Пәндер тізімі Экономиканы мемлекеттік реттеу. Аймақтық экономика және басқару. Мемлекеттік басқару теориясы. Экономиканы мемлекеттік реттеу



жүктеу 141.32 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі141.32 Kb.



ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕМЕ
Жаңа замандағы басқарушы мамандарды дайындауда, стратегиялық мемлекеттік ой-өрісі бар жоғары біліктілігі мемлекеттік менеджерлерді дайындау аса маңызды рөл атқарады. Өзгермелі әлемдік жағдайда Қазақстанның дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кәсіби жоғары мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға жаңа мүмкіндіктер ашылып, әлемдік тәжірибедегі инновациялық білім беруге болды.

Қазақстанда басқару мәселелері мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты.

Оқуға түсу бағдарламасы 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша негізгі арнайы пәндерді қамтиды.

Бағдарламада типологиялық жоспарға сай арнайы пәндердің негізгі өзекті мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан экономикасының дамуын сипаттайтын теориялық, статистикалық сұрақтар ескерілген.

Бітіруші курста арнайы пәндерден міндетті түрде жалпы шолу дәрістері ұйымдастырылады.

Студент теориялық және нақты материалды меңгергенін көрсетіп қана қоймай, ғылыми, оқу әдебиеттер, мерзімді басылымдардан мағлұмат алуы керек.


Пәндер тізімі


        1. Экономиканы мемлекеттік реттеу.

        2. Аймақтық экономика және басқару.

        3. Мемлекеттік басқару теориясы.

  1. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері және объектілері. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қалыптасуы: экономикалық ілімдегі мемлекеттің ролі жайлы мәселе (классиктер, маржиналистер, Стокгольм мектебінің өкілдері, Кейнс және оның ілімін жалғастырушылар, неолибералдар, Фрайбург мектебінің өкілдері концепциясында). Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Реттеу объектісі. Мемлекеттік реттеудің административтік және экономикалық әдістері. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі.

Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.Өтпелі кезең, өтпелі экономика жайлы түсінік.Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты. Өтпелі экономиканың типтері. Советтік экономиканың дағдарысының спецификасы:

а) экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы,

б) жоспарлы жүйенің дағдарысының себептері,мәні, кезеңдері.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі. Шетел экономикасын мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Нарықтық экономикасы дамыған әртүрлі елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі.

Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау. Экономиканың дамуын болжау қажеттілігі. Болжау мақсаты және сипаты. Өтпелі экономикадағы жоспарлаудың мақсаты және сипаты. Экономиканың дамуын бағдарламалау. Бағдарлама түрлері.

Экономикалық өсудің мәні және нарықтық экономикадағы негізгі мәселелері. Экономикалық өсудің мәні және қарқыны, түрлері мен факторлары. Экономикалық өсудің үлгілері. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.

Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндіріс саласында нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Ауыл шаруашылық өнімін мемлекеттік бақылау жүйесі. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.

Инвестициялық - құрылыстық кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. Инвестицияның мәні және түрлері. Шетел инвестицияларын әрі қарай қолданудың өзекті мәселелері.Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу.

Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі.

Өндірістік инфрақұрылым жайлы жалпы түсінік. Транспорт және байланыс салаларының әлеуметтік-экономикалық ролі.. Өндіріс құралдары рыногінің мәні.. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуі.

Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу. Әлеуметтік саясаттың мәні. Халықтың табысы, оларды бөлу мәселелері. Әлеуметтік теңдік мәселесі және халықты әлеуметтік қорғау.

Экономиканы реттеудің қаржы - несие механизмі. Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі. Ақша несие – саясатын қолдану ерекшеліктері. Бюджеттік саясаттың экономикалық өсуді реттеудегі ролі.

Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу. Территориялық даму - мемлекеттік реттеу пәні.Аймақтық саясаттың мәні және оның негізгі бағыттары. Аймақтық типология және Қазақстан облыстарының даму перспективасы.

Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу. Қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық мәні. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама.Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

Нормативті-құқылық актілер



  1. ҚР Конституциясы 30 тамыз1995 жыл.

  2. Қазақстан 2030 стратегиясы.

  3. «2014-2019жж. арналған үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы», 2014ж.

  4. «Жер жайлы» ҚР заңы. 24.01.2001 №152. Алматы: Паритет 2001 жыл.

  5. «Білім беру жайлы» ҚР заңы. 16.11 2000. Алматы: Фолиант.

  6. «Денсаулық сақтау жайлы» ҚР заңы. 15.09.2000 Алматы: Юрист 2000ж.

  7. Жатқанбаев Е.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқулық. - Алматы: 2014 - 216 б.

  8. Б. Б. Салимжанова Шетелдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу: оқу құралы. – Павлодар Кереку., 2016.

  9. Н. Э. Пфайфер Экономиканы мемлекеттік реттеу: анықтамалық сөздік. – Павлодар, 2014.

  10.  Экономикалық теория // " Қазақ университеті " 2014г. ISBN 978-601-04-0294-2 19,125 ҚАЗАҚСТАН 

  11.  Даулиева Г.Р., Ахметова З.Б. История Экономических учений // "Казак университетi" 2016г. ISBN 978-601-247-814-3 14 ҚАЗАҚСТАН  

  12. Мұхтарова, Қ.С. Аймақтық экономиканы басқару: оқу құралы / Қ.С. Мұхтарова, Г.С. Смағұлова; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2013.- 148 б.

  13. Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік басқару: оқу құралы / Төрекулова Д.М., Бейсенғалиев Б.т., Жұманова Б.Қ., Құрманов Н.А.- Алматы: Эверо, 2015.- 263 б.

  14. Мейірманов, С.Т. Саясат теориясы: оқу құралы / С.Т. Мейірманов.- Алматы: Эверо, 2015.- 335б.

Қосымша әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол // Егемен Қазақстан. 2016. 6 қаңтар.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӛсу, реформалар, даму : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша // Егемен Қазақстан. 2015. 1 желтоқсан.

  3. Назарбаев Н.Ә. Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы // Егемен Қазақстан. 2015. 20 мамыр.

  4. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.



  1. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Аймақтық экономика және басқару пәні, негізгі міндеттері және мақсаттары, мәселелері.

Аймақтық экономиканың теориялық негіздері. Аймақтық экономика туралы ғылымның тарихи астары және негізгі бағыттары. «Аймақтық экономика» және «Экономикалық аймақ» түсініктері. Аймақтық экономика және басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Территориалды еңбек бөлінісі және қоғамдық күштердің орналасуы. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандарт теориясы. А.Вебердің өнеркәсіптік штандарт теориясы. А.Лештің шаруашылық кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі. В.Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды стандарты. А.Смит пен Д.Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар туралы теориясы. Аймақтық экономика теорияларының дамуының заманауи бағыттары: Перудің «өсу плюсі» теориясы, аймақтық теңдестіру теориясы және т.б.

Аймақтардың табиғи-шаруашылық талдауы. Экономикалық аудандаға бөлу халық шаруашылығын территориалдық ұйымдастыру әдісі ретінде. Еңбектің аумақтық бөлінісінің негізгі факторлары, оның аймақтық экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы ролі. Аймақтардың мамандану деңгейі. ЖАӨ көлемі және оның жан басына шаққандағы мөлшері.

Аймақтардың табиғи-ресурстық, экономикалық, ғылыми әлеуеті.аймақ әлеуетінің негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері. Табиғи-экологиялық потенциал. Еңбек потенциалы. Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары. Салааралық өзара әрекеттесулер.

Аймақтық орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары. Экономикалық қатынастардың негізгі нысандары: сауда, қаржылық. Аймақтық меншіктің қызмет ету проблемалары.

Экономикалық даму мен адамзат дамуы индексі бойынша аймақтарды топтастыру әдістемесі. Қазақстан жеке аймақтарының дамуын салыстырмалы талдау аймақтық саясаттың қалыптасу шарты ретінде.

Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының негізгі мақсаттары мен міндеттері.орталық пен жергілікті басқару органдарының әкімшілік-ұйымдастыру функцияларын ажырату мәселелері.

Аймақтық теңсіздіктердің объктивті негіздері және аймақтардың, дамуын мемлекеттік реттеу қажеттілігі. Жалпы ұлттық экономикалық саясаттығы аймақтық экономиканың орны. Аймақтық дамуды реттеудің институционалдық және құқықтық негіздері. Аймақтық дамуды реттеудің негізгі әдістері мен құралдары. Аймақтық, саясаттың макро және микро құралдары. Проблемалы аймақтар және аймақтық даму бағдарламалары.

Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат. Аймақтық саясаттың негізгі мақсаттары. Мемлекеттің аймақтық саясатын жүзеге асырудың жолдары, құралдары және әкімшілік-экономикалық механизмдері.

Депрессивті аудандар мен қалаларды айқындау әдістемелік негіздері. Аймақтың бюджеттің қатынастары. Аймақ бюджеті. ҚР қаржы-бюджет қатынастарының аймақтық астары. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер бюджет деңгейлері арасындағы қатынастарды реттеудің негізгі механизмдері ретінде.

Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау болжаудың жетілдіруіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар, маркетингтік зерттеулер, логикалық үлгілер (модельдеулер) әдістері, эксперттік бағалар, икемділік коэффициенттері. Аймақтық дамудың жоспарлары мен болжамдардың басты мазмұны ол – олардың бөлімдері және көрсеткіштері.

Қазақстан аймақтарының салықтық әлеуеті. Елдің экономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері мен жағдайларын зерттеудің қажеттілігі, негізгі нәтижелері. Қазақстан облыстарының әлеуметтік инфрақұрылымы дамуының экономикалық факторлары.

Аймақтық инвестициялық-инновациялық саясатының қалыптасу ерекшеліктері. Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше. Әлемнің әртүрлі елдері бойынша аймақтық экономикалық саясаттың салыстырмалы анализі. Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеуші институттар. Аймақтық саясаттын құқықтық негіздері және макро мен микро құралдары. Әлемдік экономикадағы проблемалық аймақтар мен аймақтық даму бағдарламалары. ҚР-ң шаруашылық практикасында шетелдік тәжірибені арттыру мүмкіндігі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:



  1. Н. Б. Абильшаиков, Экономика және менеджмент, 2014 ж.

  2. Аубакирова Ж.Я., Кудабаева Ж.М. Аймақтық экономика. Оқу құралы. // "Казак университетi" 2014г. ISBN : 978-601 10 ҚАЗАҚСТАН 

  3. Инновационный тренд Экономики Казахстана / под обзщей ред Р.К.Сагиевой Алматы: Казак университеты, 2013, -199б. // Казак университеты 2013г. ISBN 978-601-247 13 ҚАЗАҚСТАН 

  4. Аубакирова Ж., Айтбембетова А. Стратегия и факторы дальнешего инд-инновационной модернизации РК Динамическое равновесие и инновационные процессы // " Қазақ университеті " 2014г. ҚАЗАҚСТАН 

  5. Методология экономической науки: общий вектор развития // " Қазақ университеті " 2015г. ISBN 978-601-04 0,5 ҚАЗАҚСТАН 

Қосымша әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // www.akorda.kz.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz. (09.01.2014)

  3. Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту Бағдарламасы «Агробизнес – 2020». 18 қаңтар 2012ж. http:// www.minagri.kz.

  4. "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму" стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 Жарлығы.

  5. ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
    жөніндегі 100 нақты қадам».

  6. Указ Президента Республики Казахстан от 1 августа 
    2014 года № 874 «Об утверждении Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы и о внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 957 «Об утверждении Перечня государственных программ»;

  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысы «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы»;

  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы»

  9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы


3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектісі. Мемлекеттің пайда болуы және оны ұйымдастыру қажеттілігі. Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы. Ел экономикасы мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс процесі және мемлекеттік басқарудың конституциялық негіздері.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде. Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің қағидалары. Мемлекеттік орган мемлекеттік механизмнің негізгі эле­менті ретінде. Мемлекеттік басқарудың ақпараттың жүйесі және оны жетілдіру қажеттілігі. Мемлекеттік басқарудағы өзін-өзі басқарушылық өзгерістердің тенденциясы. Қазіргі жағдайда мемлекеттік баскару стилін дамыту мәселелері.

Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері. Басқару қызметінің өнімділігін арттыру мәселелері. Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерде заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің рөлі. Қоғамдық пікір мемлекеттік басқаруды бағалау құралы ретінде. Мемлекеттік орган мемлекеттік басқару субъектісі ретінде. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтың реттеу құрылымы және оны жетілдіру бағыттары.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері. Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері. Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттар ағынын ұйымдастыру және олардың шындыққа жанасуы. Мемлекеттің әр түрлі жүйелері мен нысандарының сипаттамасы. Басқару қызметінің стилін жетілдіру және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік.

Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде. Экономика дамуындағы мемлекет рөлі және оның негізгі қызметтері. Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат. Мемлекеттегі президентгік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері (белгілі елдер үлгісінде). Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері (белгілі елдер үлгісінде).

Мемлекеттегі унитарлык құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшіліктері. Мемлекеттегі федеративті құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері. Мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен серпінділігі. Мемлекеттік басқару мақсаттарын кұқыктық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың функционалдық міндеттері.

Қазақстандағы басқарушылық қызметтің құрылымы. Елдегі мемлекеттік құрылым мен ұлттық процестердің өзара байланыстылығы. Мемлекеттік басқару әдістері мен қағидаларының ерекшеліктері. Мемлекеттік басқаруды құкықтык реттеудің негізгі нысандары. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің құрылымы және оны жетілдіру бағыттары. Мемлекеттік басқарудың мәнісі мен объективті- субъективті негіздері. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі.

Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі (белгілі елдер үлгісінде). Экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымынын үлгілері. Бұқаралық акпарат құралдары мемлекеттегі мемлекеттік биліктің төртінші тармағы ретінде. Мемлекеттік басқарудағы акпараттық жүйе түсінігі және оның техникалық базасын дамыту қажеттілігі. Мемлекеттік басқару ісінің функционалдық аспектісі.

Мемлекеттік басқару жүйесі және негізгі элементтері. Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері. Мемлекеттік басқару ісінде саяси режим түсінігі және оның түрлері.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

1. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. 3-е изд. Москва: Омега – Л., 2013.-525стр.

2. Теория государства и права : учебник / Морозова Л. А. – Изд. 3-е, перераб. и доп. – М.: Эксмо, 2009.

Купряшин Г.Л. Модернизация государственного управления: институты и интересы. М.: Издательство МГУ, 2011.

4. Нұрышева Т.С. Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы. Оқу құралы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2013. – 171 б.

5. Атаманчук Г.В. Государственное управление: организационно- функциональные вопросы. Москва, 2000г.

6. Абылайханова Т.А. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін жетілдіру : монография.-Өскемен : С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Берел баспасы, 2016.-130 бет.

7. Ихданов Ж. Мемлекеттік басқару теориясы : оқу құралы /Ж.Ихданов, Ғ.Н.Сансызбаева, Р.Ғ.Есенжігітова.-Алматы : Экономика, 2007.-216 бет.

8. Қинашева Ж.Б. Мемлекеттік басқару теориясы : оқу құралы.- Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012.-160 бет.

9. Нұртазин М.С. Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері : оқу құралы.-Алматы : Бастау, 2016.-256 бет.

10. Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері : оқу құралы.- Алматы : Экономика, 2007.-192 бет.

11. Зеркин Д. П., Игнатов В. Г. Основы теории государственного управления: курс лекций. Изд. 2-е, доп.и перераб. – М.: ИКЦ «МарТ», 2005.


Қосымша әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  2. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  3. Әкімшілік рәсімдер туралы: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдегі Заңы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы : Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  6. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  9. Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы Жарлығы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы Жарлығы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  11. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі Жарлығы // «Әділет» АҚЖ. (09.01.2014)

  12. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz. (09.01.2014)

  13. "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму" стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 Жарлығы.

  14. ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
    жөніндегі 100 нақты қадам».


Каталог: sites -> default -> files -> files -> postupajuzhemu -> magistr
magistr -> Пәндер тізімі Биологияны оқыту әдістемесі Биологияға кіріспе биологияны оқыту әдістемесі
magistr -> Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес
magistr -> Мәдениеттанудың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында алатын орны
magistr -> Вопросы для подготовки к вступительному экзамену по информатике
magistr -> Пәндер тізімі Ботаника (өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы, өсімдіктер систематикасы) Зоология (омыртқасыздар, омыртқалылар) Жасушалар биологиясы Микробиология ботаника
magistr -> 1. Психологиялық білім мен тәжірибе пәні мен міндеттері. Психология жаратылыс және гуманитарлы пән ретінде. Психология салалары
magistr -> Қазақ Әдебиеті
magistr -> Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі
magistr -> Бағдарламасы жалпы ереже


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет