Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Қоршаған орта және биологиялық алуантүрлілік»



жүктеу 1.21 Mb.
бет1/4
Дата04.03.2018
өлшемі1.21 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-22.1.200/03 -2014


ПОӘК

«Қоршаған орта және биологиялық алуантүрлілік» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиындығы



№ басылым


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қоршаған орта және биологиялық алуантүрлілік»

6М060700-«Биология» мамандығына арналған


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

Семей


2014

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Білім алушылардың өздік жұмыстары



1 ГЛОССАРИЙ
1.1Аборальный- ауызға қарамарсы бағыт

1.2.Акромион- жаурының дистальді өсінідісі

1.3.Аксон- жүйке жасушасының ұзын өсіндісі

1.4.Анастомоз- қан тамырларының өз-ара қатысуы

1.5.Ангиология- тамырлар тұралы ілім

1.6.Апикальный- төбеде орналасуы

1.7.Афферентный- әкелгіш, сезгіш

1.8.Бифуркация- кенірдектің екі бронхтарға бөлінуі

1.9.Бурса- капшық

1.10.Вагус- кезеген

1.11.Васкуляризация- қанмен көректену

1.12.Вентральный- құрсаққа бағыт

1.13.Вертебральный- омыртқалық

1.14.Волярный- алақан беті

1.15.Ганглий- түйін

1.16.Дентин— тістің негізгі заты

1.17.Депрессор- төмендететің

1.18.Десмоз- байлам

1.19.Диафиз- түтүкті сүйектің денесі

1.20.Дилятатор- кенейткіш

1.21.Дорсальный- арқаға бағыт

1.22.Иннервация- жүйкелендіру

1.23.Инспирация- дем алу

1.24.Интима- қан тамырларының ішкі қабаты

1.25.Кардиа- өнештің асқазанға кіреберсі

1.26.Конституция- дене құрылысың анатомо-физиологиялық жиынтығының ерекшелігі

1.27.Кутикула- шәштің сыртқы қабығы

1.28.Лакуна- ойық

1.29.Леватор- көтергіш

1.30.Лимфа- лимфа тамырларындағы сүйықтық

1.31.Медиальный- ортаға жақын бағыт

1.32.Медианный- ортада орналасқан

1.33.Миология- бұлшықет тұралы ілім

1.34.Овуляция- жұмыртқалықтан жетілген жұмыртқа жасушасының шығуы

1.35.Остеоцит- сүйек жасушасы

1.36.Париетальный- қабырғалық

1.37.Перикард- жүрек қабы

1.38.Пилорус- Асқазаның ішектерге ашылуы

1.39.Пронация- аяқтын ішіне қарай айналуы

1.40.Септа- аралық

1.41.Синдесмология- сүйектердің байланысуы

2 ДӘРІСТЕР

1 Модуль

1 Дәріс



Тақырыбы: Кіріспе

Дәріс жоспары:

1.Биоалуантүрлілік туралы түсінік.

2.Биоалуантүрліліктің құрылымы

3. Тұрақты даму


Биоалуантүрлілік– адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.

Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.

Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Тірі материяның ең маңызды үш деңгейге сәйкес келеді:

ағзадан төмен – малекулярлық, клеткалық, ұлпалық және мүшелер жүйесіндегі деңгейлерді біріктіреді.

ағзалық – ағзалық жүйені құрайды.

ағзадан жоғары – популяциялық түр жүйесін, экологиялық жүйені және биосфераны қамтиды.

Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.

Табиғатта жануарлардың биоалуантүрлілігі көптеген белгілерге тәуелді болады. Кез келген түрде немесе экожүйеде үш негізгі әртүрлілікті көрсетуге болады. 1. генетикалық; 2. экологиялық; 3. ландшафтық. Кейбір түрдегі жануарлардың түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылысып ұрпақ береді. Бірақ кейбір жағдайларда мұндай құбылыс байқалмайды. Осыған байланысты бұл жануарларды топтарға бөліп алуантүрлілігін анықтаған. Ғылымдардағы жаңа түрлерді сипаттау барысында қиындықтардың болуы бағалау кезінде сақтықпен айналысу қажет екендігін көрсетті. Ғылымға белгілі жануарлар саны К. Линнейдің көрсетуі бойынша 11 мыңнан астам болса, қазіргі уақытта 1 млн-ға дейін жетті. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлардың түрлерін сипаттап жаңа түрін анықтауда.

Біздің планетамыздың түрлерінің нақты санын ешкім нақты мәнімен келтіріп бере алмайды. Бірақ жануарлардың түрлерінің саны өсімдіктер мен саңырауқұлақтарының санынан әлдеқайда басым. Соның ішінде жануарлардың арасында бунақденелілердің түрлері өте көп. Олардың саны өсімдіктер мен микрофлораның санынан басым түседі. Түрдің қалыптасуы олардың құрылымы мен өсімтал ұрпақ беру мүмкіндігіне байланысты. Әр түрге жататын даралар бір бірінен сыртқы пішіні, мінез-құлқы, физиологиясы бойынша бір біріне мүлдем ұқсамайды.

Тұрақты даму - бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.

Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

- қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

- экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

- тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.

Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше.

Адамзат дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есептеледі.

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.

Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.

Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.

Экологиялық білім беру - әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.

Білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау.

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады.

Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.

Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану

2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цикл)

3) ауыз су мақсатында берілген суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл, әсіресе, жоғары сапалы жерасты суларына қатысты.

4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болмауына жол бермеу

5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.

Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.

Көбінесе Күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық затты жағу.

Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданып келді. Бірақ, оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Германия және т.б. елдерде жүргізілуде.

Теңіз, мұхит, термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар, әр түрлі тереңдіктер температураларының градиенті жатады.

Мұхит суларынан энергия өндіру үшін әртүрлі тереңдіктегі сулардың температура градиентін пайдалануға болады.

Термоядролық энергия. Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Ядролық энергияны басқа әдіспен де өндіруге болады. Ядролық синтез процесінде екі ядроны қосып, бір ауыр ядроны алу кезінде бөлінетін энергияның шығымы өте жоғары. Мұндай синтездің бастапқы элементі-сутегі, ал соңғы элементі - гелий. Аталған элементтердің екеуі де қоршаған орта үшін зиянды емес және олардың қоршаған ортадағы мөлшерін сарқылмайды деуге болады.

Адамзат қоғамының энергия өндірудің дәстүрлі емес көздеріне көшуге мүмкіндігі бар.

Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалды. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар.

Әдебиеттер:

1.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы, www.president.kz. сайты

2.Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г.

3.Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике Казахстан»// Саясат-Policy №7, 2002 г.



1 Модуль

2 Дәріс

Тақырыбы: Жер экожүйесінің маңызды құрамдастарының құрылымы және қызметтері, жалпы жүйедегі олардың байланыстары және қарым-қатынастарының нәтижелері.

Дәріс жоспары:

Жер үсті экожүйесі. Демек, ерекшеліктерін екі түрі табиғи ресурстарды кезде экожүйелердің пайдалану қарастырылуы тиіс. Жер үсті экожүйелерді өндірушілер (● автотрофты компонент) жылдан жылға биомасса жинақтау бар, ол үлкен организмдер болып табылады. Мысалы, орманда ағаш өсуі, тұқым және жеміс-жидек (жер үсті биомасса жинақтау) немесе шалғындар мен даласында шөптер тамыр жүйесі өсуі (төмен жер биомасса жинақтау) пісетін вегетациялық үшін шөптер өсіп,. Биомасса жинақтау және егін жинау түрінде алуға болады. Шектен арасында бір-бірімен тығыз байланысты экожүйелердің өтпелі опциялардың көптеген түрлері бар. Түрлі экожүйелердің биосфераның кешенді құрылымын қалыптастыру өзара іс-қимыл. Экожүйелер тірі организмдер мен олардың бастамасының (құрттарын, споралар, тұқым) арасындағы айырбасталады. Байланысты температураның ауа және су тамшылардың ұтқырлық (градиент) дейін, газ диффузиялық өсім іктер, жануарлар және микроорганизмдер қуылуына жүреді. Қоныс аудару кезінде, сондай-ақ басқа да жануарлар - құстар мен жәндіктер sezon¬nyh ұшу кезінде жылжытыңыз. зат қатты және сұйық бөлшектер ретінде жылжытылады. Жиі минералды элементтер жел күйіп мен тау жыныстарының су шаяды. энергия алмасу химиялық облигациялар түрінде жылу және энергия түрінде орын алады (яғни. E. органикалық қосылыстар). 1. тұрақты қоғамдастық экожүйенің өзге заттардың жылы жою Су жазық орналасқан және кәмелетке толмаған оларды алуға; қарым-қатынас mezhbiotsenoticheskim қатысты жерүсті экожүйелердің үш негізгі топқа бөлуге болады 2. аз жоғалған, бірақ көптеген олар органикалық заттардың көп мөлшерде жиналуы мүмкін бедердің төмен деңгейде орналасқан Биоценоз, алуға; 3. айырылып көп, бірақ экожүйесінің тік беткейлерде аз алады. Бұл экожүйелердің тізбегін қалыптастырады, биосферадағы заттың және энергияның қайта жаймалап. Мекендеу орындарын, немесе ecotope - - Әрбір жер үсті экожүйесі абиотикалық компоненттерін бар бірдей ландшафты, климат, топырақ жағдайларына сайт; және биотикалық компоненттері - немесе Қоғамдастық биоценоздардың - бұл биотоп мекендейді барлық тірі организмдер жиынтығы. Биотоп қоғамның барлық мүшелеріне ортақ тіршілік ету ортасы болып табылады. Биоқауымдастықтарына Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер көптеген түрлерінің өкілдері тұрады. Іс жүзінде биоценоздардың әрбір түрі әр түрлі жынысы мен жасы көптеген адамдарға ұсынылған. Олар экожүйенің осы түрлерінің халықтың (немесе халықтың бөлігін) құрайды. Биоқауымдастықтарына биотоп бөлінген өте қиын, сондықтан biogeocoenosis (+ Биотоп Биоценоз) сияқты нәрсе енгізу. Biogeocoenosis - бастауыш жерүсті экожүйелік, табиғи экожүйелерді болуымен негізгі нысаны.
3 Дәріс

Тақырыбы: Экожүйелердегі биогеоценоздық қарым-қатынастар – биоалуантүрлілікті сақтаудың теориялық негізі.
Дәріс жоспары:

1.Биогеоценоз ұғымы, түрлері

2.Экожүйе ұғымы, биогеоценоздық қарым-қатынастар

Биоценоз – тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.Оларды кейде экологиялық топтар деп те атайды.Олардаң мекен ететін жерлері: Теңіз, көл, тау, дала, шөл, орман т.б. болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне,белгілі бір ортаға бейімделуіне,осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын “Биоценоз” деген терминді экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы: Шырша биоценозы,шөлді жердегі шөптесін биоценозы,бетегелі дала биоценозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады.Сонымен бірге біз тек,өскен өсімдіктерді ған атап отырғанымыз жоқ,соған қоса осы мекенді тіршілік ететін басқа да тіріоргаизмдерді айтамыз.Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады.Мысалы:Су жағасындағы құмда не батпақты топырақтар биоценозы,аббиссать тереңдегі,пелоги биоценозы деп аталады.Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі.Бұл кеңістікті мекендеген тірі организмдер мен оған әсер ететінорта факторлары бар.Биоценоздың көлемі өте кішкентай,аз болса,олардың арасындағы өту зонасы бірнеше метрге жетуі мүмкін.Осы өту зонасын экотон деп атайды.


Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардығы түрлердің санын бөліп қана қоймай,әр түрлердің,жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.
Биоценоздың негізгі қасиеттері.
Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін,әр түрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады.
1)Түрдің молшылығы – осы түрдің оссобтарының белгілі бір көлемдегі саны.Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады немесе отыруы мүмкін.
Особтардың нақты санын биоценозда толық үшін кей жағдайда көп қиыншылыққа түседі.Соны анықтаушыны сондықтан да экологияда кейде баллдық әдісті қолдануға болады.Мысалы: О – түрі жоқ,1 – сирек және жайылып орналасқан, 2 – сирек емес, 3 – молшылық, 4 - өте көп кездеседі.
2)Жиілігі – дегеніміз – биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің осьобтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы бейнелейді.Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді.Мысалы, түрдің саны көп болуы мүмкін,бірақ осы биоценоздың көлемінде аз кездеседі немесе түрдің саны аз болуы мүмкін және кездеседі.
3) Тұрақтылығы – мынадай формуламен көрсетуге болады:
С= Px 100 ; С – тұрақтылық белгісі, Р – сұрыптау саны; Р сұрыпталған P түрдің жалпы саны. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлердің мынадай категорияларға бөлуге болады: 1) Тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде – 50 % дейін кездеседі; 2)Қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50 % дейін кездеседі.3) Кездейсоқ түрлер,сұрыптау ішінде - 25% кем кездесетін түрлер.
4)Басымдылығы – топтағы бір түрдің басқа түрлерге қарағанда әсерін тігізіп,басымдылық көрсетуін – даминаттық деп атайды.
Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізу үшін,мүмкін. Мысалы: аз ғана күйіс қайтарғыш жануарлар,жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін,ал осы жердің өсімдікпен қоректенетін жәндіктері қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды.
Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән.
5) Сенімділігі – бұл көрсеткішті сандық көрсеткішпен есептеуге болмайды.Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығына байланысты көрсетеді.Осыған байланысты түрді мынадай категорияларға бөлуге болады.1) Тек 1 биоценозға тән байланысы бар,осы биоценозда көп кездесетін түрлер эуцендік түрлер. 2) Бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер – тихноцендті;3) Осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер –ксеноценд.4) Бірнеше биоценозда бір қалыпты тіршілік ететін түрлерді индиффендті түрлер деп аталады.
6)Әртүрлілігі – биоценоздың құрамында бірнеше түрлердің тіршілік ету қабілеттілігі. Ол үшін мынадай формуланы пайдаланып,Кортетаның көрсеткіштерін пайдалануға болады: а - әртүрлілік көрсеткіші – Неперов логарифмі және N= анықтаумен білгеннен кейін график бойынша а – ның санын анықтауға болады.
7) Мерзімді өзгертуі – биоценоз ішінде маусым ішінде бірнеше өзгеріске ұшырауы мүмкін,кейде 1 тәулік ішінде де өзгеріске ұшырайды. Мысалы: Өсімдіктер де болатын гүлдену немесе күзде жапырақтардың түсінуі,жануарлар арасында кездесіп жағдайлардың диапауза, миграция тағы басқа.
8).Сукцелин-әрбір тірі оргонизмнің өзінің тіршілік әрекетінің арқасында, өзін қоршаған ортаның жағдайын, құнарлығын тағы сол сияқты өзгертіп ,сол ортаға әсерін тигізеді, сондай бір жерде көп жылдар бойы популяцияның тіршілігі биотопты өзгеріске ұшыратады, бірақ өзгеріске басқа түрлерге, олардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін, сондықтанда осы жерде популяцияның осы жағдайға бейімделген түрлерінің пайда болуы мүмкін.Осыдай бірнеше рет қайталанып бір биоценоздың орнына жаңадан 2-ші биоценоздың пайда болу сункцессия деп аталады. Мекендік ортаның жағдайына және басқа да қасиеттеріне байланысты бастапқы және 1-ші,2-ші сункцессия деп бөлінеді.

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).

Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. a Юджин Одум (1913—2000). В. Н. Сукачёв (1880—1967).



Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.

Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді. [1]

Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:

-түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);

-популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);

-биомасса.

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді:



Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.
2 Модуль

4 Дәріс



Тақырыбы: Экожүйелердің тұрақтылығы және динамикасы
Дәріс жоспары:

Қауымдастық экологиясы – синэкология

  1. Биогеоценоз

  2. Экожүйе

1) Құрлықтың экожүйесі эволюциялық даму нәтижесінде пайда болған

биогеографиялық сала деңгейіндегі табиғи белдеулерден тұратын ірі экожүйелерге бөлінеді, ал олар болса ландшафт провинцияларынан – биомдардан тұрады. Биомдарға жеке дара ландшафтар кіреді, олар биогеоценоздарды – биосфераның қарапайым бастапқы құрылымдық бірліктерін біріктіретін биогеоценотикалық комплекстерден тұрады. Биогеоценоз (грек тілінің био - өмір, гео – жер, ценоз – қоғамдастық) терминін 1942 ж белгілі орыс биолог-ғалымы В.Н.Сукачев енгізді.

Биогеоценоз табиғаты әр түрлі күрделі екі қауымдастықтан тұрады: биоценоз бен биотоптан:

БИОГЕОЦЕНОЗ = БИОЦЕНОЗ + БИОТОП

Биоценоз терминін ғылымға неміс биологі К.Мебиус енгізді.

Биогеоценоз бір-бірінің тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын тірі табиғаттың бірнеше бөлімдері бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады: фитоценоздан, зооценоздан, микробиоценоздан.

Биотоп деп биоценоз орналасқан өзінің геоморфологиялық, климаттық, геохимиялық және басқа да абиотикалық қасиеттері біркелкі аймақты айтады. Биотопқа өлі табиғаттың бір-бірімен тығыз байланысты екі компоненттерінің жиынтығы кіреді:



  1. температурасы, ылғалдығы, қысымы, күн радиациясы және т.б. осы

сияқты қасиеттермен мінезделетін және құрамында атмосфералық ылғалдылығы мен биогенді газдары бар атмосфера кіреді;

  1. құрамына топырақ асты жыныстары мен жер асты сулары бар жердің беткі топырақты қабаты кіреді.

Биогеоценоз ұғымына фация – бүкіл даму барысында жыныстардың бір құрамы, рельефтің, ылғалдың бірдей сипаты, бір микроклимат пен бір биоценоз сақталатын ең кіші табиғи-аймақтық кешені ұғымы жақын келеді.

Биогеоценоздың тірі құрауыштарына – продуценттер, консументтер, редуценттер, ал өлілерге күн энергиясы, ауа, су, субстрат жатады.

Тіршіліктің тоқталмай жүріп тұруының негізгі себебі – табиғаттағы зат айналымының болуында. Кез келген биогеоценозда зат айналымынсыз барлық бейорганикалық заттардың қоры таусылып қалар еді, оның себебі олар бұл жағдайда ағзалардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде қайтадан жасалмай таусылып қалуында. Биогеоценозда зат айналымы болуы үшін ағзалардың екі түрі болуы керек: 1) бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасайтын; 2) осы органикалық заттарды өздерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданып оларды қайтадан бейорганикалық түрге айналдырушы.

Экожүйедегі (биогеоценоздағы) өздігінен реттелушілік – қандай да бір табиғи немесе антропогенді әсер етуден соң ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілеттілік.

2) Экожүйелер – энергия мен қоректік заттардың айналымы арқылы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатқан әр түрлі ағзалар жиынтығы мен олардың өмір сүру ортасы. Экожүйенің тірі құраушысы – қауымдастық (биоценоз).

Экожүйелер кеңістіктік масштабы бойынша әр түрлі деңгейдегі мына экожүйелерді қарастырады: микрожүйелер, мезоэкожүйелер, макроэкожүйелер, үлкен экожүйелер. Өмір сүру ортасына байланысты құрлықтық және сулы экожүйелерді қарастырады.



Экологиялық факторлар – экожүйедегі тірі ағзаларға қауымдастығы мен жалпы экожүйе тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған ортаның маңызды факторлары. Экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: биотикалық, абиотикалық және антропогенді факторлар.

Абиотикалық факторларды тірі ағзаларға тікелей не жанама әсер ететін өлі бейорганикалық табиғаттың компоненттері мен құбылыстары құрайды. Негізгі әсер етушілерге климаттық, топырақтық не эдафостық, сулы орта факторлары жатады.

Ағзалардың тіршілік әрекетінің басқа ағзалар тіршілігіне және өздерінің қоршаған өмір сүру орта компоненттеріне тигізетін әсері биотикалық факторлар кешенін құрайды.



Антропогенді экологиялық факторлар адамның іс-әрекетінің тек тірі ағзаларға ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның абиоттік факторларына да әсерін көрсетеді. Олар адамның мақсатты бағытталған немесе кездейсоқ іс-әрекеттерінің нәтижесінде болатын және экожүйенің құрамы мен дамуына, биосфераның дағдарысына әсер ететін экологиялық факторлардың жиынтығы.

Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек (трофикалық) – экожүйеде ағзаның қоректенуі кезіндегі органикалық заттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін ағзалар тізбегі.



Продуценттер (ағылш. to produce - өндіру) – бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өндіретін ағзалар. Жер бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамыз.

Консументтер (латын. консуме – тұтыну) басқа ағзалармен (продуценттермен) өндірілген органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Экожүйедегі бұл ағзалар гетеротрофты деп аталады.

Редуценттер – органикалық заттар қалдықтарын бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.)

Қоректік тізбектің әрбір түйіні – нәрлену деңгейі деп аталады. Бірінші нәрлену деңгейін автотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер деп аталатындар алады. екінші нәрлену деңгейіндегі ағзалар – бірінші реттік консументтер, үшіншідегілер – екінші реттік консументтер деп аталады.

Бірінші реттік продуценттерге автотрофты ағзалар, негізінен жасыл өсімдіктер, кейбір прокариоттар, көк-жасыл балдырлар және фотосинтезделетін бактерияның аздаған түрлері жатады.

Бірінші реттік консументтер бірінші реттік продуценттермен қоректенеді, яғни олар шөп қоректі жануарлар.

Екінші реттік консументтер шөп қоректілермен қоректенеді, осылайша бұлар екінші реттің консументтерін жейтін үшінші реттік консументтері сияқты етпен қоректенетін жануарлар.

Түрлердің толеранттығы. Толеранттық ұғымы (латын tolerantia – шыдамдылық) экологиялық әсерлердің өзгеруіне деген түрдің шыдамдылығын білдіреді.

Экожүйенің тұрақтылығы деп экологиялық факторлар өндірісі кезінде оның қалыпты тіршілік ету көрсеткіштерін сақтап қалу мүмкіншілігін түсінеміз.

Топтардағы популяцияаралық өзара әрекеттестіктер – бұл әр түрлі популяциялардың топтың шегіндегі байланысы; мынадай қатынастарды бөледі: бейтарап, бәсекелес, паразиттік, жыртқыштық, бірігушілік, мутуализм, комменсализм, антагонизм.

Бәсекелестік – табиғи топтардың құрамын анықтайтын қатынастардың басты типтерінің бірі, бәсекелес түрлер бірге тіршілік ете алмайды.

Бір түрлердің басқа түрлермен уақыттың белгілі бір кезеңінде мұндай ауысуы экологиялық сукцессия деп аталады. Осы процестің нәтижесіндегі тұрақтылыққа келіп, өзін-өзі қалпына келтіру қабілеті бар және ортамен тепе-теңдікте болатын қауымдастық толықсыған қауымдастық деп аталады. Жалаңаштанған тау жынысына не топырағы құрыған басқа да үстіңгі қабаттарға қоныстанудан басталған сукцессия типі бірінші реттік сукцессия деп аталады. Бұдан айырмасы екінші реттік сукцессия деп үстіңгі қабаты толықтай не айтарлықтай дәрежеде өсімдіксіз, бірақ бұрын тірі ағзалардың ықпалында болғандықтан органикалық құрауыштары бар жерден басталған сукцессияны айтады.


Кез-келген экожүйе динамикалық болып табылады. Онда үнемі оның негізгі компоненттерінің тіршілік әрекеттері мен күйі, популяциялардың арақатынасы өзгеріске ұшырап отырады. Экожүйелерге тән ерекшелік олардың тәуліктік, маусымдық және көпжылдық динамикасының болуы.

Тәуліктік динамика. Әрбір биоценозда тіршілігінің белсенділігі тәуліктің әр түрлі уақытына сәйкес келетін ағзалар тобы болады. Біреулері түңгі уақытта белсенді, ал күндіз тығылып жатады. Басқалары түнде пассивті. Олай болса, экожүйенің жеке популяциялық арақатынасы мен құрамында периодты өзгерістер болып тұрады. Тәуліктік динамиканы тек жануарлар ғана емес, өсімдіктер де қамтамасыз етеді. Тәуліктік ырғақтар барлық белдеулердің, тропиктерден тундраға дейінгі бірлестіктерінде байқалады.

Экожүйелердегі тәуліктік өзгерістерде неғұрлым күн мен түн кезіндегі температура, ылғалдылық және басқа факторлардың айырмашылығы көп болса, соғұрлым күштірек көрінеді.

Мысалы, тәуліктік миграциялар, әсіресе теңіз планктонына тән. Каспий теңізінің зоо және фитопланктонының өкілдері күндіз 100-350 м тереңдікте болса, түнде беткі қабаттарға қарай көтеріледі.

Маусымдық динамика. Тек белсенділік күйінің өзгеруі ғана емес, көбею циклі, маусымдық миграциялар және т.б. байланысты жеке түрлердің сандық арақатынасы өзгеруі арқылы көрінеді. Жыл мезгілінің ауысуы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік қызметіне әсер етеді (гүлдеу кезеңі, жеміс беру, белсенді өсу, жапырақ түсіру, өсімдіктердің қыстық тыныштық күйі, жануарлардың қысқы және жазғы ұйқыға кетуі, миграциясы). Маусымдық динамикаға экожүйенің белдеулік құрылымы да ұшырайды; жылдың белгілі бір маусымында өсімдіктердің жекелеген белдеулері толық жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, бір жылдық өсімдіктерден тұратын шөптесін белдеу. Маусымдық өзгерістерді төменде көрсетілген кестедегі үлгімен бақылауға болады.

1-кесте


Маусым

Маусым тармағы

Басталуының фенологиялық индикаторлары

 

Қар еруі

Ұзақтардың ұшып келуі.

Көктем

Тірілуі

Бүршік жару

 

Көктемнің гүлденуі. Жаз алды

өсімдіктердің гүлдеуі

Жаз

Жаздың басталуы

Жеміс түйіндерінің пайда болуы

 

Толық жаз. Жаздың аяғы

Жемістердің пісіп-жетіле бастауы

Күз

Күздің басталуы. Күздің соңы (күрең күз)

Жапырақтардың сарғаюы, түсуі

Қыс

 

Тыныштық күй

Көпжылдық динамика. Кез-келген экожүйенің өміріндегі қалыпты құбылыс. Ол жылдар бойынша бірлестікке әсер ететін климаттық және басқа да сыртқы факторлардың өзгеруіне байланысты болады. Сонымен қатар, көпжылдық, периодтылық эдификатор (латын тілінен аударғанда edificator - құрылысшы) өсімдіктердің тіршілік циклінің көпжылдық периодтылығына, жануарлар мен өсімдіктер үшін патогенді микроорганизмдердің жаппай көбеюіне қайталануына және т.б. байланысты болуы мүмкін.

Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында біртіндеп қалыптасады. Мысалы, вулканнан кейінгі аралдағы бірлестіктің даму моделін қарастырайық. Ағаштар мен бұталар жалаңаш, жартасты жыныста өсе алмайды. Себебі, оларға қажет топырақ жоқ. Ал балдырлар мұндай территорияларға қоныстанып, пионерлік бірлестіктер түзуге қабілетті. Ағзалардың біртіндеп жиналуы мен тау жыныстарының эрозияға ұшырауынан топырақ қабаты түзіледі.

Мұндай топырақ қабаты мүктер мен папоротниктердің өсуіне мүмкіндік береді. Кейін аталған өсімдіктерден соң қоректік заттарға сұранысы жоғары өсімдіктер - тұқымды өсімдіктер, соның ішінде шөптер, бұталар, ағаштар қоныстанады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен алмасуын сукцессиялар деп атайды. «Сукцессия» ұғымын 1898 жылы Г. Каулсон енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік - климаксты бірлестік деп аталады.



Климакс (грек тілінен аударғанда klimax - баспалдақ) - берілген орта жағдайындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. «Климакс» ұғымын 1916 жылы Ф. Клементс ұсынған.

Жалаңаш тау жынысы немесе топырағы жоқ беттің (мысалы, құм, бұрынғы мұздықтың орны) қоныстануынан басталатын сукцессия типін - бірінші реттік деп атайды. Екінші реттік сукцессия өсімдіктері аз, бұрын тірі ағзалардың әсеріне ұшыраған және органикалық заты бар жерде басталады. Мысалы, кесілген орман, күйген жер, тастап кеткен егіс танабы. Бұл жердегі топырақта тұқымдар, споралар вегетативтік көбею мүшелері сақталуы мүмкін. Олар сукцессияға әсер етеді.

Алғаш рет сукцессия ілімін жасаған 1916 жылы Клементс болды. Ол Солтүстік Америка бірлестіктерін зерттей отырып, климакстық бірлестіктің құрамын анықтайтын негізгі фактор, климат екендігі туралы қорытындыға келді. Клементс бойынша берілген климаттық жағдайда тек бір климакстық бірлестік тіршілік ете алады (моноклимакс концепциясы). Қазіргі кезде полимакс концепциясы ұсынылған. Бұл концепция бойынша климакс барлық физикалық факторлардың әсерінен қалыптасады. Ал ол факторлардың біреуі немесе бірнешеуі басым болуы мүмкін (дренаж, топырақ, өрт және т.б.).

Нағыз құрлықтың климакстық бірлестігіне жапырақ түсіретін ормандар жатады. Бірінші ретті өнімнің көп бөлігі ағаш белдеуінде түзіледі, ал интенсивті ыдырау топырақ деңгейінде жүреді. Орман бірлестігінің негізгі ерекшелігі оның белдеулерге бөлінуі болып табылады.

Бір биогеоценоздың екіншісіне өтуі бірден болмауы да мүмкін. Барлық уақытта экотон деп аталатын аралық белдеу болады (мысалы, тоған мен құрлық экожүйесінің арасында батпақты кеңістік, бұталар орман мен даланы бөліп тұрады және т.б.). шекаралық белдеу үлкен болуы да мүмкін, бірақ ол шектесін жатқан экожүйелерден жіңішке болады. Әдетте экотонды бірлестіктердің едәуір түрлері, кейде тек экотонға тән түрлер кіруі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің популяцияларының тығыздығы және түрлердің саны шекаралас жатқан экожүйелерден де артық болады. Бірлестіктер шекарасындағы тірі ағзалардың тығыздығы мен алуан түрлілігінің арту тенденциясын шекаралық эффект деп атайды.

Экожүйелердің гомеостазы. Экожүйелер тек энергия ағыны мен зат айналымымен ғана емес, сонымен қатар дамыған ақпарат байланыстарымен сипатталады. Олар жүйенің барлық бөліктерін байланыстырады да оны біртұтас бүтін ретінде басқарады. Олай болса экожүйелердің кибернетикалық табиғаты бар.

Экожүйенің тұрақтылық дәрежесі қоршаған ортаның әсер ету дәрежесіне және ішкі басқару механизмдерінің тиімділігіне байланысты болады.

Сыртқы ортаның әсері тоқтағаннан соң жүйенің өзінің қалыпты күйін жылдам қалпына келуі кері теріс байланыстың әсерімен анықталады. Егер оң кері болса, ал теріс кері байланыс - оны кемітеді.

Бұл тәуелділік Шателье-Браун принципінен көрінеді: жүйені тұрақты тепе-теңдік күйінен шығаратын сыртқы әсерден тепе-теңдік сыртқы әсердің эффекті әлсірейтін бағытқа қарай ығысады.

Экожүйенің өзінің тепе-теңдігін ұстауға қабілеті мен өздігінен реттеуін гомеостаз деп атайды. Гомеостаздың негізінде теріс кері байланыс принципі жатыр. Осы байланыстың әсерінен қоректік заттардың қорға жиналуы мен бөлініп шығуы, органикалық қосылыстардың өндірілуі мен ыдырау процестері реттеледі.

Экожүйенің гомеостазын ұстап тұруының белгілі бір шегі болады.



Мысалы, ауыл шаруашылығында өнімділіктің артуын көбіне енгізілетін тыңайтқыштардың мөлшерімен байланыстырады. Бірақ, кейде тыңайтқыштардың мөлшері кері байланыс әсерінің жоғары шегінен шығып кетеді. Осының нәтижесінде агроценозда егістіктің деграциясына әкелетін қайтымсыз өзгерістер болуы мүмкін. Тыңайтқыштарды шектен тыс пайдалану топырақтың эрозиясы мен сортаңдауына әкеліп соқтырады.


2 Модуль

5 Дәріс

Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілік және жануарлар мен өсімдіктер ресурстарын тұрақты пайдалану

Дәріс жоспары:

1. Биологиялық алуантүрлілік

2. Жануарлар мен өсімдіктер ресурстарын тұрақты пайдалану
Биологиялық алуантүрлілік. Қазақстан флорасының түрлілігі әртүрлі таксондардың (түрлер, тектер) құрамы мен саны бойынша өзгереді. Дала және шөл аймақтарының жазық бөлігінде флораның әртүрлілігі мен өзіндік сипаттары батыстан шығысқа қарай, ал тау экожүйелерінде – солтүстік шығыстан (Алтай) оңтүстік-батысқа қарай (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) арта түседі.

Қазақстан аумағында 6000 артық жоғары тамырлы өсімдіктер, шамамен 5000 саңырауқұлақтар, 485 – қыналар, 2000 артық балдырлар, 500 мүк тәрізділер тіркелген. Саңырауқұлақтар мен жоғары өсімдіктер арасында 14% түрі эндемиктер болып табылады. Эндемиктердің ішінде 10 түрлі монотиптерін атап өткен жөн: туу соршөбі, рафидофитон, жалған шөл масағы, жалған бүйіражапырақ, бочанцевия, канкриниелла, таволгоцвет, іріаталық, пастернаковник, недзвецкия. Эндемиктердің ішінде реликтілер де аз емес.

Жалпы, Қазақстанның жоғары өсімдіктер флорасы толығымен субтропикалық эоцен өсімдіктері, мезофилді-орман олигоцен флорасы, ескі ортатеңіз неоген флорасы. Өткен кезеңнің бірқатар өкілдері реликтілер ретінде сақталынған. Олар – Шренк таволгоцвет, Регель рафидофитон, зайсан лақса, Потанин балжапырақ; Түркістан қайыны, түйе жаңғақ, Сиверса алма ағашы, парсы шетен ағашы, Талас терегі және басқалар; көн тәрізді қияқ, аласа рауғаш, көп тамырлы пияз.

Қазақстан микрофлорасының 4,8 % эндемикалық түрлер болып саналады. Әсіресе, жоғарғы эндемизм сферопсидті саңырауқұлақтарға тән (3 тектері және 124 түрлері).

Қазақстанда әлемдік маңызды агробиотүрлілік (АБӨ) өсімдіктерінің бірегей генетикалық ресурсы топтасқан. Оларға 24 түрлі ауылшаруашылық дақылдардың генетикалық әлеуетін анықтайтын 194 түрлі өсімдіктер өнеді. Жемісті АБӨ, әсіресе жабайы алма және кәдімгі өрік әлем елдері мойындаған жемістер. Олар Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Кетмен, Жетісу Алатауы және Тарбағатай таулы ормандарында өседі. Сол сияқты кәдімгі пісте, кәдімгі бадам және шараптық жүзімдіктер секілді генетикалық ресурстар экономикалық маңызға ие. Қазақстанда осы түрлердің ең солтүстіктегі ареалдары орналасқан. Бұл олардың табиғи таралуында аязға төзімді, суыққа шыдамды генетикалық негіздерінің болуына жағдай жасайды.

Қазақстанда идек өнімдерін кеңейту үшін қарақаттың 10 түрі және қарлығанның 1 түрі өсіріледі. Көкөністік АБӨ сәбіз, портулак, қояншөп, пияз және сарымсақ жатады. Республикада пияз бен сарымсақтың жабайы тұқымдастарының 120 түрлері өседі. Бұл ұлттық және ғаламдық деңгейдегі бай генетикалық материал болып табылады.

Агробиологиялық гүлді-декоративті өсімдіктерді өсіруді игерудің болашағы бар. Бәйшешектердің отаны деп Голландияны атау қалыптасқан. Дегенмен, олардың түрлік және генетикалық алуантүрлілігі Қазақстанда шоғырланған. Мүнда бәйшешектердің 31 түрі өседі.

Республикада бидайдың 70 астам сорты, жеміс-жидектердің 68 сорты, көкөніс-бақшалықтардың 60 астам сорты, картоптың 23 сорты анықталып, аудандастырылған.

Жоғарғы өсімдіктердің флора құрамында дәрілік, жемдік, техникалық, азықтық, декоративті, сондай-ақ, ағаш-бұталы өсімдіктер де аз емес. Көпжылғы зерттеулерден илік өсімдіктердің 20 артық түрлері айқындалды, олардың ішінде таулықтар, қымыздықтар, рауғаштар бар. Осы түрлердің құрғақ тамыр қоры 200 мың тоннаны құрайды. Кешенді пайдаланылатын техникалық өсімдіктер – кәдімгі қамыс, жылтыр ши, қопалары соңғы кезде көп азайып кеткен. Зерттелген 450 эфирмайлы өсімдіктердің ішінде шамамен 70 май құрамы мен маңызы бойынша маңызға ие. Олардың ішінде жусан, иссоп, жалбыз, мың жылдық өсімдіктер бар.

Негізгі дәрілік өсімдіктер ресурстары (80%) Іле Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскен, Жоңғар Алатауы, Қырғыз жотасы, Боралдайтау, Алтай, Тарбағатай тауларында таралған. Кейбір түрлер бойынша республика экспортшы бола алады. Осылайша, қырықбуын эфедра ресурсы шығынсыз 700 тонна құрғақ шикізат әзірлеуге мүмкіндік береді, жалаңаш және орал мия ресурсы қоры 75 мың тоннаны құрайды. Басқа өсімдік түрлері бойынша ресурстар ішкі сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті.

Фауна. Қазақстанның фаунасын түгендеу тек омыртқалы жануарлар үшін ғана аяқталды (835 түрі), олардың ішінде сүтқоректілер – 178, құстар – 489 (олардың 396 осы жерде ұя салады, қалғандары қыстауға келеді, көктем мен күзде ұшып өтеді), қосмекенділер – 49, жер мен суда мекендеушілер – 12, балықтар – 104 және жайна ауыздар – 3 түрлі.

Қазақстанда 80 мыңға жуық омыртқасыздар жануарлар мекен етеді, олар келесі типтермен көрсетілген: шыбын-шіркейлер 50 (300 жақын түрі), бунақ аяқтылар (60 мыңнан астам, шыбын-шірмекейлер 50 мыңға жақын және өрмекші тәрізділер 10 мыңдай); құрттар (200 артық түрі); немертиндер; ішекқуыстылар; губкалар және қарапайымдар (10 мыңнан кем).

Сүтқоректілердің барлық түрлік сан алуандығының жартысына жуығы кемірушілер тұқымдастарының 82 түрі құрайды, олардың ішінде Қазақстан үшін эндемикалық селевинияның түрі мен тегі, немесе боялычная соня және Батыс Тянь-Шаньнің эндемигі –Мензбира суыры.

Аңшылық сүтқоректілердің 33 түрінен алдыңғы орында тұяқтылар (бұғы, қабан, елік, сайғақ, сібір тау ешкісі, таутеке, марал) және жабайылар (қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сілеусін, аю, сусар, бұлғын, дала күзені) тұр. Олардың көбісі жоғалу қаупі болғандықтан Қызыл кітапқа енгізілген.

Ертеден келе жатқан – сайғактың тағдыры мысал бола алады, ХХ және ХІХ ғасырларда екі рет жоғалу шегінде болып, ғалымдар мен өндірушілердің күш салуымен ғана қалған. Қазір сайғақ – маңызды аңшылық түрі, орнықты пайдаланылуы олардың санын мониторингтеп отыруға байланысты.

Құстардың 489 түрі ішінде аңшылық түрі 40-тан астам – қазтәрізділер, ржанко тәрізділер, гагаралар, сұқсыр үйректер, ескек аяқтылар және тынратәрізділер. Қазақстанның дала және шөлейттегі суалқаптарында жүздеген мың құс ұя салады, ал мезгілдік көш-қон кездерінде, миллиондаған үйректер, қаздар, қарашақаздар, шалшықшылар және басқа да сулы-саздақтар құстары.

Аңшылық-өндірісте екінші орынды тауық тұқымдастар алады (құр, шіл, бұлдырық, кекілік, қырғауыл, ұлар, бытпылдық). Жабайы құстардың 35 түрінің ішінде кездесетіндері бүркіттер, ақсары, сұңқарлар, қаршыға, ұлы жыландар, ара жейтіндер, күшігендер, құмайлар, қозықұмайлар. Аяусыз қыру нәтижесінде республикалық Қызыл кітапқа ірі қырандар, сұңқарлар және өлекселер енгізілді, оның ішінде бүркіт – Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасының символы.

Қазақстандық фаунада тұтас эндемиктердің болмауына қарамастан, бірқатар даланың қанатты мекендеушілері тек біздің аумағымызға сыйпатты, мысалы қара бозторғай, сол сияқты ақбас тырна және шалшықшы ақсұңқар.

Қазақстанда бауырымен жорғаушылардың 49 түрі көп уақыт бойы, (40-180 мың данадан жылына) дала тасбақасы даярланды, бұл оның санының кемуіне әкелді. Бұл жағдай ұлы жыландарғада – боз жыланға, кәдімгі және дала сұр жыландарына да қауып төндіреді, жыланның уын алу үшін оларды аулап алынады. Соңғы жыландары әртүрлі өрмекшілер уларына сұраныс бар.

Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасы 100 жақын балық санын көрсетеді (15 жерсіндірулік). Балықшаруашылық үшін маңызы бар балықтардың 19 түрі анықталады: бекірелі – қортпа, орыс бекіре, шоқыр, шип, және частиковые – шортан, шабақ, аққайран, ақбалық, қарабалық, шығыс тыран, күміс мөңке балық, сазан, ақ толстолоб, ала толстолоб, кәдімгі лақа, кәдімгі алабұға, балқаш алабұға, кәдімгі көксерке.

Барлық дөңгелекқауыздылар мен түрлі балықтардың (140 түрге жақын) қазір 5-8 түрі жасанды жолдармен өсіріліп, гибридтер де қосылады. Олар Каспийдегі бекірелілер, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ақсақалылар, ақ амур және дөнмаңдай балықтар, оңтүстік аймақтарында барлық жерлерде дерлік – тұқы балықтар, сол сияқты гибридтер қатары. Майшабақтылар, ақбалық, хариус, таймень, шортан, каспийлік торта шабақ, кутум, қарабалық, қаяз, көкбасы, балхаш алабұғасы, нельма, Жабайы популяцияның өнімділігін жоғарлату үшін селекциалық және генетикалық мақсатта қолданылуы мүмкін; олардың арасында аквариумда көбейтуге жарамды эндемикалық және субэндемикалық формадағы карпалық және вьюндық ұсақ түрлері бар.

Амфибия мен рептилилердің генетикалық ресурсы ретінде улы жыландар түрін қарауға болады: дала және кәдімгі сұржылан, қара сұр жылан, қалқантұмсық жылан, сол сияқты шығыс медицинасында пайдаланылатын бақа-тістер, шығыс айдаһары. Ортаазия тасбақасы экспорттың маңызды бабы болып саналады.

Жануарлар әлемінің агробиотүрлілігі (жабайылар мен үй жануарлары) Қазақстанда жеткілікті танылмаған, қазіргі кезде селекциялық жұмысқа пайдаланылмай отыр. Республика аймағында ертеде тұқымдары үй жануарлары болған жабайы омыртқалылар түрлері мекендейді олар муфлон, арқар, қабан, құлан, шиебөрі, қасқыр, дақты мысық және басқалар. Құстар ішінде – бұл, алдымен үйректілер (үйректер, қаздар) және тауықтылар.

Республика аумағында жергілікті үй жануарларының түрі пайдаланылады, оның ішінде қазақстандық селекциямен алынған: ірі қара мал (4), қойлар (9), ешкі (3), жылқылар (2). Дегенмен дала жануарларының бірқатары ауылшаруашылық түрлерді шығармай-ақ пайдаланылуда, мысалы маралдарды жасанды өсіруі; мамық жүнді дала аңдары (қаракүзен, бұлғын, түлкі). Терісі бағалы дала аңдардың селекциялық-генетикалық пайдалану келешегі бар: ақкіс, бозсуыр, ондатра, кәмшат. Қарақұйрықты үйге үйрету тәжірибесі өткізіледі.

Орнитофаунаның селекциалық-генетикалық зерттеудің нысандары сұр үйрек, сұр қаз, барылдауық үйрек, бөдене болып табылады. Фермаларда белгілі аңшылық түрлерді өсірудің үлкен келешегі бар: даудақ, қырғауыл және басқа тауық түрлерін.

Бунақты, кәдімгі, үлкен және кіші түркептерлер, қара бозторғайлар, қара сайрауық, шетен-сайрауықтар, ала тасты сайрауық, қарала торғайлар және басқа да торғай түрлерін «экзотикалық» құстар ретінде өсіріп, сыртқа шығаруға болады.

Микроорганизмдер. Биологиялық түрлілік микроорганизм әлемдерінде олардың морфология емес, ал қызметімен, табиғи ортасындағы көп жақтық қызметпен және әр түрлі технологиялардағы микроорганизмдердің ферментілік әлеуетінің байлығы.

Микроорганизмдер екі ғаламдық ғаламшар үдерісінің – көміртектің және азоттың айналымына белсенді қатысушы болып табылады. Нақ микроорганизмдер органика қалдықтырын көмір қышқылына дейін минералдайды, атмосфера азотын органикалық азотты қоспасы құралымына түрге ауыстырады.

Микроорганизмдер жер құнарлығының қалыптасуына және бұзуына белсенді қатысады. Мысалға, бидайдың монодақылын қайта өсіру нәтижесінде топырақ құнарлығы деңгейінің нашарлауы топырақтың органикалық заттарын минералдандыруға, нитраттауға қатысатын бактериялар санының өзгеруі есебінен болады. Нәтижесінде Қазақстанның қара топырағы мен қызғылт топырағы бастапқы мөлшерден 25-35% қарашірігін (гумус) жоғалтқан. Топырақтың ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен ластануы микроорганизмдердің түрлік алуантүрлілігінің азаюымен жүзеге асады.

Азоттың биологиялық тіркелімі ассоциативтік және симбиотикалық азот тіркегіш микроорганизмдер көмегімен орындалады. Өсімдіктің ризосферасындағы еркін тұратын азот тіркегіштер мекен етеді, топырақты қопсытқанда олардың саны артады. Оңтүстіктегі суарғыш жерлерінде азот тіркегіштерінің түрлі топтары аңықталған. Күріштің суланған топырағында азоттың тіркелімі анаэробті бактериялармен жүзеге асады. Еркін азоттың симбиотика тіркелімі жабайы және екпе бұршақты өсімдіктің тамырлы түйнектерінде бактериялармен орындалады. Жоңышқа, соя, түйе бұршақ, козлятник тамырларынан экологиялық тыңайтқыш (нитрагин) алу үшін түйнек бактериялар анықталған.

Қазып алынған флора мен фауна. Қазақстан Республикасы аумағында палеозой, мезозой және кайнозой дәуірінің палеонтологиялық қалдықтарының орны көп. Шу-Іле тауларында 420 млн. жыл жастағы тамырлы өсімдіктер өкілдерінің ертедегі қалдықтары табылған. Қазақстанның оңтүстік-шығысында Азиядағы ең көне 280 млн. жыл бұрын өмір сүрген төртаяқты омыртқалы жануарлар қалдықтары табылған. Қазақстанның оңтүстігінде Қаратаудағы юра дәуірінің көлі белгілі, мұнда 150 млн. жыл бұрын мекен еткен жәндіктер, өсімдіктердің, балықтар, қолтырауын, ұшатын жүнді кесірткелердің қалдықтары көп.

Елдің батысы мен солтүстік-батысында юра және бор кезеңінің су және жер беті жорғалаушылары, өсімдіктерінің қалдықтары, сонымен қатар кайнозой дәуірінің палеофлорасы мен сүтқоректілерінің қалдықтары табылған. Солтүстік-шығыс Арал маңында динозаврлардың үлкен мекен орындары мен бор дәуірінің өсімдіктері орын алған.

Қазылған флора мен фаунаның өкілдері бұрынғы геологиялық дәуірлердегі өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігінің өзгеру үрдістері туралы, бір топтардың жойылып, жаңа түрлердің пайда болу себептері мен факторлары туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, шаруашылық қызметтің нәтижесінде Қазақстандағы кейбір осындай мекендер жойылған. Мұндай қалдықтардың жартысы құрылыс материалы ретінде жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарымен тастарды пайдалану кезінде, жолдарды, елді-мекендерді салу кезінде жойылады.

Палеозой, мезозой және кайнозой дәуірлерінің омыртқалы жануарлары мен өсімдіктерінің қалған негізгі орындары: Шу-Іле таулары (Жердегі ең көне өсімдіктер), Кульденентемір (бор флорасы), Тақырсор (пальмалы эоцен дәуірінің субтропиктік флорасы), Ержылансай, Алтын-Шоқысы (Торғай орман флорасы), Өтеген (Азиядағы ең көне кейінгі карбон-ерте пермьнің омыртқалы жануарлары), Шах-Шах (бор дәуірінің динозаврлары және басқа да омыртқалы жануарлар мен өсімдіктер), Әулие (юра дәуірінің ұшатын кесірткелері, қолтырауындар, жәндіктер, өсімдіктер), Күшмұрын; Приозерное (бор дәуірінің мозозаврлары және басқа да теңіздік бауырымен жорғалаушылар), Қараторгай, Ақтау уна (алып индрикотерий мүйізтұмсығы – Жердегі ең ірі сүтқоректі), Павлодар «пра-африкалық» фауна: керіктер, түйетұмсықтар.

Қазіргі таңда Қазақстанда палеозой, мезозой және кайнозой эраларының сүтқоректі жануарлары фаунасының және флора қалдықтарының шамамен 225 негізгі мекен еткен орындары белгілі. Олардың ішінде бір палеозойлық омыртқалылар қалдығы және 100 өсімдіктер түрі. 36 мекен орындарында мезозой мен кайнозой фаунасының және 126 флораның қалдықтары сақталған.

Қазіргі кезде қалдықтардың тек үш мекен орны қорғалады: екеуі Ақсу-Жабағлы қорығының аймағында және Павлодар қаласындағы табиғат ескерткіші. Қалдықтардың кейбір мекен орындары табиғат және антропогендік факторлардың әсерінен жартылай және толығымен жойылған. Дүниежүзілік маңызы бар қалдық орындардың ішінде: Галкино (Успенское) – юра жәндіктері, сүтқоректілері және өсімдіктер; Кульденентемір – Орталық Азия аймағындағы бор дәуірінің бірінші қалдық орындары толығымен жойылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның геологиялық дәуірінің флорасы мен фаунасының сақталу жағдайын анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу және шаралар қолдану қажеттігі туып отыр.
2 Модуль

6 Дәріс

Тақырыбы: Су және жер экожүйелерінің биологиялық алуантүрлілігі

Дәріс жоспары:

Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.[1]

Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет