Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



жүктеу 1.45 Mb.
бет7/8
Дата26.02.2018
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тексеру сұрақтары:


  1. Адам кеңiстiң пен уақытты қалай қабылдайды?

  2. Адамдардың қабылдау саласындагы типтiк айырма-шылықтары қандай?

  3. Бала қабылдауының даму жолы қандай?

  4. Төменгi сынып оқушыларының қабылдау ерекшелiктерi қандай? Олардың байқау қабiлетi қалайша дамып отырады?

  5. Қабылдауды тәрбиелеудiң қандай негiзгi әдiстерi бар?

Он бірінші дәріс.

Тақырып: Елес

Мақсаты: Елестің түрлерімен таныстыру және елестетудегі жеке ерекшеліктерді сипаттау.

Мазмұны:

1. Елестің негізгі сипаттамасы.



  1. Елес түрлері.

  2. Елестетудің жеке ерекшеліктері..

Елестің негізгі сипаттамасы.


Елес қазіргі кездегі сезім мүшелеріне әсер етпейтін құбылыстардың немесе заттың бейнесі.Елестің бейнесін түйсіну мен қабылдау бейнесімен салыстыру кезінде елес есте сақтаған құбылыс не заттың екінші бейнесі деп айтуға болады.Бірінші бейнелерге қарағанда елес көптеген ерекшеліктер қатарына ие.Мыс:біздер бұрын тұрған үйімізді не өз көзімізбен көрген оқиғаны елестетейік.Ойша бейне әлсіз фрагментті,тұрақсыз болады.Елестерге қабілет,мысалы: көру адамдарда әртүрлі.Біреулер галлюцоинациялар сияқты бейнені анық көреді,еікншілер санада бейнені тудыру үшін қиындыққа ұшырайды.Физиологиялық жағынан елестер бұрын пайда болған сезімдік бейнелер іздерінің актуализациясыболып табылады,және елестердеанализатордың тек орталық бөлімі қозады.Жоқтан тыс бейне кескіні болмайды.Афферентті және эффернтті жүйке жолдары тежеледі,елестердің галлюционациялардан айырмашылығы осында. Елестер бұл біріншіден, заттың жалпыланған бейнесі.Адамның дүниені сезімдік танудың нәтижесі.Көру қабылдауын тудыру үшін секундтар қажет.Бір күннің ішінде бір заттар мен құбылыстарды жүз рет қабылдаймыз.Егерде әр қабылдау санада бірлік бейнелерді қалдырса, онда ақыл-ой әрекеті мүмкін болмас еді.Зерттеулер көрсеткендей, жүз-мыңдаған қабылдаулардың ең маңыздысы сақталады.Яғни заттардың салыстырмалы көлемі және мөлшері,түсі, бөлшектері,қасиеттері.Екіншіден,елестер дүниенівербальді бейнелеуінің қажетті .маңызды компоненті.Бала және үлкен адам сөйлеуді меңгеруде сөз және заттың арасында байланыс орнатады.Бейнені және ұғымдық білімдерді тудырмайтынсөз ештеңені білдірмейді,ол тек дыбыстар жиынтығы.10 жастағы бала шетел сөздерін көрсетілетін зат арасында тікелей байланысты орнатып,шетел сөздерін меңгеруге қабілетті.Ал 10 жасынан кейін бұл байланыс кесте бойынша құрылады.Үшіншіден, елестер түйсіктен ойға көшудің деңгейі.Дүниенің бейнесі адамда тек қана сезімдік емес,логикалық тану деңгейінде де жүзеге асырылады.Елес ұғым мазмұнымен тығыз байланысты.Нақты ұғымдар жиі түрде көру елестеріне сүйенеді.Мыс:тропиктік жерінің тұрғындары үшін «қар» түсінігі ештеңе білдірмейді. Осы сөздердің мазмұны олардың сезімдік тәжірибесінде бұл заттардың жоқтығына байланысты түсінуге қиындық келтіреді.

Елес түрлері.

Елестердің пайда болуы түйсік және қабылдау,қиял және ойлау негізінде туады.Елестер бейнелер секілді қиял жұмысының тәжірибесінде де құрылады.Қазіргі ғылым дүниені тану нәтижелерін,дүниенің ғылыми суретін көрнекі формада болатын графикалық модельдерде және кестелерде жүзеге асыратын елестер түрінде келтіреді.Геометрияда математикалық,көрнекі геометриялық ұқғымдардың мазмұнына енеді.Осылай танудың сезімдік және логикалық деңгейінде пайда болған елестер адамның есінде сақталады және өзара әрекеттеседі.Объективті шындықтағы бейненің жалпылау деңгейі бойынша елестерді бірлік,жалпы және кестендірілген деп бөледі.



Бірлік елестер- бір нақты заттың не құбылыстың елестері. Олар шындықтағы затты және өнер туындысын қабылдау негізінде туады.Яғни таныс адамды немесе кинодағы актердің рөлін елестетуге болады.Бірлік елестер сана құрылымында үлкен орын алады.Олар тұлғаның этикалық және эстетикалық сезімдерінің дамуына негіз болады.Бір нақты әуен білмейтін немесе өз елесінде бірде-бір музыкалық пьесасын сақтамаған адамнан музыкаға деген қызығушылық пен махаббатын көре алмайсың.Кітап кейіпкерлерінің мінезіндегі этикалық қателер бұған ұқсас жағдайында өзінің мінез-құлық тәжірибесін құрайды.Естің бейнелері сияқты бірлік елестер- танудың негізі болып табылады.Бірлік елестер бұл жалпы елестердің қалыптасуының негізі.

Жалпы елестер- ұқсас заттар тобының жалпы ерекшеліктері туралы елестер.Адамның суретін салуда адам бейнесінің негізгі компоненттері көрсетіледі.Ал.ағаштың суреті баған және бұтақтардан тұрады.Жалпы елсететуде заттар мен құбылыстардың тек ұқсастықтар тобын көруге болады.Жалпы жануардыелестетуге болмайды,бірақ құс,мысалы:итті елестетуге болады.Жалпы елестер қай затты болсада үйренуге негізделген.Жағымды,жалпы елестерд қалыптастыру үшін мұғалім әртүрлі бірлікобъектілерді әртүрлі жағдайда көрсетуді ойластыру керек.Заттар тобының сыртқы кейпінде ұқсас белгілерді бөліп көрсету бұл заттар тобының әртүрлі қатарда көрсетуді талап етеді.

Кестелендірілген елестер- шартты графикалық кескін түріндегі заттың бейнесі.Бұл елестің түрін мына мысалда қарастырайық:физика мұғалімі Трекке дененің қысымы туралы әңгіме қозғағанда, адамның лифтінің ішінде көтерілу кино фрагментін қолданды.Оқушылар лифтіде қозғалу және тоқтаған кезінде пайда болатын сезімдерді еске түсірді.Әрекеттегі күштердікөрсетіп,мұғалім лифттің және әрекеттегі күштерді бекіткен белгілердің салынған статистикалық кадрын көрсетті.Кейін қатысушылар тақта және өз дәптерлерінде бұл жағдайдың көрнекі-геометриялық формада бейнеленетін әсер етуші күштер векторын салады.Кейін тапсырманы орындауда әрбір жаңа тапсырманың шартын оқушы векторлық кестеде көрсетеді.Тарих сабақтарында соғыс карталары күрестің барысын түсінуге көмектесетін шын тұрғыдағы армиялардың қозғалысын кестелейді.Кестеленген елестерді жалпылығы берілген түріндегі заттардың сыртқы ұқсастықтары көрсетілмейді. Таным үшін мәнділік қасиеттер графикалық түрде сезімдік логикалық негізінде айқын бейнеленген.

Елестетудің жеке ерекшеліктері..

Әрбір екінші бейне қабылдау негізінде құрылатын болғандықтан, қаншалықты дұрыс ұйымдастырылған қабылдаудан елестердің анық және толық құрылуы тәуелді.Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар қабылдаудың фрагменттарлық сипатына ие.Яғни объектілерді тануда тек қана назары түскен бөлшектері ғана қабылданады.Осының салдарынан қайта жаңғырта алмайтын толық емес,үзілмелі елестер қалыптасады.Сондықтан жаңа материалды түсіндіруде балалар елестерінде қалатын заттар мен құбылыстардың маңызды белгілеріне көңіл аудару қажет.Жасы өскен сайын қабылдауы ұлғаяды.Соның салдарынан бейне сферасының өнімділігі де артады.Бір уақытта заттар мен оның қабілеттер санының көбі санада бейне елестері мен қиял формасында бейнеленеді.Бұл сабақта көп жаңа материалды қолдануға мүмкіндікбереді.Адамның дүниені қабылдауы мен елестетуі оның шындықты қабылдау ерекшеліктеріне және адамның өзіне байланысты болып келеді.Қалыптасып отыратын адамның шығармашылық бейнелері оның бұрынғы тәжірибесіне,тұлғалық ерекшелігіне,яғни көзқарасы,қызығушылығы,ой-пікірі,мақсаты мен функционалдық жағдайына байланысты.Бұл бірдей заттар мен құбылыстар туралы елестердің жеке қасиеттеріне әкеледі.Сондықтан сабақты ұйымдастыру және жүргізу кезінде бірінші жағынан,балалардың жас,жыныстық,әлеуметтік құрылымы,олардың фунционалдық жағдайын,екінші жағынан,балалардың өз бетімен айтылған пікірлерін,мысалдарын,мадақтауын ескеру керек.Бұл олардың елестерінің дұрыс бағытта дамуын анықтауға жағдай жасайды.Елестердің анықтығына тәуелсіздігін зерттеулер көрсеткендей,олардың санада есте сақтау ұзақтығы әртүрлі.Елестердің тұрақтылығы қабылдау ұзақтығынан, тітіркендіргіштің күші мен анықтығынан тәуелді емес.Ол елестердің бақылауымен яғни адамның өз бетімен немесе басқа адамның нұсқауы бойынша белгілі-бір бейнені ұзақ сақтау қабілетімен анықталады.Кейбір оқушыларды сабақта қабылдаған елестер қысқа уақыт ішінде жаңа әсерлер мен орын ауысу мүмкіндіктерін кейбіреулерінде елестер ұзақ уақыт сақталатынын білу керек.Елестердің жақсы тұрақтылығы үйде оқушыға өз бетімен тапсырма орындауын жеңілдетеді. Ал әлсіз тұрақтылық оқушыны оқулық материалы бойынша елестерді қайтадан қалыптастыруға әкеледі.Мұндай жұмыс үлкен күш пен уақытты қажет етеді.Ал егер балада ерік қабілеті төменг деңгейде дамыған болса,бұл оқу үлгеріміінің төмендеуіне әкеледі.Мұғалім қай оқушының елестері тұрақсыз екенін біліп,жеке жағдай жасауы керек.Мұнда сабаққа бірігіп дайындалу немесе арнайы жаттығулар орындауға болады.



Пысықтау үшiн сұраулар:

  1. Елес дегенiмiз не?

  2. Елестiң қабылдаудан айырмашылығы және оның маңызы қандай?

  3. Ұмыту неден болады және оның қандай түрлерi бар? Ұмытуға қарсы ең басты кандай әдiс бар?

  4. Ес саласында қандай дара айырмашылықтар болады?

  5. Бала есi қандай жолмен дамиды?

  6. Төменгi сынып оқушыларының ес ерекшелiктерi қандай бо-лады?

Он екінші дәріс.

Тақырып: Ес –психикалық процесс ретінде.

Мақсаты: Ес туралы түсінік беру, естің механизмдерімен және оларды түсіндіретін теорияларымен таныстыру.

Мазмұны:

    1. Ес туралы түсінік.

    2. Ассоциативтік психология Д.Юм, Г.Спенсер, И.П.Павлов, И.М. Сеченов.

    3. Естің негізгі механизмдері.

Ес туралы түсінік.

Адамның қабылдаған нәрселердің барлығы да із-түссіз жоғалмайды: мидың үлкен жарты шарларының қабығында қозу процесінен із қалады. Ал бұл іздер қозуды тудырған тітіркендіргіштің жоқ кезінде де қозу пайда болуына мүмкіндік тудырады. Осының нәтижесінде адам есте сақтап қалып, кейін жоқ зат бейнесін (есте) қайта жаңғыртып, есіне түсіре алады. Ес қабылдау процесінде қатарласып жүреді. Өйткені бейнені танусыз қабылдау мүмкін емес. Солай да ес бөлек процесс болып табылады.

Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытуын бейнелейтін процесс.

Ес - психикалық әрекет негізі болып табылады. Ессіз мінез-құлық, сана, ойлау, бейсана қалыптасуы мүмкін емес.

Естің негізі ретінде ассоциациялар болып табылады.

Ес таным іс-әрекеті жүйесінде

Қабылдау Ойлау


Түйсік Қиял

Ес



Танудың сезімдік деңгейі





Танудың логикалық деңгейі

Ассоциативтік психология Д.Юм, Г.Спенсер, И.П.Павлов, И.М. Сеченов.

Ес процесінің негізгі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация дейді (латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді). Ассоциациялар арқылы шындығында бір-бірімен байланысты заттар мен құбылыстар адам есінде де осылайша байланыстырылады. Бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бұлардың арасында байланыс пайда болады.

Ассоциацияның екі түрі болады: қарапайым және күрделі. Қарапайым ассоциациялар түрі: іргелестік, ұқсастық, қарама-қарсылық деп бөлінеді.

Іргелестік ассоциация – кеңістікте не уақытта байланысты екі құбылыстарды біріктіреді. Мысалы,: мұндай ассоциация алфавит жаттағанда құрылады: бір әріпті атағанда есімізге оған іргелес әріп түседі.

Ұқсастық ассоциация – нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды ілестіріп еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. Мысалы: жапырақтың сыбдыры адамның сыбырына ұқсайды.

Қарама-қарсылық ассоциация – бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты, құбылысты еске түсіреді. Мысалы: биік тау –жазық дала, аспан – жер.

Бұл түрлерден басқа күрделі ассоциациялар болады: мағыналық. Мұнда бір-бірімен әрқашан байланыстағы: екі құбылыс ассоциацияланады: бөлік және түр, себеп және салдар.

Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б.з.д. 380-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге бұл принципті қолданбады.

Д.Юм (1711-1776) тұжырымдауынша, тәжірибе әсерден, яғни түйсіну эмоциядан және идеялар – әсер көшірмесінен құралған. Д.Юм ассоциацияның үш түрін бөлді: ұқсастығына қарай, кеңістігіне, уақытының іргелестігіне қарай, қарама-қарсылығына қарай. Юм ұсынған ассоциативтік үрдіс ағымының көрінісінде реалды объектілер, байланыс және адами толық жеке тұлға. Олардың өзара әрекеті нәтижесінде болатын заттар байланысы жоғалды.

Г.Спенсердің (1820-1903) «Психология негіздері» еңбегінде ассоциация принципіне аса көңіл бөліп: «ақыл-ой даму көп мөлшерде мынадай заңға бағынышты: екі психикалық қалып бірінің артынан бірі болғанда біріншіні қайта жаңғырту кезінде екінші психикалық қалыптың міндетті түрде өтуін күтеді» деген тұжырым жасалды.

И.Сеченов ойынша (1829-1905) ассоциация сипаттар мен білім бірлігі. Сеченовтың психофизиологиялық концепциясы Декарт, Гартлиден кейінгі 3-ші көлемді рефлекторлық теориямен ассоцианизм синтезі болып табылады. Ассоциациялар алғаш рет нақты қимылдық актідегі сезімдік автоматикалық ойлауда бейнеленеді. Образдық ассоциациядан ығыстырылғанда көшуді өмірлік кездесулердің санын көбейтумен түсіндірді. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімі шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген ұлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. Павлов психологияда ассоциалар деп аталатын құбылыс ми қабығынды екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді.

И.П.Павлов ми жартышатларының қызметінің 5 негізгі принциптерін көрсетті:



  1. ассоциация немесе шарты рефлекс тудыру принципі.

  2. қозудың иррадиациясы немесе концентрациясы принципі.

  3. оптималды немесе доминантты қозу принципі.

  4. жүйке жолдарының үзілу принципі

  5. тежелу принципі.

Естің негізгі механизмдері.

Көптеген адамдар естің жұмысын «шаң-шаң» фактілер сақталатын жер деп ойлайды. Ал, шындығында ес – бұл ақпаратты алып, оны сақтап, жүйелеп ең алдымен кодтап отыратын жер.

Естің жұмысы компьютер жұмысына ұқсас болып келеді. Алынған ақпарат ең алдымен кодталады немесе қолданбалы түрге айналады. Бұл қадам компьтерге мәлімет енгізгенге ұқсас болып келеді. Бұдан кейін ақпарат сақталады. Сақталған ақпаратты керек уақытта біз қайта жаңғырта аламыз. Егер 9856 психологиялық терминді жаттап алғымыз келсе, оны ең алдымен кодтау керекпіз содан кейін ғана қайта жаңғырта аламыз.

Механизмдері :

Келген Сенсорлы таңдаулы қысқа мерзімді ұзақ мерзімді

ақпарат ес зейін ес ес

Сенсорлы ес – мысалы, сіздің досыңыз бір нәрсе сатып алып келуді сұрайды. Келген ақпарат алғашында сенсорлы есте болып, бірнеше секундтан кейін мұнда естіген немесе көргеннің дәл көшірмесі сақталады. Мысалы, гүлге қарасақ, көрген сурет біздің көз жұмғанда көз алдымызда тұрады. Дәл осылай біз естіген ақпарат сенсорлы есте жаңғырық түрінде екі секундтай сақталады. (жаңғырық – бұл есту жүйесінің қысқа мерзімді қозу периоды). Бірақ ақпарат ұзақ сақталмай 2- ші жүйеге өтеді.

Қысқа мерзімді ес – Біз көрген естігеннің барлығы есте сақталмайды. Қысқа мерзімді есте аз уақыт сақталатын мәнсіз ақпараттар жинақталады. Қысқа мерзімді ес көбінесе фонетикалық түрде сақталады, әсіресе сөздермен әріптерді есте сақтағанда қолданылады. Қысқа мерзімді есте біз телефон номерлерін, күндерді , аттарды жаттай алмаймыз. Бірақ қысқа мерзімді ес жұмысшы ес болып табылады, себебі қысқа мерзімді ес көмегімен ой процестері жүріп отырады.

Ұзақ мерзімді ес - есте сақталатын материалдың ұзақтығы және мықтылығымен сипатталады. Ұзақ мерзімді есте білім жинақталады және олар жалпыланған жүйелі түрде болады. Ұзақ мерзімді ес «сейф» сияқты мұнда тек маңызды мәнді ақпараттар сақталады. Мысалы, фамилияңыз? атыңыз? т.с.с.

Тексеру сұрақтары:



  1. Ес деп ненi айтады? Оның адам өмiрiнде алатын маңызы қан-дай?

  2. Ассоциация дегенiмiз не, оның қандай түрлерi бар?

  3. Естiң қандай түрлерi бар?

  4. Естiң негiзгi процестерiн атаңыз?

Он үшінші дәріс.

Тақырып: Естің негізгі түрлері.

Мақсаты: Естің түрлерімен, сапаларымен таныстыру,

Мазмұны:

  1. Ес түрлері.

  2. Ес процестері.

  3. Ес сапалары.

Ес түрлері.

Ес адамның әртүрлі өмір сфераларымен байланысты болғандықтан естің көріну түрлері өте көп болып келеді.

Естің барплық түрлерін шартты түрде 3 топқа бөлуге болады

1) адам есіне сақтайтын заттар, нәрселер, қозғалыс, сезім т.б. Бұл топқа



қозғалыс, бейнелік , сөз-логикалық, эмоционалдық ес түрлері жатады.

2) қалай есте сақтайтынына байланысты (кездейсоқ немесе мақсатты түрде) ерікті немесе еріксіз .

3) есте сақтау ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді есте сақтау, ұзақ мерзімді есте сақтау, оперативті есте сақтау.

Қозғалыс ес қимыл-қозғалыстарға байланысты іскерлік , дағдыларды еске қалдыру немесе қайта жаңғырту. Барлық тұрмыстық, спорттық, еңбек дағдылары қозғалыс ес арқылы жүзеге асады. Мәселен, коньки тебу, сәбидің тәй-тәй басуы, жазу, оқу, машина айдау, турникке тартылу т.б.

Адамның басынан өткен сезімдерді еске қалдырып отыруы эмоционалдық ес деп аталады. «Егер сіз өткенді еске алғанда қызарсаңыз, бозарсаңыз, болған қайғыны еске алуға, ойлауға қорықсаңыз сізде сезімдерге есіңіз, не эмоционалдық есіңіздің болғаны» - деген К.С. Станиславский. Адам шынайы сезімін білдіру үшін эмоционалдық естің алатын орны зор. Егер адам эмоцияға кедей болса, өте қатал, тұйық болады.

Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Естің бұл түрі ереже, формула, сөздер (нақыл сөздер, мақал) жаттағанда кездеседі. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде кездеседі. Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы зор. Өткен тақырыпты есте қалдыру, соны қайта жаңғырту есі дамымаған адамға қиынға соғады.

Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Елестерге деген ес, адамдардың беттерін, табиғатты, суретті, музыкалық әуен, иіс, дәм, себеп салдарды қалдырып, қайта жаңғыртуға көмектеседі. Бейнелі естің бес түрі бар : есту, көру, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу.

Бейнелі есті сақтаудың бұл түрлері әрбір адамда әртүрлі дамиды.

Ерікті есте сақтау есте қалдыру мақсатының болуын және арнайы ерік күш жұмсауды талап етеді.

Еріксіз есте сақтау бұл есте сақтауда ешқандай мақсат болмайды, оқиға немесе құбылыстар ешқандай тәсіл қолданбай-ақ өздігінен есте сақталады. Еріксіз есте сақтау ең алдымен ұнайтын нәрселерді есте сақтау болып табылады. Еріксіз есте сақтау жануарларда жиі кездеседі. Бірақ жануарлар есте сақтағанмен еске түсіре алмайды. Есте сақтаудың ең жақсы тәсілі бұл есте сақтағанды тәжірибеде қолдану болып табылады. Сонымен қатар тұлғаның бағдарына қарама-қарсы нәрселер есте сақталмайды.

Қысқа мерзімді ес – Біз көрген естігеннің барлығы есте сақталмайды. Қысқа мерзімді есте аз уақыт сақталатын мәнсіз ақпараттар жинақталады. Қысқа мерзімді ес көбінесе фонетикалық түрде сақталады, әсіресе сөздермен әріптерді есте сақтағанда қолданылады. Қысқа мерзімді есте біз телефон номерлерін, күндерді , аттарды жаттай алмаймыз. Бірақ қысқа мерзімді ес жұмысшы ес болып табылады, себебі қысқа мерзімді ес көмегімен ой процестері жүріп отырады.

Ұзақ мерзімді ес - есте сақталатын материалдың ұзақтығы және мықтылығымен сипатталады. Ұзақ мерзімді есте білім жинақталады және олар жалпыланған жүйелі түрде болады. Ұзақ мерзімді ес «сейф» сияқты мұнда тек маңызды мәнді ақпараттар сақталады. Мысалы, фамилияңыз? атыңыз? т.с.с.

Оперативті есте сақтау - арнайы операцияларды орындауға керек арнайы уақытқа белгілі бір мәліметтерді есте сақтау. Мысалы, қандай да болмасын тапсырманы шешу процесінде нәтижені алуға мәліметтер мен операциялар есте сақталады.

Ес процестері.

Есте сақтау негізгі процестері – есте қалдыру, қайта жаңғырту , есте сақтау, тану, ұмыту.

Ес есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру – бұл кейін қайта жаңғырта алынатын материалдың ес қалуын қамтамасыз ететін ес процесі болып табылады.

Есте қалдыру арнайы есте қалдыру және ерікті есте қалдыру болып екіге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнайы тәсілдерін пайдаланбайды.

Ерікті есте қалдыру саналы есте қалдыру , яғни материалды есте сақтау үшін мақсат қойылады.

Сонымен есте қалдыру механикалық және мағыналылық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру – ең алдымен жеке байланыс ассоциациялардың бекітілуіне негізделеді. Мағыналы есте қалдыру – ойлау процестерімен байланысты. Адам жаңа материалды есте қалдыру үшін оның мағынасына түсінуі керек.

Егер механикалық есте сақтаудың негізгі шарты – қайталау болса, мағыналы есте сақтау негізгі шарты- түсіну болып табылады. Механикалық және мағыналы есте сақтауда адамның психикалық өмірінде үлкен рөл ойнайды.

Қайта жаңғырту – есте сақтаудың мәнді компоненті. Қайта жаңғырту 3 деңгейде жүруі мүмкін: тану, өздігінен қайта жаңғырту, еске түсіру. Тану – қайта жаңғыртудың ең қарапайым түрі. Тану- қандай да бір құбылыс немесе нәрсені қайта қабылдағандағы таныс сезімінің пайда болуы. Өздігінен қайта жаңғыртуда – есте сақталған бейнелер адам ойында ешқандай сүйеусіз пайда болады. Қайта жаңғыртудан гөрі тану оңайырақ. Еріксіз есте қайта жаңғыртуда сөздер мен ойлар өздігінен қайта жаңғыртылады. Еріксіз қайта жаңғыртуды ассоциациялар тудырады. Мысалы , «менің есіме түсіп кетті». Мұнда ой ассоциациядан кейін жүреді. Ерікті қайта жаңғыртуда біз «Мен есіме түсіремін» деп айтамыз. Мұнда ассоциация ойдан кейін жүреді.

Есте сақтау – есте қалдыру, ал ұмыту – бұл оқығанның естен шығуы, жоғалуы. Есте сақтау ұмытуға қарама-қарсы процесс. Қажет емес нәрселерді. Ұмыту процесінде байқалатын бірінші құбылыс – реминисценция – ұмытылғандай болған оқиға немесе құбылысты кешіктіріп еске түсіру. Төменгі класс оқушыларында көп кездеседі.

Ұмыту процесінде болатын екінші құбылыс ретроактивті тежелу деп аталады. Қайта жаңғырту сапасының төмендеуі ретроактивті тежелу болып табылады. Бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауы проактивті тежелу деп аталады.

Ес сапалары.

Ес қоршаған ортаның сезім органдары арқылы ақпараттарды есте сақтаудан басталады. Барлық бейнелер, сөзде жалпы алғанда сезімдік біздің есімізде қалу керек. Психологияда бұл процесс сақталу деп аталады. Керек уақытта біз бұрын көргенді , естігенді қайта жаңғыртамыз. Осы қайта жаңғырту арқылы барлық ес аппаратының жұмысының сапасы туралы айта аламыз.

Жақсы ес- тез және көп есте сақтау, дәл және уақытша және қайта жаңғырту.

Ес сапалары: 1) есте сақтау жылдамдығы; Басқа сапалармен қосылған жағдайда ғана құнды болады.

2) есте сақтаудың сапалылығы;

3) естің дәлдігі; Мәнді нәрселердің үзіліс және бұрмалауларының болмауы.

4) естің даярлығы- керек уақытта керек ақпаратты естен тез ала білу іскерлігі.



Ұмыту және түрлері

Ұмыту процесі –есте қалдыру процесіне қарама –қарсы процесс.

Реминисценция – ұмытылып қалғандай болып біркез кейінге қалдырылғандарды ертерек еске түсіру.

Ретрокативті тежелу дегеніміз – откен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қ. ж/ң сапасының төмендеуі не әсер етеді.

Прокативтік тежелу - әрекет ықпалы материалды елестетуді нашарлатып жаттауды талап етеді.

Амнезия – естің, еске сақтаудың солғындығы, ұмытшақ бола бастау.

Эйдетизм – қабылданған информацияның есте толық әрі ұзақ сақталуы.

Мнемоника – бір нәрсені ұмытып қалмас үшін, жадында сақтау үшін қолданатын әдістер жиынтығы.

Механикалық ес – материалды ұмытпай қайталауға негізделген естің түрі.

Оперативті ес – белгілі бір әрекетті орындау барысында білінетін естің түрі.

Мағналық ес – есте қалған материалдың мағналық байланысын орнатуға негізделген естің түрі.

Есте сақтауға әсер ететін себептер.



Субъективті объективті

есте сақтау типі материалдың сипаты

өмірлік тәжірибе мағналылығы

қызығушылығы байланыстылығы

организмнің жағдайы түсініктілігі

көрнекілігі

қайталануы

материалдың көлемі

орналасуы
Логикалық есте сақтаудың негізгі сатылары

1. Есте сақтайтын материалды түсіну



2. Есте сақтайтын материалдың мағнасын түсіну



3. Материалды талдау



4. Тексттегі негізгі ойларды іріктеп бөлу



5. Жалпылау





  1. Жалпыланған материалды есте сақтау

Естің бұзылуы.

Көптеген психологиялық ауытқушылығы бар адамдар өздерінің еске сақтау қызметінің нашарлығына шағымданады. Ларошфуко өзінің ойында былай деген, адамдар көбіне естің бұзылуына шағымданады, бірақ та ойлау қабілетінің жетіспеушілігіне шағымдану көп емес. Науқас адамдар өзінің кемшілігі туралы көп айтпайды, ал есінің ақаулығы бар екенін байқайды. Бұл өзінің еске сақтау қабілетінің нашарлығын мойындау өкінішті емес, себебі көбіне науқастар өзінің мінез-құлқына, сезіміне, ойлауына сын айта алмайды. Сонымен бірге, естің бұзылуы мидың ауырсынуы кезінде кездесетін жиі симптом. Естің бұзылу мәселесі психиатриялық және потологиялық зерттеу орталығында қарастырылады. Есте сақтау және қайта жаңғырту қиын процесс құрылымы. Бұл адам іс-әрекетінің әр түрлі формасына тән мақсатқа бағыттылық, мотивациялылық сияқты ерекшеліктер тән. Естің бұзылуы туралы мәселе психиатриялық және патопсихологиялық зерттеулерінде негізгі болып келеді. Біріншіден, ес мәселесі классикалық психология әдебиетінде көп қарастырылған. Екіншіден, инастикалық бұзылулар кездесетін белгілер болып табылады. И.М.Сеченев есті психикалық дамудың шеткі бұрыштық тасы деп көрсетілген. Ол адамның негізгі ерешеліктерін фотографиялық қайта жаңғыртудан емес, айналық жаттаудан емес, ол қабылдауды қайта (жаңғыртудан емес) өңдеуден деп қарастырады. Яғни, адам қабылдаған образды классификациялайды және сұрыптайды. Міне, осы ерекшелік психикалық дамудың мүмкін жағдайы болып табылады. Еске сақтау және қайта жаңғырту процесінің құрылымы қиын. Ес патологиясына байланысты зерттеулер әр түрлі бағытта жүріп келеді. Клиникалық бағытта (С.С.Корсаков, Ю.Грюнтал, В.Гемьярусский, Р.Голлан, С.Жасмин, М.Морзагонова) Бұл бағыттың өкілдері белгілі естің бұзылуын әр түрлі симптомдарға байланыстырады.



  1. Психофизиологиялық және нейропсихологиялық бағытта (В.Пенфилд, В.Сковия, Б.Мильнер, Л.Попова, А.Лурия, Е.Соколов, Н.Кияшенко және т.б.)

Бұл бағыттағы өкілдердің еңбектерінде естің психофизиологиялық бағытта анализдеу, бас мидың бұзылуына байланысты оның табиғатын зерттеулері жатады.

  1. Психологиялық бағытта.

Негізінен есті ұйымдастыру және оның бұзылуы туралы сұрақтарды қарастырады. Теоритикалық және методологиялық позицияларға сүйенген бұл бағыттың өкілдері бір бағытты ұстанушылар емес, тіпті қайшы келушілер болып келеді. Сонымен қатар бұл бағытқа гештальт психологияны теоритика-ақпараттық идеялардың негізгі түсініктерін синтездеуші зерттеулерді қосуға болады. Бұл бағытқа заттың әрекет теориясы позициясынан естің бұзылуына анализ жасауды жүргізетін отандық психологтардың еңбектерін қосуға болады. (А.Н.Леонтьев, Г.В.Биренбаум, Р.И.нирович, Б.В.Зейчарник және т.б.)

Корсаков синдромы-тікелей естің бұзылулардың ішінде жақсы зерттелгені және ол өтіп жатқан жағдайға байланысты естің бұзылу ерекшелігі. Корсаков синдромын ең алғаш кеңес психиатры С.С.Корсаковтың ауыр алкогольдық интоксикация кезеңінде зерттелген жаңалығы. Бұл естің бұзылу түрі көбіне болып жатқан жағдайға байланысты конфабуляция және орны мен уақытқа байланысты бағдарлама алмаумен бірігеп кездесіп отырады. Соңғы екі белгінің біріншісі анық байқалады. Соңынан жүргізілген зерттеулерге байланысты Корсаков синдромы мидың өзге де зақымдануларында кездесетіні анықталады. Бұл аурумен ауыратын адамдар аз уақыттан кейін өткен жағдайды ұмытып қалады. Бірақ көп жылдар бұрынғы оқиғаларды қайта жаңғырта алады. Мысалы: ауру адам өзінің балалық шағындағы бір оқиғаны, мектеп өміріндегі бір көріністі сипаттап бере алады. Бірақ ол тамақтанды ма, оған тумалары келді ме және т.б. аз уақыттағы жағдайды еске түсіре алмайды. Бұл адамдар бірнеше рет амандасады. Бір сұрақты бірнеше рет қайталайды. Бір ұсынысымен қайта-қайта сөз айтады. Корсаков синдромының құрылымына анализ жасау кезінде, мынадай сұрақ туындайды. Аз ғана уақыт бұрын өткен жағдайды ұмытып қалушылық қайта жаңғырту дефектісі ме, әлде материалды еске сақтау қиындығы ма?

Кейбір эксперимент мәліметтері қайта жаңғырту дефектісі деп дәлелдейді. 1911 жылы Э.Клапаред мынадай тәжірибе жүргізді Ол бірнеше рет күні бойы науқас адаммен амандасты және амандасу кезінде оған жасырын қолына ине тигізеді. Бірнеше рет қайталағаннан кейін науқас Клапаредке қолын ұсынуды тоқтатқан. Бірақ оны танымаған және амандасу фактісін де есіне түсіре алмаған.

А.Н.Леонтьев 1935 жылы науқас адам мен ауру қоздырғышына қатысты шартты рефлексті қатыстырған. Бірақ ауру адамдар осы фактіні білмеген. Осы мәліметтер ауруларды қайта жаңғырту процесінің бұзылғанын дәлелдейді.

Корсаков синдромының бір ерекшелігі – конфабуляция болып табылады, яғни естегі үзілістерді болмаған жағдаймен толықтыру. Мысалы: бір науқас бүгін оның орманға барып, саңырауқұлақтар үстімен жүргенін айтса, енді біреуі “кеше мен үйде, заводта болғанмен, онда маған жақсы құрмет көрсетті” деген. Корсаков синдромы естіген немесе көрген нәрсені қайта жаңғыртудағы дәлсіздіктен емес, ол бағдарланудағы дәлсіздіктен көрінеді. Кейде жалған қайта жаңғыртулар пайда болады. Кейде аурулардың өздері естіген немесе көрген заттың жетіспеушілігіне байланысты оларды толықтыруға тырысады, болмаған жағдаймен алмастырады. Естің бұзылысы тек болып жатқан жағдайға ғана емес, сонымен бірге өтіп кеткен жағдайға да қатысты келеді. Яғни, ауру адам өткенін білмейді. Оны осы шақпен шатастырады. Оқиғалар хронологиясын алмастырады. Уақыт пен кеңістікті бағдарлауының бұзылысы байқалады. Кейде мұндай естік бұзылыстар протексттік сипатта болады. Масылы: бір науқас ғасырдың басында өмір сүріп жатырмын деп сезінеді, яғни, осы кезеңде I дүниежүзілік соғыс аяқталып, Ұлы Қазан социалистік революциясы басталады деп шатасқан.

30 – жылдары В.А.Гомеровский бір ауру адамды сипаттаған. Ол адам өзін жер иесінің үйінде тұрамын деп сезінген және иесінің жолдасынан қатты қорқатынын және дұрыс тамақтана алмайтындығын айтқан. Бұл амнистикалық бағдарсыздықтарда өткен кәсіптік дағдылары жиі көрініс табады. Мысалы: бір адам бұрын мейрамханада официант болған, соған байланысты түскі тамақтану кезінде тамаққа келушілерді тамақтандырып, қызмет көрсетіп жүрмін деп ойлаған және ол үшін оған төлемақысын сұраған. Олай болмаған жағдайда иесін шақыртамын деп айтқан.

Естің әлсіздеуінің бұзылуын-гипоамнезия деп атайды. Бұл ақпаратты көп қайтара қайталауындағы есте сақтау процесс. Естің бұзылысы көру, есту, кинестезиялық жағдайға байланысты болады. Бас мидың маңдай бөлігі не зақым келген жағдайда қысқа уақыт аралығындағы есте сақтау процесі бұзылады. Бір нәрсені ауру адам жаттай алмайды, бірақ оны көпке дейін есінде ұстай алмайды. Сонан соң оны сұрағанда айта алмайды, бірақ оны қабылдап, басынан бастап жаттайды. Сөз амнезиясы – бұл жағдай қабылдаудың бұзылу нәтижесінде есте сақтау процесі тежеледі. Яғни, ауру адам бір нәрсені ұмытып қалады да, бір кезде сол сөзді естіген жағдайда, сол нәрсе есіне түседі. Есте сақтаудың толық бұзылуы – амнезия деп аталады. Науқас адам болған жағдайды, фактіні, болған уақытты есіне түсіре алмайды. Бұл көбіне энцефалиттік және бас сүйегіне зақым келген жағдайда байқалады. Оның өзі үш кезеңнен тұрады:

Ретрогардты амнезия – зақым келген жағдайдан бірнеше секунд бұрын болған уақыт.

Антероградты амнезия – зақымданғаннан кейінгі жағдай.

Фиксациялы амнезия – дәл қазір болып жатқан жағдайды есіне түсіре алмау.

Естің бұзылуының алданыш түрі парамнезия деп аталады. Бұл жағдайда адам еріксіз ұмытылған нәрсені фантазиямен толықтырады. Есіне сақтауы бұзылған адам, яғни пациентте криптомнезия байқалады, ол еріксіз өзге адамның айтқан сөзін өзі айтқандай қабылдау. Еске сақтау процесі бұзылуында алданыш есте сақтау, уайым түрде “deja vu” (фр. – бұрын көрген). Болмаған жерде адамның осы жерде бұрын болдым деп есіне түсіре алмауы. Алданыш еске сақтау бұзылуы “jamais vu” (бұрын көрмеген) – бұл жағдайда ауру күнделікті жерінде, таныс адамдардың арасында өзін бірінші рет келіп тұрғандай сезінуі.

Тексеру сұрақтары:



  1. Есте қалдыру дегенiмiз не? Материалдың мағынасына түсiнiп жаттап алудың шарттары қандай?

  2. Механикалық есте қалдыру дегенiмiз не?

  3. Қайта жаңғырту мен танудың бiр-бiрiнен айырмашыдығы неде?

  4. Қайта жаңғыртуды қандай әдiстермен пайдалануға болады?


Он төртінші дәріс.

Тақырып: Психикалық іс-әрекеттегі қиял рөлі.

Мақсаты: Қиял туралы түсінік беру, қиял бейнелерінің қалыптасу кезеңдерімен, ерекшеліктерімен таныстыру.

Мазмұны:

1. Қиял туралы түсінік.

2. Қиял түрлері.

3. Қиял бейнелерінің қалыптасуының негізгі этаптары.



Қиял туралы түсінік.

1.Адам бұрын жинаған образдарына сүйсіне отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял адамға ғана меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция. Жоғардағы психологиялық процестер секілді қиял да шындықты бейнеледі. Қиялдау үшін адамның басында белгілі білім қоры, нақты образдар, тұрақты елестер болады. Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен қолы жетпей жүрген мақсатын ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап шалдыққан жолаушы аулын қиялмен елестеткенде оған күш бітіп ширай түседі. Адамның еркі де қиялмен байланысты. Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина, үй) адам алдымен бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып, әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.

Психиканың көптеген басқа көріністері тәрізді қиял біртіндеп дамып, психофизиологиялық механизмі жағынан да, көрініс формалары жағфнан да өзгерістерге түсті. Қиялдың дамуы адамның қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланыста болып отырады. Материалдық және рухани қажеттіліктердің жаңаларының пайда болып және бұрыннан барының дамуы адамды белсендірек қызмет етуге итермеледі және оның шығармашылық күшін өмірге келтіреді, оған қойылатын таланты барған сайын ұлғайта түсті. Қоршаған дүние туралы білімнің топшылығы, көбіне табиғаттың объективтік заңдарын мүлдем білмеушілік қиялдың күшеюін, фантазияның шарықтауын туғызады. Археологиялық зерттеулер мен ең жаңа ашылымдар дәлелдеп отырғандай, адамзат дамуының ең ертедегі сатыларының өзінде-ақ адамдардың мифологиялық елестер болған. Көркем шығармашылықта өте ерте пайда болды. С.Л.Рубинштейннің ойынша, дүниені өзгертуге қандай да болса қатысы бар ой, әр сезім, кез келген еріктік әрекетте қиялдың элементтері бар. Қиял тіпті бейнелендірудің адамның қабылдауы түріндегі формасынада енеді. Ес әрекеті, есте қалдыру және қайта жаңғырту процестерінде де қиял бейнелері болады. Қиялдың физиологиялық негізі- оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың бір тұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді. Осыдан бейне мен ой ажыратылмас бірлікте екенін байқаймыз.

Қиял дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының субъективтiк образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрiнетiн, тек адамға ғана тән психикалық процесс: “...барлық жан қуаттарын (рухани күштердi) тек қиял ғана өзiндiк сақталатын сезiмдiк заттарды модельдендiре алады” (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлi комбинацияларға түседi де, жаңа нәрселердiң бейнесi туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесiнде екiншi сигнал жүйесi шешушi рөль атқарады.

Адамдардың қиялына тән кейбiр ерекшелiктердi төмендегiше топтастыруға болады:

1) әр адамның қиял ерекшелiктерi оның жеке қызығулары мен қасиеттерiне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келедi. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екi-үш күннен кейiн емтихан тапсыратын студенттiң машинасы-ның тетiгiн жетiлдiрудi ойлап жүрген инженердiң қиялын салыстырып көругс болады;

2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшелiктерiне де, бiлiм тәжiрибесiне де байланысты. Мәселен, көргенi де, түйгенi де көп, өмiр тәжiрибесi мол, әр тарапты бiлiмi бар ересек адамның қиялы мен ендi ғана өмiрге аяқ басайын деп тұрған жеткiншектiң қиялын бiр өлшемге салуға болмайды;

3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелiгiне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрiнiп отырады. “Жаратылыстың құшағында,— деп жазады М. Жұмабаев,-меруерт себiлген көк шатырдың астында, хош иiстi жасыл кiлем үстiнде, күнмен бiрге күлiп, түнмен бiрге түнеп, желмен бiрге жүгiрiп, алдындағы малымен бiрге өрiп, сары сайран далада тұрып өсетiн қазақ баласының қиялы жүйрiк, өткiр, терең болуға тиiстi”.

4) қиял — адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын iздестiру қиялсыз мүмкiн емес. Бұл—қиялдың ерiкпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесiнде алатын орны ерекше. Өйткенi ойлау белсендiлiгi адамды шығармашылық әрекетке жетелейдi. Ал ондай әрекет қиялдың өте күштi дамуын қажет етедi. Ойлау мен қиял бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуi де мәселенi шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бiрақ қиялда мәселенi шешудiң өзiндiк ерекшелiгi болады. Қиял-мәселенi суреттеу, жанды көрiнiс арқылы шешсе, ойлау оны тiрi суретсiз жалпылай, ұғым, пiкiр, тұжыры түрiнде шешедi;

5) адам қиялы еңбек процесiнде, iс-әрекет үстiнде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негiзгi шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, iстейтiн еңбектiң нәтижесiн күнi бұрын көре бiлу, яғни оны өңдеп, өзгертiп, елестете алу — адам қиялына тән негiзгi белгiлер. Қиялда адамның дүние жөнiндегi әр-түрлi таным-түсiнiгi әртүрлi формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. қиял бейнелерi адам қажеттiгiнен тәуелдi бола тұрып, оны белсендi кызметке итермелейдi, творчестволық iсiне күш-жiгер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткiл рухани өмiр жүйесiнде елеулi орын алады. Кiсiнiң өмiр жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттерi, iс-әрекетiнiң құрылымы, өмiр салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкiн емес. Адам саласы-ның жануар психикасынан басты айырмашылығы адам да ойлаумен қатар қиял әрекетiнiң болғандығында.

Айдаһардың бейнесiн Италияның атақты суретшiсi Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейдi: “Көкжал аңшы иттiң не жай иттiң басын аламыз, оған басқа мысықтың көзiн саламыз, қүлағы үкiнiкi болады, мұрыны тазынiкi секiлдi, қасы арыстандiкi, самайы - әтештiкi, мойны суда жүзетiн тасбақанiкi сияқты”. Осы бейненiң өзi шындықта бар нәрселердi топтастыру арқылы туып отыр. Бiрақ осы топтастыру нәтижесiнде келiп шыққан тұтас образдың өзiн көре бiлу үшiн адамға ең күштi, өрен жүйрiк қиял қажет.

Қиял процесiнiң адам әрекетiнiң қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзi осы әрекет арқылы өзгерiп, дамып отырады.

Тiптi бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзi де оның танымын кеңейтетiндiгi, қоғамдық тәжiрибенi меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзi баланың психологиясына қатты әсер ететiнi байқалады. А. П. Чехов “Үйде” деген әңгiмесiнде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегiп әдеттенген жетi жасар балаға еш-бiр сөз әсер етпей қойған. Бiрде әкесi оның қиялына әсер етудi ойлайды. Ол баласына мынадай әңгiме айтады: “кәрi патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзi дәл сен сияқты кiшкентай бала екен. Өзi жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейдi, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейдi екен... өзi ақылды болыпты... Оның бiр ғана кемшiлiгi - шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкiрек ауру болып жиырма жасында өлiптi. Қаусаған ауру шал ешбiр қолганатсыз қалыпты. Мемлекеттi басқарып, сарайды қорғайтын ешкiм болмапты. Жау келiп, шалды өлтiрiп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, ендi бақша да, шие де, қүстар да, цоқыраулар да қалмаған...”. Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттiң оған күштi әсер еткендiгi сонша, бала “қаранғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк еттi де, мүңайған дауыспен: — Мен ендi шылым тартпаймын...— дедi”...

Қиялдың адам қажетiне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуi адамға ерекше қанат бiтiрiп, оның iлгерi өрлеуiне себепшi болады. Халық “Қыран жетпеген жерге қиял жетедi” деп өте тауып айтқан. Бiр кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857— 1935) космосқа ұшуды армандап едi. Космос кораблiмен аспан әлемiне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкерi Тоқтар Әубәкiровтiң және басқаларының ерлiктерi осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың iске асуы болып табылады.

Пысықтау үшiн сұраулар:

1. Қиял процесiнiң жалпы сипаттамасы қандай?

2. К. Маркс пен В. И. Ленин қиял туралы қандай пiкiрлер айтқан?

3. Ырықсыз қиял деген не?

4. Қайта жасау қиялы қалай жасалады?


Он бесінші дәріс.

Тақырып: Қиял.

Мақсаты: Қиялдың дамуын және оның адамдар өміріндегі маңызын түсіндіру.

Мазмұны:

1. Қиял дамуының кезеңдеріне сипаттама.

2.Шығармашылық үрдістегі қиялдың рөлі.

Қиял дамуының кезеңдеріне сипаттама.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз.

Жалпы қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыпты, нақтылы әрекетке байланысты. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойнайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес деп тегін айтпаса керек.

Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн.

Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен мақсатпен тығыз ұштасуында.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді.

Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды.

Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қолдандыра түскен дұрыс. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галерияларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата – анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.



Шығармашылық үрдістегі қиялдың рөлі.

Көп уақыттар ғылымдар шығармашылық процесті заңдастырып, оны үйретіп болмайды деген тұжырым сақталып келді. Алайда мұндай көзқарас уақыт өте шайқала бастады. Шығармашылық іс кездейсоқ жаңалықтар ашудан саналы ойлап табу жолына түсті, жаңа міндетттерді шешу жоспарлы қалыпқа келді. Ағылшын ғалымы Г. Уоллес шығармашылық еңбегінің төрт кезеңін бөліп, ұсынады:

1. Дайындық – идеяның пайда болуы;

2. Ой жетілуі – қойылған проблемаға орай білімдердің жинақталуы, жетіспеген деректерді іздеу, топтау;

3.Аян болу – діттелген нәтижені сезіммен қауып түсу;

4. Тексеру

Г.С.Альтшулер шығармашылық еңбектің біртұтас теориясын нақтылап, бұл процестің бес деңгейін айырады:

1. Нақты нысана байланысты бір сұрақ төңірегіндегі мәселені шешу;

2. Сұрақ бір мәселе төңірегінде, бірақ нысан өзгертілген, шешімі көп вариантты;

3. Нысан күрделі өзгеріске түседі, осыған байланысты дұрыс шешім жүздеген қателіктердің арасынан табылу қажет, қосымша білімдерді қажет етеді.

4. Нысан түгелдей өзгереді. Проблема шешімі терең ғылымдық дайындықты талап етеді әрі сирек кездесетін құбылыстар арасынан іздестіріледі;

5. Нысанды қамтыған бүкіл жүйе өзгеріске түседі: шешім іздеу барысындағы тәуекел мен қателіктер саны шексіз.

Шығармашылық мәселенің шешімін табудың ең маңызды тәсілдерінің бірі – мәселе қандай күрделі қиындықта болмасын, оны қарапайым түрге келтіру, яғни 4,5 деңгейдегі проблемаларды арнайы әдістермен 1,2, деңгейге түсіру керек.

Жаңа елестер талдау және біріктіру әрекеттерінің арқасында пайда болды. Қиял процестері, ақырында, бастапқы елестердің ойда бөлшектеніп, кейін олардың жаңа тізбектерге бірігуінен құралады, яғни аналетик – синтетикалық сипат алады.

Қиялдың аналитик – синтетикалық сиапты агглютинатив тәсілінде анық көрінеді. Агглютинация дегеніміз бірнеше заттардың жеке элементтері мен бөліктерінің бір бейнеде қосылуы. Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолданады.

Бейне жасау талдау процесінде қолдануы және бір әдіс – бұл акценттеу яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан тыс кейпімен көзге түсуі. Көбіне акценттеу әдісін әзіл – сықақ суреткерлер жиі қолданады: нұсқаның бір белгілерін шындыққа лайық сақтап отырып, басқа белгілерін қиялды идеяға ұштастырып, өзгеріске ендіреді, мысалы: бөспе адамның бейнесі шұбалған сөз тілімен көзге түссе, ашқарақ – мес қарнымен танылады.

Қиял елестерін жасау біріктіру жолымен де іске асады. Фантатикалық бейнеге негіз болған елестер бірігіп айырмашылықтары көмескіленіп, ұқсас тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация әдісінің қолданылғаны. Бұның мысалы ретінде қоршаған орта бедерлеріне ұқсас жасалған ұлттық оюлар мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою - өрнектерді саралай отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның айсысы адайдікі немесе ұлы жүздікі екенін айырып бере алады. Ал енді осы заттардың айырмашылығы неде екенін сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады , себебі ою - өрнек бейнелері әр қазақтың қиял санасында жалпыланған схема күйінде орын тепкен.

Тексеру сұрақтары:


  1. Творчестволық қиял деп ненi айтады? Оның мәнi неде?

  2. Iс-әрекеттiң әр саласындағы творчестволық қиялдың алатын орнын қалай түсiнуге болады?

  3. Арман дегенiмiз не?

  4. Қиялдың жасалу жолдары қандай?

  5. Қиял саласында кандай дара айырмашылықтар болады?

  6. Бала қиялы қандай жолмен дамиды?

6. ------

7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау

1 дәріс



Тақырыбы: Жалпы психология пәні, міндеттері және әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет