңістікпен уақытты қабылдауды жатқызуға болады. Кеңістікті қабылдай отырып, яғни заттардың бір-бірінен алшақтығын, олардың көлемі мен формасын, адам көріп , естіп, тері және қозғалыс түйсіктеріне сүйенеді.

Уақытты қабылдағанда көру және есту түйсіктерімен бірге қозғалыс , ішкі, органикалық түйсіктер үлкен рөл ойнайды. Сонымен қатар уақытты қабылдауда болып жатырған құбылыстардың ұзақтығы, бірізділігі бейнеленеді. Тікелей қабылдауда уақыттың өте қысқа бөліктері қабылданады. Ұзақ уақыттық оқиғалар туралы айтқанда, қабылдау емес , уақытты елестету туралы айтқан жөн.

Егер адамдар қазір қай сағат және керекті уақытта ояна алса, олардың уақытты қабылдау сезімінің жақсы дамыған деп айтуға болады. Уақытты қабылдау сезімітуа пайда болмайды, тәжрибенің житнақталу процесінде пайда болады.

Жинақталған тәжірибе көбейген сайын уақытқа бағдарлану оңайырақ болады.



Қабылдаудың қасиеттері.

Қоршаған ортаны сезім органдары емес, белгілі бір көзқарасы қызығушылығы бар , белгілі бюір жынысты, тәжрибесі бар, белгілі бір жастағы адам қабылдайды.

Көз, құлақ , қол басқа сезім органдары қабылдау процесін қамтамасыз етеді.

Қабылдаудың таңдамалығы – көп бейнелік әсер етуден біз ең негізгісін ажыратамыз. Адам зейіндегі орталық заттар қабылданғанда қабылдау объектісі (пәні), ал қалғандары- фон деп аталады. Объектімен фон уақыт өте орындарын ауыстырып тұрады, қазір қабылдау объектісі болған зат фонға айналады, немесе керісінше.

Қабылдаудың тұрақтылығы – (константтылығы) деп өзгерген сыртқы жағдайларға қарамастан, заттың кейбір қасиеттерінің біртекті сақталуын айтамыз. Көбінесе зат түрі, түсі көлемі, формасы.

Қабылдаудың тұтастығы – заттарды тұтастай қабылдау. Қабылдау обьектісі жекеше қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз. Мысалы, әуеннің алғашқы ырғағы естілгенде өандай әуен екенін тұтас қабылдау.

Қабылдаудың мағыналығы – қабылданған нысанның тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны мағыналығымен тұжырымдалады.

Қабылдау нәтижесінің жеке психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшелігіне тәуелділігі апперцепция деп атайды.

Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен роль ойнайды. Әрқашан да қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді.

Қабылдау нәтижесінің жеке психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшелігіне тәуелділігі апперцепция деп атайды.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерде қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Көру қабылдауда иллюзиялар жиі кездеседі. Көру қабылдау барлық адамдарда болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды.Иллюзияның түрлері өте көп.Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі.Бұл көбінесе заттардың кеңістікке орналасу жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады.Көру иллюзияларына:контраст,перспектива,қашықтық,заттың жоғары жағын артық бағалау,түзу кесіндінің ығысу иллюзиясы т.б жатады.Мәселен,перспектива иллюзиясын алайық.Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік.Ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкенсияқты болып көрінеді.Мұның себебі-нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен,нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса-үлкейіп,үлкен нәрсемен қатар тұрса-кішірейіп көрінеді.Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуынабайланысты туатын заттардың жалған,теріс бейнелері-галлюциналардан ажырату керек.Иллюзиялар аффективті,вербальді және парейдалигалық болып 3-ке бөлінеді.Аффек-тивті (аффект-аз уақыт су мерзімді қатты эмоционалды қозу).Бұл жағдайда тіпті ілгіште ілініп тұрған киім де ұры болып,ал жай өтіп бара жатқан кісі де өлтіруші болып көрінуі мүмкін.Вербалды-бұл иллюзия айналадағы адамның әңгімесінің мазмұнын қабылдауға негізделеді.Бұл әңгімелер сол адам оның жаман қылықтары туралы,оны жәбірлеу туралы айтып жатқан сияқты көрінеді.Парейдалигалық иллюзиялар өте қызық және танымды болып табылады.Оған обойдағы өрнектер,төбедегі және сынып кеткен жарылып кеткен жерлер әр түрлі көлеңкелеу ашық түсті картинкалар сияқты,ертегінің кейіпкерлері,фантастикалық құбылыстар,таңғажайып өсімдіктер түрінде қабылданады.Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді.Апперцепция тұрақты және уақымша болып 2-ге бөлінеді.Тұрақты апперцепция адам-ның қызығуы мен мамандығы,білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады.Мәсе-лен «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдау мүмкін.Тіл маманы осы сөзді ести салысы-мен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді.Ал ботаник болса,шөптің түбірін,математик санның түбірін айтып беретідігі белгілі.Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу,адамның оны өзіншеталқылап,өзінше көзқарасын білдіре алуы.Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жақсақ пікірде болады,мұны уақытша апперцепция дейді.

Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен роль ойнайды. Әрқашан да қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерде қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Көру қабылдауда иллюзиялар жиі кездеседі. Көру қабылдау барлық адамдарда болады.

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галлюцинация деп аталады.

Пысықтау үшiн сұрақтар:


  1. Қабылдау дегенiмiз не? Оның түйсiктен айырмашылығы неде?

  2. Қабылдаудың тұтастығы дегендi қалай түсiнуге болады?

  3. Қабылдаудың мағыналары мен таңдамалылығы деп ненi айтамыз?

  4. Қабылдаудың константтылығы дегенiмiз не?

  5. Иллюзия деп ненi айтады? Оның қандай түрлерi бар?

  6. Апперцепция деген не? Оның қандай түрлерi бар?

Оныншы дәріс.

Тақырып: Қабылдау.

Мақсаты: Адамдардың қабылдаудағы жеке ерекшеліктерін түсіндіру, балада қабылдау процесінің дамуын сипаттау.

Мазмұны:

1 Қабылдаудың жеке ерекшеліктері.



  1. Байқау және байқағыштық.

  2. Балада қабылдаудың дамуы.

Қабылдаудың жеке ерекшеліктері.

Қабылдаудың ерекшеліктері өмірлік тәжірибе, тұлғаның бағыттылығы, қызғушылық, рухани байлықпен қатар , жеке ерекшеліктерге де байланысты. Ол қандай ерекшеліктер ?

Адамдар біріншіден, ақпаратты қабылдау сипатына қарай ерекшеленеді. Көптеген зерттеулер көрсеткендей , қабылдаудың синтетикалық типі , яғни бөлшектерге мән бермеу, оларға мән беруді ұнатпау. Қабылдаудың аналитикалық түрінде керісінше, бөлшектерге , олардың толықтай қамтылуына мән беріледі.

Екіншіден, - алынған ақпаратты бейнелендіру сипатына қарай. Бұнда қабылдау суреттеуші және түсіндірмелі болып бөлінеді. Суреттеуші түрі ақпараттың фактілік жағына бағдарланған : оқып, естіп , көргеннің барлығын жиі мән-мағынасына түсінбей қабылдау. «Өз сөзіңмен айт»

Түсіндірмелі түрі тікелей қабылданғанмен қанағаттанбау. Ақпараттың жалпы мәнін түсінуге тырысады.



Үшіншіден - тұлға ерекшеліктерінің сипатына қарай.Бұнда қабылдау объективті және субъективті болып бөлінеді. Объективті қабылдау адам қабылдаудың дәлдігіне бағдарланғанда, субъективтіде қабылданған зат немесе нәрсеге субъективті қатынастың болуымен сипатталады.

Байқау және байқағыштық.

Байқау дегеніміз - белгілі мақсатпен объектіні арнайы бақылау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілу қажет. Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт оны жүйелі қадағалау керек. Бұл – байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады.

Байқағыштық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық – кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмей нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.. Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты , адамның әрдайым қабылдауға даярлығын білдіреді. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына , алған тәлім –тәрбиесіне , мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты. Байқағыштық - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын- жазушының өмірінде орын алады.

Қабылдаудың кейбір түрлері (көру, есту, қозғалыс, сипап сезу) түйсіктің түрлеріне қарағанда күрделі болады. Демек, қабылдауда бірнеше анализаторлар жұмыс жасайды.



Балада қабылдаудың дамуы.

Мектепте мұғалім оқушы қабылдауын дамытуда мына шарттарды орындауы:-

1) Көрнекі құралдарды пайдалана білу.

2) Оқушы қабылдаудың мақсатын айқын ұғынуына, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне түсінуге жағдай жасайды.

3) Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды бұрынғы біліммен үнемі байланыстырып отыруға зер салу.

4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға, оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып, балалардың қабылдауының сапалы болуына мұғалім тарапынан дұрыс нұсқау беруге байланысты.

5) Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет