Пән: Бағдарламалау 11 сынып Тақырып. Растрлық графиканы Photoshop көмегімен өңдеу. Интерфейсі. Құралдар. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Мақсаты



жүктеу 48.32 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі48.32 Kb.
түріПрограмма

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын

№20 арнаулы лицейі, Талдықорған қаласы

Информатика пәні мұғалімі

Карсаков Серикжан Адильжанович


Пән: Бағдарламалау 11 сынып
Тақырып. Растрлық графиканы Photoshop көмегімен өңдеу. Интерфейсі. Құралдар. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Мақсаты:

1. Білімділік: Adobe Photoshop бағдарламаласының интерфейсі мен құралдары туралы түсінік.

2. Дамытушылық: Оқушының компьютерлік сауаттылығын арттыруда, адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуда, қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды пайдаланушы ретінде жүзеге асыру. Тыңдалған материалды еске сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Adobe Photoshop CS3 бағдарламасы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

  1. Үй жұмысын сұрау

Компьютерлік графика түрлері ?

Растрлық графика дегеніміз не?



Жаңа сабақ



0.

Программа терезесінің атауы. Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.
1.

Меню жолы
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. 
Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады. 
Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады: 
Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу; 

Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау; 

Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;

Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;

Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;

Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;

Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру; 
Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу. 
2.

Құралдар панелі
Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан. 

1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.

2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
Лассо (Lasso), Shift+L;
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.

3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C.

4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
Заплатка (Patch), Shift+J.

5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары 
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.

6. Өшіруге арналған құралдар:
Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.

7. Дәлдікті басқару құралдары
Жуу (Blur), Shift+R;
Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
Саусақ (Smudge), Shift+R.

8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
Перо (Pen), Shift+P;
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
Нүктені түрлендіру (Convert Point). 

9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;

10. Комментарий құруға арналған құралдар
Комментарий (Notes), Shift+N;
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.

11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.

12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 

13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.

14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.

15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.

16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 
Фрагмент (Slice), Shift+K;
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.

17. Сурет салуда қолданылатын құралдар
Кисть (Brush), Shift+B;
Карандаш (Pencil), Shift+B.

18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;

19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
Градиент (Gradient), Shift+G;
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.

20. Жарықтылықты басқару құралдары
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
Губка (Sponge), Shift+O.

21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.

22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
Эллипс (ellipse), Shift+U;
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
Түзу (Line), Shift+U;
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.

23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар 
Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
Өлшеуіш (Measure), Shift+I.

24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Photoshop интерфейсі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет