Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – семестр – Кредит саны 3



жүктеу 2.07 Mb.
бет5/19
Дата13.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс 1.

Тақырыбы: Маркетингтің пайда болуы

Дәріс мазмұны

  1. Маркетинг эволюциясы.

  2. Маркетинг мақсаты.

  3. Маркетинг үрдісі және функциялары.

Мақсаты: Пәнге жалпы сипаттама түсінік беру.

Маркетинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда «нарықты құру, жүргізу» деген мағынаны білдіреді. Маркетинг – адамның іс қимылы тұтынушының мұқтаждығын қажеттілігін айырбас арқылы қамтамасыз етеді. Маркетинг бұл мақсатты бағытталған қызмет ету. Оның бастамасы болып табылатын жүргізілген келісімді маркетингтік зерттеушіге негізделген олардың одан әрі мақсаттарға қорғау салуы. Маркетинг өзінің даму барысында бүкіл ғылымға бизнестің өзегіне айналды. Маркетинг құрастырған мақсаттарды жүзеге асыру фирмалар қызметінің мақсатына қол жеткізді. Маркетингтің маңызды міндеті өндірісті дұрыс бағыттау үшін нарықты терең зерттеу. Қазіргі таңда нарықты білу әдістерін жасайтын сатып алушыларды өзіне тарту және бағаларға белсенді бақылау орнататын жан-жақты ғылым және іс-әрекет саласы болып табылады. Маркетингтің атқаратын қызметтері тұтынушылар сұраным құрылымын құрайтын географиялық демографиялық әлеуметтік психологиялық және басқа да факторларды бөлек бөлек есепке ала отырып нарық сиымдылығын анықтау.маркетингтің әрекет ету саласына бәсекелестің бағытын мақсатын қадағалап отыру кіреді. Маркетинг ол кәсіпорынның сауда өткізу іс-әректін зерттеп өндіріс процестеріне және тауар мен қызмет көрсетуді өндіруді тұтынушыға жылжытуға әсер ететін кешенді салалар. Маркетинг дамуын 3 кезеңге бөлуге болады:



  1. тауарларды артық өндіру, яғни ұсыныстың сұранымнан артық болуы.

  2. өндірушілерді тұтынушыға бағыттау.

  3. ірі экономикалық дамулармен байланысты.

Маркетингтің қызметіне нарықты зерттеу, жарнаманы пайдалану, тауардың сатуын жылдамдату, баға саясаты және өткізу кіреді.

  1. Ең алғашқы маркетингтік теория есебінде сипаттама берушілер АҚШ – та 20 ғасырдың бас кезінде талпынды. 1901 жылы Американдық университеттер маркетинг пәнін жалпы теория кәсіпкерлігі пәнінен ажыратып өз алдына жаңа пән түрінде оқыта бастады. Бұл пән американдық университетте өнеркәсіптік фирманың өткізу қызметінің әдіс амалдарын көтерме және бөлшек сауданың операцияларын сипаттаудан құрылған. Маркетинг эволюциясының бірінші кезеңі 20ғасырдың 40 жылдарына дейін өткізумен тығыз байланысты болғандықтан өткізу маркетингі д.а. маркетингтің өз бетінше оқшауланып теория болып қалыптасудың негізгі себептері:

    1. Капиталдың шоғырлануы және орталықтандырылу процесінің күшеюі.

    2. Үстемдік ету одақтарының пайда болуы

    3. өндірістің іріленуі және мамандандырылу жағдайда өндірістің тұтынушыдан алшақталуы.

    4. Бәсеке күресінің күшейіп жаңа формаға ие болуы.

Маркетинг эволюциясының екінші кезеңі 50-70 жылдардың бірінші жартысында . Бұл кезде төмендегідей сипаттар байқалады:

  1. өндіріс ауқымын күшейтудегі жоғары дәрежедегі ғылыми техникалық прогресс

  2. өндірістік жаңаша процестерінің туындауы

  3. еңбек бөлінісудің ұлттық шекараларын шығуы.

70 жылдардың екінші жартысынан бастап маркетинг эволюциясының ушінші кезеңі басталады. Ол қазіргі заманғы бизнес орталығының оның философиясының қоршаған орта арасындағы негізгі коммуникативтік құралы саналып кешенді қызмет жүйесіне айналады.

3 кезеңге сәйкес даму сатылары келесідей:



  1. кәсіпорын алдында тұрған міндеттерді шешуге арналып жүйеленген әдіс амалдар.

  2. Ұзақ мерзімдік коммерциялық жетістікке бағыт ұстау.

  3. Нарықтар және фирмалар жөнінде ақпараттарды үзіліссіз жинақтау , талдау және өңдеу.

  4. Сыртқы орта жағдайына көнуді доғару. Оған барынша қарсылық ету.

  5. өндірістегі инновациялық қызметте қаржыландыруды, өткізуді және кадрларды басқаруда бастама көтеріп, амал көрсету.

  1. Маркетингтің мақсаты қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Өндіріс тұтынушыны оған керекті тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету үшін керек. Маркетинг тұтынушы аймағын өндіріс аймағымен түйістіруші буын. өндірісті бастар алдында шығаратын өнім болашақ алушыға қандай басымдық береді және өнімге қандай баға тағайындау керек. Бұл баға оны жасауға, шығаруға, өткізуге жұмсалған шығындарды қайткенде жаба алады деген сауалдарды шешіп алғаны жөн. Тұтынушы тауарды шешіп алатындай етіп хабарлау керек. Бұл жағдай маркетинг мақсаты бекіткен пайданы көзден таса жібермей отырып өнім сапасының бағасының жарнама ұйымдарының тұтынушыға тартымды бола алатындай іске асыру осыдан кейін маркетингтің мақсаты былай белгіленеді:

    1. Нарықты зерттеу, өткізуді жандандыру, тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын анықтау.

    2. Нарық талабына тұтынушының мүдделеріне сай өндірісті бейімдейтін керекті жағдай жасау.

    3. Белгіленген тиімділікке қол жеткізу.

  2. Маркетинг үрдісі сатып алушыны зерттеуден және оның сұранымын білуден басталады да алушының тауарды қолға түсіру және қажеттіліктерді қанағаттандырумен аяқталмайды. Маркетингті тұжырымдамалы басқару дегеніміз оны үрдіс ретінде тұтынушының талабына және маркетингтің мүмкіндігіне сәйкес өнімдерді жобалап жасап және өткізудің іс қимылдарымен мезгіл мөлшердің ретімен жинақталған түрде қорғау.

Өнімнің тұтынушылық сипаттарын ашу және оның бағасын анықьау жоспарлау кезеңінде іске асады. Маркетинг жүйесінің негізгі элементтері мынадай топтарға біріктіріледі:

    1. Негізгі жеткізушілер, фирма, бәсекелестер

    2. Үкіметтік және қоғамдық ұйымдар

    3. Сырқы құрылымдық фактор

    4. Маркетинг жүйесінің басты субьектісінің өзара қатынасы.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Маркетинг дегеніміз не.

2. Маркетингтің атқаратын қызмепттері.

3. Маркетингтің мақсаты.

4. Маркетингтің пайда болуы.

5. Маркетинг үрдісі.


Дәріс 2.

Тақырыбы: Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі.

Дәріс мазмұны

1. Маркетинг пен ақпарат жүйесінің тұжырымдамасы.



  1. Маркетинг зерттеу үрдісі

Мақсаты: Маркетингтің ақпарат жүйесін пайдалану және зерттеу жүйесін анықтау.

    1. 19 ғасырда фирманың көпшілігі ұсақ баолған және олардың қызметтері өз клиенттерін тікелей білетін маркетинг басшылары маркетингтік ақпаратты адамдармен араласу арқылы жинастырған. 20 ғасыпда кең әрі жлғары сапалы ақпарат талап ететін 3 тенденция қалыптасты.

  1. Жергілікті дәрежедегі маркетингпен маркетингтің ұлттық масштабына көшу. Фирма өз нарығының аумағын ылғи кеңейтетіндіктен оның басшылары өз клиенттерін тікелей білмейді. Сондықтан маркетингтік ақпарат жинаудың басқа жолдарын іздестіру керек.

  2. Мұқтаждық сатып алушыдан тұтынысты сатып алушылыққа көшу. өздерінің табыстары өскен сайын тауарды сатып алушылар талғамшыл бола бастады. Сатып алушылардың тауар сипатына пішініне және тағы да басқа қасиетіне реакцияларын болжау қиындай түскендіктен сатушылар маркетингтік зертеушіге бет бұрады

  3. Бағалар бәсекелестен бәсекелеске көшу. Сатушылыр тауарға иаркаланған ат беру, тауарды жеке адамдарға дербестеу, өткізуді ынталандыру және жарнама сияқты бағаларын маркетингтік ақпараттарды пайдаланудың нарыққа әсері туралы деректерді жинайтын болады.

Нарық қайраткерлері өздеріне керекті пайдалану деректерінің жетіспейтіндігіне шағым айта бастайды. Осы проблеманы шешу үшін арнайы маркетингтік ақпарат жүйелерін дайындаудан бастады. Маркетингтік ақпарат жүйесі шараларды жоспарлауда жүзеге асыруда және олардың орындалуын басқаруда маркетинг өрісіндегі басшыға тура керек уақытында жинастыру, топтау, талдау, бағалау және тарату үшін адамдар арасындағы қатынастар жүйесі. Маретингтік ақпарат жүйесі ішкі ақпарат, маркетингтік зерттеу ағымындағы сыртқы ақпарат, ақпаратты өңдеу және талдау сияқты 4 жүйеден тұрады.

2. Маркетингтік зерттеу фирма алдандағы маркетингтік жағдайға байланыс қажетті деректерді жүйелі түрде анықтап оларды жинау талдау және алынған нәтижелері туралы есеп берумен анықтайды. Фирмалар өз клиенттерін және бәсекелесті түсіну үшін маркетингтік зертеулер жүргізілгені дұрыс. Дұрыс шешім қабылдауға қажетті сапалы ақпарат алу үшін басшылар зерттеу жұмысына жоғарғы дәрежелі мамандарды тарту қажет. Маркетингтік зерттеулер 5 кезеңнен тұрады.



  1. Проблеманы табу және зерттеу мақсатын тұжырымдау.

  2. Ақпарат көздерін таңдау.

  3. Ақпаратты жинау.

  4. Жиналған ақпараттарды талдау.

  5. Алынған нәтижелерді ұсыну.

Бірінші кезеңде маркетинг басшысы және зерттеушісі проблеманың дұрыс анықтауымен зерттеу мақсатын келісулер керек. Ақпарат жинау өте қымбат болғандықтан проблеманы дұрыс анықтамау шығынның өсуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан дұрыс ақпаратты берушіге керекті ақпарат түрлерін анықпат оларды тиімді түрде жинастыру қаралады.зерттеуші екінші және бірінші деректерді қоса жинастыруы мүмкін. Екінші деректер бұрынғы мақсаттың қажеттілігіне жиналған ақпарат ақпраттарды жинау зерттеу жобасын дайындаудан кейін жүргізіледі. Бұл зерттеудің ең қымбат және қатеге ұшыратуға мүмкіндік туғызатын кезеңі. Жиналатын ақпараттан маркетинг зерттеуінің төртінші кезеңі жиналған деректерден мәлімет пен маңызды нәтижелерді айыру болып табылады. Ақпарат талдаудан кейін алынған нәтижелер ұсынылады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Маркетингтік зерттеулердің пайда болуы.

2. Маркетигтегі зерттеулер.

3. Маркетингтік ақпараттың пайда болуы.

4. Маркетингтік ақпараттардың түрлері.

5. Марктингтегі ақпараттың ролі.


Дәріс 3.

Тақырыбы: Маркетингтік орталық

Дәріс мазмұны

  1. Маркетинг оның ортасы

  2. Бақыланатын факторлар

  3. Бақыланбайтын факторлар

  4. Мақсаттарға жету

Мақсаты:

1. Кәсіпорын сырттай әлемде тұтынушының сұранымын және ұсынымның мүмкіндігін сейкестендіру процесін жүзеге асырушы механизм түрінде көрініс табады. Фирманың маркетингтік ортасы фирма иелігіне тыс қимыл жасайтын және басқару мүмкіндігіне әсер етуші маркетинг қызметіне қолдау көрсетуші біріккен ынталы субьектілер. Маркетинг орта 5 бөлікке бөлінеді.

1. Бақылынатын факторлар


  1. Бақыланбайтын факторлар

  2. Фирманың жетілу дәрежесі және жолы болмауы

  3. Кері байланыстар

  4. Қалыптасуы

Маркетингтік орта бақылауға жол бермейтін күштердің біріктіруі арқылы фирманың өз маркетингтік бөліктерін жасақталуы негізінде көрініс алады. Ол микро және макро орталықтан тұрады. Микро орта қызмет көсету бойынша фирманың өзі және мүмкіндіктері түрінде көрінеді. (жеткізушілер, маркетингтік делдалдар, бәсекелестер ) Макро орта әлемдік жоспар күштері түрінде көрініп, микро ортаға демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени сипаттағы факторларынан әсер етеді. Демографиялық факторларға – ( адамдар, халық санының өзгерісі, бала тууды төмендеуі, халықтың қартайуы, жанұядағы өзгерістер, тұғындардың миграциясы жатады). Экономикалық факторларға – (іскерлік қатынасты төмендету, жұмтын өсуі, есеп мөлшері процентінің жоғарлануына байланысты стып алуды сақтықпен орындау, инффляция). Табиғи фактоларға – (шикі заттың жетіспеуі, ластанудың өсуі жатады). Техникалық факторларға – (өндіріс, ҒТП-ң тез өсуі, шексіз мүмкіндіктердің пайда болумен сипатталады). Саяси факторларға – (кәсіпкерлікті заң жөнінде жүйелеу халықаралық байланыстар, заңның орындалуын бақылайтын мемлекеттік мекемелер жатады). Мәдени факторларға – (халықтың әдет – ғұрпы, өз-өзін қанағаттандыру, бейресми қатынастар жатады).

2. Бақыланатын факторларды – ұйым жұмысының маркетиенгтік қызметі басқаруды (жоғары басшылық) маркетингпен айналысушы адам – маркетолог болып табылады. Олар үшін ең маңыздысы болып табылатындар:

1. Қызмет атқару облыстары

2. Жалпы мақсаттар

3. Маркетингтің рөлі

4. Өзге де кәсіпкерлік фирманың рөлі

5. Корпоротивтік мәдениет

1. Бұл өзіне өнімдер қызмет атқару және функцияларды аумақтық шаралар иелік ету түрлерін компанияның нақты іс-әрекетінің категорияларын кірістіреді.

2. басқарушы белгілеген тапсырманы және оның орындалу дәрежесін сандық өлшеммен есептеу, бұл фирманың жетілу дәрежесінің және жолы болмауын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Фирманың ең маңызды мақсаты болып, таза пайда алу және фирманың өз бетінше өмір сүруі және тұттынушылырды мойындау болып табылады.

3. Маркетингтің рөлі нарықты зерттеуден жаңа өнімдерді жоспарлаудан баға белгілеуден және жарнамадан құралады. Маркетингтің рөлі өскен сайын фирманың маркетингтік ұйымды иеленуі арта түседі.

4. Өндірістік, қаржылық, бухгалтерлік, ғылыми зерттеу және құқықтық бөлімдер мақсаттарын иеленеді. Осыны ескере отырып, маркетингтің өзара байланыстарын анықтап белгілейді.

5. қызметкерлерге берілетін және әрқашан сақталатын біріңғай құндылықтар жүйесінің нормаларын және іс-әрекет ережелері кірістіреді.

Мақсатты рыноктарды жасақтау:

1.көлемі


2.сипаттамасы
Маркетингтік құрылым: Маркетинг Бақылау: 1.күнделікті

Тауарды жылжыту тауар зерттеу, 2.мерзімді

және баға.

Маркетингті ұйымдастыру Маркетинг мақсаттары:

типтері. Бейнесі, таза пада, айрықша

басылымдықтыры


3. Бақыланбайтын факторлар - бұл ұйым және оның маркетингтік қызметті арқылы басқаруға мүмкін емес, алайда ұйымның іс-әрекетіне әсер етуші элементер, егерде жоспарда бақыланбайтын факторлар ескерілмесе, жоспар іске аспайды.Сондықтан тұрақты түрде сыртқы орта жағдайларына бақылау жасап оның әсерін арқашан ескеру қажет.Маркетингтік қызметі нарық таңдауда тауар шығарылды тұтынушылардың мінез құлқын ескеру қажет.Тұтынатын тілдесіп, олардың проблемаларына шағындарына құлақ асқаны жөн. Фирма өз қызметінің үнемі жұмысына осылайша қол жеткізуі тиіс.

тұтынушылар

бәсекелестік тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары


Бақыланатың факторлар

үкімет экономика технология
4. Маркетинг іс-әрекетінің жақсаруы үшін және ұзақ мерзімде қызмет етуі үшін ұйым кері байланыстарда иеленуі тиіс. Бұл үшін ол тұтынушының қанағаттандыру дәрежесін анықтауы бәсекелестіктегі өзгерістерді зерттеп, экономикалық жағдайы және ресурстардың жетіспеушілік мүмкіндігін қадағалап, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеп отырады. Түрлі өзгерістерге байланысты өткізушілермен қабылдаушылармен сөйлесу жүргізіп, басқа да әдістерді қолдану арқылы ақпаратты бағалайды. Ұзақ мерзімдік жетістіктерге жету үшін жалпы маркетинг жоспарына сай жаңа нақты мүмкіндіктерді тұрақты түрде іздестіргені дұрыс. Компанияның тиімді түрде қызмет ету үшін зерттеушілер есебінен емес, оның әрқайсысы тұтынушыға бағыттарының арқасында жүзеге асады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Маркетингтік орта дегеніміз не.

2. Маркетингтегі ортаның мәні.

3. Маркетинг бақыланатын факторлар.

4. Маркетингтегі бақыланбайтын факторлар.

5. Маркетингтің қайта қалыптасуы мен бейімделуі.


Дәріс 4.

Тақырыбы: Маркетинг саласындағы тауарлар.

Дәріс мазмұны

1. Маркетинг саласындағы тауарлар.

2. Тауардың өмірлік циклі.

1. Маркетинг жүйесіндегі басқару обьектісі негізгі төрт элементті біріктіреді. Ол тауар тұтынушы өткізу және жарнама. Бұл элементтер бір-бірімен байланысты. Яғни әрбір элементті басқару және дара емес өзара байланыста өтеді. Тауар сатуға өндірілген еңбектін нәтижесі заттардын пайдалы қасиеттерінін жиынтығы. Филлип Котлер тауарды қолдану арқылы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал деп анықтайды. Имидж латын тілінен ұқсастық бір нәрсе жөнінде түсінік береді. Ол әлеуметтік психологиялық құбылыс. Тауарлардың атағымен нарық кәсібінде кәсіпорынмен және шығарушысімен бірлікте түсінді. Ассортимент нарықтық саясатта имиджді есепке алу тауарларды шығарғанда ресурстарды ақылмен пайдаланып неғұрлым ұтымды ұйымдарына мүмкіндік береді. Имиджді істен шығару ассортиментті шашуға әкеп соғады. Имиджді еске алып қана қоймай оны тудыру қажет. Ал бұл өнімнің сапасына сенімділігіне және жарнамаға байланысты. Сонымен қатар оны түсіну тұтынушылардын иіне, құлқымен типологиясымен олардың тұтынушылық талғамымен байланысты. Тауарларды тұтынушылық жеке пайдалану және өндірістік тауарлар болып екіге бөлінеді. Жеке пайдалану жеке басты еркімен, ал өндірістік пайдалану ұжымдық шешім актісімен байланысты. Сондықтан тауар өткізуді жақсарту үшін маркетингтік маман қоршаған орта жағдайларын және сатып алу жөнінде соңғы шешім қабылдағанда адамдаруын (ұжымның психикасын ескеру) қажеттіліктерін қанағаттандыру принциптін тауар жіктеудің негізін ұйымдастырады. Өндірістік тауарларға негізгі жабдықтар, қосалқы жабдықтар, ішкі заттар жатады.

Тауарлардын бәсекелестік қабілетті бәсекелес тауарларды бір – бірімен салыстырумен анықталады.

Filip Kottler тауарларды қолдану арқылы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру құрылымы деп анықтайды. ”Имидж” латын тілінен аударғанда ұқсастық деген мағнаны береді. Ол әлеуметтік-психологиялық құрылыс. Тауарлардың атағымен нарық кәсібінде кәсіпорынмен ж/е шығарушы елмен бірліктеп түсіндіріледі. Ассортимент нарықтық саясатта имиджді есепке алу,тауарларды шығарғанда ресурстарды ақылмен пайдалану неғұрлым ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Имиджді естен шығару ассртиментті шашуға әкеліп соғады. Имиджді еске алып ғана қоймай,оны тудыру қажет. Ал бұл өнім сапасына, сенімділігіне ж/е жарнамаға байланысты. Сонымен қатар оны түсіну, тұтыну мінез-құлық типологиясымен,олардың түтынушылық талғамымен байланысты. Тауарларды тұтынушылық жеке пайдалану ж/е өндірістік тауарлар болып 2-ге бөлінеді. Жеке пайдалану жеке бастың еркімен,ал өндірістік пайлалану ұжымның шешім актісімен байланысты. Сондықтан тауарды өткізуді жақсарту үшін маркетингтік маман,қоршаған орта жағдайы ж/е сатып алу жөнінде сонғы шешім қабылдаушы адам (ұжымның психологиясын ескеру керек)қажеттіліктерін қанағаттандыру принципін,тауар жіктеудің негізін ұйымдастырады. Өндірістік тауарларға негізгі жабдықтар,қосалқы жабдықтар,шикізаттар жатады.

2. Тауардың өмірлік циклі

Тауар нарыққа түсісімен оның бәсекелестік қабілеті төмендей бастайды. Осыған байланысты кез-келген тауар ерте ме кеш пе басқа жетілдірілген дүниеге келісімен рыноктан айырылады. Нарықтың заңдары тауарды үзбей жаңаландырып тұруды талап етеді. Өйткені мәнгілік тацарлардан түсетін пайда азайғандығы сонша, оны бұдан-бұлай саудадан шығару экономика жағдайында тиімсіз болады. Тауар уақыт өлшемінде циклді өзгерістерге ұшырайды. Олардың көрсеткіші болып сату көлемімен пайда мөлшері саналады.

Жобалау фазасы-бұл фмрманың өнімді жаңартуға қойылған талапқа қалай құлақ асқаны ж/е оны іске асыруға қалай кіріскені осы жобалау мерзімінің денгейінен көрінеді. Фирма мүмеіндігінше аз шығынмен тезірек бұйымның жобасын жасаған болса, соғұрлым ол тезірек рыноққа шығарады ж/е көбірек пайда түсіреді. Бірақ бұл фаза өз бетімен іске асады деп ойлауға болмайды. Бұл іске белгілі бір капитал бөлінеді ж/е ол қаржы өнімді өткізуден түскен пайдадан қайтарылады.Тауар рыноққа шыққанға дейін нарық мұқият зерттелген дұрыс.

Тауардың өмірлік кезеңі 4 кезеңнен тұрады:

1. Тауарды рыноққа шығару

2. Өсу шағы

3. Толысқан шақ

4. Құлдырау кезеңі

1. Тауар рыноққа түсісімен сату көлемінің өсуімен сипатталады. Бұл мезгілде фирма тауарды рыноққа өткізу жолында үлкен шығындар кетіреді.

2. Өсу шағы-бұл алушылардың тауарды қабылдағаны ж/е оған сұранымның тез өсуімен сипатталады. Нарыққа өндірілген тауар нарық сұранымына сәйкес өседі. Тауарлармен ерте танысқан сатып алушылар тауарды сатып алуды үзбейді. Тауар туралы жаңа сипаттама естіген тұтынушы тауарды сатып алуға кіріседі. Соған байланысты рыноктың шегі кеңіледі. Нарықта бәсекелес фирмалар тауарға ұқсас тауар өндіріп қарату жолдарын толтырады. Бәсекелес денгейі өседі. Тауар бағасы денгейі сол бағамен қалады н/е төмендейді. Сату көлемінің өсуімен қатар табыс артады. Фирма тауар сапасын жетілдіру,бағаны төмендету,тауарларлың бәсекелестік қабілетін күшейту қимылдарын жасайды.

3. Толысқан шақта қолданған шараларға қарамастан сату көбеймейтін уақытқа келеді. Осы жағдайда сату көлемінің өсуіне жарнаманың күшеюі,сапаның жақсаруы, бағаның арзандауы әсер етеді. Бұл мезгілді бәсекелес тауарлардың күресу шағы деп атауға болады. Анау-мынау тауарлар тұтвнушы талғамын қанағаттырмайды. Өз тауарына деген қосымша сұраныс туғызу мақсатында өндірушіге қандай да техникалық өзгерістер қиындайды,жарнаманы ж/е өткізуді ынталандыру қосымша шығындарға әкеледі. Бұл кезеңде тауар өткізу денгейі жоғарлайды. Нарықтағы бәсекелес тауар өндірушілер төмен бағамен сатуды мәжбүр етеді. Фирманы ғылыми зерттеушілер жаңа тауар өндіруге бағыттайда. Нарықтағы қуатсыз фирмалар үлесін жоғалтады. Осы сатыны ұзарту үшін томендегідей шаралар қолдану керек. Яғни:

1.Нарық түрін өзгерту

2.Маркетинг жиынтығын өзгерту

Өзіндік құн өсіп,сату мен пайданы қажетті денгейде ұстау қиындай түседі.

4.Құлдырау шағы-сату содан кейін пайданың күрт азаюымен сипатталады.Осы жағдайда фирма лар мынадай шешім қаьылдай алады:

1.Осы тауарды өндіруді өзгеріссіз қалдыру

2.Маркетингтік қағиданы өзгерту

3.Тауарды өндірістен шығару

Фирма ескірген тауарды Өндіруден ж/е өткізуден амалсыз бас тартады.Нарықтан кетпеуге ж/е бұрынғы маркетингтік қағиданы пайдалануға беруге бел буы да мүмкіндігін пайдаланады.1 бөлігін ала отырып жаңа тауарды жобалап шығару үшін аз тауарын басқа бір кішігірім фирмаға ұсынуы да мүмкін.Бұған қарамастан ескі тауарлардан оны сатуан түсетін пайда өте төмендейді.Сөйтіп терең құлдырау басталады,тауар өндірістен шығарылып тасталады.Бұл жағдайда күшті жарнама да,маркетинг қызметіне арнайы шығын бөлу де ешбір көмек бере алмайды.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Маркетингтегі тауар дегеніміз не.

2. Тауарлдың қандай түрлері бар.

3. Тауардың ерекшеліктері.

4. Тауардың өмірлік циклі неше кезеңнен тұрады.

5. Тауардың өмірлік цикл кезеңдеріне тоқталып, сипаттама беріңіз.


Дәріс 5.

Тақырыбы: Тұтынушы нарығы және алушының тұтынушылық мінез – құлқы .

Дәріс мазмұны

1. Тұтынушы нарығы.

2. Алушының мінез – құлқына әсер етуші факторлар.

3. Сатып алу жөніндегі шешім қабылдау процесі.



Мақсаты: Тұтынушы нарығы мен алушының тұтынушылық мінез – құлығын анықтау.

  1. Тұтынушы нарығы бұл дара тұлға және үй шаруаның өзгеше тәсілдермен тауарды сатып алуға әрекеті және жеке тұтынушылық қызмет болып табылады. Тауарлар нарығы фирманың әлемдік нарыққа шығуы үшін маңызды зор. Өйткені анықтайтын болатын нақты бәсекелестері болады, ал оның өзі фирманың қызмет әрекетін талдау және оның стратегиясымен тактикасын жоспарлау үшін мңызды. Тұтынушылар бір – бірімен жас мөлшері табыс білім деңгейіне сәйкесті таңдау мүмкіндіктері ерекшеленеді. Сондықтан тұтынушының түрлі таптары үшін тауарлар мен қызметтер аталған топтарды жасақтауда арнайы есеппен көрсетілуі тиісті. Тұтынушылық мінез –құлықтың бастапқы идеясы оның дамуы тұтынушыға байланысты. Мемлекеттік бағдарлама ол өз алдына нарықтармен біртектес өнімдер топтары бойынша өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде көрініп өндіріс өткізу және басқа жоспарларды жасау үшін негіз ретінде қызмет етеді. Ол басты көрсеткіштерді жұмыстардың бастауы және аяқталу мерзімдерін құрайтын өндіріс көлемімен номенклатураларын анықтау бойынша олардың әрқайсысының сатылу динамикасына байланысты шараламен кірістіреді. Мемлекеттік стратегиямен тактика негізінде жасалғанғылыми зерттеу техника конструкциялық жұмыстар коммерциялық өткізу қызметі және өндірістік бөлімнің өзара қимыл әрекеттері қамтамасыз етіледі. 18-24 мас аралығындағы кәмелетке толған жастар келесідей ұсақ топтарға бөледі.

    1. Студенттер

    2. Жалғыз басты жастар

    3. Жаңа үйленгендер

Жас тұтынушыларға, жаңа киімдерге, фотокамера және т.б. керек жарақтарына жұмсалады. Кәмелетке толған жас тұтынушылар бірнеше себептер әсерінен тартымды рынок ретінде сипатталады.



  1. Сатып алушының мінез – құлықына әсер етуші факторлар:

  1. мәдени деңгейдегі факторлар : мәдениет, әлеуметтік жағдай. Ол қоғамның белгілі бір даму деңгейін сипаттайтын материалдық және жан дүние қағидаларын білдіретін факторлар жатады. Мәдениет адамның тұтынушылығын және мінез – құлқын анықтауда маңызды. Әлеуметтік жағдайлар әрбір қоғамда түрлі қоғамдық кластарға бөлінуіне және сипаттама беруге тұжырымдайды.

  2. Әлеуметтік фактор: отбасының рөлі, атағы. Бір ғана класқа жататын тұлғаларға бірдей ұстаным қалыптасады. Сондықтан да рынотың кейбір қайраткерлері өздерінің барлық күш жігерін қандай да болмасын 1 ған қоғамдық класқа бағыттайды. Отбасы мүмкіндігінің сатып алушы мінез – құлқына біршама әсері тиеді. Әдетте қымбат бағалытауарлар жұбайларының бірлескен шешімдері нәтижеде алынады. Адамдар көптеген әлеуметтік топтарға мүше болады. Оның ролі мен атағы тұрғындарынан мынадай сипаттама баруге болады. Мысалы, студент қаз ата анасына қатысты қыз ролінде болса өз отбасында әйел ролінде, институт көлемінде студент ретінде болады.

  3. Жеке бастың факторлары. Ол сатып алушының көлеміне шешіміне байланысты болады. Сонымен қаса жасы, отбасының өмірлік циклі кезеңі, жұмыс түрі, экономикалық жағдайлары, жеке жағдайлары, өзі жөніндегі көзқарастар жатады. Жасы ұлғайған сайын алатын тауардың ассортименті және олардың номенклатурасы өзгеріске ұшырайды.

  4. Психологиялық фактор: мотивация, сезім, қарым қатынастар жатады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

    1. Тұтынушы дегеніміз не.

    2. Тұтынушы нарығы қалай анықталады.

    3. Тұтынушының қоғамдағы ролі.

    4. Сатушы дегеніміз кім.

    5. Сатушы мен тұтынушының қарым – қатынасы.

Дәріс 6.

Тақырыбы: Фирманың баға саясаты.

Дәріс мазмұны

1. Нарық жағдайында баға тағайындау.

2. Фирманың баға саясаты.

3. Бағаның түрлері және сатылары.



Мақсаты: Фирмада баға саясатының мақсатын анықтау.

1. Әрбір бизнесте оның қай салаға жататына қарамай маркетинг қызметінің бөлігі болып баға тағайындау саналады.Баға тағайындау бизнестегі іскер, кәсіпкер адамдардың қашанда болса, дұрыс түсіне бермейтін сатысы болып келеді.Фирмалар өз еркімен бағаларды көтере бергендіктен рыноктан тыс қалған сәттерін жиі көреді.Бағаны төмендету фирмаға сәтсіздік әкеледі.Баға дайындаудың алдында келесідей мақсаттар шешеді:

1) Құрып кетпеу мақсаты

Ол мақсатта бәсекелес деңгейі өте жоғары болады.Фирманың басты мақсаты өздерінің коммерциялық қызметін жалғастыру.Нарықта тұтынушылардың талаптары тез өзгеріп отырады.Сондықтан да тауар өндірушілер өздерінің тауарларына төменгі баға қойып фирманың өмірін ұзартады.

2) Күнделікті пайданы барынша көбейту

Фирмалар өз пайдасын жалғастыру үшін өнімді әр түрлі деңгеймен сатып ең көп пайда алып, бәсеклестік бағаны ерекшелейді.

3) Нарықта озат болуы

Тауар өндірушілер нарықтық шегін кеңейтуге тырысады.Осы мақсаттарға байланысты баға деңгейін анықтайды.

4) Тауарлардың сапа жөніндегі көрсеткіштерді жеңіп алу

Нарықтағы жоғары сапалы тауар өндірушілерге жоғары баға бекітуге мүмкіндік береді.Ол тауар өндірушілерге жоғары пайда алу жағдайын жасайды.Жоғары сапалы тауарларды өндіруші көп қаржы жұмсаған, шығыны көп болады. Нарықтағы тауардың бағасы жоғары шығындарды жабуға мумкіндік береді.

2. Тауардың бағасы клиентті тартуы да,тартпауы да мумкін.Маркетинг кемшіліктерінің бірі болып, дұрыс таңдалмаған бағалық стратегия болып табылады.Тауарды көздеген тұтынушыға жылжыту үшін бағалы саясатта қандай стратегия барын және бұлардың арасында қандай таңдау жасау керектігін шешіп алған дұрыс.Фирманың мақсаттарын уақыттар шегіне байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болып бөледі.Бағалық саясатта шешім қабылдаушы адамдардың алдында қандай уақыттық шек көзделгенін біліп алғаны дұрыс.Маркетинг тәжірибесінде реттеуші обьект болып фирманың нарықтық іс-қимылының ұзақ мерзімді сипаттары танылады.Бағалы саясатты айқында тауардың өмірлік циклі жаңа тауарға баға тағайындау үшін бірнеше түрде өтеді:

1) Қаймақ сыпыру саясаты.

Ол бірнеше түрде өтеді.Бастапқы уақытта баға өте жоғары тағайындалады, бірте-бірте өндіріс аумағының өсуімен қатар төмендейді деген мағына білдіреді. Мұндай саясат жаңа тауарды сенімді өткізуді қамтамасыз етуді талап етеді.

2) Шеп бұзу саясаты.

Жаңа тауарға аса үлкен сұраныс жоқ және олар өндірістік жағдайда қолданылады.Бұл саясатқа сәйкес баға бастапқы уақытта төмен деңгейде тағайындалады, ал бұл сұранымның өсуіне себепші болып пайданы өсіреді, бәсекелестіктің дамуына кедергі болады.

3) Бөліктенген баға саясаты.

Әр түрлі топтағы алушыларға әр түрлі баға тағайындалады. Сатудың барысында нарықтағы сұраныс деңгейіне байланысты баға өзгереді.Фирма өзінің мақсаттарын анықтай отырып, өзінің өміріне бәсекеге төтеп беру, бәсекені бәсеңдету және бәсеке деңгейін көтеруін көздеп баға белгілейді.

3. Бағаның бірнеше түрі болады:

1) Өндірістік баға.

Ол фирманың бар өндірістік және маркетингтік шығындарына көздеген пайданың қосындысына тең болады.

2) Көтерме баға.

Фирмалар ірі партиялармен тауарды бөлшек сауда фирмаларына өткізеді.Бұл баға өндіруші бағасына көтерме фирманың барлығы өндірістік маркетингтік шығындарын және оның пайдасын қосқанға тең болады.

3) Бөлшек баға.

Бұл тауар ұсақ партиялармен жеке бөлшекпен сатылуын айтады.Бұл баға көтерме бағаға бөлшек фирманың барлығы басқаруға маркетингтік және өндірістік шығындарымен оның пайдасын қосқанға тең болады.

4) Тірек баға.

Ол тауардың сортын және сапасын анықтау үшін қолданылады.Оны сатушы мен алушының келіс сөздерін анықтайды.

5) Сатып алу және сату бағасы.

Ол келісім шартта көрсетілген жеткізушілердің талаптарымен анықталады.

6) Үстемдік баға.

Монополиялар өздерінің тауарларына мүмкіндігінше жоғары баға тағайындайды.Ал фирмадан алған баға тауарларына тмен баға тағайындалады.

7) Әлемдік баға.

Ол тауардың түріне байланысты тағайындалады, яғни кейбір тауарларға экспорттаушы елдердің немесе импорттаушы бағасы деңгейімен қойылады.

8) Номиналдық баға.

Ол анықтамаларда, биржалық келісімдерде тағайындалады.

9) Ұсынымдық баға.

Ол сатушының ресми ұсынысында көрсетілген ешқандай кемітпесіз баға.

10) Нарықтық баға.

Ол белгілі бір нарықта сатып алу және сату бағасы.

11) Сырғымалы баға.

Кейбір жағдайларға байланысты биржалық келісіммен, инфляциядан және тағы басқа байланысты белгілі бір күнге тағайындалатын баға.

12) Анықтамалық баға.

Өткізу кезеңінде жасалған келісім шарттардың деңгейімен көрсетіліп, белгіленетін баға.

13) Сұраныс бағасы.

Ол сатып алушылар нарығында туындайды.

14) Өзгермейтін баға.

Сатып алу және сату шартында көрсетіліп, өзгертуге жатпайтын баға.

Баға тағайындаудың негізгі тәсілдері:

- Сұраныс факторына байланысты әдіс.

Ол жаңа өнімге баға тағайындау, өндірушінің бастапқы бағасымен өнімнің мақсатына жету үшін нарықты терең зерттеуіне әсер етеді.

- Нарықты бағалау әдісі.

Ол мүмкіндігінше сатып алушыларды көбірек еліктіру мақсатында бастапқыда төмен бағамен тағайындауға негізделеді.

- Шығындарға бағытталған әдіс.

Ол фирманың тауарлар ассортименті өте көп болғанда қолданылады, себебі әрбір өнімге баға тағайындау өте қымбатқа түседі.

- Бәсекеге бағытталған әдіс.

Ол нарықта бәсекелестер өздерінің ұқсас өнімдеріне бағаны мәжбүрлікпен тағайындауда жиі қолданылады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Баға дегеніміз не.

2. Бағаның атқаратын ролі.

3. Бағаның мәні мен түрлдері.

4. Баға тағайындау тәсілдері.

5. Баға тағайындау әдістері қандай.


Дәріс 7.

Тақырыбы: Тауар қозғалысы және жылжыту

Дәріс мазмұны

  1. Тауар тарату жолының қызметі

  2. Тауар жылжыту жолы

  3. Сыртқы нарыққа шыққан компанияның тауар қозғалысының ұйымдастыруы.

Мақсаты: Тауар тарату, жылжыту жолы мен қозғалысын анықтау.

  1. Өндірілген тауарды тұтынушыға жеткізу әдісін тарату жолы деп атаймыз. Тауар өндіріретіндер, тауар жылжыту барысында 2 түрлі тарату жолын пайдаланады.

  1. Тауар өндірісінің тікелей тұтынатын байланысы бұл тік маркетинг деп аталады.

  2. Дельдалдар арқылы байланыс. Дельдалдар пйдаланатын әдісте тауар өндіріс келесідей пайда жасалады. Байланыс қысқарады, тұтыну өндіретін шығыны төмендейді, уақыт қысқарады және тағы да бір ұтымды жағдайдағы нарықтың шегін кеңейтуге мүмкіндік білдіреді. Тауарлар тарату жолының мүшелері мынадай қыметтер атқарады:

    1. зерттеу жұмысы қызметіне керекті мәліметтерді жанайды.

    2. Өткізуге жағдай жасайды, тауар жөнінде хабар береді.

    3. Байланыс жасау, тұтынылатын қарым-қатынас келісім шартқа отырады.

    4. Тауарды лайықтау, тұтынымның талабына байланысты сәйкес тауарларды өндіреді.

    5. Баға туарларының көлемі жөнінде келіссөздер жүргізіледі.

    6. Жылжытуды ұйымдастыруды, тұтынушыны тасу және жинап қою жолдары.

    7. қаржыландыру

    8. Тәуекел ету, тарату жолының қызметінің өз жауапкершілігіне алу

Басындағы 5 қызметі келіссөз жүргізуге мүмкіндік білдіреді. Соңғы 3 қызметі келіссөзді іске асырады. Тауар өндіретіндер дельдалдарды таратуға кіріскен жағдайда оның қызметі жақарып шығады, төмендей бастайды. Тауар тұтынушының өндіруші тауар тарату жолының мүшелері болып табылады. Тіке маркетингтің 3 әдісі бар:

1. Жеке сауда

2. Почта арқылы сауда жасау

3. Дара сату орындары арқылы тауарды жылжыту

Тіке маркетинг жүйенің 3 түрі бар.


  1. Корпоротивтік тіке маркетинг жүйесі, тарату жолы бір қолдан менгеріледі

  2. Келісімді маркетинг жүйесі

  3. Менгерілген тік маркетинг жүйесі

Өндіріс сатысы және тарату жолы бір қолдан басқарылады.

2. Өндіретін тауарды тұтнушыға жеткізу талаптарын қамтамасыз ету үшін жоспардағы тауарларды жылжыту деп атймыз. Тауар жылжытудын шығындары тауарларды тасуына және жинап сақтап қоюына тауар қорын үзбей ұстауына байланысты болады. Тауар жалжыту ұжымына тапсырылған тауарды өңдеу жинақтап қою тауар қорын толықтыру кірістіріледі. Тауар жылжыту процесі тапсырманы алудан болады. Кәсіпкердін берілген тапсырымға байланысты тауарды транспортқа тиеп кәсіпқойларға керекті құжаттармен қамтамасыз етіп жылжыту процесіне қосады. Фирмалар өндірген тауарларды тапсырма алғанша жинап сақтап қоюы тиіс, тауар жылжыту каналдарын тандау туралы шешімдер ұзақ уақытқа құқықтық келісімдер туғызады. Кей уақытта осындай келісімді жою аса күрделі болады. Нарыққа ену мақсатындағы келісімдер байланыста фирманың сол нарықтағы кеңінен игеру структурасында көшкісі келгенде тосқауыл болып шығуыда мүмкін. Тауар тасымалдау каналдары тауардың сипатына байланысты. Клиент сатудың теңдіктің барлық ерекшеліктерін терен білгенің ұнатады. Өткізу каналдарын тандап тауар бағасына маңызы зор. Қымбат тауардың әрбір данасы көп пайда түсіреді.

3. Өткізу саласында тұтастай маркетинг құрлымдар өзгермей болуы керек. Ал оның қызметі нарықтың шынайы қажеттіліктеріне лайықты болғаны жөн, жоспарлау барысында қандайда болмасын кезендер ықпалын азайтуға тырысу керек. Ол фирманың қолайлы уақытта таралатың бір жүйесінен басқаларға көшуді бағалай жатқанын танытады. Дүниедегі ең керемет тауар қозғалту каналдары болсада егер тауарлар керек жерде керек уақытта болмаса фирманың мақсаттарына жеткізе алмайды. Фирма тауар қоздыру үрдісінде дельдалдарын және тұтнылатын толығымен қанағаттанып белгіленген мақсаттарға жету үшін тауарды уақытында керекті жерлеріне ұйымдастырып отыру керек.
Дәріс 5.

Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі жарнама.

Дәріс мазмұны

1. Жарнаманның мәні мен мазмұны.

Мақсаты: Жарнаманы қазіргі қоғамдағы роін анықтау.

Жарнама – нақты өндірістің тауарына қызметіне назар аудару үшін, олардың маркасымен осы тауар мен қызметті сатып алдырту мақсатында ұсыныс, шақыру, кеңес және кепілдеме тарату.

Жарнамалық қызметті мынадай кезеңдерге реттеп бөледі:


  • Нәтижелі жарнамалық іс – шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректер жинау.

  • Нарық. Оның ерекшеліктері, сұраныс тұтынушының талаптары, әдептері жөнінде деректер алу

  • Жарнама жоспарын жасау (жарнаманы жоспарлау)

  • Жаңа тауарды нарыққа шығару алдында ықтимал тұтынушымен кеңінен таныстыру жұмыстарын жүргізу, жарнамалық бөлімнің көмегіменг оларды осы тауарды сатып алушыға дайындау, ал жарнамалық бөлім басқа бөлімдерге жаңа тауар, оның артықшылықтары мен жетіспейтін жағы жөнінде ақпарат жинауға көмектеседі.

  • Тауардың нарыққа шығуы және оны әрі қарай жылжыту, мұның мазмұны төмендеумен айқындалады: жарнаманың барлық жоспары жаслған, қосылған тауардың өзіне, оның қорабына, өткізу каналдарына керекті реттеу өзгерістер енгізілген және тағы басқа жарнамалық идеялар арнаулы хабарлар арқылы байқаудан өткен, жарнаманың ең тиімді құрылымдары таңдап алынған.

  • Сұраныстың ауытқуларына жарнаманың жауап қамилы, сатып алушының жаңа тауар жөніндегі пікіплер басқа бөлімге шешімдер қабылдау үшін жедел жеткізіп тұрады.

Жарнама тарату каналдщары тура жарнама, баспадағы жарнама, баспала, экранды, сыртқы, тасымал көліктегі жарнама, сату орындағы жарнама.

Жарнамаға фирмалық стиль жасау да жатқызылды.

Фискалдық стиль – бұл бір жағынан фирманың барлық өнімдерінің қайсыбір біліктілігін көрсететін , екіншіден , фирманы оның бұйымдарын бәсекелестерге және олардың тауарына қарсы қоятын әдістердің тобы.

Фирмалық стиль жүйесіне : тауарлық белгі, логотип, фирмалық блок, фирмалық шрифтер кешені кіреді.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Жарнама дегеніміз не.

2. Жарнаманың түрлері қандай.

3. Жарнаманың қазіргі қоғамдағы ролі.

4. Жарнаманың атқаратын қызметтері.

5. Жарнаманың қолданылуы.



Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер


1. Котлер Ф. Маркетинг. Менеджмент: Экспресс курс. – СПб: Питер, 2001.

2. Котлер Ф. Маркетинг. Менеджмент. – СПб: Питер Ком, 1999.

3. Маркетинг: Учебник / Под ред. А. Н. Романова. – М.:Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996.

4. Ансофф И. Стратегическое управление. – М.: «Экономика», 1989

5. Данько Т.П. Управление маркетингом. – М.: ИНФРА – М, 1997

6. Диксон П. Управление маркетингом. – М, 1997


6. 6. Семинар сабақтарының жоспары.




Тақырыптар

Семинар сабақтарының мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Маркетинг ғылымының дамуы.


1. Маркетинг - нарықта қызмет жүйесі ретінде.

2. Маркетингтің атқаратын қызметтері.

3. Маркетинг және нарық.


1

1,2,4,6,7,8,9,10,11

2

Маркетингтік орталық.


1. Маркетингтің сыртқы ортасының негізгі факторларын сипаттау.

2. Маркетингке әсер етуші факторлардың әсері.

3. Маркетингтік ортаны қалыптастыру


2

1,2,4,6,7,8,9,10,11.

3.

Маркетингтік зерттеулер.


1.Маркетингтік зерттеудің процестері.

2.Маркетингтік зерттеулердің әртүрлі әдістерін таныстыру.




3

2,4,6,7,8,9,10,11.


4

Нарықты сегменттеудің әдістемелік негізі

1. Сегменттеудің негізгі ұстамдары

2. Географиялық, психологиялық, демографиялық және мінез-құлқы.

3. Әртүрлі факторлардың өзара әсері.


4

6,7,8,9,10,12.


5

Тауар саясаты.

1. Тауар саясатының мәні

2. Тауардың мақсаты және міндеттері.

3. Тауардың бәсекелестік саласы.





5

1,2,4,6,7,8,9,10,12.

6

Сатып алушы мінез- құлқының моделі

1.Тұтынушылардың мінез – құлықтарын зерттеу бағыттары.

2.Тұтынушылардың мінез – құлықтарына зерттеу әсер ететін негізгі факторлар.


3. Өндіріс мұқтаждығына сатып алу жағдайларының түрлері.


6

3,4,6,8,9,11,12,15,20.

7

Бағаның маңызы.

1.Маркетинг жүйесіндегі баға белгілеудің мақсаттары

2.Маркетингтегі баға белгілеу ерекшеліктері.

3.Бағаның қызметтері және түрлері.

4.Баға және нарық құрылымы.





7

1,2,4,5,7,8,9,10.

8

Жарнама үрдісі.

  1. Мақсат бойынша жарнама түрлері

  2. Ақпараттық, сендіру, еске түсіруші.





8

7 (437-450).8 (304-306.317)


9

Жарнама өрісіндегі шешім.

1.Фирма стилінің ерекшеліктері.

2. Мақсат бойынша жарнама түрлері.





9

3,4,5,7,8,10,11,14,15,21.

10

Тауар тарату және жылжыту.

1. Тауар жылжыту арналарының құрылымы.

2. Тауардың таратылуы.


3. Тауарды өткізу стратегиясы.


10

1,2,3,5,7,10.

11

Маркетинг стратегиялары.


1.Әрекет ету бағдарламалары.

2.Маркетингтік жоспарлар түрлері.




11

1,2,4,5,7,8,9,12,16,20

12

Маркетингтегі ұйымдастыру жүйесі.


1.Procter and Gamble және федералды сауда комитеті.

2. Үкіметтің бизнеске қолдау көрсетуі.


3. Маркетингтегі ақпарат жүйесін ұйымдастыру.

4. Ақпаратты бақылау жүйесі.

5. Интеллектуалды маркетинг.


6. Маретингтегі ұйымдастыру жұмыстары неден көрінеді.


12

1,2,4,5,7,8,9,12,16,20

13

Коммуникация факторларының тиімділігі.

1.Коммуникация элементтері және кезеңдері.

2.Коммуникация факторлары.





13

1,2,3,4,6,7,8,16,20.

14

Халықаралық маркетингтегі шешімдер.


1.Халықаралық маркетинг аумағындағы қабылданатын негізгі шешімдер.

2.Шешім қабылдауға әсер ететін факторлар.




14

1,2,3,4,6,7,8,16,20.

15

Қызмет көрсету аумағындағы маркетингті қолдану


1.Маркетингтегі айырбас процесі.

2.Маркетинг талаптарына сәйкес бақылау.

3.Бақылау мәліметтерінің тізімін дайындау


15

1,2,3,4,5,6,7,8,14,16,20.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет