Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Бас прокуратураның мәліметінше, 1 ақпанда Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соқты деген күдікті Нұрболат Нұрымұлы Дәкебаев ұсталды.

Фото: qamqor.gov.kz/күдікті Нұрболат Дәкебаев

Оқиғадан кейін күдікті із-түссіз жоғалып, іздеу жарияланған еді.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Дәкебаев облыс орталығынан 200 шақырым жердегі елді мекендердің бірінде ұсталған.

"Қазіргі уақытта Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған жасаған қылмысы үшін берілетін ең жоғары жаза – үш жылға дейін бас бостандығынан айыру", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 27 қаңтар күні Қарағанды қаласында белгісіз ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.