Пән бойынша оқыту бағдарламасының титул парағы (Syllabus)



жүктеу 398.63 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі398.63 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титул парағы (Syllabus)



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы


050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы ның

студенттеріне арналған


«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері»

пӘн бойынша оқыту бағдарламасы



(Syllabus)

Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН


Металлургия, машинажасау

және көлік факультеті деканы

____________ Т.Т.Тоқтағанов

201_ ж. «___»_________


Құрастырушы: доцент __________ Т. Қ. Шахаев

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы
050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы ның студенттеріне арналған

«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері»




пӘн бойынша оқыту БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________ №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________А. Х. Мустафин 20__ж. «____» ________

Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік

кеңесімен мақұлданды 20_ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы _____________Ж. Е. Ахметов 20__ж. «__» ________
КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ___________М. М. Сүйіндіков 20__ж. «__» ________


1 Оқытушы туралы мәлімет:

Шахаев Төлеуғазы Құрманбекұлы “ Механика және МГІ ” кафедрасының доценті; дәрістер, практикалық сабақтар, тел. (8-7182) 67-36-33 (203 қосымша).

Қабылдау сағаттары топқа арналған консультация сабақтарының кестесіне сәйкес Б-128/1 аудиторияда болады.
2 Пән туралы мәлімет:

«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері» пәнінің жұмыс бағдарламасы мамандықтың ҚР МЖМБС 3.08.358 – 2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен Жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінің 2006 ж. 22 маусымдағы шешімімен бекітілген және еңгізілген типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленді.

«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері» пәні 2 курстың 4 семестрінде 15 апта бойы оқылады. Пәнді оқу барысында студенттер жобалаудың негізгі ережелері туралы білімді зерделейді. Семестр соңында студенттер пән бойынша үй тапсырмасын орындап қорғайды және емтихан тапсырады.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша кездесу сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрі

Барлы-ғы

Дәріс-тер

Практи-калық

Зертха-налық

Студия-лық

Жеке-шелік

Бар-лығы

СӨЖ

4

3

45

15

30

-

-

-

90

90

Е


































Барлығы

3

45

15

30

-

-

-

90

90

Е


4 Пәннің мақсатыстуденттердің арнайы пәндерді зерделеу үшін қажет механика бойынша базасын қальпттастыруды аяқтау.

Пәннің міндеттерібарлық технологиялык машиналардың құрама бөліктерінің - бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың конструкцияларын, типажын және жұмысқа қабілеттілік критерийлерін зерделеу; жұмыс істеу теориясының негіздерін және машиналар бөлшектері бірлесіп жұмыс істегенде есептеу әдістерін зерделеу; жобалау және құрастыру дағдыларын игеру, шығармашылық конструкторлық қабілеттерін дамыту; құрастыру кезінде қазіргі компьютерлік техниканы және машина графикасын игеру.


5 Білімдеріне, іскерлікке және дағдыларына талаптар

Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:

білуі керек:

- машиналар бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігінің негізгі критерийлерін және олардың бұзылу түрлерін;

- машиналардың бөлшектері мен тораптарының теориясы негіздерін және есептеуді, типтік конструкцияларын және олардың қасиеттері мен қолданылу саласын;

- бөлшектер мен тораптарды есептеу мен құрастыруды автоматтандыру негіздерін, жобалауды оңтайландыру элементтерін.

істей білу керек:



- жобалау кезінде нормативтік-анықтамалық әдебиетті, графикалық материалды (оның ішінде конструкциялар прототиптерін) өз бетімен таңдауды;

- құрастыру кезінде машиналардың технологиялылық, үнемділік, жөндеуге жарамдылық, стандарттау және бірыңғайлау талаптарын, өнеркәсіптік эстетика, экология және еңбек қорғау талаптарын ескеруді.

меңгеру керек:



машиналардың бөлшектері үшін ыңғайлы материалдарды таңдауды және оларды ұтымды қолдануды;

нормативтік-анықтамалық әдебиетті (МЕСТ, ССТ, СТЕ және т.б.) қолдана отырып, машиналардың бөлшектері мен тораптарын есептеуді орындауды;

графикалық және мәтіндік құжаттаманы СТЕ және КҚБЖ талаптарына толық сәйкестікте ресімдеуді.
6 Пререквизиттер

Осы пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқып меңгерген кезде алған білімдер, шеберлік пен дағдылар қажет: математика; физика; инженерлік графика; теориялық механика; материалдар кедергісі; өзара алмасу негіздері; механизмдер мен машиналар теориясы; конструкциялық материалдар және термиялық өңдеу.


7 Постреквизиттер

Осы пәнді оқып меңгеру кезінде алынған білімдер, шеберлік пен дағдылар келесі пәндерді игеру үшін қажет: материалтану, конструкциялық материалдар технологиясы және т.б.


8 Тақырыптық жоспар

Рет №

Тақырыптар атауы

Сабақтың түрілері бойынша кездесу сағаттарының саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

0,5

-

-

2

2

Машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау, құрастыру және есептеу негіздері.

1

1

-

3

3

Қосылыстар

0,5

1

-

3

4

Бұрандалық қосылыстар

0,5

2

-

4

5

Кілтекті және ойма кілтекті қосылыстар

-

2

-

3

6

Дәнекерленген қосылыстар

1

2

-

4

7

Тартымдық бөлшектер қосылыстары

-




-

3

8

Тойтармалы қосылыстар

-

1

-

3

9

Сыналы және қысқышты қосылыстар

-




-

3

10

Механикалық берілістер

0,5

2

-

3

11

Тісті берілістер

2

4

-

8

12

Бұрамдықты берілістер

1

2

-

4

13

Планетарлық берілістер

-

-

-

4

14

Толқынды берілістер

-

-

-

3

15

Фрикциялық берілістер мен вариаторлар

1

-

-

3

16

Белдікті берілістер

1

2

-

3

17

Шынжырлы берілістер

1

2

-

3

18

Біліктер мен осьтер

1

2

-

3

19

Домалау және сырғанау подшипниктері

1

2

-

4

20

Механикалық жетектердің муфталары

1

1

-

3

21

Серіппелер және басқа серпімді элементтер

1

1

-

3

22

Корпустық бөлшектер

1

1

-

3

23

Машиналарды жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін бағалау негіздері

-

-

-

3

24

Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау

-

1

-

3

25

Машиналар мен жабдықты жобалаудың экономикалық негіздері

-

-

-

3

26

Триботехника негіздері

-

-

-

3

27

Конструкторлық құжаттаманы ресімдеу

-

1

-

3
Жиыны:

15

30

-

90

9 Пәннің қысқаша баяндауы

«Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері» пәні 050724 «Технологиялық машиналар және жабдық» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен енгізілген. Пән машина детальдары мен бөлшектерін конструкциялаудың және жобалаудың жалпы принциптерін зерделеу; машинажасаудың типтік бұйымдарын есептеу алгоритмін және модельдерін құруға үйрету; нормативтік- анықтамалық әдебиетті қолданып жалпы тағайындаудағы машина детальдары мен түйіндерінің есептеуін орындауға машықтандырады; КҚБЖ талаптарына толық сәйкес графикалық және мәтіндік құжаттарды рәсімдеуге білімдерді береді.
10 Курстың компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының тақырыптар тізімі

Тақырып 1. Кіріспе.

Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Курстың жалпы теориялық және арнайы пәндермен байланысы. Ұсынылатын әдебиеттер. Машина, механизм, бұйым, бөлшек, құрама бірлік ұғымдарын анықтау. Машиналардың бөлшектерін жіктеу: корпустық бөлшектер; қосылыстар; берілістер; осьтер; біліктер; подшипниктер және бағыттауыштар; муфталар; серіппелер, рессорлар және басқа серпімді элементтер; машиналардың жеке типтеріне тән бөлшектер.

Тақырып 2. Машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау, құрастыру және есептеу негіздері

Механизмдерді, тораптар мен бөлшектерді жіктеу. Механизмдерді жобалау мен құрастырудың жалпы принциптері Машиналар тетіктерінің конструкциясына қойылатын технололиялық талаптар. Материалды таңдауды негіздеу.

Тақырып 3. Қосылыстар

Машина жасаудағы қосылыстардың тағайындалуы және ролі. Машиналар бөлшектері мен тораптарының қосылыстарын жіктеу.

Тақырып 4. Бұрандалық берілістер

Бұрандалардың тағайындалуы және геометриялық пішіні бойынша жіктелуі. Бұрандалардың негізгі параметрлері. Бұрандалық қосылыстарды жіктеу. Бекіткіш бұрандалардың негізгі типтері.

Тақырып 5. Кілтекті және ойма кілтекті қосылыстар

Кілтектердің негізгі типтері: призмалық, сегментті, сыналы және арнайы. Қолданылу саласы. Кілтекті қосылыстардың стандарттары. Кілтекті қосылыстарды есептеу. Мүмкіндік кернеулер. Ойма кілтекті қосылыстар.

Тақырып 6. Дәнекерленген қосылыстар

Пісірілген қосылыстар және олардың машина жасаудағы ролі. Доғалы электр дәнекерлегішпен қосудың негізгі типтері. Әлектр шлакты дәнекерлегішпен қосу. Түйіспелі дәнекерлеу қосылыстары.

Тақырып 7. Тартымдық бөлшектер қосылыстары

Тартымдық қосылыстар және олардың машина жасауда қолданылу салалары. Жанасатын бөлшектердің беріктігі.

Тақырып 8. Тойтармалы косылыстар

Тойтармалы қосылыс туралы негізгі үғымдар. Жіктелуі. Тойтармалардың негізгі типтері. Есептеу критерийлері. Мүмкіндік кернеулер.

Тақырып 9. Сыналы және қысқышты қосылыстар

Сыналы және қысқышты қосылыстар туралы негізгі үғымдар. Қолданылу салалары. Қосылыстардағы күштер мен кернеулер.

Тақырып 10. Механикалық берілістер

Механикалық берілістердің жұмыс істеу принциптері мен жіктелуі. Ілініспен беру және үйкеліспен беру. Механикалық жетектің тағайындалуы және құрылымы. Механикалық берілістердегі кинематикалық және күштік ара қатынастар.

Тақырып 11. Тісті берілістер

Тісті берілістердің жұмыс істеу принципі, жіктелуі, қолданылу саласы. Ілінісудің негізгі элементтері мен сипаттамалары. Цилиндрлік тісті доңғалақтардың кинематикалық және геометриялық параметрлерін анықтау.

Конусты тісті берілістерді есептеу ерекшеліктері. Жіктелуі және қолданылу саласы. Кинематикалық және геометриялық параметрлерді анықтау. Тік тісті конусты берілістердегі күштер.

Тақырып 12. Бұрамдықты берілістер

Бұрамдық доңғалақтарды және бұрамдықтарды жасау үшін қолданылатын материалдар. Бұрамдықты берілістегі негізгі геометриялық, кинематикалық және күштік тәуелділіктер. Бұрамдықты берілістегі сырғанау және ПӘК.

Тақырып 13. Планетарлық берілістер

Планетарлық дифференциалдық, қарапайым механизмдер. Осы механизмдердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойынша беріктікке есептеу ерекшеліктері.

Тақырып 14. Толқынды берілістер

Толқынды тісті берілістердің істен шығу критерийлері. Типтік өлшем мен жүктеме қабілетін анықтауға арналған ықшамдалған тәуелділіктер. Ілінісудің геометриялық параметрлері.

Тақырып 15. Фрикциялық берілістер мен вариаторлар

Жұмыс принципі. Қолданылу саласы. Жалпы пайдалану сипаттамалары. Конструкция элементтері. Жасауға арналған материалдар.

Тақырып 16. Белдікті берілістер

Жалпы мәліметтер, жұмыс принципі, конструкциясы және қолданылу саласы. Белдіктердің негізгі типтері және материалдары. Белдікті берілістердің шкивтері, материалдары мен конструкциясы.

Тақырып 17. Шынжырлы берілістер

Негізгі кинематикалық, геометриялық және күштік параметрлер, олардың берілістегі ара қатынастары. Шынжырлы берілістерді есептеу жүйелілігі. Шынжырлы берілістерді майлау.

Тақырып 18. Біліктер мен осьтер

Қолданылу саласы. Біліктер мен осьтердің жіктелуі. Конструкциялары. Біліктерді жасау үшін қолданылатын материалдар. Осьтер мен біліктерді алдын ала (жобалық) есептеу. Беріктікке тексеріп есептеу.

Тақырып 19. Домалау және сырғанау подшипниктері

Сырғанау подшипниктері. Тағайындалуы, құрылғысы, жіктелуі. Конструкциясы және материалдары.

Домалау подшипниктері. Домалау подшипниктерінің қазіргі машиналардағы ролі. Қолданылу саласы мен жіктелуі. Домалау подшипниктерінің жұмысқа қабілеттілік және есептеу критерийлері.

Тақырып 20. Механикалық жетектердің муфталары

Муфталардың жіктелуі. Конструкциялары және есептеу сұлбалары. Муфталарды іріктеу. Материалдарды таңдау. Басқару механизмдері.

Тақырып 21. Серіппелер және басқа серпімді элементтер

Серіппелер мен серпімді элемеінтердің жіктелуі. Табақшалы серіппелер. Жазық спираль серіппелер. Рессорлар. Серпімді резина элементтер: амортизаторлар және демпферлер.

Тақырып 22. Корпустық бөлшектер

Корпустық бөлшектердің жіктелуі. Станиналар, тақталар, қораптар. Оңтайлы қималарды, бүйірлер мен ара жабындарды таңдау. Құйма және дәнеркерленген бөлшектерді жобалау негіздері.

Тақырып 23. Машиналарды жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін бағалау негіздері

Жұмысқа қабілеттілік пен сенімділіктің негізгі критерийлеріне сәйкес машиналардың бөлшектерін сынау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сынақтар.

Тақырып 24. Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау

АЖЖ қамтамасыз ету түрлері: техникалық, әдістемелік, математикалық, лингвистикалық, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық. Математикалық модель құрылымы. ЭЕМ-да машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау әдістері. Графикалық деректер банкі.

Тақырып 25. Машиналар мен жабдықты жобалаудың экономикалық негіздері

Жаңа машиналар мен жабдықты жасаудың техника-экономикалық мақсатқа лайықтылығы: жасауға жұмсалатын шығындар, үнемдеу көздері, күтілетін тиімділік, таңдалған нұсқаны негіздеу. Жобалық жұмыстарды автоматтандыру нәтижесінде жобалаудың құны мен еңбек сыйымдылығын азайту.

Тақырып 26. Триботехника негіздері

Машиналардағы үйкелу және тозу. Үйкелу, сырғанау табиғаты. Үйкелу, сырғанау режимдері және олардың машинаның жұмысы кезіндегі ролі. Тозу табиғаты. Жанасулардың тозуға төзімділігін бағалау әдістері.

Тақырып 27. Конструкторлық құжаттаманы ресімдеу

Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Бірыңғайлау, стандарттау, шақтамалар мен қондырмалар. Бөлшектерді жасау дәлдігі. Пішіннің ауытқуының және беттердің орналасуының шақтамалары.
10.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптар тізімі

Практикалық сабақтардың мақсаты – дәріс сабақтарында алынған білімдерді баянды ету, тереңдету және кеңейту мақсатында студенттерге есептер шығаруға, детальдар мен түйіндердің кешенді есептеулерін орындауға дағдыландыру, әдістемелік және анықтамалық әдебиетті қолдануға үйрету.

1) Тақырып 2. Машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау, құрастыру және есептеу негіздері.

2) Тақырып 3. Қосылыстар.

3) Тақырып 4. Бұрандалық қосылыстар.

4) Тақырып 5. Кілтекті және ойма кілтекті қосылыстар.

5) Тақырып 6. Дәнекерленген қосылыстар.

6) Тақырып 8. Тойтармалы қосылыстар.

7) Тақырып 10. Механикалық берілістер.

8) Тақырып 11. Тісті берілістер.

9) Тақырып 12. Бұрамдықты берілістер.

10) Тақырып 16. Белдікті берілістер.

11) Тақырып 17. Шынжырлы берілістер.

12) Тақырып 18. Біліктер мен осьтер.

13) Тақырып 19. Домалау және сырғанау подшипгиктері.

14) Тақырып 20. Механикалық жетектердің муфталары.

15) Тақырып 21. Серіппелер және басқа серпімді элементтер.

16) Тақырып 22. Корпустық бөлшектер.

17) Тақырып 24. Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау.

18) Тақырып 27. Конструкторлық құжаттаманы ресімдеу.


10.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

10.3.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



Қатар №

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындық

-

Сабақта қатысу

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабақта қатысу

30

3

Дәріс сабақтарына кірмеген материалдарды оқып білу

Конспект

Конспект тексеру

17

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар, ЕГЖ)

реферат

СЖ қорғау

23

5

Бақылау шараларына дайындық

-

1МБ, 2МБ

5

Барлығы:

90

10.3.2 Студенттер өздері оқып зерделеуге ұсынылатын тақырыптар

1) Тақырып 2. Машиналардың бөлшектерге және тораптарға негізгі талаптар, олардың сенімділік. Материалды іріктеуді негіздеу. Машина бөлшектеріне әсер ететін жүктеулердің түрлері. Машиналар бөлшектерін есептеу мен жұмыс істеуге қабілеттілігінің межелері.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.

2) Тақырып 3. Қосылыстар. Ажырамалы және ажырамсыз қосылыстар. Жалпы мағлұматтары, сипаттамалары. Беріктікке есептеу. Пісірілген қосылыстарды кесілуге есептеу.

Ұсынылатын әдебиет: [5] 16-20 бет, 27-30 бет, 58-61 бет.

3) Тақырып 11. Тісті берілістер.

Қисық тісті шошақты берілістердің геометриялық ерекшеліктері. Берілістерді беріктікке есептеу. Беріліс кинематикасы. Редуктордың схемасы. Қиғаш тісті және шевронды цилиндрлік берілісті есептеудің ерекшеліктері

Конусты тісті берілістер. Түзу тісті конусты берілістердің іліністеріндегі күштер. Түзу тісті Тік тісті конусты берілістердің тістерін иілуге және түйісу (ұштасу) беріктігіне есептеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 98-99 бет, 104-105 бет.

4) Тақырып 12. Бұрамдықты берілістер. Беріліс саны. Пайдалану коэффициенті. Бұрамдықты берілістерінің, бұрамдықты дөңгелектерінің материалдары. Бұрамдықты дөңгелектерінің геометриялық есебі.

Ұсынылатын әдебиет: [5] 321-323 бет.

5) Тақырып 16. Белдікті берілістер Белдіктерің керілу әдістері. Білік пен тіріктерге түсетін жүктеме. Берілістердің есебі.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 367-372 бет.

6) Тақырып 17. Шынжырлы берілістер. Шынжырлы берілістердің есебің жүйелілігі.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 391-397 бет.

7) Тақырып 18. Біліктер мен осьтер. Мойынтірек. Біліктерді беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Мойынтіректер классификациясы. Шайқалу мойынтіректердің негізгі конструкциясының жалпы сипаттмасы, бұзылу түрлері, олардың ресурстарын анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 409-415 бет; [5] 285-287 бет, 272-273 бет

8) Тақырып 20. Муфталар мен серпімді элементтер муфталар, жалпы мағлұматтар, тағайындалуы, конструкция материалдар.

Ұсынылатын әдебиет: [5] 299-301 бет.

9) Тақырып 23. Машиналар бөлшектердің жұмысқа қабілеттілік және олардың бағалауның әдістер. Машиналар бөлшектердің беріктік. Машиналар бөлшектердің беріктікті жоғарылатуның құрастырлық және технологиялық әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.

10) Тақырып 26. Триботехника негіздері. Машиналардағы үйкеліс пен тозу. Сырғанау үйкелісінің табиғаты. Сырғанау үйкелісінің режимі мен олардың машинаның жұмыс істегендегі ролі. Тозғыштығының табиғаты. Үйкелетін жұптың тозуға төзімділігін бағалау әдістері. Триботехникалық сенімділікті жоғарылату әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 9-21 бет; [5] 68-69 бет.
10.3.3 Семестрлік жұмыстың мазмұны.

Семестрлік жұмысты орындаудың мақсаты курстың теориялық ережелерін баянды ету және детальдар мен құрылым бірліктерін жобалау мен құрастыру дағдыларын алу. Студенттердің өздік жұмыстарының бір түрі – жобалау; оқытушының көмегімен есептеуді орындауды, анықтамалық әдебиетпен, мемлекеттік және салалық стандарттармен, кестелермен жұмыс істеу дағдыларын алуға және машинажасау бұйымына әзірленетін конструкторлық құжаттарды ресімдеу принциптерін игеруге мүмкіндік береді.

Семестрлік жұмыстың көлемі графикалық бөлімнен (А2 форматында редуктордың жинақталған жетектегі білігінің сызбасы, 2-3 детальдардың жұмыс сызбасы) және есептеу-түсіндірмелік хаттан тұрады.

Семестрлік жұмыстың орындалу кезеңдері



Семестрлік жұмыс бөлімінің № және мазмұны

Орындауға қажетті уақыт, сағ

1 Кинематикалық схеманы талдау және электрқозғалтқышты таңдау. Кинематикалық есептеу.

4

2 Редуктордың берілістерін есептеу.

4

3 Редуктордың жинақталған жетектегі білігінің эскиздік жобасын әзірлеу.

4

4 Редуктордың жинақталған жетектегі білігінің құрылымдық әзірлеуі (орналастырудың екінші кезеңі). Динамикалық жүккөтерімділігі бойынша подшипниктерді есептеу. Біліктерді беріктікке есептеу (1-ші парақ).

4

5 Бөлшектердің жұмыс сызбаларын орындау. Редуктордың «жинақталған жетектегі білік» түйінінің сызбасын ресімдеу. Спецификацияны құрастыру.

5

6 Семестрлік жұмысты дайындау және қорғау

2

Жиыны

23

Тестік түрде жүргізілетін екі межелік бақылауғы пәннің материалдарының мына тақырыптары ұсынылады:

- Т1(8 апта) – 2, 3, 4, 7, 8, 9;

- Т2 (15 апта) – 10,11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19.


10.4 Ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау түрлері бойынша салмақ үлестерінің таратылуы



Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақ үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Күнделікті үлгерімді бақылау

0,6



11 Курстың саясаты

11.1 Бақылау шараларын бағалау және өткізу формалары

Курс бойынша білімді қорытынды бақылау түрі емтихан болады. Емтихан жазба түрінде өткізіледі.

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Егер Сіз кешікпей келіп барлық сабақтарға қатыссыңыз, барлық сабақтарға дайындықпен келсеңіз және сабақтарда белсенді түрде жұмыс істесеңіз, барлық тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындасаңыз, онда ағымдағы оқу үлгерімін бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесіндегі көрсетілген максималды балды жинап аласыз.

МБ1 және МБ2 межелік бақылаудың әрқайсысы 100 балл бойынша жеке бағаланады. Межелік бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.

Студенттің сабаққа қатысуын бақылауды оқутышы жүргізеді. Егер студент сабаққа қатысып, бірақ практикалық сабақтың тапсырмасын орындамасы, онда сабақ үшін максималды балдың жартысы қойылады.

Кезекті практикалық сабаққа дайындалу тапсырмасын оқытушы алдыңғы сабақта береді.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) бойынша тапсырманы оқытушы бірінші тәжірибелік сабақта береді. СӨЖ-дің орындалуын оқытушы тәжірибелік сабақтарда және консультацияларда күнтізбелік кестеге және консультация кестесіне сәйкес байқау түрінде бақылайды. Себепсіз уақытында орындалмаған жұмысқа балдары 50% дейін төмендетіліп қойылады. Себепті дәлелдейтін құжаттар болған кезде СӨЖ –на баға келесі сабақтар мен консультацияларда қойылады. Студенттің өзі зерделейтін курстың тақырыптары бойынша жұмысын бағалау, студенттің жауабы және дайындаған қысқаша конспект негізінде оқытушы жүргізеді.
11.2 Студенттердің оқу тәртібін бақылау

Студенттер оқу процесіне белсенді қатысу, сабақтарға қатысу, топтың жұмысында және талқылауда белсенді болу қажет

Сабақтағы кез-келген тәртіп бұзушылық жазаланады, аудиториядан шығарып жіберуге дейін, ал белсенді жұмыс қолдаушылық табады. Сабаққа кешігуге және сабақты босатуға болмайды. Сабақты босатқандыққа және кешігушілікке келесі айып санкциялары орнатылады:

- себепсіз дәрістік сабақта болмағаны үшін – минус 2 балл;

- себепсіз тәжірибелік сабақта болмағаны үшін – минус 2 балл;

- аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін – минус сабаққа қатысу баллы.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті.

11.3 Босатқан сабақтарды өтеу

Cтудент практикалық сабақты кешірімді себеппен босатқан болса және ол құжатпен расталса, онда сол сабақты оқытушының орнатқан уақытында өтей алады. Бұл кезде жұмыс нәтижесі максималды орнатылған баллдан 1 балға төмен бағаланады.
12 Әдебиет тізімі

Негізгі


1 Детали машин и основы конструирования: учебник для вузов /Г.И. Рощин, Е.А. Самойлов, Н.А. Алексеева и др. ; под ред. Г.И. Рощина и Е.А. Самойлова. – М.: Дрофа, 2006, -415 с.

2 Иванов М.Н. Детали машин: Учеб. для машиностроительных специальностей вузов - М.: Высш. шк., 2008.-408 с.: ил.

3 Омаров А.Ж., Батырмұхамедов Ж.Қ. Машина бөлшектері: Оқу құралы, Алматы, 2003 -652 б.
Қосымша

4 Анурьев В.И. Справочник конструктора-машиностроителя: В 3-х т. - М.: Машиностроение, 1979 - 1982. Т. 1 - 728 с. Т. 2 - 559 с. Т. 3 - 557 с.: ил.

5 Бейзельман Р.Д., Цыпкин Б.В., Перель А.А. Подшипники качения: Справочник. - М.: Машиностроение, 1975. - 572 с.: ил.

6 Воробьёв И.И. Ременные передачи. - М.: Машиностроение, 1979. - 168 с.: ил.

7 Готовцев А.А., Котенюк И.П. Проектирование ценных передач: Справочник. - М.: Машиностроение, 1982. - 336 с.: ил.

8 Детали машин. Атлас конструкций /Под ред. Д.Н. Решетова. - М.: Машиностроение, 1989. - 367 с.: ил.

9 Дунаев П.Ф., Леликов О.П. Конструирование узлов и деталей машин: Учеб. пособие для машиностроит. спец. вузов.-М.: Высш. шк., 1985. - 416 с.: ил.

10 Иванов М.Н. Волновые зубчатые передачи: Учеб. пособие для студентов вузов. - М.: Высш. шк., 1981. - 184 с.: ил.

11 Иосилевич Г.Б. Детали машин: Учебник для студентов машиностроит. спец. вузов.-М.:Машиностроение, 1988. - 368 с.: ил.

12 Когаев В.П., Дроздов Ю.Н. Прочность и износостойкость деталей машин: Учеб. пособие для машиностроит. спец. вузов. - М.: Высш. шк., 1991.-319 с.: ил.

13 Курсовое проектирование деталей машин: Учебное пособие для студентов машиностроительных специальностей вузов/В.Н. Кудрявцев, Ю.А. Державец, И.И. Арефьев и др.:Под общ. ред. В.Н. Кудрявцева.-Л.:Машиностроение, Ленингр. отд-ние, 1983.- 400с.: ил.

14 Кудрявцев В.Н. Детали машин. Учеб. для студентов высш. техн. учебн. заведений. - М.: Высш. шк., 1980.-410 с.: ил.

15 Орлов П.И. Основы конструирования: Справочно-методическое пособие. В 2-х кн.: Под ред. П.И. Учаева. - М.:Машиностроение, 1988.

16 Планетарные передачи: Справочник/В.Н. Кудрявцев, Ю.Н. Кирдяшев, Е.Г. Гинзбург и др.: Под ред. В.Н. Кудрявцева и Ю.Н. Кирдяшева.-Л.: Машиностроение, Ленингр. отд-ние, 1977.-536 с.: ил.

17 Подшипники качения: Справочник каталог/Р.В. Коросташевский, В.Н. Нарышкин, В.Ф. Старостин и др.: Под ред. В.Н. Нарышкина и Р.В.Коросташевского.-М .: Машиностроение, 1984 .- 280 с.: ил.

18 Поляков B.C., Барбаш И.Д., Ряховский О.А. Справочник по муфтам/Под ред. B.C. Полякова. - Л.:Машиностроение, Ленингр. отд-ние, 1979. - 344 с.: ил.

19 Проектирование механических передач: Учебно-справочное пособие для втузов/С.А. Чернавский, Г.А Снесарев, Б.С. Козинцов и др. - М.: Машиностроение, 1984. -560 с.: ил.

20 Расчёт деталей машин на ЭВМ: Учеб пособие для машиностроит. вузов/Д.Н. Решетов, С.А. Шувалов, В.Д. Дудко и др.: Под ред. Д.Н. Решетова и С.А. Шувалова.-М.:Высш.шк.,1985.-368 с.: ил.

21 Решетов Д.Н. Детали машин: Учебник для студентов машиностроительных и механических специальностей вузов. -М.: Машиностроение, 1989. - 496 с.: ил.

22 Серікбаев Д., Тәжібаев С.Д. «Машина детальдары», Алматы, Мектеп 1983ж.

23 Тәжібаев С.Д. Машина конструкциясын құру негіздері, Алматы, Сәтбаев атындағы КазҰту, 1988ж.

Күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Жобалау негіздері» пәні бойынша 050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша іштей оқу нысанындағы студенттерге арналған

бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1 рейтинг (4 семестр)

Апталар

1 сабақ- қа макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барл

ығы


Ең үлкен балл

12

27

22

39

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 1,2 Дәр.ҮТ

№ 3,4 Дәр.ҮТ

№ 5,6 Дәр.ҮТ

№ 7,8 Дәр.ҮТ

16

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

4

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 1-4

Пр.ҮТ


№ 5-8

Пр.ҮТ


№ 9-12

Пр.ҮТ


№ 13-16

Пр.ҮТ


32

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

8

8

8

8

Семестрлік жұмысты орындау

СӨЖ түрі / есеп формасы













СЖ1










СЖ1

22

Бақылау формасы













Т










Т

Макс. балл













10










12

Материалды өзбетімен оқу

СӨЖ түрі / есеп формасы










МО ҮТ1




МО ҮТ2

МО ҮТ3

МО ҮТ4




20

Бақылау формасы










К




К

К

К




Макс. балл










5




5

5

5




Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп формасы






















ПТ




10

Бақылау формасы






















Бж




Макс. балл






















10




2 рейтинг (4 семестр)

Апталар

1 сабақ- қа макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барл

ығы


Ең үлкен балл

17

31

32

20

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 9, 10 Дәр.ҮТ

№ 11, 12 Дәр.ҮТ

№ 13, 14 Дәр.ҮТ

№ 15 Дәр.ҮТ

14

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 17-20 Пр.ҮТ

№ 21-24 Пр.ҮТ

№ 25-28 Пр.ҮТ

№ 29,30 Пр.ҮТ

28

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

8

8

8

4

Семестрлік жұмысты орындау

СӨЖ түрі / есеп формасы













СЖ2







СЖ2




28

Бақылау формасы













Т







Т




Макс. балл













14







14




Материалды өзбетімен оқу

СӨЖ түрі / есеп формасы







МО ҮТ5

МО ҮТ6




МО ҮТ7

МО ҮТ8







20

Бақылау формасы







К

К




К

К







Макс. балл







5

5




5

5







Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп формасы
















ПТ










10

Бақылау формасы
















Бж










Макс. балл
















10









Шартты белгілер: Дәр.ҮТ1 – №1... 15 дәріске дайындалуға үй тапсырмалары; Пр.ҮТ1 – №1...30 практикалық сабақтарға дайындалуға үй тапсырмалары; Қ – оқу процесіне қатысу; МОҮТ1...7 - материалды өзбетімен оқуға үй тапсырмалары; К – конспект тексеру; СЖ1 – семестрлік жұмыстың бөлімдері; Т – тексеру; Бж – пәннің тақырыптары бойынша бақылау.


Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»________№_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі __________А. Х. Мустафин 20__ж. «___» ________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет