Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері пәнді оқытудың мақсаттары



жүктеу 36.38 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі36.38 Kb.

. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәнді оқытудың мақсаттары – студенттердің білімін арттыру, дағдыларын қалыптастыру және биологиялық пәндерді терең түсінуіне жол ашу.

Пәнді оқытудың міндеттері Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесін соңғы кездегі атом құрылысы теориясы негізінде оқыту. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер теориясы және т.б.

Пәнді оқытудың барысында студенттер:

білуі керек негізгі теориялар және химиялық заңдар, химиялық терминологиялар. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесін соңғы кездегі атом құрылысы теориясы негізінде білу.

істей білуі керек әр түрлі лабораториялық жұмыстарды жүргізе білу. Формула бойынша және теңдеулер бойынша есептер шығару, әр түрлі концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу. Өтілген заңдылықтар, химиялық түсініктер және дәлелдемелер бойынша тәжірибе нәтижесін түсіндіре білу. Анықтамалық әдебиеттерді қолдана білу.

2. ПРЕРЕКВИЗИТТЕР - "Химия" пәнін игеру үшін төмендегі пәннің негізгі мағлұматтары қажет:


  1. Мектептегі химия курсы

  2. Математика

  3. Физика


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:


1. Биоорганикалық және органикалық химия

2. Биохимия


4 Пән тақырыптарының мазмұны

1.Тақырып Химияның негізгі заңдары мен ұғымдары. Атом құрылысы және периодтық заң. Химиялық байланыс. Зат құрылысы. Негізгі стехиометриялық заңдар.

2.Тақырып Химиялық термодинамика. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Өздігінен өтетін процестердің шарттары. Химиялық және фазалық тепе-теңдік.

3.Тақырып Химиялық кинетика. Реакциялардың жылдамдығы және олардың бағыты. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер.

4.Тақырып Ерітінділер. Ерітінділер түрлері, олардың концентрациясы. Ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары және электрохимиялық процестер. Металлдардың коррозиясы. Комплексті қосылыстар.

5.Тақырып Дисперсті жүйелер және олардың инженерлі-техникалық мәселені шешуі ролі. Қоршаған ортаны қорғау коллоидті-химиялық негіздері.

6. Тақырып Химиялық теңестіру: сандық және сапалық талдау, физика-химиялық талдау әдістері.

7. Тақырып Элементтер химиясы және олардың негізгі қосылыстары Химиялық элементтер. Олардың ағзадағы ролі. Сілтілік және сілтілік жер металдары. Негізгі және қосымша топша элементтері.
5 Практикалық сабақтардың мазмұны және тізімі
1. Зат мөлшері; моль; молярлы масса; молярлы көлем; газдардың салыстырмалы тығыздығы. Химияның стехиометриялық және газ заңдарының тапсырмаларың орындалуы. Химиялық қосылыстардың негізгі сыныптары және олардың алу тәсілдері мен химиялық қасиеттері .

2. Жылу, жұмыс, ішкі энергия, энтальпия, энтропия.

3. Вант- Гофф ережесі; Ле-Шателье принципі; массалар әсер ету заңына тапсырмаларды орындау;

4. Иондық - электрондық теңдік әдісі; тотығу-тотықсыздану реакцияларға тақырыпқа тапсырмаларды орындалуы. Ерітінділер концентрацияларын анықтау әдістері.

5. Дисперсті жүйелерді жіктеу бойынша анықтау

6. Еріген заттың санын анықтау, молярлы концентрация, эквивалент молярлы концентрация, титр. Тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың эквивалент молярлы массасын анықтау.



7. Су. Судың қызметі. Қосылыстардағы элементтерді анықтау әдістері.
6 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі


  1. Атом ядроларының құрамы. Элементарлық бөлшектер - протон, нейтрон, электрон. Периодтық заңы және Менделеевтың элементтерінің периодтық жүйесі .

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5]

  1. Зат түзіліуінің және өртенуінің стандартты энтальпиялар. Заттардың түзіліуін Гиббс стандартты энергиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,4,6,8]

  1. Реакция жылдамдығын анықтаушы факторлар. Гомогенді, гетерогенді катализ.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,6,7]

  1. Қатты, сұйық және газ Комплексті қосылыстардың номенклатурасы тәрізді заттардың ерігіштігі .

Ұсынылатын әдебиеттер: [3,7,8]

  1. Суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,6]

  1. Аналитикалықтар таразы. Құрылғы және өлшеу ережелері. Дұрыстық және ұдай өндіру талдаудың. Талдау қателіктерінің таптастыруы. Өлшеулердің нәтижелердің статистикалық өңдеуі

Ұсынылатын әдебиеттер: [3,5,6,8]

  1. Негізгі және қосымша топша элементтері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6,7]
7 Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

  1. Ахметов Н.С. Неорганическая химия / М.: Высшая школа, 2003г.

  2. Иванов В.Г., Гева О.,Гаверова Ю.Г. Практикум по органической химии.- М.: Академия,2002.

  3. Мырзалиева С. К. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы оқу тұралы.-Алматы:Print-S, 2005.

  4. Третьякова Ю.Д. Неорганическая химия в 3т.: учебн. для студ. вузов.- М.: Академия, 2004г.

  5. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия.-Алматы: Бiлiм, 2003.

Қосымша әдебиеттер

  1. Общая химия. / Под ред. В.Ф. Тикавого. – Минск: Университет, 2003г.

  2. Павлова Н.Н., Фролова В.И. Практикум по общей и неорганической химии – М.: Дрофа, 2002г.

  3. Яшкарова Г., Омарова Н. М., Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстары әдiстемелiк тұралы. -Семей: Шәкәрiм атындағы Семей мем. ун-тi, 2007







Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет