Елімізге танымал аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалған атақ-дәреже жасатып алған бапкер мен шәкіртті заңды түрде жазалауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: М1Global

Танымал жауынгер Арман Әшімов спортқа дым қатысы жоқ адамның “Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы мен бапкері” деген атақты жалған түрде иеленгенін ашып айтты.

“Спортта жүргеніме 17 жылдай болды. Бірнеше әлем чемпионатын қатысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алдық. Тараз қаласында спортқа мүлдем қатысы жоқ Малдатаев Әділбек Бауржанович деген кісі “ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы” деген атақты алыпты. Ал оның спортқа дым қатысы жоқ баласы Бауыржан Әли Әділбекұлы әлем чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. Бұл  кісілер Ұлттық спорт түріне жататын жекпе-жектен алған атаң-даңқты. 2022 жылы Тайлдандта әлем чемпионы болған екен. Бірақ әлем чемпионаты алғаш рет 2017 жылы өз елімізде өтті. Содан кейін әлі болған жоқ. Бұл мәселе жоғарыдағы лауазымды тұлғалар қадалағалауына алады деп ойлаймын. Спортқа қатысы жоқ адамдардың еш тер төкпей, осындай атақ-дәрежені алуына жүрегім ауырды. Бұл сонда Ұлттық спортты аяққа таптағаны ма? Қаншама спортшылар өмірінің жартысын арнап, бұндай дәрежені ала алмай жатыр. Осы спортшылардың, бапкерлердің еңбегі қайда қалды сонда?” – деді Арман Әшімов.

Айта кетейік, Арман Әшімов жекпе-жек спортынан Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және Әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсеткен спортшы. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.