Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Қоршаған орта және биологиялық алуантүрлілік»



жүктеу 1.21 Mb.
бет4/4
Дата04.03.2018
өлшемі1.21 Mb.
1   2   3   4

Қазақстанның конвенцияға қосылуы

  • Конвенцияның негізгі ережелері


    Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.

    1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:

    • әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;

    • биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;

    • биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;

    • биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.[1]

    Қазақстанның конвенцияға қосылуы


    Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің 500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады.

    Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдік стандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды 17,5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген.


    Табиғатты қорғау

    Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні


    29 желтоқсан - Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні.

    Конвенцияның негізгі ережелері


    Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды: 1. Биологиялық сан алуандықты тұрақты пайдалану; 2. Оның құрамдас бөліктерін тұрақты қолдану; 3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу.

    Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері


    • Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру;

    • Жоспар шараларын қаржымен қамтамасыздандыру;

    • Қорғау үшін обьектілерді анықтау;

    • Шаруашылықтың әсерінен биосаналуандыққа қауіпті бағалау;

    • Биосаналуандығының ахуалына мониторинг өткізу, проблема бойынша мәліметтер банкін құру;

    • Генетикалық модифицирленген ағзаларды бақылау;

    • Сирек және жоғалып жатқан түрлерді қорғауды, заңды түрде бекіту;

    • Жоғалып жатқан түрлерді қайта көбейту бойынша шараларды жүзеге асыру;

    • Тұрақты қолдану бойынша шаралар қабылдау;

    • Биологиялық сан алуандық қоспалары;

    • Экологиялық білімді дамыту;

    • Ағарту және тәрбие;

    • Биосаналуандығы мүдделерін есептеу бойынша мәліметтерді жинау;

    • Шаруашылық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу.

    Қазақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы


    Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы және т.б енген. Экологиялық және ауылшаруашылық бағыт бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл ел» және «2005-2007 жылдарға арналған ақ бөкендердің және жоғалып жатқан және сирек жабайы тұяқты жануарлар түрін сақтау және қайта көбейту» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Елде, биологиялық сан алуандықты сақтауда және экологиялық білімді артыруда және биоресурстарды тұрақты қолдануға қолдау жасау бойынша мықты мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда. Биологиялық ресурстарды қолдану және қорғау саласында ұлттық заңнама бар. Ол Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөнінде», «Жануар әлемін тиімді пайдалану және қайта орнын толтыру, қорғау жөнінде», «Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жөнінде» Заңдарында негізделген.
    3 Модуль

    11 Дәріс



    Тақырыбы: Биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму барысы

    Дәріс жоспары:

    1.Экологиялық зерттеулердің даму жолдары

    2. Биосфералық зерттеулердің даму жолдары

    Экология – биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX-ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады. Экологиялық зерттеулердің дамуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

    I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Ленин (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В.Докучаев (1846-1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми –зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтің “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

    II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формазов, НүИ.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан универ-ситетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И. Панфильев, П.Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті. Әсіресе, осы кезеңдердегі Г.Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі», Д.Н.Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілімі”, орыс ботанигі В.Н. Сукачевтың “Биоценоз”, В.И.Вернадскийдің “Биосфера туралы ілімі”, т.б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті. Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л.А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г.В. Никольский, Б.Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М.С.Гиляров), насекомдар экологиясы (И.В. Кожанчиков, Г.Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов, Г.А. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В.В. Догель, Е.Н. Павловский, В.Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А.Т. Банников, Н.И. Калабухов, Н.П. Наумов, А.Н. Формозов, Г.А. Новиков, С.С. Шварц ), өсімдіктер экологиясы (В.Н.Сукачев,Б.А. Келлер, П.Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы түстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А.П. Шенниковтың “Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б.Г. Иоганзеннің “Экология
    Негіздері” (1959), Н.Б. Наумовтың “жануарлар экологиясы” (1963), т.б. еңбектері қазірге дайін маңызын жойған жоқ. Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В.А. Плющевский-Плющик, П.Ф.Соловьев, А.И. Радкевич, С.В. Шостик, П.Жуков, И.К. Лопатин, Л.С. Долбин, В.В. Адамов, Б.И. Якушев, Г.А. Новиков, Г.Г. Винберг, Л.М. Сущени, Л.В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.

    Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның “Жануарлар экологиясы” (1926), Ч. Элтонның “Жануарлар экологиясы” (1934), Шелфорд пен Ф.Клементтің “Биология” (1939), Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975, 1986), Р.Риклефстін “Жалпы экология негіздері” (1979), Ф.Рамаданың “Қолданбалы экология негіздері” (1981), Н.Чернова мен А.Былованың “Экология” (1988), В.А. Радкевичтің “Экология” (1977), Н.Ф. Реймерстің “Экология” (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық-көрген құнды еңбектер қатарына жатады.

    III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде.

    Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А.М. Гиляровтың “Популциялық


    экология” (1990), М. Захарченконың “Экологияның қазіргі проблемалары “,(1955), Н. Реймерстің “Экология” (1994), В.В. Глуховтың “Экологияның экономикалық негіздері” (1995), Ф. Мотузконның “Экология негіздері” (1994), С. Боголюбовтың “Экология және право” (1989), Ю. А. Израильдің
    “Экологиялық мониторинг” (1995), Н. Реймерстің “Экологияландыру” (1993),Г. Сидеренконың “Экологияның қазіргі заманғы проблемалары“ (1989), В.Вронскийдің “Қолданбалы экология “ (1996), С. Тлеубергеновтың “Адам экологиясы” (1996), С. Дрябо мен В. Ясвиннің “Экологиялық педогогика және психология” (1996), В. Хелсенің “Философия және экология” (1993), т.б. еңбектерді жатқызуға болады.

    Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.



    Биосфера - алғашқы «биосфера» термині француздың белгілі натуралисті Жан Батис Ламарктің (1744 – 1829) еңбектерінде кездеседі. Оның пайымдауынша «биосфера» термині грекше «биос» - тіршілік, «сфера» - шар немесе қабық дегенді білдіреді Олай болса, жер ғаламшардағы тіршілік аймағы бар қабат болып саналады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана атау жолдарлатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.Қазіргі замандағы биосфера өзіне литосфераның жоғарғы жағын және атмосфераның төменгі жағын толығымен, гидросфераны да енгізеді. Биосферадағы тірі ағзалар биомассаының ең көп тараған аймағы құрлық пен мұхит бетінде, яғни литосфера мен атмосфераның, гидросфераның және атмосфераның, литосфера мен гидросфераның түйіскен шекарасында байқалады. Бұл жерлерде тіршілікке өте қолайлы жағдайлар: температура, ылғалдылық, оттегі және ағзалардың қоректенуіне қажетті заттар және басқада элементтер жеткілікті түрде кездеседі.

    Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп шоғырланған аймағын В.И.Вернадский «тіршіліктің беткі қаймағы» деп таған. Атмосфераның жоғарғы қабатына көтерілген сайын және теңіз бен мұхиттардың терең қабатына жақындаған сайын тіршіліктің шоғырлануы азаяды.Биомассаның жиналуы жасыл өсімдік тіршілік әрекетіне тікелей байланысты болады.

    Жалпы тірі ағзалардың химиялық құрамы атмосфера және литосфера құрамынан көп айырмашылық жасайды.Оның есесіне олардың химиялық құрамында сутегі мен оттегі атомдары көбірек кездеседі, бірақ тірі ағзалар құрамында көміртегі, кальций және азоттың мөлшері басым болады. Тірі ағзалардың құрамында Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де кездеседі деп айтуға болады. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша тірі ағзалар Әлемдік материяның ең белсенді бөлігін құрайды. Олар биосферадағы күрделі геохимиялық жұмыстарды жүзеге асырып, Жердің беткі қабаттарын түрлі өзгерістерге ұшыратады.

    Биосферада екі түрлі зат айналымы жүзеге асырылады:

    Үлкен – геологиялық – тірі және өлі табиғат атомдары арасындағы биогендік миграция.

    Кіші – биологиялық – тірі ағзалар атомдары арасындағы биогендік миграция




    3 Модуль

    12 Дәріс

    Тақырыбы: Биосфералық резерваттар, құру принциптері және олардың маңызы.

    Дәріс жоспары:

    1. Биосфералық резерваттар

    2. Қорғалжын қорығы
    3. «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы


    Биосфералық резерваттардүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі бағдарламасы. Оны биосфералық резерват деп те атайды. Биосфералық қорықтардың үлгі нұсқасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 ж. қабылданған.

    Биосфералық қорықтардың мақсаты – бастапқы табиғи қалпы өзгермеген не аз өзгеріске ұшыраған аймақтардағы экожүйелерді, ондағы тірі организмдердің генетикалық қорының әр түрлілігін сақтап қалу; табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау. Биосфералық қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары экожүйелер бойынша аймақтық және бүкіләлемдік деңгейде арнайы әдістемелер бойынша жүргізіледі. Биосфералық қорықтардың алып жатқан аумағы бірнеше жекеленген аймақтарға бөлініп, онда әрбір аймақтың өзіне тән ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленеді. Биосфералық қорықтардың орталық аймағында (ядросында) табиғат қатаң қорғалады да, шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған іргелес буферлік аймақта шаруашылық жұмыстарына шектеу қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау шараларымен бірге жүргізіледі.



    Қазіргі кезде дүние жүзінің 105 мемлекетінде 529 биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (2007). Оның ең үлкені – көлемі 70 млн. га алқапты алып жатқан Даниядағы Солтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын Биосфералық қорықтарқа айналдыру жоспары қарастырылуда (1999). [1]

    Қорғалжын қорығы – Қорғалжын ауд-нда орналасқан мемл. Астана қ-нан оңт.-батысқа қарай 120 км жерде, Теңіз – Қорғалжын ойысында, Егіндікөл және Қарағанды обл-ның Нұра аудандарында орналасқан. 1957 ж. жеде, Теңіз көлі аңшылық қорықшасы деп жарияланды, бір жылдан кейін қорық ұйымдастырылды. 1962 ж. орман-аң ш. болды, тек 1968 ж. ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен қайта құрылды. 1974 ж. қорық Рамсор Халықар. конвенциясы тізімінің А дәрежесіне енгізілді. Жер аум. 177,2 мың га, оның ішінде су айм. 147,6 мың га, қазір 258,9 мың га жерді алып жатыр. Жер бедері Теңіз к-не қарай аласара беретін – жазықтық. Теңіз деңгейінен абс. биікт. 304 – 426 м. 20 ғ-дың басында бұл жерлерде 130 шақты көлдер болды. Бірақ қарқынды жүрген шаруашылық іс-әрекеттердің салдарынан, қазір 60-тай көл қалды. Оның ішінде Сұлтанкелді, Есей, Қоқай, Асаубұлақ тұщы көлдер, ал Теңіз, т.б ащы көлдер қатарына жатады. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның темп-расы – 41 – 42ӘС суық болса, шілдеде темп-ра 38 – 39ӘС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 – 350 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 418 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық аумағында қорғауды қажет ететін, сирек кездесетін және эндемик өсімдіктердің 45 түрі белгілі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 41 (оның 8-і қорғауға алынған) түрі, құстардың 321 (оның 39-ы қорғауға алынған), бауырымен жорғалаушылардың 5, қосмекенділердің 2, балықтардың 14 түрі тіршілік етеді. Қорғалжын к-не 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызылжемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде «Қызылқанат» деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне (№19) Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. 2007 ж. бұл көлдерге халықар. деңгейдегі орнитол. регион дәрежесі (ІBA) берілді. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылады. Қазір қорықта экол. туризм саласы дамып келеді. 1998 ж. ҚР қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Мин-гі Германияның табиғат қорғау одағымен (NABU) бірігіп, «Адам және биосфера» атты конференция өткізді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ елінің ең қымбат, әрі сұлу, кербез өлкелердің бірі NABU – Қорғалжын ғажабы. Бұл қорықты қастерлеу, табиғи байлықтарға еш зиян келтірмеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің борыш», деп баға берді.

    «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы


    Байланысу ақпараттары: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 32

    Жалпы алаңы: 20,743мың га

    Өсімдік және жануарлар әлемі түрлерінің саны:


    • сүтқоректілер – 16;

    • құстар – 269;

    • бауырымен жорғалаушылар –14;

    • қосмекенділер – 2;

    • балықтар –17;

    • өсімдіктер – 269.

    «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы өсімдіктер мен жауарлар дүниесін, табиғи кешендерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралдаарындағы реликті шағалаларды және отырықшы құстармен таныстыру мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысымен бекітілген. Ол Алматы облысы Алакөл ауданы мен Шығыс-Қазақстан облысы Ұржар ауданы шегінде орналасқан.

    Алғашында қорықтың ауданы 12520 гектарды құраса, кейіннен ол 20743 гектарға ұзартылған. Бүгінгі таңда оған екі бөлім — Тентек өзенінің атырауы (17423 га) және Алакөл (3320 га) көлінің аралы кіреді. Бірінші бөлімнің айналасында ауданы 21547 га құрайтын екі километрлік күзет аймағы құрылған. Үлкен Аралтөбе, Орта және Кішкене Аралтөбе – қорықтық аралдар маңында алаңы — 5130 га болатын екікилометрлік аралық аймақ орнатылған. Бұл аймақ ішінде аңшылық құруға, балық аулауға, катерлерді, қайықтарды және басқа да жүзу құралдарын қоюға тыйым салынған.

    Алакөл қорығының құрылуының алғашқы жылдары өсімдік және жануарлар әлемін зерттеуде үлкен жұмыстар атқарылған. Омыртқалы жануарлардың фаунасы толық зерттеліп, омыртқасыз жануарлардың негізгі топтарын зерттеу жұмыстары басталған. Фенологиялық және гидрологиялық бақылаулар атқарылуда.

    Қазіргі уақытта күзетілген территорияны үлкейту үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2004 жылдан бері «Дүниежүзілік маңызы бар су-саз мекендерінде тіршілік ететін жыл құстарын кешенді сақтау» атты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстандағы БҰҰ өкілдері арасында қабылданған ұзақ мерзімді жоба жұмыс жасай бастады. Бұл жоба барысында Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінің құнды жерлері енетін болады.

    Қорық террториясына су-батпақты мекен – Сасықкөл су қоймасы кіреді.

    Алакөл қазаншұңқыры Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай таулары жүйесі өзен алқабының 10 мың шаршы метр ауданын алып жатыр. Қазаншұңқырдың солтүстігі Қаракөл, Ұржар, Қатынсу, Емел және тағы басқа да өзендерімен қисысқан Тарбағатай жоталары (ұзындығы — 2000—3000 м) шектелген. Қазаншұқыр оңтүстігін Майлы, Барлық кішігірім жоталары жауып жатыр. Жоңғар Алатауы (теңіз деңшгейінен 4000—4442 м жоғары) жоталары қазақшұңқырды оңтүстігінен шектейді.

    Өзен бедерлері ежелгі теңіз және көлдердің тұзды қалдықтарынан құралған. Қанзақшұңқыр қыртысы құм тәріздес.
    Көл жиегі жағажай жағалауына арналған.

    ҚР-ның оңтүстік-шығысында орналасқан Алакөл қазандығының (теңіз деңгейінен 340 м жоғары) ең төменгі бөлігі саналатын Алакөл – Қазақстанның таңғажайып көлдерінің бірі. Көл ағыссыз, қисық алмұрт тәріздес пішінді, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған.


    Алакөл көлі мен көл маңындағы ыстық бастаулар ежелден бері өзінің керемет емдік қасиеттерімен танымал. Теңіз деңгейінен 579 м биіктікте және Алакөл көлінен 2 км қашықтықта Барлық минералды бастауы орналасқан.

    Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269-дан аса құстар түрлері мекен етеді. Реликті шағала, жек дуадақ, қарабасты күлегеш, бізтұмсық шағала, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас үйрек және басқа да аз кездесетін және жер бетінен жоғалып бара жатқан суда жүзетін шөл және тау құстарын кездестіруге болады.


    Аңдардан – арқарлар, ақбөкен, тау ешкілер, маралдар, аюлар және тағы басқаларды көре аласыз.
    3 Модуль

    13 Дәріс

    Тақырыбы: Мониторингтік зерттеулерді жүргізудің принциптері және биологиялық алуантүрлілік

    Дәріс жоспары:
    3 Модуль

    14 Дәріс

    Тақырыбы: Адамның әрекетінен экожүйелердің өзгеруі

    Дәріс жоспары:
    3 Модуль

    15 Дәріс

    Тақырыбы: Биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму барысы

    Дәріс жоспары:
    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
    umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
    umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан республикасы
    umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4


    ©kzref.org 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет