Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналғАН



жүктеу 152.04 Kb.
Дата07.11.2018
өлшемі152.04 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-7.1.65/01-2014



ПОӘК

Оқытушыға арналған «Былғары мен үлбір өндірісінің химиясы және технологиясы» пәннің бағдарламасы


№1 басылым

«11» қыркүйек 2014ж.

5В072600– «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»

мамандығына арналған
«Былғары мен үлбір өндірісінің химиясы және технологиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының оқытушысы Бауыржанова Айгуль Заманбековна ___________


27 тамыз 2014 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде


№­­­­­­­­­­1 хаттама ­­­3 қыркүйек 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Б.К. Асенова
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде
№­­­­­­­­­­1 хаттама ­­­5 қыркүйек 2014ж.
Төрайымы ______________ С.С.Төлеубекова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды


№1 хаттама 11 қыркүйек 2014ж.
ОӘК төрайымы ____________ Г. К.Искакова

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ





Мазмұны


1 Қолданылу аясы


4





2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модуль бойынша) мазмұны

5 Білім алушылардың өздік жұмыстарына арналған тақырыптар тізімі

6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы

7 Әдебиеттер




4

4

5



7

8

9




1 ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

«Былғары мен үлбір өндірісінің химиясы және технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы 5В072600– «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығының білім алушыларына арналған.



2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл оқытушыларға арналған пәннің бағдарламасы «Былғары мен үлбір өндірісінің химиясы және технологиясы» пәні бойынша келесідей құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін орнатады:

- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЕСТ 23 тамыз 2013ж. №1080;

- 5В072600– «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығының типтік оқу бағдарламасы

- СТУ 042-ГУ-4-2014 Университет стандарты "Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және безендіруге қойылатын жалпы талаптар";

- ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура "Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және құрылымы".
3 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Кіріспе. Курс тапсырмасы. Былғары және үлбір өндірісінің негізгі даму кезеңдері. Терінің құрылымы. Тері және былғары, оларды анықтау және жіктеу. Былғары және үлбір өндірісінің шикізаттары. Былғары және үлбір өндірісіндегі процесстердің сипаттамасы. Дайындау процестері. Илеу процестері және олардың негізгі бағыттары. Бөліп алу процестері мен операциялары. Былғары мен үлбір сапасы және олардың сапасын басқару.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

Студенттерді былғары және үлбір шикізаттарын технологиялық өңдеудің негізгі принциптары туралы оқыту, шикізаттың құрылымы мен құрамы, өңдеу операциялары, өңдеп шығару операциялары, табиғи былғары мен үлбірді өңдеу және бояу, дайын өнімнің тауарлық қасиеттерін тани білу және осыған орай бәсекелестікке қабілетті сапалы бұйымдарды дайындау, сондай-ақ табиғи былғары мен үлбірден жасалған бұйымдар ассортиментін кеңейту.


3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Былғарының түрлері, олардың жіктелуі және былғары шикізаттары жөнінде негізгі мәліметтер меңгеру. Былғарыны өңдеудің технологиялық үрдістері, дайын былғары сапасы, илегіш экстрактілер өндірісі және былғары өндірісіндегі өолданылатын қосымша өнімдер туралы жалпы ұғымдарды білу.


3.4 Оқудың нәтижесі:

Пәнді оқудың нәтижесінде білім алушы міндетті:

- Былғары және үлбір шикізаттарын өңдеудің негізгі принциптерін, шикізаттың құрылымы мен химиялық құрамын, былғары мен үлбір классификациясын, өңдеу операцияларын, табиғи былғары мен үлбірді өңдеу мен бояудың негізгі принциптерін біледі.

- Былғары және үлбір шикізаттарының қасиеттерін негізгі және анықтама әдебиеттерді пайдалана отырып анықтай алады, былғары мен үлбір сапасын зертханалық тәсілдермен анықтайды.

- Былғары және үлбір шикізатын өңдеу процестерін, шикізат және дайын бұйымдардың сапасын анықтау тәсілдерін біледі және оларды әрі қарай былғары және үлбір өнеркәсібінде қолдана алады.

- Былғары мен үлбірден дайындалған бұйымдар ассортиментін кеңейту үшін былғары және үлбір технологиясы мен химиясы аясында білімін көрсете алады.

3.5 Курс пререквизиттері:

3.5.1 Былғары мен үлбір технологиясы мамандығына кіріспе


3.6 Курс постреквизиттері:

3.6.1 Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау


3.7 Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді

1- кесте


Курс

Семестр

Кредиттер

ДС

сағат


ПС

сағат


ЗС

сабақ


ОБАӨЖ сағат

БАӨЖ

сағат


Барлық

сағат


Қорыт.

бақылау түрі



2

3

4

30

15

15

30

90

180

тезаурус



4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬ БОЙЫНША) МАЗМҰНЫ

2 - кесте



Тақырыптың атауы және оның мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәрістік сабақтар

1 Модуль. Шикізат




1 -2 дәріс. Кіріспе. Терінің құрылымы

2

3 дәріс. Былғары және үлбір

1

4 дәріс. Терінің химиялық құрамы

1

5 дәріс. Былғары және үлбір өндірісінің шикізаты

1

6 дәріс. Былғары, үлбір, қой-тондық өндірісі үрдістерінің сипаттамасы

1

2 Модуль. Технологиялық үрдістер




7 дәріс. Дайындық үрдістері

1

8 дәріс. Илеу үрдісі. Минералды илегіш заттар

1

9 дәріс. Минералды заттармен илеу

1

10 дәріс. Органикалық илегіш заттар

1

11 дәріс. Органикалық илегіш заттармен илеу

1

12 дәріс. Синтетикалық илегіштер

1

13 дәріс. Аралас илеу

1

14 дәріс. Маймен илеу

1

15 дәріс. Лайкамен илеу

1

16 дәріс. Илеу және полимерлермен толықтыру

1

3 Модуль. Әрлеу операциялары




17 дәріс. Әрлеу операцияларында қолданылатын негізгі материалдар

1

18 дәріс. Бояғыш заттар

1

19 дәріс. Майлағыш және эмульсиялайтын заттар

1

20 дәріс. Физика-химиялық және химиялық әрлеу үрдістері

1

21 дәріс. Беттік бояу және былғарыны жақсарту

1

22,23,24 дәріс. Әрлеудің механикалық операциялары

3

4 Модуль. Дайын өнім

25 дәріс. Былғары мен үлбірдің қасиеттері

1

26 дәріс. Былғары мен үлбірдің сапасын анықтау

1

27, 28 дәріс. Былғары мен үлбір өндірісінің техника-экономикалық көрсеткіштері

2

29, 30 дәріс. Былғары мен үлбір өндірісіндегі техно-химиялық бақылау

2

Практикалық сабақтар




1, 2 практикалық сабақ. Коллагеннің құрылымы мен қасиеті

2

3 практикалық сабақ. Кератиннің құрылымы мен қасиеті

1

4 практикалық сабақ. Былғары-үлбір өндірісінің шикізаты

1

5 практикалық сабақ. Дайындық операцияларының сипаттамасы

1

6, 7 практикалық сабақ. Минералдық илегіш қосылыстардың химиясы, олармен илеу

2

8, 9 практикалық сабақ. Органикалық илегіш қосылыстардың химиясы, олармен илеу

2

10, 11 практикалық сабақ. Аралас илеу

2

12 практикалық сабақ. Үлбірді бояу

1

13 практикалық сабақ. Үлбірді жақсарту

1

14, 15 практикалық сабақ. Беттік жабынын жақсартып былғарыны әрлеу

2

Зертханалық сабақтар

1, 2 зертханалық сабақ. Былғары мен үлбір шикізаты, жартылай фабрикат және дайын өнімді микроскопиялық талдау

2

3 зертханалық сабақ. Коллагеннің еруі

1

4, 5 зертханалық сабақ. Түктің ерігіштігін анықтау

2

6, 7 зертханалық сабақ. Жұмсартқыштарды талдау. Ферментті препараттардың белсенділігін анықтау

2

8, 9 зертханалық сабақ. Минералды илегіш қосылыстарды талдау

2

10, 11 зертханалық сабақ. Өсімдік экстрактілері немесе синтандарды талдау

2

12, 13 зертханалық сабақ. Былғары немесе үлбірдің былғарылық тінін химиялық талдау

2

14 , 15 зертханалық сабақ. Былғары және былғары тінің физика-механикалық талдау

2



5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ
5.1 Аяқ-киімге арналған былғары

5.2 Ер-тұрмандық былғарылар

5.3 Техникалық былғары

5.4 Киімдік-галантереялық былғарылар

5.5 Былғары өндірісінің сызбанұсқасы

5.6 Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы

5.7 Малдың терісіне әсер ететін факторлар

5.8 Теріні консервілеу және сақтау

5.9 Былғары шикізатының ақаулары

5.10 Былғары шикізатының тағайындалуы. Өндірістік партия

5.12 Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар

5.13 Жібіту үрдісінің орындалуы

5.14 Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері

5.15 Теріні күлдеу

5.16 Жарғақты күлден арылту және жұмсарту

5.17 Илеу үрдісінің мақсаты мен маңызы

5.18 Илеу түрлері бойынша былғарыны топтастыру

5.19 Хромдап илеудің бір ванналы әдісі

5.20 Хромдап илеудің екі ванналы әдісі

5.21 Хромдап илеу үрдісіне кейбір факторлардың әсер етуі

5.22 Өсімдік илегіш материалдар

5.23 Илегіш шырын мен экстракт дайындау

5.24 Өсімдіктермен илеу үрдістері

5.25 Өсімдіктермен илеу үрдісіне әсер ететін факторлар

5.26 Өсімдіктермен илеу әдістері

5.27 Аралас илеудің маңызы

5.28 Аралас илеу үшін қолданылатын материалдар

5.29 Маймен илеу

5.30 Лайкамен илеу
6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

3-кесте


Оқулық,оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Дана саны

Білім алушылар саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.

5

3

100

Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. - Алматы, 2010.

5

3

100

Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006.

5

3

100

Данилкович А.Г., Чурсин В.И. Практикум по химии и технологии кожи и меха.Учебное пособие для вузов - М.: ЦНИИКП, 2002.

5

3

100

Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010.

5

3

100

Страхов И.П. Химия технология кожи и меха: учебник для вузов. - М., Легпромбытиздат, 2003.

5

3

100

Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха. Изд.2-е, пер и доп. Учебник для студентов вузов легкой промышленности / Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009.

5

3

100


7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.

7.1.2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. - Алматы, 2010.

7.1.3. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006.

7.1.4. Страхов И.П. Химия технология кожи и меха: учебник для вузов. - М., Легпромбытиздат, 2003.

7.1.5 Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха. Изд.2-е, пер и доп. Учебник для студентов вузов легкой промышленности / Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010.

7.2.2 Н.В.Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007.



7.2.3 Данилкович А.Г., Чурсин В.И. Практикум по химии и технологии кожи и меха.Учебное пособие для вузов - М.: ЦНИИКП, 2002.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет