Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Аккредиттеу және салалар бойынша өнімнің сапасын басқару» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/3
Дата26.10.2017
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1.40/03-2014



«Аккредиттеу және салалар бойынша өнімнің сапасын басқару» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

18.09.2013 ж.

№ 1 басылымның орнына

11.09.2014 ж.

№ 2 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

6М073200 «Стандарттау және сертификаттау

(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Аккредиттеу және салалар бойынша

өнімнің сапасын басқару» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2014




Мазмұны





1.

Дәрістер …..……………………………………………………………..

4

2.

Тәжірибелік сабақтар ………………………………………………….

4

3.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

5


1 Дәрістер

1 дәріс. Аккредиттеудің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін

арттырудағы ролі

Дәрістің мазмұны:

1 Аккредиттеу ұғымы

2 Аккредиттеудің нормативтік-құқықтық негіздері

Дәрістің қысқаша конспектісі
Аккредиттеу термині латын тілінен «сенімділік тудыру» деп аударылады. Басында аккредиттеу ұғымы халықаралық құқық жүйесінде қолданған болатын және аккредиттеу деп елдің шетел жанындағы немесе халықаралық ұйымдағы өкілге жіберген мемлекет жағынан сенімділік тудыру және екінші мемлекеттің оны қабылдау (құзыретін растау) процедурасын айтатын. Сондац-ақ бұл ұғым халықаралық ұйымдар жанында жұмыс істейтін тілшілерді таныстыру және олардың құзыретін мойындау процедурасы үшін қолданылады.

Бара-бара бұл терминді қолдану аясы кеңейе түсті.

Қазіргі кезде аккредиттеу процедурасы;


  • білім беру мекемелері;

  • өкілдіктер;

  • журналистер;

  • зертханалар;

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдар;

  • сынақ зертханалары үшін қолданылады.

Соңғы үш саланы біріктіріп сәйкестікті бағалау саласы деп айтуға болады. Сондықтан бұл саладағы аккредиттеуді «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу» дейді.

Халықаралық құқық жүйесінде дипломатиялық өкілдікті аккредиттеу процедурасына қабылдайтын мемлекеттің (немесе халықаралық ұйымның) тиісті органдары немесе ресми тұлғасына басқа мемлекеттің өкілінің құзіретін растайтын құжатты (актты) тапсыру рәсімі кіреді.

Ұлттық құқық жүйесінде аккредиттеу деп мемлееттік органдармен әртүрлі субъектілердің (білім беру мекемелерінің, ғылыми ұйымдардың, медицина мекемелерінің, коммерциялық банктердің және т.б.) ерекше құзіретін мойындау (растау) процедурасын айтады.

Негізгі мәні бойынша акктедиттеу ө құзіреттілікті ғылыми-техникалық және ұйымдық – құқықтық жағынан өңдеу (құжаттау! Болып табылады.

Білім беру саласында аккредиттеу – білім беру сапасына жан жақты баға беру процесі болып табылады. Оқу орнының аккредиттелген болуы талапкерлер және олардың ата-аналары жағынан сенімділік тудырады және жқмыс берушінің аккредиттелген мамандық бойынша оқып шыққан маман алып шыққан білімнің толықтығына сенімділік болуына жағай жасайды.

Жалпылап айтқанда аккредиттеу – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің белгілі салада жұмыстарды атқаруға құзіреті бар екендігін ресми түрде мойындау болып табылады.

Журналистика саласында аккредиттеу тілшілер мен үкмет өкілдері арасындағы қатынастарды реттейді.

Сәйкесікті бағалау саласында бастапқы кезеңде аккредиттеу бір рет жасалған сынақтарды қайта жасамау мақсатында енгізілген болған. Қазіргі күнде аккредиттеу мақсаты болып сәйкестікті бағалауды қайталамау, бағалау жөніндегі органдардың біліктілігіне оларды аккредиттеу арқылы сенімділік тудыру табылады.

Зертханалар үшін аккредиттеу – тапсырыс берушілердің сенімді сынақ, өлшеу және калибрлеу қызметін көрсететін зертханаларды таңдап алуына жәрдемдесетін процедура болып табылады.

Зертханаларды аккредиттеу, сонымен бірге сауда және экономиканың дамуына септігін тигізеді. Өйткені бірыңғай тәсілдеме негізінде жүргізіледі. Барлық елдердің бірдей сынау және өлшеуәдістерін қолдануы аккредиттелген зертханадан шыққан мәліметтер тауарлардың сыртқы нарыққа шығуын және онда өтімді болуын, яғни бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Аккредиттеудің нормативтік-құқықтық негізі:


  • «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңы;

  • «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы;

  • «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы;

  • «Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы» 27.08.2008 ж. № 773 ҚР Үкіметінің Қаулысы;

  • ҚР СТ ИСО/МЭК 17011-2006 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бғалау және аккредиттеу органдары. Негізгі талаптар.»

  • ILAK, IAF, EA ұйымдарының халықаралық құжаттары.

Аккредиттеу критерийлері төмендегі стандартарда берілген:

  • сынақ, салыстырып тексеру және калибрдеу зертханалары үшін – ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007;

  • өнімдірдің сәйкестігін растау жөніндегі органдар үшін - ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001;

  • персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдар үшін - ИСО/МЭК 17024-200-3 (ҚР СТ 1349-2005).

Фирмада шығарылған өнім шетелдерде сұранысқа ие болады, егер оның сапасын растаушы сертификат беделгі, аккретиттеуден өткен стандарттау және сертификаттау органымен берілген, яғни сертификациялық сынақтар шетелдерде беделі бар аккредиттелген зертханада жүргізілген болса.

Аккредиттеу құзыреттілікті, ал сертификат нормативтік құжаттардың (стандарттардың) талаптарына сай екендікті көрсетеді.

Аккредиттеу алынған нәтижелердің сенімділіген көрсетеді. Зертханаға сенімділік тудырады және олардың қызметінің мойындалуы үшін жағдайлар тудырады.

Бақылау сұрақтары:

1 Аккредиттеу қандай салалар үшін қолданылады?

2 Аккредиттеудің маңыздылығы?

3 Аккредиттеудің нормативтік-құқықтық негіздерін қандай құжаттар құрайды?
Қолданыладын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.


Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет