Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Дүниежүзілік шаруашылық географиясы» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 1.25 Mb.
бет1/7
Дата21.12.2017
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/01-2013



«Дүниежүзілік шаруашылық географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Дүниежүзілік шаруашылық географиясы»


5В011600 – «География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013
Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары






  1. глоссарий

Атом энергиясы жөніндегі агенттік. Атом энергиясы жөніндегі агенттік , Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі — атом энергиясын пайдалану және ядролық қаруларды таратпау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын басқару органы. ҚР Президентінің 1992 ж. 15 мамырдағы Жарлығымен құрылған. Агенттік өзінің уәкілеттеріне сәйкес ядролық қызметті жүргізу жөніндегі өтініштерді қарап, лицензия береді; лицензия шарттарының сақталуына мемлекет қадағалау орнатып, ядролық қызмет саласында қолдануға міндетті құжаттар тізімін бекітіп, қағидалар мен принциптерді анықтайды, меншік түріне және әкімшілік бағыныштылығына қарамастан заңды тұлғалар мен жекелеген азаматтардың іс-әрекетін бақылайды; ядролық қаруларды таратпаудың және ядролық энергияны қауіпсіз пайдаланудың халықаралық режимін қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді атқарып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ықпалдасу шараларын іске асырып, үйлестіріп отырады; арнаулы бейядролық материалдар мен ядролық технологияларды экспорттау және импортқа алу ісіне мемл. бақылау орнатып отырады.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:FAO_logo.sv

ФАОБҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы. Штаб-пәтері Римде орналасқан. Бұл арнайы мекеме 1945 жылдан бастап әлемдегі азық-түлік ресурстары мен ауыл шаруашылығы дамуының мәселелерімен айналысады. 1990 жылы ФАО әлемдегі 62 елдегі тропиктік ылғалды ормандарды (ғарыштық суреттерді пайдаланып) есепке алды. Сөйтіп орман ауданы (1,2 млрд га-дан артық) анықталды.[1]

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Flag_of_UNESCO.svЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры— Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.



Мақсаты. ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:



  • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;

  • білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;

  • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;

  • мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;

  • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

Мүше елдер. 2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие.

  1. Австралия, ұйымға қосылу күні - қарашаның 4, 1946

  2. Австрия - тамыздың 13, 1948

  3. Албания - қазанның 16, 1958

  4. Алжир - қазанның 15, 1962

  5. Америка Құрама Штаттары - қазанның 1, 2003

  6. Андорра - қазанның 20, 1993

  7. Ангола - наурыздың 11, 1977

  8. Антигуа және Барбуда - шілденің 15, 1982

  9. Аргентина - қыркүйектің 15, 1948

  10. Армения - маусымның 9, 1992

  11. Ауғаныстан - мамырдың 4, 1948

  12. Әзірбайжан - маусымның 3, 1992

  13. Багамалар - сәуірдің 23, 1981

  14. Бангладеш - қазанның 27, 1972

  15. Барбодос - қазанның 24, 1968

  16. Бахреин - қаңтардың 18, 1972

  17. Беларусь - мамырдың 12, 1954

  18. Бельгия - қарашаның 29, 1946

  19. Белиз - мамырдың 10, 1982

  20. Бенин - қазанның 18, 1960

  21. Болгария - мамырдың 17, 1956

  22. Боливия - қарашаның 13, 1946

  23. Босния және Герцоговина - маусымның 2, 1993

  24. Ботсвана - қаңтардың 16, 1980

  25. Бразилия - қарашаның 4, 1946

  26. Бруней Даруссалам - наурыздың 17, 2005

  27. Біріккен Араб Әмірліктері - сәуірдің 20, 1972

  28. Буркина Фасо - қарашаның 14, 1960

  29. Бурунди - қарашаның 16, 1962

  30. Бутан - сәуірдің 13, 1982

  31. Вануату - ақпанның 10, 1994

  32. Венгрия - қыркүйектің 14, 1948

  33. Венесуэла - қарашаның 25, 1946

  34. Въетнам - шілденің 6, 1951

  35. Габон - қарашаның 16, 1960

  36. Гаити - қарашаның 18, 1946

  37. Гайана - наурыздың 21, 1967

  38. Гамбия - тамыздың 1, 1973

  39. Гана - сәуірдің 11, 1958

  40. Гватемала - қаңтардың 2, 1950

  41. Гвинея - ақанның 2, 1960

  42. Гвинея-Биссау - қарашаның 1, 1974

  43. Германия - шілденің 11, 1951

  44. Грек Республикасы - қарашаның 4, 1946

  45. Гренада - ақпанның 17, 1975

  46. Гондурас - желтоқсанның 16, 1947

  47. Грузия - қазанның 7, 1992

  48. Дания - қарашаның 4, 1946

  49. Джибути - тамыздың 31, 1989

  50. Доминика - қаңтардың 9, 1979

  51. Доминикан Республикасы - қарашаның 4, 1946

  52. Египет - қарашаның 4, 1946

  53. Жаңа Зеландия - қарашаның 4, 1946

  54. Жапония - шілденің 2, 1951

  55. Замбия - қарашаның 9, 1964

  56. Зимбабве - қыркүйектің 22, 1980

  57. Израиль - қыркүектің 16, 1949

  58. Индонезия Республикасы - мамырдың 27, 1950

  59. Иордания - маусымның 14, 1950

  60. Иран Ислам Республикасы - қыркүйектің 6, 1948

  61. Ирак - қазанның 21, 1948

  62. Ирландия - қазанның 3, 1961

  63. Исландия - маусымның 8, 1964

  64. Испания - қаңтардың 30, 1953

  65. Италия - қаңтардың 27, 1948

  66. Йемен - сәуірдің 2, 1962

  67. Камбоджа - шілденің 3, 1951

  68. Камерун - қарашаның 11, 1960

  69. Канада - қарашаның 4, 1946

  70. Капо Верде - ақпанның 15, 1978

  71. Катар - қаңтардың 27, 1972

  72. Кения - сәуірдің 7, 1964

  73. Кипр - ақпанның 6, 1961

  74. Кирибати - қазанның 24, 1989

  75. Колумбия - қазанның 31, 1947

  76. Коморос - наурыздың 22, 1977

  77. Конго - қазанның 24, 1960

  78. Конго Демократиялық Республикасы - қарашаның 25, 1960

  79. Корея Демократиялық Халықтық Республикасы - қазанның 18, 1974

  80. Корея Республикасы - маусымның 14, 1950

  81. Коста Рика - мамырдың 19, 1950

  82. Кот д'Ивуар - қазанның 27, 1960

  83. Куба - тамыздың 29, 1947

  84. Кувейт - қарашаның 18, 1960

  85. Кук Aралдары - қазанның 25, 1989

  86. Қазақстан - мамырдың 22, 1992

  87. Қырғызстан - маусымның 2, 1992

  88. Қытай - қарашаның 4, 1946

  89. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы - шілденің 9, 1951

  90. Латвия - қазанның 14, 1991

  91. Леван - қарашаның 4, 1946

  92. Лесотто - қыркүйектің 29, 1967

  93. Либерия - наурыздың 6, 1947

  94. Ливия Араб Джамахириясы - маусымның - 27, 1953

  95. Литва - қазанның 7, 1991

  96. Люксембург - қазанның 27, 1947

  97. Маврикия - қазанның 25, 1968

  98. Мавритания - қаңтардың 10, 1962

  99. Мадагаскар - қарашаның 10, 1960

  100. Македония Республикасы - Маусымны 28, 1993

  101. Малави - қазанның 27, 1964

  102. Малайзия - маусымның 16, 1958

  103. Мали - қарашаның 7, 1960

  104. Мальдивтер - шілденің 18, 1980

  105. Мальта - ақпанның 10, 1965

  106. Маршал аралдары - маусымның 30, 1995

  107. Мексика - қарашаның 4, 1946

  108. Микранезия - қазанның 19, 1999

  109. Мозамбик - қазанның 11, 1976

  110. Молдова Республикасы - мамырдың 27, 1992

  111. Монако - шілденің 6, 1949

  112. Моңғолия - қарашаның 1, 1962

  113. Морокко - қарашаның 7, 1956

  114. Мьянмар - маусымның 27, 1949

  115. Намибия - қарашаның 2, 1978

  116. Науру - қазанның 17, 1996

  117. Недерландтар - қаңтардың 1, 1947

  118. Непал - мамырдың 1, 1953

  119. Никарагуа - ақпанның 22, 1952

  120. Нигер - қараашаның 10, 1960

  121. Нигерия - қарашаның 14, 1960

  122. Niue 26 October 1993

  123. Норвегия - қарашаның 4, 1946

  124. Оман - ақпанның 10, 1972

  125. Орталық Африка Республикасы - қарашаның 11, 1960

  126. Оңтүстік Африка - желтоқсанның 12, 1994

  127. Өзбекстан -

  128. Палау - қыркүйектің 20, 1999

  129. Панама - қаңтардың 10, 1950

  130. Папуа Жаңа Гвинея - қазанның 4, 1976

  131. Парагвай - маусымның 20, 1955

  132. Пәкстан - қыркүйектің 14, 1949

  133. Перу - қарашаның 21, 1946

  134. Польша - қарашаның 6, 1946

  135. Португалия - қыркүйектің 11, 1974

  136. Ресей Федерациясы - сәуірдің 21, 1954

  137. Руанда - қарашаның 7, 1962

  138. Румыния - шілденің 27, 1956

  139. Самоа - сәуірдің 3, 1981

  140. Сан Марино - қарашаның 12, 1974

  141. Сао Томе және Принсип - қаңтардың 22, 1980

  142. Сауд Араб Корольдігі - қарашаның 4, 1946

  143. Свазиланд - қаңтардың 25, 1978

  144. Сейнт Винсент және Гренадинес - қаңтардың 14, 1983

  145. Сейнт Киттс және Невис - қазанның 26, 1983

  146. Сейнт Лусия - наурыздың 6, 1980

  147. Сейшелдер - қазанның 18, 1976

  148. Сенегал - қарашаның 10, 1960

  149. Сербия - желтоқсанның 20, 2000

  150. Сингапур - қазанның 8, 2007

  151. Сирия Араб Рспубликасы - қарашаның 16, 1946

  152. Словакия - ақпанның 9, 1993

  153. Словения - мамырдың 27, 1992

  154. Соломон Аралдары - қыркүйектің 7, 1993

  155. Сомалия - қарашаның 15, 1960

  156. Судан - қарашаның 26, 1956

  157. Суринам - шілденің 16, 1976

  158. Съера Леоне - наурыздың 28, 1962

  159. Таиланд - қаңтардың 1, 1949

  160. Танзания Біріккен Республикасы - наурыздың 6, 1962

  161. Тәжікстан - сәуірдің 6, 1993

  162. Того - қарашаның 17, 1960

  163. Тонга - қыркүйектің 29, 1980

  164. Тринидад және Тобаго - қарашаның 2, 1962

  165. Тунис - қарашаның 8, 1956

  166. Туркия Республикасы - қарашаның 4, 1946

  167. Түркменстан - тамыздың 17, 1993

  168. Тувалу - қазанның 21, 1991

  169. Уганда - қарашаның 9, 1962

  170. Украина - мамырдың 12, 1954

  171. Уругвай - қарашаның 8, 1947

  172. Үндістан - қарашаның 4, 1946

  173. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі - шілденің 1, 1997

  174. Фиджи - шілденідің 14, 1983

  175. Филиппиндер Республикасы - қарашаның 21, 1946

  176. Финлндия - қазанның 10, 1956

  177. Франция - қарашаның 4, 1946

  178. Хорватия - маусымның 1, 1992

  179. Чад - желтоқсанның 19, 1960

  180. Черногорие - наурыздың 1, 2007

  181. Чехия Республикасы - ақпанның 22, 1993

  182. Чили - шілденің 7, 1953

  183. Швеция - қаңтардың 23, 1950

  184. Швейцария - қаңтардың 28, 1949

  185. Шри Ланка - қарашаның 14, 1949

  186. Шығыс Тимор - маусымның 5, 2003

  187. Эквадор - қаңтардың 22, 1947

  188. Экваториялық Гвинея - қарашаның 29, 1979

  189. Эл Сальвадор - сәуірдің 28, 1948

  190. Эритрея - қыркүйектің 2, 1993

  191. Эстония - қазанның 14, 1991

  192. Эфиопия - шілденің 1, 1955

  193. Ямайка - қарашаның 7, 1962


Серіктес мүше елдер

  1. Аруба - қазанның 20, 1987

  2. Британдық Виргиния Аралдары - қарашаның 24, 1983

  3. Кайман Аралдары - қазанның 30, 1999

  4. Макао, Қытай - қазанның 25, 1995

  5. Недерландықтардың Антиллері - қазанның 26, 1983

  6. Токелау - қазанның 15, 2001

  7. Фарер Аралдары - қазанның 12, 2009

Бақылаушы елдер

  1. Палестина

  2. Әулие Теңіз


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыhttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Logo_UNDP.gihttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Flag_of_WHO.sv. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта тенізнің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөнңндегң бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)[1]



1946 жылы құрылған.

Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.

Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік соулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.

Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева.

Женевадағы штаб-пәтері



Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы

МЭЕҰ жалауы



Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - (The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC)[1] - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.[2]

Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэлланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдадтағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэлла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты.

МЭЕҰ штаб- пәтері

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары. Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975-1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан.[3]



Африка Бірлігі Ұйым. Африка Бірлігі Ұйымы – Африканың 50-ден астам елдерін біріктіретін ұйым. 1963 жылы мамыр айында Аддис-Абебада (Эфиопия) құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – жаңартылған отаршылдыққа тойтарыс беру, Африка мемлекеттерінің өзара саяси және экономикалық ынтымағын дамыту, олардың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау, сыртқы саясатта , экономика мен мәдениет салаларында келісілген іс-қимыл жүргізу. Жоғарғы органы – мемлекеттер мен үкімет басшыларының Ассамблеясы (жылына бір рет жиналады), жоғарғы атқарушы органы – сыртқы істер министрлерінің кеңесі (сессиясы жылына екі рет жиналады). Ұйымдастыру-атқару жұмыстары Бас секретариатқа жүктелген. Штаб-пәтері Аддис-Абебада арналасқан.

- экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.
- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет