Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жасуша биологиясы»



жүктеу 0.97 Mb.
бет5/6
Дата26.02.2018
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрактары:

1. Қатерлі ісік жасушалырының пайда болуына не әсер етеді?

2. Лейкоздардың қандай түрлері болады?

3. Организмде қандай өзгерістер жүреді ісік пайда болғанда?



Әдебиеттер: 1-4 ( негізгі), 11, 18,23 ( косымша )
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1 тақырып: Микротехникамен танысу. Гистологиялық препаратттарды дайындаудың негізгі әдістермен танысу (2 сағат)

Мақсаты: Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі әдістерімен танысу, оны өңдеудің басты кезеңдерін біліп, олардың әрқайсысының мәнін түсіну. Микротехникада қолданылатын аспап – құралдармен, бояғыштармен танысу. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптарды меңгеру.

1 тапсырма. Гистологиялық препараттың анықтамасын біліп алып, оған қойылатын талаптарды меңгеріп, дәптерге оны дайындаудың мына өңдеулер өткізу жолдарын жазып алу керек:

Жас объект

Бекіту Сүйекті немесе тісті кальцийсіздендіру

Мұздату микротоммен кесінділерді әзірлеу

Ағын суда жуу

Күштілігі өсе түсетін спирттерде сусыздандыру

Парафинде немесе целлоидинде қатыру

Микротомда (жұқа кесінді дайындайтын техника) кесінділер әзірлеу

Кесінділерді парафиннен немесе целоидиннен тазарту

Кесінділерді бояу

Кесінділерді сақтау үшін бальзамға немесе басқа ортаға салу



2 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және гематоксилин–эозин әдісімен бояу:

  1. Ксилол I...........................................................................5 минут

  2. Ксилол II..........................................................................5 минут

  3. 96 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут

  4. 70 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут

  5. Тазартылған су................................................................1 – 2 минут

  6. Гематоксилин..................................................................1 – 2 минут

  7. Тазартылған су................................................................шаю

  8. Ағынды сумен жуу.........................................................5 минут

  9. Эозин................................................................................1 – 2 минут

  10. 70 градустегі спирт.........................................................1 минут

  11. 96 градустегу спирт........................................................1 минут

  12. Карбол – ксилол..............................................................1 минут

  13. Ксилол.............................................................................1 минут

  14. Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................

  15. Жабынды шыны

3 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және Ван – Гизон әдісімен бояу:

  1. Ксилол I...........................................................................5 минут

  2. Ксилол II..........................................................................5 минут

  3. 96 градустегі спирт.........................................................2 минут

  4. 70 градустегі спирт.........................................................2 минут

  5. Тазартылған су................................................................2 минут

  6. Гематоксилин Вейгерта..................................................5 минут

  7. 2 рет ағынды (бояуы кеткенше) суда жуу.....................

  8. Пикрофуксин...................................................................5 минут

  9. Тазартылған су..................................................10 секунд, жылдам шаю

  10. 70 градустегі спирт.........................................................30 секунд

  11. 96 градустегу спирт............................................2 рет 30 секундтан

  12. Карбол – ксилол..................................................1 минут, жарықтану

  13. Ксилол.............................................................................1 минут

  14. Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................

  15. Жабынды шыны

Бақылау сұрақтары:

  1. Гистологиялық препарат дегенiмiз не?

  2. Гистологиялық препаратты бекiтудiң мақсаты неде?

  3. Бекiту ретiнде ненi жиi қолданады?

  4. Гистологиялық материалды қатыру тәсiлдерiн ата.

  5. Микротом дегенiмiз не, ол не үшiн пайданылады?

  6. Гистологиялық препарат қандай талаптарға сай болуы керек?

  7. Қандай микротехникалық әдiстермен препараттың тазалығына және айқындығына (контрастылығы) жетуге болады?

  8. Қандай құрылымдарды оксифильдi, базофильдi және аргирофилдi деп атау ұйғарылған?

  9. Әзірленген препараттарда не бейнеленгенін қорғау.

2 тапсырма. Микротехникада қолданылатың аспап-құралдармен, бояғыштармен танысу.

Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 11,12,20,22 ( қосымша)

2 Такырып. Жасуша биологиясындағы зерттеу әдістері

Жасуша аралық және жасуша ішіндгі сигнал беруі (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптардытеориялық талқылау.

2. Микроскопен жұмыс істеудің негізгі ережелерің және гистологиялық препаратарды зертеулеуге қажет тәсілдерді менгеру.



3. Жасуша құрысының зерттеу әдістерімен танысу

1 тапсырма.Микроскоптың құрылысын еске алып, оның бөлшектері аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне мына негізгі ережелерді жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.

МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Микроскопты сол жаққа, сурет дәптерін оң жаққа қойып, кіші ұлғайтқыштағы микроскопты сол көзбен, оң көзді жұмбай (қыспай) қарап, айнаның ойыс жағын жарық көзіне бағыттап, біркелкі, әрі жеткілікті жарықты табу.

  2. Препараттың жабын шынысы жоғары бетінде болып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына орналастыру қажет.

  3. Кремальераны бұрап, жарық шоғырын табу. Линза мен препарат қоятын үстел арасы 1 см жуық болуы керек.

  4. Окулярға қарап отырып, бұрандалардың көмегімен препараттың біркелкі боялған және жұқа жерін тауып, кесінді көрінісін толық қарап шығып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына қою қажет.

  5. Фокусты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру керек (дұрыс ауысқанда револьвер шырт етеді).

  6. Окулярға қарап отырып, бейне анық көрінгенше микробұранданы оңға немесе солға сәл қозғалту қажет.

  7. Препаратты үлкен ұлғайтқышта зерттеп, бейненің суретін салып алғаннан кейін, тубусты көтеріп, револьверді кіші ұлғайтқышқа ауыстырғаннан кейін ғана, оны үстелден алуға болады. Препаратты зерделегенде осы тәртіпті қатты сақтау шарт. Өйткені сабаққа ұсынылатын препараттар осы кезеңде көп сынады.

  8. Сабаққа берілген барлық препараттарды зерделегеннен кейін кіші ұлғайтқыштағы микроскопты жапқышпен (ақ орамал) жауып, оқу үстелінің ортасына (шетінде болса, үзіліс кезінде біреу қағып кетуі мүмкін) жылжытып қою керек. Препараттарды кезекшінің тақтайшасына қайта жинастырып салу керек.

  1. тапсырма. Жасуша зерттеу әдістерімен танысу. Тірі организмдегі құрылымдарды бақылау, фазалы-қарама-қарсы түс айыратын, электронды, авторадиография, флуоресцентік және т.б. микроскопия әдістері.




1- сурет. Биологиялык зерделеуге арналган микроскоптар.

А - ЭМВ-100 АКА электронды микроскоп: 1-микроскоп бағанасы; 2-басқару пульті; 3-люминесцентті экраны бар камера; 4-бейнелерді талдау блогы; 5-көрініс-хабар тетігі.

Б- “Биолам-С" жарык микроскопы: 1-таган; 2-тубус үстаушы; 3-көлбеген тубус; 4-оку­ляр; 5-револьвер; 6-объективтер; 7-үстел; 8-жарык жинаушы; 9-оныц бурандасы; 10-ай­на; 11 –микрометрик;12 макрометрлік бұранда
Бақылау сұрақтары:

1. Микроскопен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне не жатады?

2. Жарық және электронды микроскоптардың айырмашылығы неде?

3. Фазалы-қарама қарсы түс айратың микроскоптың ерешелігі неде?



Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 11,12,20,22 ( қосымша)


  1. тақырып: Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы құрылысы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптардытеориялық талқылау.

2. Организмнің негізгі құрылымдары-торша және торшасыз құрылымдармен танысу.



1 тапсырма. Препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышында көп бұрышты жасушаларды тауып, оларды үлкен ұлғайтқышпен көріп, әр жасушада көк түске боялған ядросы, оның айналасында қызғылт цитоплазма барын, кейінгі сыртынан цитолеммамен қоршалғанын байқау қажет. Қос жасушалардың бейнесін дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро.




сурет. Жасушаның электронды микроскоптагы қурылысы. Сызба.

1 -жасуша қабығы; 2-пиноцитоз (суйық) көпіршіктері; 1-центросома; 4-гиалоплазма; 5-эндоплазмалық тор: а-цитожарғақтар: б-рибосомалар; 6-ядро; 7-перинукпеарлы кеністіктің цитожарғақ қуысымен байланысы; 8-ядро тесіктері; 9-ядрошық; 10-Гольджи аппараты, 11-секреторлы көпіршіктер; 12-митохондрийлер; 13-лизосомалар; 14-қарбудың уш дейекті сатылары; 15-жасуша қабығының цитожарғақтармен байланысы.
Кестені толтыру. Жасуша құрылымдарынының ерешеліктері.


Жасуша құрылымдары

Микроскопиялық құрылысы

Атқаратын қызметі

Плазмалемма







Гранулярлы ЭПС







Агранулярлы ЭПС







Гольджи аппараты







Митохондриялар







Лизосомалар







Центриолдер







Рибосомалар







Микротүтікшелер







Хромосомалар







Ядрышық








2. Тапсырма. Прокариотты жасушалардың құрылысынын меңгеру









Сүрет. Прокариотты жасушалар құрылысының сызбасы:

1 — жасуша қабырғасы; 2 — сыртқы цитоплазматикалық жарғақ; 3 — фотосинтез жүретін жарғақшалар бумасы; 4— хромосома (ДНҚ шеңберлі молекуласы); 5— мезосома (тығыз бумалы сыртқы цитоплазматикалық жарғақтардың ішке жұмырылуы); 6— вакуолдер; 7 — жіпшелер; 8— рибосомалар


Кестені толтыру. Прокариотты және эукариотты жасушалардың айырмашылығы


Құрылысындағы ерешеліктері

Прокариоттар

Эукариоттар



3тапсырма. Жасушасыз құрылымдардың құрылысың зерттеу.

Жасуша аралық Симпласт Синцитий

заттар

Бақылау сұрақтары:

1.Жасушаға, қосындыларға, симпластқа, жасуша аралық заттарға анықтама берініз.

2.Эукариотты торшалардың құрылысы қандай?

3.Жасушалардың кандай түрлері болады және олардың әр түрлері неге байланысты?



Әдебиеттер: 1-10 (негізгі),11-22(қосымша)

4 тақырып: Жасушаның химиялық құрамбөліктері (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2.Жасушаның химиялық құрамың зерттеу.
1 тапсырма.Жасушаның химиялық құрамбөліктерін зерттеу

Жасушадағы кейбір макро және микроэлементтер (құрғақ массаның % )

Оттегi               65-75            Бор                 0,0001

Көмiртегi          15-18          Мырыш          0,0003

Сутегi                8-10             Мыс               0,0002

Азот                  1,5-3,0         Иод                  0,0001

Калий               0,15-0,2      Фтор                0,0001

Күкiрт              0,15-0,2       Кобальт          0,000001

Магний            0,04-0,03    Селен               0,000001

Кальций          0,04-2,00
2 тапсырма. Аминқышкылдармен, аққуыздардың түрлерің зерттеу.

Ақуыздар- пептидтік байланыспен байланысқан аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын макромолекулалық биополимерлер.

Ақуыздардың жіктелуі

1.Күрделілік дәрежесіне қарай қарапайым және күрделі:қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады,күрделі протеидтер құрамына белокты заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді.

2.Молекула пішініне қарай:шар және жіп тәрізді.



3.Еріткіштерде еру қабілетіне байланысты:әлсіз тұз ерітінділерінде еритіндер-альбуминдер,спиртте еритіндер-проламиндер,сұйылтылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер-глутеминдер.

4.Атқаратын қызметіне қарай:қорға жиналатын ақуыздар және тірек қызметін атқаратын ақуыздар

Күрделі белоктар

Ерекшеліктері

Нуклеопротеидтер

Бұлар белоктан және нуклейн қышқылдарынан тұрады. Нуклеопротейндердің құрамына дизоксинуклейн немесе рибонуклейн қышқылдарының кіруіне байланысты екіге бөлінеді дизоксирибонуклеопротеидер және рибонуклеопротеиндер. Нуклеопротеиндердің құрамында көп мөлшерде фосфор қышқылының қалдығы болуына байланысты, олар әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Суда және сілтілік ертіндісінде жақсы ериді.

Хромопротеидтер

Белоктардың простетикалық бөлігі түрлі-түсті бояғыш заттардан тұрса, олар хромопротеиндер тобына жатады. Бояғыш заттар қатарына порфирин, флавин, аденин динуклеотид (ФАД)жатады. Хромопротейн өкілі ретіінде , қан гемоглобинін, хлорофил т.б атауға болады. Қан гемоглобині-құрамында Fe ионы бар, О2 және СО2 тасымалдаушы белок.

Липопротейндер

Майларға ұқсас заттар. Липидтер құрайтын күрделі белоктар. Құрамында бейтарап және полюсті липидтер. Холестирин және оның эфирлері болады.

Гликопротеидтер

Простетикалық бөлігін көмірсулар құрайтын күрделі белоктар. Көмірсулардың комплекстеріне; маноза, фруктоза, галактоза, генсозаминдер т.б жатады. Глюккопротендердің биологиялық қызмееті өте зор, қорғаныштық, тіректік, дәнекерсіз қызмет, имундық қызмет. Қанның ұюына кедергі жасайды, тасымалдау, қоржинауға қатысады.

Металлопротеидтер

Белоктар мен металл иондарының тікелей қосылуынан түзілген комплекстер. Құрамында Cu, Fe, Zn, Mo, Mn, Ni, Se, Ca металл иондары кездеседі.

Фосфопротеидтер

Басты ерекшелігі олардың простетикалық топша бөлігіндегі ортофосфор қышқылының қалдығы белоктармен эфирлік байланыс түзеді. Белоктың бұл класына сүттің казейногенін жатқызамыз. Мұнда фосфор қышқылының мөлшері 1 процентке тең, Жұмыртқа сары уызында болады. Фосфопротеидтер өте үлкен мөлшері орталық жүйке жүйесінде кездеседі. Фосфопротеидтер энергетикалықжәне пластикалық материалдардың бағалы көзі болып табылады, организмнің дамуына әсер етеді.

Жай белоктар

Ерекшеліктері

Альбуминдер

Суда ериді, молекулалық салмақтары 15-70 мыңға жетеді, құрамында глициннің мөлшері-1%. Тұз ертіндісін 100% дейін қанықтырғанда ғана альбуминдер тұнбаға түседі.

Глобулиндер

Ьейтарап тұздардың сұйытылған ертіндісіне еріммтал болады, таза суда ерімейді, глициннің мөлшері 3,5%. (NH4)2 SO4 амоний сульфатының 50% қаныққан ертіндісінің әсерінен глобулиндер тұнбаға түседі.

Гистондар

Салыстырмалы молекулалық массалары 1200. 30 мың сұйытылған қышқылдарда (2MHCL) ериді, амияк және спиртте тұнбаға түсетін белоктар.

Протаминдер

Салыстырмалы молекулалық массалары 1200 мың болатын негіздік қасиеті басым белоктар сұйытылған қышқылдарда ериді, қайнату барысында тұнбаға түспейді.




Бақылау сұрақтары :

1.Жасушаның химиялық құрамбөліктеріне не кіреді?

2.Жасушада судың қандай түрлері кездеседі?

3.Аминқышқылдың ,ақуыздардың қандай түрлерін білесіз?

4.Майлардың түрлерің сипаттаныз.

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)
5 тақырып: Жасушаның ферменттері және метаболизмі (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2.Ферменттердің құрылысын және қасиеттерін зерттеу.

1 тапсырма. Кестеден ферменттердің құрылысын және қызметтерін зерттеу керек.

сүрет. Ферменттің белсенді орталығының сызбалық бейнесі:
Ферменттің екі белсенді орталығы болады: қандай молекулаға (1) әсер етуіне, оның пішінсізденуіне (2-4), нәтижесінде ол екі құрамбөлікке ажырайды (мұнда қант пен спиртке (3)



сүрет. Жасуша заттек алмасуының құрылым-қисынды сызбасы
2 тапсырма. Ферменттердің белсенділігіне кандай факторлар әсер етеді, оларды анықтаныз.



сүрет. Метаболизмнің сызбасы
Бақылау сұрактары:

1.Ферменттерге анықтама берініз.

2. Ферменттердің белсенді болігі неден турады?

3. Ферменттердің белсенділігіне қандай факторлар әсер етеді?

4.Ферментердің ерекшелігі неде?

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)
6 тақырып: Жасуша ядросының құрылымы туралы қазіргі кезеңдегі түсініктер. Хромасоманың құрылымы және репликация (2 часа)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Арнайы дайындалған препараттан ядро құрылысын зерделеп, оның атауларын (қабағы, хроматин, ядрошығы, ядро шырыны) білу.

3. Жасушаның тіршілік әрекетіндегі ядроның маңызын білу кажет.



1 тапсырма. Өсімдік жасушалардағы ядроның құрылысын препараттардан, кестелерден зерттеу. Кішкене ұлғайтқышпен сарымсақтың тамырларынан жасалған препараттан тік бұрыш формалы жасушаны тауып алу керек. Үлкен ұлғайткышпен ядроның құрамына кіретін бөліктерді көру кажет.

сурет. 1. ядрошық; 2. вакуоль; 3. саңылаулар; 4. жасуша қабықшасы; 5.ядро; 6.цитоплазма, 7. хлоропластар.

2 тапсырма. Жануарлар жасушасының ядросындағы бөліктерді әзірлеу кажет. Бауырдан жасалған препаратынан ірі торшаны іздеп, оны үлкен ұлғайткышта қарап, ядрошығын, хроматин барын, хроматин үйіндісің, ядро шырынын және қабығын тауп алу кажет. Мұндай 1-2 торшаның бейнесін дәптеріне салып алып, ядро құрылысын белгілеу керек:1 -ядро, а) кариолемма, б) кариоплазма, в) хроматин, г) ядрышық


сурет. 1.Гольджи аппараты, 2.цитоқаңқа, 3. түйіршіксіз ЭПТ, 4. түйіршікті ЭПТ, 5. ядро қабықшы, 6. ядрошық, 7. ядро, 8. түйіршікті ЭПТ, 9. микробүрлер, 10. плазмалық мембрана, 11. жасуша орталығы, 12. лизосомалар, 13. рибосомалар, 13. митохондоиялар, 14. Цитоплазма
3 Тапсырма. Хромосомалардың түрлерін меңгеру



1-метацентрлік; 2-субметацетрлік; 3-акроцентрлік; 4- ядрошык түрлері

Бақылау сұрақтары:

  1. Ядроның құрылысы және қызметтері қандай?

2 Гетерохроматин және эухроматин дегеніміз не?

3 Ядрышықтың химиялық құрамына не кіреді?



  1. Хроматин түрлерін атаңыз

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)
7 тақырып: Жасуша мембранасының құрылымы жөніндегі қазіргі заманғы түсінік (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Плазмалық мембрананың құрылысын, қызметін және химиялық құрамын зерттеу.

1 тапсырма. Плазмалық мембрананың химиялық құрамың, құрылысын кесте арқылы әзірлеу кажет. Дәптерге суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-билипидті қабат, 2-аққуыз кабаты.


13- сурет. Жарғақ құрам - бөліктері

1-липидті құрамбөлік; 2а- гидрофобты бөлімі; 2б- гидрофильді бөлімі; 3- интегральды ақуыздар; 4-шеткі ақуыздар; 5- көмірсу құрамбөлігі.



2 тапсырма. Мембрананың сыртында арнайы құрылымдардың орналасуын зерттеп, суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-микроталшықтар, 2- кірпіктер


сурет. Жасуша қабығын, жасуша аралық байланысты құратын арнайы құрылымдардың кейбір жалпы сызбалары

1 — микробүрлер; 2 — құлыптанатын тақташалар; 3 — десмосомалар; 4 — жасуша аралық кеңістік; 5 — жарғақтардың айқасып жатқан өсінділері; 6 — митохондрийлер; 7 — жарғақтың ішке жұмырылуы; 8 — негізгі жарғақ.




-сүрет. Өсімдік жасушасының, жасуша аралық байланысының ультра құрылымы:

  1. ядро; 2- ядрошық; 3- ядро қабығы; 4- саңлаулары; 5- митохондрий; 6- пластидтер; 7- диктиосомдар; 8- көпіршіктер; 9-плазмодесмалар; 10- эндоплазмалық тор



  1. тапсырма. Кестеден жасуша аралық байланыстардың суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- қарапайым байланыс, 2- құлып тәрізді байланыс, 3-тығыз тұйықтаушы байланыс, 4- десмосома, 5- қуысты байланыс.



-сурет. Жасушааралық байланыстар құрылысының

сызбасы (Де Дюв)



1-тонофиламент; 2-цитоплазмалық филамент; 3-тығыз тұйқтаушы байланыс; 4- десмосома; 5- десмосоманың дағы; 6-санылау тәрізді байланыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Плазмалық мембрананың химиялық құрамына не кіреді?

2. Плазмалық мембрана қандай қабаттардан тұрады?

3. Зат алмасуы мембрана арқылы қандай жолдармен жүреді?

4. Мембрананың сыртында қандай құрылымдар орналасады?

5. Жасуша аралық байланыстардың түрлерін ата?



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,16,17,21,22 (қосымша)
8 тақырып: Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Эндоплазмалық тор. Рибосомалар. Гольджи апаратты (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.



2. Цитоплазманың зерттеу тарихы, оның химиялық құрамын зерттеу.
1 тапсырма. Жасушаның субмикроскоптық құрылысының схемасын кестеден салып мыналарды бедгілеп алу керек: 1- цитолемма, 2- гиалоплазма, 3- лизосомалар, 4-жасуша орталығы, 5- митохондрийлер, 6- Гольжди комплексі, 7- гранулярлы эндоплазмалык тор, 8- агранулярлы эндоплазмалық тор, 9- рибосомалар, 10- полислмалар, 11-ядро.


17-сурет. Жасушаның электронды микроскоптагы қурылысы. Сызба.

1 -жасуша қабығы; 2-пиноцитоз (суйық) көпіршіктері; 1-центросома; 4-гиалоплазма; 5-эндоплазмалық тор: а-цитожарғақтар: б-рибосомалар; 6-ядро; 7-перинукпеарлы кеністіктің цитожарғақ қуысымен байланысы; 8-ядро тесіктері; 9-ядрошық; 10-Гольджи аппараты, 11-секреторлы көпіршіктер; 12-митохондрийлер; 13-лизосомалар; 14-қарбудың уш дейекті сатылары; 15-жасуша қабыгының цитожарғақтармен байланысы.
2 тапсырма. Рибосомалардың құрылысын зерттеу кажет.



18-сурет. Рибосомалар: 1 — кіші суббірлік; 2 —а-РНҚ; 3 — т-РИК; 4 — аминкышқылы; 5 — улкен суббірлік ; 6 — эндоплазмалық тордың мембранасы; 7 — синтезделетін полипептидтік тізбек.

  1. тапсырма. Кестеден эндоплазмалық тордың құрылысын дәптерге салып , мыналарды белгілеу керек: 1-гранулярлы эндоплазмалық тор, а) мембраналардын сыртындағы рибосомалар, 2- агранулярлы эндоплазмалық тор, б) мембраналардын арасындағы қуыстар. Рибосомалардын құрылысың зертеу кажет.



19-сүрет. Эндоплазмалық тор

А- түйіршікті эндоплазмалық тор; Б- өткінші эндоплазмалық тор; В-түйіршіксіз эндоплазмалық тор; 1- полисомалар; 2- түтікшелер; 3- көпіршіктер; 4- мембрана; 5- цистерналар


4тапсырма. Кестеден дәптерге Гольджи аппаратының суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- Гольджи аппараты, а) мембраналар, б) секреторлы көпіршіктер, в) секреторлы гранулалар.



20- сурет. Гольджи аппараты

А- жарық микроскоптағы: 1- ядро мен ядрошық; 2- цитоплазма; 3- Гольджи аппараты; Б- электронды микроскоптағы құрылым: 1- цистерна; 2-вакуольдер; 3- везикулалар (көпіршіктер)



Бақылау сұрактар:

1. Цитоплазмалық матрикс кұрылысы неде?

2. Эндоплазмалық тор, рибосома, Гольджи аппаратының қызметін ата.

3. Эндоплазмалық тор, рибосома, Гольджи аппаратының құрылымы неде?



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
9. тақырып: Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Митохондрийлер. Лизосомалар. Жасуша орталығы (2 сағат)

1. Митохондрийлердің құрылымын, қызметін талқылау.

2. Препараттардан, микробейнелерден митохондрийлердің құрылысын зерттеу.

1 тапсырма. Кестеден митохондрийлердің құрылысың дәптерге салып алып, мыныларды белгілеу керек: 1- сыртқы мембрана, 2- ішкі мембрана, 3- кристалар, 4- матрикс (сұйық зат).



21-сурет. Ішектің призма тәрізді эпителийінің жасушаларындағы митохондрийлер: 1- ядро; 2- шөтке тәрізді көмкөрме; 3-митохондрийлер; 4- негізгі жарғақша

22-сурет.Митохондрий сызбасы:

1-матрикс; 2- терең қатпарлар (кристалар); 3- сыртқы жарғақша



2 тапсырма. Кестеден жасуша орталығының құрылысың дәптерге салып алып белгілеу керек: 1- цитолемма, 2- цитоплазма, а) жасуша орталығы, 3- ядро
23, 24 - сурет. Жасуша орталығы:

1 - жасуша орталығы; 2- центриоль құрылымы; 3- ц-центриоль, тр-триплеттер; мт-микротүтікшілер; с- сателиттер; 1-центриоль; 2- центриольді қоршаған цитоплазманың ақшыл участкесі; 3-цетросфера; 4- ядро



3 тапсырма. Кестеден лизосоманың құрылымын және оның жасуша процессіне қатысуын менгеру керек. Дәптерге суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-ЭР гидролитикалық ферменттердің синтезі, 2- олардың АГ ауысуы, 3- алғашқы лизосомалардың пайда болуы, 4- жасушадан тыс бөлшектенудегі гидролаздың шығуы және колдануы, 5- эндоцитозді көпіршіктер, 6- алғашқы лизосомалардың олармен қосылуы, 7- екінші лизосомалардың пайда болуы, 8- телолизосомалар, 9- қалдық денешіктердің секрециясы, 10- алғашкы лизосома автофагосомалардың пайда болуына қатысы.

23-сурет. Лизосоманың құрлысы

1. Мембарана; 2. Ферментативті кешені:




24 - сурет. Лизосома құрлысы:

1 – фагосома; 2 –пиноцитоз көпіршіктері; 3 – бірінші лизосома; 4 –гольджи апараты; 5 – екінші лизосома



Бақылау сұрақтары

1. Митохондрийлердің, лизосомалардың, жасуша орталығының қызметі неде?

2. Митохондрийлердің субмикроскопиялық құрылысына анықтама беріңіз.

3. Лизосомалардың субмикроскопиялық құрылысына анықтама беріңіз.

4. Жасуша орталығына субмикроскопиялық құрылысына анықтама беріңіз.

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
10 тақырып. Тұкым қуалау құбылысындағы жасуша құрылымының ролі. Жасушалардың криоконсервациялануы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Торшалардың бөліну түрлерің (митоз, амитоз, эндомитоз), ерекшеліктерін, байкалатын өзгерістерін білу.

3. Торшаның клеткалық циклін аттарын еске сактау, сипаттау.



1 тапсырма. Ұзақтылығы 11 сағат болатын клеткалық циклді сүретке салып, ондағы митоздық, синтез алды, синтездік және синтез сонғы кезендерінің үзақтылығын бегілеу керек.




26 - сурет. Жасушалық цикл және митоз сызбасы

  1. ядро жарғағы; 2-ядро; 3- центриоль; 4-хромосома; 5- митоз ұршығын құратын микротүтікшелер; 6- жас центриоль

2 тапсырма. Кішкене ұлғайткышпен-өсімдік жасушалардың митозын қарау керек. Үлкен ұлғайткышпен тік бұрыш формалы, жасушалардын сүретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- прфаза (тығыз түйін сатысындағы), а) цитолемма, б) ядро, в) оралым секілді хромосомалар, г) ядрышық, 2- профаза (түйіннің қопсый бастаған кезендегісі), а) цитолемма, б) миксоплазма, в) оралым секілді хромосомалар, 3- метафаза, а) аналық жұлдыз (жасушаның экваториалды жазықтығындағы хромосомалардың екі екеселенген саны), 4- анафаза, а) бөлініп шыққан жасуша ортасына қарай орын ауыстырған қос хромосомалар, 5- телофаза, а) бөлініп шыққан жасуша түзіле бастаған ядросы, б! бөлініп шыққан жасуша қабығы.



27-сурет. Өсімдік жасушасының митоз жолымен бөлiнуi.

1-интеркинез; 2-профаза ядро тығыз түйіні кезенде; 3-профаза ядро қопсыған түйіні кезенде; 4-метафаза ( моностер); 5-ахромаматинді жіп, 6-анафаза (диастер); 7-телофаза.



3 тапсырма. Препараттардан жасушаның амитоз жолымен бөлінетінін меңгеру керек. Дәптерге суретін салып, белгілеу керек.


28- сурет. Жануар жасушаларының амитоз жолымен бөлiнуi.

1-ядро мен цитоплазманың кермесi; 2-қос ядролы жасушалардың цитокинезi


4 тапсырма. Субметацентрикалық метафазадағы хромасоманың суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- хроматидтер, 2- центромера, 3- қайталама қауыстырғыш, 4- хромосоманың матриксі.

29- сурет. Хромосома құрылысының сызбасы:1-ДНҚ жібінің шиыршықтанып, бұралғаны (хроматида); 2- центромера; 3-екінші тартылуы; 4- серігі (спутник); 5- хромонема

5 тапсырма. Препараттардан, кестеден сперматозоидтардың дамуын және құрылысын зерттеу. Кестеден сперматогенез сызбасының суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- өрбу дәуірі, а) сперматогониялар, 2- өсу дәуірі, б) бірінші реттік сперматоцит, 3- пісу (жетілу) дәуірі, в) екінші реттік сперматоцит, г) сперматидтер, 4- қалыптасу дәуірі, д) қалыптасқан сперматозоидтар.


30-сүрет.Сперматозоидтың құрылысы
I - басы; II - мойыны; III - құйыршығы;

1 - акросома; 2, 7 -цитолемма; 3 - ядро; 4 - проксимальді центриоль; 5 -митохондрия; 6-дистальді центриоль; 8-осьті жібі

6 тапсырма. Препараттан, кестеден жұмыртқа жасушаларының дамуын және құрылысын меңгеру керек. Кестеден овогенез сызбасының суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- өрбу дәуірі, а) овогониялар, 2- өсу дәуірі, б) 1- ші реттік овоцит, 3- жетілу(пісу) дәуірі, в) 2-ші реттік овоцит, г) жойылғыш денешіктер, д) жетілген жұмыртқа жасушасы.


31-сүрет. Сүтқоректілер жұмыртқаклеткасы

1 - ядро; 2 - ядрышық; 3- цитоплазма; 4- бірінші қабық; 5- екінші қабық

Бақылау сұрактар:

1. Жасуша бөліну түрлерін атаңыз

2. Сперматозоидқа, жұмыртқаклеткасына сипаттама беріңіз

3.Хромосоманың құрылысына сипатама берініз.



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
11 тақырып. Өсімдіктер жасушаларының құрылысы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Жасуша қабығын зерттеу.

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Өсімдік жасушаларының морфофункционалдық құрылысын зерттеу.

1 тапсырма. Препараттардан, кестелерден эукариотты жасушалардың құрылысын зерттеп, суретін салып алып, мыналарды белгілеңіз: 1- пластидтер, 2- қалың сыртқы қабығы, 3- көпіршіктер, 4- жасушаларда заттардың синтезі.



32- сурет. 1. ядрошық; 2. вакуоль; 3. саңылаулар; 4. жасуша қабықшасы; 5.ядро; 6.цитоплазма, 7. хлоропластар.


  1. тапсырма. Прокариотты және эукариотты жасушалардың айырмашылығын анықтаңыздар.

Прокариотты және эукариотты жасушалардың негізгі қасиеттері мен айырмашылықтары

5кесте


Қасиеттері

Прокариоттылар

Эукариоттылар










3. тапсырма. Препараттардан, кестелерден жасуша қабығының құрылысын зерттеп, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1- бірінші кабық, 2-екінші кабық, 3- үшінші кабық.



33- сурет. Жарғақ құрам - бөліктері

1-липидті құрамбөлік; 2а- гидрофобты бөлімі; 2б- гидрофильді бөлімі; 3- интегральды ақуыздар; 4-шеткі ақуыздар; 5- көмірсу құрамбөлігі.


Бақылау сұрактар:

1. Өсімдік жасушаларының құрылысын сипаттаныз.

2. Өсімдік жасушаларының құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?

3. Жасуша қабығы қандай қызмет аткарады?



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
11 тақырып. Нуклеин қышқылдары (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау

2. ДНҚ және РНҚ аминқышқылдардың құрылысын химиялық құрамын зерттеу. 1 тапсырма. ДНҚ ның құрылысын зерттеу және суретін салу


34-сурет. ДНҚ схемасы
Задание 2. РНҚ ның құрылысың зерттеу және сүретін салу



35- сурет. РНҚ-ның құрлысы және функциясы


36 - сурет. РНҚ-ның типтері
Бақылау сұрактар:

1 ДНҚ түрлерін аныктаңыз

2. ДНҚ құрылысына сипаттама беріңіз.

3. РНҚ түрлерін атаңыз

4. Нуклеин қышқылдары қандай қызмет аткарады?

Әдебиеттер: 1-3 (негізгі) 11,12,15,20 (қосымша)
13. тақырып Белок биосинтезі (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Белок бисинтезң зерттеуі

1 тапсырма. Белок биосинтезінің кезеңдерін меңгеру.

37 -сүрет. Ақуыз синтезінін кезендері
2 тапсырма. Генетикалық код



38-сурет. Генетикалық код
3 тапсырма. Белок биосинтезінің схемасын дәптерге салу


39- сурет .Ақуыз биосинтезі:

1 — и-РНҚ; 2 – рибосоманың субъединицасы; 3 — т-РНҚ аминкышқылымен; 4 — т-РНҚ аминкышқылсыз; 5 — полипептид; 6 — кодон а-РНҚ; 7- антикодон т-РНҚ


Бақылау сұрактар:

1. Биосинтез қандай жолдармен жүрді?

2. Ген кодының құрылысына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
14 тақырып. Жасушаның дифференциациясы, өсуі, қартаюы. Некробиоз (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Жасушаның дифференциациалануың және өсуін, жанаруын, қартаюын зерттеу.

1 тапсырма. Дифференциациаланудың белгілерін меңгеру.
Апоптоздың өлі еттенуден (некроз) айырмашылығы

4 кесте


Параметр

Апоптоз

Некроз

Ядро

Кариопикноз, конденсация, күлте (лепесток) типті ядроның бөлшектенуі. Морфологияда ол сақталған.

Тек кариолизис.

Жарғақ

Тұтастығын сақтайды.

Ерте бұзылады.

Органеллалар

Интакты.

Ісінеді, бұзылады.

Биосинтез

Тектері белсенді, эндонуклеаз, РНҚ, ақуыз түзілуі.

Тектің айқындалуы өзгермейді.

Хромосома ыдырауы

Реттеуші нуклеосома үзінділерінің құрылуы жүреді. Электрофореграмманың сатылы типі.

ДНҚ тәртіпсіз ыдырауы. Электрофореграмманың диффузды типі.

Апоптоз денешіктері

Жасушаның тығыз, жасушалық жарғақпен қоршалған үзінділері.

Жасушаның тәртіпсіз ыдырауы.

Себептері

Эндогенді – текте жасушаның өлуі жоспарланған.

Экзогенді – физикалық, химиялық, биологиялық факторлары.

Биолого-физиологиялық маңызы

Жасуша өлуінің физиологиялық процесі. Тұрақтылықты реттеу механизмінің өзгешелігі.

Патологиялық процесі. Тұрақтылықтың бұзылуы.


2 тапсырма. Жасушалар ядроларының жаңаруын және тіршілік ұзақтылығын зерттеу.


40-сурет. Жасуша ядросының өзгеруі: А-қалыпты жасуша; В- пикноз; С- кариолизис; D- кариорексис

3 тапсырма. Некрозды зерттеу


41-сурет. А- некроз; В-апоптоз. Схема

Бақылау сұрақтары:

1. Дифференциациалану деніміз не?

2. Жасушаның тіршілік ұзақтылығына сипаттама беріңіз.

3. Жасуша қартайғанда және өлгенде қандай өзгерістерге ұшрайды?

4. Жасушаның қартаюы неге байланысты?

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
15 тақырып. Жасуша патологиясы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуын зерттеу.

1 тапсырма. Қатерлі ісік жасушаларының автономиялығын зерттеу.


42- сурет Қатерлі ісік жасушаларының құрлысы.
2 тапсырма. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуын зерттеу.



43- сурет Қатерлі ісік жасушалары

Бақылау сұрақтары:

1. Қатерлі ісік жасушаларының автономиялығы неде?

2. Ісік жасушалары өскенде жасушаның құрамында қандай өзгерістер болады?

3. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына канцерогенді заттар қалай әсер етеді?



Әдебиеттер: 1-3 (негізгі) 11,19 (қосымша)



  1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ


1. Такырып. Тұқым куалау құбылысындағы жасуша құрылымының рөлі (3 сағат)

1 тапсырма. Жыныстық бөлінуінің цитологиялық негіздерін меңгеру керек

2 тапсырма. Мутацияардың түрлерің зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

2 такырып. Жасуша физиологиясы (3 сағат)

1 тапсырма. Кірпіктердің қозғалысы және ырықтылығын зерттеу

2 тапсырма. Пиноцитоз, фагоцитоз, сініру, диффузияны зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

3 такырып. Жасушаның физикалық-химиялық сипаттамалары (3 сағат)

1 тапсырма. Жасушаның осмос және су зат алмасуын зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

4. Такырып. Екікабатты мембраналы органоидтар. Митохондриййлер. Пластидтер. (3 сағат)

1 тапсырма. Митохонрийдің кристаларын зерттеу

2 тапсырма. Хлоропластардың, лейкопластардың құрылысын зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

5. Такырып. Мембранасыз органоидтар (3 сағат)

1 тапсырма. Микротүтікшелерді, кірпікшелерді және талшықтарды зерттеу

2 тапсырма. Фибриллярля аттардың құрылымын зертеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)



6. Такырып. Жасуша регенерациясы (3 сағат)

1 тапсырма. Балдырлардың регенерациясын зертеу

2 тапсырма. Нейрон жасушасының аксон өсіндісінің кескеннен кейін регенерация кайтадан пайда болуын зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

7 . Такырып Цитогенетиканың жасушалық негізі (3 сағат)

1 тапсырма. Ядроның химиясын және құрылысын зерттеу

2 тапсырма. Хромасомаларды зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

8. Такырып. Цитогенетиканың молекулалық негізі (3 сағат)

1 тапсырма. Ядроағы ДНҚ көлемін зерттеу

2 тапсырма. Жасуша циклдағы РНҚ рөлі

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

9. Такырып. Интерфазалық ядроның хроматині (3 сағат)

1 тапсырма. Ядро қабығының хроматинмен байланысының зерттеу

2 тапсырма. Транскрипция және редупликация кездегі ядро құрылысын зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

10 . Такырып. Ядрышық (3 сағат)

1 тапсырма. Ядрышық құрылысын және химиялық элементердің бөліктерін зерттеу

2 тапсырма. Ядрошыктың субмикроскопиялық құрылысын зерттеу Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

11 тақырып Ядро қабығы (3 сағат)

1 тапсырма. Ядро қабығын зерттеу

2 тапсырма. Ядро қабығының химиялық элементерін зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет