Пән бағдарламасының беттік парағы (syllabus)



жүктеу 285.19 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі285.19 Kb.
түріБағдарламасы


Пән бағдарламасының беттік парағы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
RTM 4303 – Технологиялық машиналарды жөндеу

Павлодар, 2013 ж.



Лист утверждения программы дисциплины (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН:

ММЖжК деканы

__________Тоқтағанов Т.Т.

«___»_________20__ ж.



Құрастырушы: _________ магистр, аға оқытушы Абсолямова Д.Р.

(қолы)
Металлургия кафедрасы
Пән бағдарламасы (Syllabus)

RTM 4303 – Технологиялық машиналарды жөндеу


5В070900 «Металлургия» мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттеріне арналған
Бағдарлама «__»_________20__ж., №__ хаттамамен бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра отырысында ұсынылған «__» _____20__ ж., №_ хаттама
Кафедра меңгерушісі_________ Сүйіндіков М.М.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу әдістемелік кеңесі қолдаған «__» _____20__ ж., №__ хаттама
ОӘК төрағасы __________ Ахметов Ж.Е.

1. Оқу пәннің төлқұжаты
Пән аталуы Технологиялық машиналарды жөндеу
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 4

Семестр: 7



Аудиторлық сабақтардың барлыңы – 45 сағат

Дәріс – 30 сағат

Тәжірибелік – 7,5 сағат

Зертханалық – 7,5 сағат

СӨЖ – 90 часов

сонын ішінде ОСӨЖ – 30 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау түрі

емтихан – 7 семестр


Пререквизиттер

Материалтану және конструкциондық материалдар технологиясы, машиналар механизмдерінің теориясы, машина бөлшектері және құрастыру негіздері, материалдар кедергісі, технологиялық машиналарды құрылғылау және пайдалану, металдарды қысыммен өңдеу, құю өндірісі, металлугиялық жабдықтарының сенімділігі, кенді байыту және өндіру үшін жабдыктары, металл алуға арналған механикалық жабдықтар, металдарды қысыммен өңдеуге арналған машиналар.


Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: Мемлекеттік емтихан, дипломдық жобалау.


2. Оқытушы туралы мағлұмат және контактылы ақпараттар
Дәріс, тәжірибелік, зертханалық, СОӨЖ – Абсолямова Д.Р., магистр, аға оқытушы

Металлургия кафедрасы, Б-234 аудиториясы.

телефон: 8 (7182) 673623,
3. Пән, мақсаттары және міндеттері
Пән туралы мағлумат

«Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні – болашақ мамандардын металлургиялық жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыру және өндеу бойынша теориялық мәліметтерін алу.


Пәнді оқыту мақсаты

Металлургиялық жабдықтарын жөндеуін ұйымдастыру және инженерлік қамтамасыз ету, тозған бөлшектерін қалпына келтіру технологиясы, машиналарының торабында және агрегаттарында кемшіліктерін анықтауын істей білуі қажет, металлургиялық өндірісіндегі жабдықтарын жөндеуіне және пайдалануына қажетті білімдерін алуына міндетті болып табылады.



Пәнді оқыту міндеттері

«Технологиялық машиналарды жөндеу» пәнін оқу нәтижесінде тәлімгерлер жөндеу, пайдалану және мүлтіксіз ету облыстарында өндірістік және зерттеу қызмет ету үшін студентерін дайындауы пәнді оқытудағы мақсаты болып тәсілдерімен танысады.


4. Біліуіне, істей білуіне, дағдыларына және құзыреттеріне қойылатын талаптар
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек: қобылау және жаю орнақтарының тағайындалуы мен құрылымы бойынша, сонымен қатар құбыр илемдеу цехтарының басқа да жабдықтары бойынша білімдерді алу; жабдықтың негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштердің рационалды үйлесімін анықтауын істей білу, металлургиялық өңдірісіндегі жабдықтарымен қолдану және есептеу кезіндегі қажетті тәжірибелік дағдыларын тәлімгерлерге еңгізу болып табылады.

білуі керек:



  • металлургиялық жабдықтарының жұмыс шартын және тозу түрлерін;

  • машиналар мен агрегаттардың жөндеуін ұйымдастыру және өндірісін;

  • тозған бөлшектерін қалпына келтіру технологиясын;

  • жөндеудін инженерлік камтамасыз ету;

  • жөндеудегі пайдалану материалдардың сақтау ережелерін.

істей білуі керек:

  • металлургиялық жабдықтардың жөндеуін барлық түрлерін жобалау;

  • жабдықтардың тоқтап қалу себептерін тексеру, жөндеу және пайдалану құжаттарын құрастыру;

  • жабдықтарды модернизацияландыру және жөндеу жұмыстарын механизацияландыру құралдарын жобалау бойынша ұсыныстарын енгізу және дәлелдеу.

құзыретті болу:

  • металлургиялық жабдықтардың жөндеуін барлық түрлерін танып білу;

  • жабдықтардың тоқтап қалу себептерін анықтап білу, жөндеу және пайдалану құжаттарын құрастыруын үйрену.


5. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттардың реттелуі


т/б

Тақырыптар аталуы

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағаттар саны

ОӨЖ

дәріс

тәж.

зертх.

барлығы


соның ішінде СОӨЖ

1

Қіріспе

2







4

1

2

Жабдықтардың тозу түрлері

2

2

2

8

2

3

Машина тораптарының ақауларын анықтау

4

2

2

10

2

4

Тозған бөлшектерді қалпына келтіру технологиясы

4

2

2

14

2

5

Металлургиялық жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыру, жоспарлау және есепке алу

4

1,5

1,5

10

1

6

Жөндеудің инженерлік қамтамасыз етуі

2







10

1

7

Металургиялық машиналары мен агрегаттарын жөндеу технологиясы

4







10

3

8

Жөндеуді механизацияландыру құралдары

4







12

2

9

Жөндеуде пайданылатын материалдарды өндіру мен қоры

4







9







Барлығы:135 (3 кредит)

30

7,5

7,5

90

15



6. Дәріс сабақтардың мазмұны



Тақырып 1. Кіріспе.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металлургия сласында әртүрлі технологиялық үрдістер мен операциялар.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Әртүрлі технологиялық үрдістердің атқарылуы көптеген технологиялық машиналар, аппараттар, агрегаттар мен механизмдер арқылы атқарылады. Өндірістің жоғарғы талаптарына сай, өнімділігі жоғары, құрылысы жағынан күрделі, жасалу жағынан жоғарғы дәлділік керек ететін жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуін ұйымдастыру және өткізу технологиясына, бөлшектері мен тораптарына қосалқы бөлшектер дайындауға жоғарғы талаптар қойылады.



Тақырып 2. Жабдықтардың тозу түрлері.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Жабдықтардың материалды және моральды тозуы.

  2. Белгіленген ресурс. Жұмысты көп істеуі. Бұзықтық.

  3. Жабдықтардың тоқтап қалу пайда болуының негізгі түрлері мен себептері.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Металлургия жабдықтарында кездесетін бүліну мен тозулар табиғи және апатты болып бөлінеді.

Табиғи тозу – техникалық қолдану ережесі бұзылмай, күнделікті механикалық күштің, үйкелістің, жоғарғы жылулықтың т.б. факторлардың ұзақ мерзім әсерінің салаларынан туады. Мұндай бүліну мен тозулар өте баяу және біртіндеп дамиды. Бөлшектердің өлшемдерінің өзгеруі белгілі бір шекке дейін, машина жұмысындағы сапалық өзгерістерді байқалтпайды, ал олардың тоқтауы біртіндеп болады.

Апатты бүліну мен тозу – машинаның аз қолдану уақытында, жоғарғы жылдамдықта және сынған бөлшектің өлшемдері айтарлықтай өзгермейтіндігімен сипатталады. Апатты бүліну техникалық қолдану ережесін бұзған кезінде, жобалаудың, жасаудың және техникалық қызмет атқару мен жөндеудіңсапасының төмен болуының салдарынан туады. Сондықтан, машинаның құрылысын, жасалатын материалы мен жұмыс бөлшектерінің жасалу технологиясын дұрыс таңдау арқылы олардың сенімділік сапасын көтеруге болады.



Тақырып 3. Машина тораптарының ақауларын анықтау.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Ақауларды сыйпалау және дыбысының өзгеруіне қарай анықтау.

  2. Ультрадыбысты, гамма және рентгендіақау анықтағыштар.

  3. Металлургиялық жабдықтарының техникалық тоқтау себептері.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Бөлшектердің тозғанын келесі негізгі әдістермен анықтауға болады: микрометрлік өлшеу; бөлшектерді таразы арқылы өлшеу; пайдаланған майды талдау. Тозуды өлшеу аз уақыт аралығында өткізілуі қажет және машиналарды жиі бөлшектеу мен жинауда қажетсіз.

Жабдықтардың тоқтау себебі мен бөлшектерінің ақауын уақытылы анықтау, жабдықтардың күйін бағалаудағы маңызды шарттың бірі болып саналады. Сонымен қатар, уақытылы анықталған ақау сипатына қарау, техникалық күту мен жөндеу жүргізуге, сенімділігін жоғарылату шараларын анықтауға және апатты тоқтауды болдырмауға көмегін тигізеді.

Тақырып 4. Тозған бөлшектерді қалпына келтіру технологиясы.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):


  1. Тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдері.

  2. Бөлшектердің тозған орындарына металдарды пластикалық деформациямен, балқытып қаптастыру, ұнтақтап көмегімен толтыру.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Машиналарды тораптарға бөлшектеу алдында, оларды міндетті түрде талдауға жеңіл болу үшін ластан тазартады. Тораптың сыртын жуу үшін, алдымен қырғыштармен қырып, темір щеткаларымен тазалаған соң, сумен немесе қысыммен берілетін сумен жуылады.

Майдан тазартылып жуылған бөлшектердің техникалық жағдайы тексеріледі. Бұл операцияның негізгі мақсаты бөлшектердің сынған немесе үзілген жерлерін; болдырудан болған жарықшақтарды, әртүрлі деформацияларды, жұмыс беттерінің тозуын анықтау үшін қажет.

Тақырып 5. Металлургиялық жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыру, жоспарлау және есепке алу.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):


  1. Жабдықтар жөндеуін ұйымдастыру. Жөндеу түрлері.

  2. Қүрделі және қүнделікті жөндеу. Жөндеу циклы.

  3. Жөндеулерді жоспарлау. Ескерту-жоспарлы жөндеу.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Техникалық күту – жабдықтардың атқаратын міндетіне қарай пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жұмыс қабілетін сақтап, бүлінбеген күйінде ұстап тұруға көмектесетін операция немесе операция жиынтығы.

Металлургиялық жабдықтарының техникалық күтуі, екі жоспарлы жөндеу аралығында, жабдықтардың жұмыс қабілетін сақтауға бағытталған жұмыстар жиынтығы. Оның құрамына жоспарлы профилактикалық байқау, күту, қадағалау мен әрбір ауысымдардың жүргізетін күтуі кіреді.

Жөндеу дегеніміз – жабдықтардың немесе оларды құрайтын тораптардың бұзылған жерлерінің алғашқы қорын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіруге арналға күрделі операция.



Тақырып 6. Жөндеудің инженерлік қамтамасыз етуі.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Жөндеу құжаттары. Жөндеудің инженерлік қамтамасыз етуі.

  2. Жөндеу жұмыстарың басқару және желісті жоспарлау жүйесі.

  3. Жөндеу жұмыстарын қаражатандыру. Бас механик қызметінің статистикалық есебі.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Жөндеудің инженерлік дайындығы тек жөндеуді өткізуді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге жөндеудің тиімділігін (сапасын жақсартуға, ұзақтығы мен бағасын төмендетуге, қауіпсіздігін арттыруға және т.б.) арттыруға көмектеседі.жөндеу механиктерінің қызметін ұйымдастыру орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас түрлері болып бөлінеді.



Тақырып 7. Металургиялық машиналары мен агрегаттарын жөндеу технологиясы.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Ұсақтағыш, ұнтақтағыш жабдықтардың, флотомашиналардың жөндеу технологиясы: механизация және технологиясының ерекшеліктері.

  2. Металдарды дайындау үшін механикалық жабдықтардың жөндеуі.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Металлургия саласында ұсақтатуға арналған жабдықтардың бірнеше түрлері қолданылады. Оларға жататындар жақты, конусты, балғалы және білікті ұсақтағыштар.

Ұсақтағыштардың құрылысы мен өлшемдері көп жағдайда, олардың күрделі және жеңіл желпі жөндеулерінің технологиясын анықтайды.олардың жеңіл желпі жөндеулері механик қызметінің жөндеушілерімен, апл күрделі жөндеу мамандырылған жөндеу мекемесінің күшімен жүргізіледі.

Тақырып 8. Жөндеуді механизацияландыру құралдары.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):


  1. Жөндеу жұмыстарын механизацияландыру – жөндеу сапасың және нәтижесің көтеру құралы болып табылады.

  2. Металлургиялық жабдықтар жөндеуіндегі қолданылатын құралдар.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Ауыстырылатын жабдық деп бұйымды өңдеуге тікелей қатысатын, белгіленген өнім түрін шығаруға арналған және өнімнің түрі өзгерген кезде ауыстырылатын, машинаның жұмыс мүшесіне қатысты ерекшеленгенибөлігін айтады.

Ауыстырмалы жабдықтарды ауыстыру, агрегаттың техникалық күтуі немесе технологиялық тоқтау кезінде, яғни агрегаттың талданбаған түрінде жүргізіледі.

Тақырып 9. Жөндеуде пайданылатын материалдарды өндіру мен қоры.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):


  1. Маталлургиялық жабдықтарының тораптар мен бөлшектерді жөндеу, пайдалану және дайындау үшін пайдалынатын материалдар.

  2. Отқа төзімді материалдар. ЖПМ қасиеттері және олардың сипаттамалары. ЖПМ өндеуін жоспарлау және тапсырыстарын жасау. Жабдықтарға арналған ЖПМ және қосалқы бөлшектер сақталуын ұйымдастыру.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Жөндеу эксплуатациялық металл – жөндеу өндірісінің материалды техникалық қамтамасыз етулуінің негізін құрайды. ЖЭМ қосалқы бөлшектер мен ауыстырылатын жабдықтар болып, екі негізгі топқа бөлінеді. Жөндеудің нақтылы шағынын дұрыс бағалау үшін, ол тораптарды дәл анықтай және есептей білу қажет.

Жөндеу бөлімшелері ірі, орта және ұсақ дәрежелі болып бөлінеді. Жөндеу механикалық бөлімшелердің құрамы жөндеу қызметін ұйымдастырумен байланысты, яғни кәсіпорындардың жабдықтарының өлшемдері мен құрамына, географиялық жағдайы мен басқа нақтылы шарттарға тікелей байланысты.

Әдебиет: [2]


7. Зертханалық сабақтарының мазмұны, олардың сағаттық көлемі



Тақырып 1. Бөлшектер тозуын есептеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Тозу түрлерімен оқып білу және оларды ескерту шараларымен танысу.



Тапсырмалар:

1. Тозу түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Оларды ескерту шараларымен танысу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Металлургия жабдықтарында кездесетін бүліну мен тозулар табиғи және апатты болып бөлінеді. Тозу мен үйкеліс процессін түсідіретін ең көп тараған теорияның бірі молекулярлық болып есептеледі. Сол теорияның тұжырымы бойынша, қажалу беттері әртүрлі биіктіктегі көптеген микродөнестерден тұрады.жұмыс барысында екі кедір бұдырлы беттер бір біріне қысылған кезінде дөнестер алғашында серіппелі деформацияға ұшырайды.


Әдебиет: [10].
Тақырып 2. Индустриалды және трансформаторлы майлардың қасиеттерін зерттеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Индустриалды және трансформаторлы майлардың қасиеттерін зерттеу.



Тапсырмалар:

1. Майлар түрлерімен танысу.

2. Майлардың қасиеттері.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Металды қысыммен өңдеу тәсілдері тағайындалым бойынша екі түрге бөлінеді;

Әдебиет: [10].
Тақырып 3. Темірдің электролитті тұнба қасиетттеріне электролиз режимдерінің әсерін зерттеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Электролиз үрдісімен танысу.



Тапсырмалар:

1. Электролиз үрдісімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша ақауларды бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Көптеген бөлшектер әртүрлі металдармен электролегирлеу әдісімен өсіру арқылы қалпына келтіріледі. Бөлшектерді электролиз әдісімен қалпына келтіруде хромдау, болаттау, мыстау және мырыштау арқылы өсіруі жиі қолданылады. Қышқыл және тұз ерітінділерінен тұратын электролитті арнайы ваннаға құйып тұрақты ток өткізген кезде, ерітінді элементтерінде қарқынды диссоциацияпроцессі жүреді, яғни қарама қарсы зарядталған иондарғабөліну нәтижесінде электролиз процессі жүреді.



Әдебиет: [10].
Тақырып 4. Бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдері, 1,5 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерімен танысу.



Тапсырмалар:

1. Бөлшектердің тозуы, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Қалпына келтіру әдістері.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Машиналарды жөндеуде пісіру мен балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтіру, еі кен тараған әдістер болып саналады. Бөлшектердегі жарықшақтарды, тесілген, жұлынған, сынған жерлерін пісіру арқылы, ал тозған жерлерін балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта өндірісте, бөлшектерді пісіру мен балқытып қаптастыру арқылы қалпына келтірудің келесі түрлері кеңінен қолданылады: электрдоғалы пісіру мен балқытып қаптастырудың қолмен атқарылатынтүрі; металдарды газбен пісіру және кесу; шойын бөлшектерді пісіру; флюс қабатының астында жүргізілетін автоматтандырылған балқытып қаптастыру; қорғау газдары мен бу ортасында пісіру мен балқытып қаптастыру; бөлшектерді арнайы электродтар мен қатты қорытпалар қолдану арқылы жүргізілетін, электр импульсты балқытып қаптастыру.



Әдебиет: [10].

7.1 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны, олардың сағаттық көлемі



Тақырып 1. Машинаның бөлек құру бірліктерінің жөндеу өлшемдерін есептеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Жанасатын құру бірліктерінің жөндеу өлшемдерін есептеу.



Тапсырмалар:

1. Бөлшектерді механикалық әдіспен қалпына келтіруімен танысу.

2. Бөлшектерді қысыммен қалпына келтіру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Тозған бөлшектерді қалпына келтірудің екі негізгі әдісі бар. Олардың біріншісі жөндеу өлшемдері әдісі. Бұл әдіс бойынша бөлшектердің геометриялық пішіні мен жанасу беттерінің кедір бұдырын қалпына келтіріледі, бірақ алғашқы өлшемдері сақталмайды. Екіншісі нақтылы өлшем әдісі, мұнда тозған бөлшектердің алғашқы өлшемдерін сақтай отырып қалпына келтіріледі.



Әдебиет: [10].
Тақырып 2. ЭЕМ қолданып машиналардың жөндеу нормативтерін есептеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Машиналардың жөндеу нормативтерін есептеу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау өнімдеріндегі ақауларымен танысу.

2. Берілген сурет бойынша кедір-бұдырлығын бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Металды қысыммен өңдеу тәсілдері тағайындалым бойынша екі түрге бөлінеді;

-ұзындығы бойынша тұрақты көлденең қиылыстағы дайындамаларды әзірлеу үшін прокаттау, қалыптау қолданылады;

-даяр өнімдердің көлемімен пішініне жақын дайындамалар мен бөлшектерді алу үшін шыңдау, таптау, қалыптау тәсілдері қолданылады;

Соғылма металды қысыммен өңдеудегі түрлі жолдармен алынады:

-шыңдау, таптаумен – металды әмбебап құралдың көмегімен деформациялау;

-көлемді ыстық қалыптау – қыздырылған дайындаманы арнаулы жабдықта – қалыпта деформациялау;

-суық түрде қалыптау – қыздырылмаған дайындаманы арнаулы қалыпта деформациялау;

-прессалау – саңылау арқылы тұйық қуыстан металды сығу, баспаланатын кескіннің қиылысымиен сәйкес.

Дайындамаларды алудың технологиялық ерекшеліктері осы тәсілдер арқылы соңғы нәтижесінде ақауларды нақтылауды нақтылайды.



Әдебиет: [10].
Тақырып 3. ЭЕМ қолданып машиналар тобына ЖЕЖ жылдық кестесін құру, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. ЖЕЖ кестесін құру.



Тапсырмалар:

1. Жоспарлы ескерту жөндеу.

2. ЖЕЖ кестесі.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Илемдеу өнімінің сапасы өзіне мынадай қасиеттерді қамтиды:беріктік, икемділік, тұрақтылық, пісіруге икемділік, коррозияға төзімділік, беттік құрылымның беріктігі, көлденің қиылыстардың көлемінің дұрыс болуы, басқа да ерекшеліктер, әр нақтылы жағдайда металл өнімдердің пайдалануы барысында анықталады, оған машиналар, басқа да құрылымдар енеді. Даяр прокаттың сапасын анықтаудың факторлары күрделі үрдіс, көп жағдайларда қарама-қарсы бағыттарда жүреді. Құймакесектің енінің оның қалыңдығына қатынасының артуы қолайсыз болып есептеледі, ол құймакесектердің жарыққа тұрақтылығы мен беріктігіне кері әсер беріп, құймакесектерді салқындатуда және кристалдандыруда көрініс табады.



Әдебиет: [10].
Тақырып 4. ЖЕЖ айлық кестесін құру, 1,5 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. ЖЕЖ айлық кестесін құру.



Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша құймалар мен бөлшектерді бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Құйманың құрылымының сәйкессіздігі көп жағдайларда кең орын алмақ. Жауапты құймалар үшін микро ғана емес, макроқұрылымдар да нысанға алынбақ, ал микроқұрылымда нысанға көлемі, пішіні, түрлі құрылымдық құрамдас бөліктердің тепе-тең бөліну жағдайлары кепіл болады. Әр қорытпа үшін құрылымның сәйкессіздігі анағұрлым ерекше мәнге ие. Бұл ақауларды нақтылау үшін металлографиялық талдау мен физикалық құрылымдық-сезімтал әдістер қолданылады. Ликвационды ақаулар сонымен қоса химиялық талдаумен құйманың түрлі үлескілерін нысанға ала отырып қарастырылады және микролокальды химиялық талдауды да қолданысқа енгізеді.



Әдебиет: [10].

8. Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 1. Металлургиялық машиналардың динамикалық есептері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Құймакесек және үздіксіз дайындамалар алудың жолдары.

2) Құймакесектер мен үздіксіз құю дайындамаларының сапасы.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 2. Илемдеу орнақтардың негізгі түрлері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Жартылай өнімдер мен дайындамалардың қырларындағы ақаулар.

2) Декарттық координаттардағы тензорлар.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 3. Жұмыс қапастары және олардың жетегі.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Илемді алудың жолдары.

2) Илемдеу арқылы алынған дайындамаларының сапасы.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 4. Құймакесектер мен илемді жылжыту үшін арналған машиналар мен механизмдер.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Техникалық бақылау түрлері.

2) Техникалық бақылауды ұйымдастыру.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.

Тақырып 5. Илемді кесу үшін арналған машиналар. Илемді тазарту, таңбалау, кесу, орау және кесіп алу үшін арналған машиналар мен агрегаттар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Техникалық бақылау түрлері.

2) Техникалық бақылауды ұйымдастыру.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.

Тақырып 6. Тұтас құбырларды өндіру үшін арналған орнақтар мен агрегаттар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Техникалық бақылау түрлері.

2) Техникалық бақылауды ұйымдастыру.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.

Тақырып 7. Пісірілген құбырларды өндіру үшін арналған агрегаттар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Техникалық бақылау түрлері.

2) Техникалық бақылауды ұйымдастыру.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
9. ООӨЖ (ОӨЖ ООӨЖ 25%құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





2.

Зертханалық сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





3.

Тәжірибелік сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





4.

ОӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру



















5.

Тестілеу тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру







11.30-

12.20












10. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі
Дәріске қатысу және тәжірибелік (семинар, зертханалық, жеке, студиялық) бөлігі 0 – 100 балға бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тақырып, мақсат және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындаудың ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Металлургиялық машиналардың динамикалық есептері.





3 апта



3 апта

2

Реферат

Илемдеу орнақтардың негізгі түрлері.




2 апта




5 апта

3

Реферат

Жұмыс қапастары және олардың жетегі.





2 апта




7 апта

4

Межелік бақылау

Модуль 1,2







тестілеу

8 апта

5

Реферат

Құймакесектер мен илемді жылжыту үшін арналған машиналар мен механизмдер




2 апта




9 апта

6

Реферат

Илемді кесу үшін арналған машиналар. Илемді тазарту, таңбалау, кесу, орау және кесіп алу үшін арналған машиналар мен агрегаттар.




2 апта




11апта

7

Реферат

Тұтас құбырларды өндіру үшін арналған орнақтар мен агрегаттар




2 апта




13 апта

8

Реферат

Пісірілген құбырларды өндіру үшін арналған агрегаттар




2 апта




15 апта

9

Межелік бақылау

Модуль 3,4







тестілеу

15 апта



11. Оқушылардың білімдерін бағалау критерийлері

Пәнді оқытуы барлық өткен материалды тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Бағдарламаларда ескертілген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберу үшін міндетті шарты болып табылады. Әрбір тапсырма 0 – 100 балға бағаланады.

Ағымдағы сабақтарда (дәріске қатысу, үй жұмыстары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.б., межелік бақылау) барлық тапсырмаларды орындалғанның орта арифметикалықтан жіберу рейтингі шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық (тәжірибелік) жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және қорғау) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғаңан үшін оң бағалар алған және жіберу рейтингін (50 балдан төмен емес) жинаған студенттер жіберіледі.

Әрбір пән бойынша (соның ішінде қорытынды бақылау түрі ретінде МЕ болатын пәндерде) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды (Қ) бағамен анықталады, ол ЖР және ҚБ үлес салмақтарын есепке ала (ЖРҮС және ҚБҮС) олардың бағаларынан (емтихан, дифференциалданған сынақ немесе курстық жоба/жұмыс) қалыптасады
Қ = ЖР·0,6 + ҚБ·0,4
Үлес салмақтары жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 аспау, ал ҚБ үшін 0,3 төмен болмау қажет.

Курстық жоба/жұмыс комиссия алдында қорғалады. Жетекші пікірін есепке ала көрсетілген білімдеріне сәйкес баға қойылады.

Егерде жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша оқушы тек қана оң бағаға ие болған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептеледі. Қорытынды бақылауға

Қорытынды бақылауды себепсіз босату «қанағаттанарлықсыз» бағаға тең деп есептеледі. Пән бойынша аралық аттестация және емтихан нәтижелері дәл сол күні немесе келесі күні, егер жазбаша емтихан түстен кейін өткізілсе, студенттерге жеткізіледі.

Межелік бақылаудағы (рейтингтегі) және қорытынды емтихандағы студенттің білімдеріне қорытынды бағаны түзу есептеу үшін 0 ден 100% дейін пайыз арқылы бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағаларынан және межелік бақылаудың бағасынан қалыптасады.

Пән бойынша оқу жетістіктері, яғни студенттердің білімдері, дағдылары және құзыры, оның цифрлік эквивалентіне және бағалардың дәстүрлі бағанасына адекватты көпбалды әріптік жүйесі бойынша бағаланады.


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдардың цифрлік эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйесі бойынша баға

A

4,0

95–100

Өте жақсы

A–

3,67

90–94

B+

3,33

85–89

Жақсы

B

3,0

80–84

B–

2,67

75–79

C+

2,33

70–74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65–69

C–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

Қанағаттанарлықсыз


12. Оқытушы талаптары, саясаты және рәсімі
Нұсқа

Оқушылар барлық аудиториялық сабақтарына кешікпей қатысу міндетті болып табылады. Сабақты босатқан жағдайда деканат орнатқан тәртібіне сәйкес еңбекпен өтеу. Максималды тек қана екі сабақты босату мүмкін. Екі сабаққа кешігіп келу бір сабақты босатқанына тең деп саналады. Егерде екі сабақтан астам қатыспау жағдайда оқытушы келесіде, сұрақтын әкімшілік шешуіне дейін, студентті сабаққа жібермеуге рұқсат. Дәрістерде, осы курс студенттерінің контингентіге кірмейтін, бөтен адам қатысуына тыйым салынады.

Жұмыстарды белгілі мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмалардың ең соңғы тапсыру мерзімі – емтихан сессиясы басталуына дейін 3 күн.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жобаны/жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өткен материалды қайтадан орындау міндетті. Оқу материалдарды игеру дәрежесі тест немесе жазбаша жұмыстары арқылы тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізуге рұқсат.

Оқытушы басшылығымен студенттердің өздік жұмыстарын (ОСӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі төрт функцияларын есепке алу керек.

Біріншісі – оқу пәні бойынша өткізілген сабақтар кезінде алынған оқытушының ақпаратын студенттердің белсенді қабылдауының жүзеге асыруын болжайды.

Оқытушы ұсынысы негізінде студенттер өздігінен оқу әдістемелік құралдарын, әдеби көздерін оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жобаны/жұмысты орындайды деп екінші функция ескереді.

Студенттердің қиын жағдайларын талдау және жүйелеу, оқу материалдарды олар түсінуіне және меңгеруіне, басқа оқу амалдарын орындауындағы қиыншылықтар пайда болу себептерін анықтау студенттердің үшінші функциясы болып табылады. Студенттер шешілмейтін қиыншылықтарды оқытушыға арналған сұрақтар жүйесіне аударады, осы сұрақтарға өзіндік жауаптар нұсқаларын қалыптастырады.



Оқытушыдан сәйкесінше түсініктемелерді, кеңестерді сұрау студенттердің төртінші функциясы болып табылады.
13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер


  1. Кружков В.А., Чиченев Н.А. Ремонт и монтаж металлургического оборудования – М.: Металлургия, 1985, 320с.

  2. Касаткин Н.Л. Ремонт и монтаж металлургического оборудования. М.: Металлургия, 1970, 307с.

  3. Притыкин Д.П. , Тылкин М.А. Ремонт оборудования для подготовки шихтовых материалов в цветной металлургии М.: Металлургия, 1977, 94с.

  4. Басов А.И., Ельцев Ф.П. Справочник механика заводов цветной металлургии – М.: Металлургия, 1981, 496с.

  5. Система технического обслуживания и планово-предупредительного ремонта механического оборудования предприятий цветной металлургии / под ред. О.Н. Багрова –М.: Металлургия, 1985, 264с.

  6. Краковяк С.А., Егоров Н.Ф. Техника безопасности при монтаже и ремонте оборудования цветной металлургии.


Қосымша әдебиет

  1. Кохан Л.С., Навроцкий А.Г. Механическое оборудование цехов по производству цветных металлов – М.: Металлургия, 1985. – 330с.

  2. Целиков А.И., Полухин П.И. и др. Машины и агрегаты металлургических заводов, М.: Металлургия, 1978 т.1, 415с., т.2, 328с.

  3. Основы металлургии т.7 Технологическое оборудование предприятий цветной металлургии М.: Металлургия, 1975. – 1008 с.

  4. Донченко А.С., Донченко В.А. Справочник механика руднообогатительной фабрики. – М.: Недра, 1975, 558с.

  5. Дроздов Н.Е., Сапожников М.Я. Ремонт и монтаж оборудования заводов строительных материалов – М.: Машиностроение, 1967. – 386 с.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет