Пәннің оқу – әдістемелік кешені



жүктеу 0.71 Mb.
бет2/4
Дата12.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Владимиров кеңкалиберлі танкі пулеметын күту, сақтау және жинақтау


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 кл Алматы 2004 жыл.

  2. Алғашқы әскери дайындық 11 кл Алматы 2007 жыл.


Тәжірибелік сабақ.
4 Тақырып: АК құрамы, тағайындау және жауынгерлік қасиеті. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

Калашников автоматы

Автоматтың арналуы мен ұрыстық қасиеті

5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару. Ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш – өртегіш оқтары қолданылады. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға , дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Атудың көздеу қашықтығы – 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы - 500 мертге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан ату қашықтығы – 500 м – ге дейін. Осы сабақ тиімді өту үшін студенттерге автоматтың үлгісін көрсетіп таныстырған жөн.
5 Тақырып: Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Автоматты бөлшектеу және жинақтау

Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.



Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:

  1. Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды (43-сурет), бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар – жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны “АВ”(автоматты ату) немесе “ОВ”( жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.

  2. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек. Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

  3. Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізінде гі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. (44-сурет). Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.



  1. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш – компенсаторын, пулеметтен – жалан сөндіргішін бөліп алу (45-сурет). Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың (жалпы сөндіргіштің) орнықтырғышы батырылады. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылықтежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.

  2. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттауышы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп (46-сурет), қақпақшаны алады.




  1. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп (47-сурет), қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.




  1. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып (48-сурет), ұңғы қорабынан бөлектеп алады.




  1. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады (49-сурет); оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

  2. Ұңғылық бастырмасы мен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді (50-сурет), жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігімен шығарып алады.

6 Тақырып: Автоматты ату әдісі және ату ережесі , қолданудағы қауіпсіздік тәсілдері. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Қарудың серпуі (кері соғуы). Ұңғы арнасында газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана қоймай, қаруды артқа жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы-серпу деп аталады. Атыс қаруының серпуі иыққа, қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату қаруы серпуінің күші, әдетте 2 кг-нан артпайды да, ол атушыға ауыртпалықсыз әсер етеді.

7 Тақырып: Калашников қол пулеметінің құрлымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, бөлшектерінің қызметі, жұмысы және механизмі, оны күту сақтау және жинақтау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Калашников қол пулеметтің арналуы мен ұрыстық қасиеті

5,45 мм жетілдірілген Калашников пулеметі дербес қару. Ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Пулеметтен атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш – өртегіш оқтары қолданылады. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға , дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Атудың көздеу қашықтығы – 1000 метр. Сабақты тиімді өткізу үшін Калашников қол пулеметінің суретін көрсеткен дұрыс.


8 Тақырып: Калашников пулеметінің құрлымы және жауынгерлік қасиеті, жинақтау және сұрыптау, оның бөлшектерінің, қызметі және механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Пулеметтің арналуы мен ұрыстық қасиеті

Пулеметтен жер үсті нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға – 625 м; Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы: автоматтан минутына кезекпен ату 100 – ге дейін, жекелей атқанда 40 – қа дейін.

Пулеметтің сүңгі – пышақсыз жарақталған оқжатары мен қосқандағы массас: РПК74-5,46 кг.

Пулеметтің жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.

Пулемет мынандай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады



  • Ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;

  • Ұңғы қорабының қақпағы;

  • Газ поршені мен бекітпе жақтауы;

  • Бекітпе;

  • Қайтармалы механизм;

  • Ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;

  • Соққы – ағытқыш механизм;

  • Құндақ;

  • Оқжатар.


Пулеметті тексеріп қарау және оны атысқа дайындау

Пулеметті атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты, керек – жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстары жүргізіледі.

Жауынгерлер мен сержанттар автоматты :


  • Күн сайын;

  • Сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;

  • Тазалау кезінде тексеру керек.

Пулеметтің оқжатарлары мен керек – жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.

Егер оны бөлімшеде жөндеуге болмаса, онда автоматты оқжатарлар мен керек – жарақтарды жөндеу шеберханасына жібереді.

Пулеметтің қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:


  • Қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама – қарсы жаққа ауытқиды;

  • Көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды;

  • Ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды;

  • Ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.

Пулеметті атысқа дайындау

Пулеметті атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Пулемет атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады:

Пулемет атуға дайындау кезінде:



  • Пулеметті бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;

  • Пулеметті жиналған түрде қарау;

  • Оқжатарларды қарау қажет.

Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықты бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.

Егер автомат ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері – кейін қозғап алу керек.


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 кл Алматы 2004 жыл.

  2. Алғашқы әскери дайындық 11 кл Алматы 2007 жыл.

9 Тақырып: Макаров тапаншасының құрылымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің, қызметі және механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы сабақты тиімді өткізу үшін Макаров тапаншасын тәжірибелік сабаққа қолданған дұрыс. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Макаров тапаншасы

9 мм Макаров тапаншасы шабуыл мен қорғаныстағы жақын жердегі қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Тапаншадан атылатын оқ 50 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Оқтың зақымдағыш күші 350 метрге дейін сақталады. Тапаншадан ату бір – бірлеп жүргізіледі. Тапаншаның ату жылдамдығы минутына 30 атысқа дейін. Тапаншаның жабдықталған оқжатармен қосқандағы салмағы

810 грамм.


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Бастапқы әскери дайындық. Каргин С.Т. Алматы 2000 жыл

  2. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.

10 Тақырып: Драгунов мергендік винтовкасының құрлымы және жауынгерлік қасиеті,оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөліктерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Драгунов мергендік вин,товкасының (ДМВ) материалдық бөлімі

Мергендік винтовканың ұрыстық ерекшеліктері мен қолданылуы

7,62 мм-лік Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің қаруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашық және бүркемеленген жеке нысандарды жоюға арналған.

Мергендік винтовкадан ату 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейілінше тиімді болды.

Атыстың көздеу қашықтығы 1300м

Ашық көздеуіш 1200 м

Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы 430 м

Ал көшпелі фигураға 640 м

Ұрыстың ату жылдамдығы 1 мин-та 30 атысқа дейін

Сүңгі – пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовканың салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүм жағын қоспағанда 4,3 кг болады.

Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері

Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден:



  • Ашық көздеуіш пен дүмнен, қорапшасы бар ұңғыдан;

  • Қайтармалы механизнен;

  • Бекітпе жақтауынан;

  • Бекітпеден;

  • Реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;

  • Ұңғы жабуынан (оң және сол);

  • Соққы – ағытқыш механизмнен;

  • Тежеуіштен;

  • Оқжатардан;

  • Дүм жағынан;оптикалық көздеуіштен;

  • Сүңгі – пышақтан тұрады



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.



11 Тақырып: Кіші калибрлі винтовканың, құрамы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, және оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.



Шағын калибрлі винтовка

ТОЗ – 8 шағын калибрлі винтовканың жалпы құрылымы, ұрыстық қасиеті, тағайындалуы.

Тула қару – жарақ зауытының ТОЗ – 8 шағын калиберлі винтовкасы атқыштарды алғашқы атуға үйрету және жаттықтыруға арналған.

Винтовканың ұрыстық қасиеті: калибрі – 5,6 мм; массасы: ТОЗ – 8 – 3,12 кг, оқтың бастапқы жылдамдығы – 310 м/с – ге жуық; ату жылдамдығы – минутына 10 – 12 рет; көздеу қышықтығы – 250 м; оқтың алысқа ұшу қашықтығы – 1200 м – ден 1600 м – ге дейін; оқтың қиратқыш күші 800 м – ге дейін.

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Бастапқы әскери дайындық. Каргин С.Т. Алматы 2000 жыл

  2. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.

12 Тақырып: Пневмтикалық винтовканың құрылымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.



Винтовка ИЖ – 38


Осы сабақты тиімді өткізу үшін практикалық сабақтарда атыс дайындығына арналған сыныптарда тирлерде өткізген дұрыс. Себебі: студент, қаруды ұстап жалпы құрылысымен танысады. Оның бөлшектері мен механизмдерін көріп біледі, атуға үйренеді.


Құрылымы – поршын серіппелі

Калибр: 4,5

Ұңғының ұзындығы: 450мм.

Оқжатардың сиымдылығы: 1 оқ

Оқтың бастапқы жылдамдығы 150 м/с

Үрлегіш энергия: 7,5 Дж

Ұзындығы: 1050 мм

Ені: 40 мм

Биіктігі: 205 мм

Салмағы: 2,5 кг.


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 кл Алматы 2004 жыл.

  2. Алғашқы әскери дайындық 11 кл Алматы 2007 жыл.

13 Тақырып: Танкіге қарсы қол гранатаметі құрамы, және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Танкіге қарсы қол гранататқышының құрылысы, оны ұстау, күту сақтау

Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы

РПГ-7 және РПГ-7Д танкіге қарсы қол гранататқышы қарсыластың танкілерін өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылары мен басқа да сауытты құралдарға қарсы күрес жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар ол қарсыластың тасалар мен қала типтес құрылыстарында орналасқан адам күшін жою мақсатында да пайдаланылуы мүмкін.

Гранататқыштан атыс жүргізу ПГ-7В және ПГ-7ВМ кумулятивті әсер ететін танкіге қарсы калибрден үлкен гранатамен жүргізіледі.

Граната қарсыластың қазіргі заманғы танкілері мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларының барлық түрлерімен тиімді ұрыс жүргізуге мүмкіндік беретін сауытбұзарлық қасиетке ие.

Атыстың көздеу қашықтығы – 500 м.

Ұрыстық ату жылдамдығы минутына 4-6 рет.

Оптикалық көздеуіші бар гранататқыштың салмағы: РПГ-7 -6,3 кг, РПГ -7Д – 6,7 кг.

Ату (дәрілі зарядты гранаталар) салмағы: ПГ-7В – 2,2 кг, ПГ-7ВМ – 2кг.



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.

14 Тақырып: Қол жарқыншақты гранатасының құрамы, қолданылуы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Қол гранаттары

Жарықшақты қол гранаттары (72-сурет) жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:



  • РГД – 5 қол гранаты;

  • РГН және РГО – қол гранаты;

  • Ф-1 қол гранаты бар.

Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД – 5 және РГН – шабуылдағы, Ф-1 мен РГО – қорғаныстағы гранаттарға жатады.

Жабдықталған гранаттың массасы – 310 г.

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 кл Алматы 2004 – 2007 жыл.

15 Тақырып: Владимиров кеңкалиберлі танкі пулеметының құрылымы, қолданылуы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Владимиров танктік кеңкалибрлі пулеметі.


14,5 мм танктік пулемет ВТКП ең күшті автоматты қару болып саналады. Темірқалқанды текхникада атқыш катерлерде ,қозғалмалы және станционарлы орналасуда қолданылады. Жеңіл сауытталған атыс мақсаттарына арналған. Көздегіштігі 2000 метр арақашықтықта, биіктікте 1500 м. Жердегі және әуедегі мақсаттағы атқыштығы кезінде Б-32 оқтары қолданылады. Қабылдағышқа патронды – оқты көздеу, оң жақты және сол жақты, олар металдық ленталардан жасалады.

Техникалық сипаттама.

Калибр, мм

14,5

Салмағы, кг

52,2

Техникалық тез көздегіштігі, в/мин

550┘600

Атқыш тез көздегіштігі, в/мин

70..80

    Жерде:


    Әуеде:

2000
1500



Оқтың максимальді ұшуы, м

9000

Ұңғының әуелік сууы:

воздушное

Электротөмендіткіш зарияды, В

27

Ұзындығы (ені, биіктігі,) мм

1980x162x225

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық 10 кл Алматы 2004 жыл.

  2. Алғашқы әскери дайындық 11 кл Алматы 2007 жыл.


СОӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу кестесі

1-ші семестр



Тақырып

Пәннің мақсаты да мазмұны

Ұсыналатын әдебиеттер негізгі қосымша

Ұпай

Жұмысты тапсыру мерзімі

Бақылау формасы

1

КІРІСПЕ

Атыс дайындығымен танысу.

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

1апта

Жазбаша

2

Атыс дайындығы. Атқыш қарулардың қысқаша даму тарихы. Атыс дайындығының жалпы мәселелері.

Атыс дайындығы

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

2апта

Ауызша

3

Атыс қарудан ату негіздері. Баллистиканың ішкі және сыртқы көрнісі.

Баллистиканың ішкі және сыртқы көрнісін үйрету

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

3апта

Сөзжұмбақ

4

АК құрамы, тағайындау және жауынгерлік қасиеті.

АК құрамы

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

4апта

Ауызша

5

Автоматты бөлшектеу және жинақтау.

Автоматты бөлшектеу және жинақтау.

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

5апта

Ребус

6

Автоматты ату әдісі және ату ережесі , қолданудағы қауіпсіздік тәсілдері.

Автоматты ату әдісі

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

6апта

Ауызша

7

Калашников қол пулеметінің құрлымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, бөлшектерінің қызметі, жұмысы және механизмі, оны күту ,сақтау және жинақтау.

Калашников қол пулеметінің құрлымын үйрету

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

7апта

Сөзжұмбақ

8

Калашников пулеметінің құрлымы және жауынгерлік қасиеті, жинақтау және сұрыптау, оның бөлшектерінің, қызметі және механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Калашников пулеметінің құрлымын үйрету

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

8апта

Жазбаша

9

Макаров тапаншасының құрылымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің, қызметі және механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Макаров тапаншасының құрылымы

[1,2,3,5,6,7,8]/

[1,2]


1

9апта

Тест

10

Драгунов мергендік винтовкасының құрлымы және жауынгерлік қасиеті,оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөліктерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау

Драгунов мергендік винтовкасы

[1,2,3,5,6,7,8]/

[1,2]


1

10 апта

Ауызша

11

Кіші калибрлі винтовканың, құрамы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, және оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Кіші калибрлі винтовканың, құрамы және жауынгерлік қасиетін үйрету

[1,2,4,9,10,11]/

[1,2,4,5]



1

11апта

Тест

12

Пневмтикалық винтовканың құрылымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Пневмтикалық винтовканың құрылымы және жауынгерлік қасиеті

[1,2,3,5,6,7,8]/

[1,2]


1

12апта

Ребус

13

Танкіге қарсы қол гранатаметі құрамы, және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Танкіге қарсы қол гранатаметі құрамы

[1,2,3,5,6,7,8]/

[1,2]


1

13апта

Тест

14

Қол жарқыншақты гранатасының құрамы, қолданылуы жәнек жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Қол жарқыншақты гранатасының құрамы, қолданылуы

[1,2,3,5,6,7,8]/

[1,2]


1

14апта

Жазбаша

15

Владимиров кеңкалиберлі танкі пклеметының құрылымы, қолданылуы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің қызметі мен механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау.

Владимиров кеңкалиберлі танкі пклеметының құрылымын үйрету

[1,2,3,5,6,7,8]/

[1,2]


1

15апта

Ауызша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет