Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 80.83 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі80.83 Kb.
түріСабақ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы


ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Дәріс сабақтарының мазмұны

Дәріс I. Батыс философиясындағы мәдениеттің қалыптасу мәселелері.

Батыс философиясындағы шығармашылық мәселесіне рационалистік бағым. Платон философиясындағы шығармашылық мәселесі:»еске түсіру теориясы» және жанды болмыстың шығармашылық режиміне «көшіру» мәселесі; эйдостар түсінікті сезімдік көптүрлілікті ұйымдастырудың формалары ретінде; Платонның шығармашылық «диалогикасы»; Ж. Делез Платон жайында («Платон және симулякр»). Аристотель шығармашылық қызмет шарттары жөнінде: ақыл туралы ілім үздіксіз өзектілік ретінде; уақыт туралы ілім («қазір») және шығармашылық; ақыл формалар формасы, ойлаудың ойлауы, мәңгі қозғаушы ретінде және Демиург шығармашылықтың өзі ретінде; шығармашылық шынайы болмысқа тән ақылдың күйі ретінде. Шығармашылықты катрезиандық ұғыну: Декарт философиясындағы таза «мен» мәселесі; ақылдың табиғи сәулесі әлемді творчестволық танудың шарты ретінде; «туғаннан дарыған идеялар теориясы» мен картезиандық максима «ойлаймын-бармын- қолымнан келеді». Лейбниц творчество жөнінде: натуралды және виртуалды интеллект мәселелері; «қайта туындаған идеяларды» тану рух табиғатын білу және ақиқат болмысты ашу ретінде; Лейбниц және барокко өнері («Ж.Делез. Складка. Лейбниц және барокко). И.Кант философиясындағы творчество мен мәдениетті түсіну: творчество адам табиғатының эмпирикалық-натуралистік (реалистік) бағдар: шығармашылық аналитикалық комбинация және сезімдік әсерлердің рекомбинациясы ретінде, жаратылыстық-ғылыми және гуманитарлық шығармашылық мәселесі; ерекшелік пен қайшылықтар; шығармашылық пен мәдениет жөнінде эмпирикалық-сенсуалистік түсініктердің әлсіздіктері.


Дәріс II. Мәдениет философисы және оның әдістемелік негізделуі


Мәдениет философиясының философиялық білімнің дербесбөлігі ретінде қалыптасуы. Классикалық философияның ұстанымдары мәдениет философиясының алғышарты ретінде. Мәдениет философиясы және оны зерттеудің тарихи-мәдени бағдары.Философия мәдениет феномені ретінде. Мәдениет феноменін қазіргі замандық түсінудің қалыптасуы. Мәдениет идеясы, оның мақсаттары, принциптері, және алғышарттарын зерттейтін философиялық пән ретіндегі мәдениет философиясының сипаттамалары. «Табиғат» және «мәдениет» универсалиялары оппозициясындағы мәдениет философиясының анықталуы. Мәдениетті антропологиялық интерпритациялаудағы «табиғат және мәдениет» модусы. Табиғат және мәдениет оппозициясы-метафизикалық универсалия. Мәдениет табиғатты жеңу ретінде: «мәдени» және «әлеуметтік» ұғымдарының ұқсастығы. Мәдениеттің табиғатты өзгертетін қызметі. Еуропалық философиялық дәстүрдегі «табиғат-мәдениет» дилеммасы: натурализм, табиғат центризм,»табиғи адам» тұжырымдамасы (Аристотель, Леонардо, Руссо). Мәдениеттің рухани және әлеуметтік негіздерінің субстанциализациясы (неміс идеализмі және марксистік философия).

Дәріс III. Мәдениет ұғымы

"Мәдениет" түсінігінің көптүрлілігі. Мәдениет біртұтас философиялық түсініктің объектісі ретінде. Көрудің жүйелігі. Мәдениет туралы ғылымдар. Мәдениет анықтамасының көптүрлілігі әдістер мен бағыттардың көптүрлілігінің нәтижесі ретінде. Мәдениетті қарастырудың пәнаралық сипаты. Мәдениетті түсінуге көпдеңгейлі бағыт. Мәдениетті құндылықтық түсіну. Мәдениеттің бағамдық табиғаты. Мәдениетің бағамдық-бағдарлық қызметі. Мәдениет қызмет түрі ретінде. Мәдениеттің байланыстық қызметі. Мәдениет тип ретінде. Мәдениет бірегейлік ретінде. Мәдениетті танудың интуитивті және рационалды-дискурсивті тәсілдері. Негігі мәселелер: генезис, морология және құрылымдық анықтамалық, типология және әр түрлі мәдени формалардың өазара қатынасының мүмкіндіктері. Синхрония мен диахрония. Мәдени феномен түсінігі. Культургенездің әр түрлі баламалары: мәдениеттің пайда болуының қызметтік, ойындық, рәміздік тұжырымдары. Мәдениет және культ: мәдени форманың сакралдануы. “Мәдениет жүйесінің” құрылымдық сараптамасы. Материалды және рухани мәдениет. Элитарлы эәне демократиялық мәдениет. Контр- және субмәдениет. “Бұқаралық мәдениет” феномені.



Дәріс IV. Мәдениет мәдени-философиялық сара.птаманың пәні ретінде Мәдениет болмысы мәселесі. Мәдениеттің онтологиялық беделі. Мәдени кеңістік және мәдени уақыт. Мәдениеттің пәндік болмысы. Мәдениет ақиқатты меңгеудің ерекше тәсілі ретінде. Мәдениеттің когнитивті қызметі. Мәдени-философиялық рефлесия және авторефлексия. Мәдени-философиялық антиномиялар: трагикалық және сократтық мәдениет; мәдениеттің батыстық типін негіздеудегі дионисийлік және апполондық бастамалар (Шеллинг). Мәдениет өмірге қарсы қоюда (Ницше, Бергсон). Мәдениетті түсіндірудегі рационализм мен иррационализм. “Бастан өткізу” мен рефлексия. Мәдени универсализм және мәдени релятивизм. Мәдени стиль түсінігі. Классикалық және классикалық емес мәдениет. Мәдени фундаментализм. Моно-және полистилизм. Мәдени моно-және полистилизм категориялары. Канондау және деканондау. Телеологизм және ателеология. Функционализм және контекстілік.

Дәріс V. Шығармашылық және мәдениеттің классикалық емес теориялары

А. Шопенгауэр мәдениет теоретигі ретінде: “түсінетін” және “шығаратын” ой мәдениет мәселесі ретінде; ойлаудың спонтандылығы (ақыл мен ерік шеңберінен шығу) шығармашылық пен мәдениет шарты ретінде; мәдениет пен шығармашылық танылмайтын, уникалды нәрсені интуитивті тану ретінде; мәдениет пен творчествоны түсінудегі антиевропоцентризм, шығыстық мотивтер; мәдениет және өркениет.

Ф. Ницше творчествосындағы мәдениет мәселесі: жаңаеуропалық мәдениетқайшылықтары және оларды жеңу жолдары; классикалық мәдениет; дәстүрлі мәдени формадан қол үзу мен болмыстың шынайы стихиясына шығу – шығармашылықтың басты шарты; Ф. Ницшенің “дионистік қасіреттері”; шығармашылықты мәдениет мәтінінде көрсете білу (филологиядан философияға, одан музыка мен поэзияға); өмір мен тағдыр “мәдени мәтін” ретінде. Ницше постмодернизмді бағалауда (М. Фуко Ницше туралы).

Өмір философиясы (В. Дильтей, Г. Зиммель, А. Бергсон, О. Шпенглер және т.б.) және мәдение, шығармашылық мәселелерін түсінудегі феноменологиялық-экзистенциалистік бағыт (Ж.-П. Сартр, К. Ясперс, М. Хайдеггер, М. Мерло-Понти және т.б.); “өмірлік әлем” мәселесі; “өмірлік әлем” адам қызметінің бағамдық-мағыналық көкжиегі ретінде; адам мен табиғат бірлігі; Сартр “болмыс” пен “ештеңе” мәселесі жөнінде; “шығармашылық эволюциясы” және шығармашылықты негіздеу мәселелері (А. Бергсон).



Дәріс VI. Адам және мәдениет

Мәдениет тұлға детерминациясының ішкі формасы ретінде. Мәдениет және тұлға: тұлға әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде тұлғаны әлеуметтендірудегі мәдениеттің рөлі. Мәдениет және әлеуметтік жатсыну формалары. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Мәдениет қарым-қатынастың жалпылама формасы ретінде, әлеуметтік қатынастар детерминациясы ретінде. Мәдениет сұхбат ретінде. Мәдени бірлік мәселесі. Адам үштік ақиқат арнасында: тіл – ақиқат – мәдениет. И.Гердердің адамзат тарихы философиясы және мәдениет болмысының тілдік детерминация тенденциясы (В. Гумбольдтың мәдениет философиясы).



Дәріс VII. Постметафизика мәдени философия ретінде

Өмір философиясы өкілдерінің шығармашылығы аясында мәдениетті түсіну. Ф. Ницше, О. Шпенглер, А. Бергсон, Р. Гвардини философиясының мәдениеттанулық векторы. О. Шпенглер теориясының әдіснамасы. “Әлем тарих ретінде” – о. Шпенглер теориясының тарихилығы. Локальдық және антитарихилыұ теориясы. Мәдениеттің псевдоморфозы. И. Хейзинганың мәдениеттің ойындық тұжырымдамасы. Философия ойын ретінде. Қазіргі замандық мәдениет: ойынның жаңа қызметі. Мәдениет философиясының әдіснамалық аспектісі жөнінде философияның неокантшылдық мектебі: В. Виндельбанд, Г. Риккерт рух туралы ғылым және табиғат туралы, құндылықтар туралы ғылым жөнінде. Э. Кассирердің символикалық формалар философиясы. Мәдениет философиясының герменевтикалық жобасы: В. Дильтей, Э. Гуссерль, М. Хайдеггер. Э. Гуссерльдің “Заттардың өзіне қайтада!” үндеуі. М. Хайдегер “Тіл – болмыстың үйі”.



Дәріс VIII. Психоанализдің мәдени философиялық аспектілері

Психоаналитикалық философия. Адам психологиясы мен философиясы. Психикалық ақиқат. Бейсаналылық онтологиясы. Танымның психоаналитикалық теориясы. Психоанализ және 20 ғасырдың негізгі философиялық бағыттары. Психоанализ мәдениет герменевтикасы ретінде. Түстерді жору техникасы. Бейсаналылықтың рәміздік тілі. Психоаналитикалық теориядағы Эдип комплексінің орны. Мәдениеттің қалыптасу және даму тарихындағы Эдип комплексінің маңызы. Діннің пайда болуының психоаналитикалық түсіндірмесі. Мәдениетті психоаналитикалық түсіндірмесі. Мәдениеттің негізгі қызметтері. Мәдениеттің психологиялық арсеналы. Мәдени қауымдастықтардың патологиясы. Өнердің пайда болуын психоаналитикалық түсіну. Бейсаналы қалауларды рәміздерге айналдыру.



Дәріс IX. Мәдениеттің философия-лингвистикалық концепциялары

Әр түрлі дәуір эпистемаларындағы тіл туралы түсініктердің ауысуы. В.фон Гумбольдт: тіл білімі салыстырмалы антропология ретінде. Э. Сэпир – Б. Уорф лингвистикалық қатыстылық гипотезасы. Тілдік универсалиялар және ұлттық ерекшеліктер. Тіл қызмет ретінде. Тілдегі жекелік және ұлттық ұғымдары. Мәтін, белгі және рәміз, метонимия және метаора. Мәтін мәдениеті. Мәтін герменевтикасы және тілдің ішкі реконструкциясы. Адам дамуының ежелгі кезеңінің тілдік реконструкциялары. Алғашқы қауымдық ойлаудың негізгі тұжырымдары. Миф және ертегі арқылы реконструкциялар, структуралық сараптама мектептері (В.Я.Пропп, К.Леви-Стросс). Тіл мен ойлау, тіл мен мәдениет юайланыстарының қазіргі замандық тұжырымдары. Э. Кассирер бойынша мәдениеттің символикалық теориясы. Мәдениет мәтін ретінде. Мәдениет белгілер жүйесі ретінде: структурализм және семиотика. Герменевтика: мәтін ретіндегі мәдениет интерпретациясы (Хайдеггер, Г. Гадамер). Тіл және хат. Белгі және символ. Структурализм мен постструктурализмнің мәдениеттанулық теорияларындағы мәтін түсінігі. Мәдениетті” типологиялық тұжырымдары



Дәріс X. 20 ғ.-дың екінші жартысындағы мәдени-философиялық парадигма

К. Ясперстің “белдеулік уақыты”. Мәдениет пен адамның қарама-қарсы тұруы мәселесі, қазіргі замандық мәдениеттің тоқырауы (А. Камю, Ж.П. Сартр, Г. Марсель).

Мәдениет мәтін ретінде. Структурализм: мәдениеттің структуралық сараптамасы (Ж. Лакан, М. Фуко, Р. Барт), структуралық антропология (К. Леви-Стросс). Структуралық лингвистика генезисі. Семиотика. Мәдениетті сараптаудың структуралық-семиотикалық принциптері.

Постструктурализм: Ж. Деррида деконструкциясы, Ж. Бодрийяр симулякры, Ж. Делез бен У. Эко белгілері мен рәміздері. Постструктурализм неоструктурализм ретінде. Мәтін и контекст. Белгіге деген қатынас.



Дәріс ХI. Мәдениеттің типологиялық концепциялары

Мәдени-тарихи типология ұстанымдары. Жергілікті мәдениеттер теориясы. О. Шпенглердің “мәдениет жаны” және оның типологиялық сипаттамасы. Н. Данилевский және оның жергілікті мәдениеттер концепциясы. Тойнби жергілікті өркениеттер туралы. Мәдениет пен өркениет негіздері және тарихи процесс бірлігі мәселелері (Шпенглер и Ясперс). Мәдениеттің тарихи типологиясы. К. Ясперстің тарихи концециясындағы “белдеулік дәуір”. Гвардини Батыс мәдениет жайында. Әлеуметтік және мәдени дамудың динамикасы: синхрондылық принипі. М.Вебердің мәдениеттің “идеалды типі” түсінігі. Эволюционизм (Г.Спенсер) және “мәдени консерватизм" идеялары. Мәдениет және әлеуметтік прогресс. Мәдениет әлеуметтік қызметтің типі ретінде. Мәдениет және өркениет: ұқсастығы мен ерекшелігі. Мәдениет өркениеттердің қарама-қарсылығында (Ф.Теннис, О.Шпенглер, Г.Маркузе). Жергілікті өркениеттер теориясы (Тойнби, Сорокин). Мәдени-тарихи даму: сабақтастық және “мәдени жарылыс”. Мәдени дәстүр түсінігі. Мәдени дағдарыс және оның мәдениет дамуындағы рөлі. Мәдени төңкеріс. Мәдени сабақтастық механизмдері және олардың әр түрлі мәдениет типтерінде (дәстүрлі, “қазіргі замандық” және қазіргі замандықтан кейінгі) берілуі: ритуал, білім беру, коммуникация. Тарихи бірлік және мәдениеттердің көптүрлілігі, олардың сапалық өзгешелігі. Мәдениеттің тарихи типі түсінігі. Мәдени монизм және мәдени плюрализм. Мәдени европоцентризм және оның жаңылыстары. Мәдениеттердің диалогы мен полилогы.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет