Пәнін оқу бойынша әдістемелік нұСҚаулар



Дата27.04.2019
өлшемі22 Kb.
түріНұсқаулар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығының студенттеріне арналған

«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы»
ПӘНІН ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Құрастырушы:

КТ жЛ кафедрасының

аға оқытушысы

Балтабекова А.Н.

Павлодар
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мақсаты: студенттерге «автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәні көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі түрлері, мәні және олардың конструкциясының қауіпсіздікке әсері жайлы түсінік береді. Көлік құралдарының қоршаған ортаға кері әсерін зерттеп, зиянын азайту арқылы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын және «Көлік- қоғам- қоршаған орта» жүйесінде өзара әсерлесу заңдылықтары негіздерін үйретеді. Пәнді оқыту мақсаты – студенттерде автомобильдердің конструктивті қауіпсіздігі саласында ғылыми жүйелер мен кәсіби білімдер және дағдылар қалыптастыру. Пән көлік құралдарының қауіпсіздігін, оларды пайдалану кезінде қамтамасыз ететін конструктивтік және пайдаланушылық кешенін аша түседі.
Пәнді оқыту міндеттері

«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәні 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауда кәсіби пәндердің біріне жатады.

Ол шетелдегі автомобиль өндірісінің жалпы тәжірибесіне, жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу институттарының ғылыми - әдістемелік жұмыстарына және де іс жүзіндегі нормативтік құжаттарға негізделген.

Пәнді оқытуда шешілетін мәселелер 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының біліктілік сипаттамасында қарастырылған талаптарға сәйкес анықталған. Пәнді оқыту нәтижесінде студент автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан соңғы және экологиялық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін көлік құралдарының конструктивтік ерекшеліктерін, қауіпсіздікке байланысты жылжымалы құрамның даму тенденцияларын, берілген саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибе мен нормативті құжаттарды білуі тиіс.



Курстың негізгі қарастыратын мәселелері ретінде шет елдік және ресейлік мамандардың ғылыми зерттеулері, халықаралық және отандық нормативтік документтер, сонымен қоса Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жол полициясы басқармасында жинақталған практикалық тәжірибелері пайдаланылады. Курсты оқыту 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының оқу жоспарына кіретін арнайы пәндерге негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет