Пән: Өзін өзі тану Тақырыбы: Ақыл-жастан,асыл-тастан. Мақсаты



жүктеу 101.07 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі101.07 Kb.
түріСабақ

Пән: Өзін өзі тану

Тақырыбы: Ақыл-жастан,асыл-тастан.

Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

- бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар : слайд , дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері (2 минут) Слайд 5

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, барлығы бір-бірімен сәлемдесіп тұрады:

-         Қайырлы күн, балалар!

- Қайырлы күн, достарым!

-         Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Балалар орындарына жайғасады.



Тыныштық сәті (Күй ойнайды) (1 минут) слайд 6

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

             Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашп тұр.Күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап кетті. Нұр шуағы көзіңізге барды. Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Қалбатау ауылын аралап жүр,барлық адамдарға жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесіз!

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру. (3 минут) Слайд 7

«Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу

Өнер туралы мақал мәтел айту.

3.Әңгімелесу. слайд 8



Сөзжұмбақ шешеміз (3 минут)

1. Шаңырақ сәні – ... (сыйластық)

2. ....... сөз – жан жылытар. (жақсы)

3. ......... уақыты мол. (ұқыптының)

4. ........ – достық кепілі.

Сонымен балалар сөзжұмбақ шешу барысында қандай сөз шықты? Ақыл

-өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

1. Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер? Слайд 9

2. Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

Өте жақсы, балалар, ақылдылық туралы, ақыл туралы білімізді толықтыра түсейік.



4. Мәтінмен жұмыс (5 минут) слайд 10

«Жиренше шеше мен Қарашаш сұлу» аңыз. Оқыту, талдау.

- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады? слайд 11

- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай ?

- «Ақымақ жауынды күні суған түсер»деген халық мақалынан нені түсінуге болады?

- Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?



Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

• Дұрыс айтасыңдар . Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағына байыптап ,барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын , қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ , әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.



Видео «Даналық пен байлық» туралы(10 минут) слайд 12

  • балалар видео сендерге ұнады ма?

  • Баланың ақылсыз және бақытсыз екендігін қайдан көрінеді?

  • қандай ой тұйдіңдер?

  • ақылсыз берілген байлық зиянды ма екен?

  • Тазша бала қолындағы байлығын қалай дұрыс іске асыра алды?

Сергіту сәті . слайд 13

«Көңілді күн» (2 минут)

Сахналау (3 минут) слайд 14

«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау


Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

Дәйексөз (2минут) слайд 15

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

6.Тапсырма (3 минут) слайд 16

А) Пішіндердің бөлігін тауып, мақал құрастырыңдар. Дәптерлеріңе жазып алыңдар.



1.Ақылды адам ерінбейді.

2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.

3.Ақылдан жақын дос бар ма?

4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы

6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.



7. Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

8. Асыл тастан, ақыл - жастан.

9. Ағадан - ақыл, ініден - ізет.

10. Адам көркі - ақыл.

Ойын жаттығу (5 минут) слайд 17

- Балалар, алдарында жатқан бидай масағына «Мен ақылды баламын, өйткені......» ойды жалғастып жазып, тақтаға топтап ілеміз. Бидай масағын елімізде тыныштық болып, нанымыз көп болсын және әр қайсысыңның ақылдарың осы бидай дәндеріндей толып, біілімді болсын деп алдым.

«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткеніболмашыға ренжімеймін», «Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін», «Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын», «Мен ақылды баламын, өйткеніалға қойған мақсатыма жетуге тырысамын», «Мен ақылды баламын, өйткені үй тапсырмасын өз бетімше орындаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».



Жаңа ақпарат (2 минут) слайд 18

«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.»

Рефлексия Слайд 19

-Бай адам міндетті түрде ақылды және бақытты болады.

-Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.

-Ақылсыз адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі.

-Ақылды болып өсу әр баланың қолында деп ойлаймын.

Қорытындылау (3 минут)

Бүгінгі өткен сабаымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.

- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл-жастан,асыл-тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» деген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады.

Жүректен жүрекке слайд 20

Оқушылар алдарында берілген жүректерге бір-бірне тілек жазады, оқиды.



Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-сі

Бекітілді

Мектеп директорының м/а оқу- тәрбие жөнінде қаралды__________

_______ Омарова В.С. орынбасары______ ӘБ жетекшісі

___________________ Мурсалимова С.С. Жубайбекова Қ.А.

_______________ _____________


«Махаббат және шығармашылық» педагогикасы атты Өзін өзі тану пәні бірлестігінің апталығында өткезілген ашық сабақ жоспары

«Ақыл – жастан, асыл - тастан»

3 «А» сынып жетекшісі:

Машаева Ж.Т.


    1. оқу жылы.

Пән: Өзін өзі тану

Тақырыбы: Ақыл-жастан,асыл-тастан.

Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

- бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар : слайд , дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, барлығы бір-бірімен сәлемдесіп тұрады:

-         Қайырлы күн, балалар!

- Қайырлы күн, достарым!

-         Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Балалар орындарына жайғасады.



Тыныштық сәті (Күй ойнайды)

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

             Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашп тұр.Күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап кетті. Нұр шуағы көзіңізге барды. Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Қалбатау ауылын аралап жүр,барлық адамдарға жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесіз!

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру.

«Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу

Өнер туралы мақал мәтел айту.

3.Әңгімелесу.



Сөзжұмбақ шешеміз

1. Шаңырақ сәні – ... (сыйластық)

2. ....... сөз – жан жылытар. (жақсы)

3. ......... уақыты мол. (ұқыптының)

4. ........ – достық кепілі.

Сонымен балалар сөзжұмбақ шешу барысында қандай сөз шықты? Ақыл

-өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

1. Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

Өте жақсы, балалар, ақылдылық туралы, ақыл туралы білімізді толықтыра түсейік.



4. Мәтінмен жұмыс

«Жиренше шеше мен Қарашаш сұлу» аңыз. Оқыту, талдау.

- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай ?

- «Ақымақ жауынды күні суған түсер»деген халық мақалынан нені түсінуге болады?

- Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?



Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

• Дұрыс айтасыңдар . Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағына байыптап ,барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын , қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ , әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.



Видео «Даналық пен байлық» туралы

  • балалар видео сендерге ұнады ма?

  • Баланың ақылсыз және бақытсыз екендігін қайдан көрінеді?

  • қандай ой тұйдіңдер?

  • ақылсыз берілген байлық зиянды ма екен?

  • Тазша бала қолындағы байлығын қалай дұрыс іске асыра алды?

Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Сахналау

«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау


Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

6.Тапсырма

А) Пішіндердің бөлігін тауып, мақал құрастырыңдар. Дәптерлеріңе жазып алыңдар.



1.Ақылды адам ерінбейді.

2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.

3.Ақылдан жақын дос бар ма?

4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы

6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.



7. Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

8. Асыл тастан, ақыл - жастан.

9. Ағадан - ақыл, ініден - ізет.

10. Адам көркі - ақыл.

Ойын жаттығу

- Балалар, алдарында жатқан бидай масағына «Мен ақылды баламын, өйткені......» ойды жалғастып жазып, тақтаға топтап ілеміз. Бидай масағын елімізде тыныштық болып, нанымыз көп болсын және әр қайсысыңның ақылдарың осы бидай дәндеріндей толып, біілімді болсын деп алдым.

«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткеніболмашыға ренжімеймін», «Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін», «Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын», «Мен ақылды баламын, өйткеніалға қойған мақсатыма бетімше орындаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».



Жаңа ақпарат

«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.»

Рефлексия

-Бай адам міндетті түрде ақылды және бақытты болады.

-Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.

-Ақылсыз адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі.

-Ақылды болып өсу әр баланың қолында деп ойлаймын.

Қорытындылау

Бүгінгі өткен сабаымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.



  • Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл-жастан,асыл-тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» деген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады.



Жүректен жүрекке

Оқушылар алдарында берілген жүректерге бір-бірне тілек жазады, оқиды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет