Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Радиациялық экология» 5В060600 – «Химия» мамандығы үшін ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы



жүктеу 152.97 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі152.97 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.68/01-2013




ПОӘК

«Радиациялық экология» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы


«18»___09__2013 ж.

№1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Радиациялық экология»
5В060600 – «Химия»

мамандығы үшін



ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013


Мазмұны


1

Қолданылу саласы

4

2

Нормативтік сілтемелер

4

3

Жалпы ережелер

4

4

Оқу пәнінің мазмұны (модульдің)

6

5

Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі

8

6

Пән бойынша оқу-әдістемелік карта

8

7

Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

9

8

Әдебиеттер

10


1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

«Радиациялық экология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енгізілген оқытушыға арналған пән бағдарламасы 5В060600 – «Химия» мамандығы студенттері үшін арналған.




  1. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

«Радиациялық экология» пәнінің осы оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттар талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген және аталған пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді:

- 050606 – «Химия» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандығы, ҚР МЖМБС 3.08.321 - 2006, №671 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен әрекетке енген және бекітілген.

- СТУ 042-ГУ-4-2013 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2013 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.




  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау

«Радиациялық экология» пәні 050606 – «Химия» мамандығы бойынша барлық студенттердің оқып-үйренудегі арнайы курс болып саналады. Радиациялық экология жалпы экологияның бір саласы ретінде жақын уақытта туындады. Радиациялық экология радиациялық ластанудың экологиялық салдарларын, қоршаған ортада радионуклидтердің орын ауысуының бағытын және заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

3.2 Арнайы курстың негізгі мақсаты студенттерді төменде берілген сипаттамалармен таныстыру және көзқарастарын кеңейту:

- экожүйелерде радионуклидтердің миграциялану тәртібі мен заңдылықтарын, радиациялық ластанудың экологиялық салдарларын зерттейтін ғылым ретінде радиациялық экология пәні мен оның міндеттері туралы;

- радиация зардаптарын шеккен Қазақстан Республикасының радиациялық жағдайы туралы және радионуклидтермен ластанған аймақтарда экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қайта қалпына келтіру бойынша қолданылатын шаралар туралы;

3.3 Қойылған мақсаттарға сәйкес осы арнайы курстың негізгі міндеттері:

- студенттерді радиоактивтілік және радиация құбылыстарымен және олардың өлшем бірліктерімен таныстыру;

- табиғи радиациялық фонмен және адамзат іс-әрекетінің радиациялық фонға (техногенді радионуклидтер және жасанды радионуклидтер) әсерімен таныстыру;

- негізгі табиғи және жасанды радионуклидтердің биогеохимиясымен, олардың табиғи жағдайлардағы іс-әрекетімен және көшуімен таныстыру;

- адамға радионуклидтердің әсер етуінің биологиялық эффектісімен таныстыру;

- радиометриялық және радиохимиялық экспертизаларды ұйымдастыру және жүргізу принциптерімен, радиациялық қатерді азайтудың практикалық шараларымен;

- радиациялық қауіпсіздік негіздерімен және ионданған сәулелену көздерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

3.4 Осы арнайы курс оқытылғаннан кейін студент төмендегідей талаптарды білуі қажет:

- радиациялық экология пәні, оның міндеттері және оның жалпы экология жүйесіндегі орны;

- табиғи, техногенді және жасанды радионуклидтер, олардың көздері;

- табиғи жағдайлардағы негізгі доза түзуші радионуклидтердің әсері және экожүйеде олардың көшу жолдары;

- радиацияның тірі организмге және адам денсаулығына медициналық-биологиялық әсері;

Радиациялық бақылаудың міндеттері және радиациялық қауіпсіздік негіздері.

3.5 Студент істей білуі керек:

- сыртқы сәулелену дозиметриясын жүргізу;

- тіркеуші қондырғылармен және құралдармен (дозиметр, радиометр) жұмыс жасай білуі;

- қоршаған орта сынамаларын (топырақ, су, өсімдік) сақтау және сұрыптау;

- жалпы альфа-, бета- және гамма-активтіліктерді анықтау үшін табиғи объектілердің үлгілерін дайындай білу;

- сәулеленудің эффективті дозасын өлшей білу.

3.6 Курстың пререквизиттері:

3.6.1 Бейорганикалық химия

3.6.2 Аналитикалық химия

3.6.3 Физикалық химия

3.6.4 Жалпы физика

3.6.5 Жалпы биология

3.6.6 Жалпы экология негіздері

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Кесте 1


Курс

Семестр

Креди

ттер


ДС

(сағ.)


СПС

(сағ.)


ЗХ

(сағ.)


СОӨЖ

(сағ.)


СӨЖ

(сағ.)


Барлығы

(сағ.)


Қорытынды бақылаудың нысаны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

7

2

15

15

-

15

45

90

емтихан



4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)

Кесте 2


Тақырыптардың атауы және мазмұны

Сағ. саны

Микромодуль 1 - Энергетика және өркениет




Дәріс сабақтар




Энергетика және өркениет. Энергетиканың дәстүрлі түрлері. Көмір-отындық цикл (КОЦ). КОЦ қызметінің жаһандық салдарлары. Гидроэнергетика. Энергетиканың дәстүрлі емес көздері. Атом электростанциялары. Энергетиканың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдарларын салыстыру.

2

Практикалық (семинар) сабақтар




Радиоактивті процестердің статистикалық заңдылықтарын оқып-үйрену.

2

Микромодуль 2 - Радиациялық экологияның физикалық негіздері.




Дәріс сабақтар




Радиациялық экологияның физикалық негіздері. Радиоактивтік түрленулер. Нуклидтер және изотоптар. Тұрақты және радиоактивті ядролар. Ядролық түрленулер түрлері: -ыдырау, -түрлену, изомерлі ауысу, түрленулердің басқа түрлері. Сәулеленудің затпен әрекеттесуі. Радиоактивті түрленулердің заңдары. Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңы. Радиоактивті ыдырау тұрақтылығы және жартылай ыдырау периоды. Көп жылдық және қозғалмалы радоактивтік тепе-теңдіктер.

1

Практикалық (семинар) сабақтар




Радиометриялық өлшеулерде есептеу уақытын талдау.

2

Иондаушы сәулелердің дозасын анықтау

3

Микромодуль 3 -

Қоршаған ортадағы радионуклидтер және дозиметрия




Дәріс сабақтар




Қоршаған ортадағы табиғи радионуклидтер. Ғарыштық сәулелену. Ғарыштық сәулелену дозасын бағалау. Табиғи радионуклидтер: калий-40, рубидий-87 және уран, актиноуран, торий жиынтығы радионуклидтері, олардың ыдырауының радиоактивті өнімдері (радий, радон және т.б.), олардың қасиеттері және қоршаған ортадағы сипаты. Адамның өндірістік әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаға табиғи радионуклидтердің (техногенді радионуклидтер) түсуі: уранқосылысты шикізатты қазу және өңдеу кезінде, мұнайды қазу және өңдеу кезінде, жанармайды жандыру кезінде, тыңайтқыштар және құрылыс материалдарын өндіру кезінде, полиметалды кендерді өңдеу кезінде. Тірі организмдегі калий-40, көміртек-14, тритий және басқа табиғи радионуклидтер.

1

Қоршаған ортадағы жасанды радионуклидтер. Қоршаған ортаның жасанды радионуклидтермен ластануының негізгі көздері. Ядролық жарылыстар және жаһандық радиоактивті ластанулар. Экожүйедегі ең маңызды жасанды радионуклидтер: цезий-137 және 134; стронций-90, иод-131, 129; плутоний-238, 239, 240, 241 қасиеттері және сипаты. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы қазіргі радиоэкологиялық жағдайы.

1

Иондаушы сәулелер дозиметриясы. Дозиметриядағы негізгі түсініктер. Сәулелену энергиясының затқа берілуі. Дозаның өлшем бірліктері. Сәулеленудің биологиялық әсерінің негіздері. Сәулеленудің тікелей және жанама әсері. Сәулеленуге клетка реакциясы. Органдардың және ұлпалардың радиосезімталдылығы. Сәулеленудің күшті және созылмалы әсері, адамның сәулелену ауруы. Аз доза кезіндегі радиобиологиялық әсердің стохастикалық сипаты. Сәулеленудің алшақтанған соматикалық зардаптары. Ионданған сәулеленудің өсімдіктерге және жануарларға әсері. Радионуклидтердің организмге түсу жолдары. Адамға және қоршаған орта объектісіне радиациялық әсерді реттеу негіздері. Радиациялық әсер кезіндегі қатер деңгейі. Эквивалентті, тиімді және ұжымдық доза. Сәулеленудің мүмкін деңгейінің есебі. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Дозиметриялық өлшеулер. Дозиметриялық бақылау құралдары. Дозаның қуаттылығын және ағынның, дозаның, флюенстің тығыздығын өлшеу. Адамның табиғи радионуклидтермен сыртқы сәулеленудегі дозаны бағалау. Адамның табиғи радионуклидтермен іштей сәулеленуі. Радиацияның биологиялық әсері. Иондаушы сәулелердің тінмен әрекеттесуі.

3

Практикалық (семинар) сабақтар




Атмосфералық ауаның табиғи радиоактивтілігін зерттеу.

2

Бета-сәулеленуші радионуклидтермен беттік ластануды өлшеу

2

Иондаушы сәулелер дозасын анықтау

2

Микромодуль 4

Радиоактивті қалдықтар және радиациялық өлшеу құралдары






Дәріс сабақтар




Радиоактивті қалдықтар. Оларды өңдеу, сақтау және көму. Радиоактивті қалдықтарды радиоактивтілігі, химиялық құрамы, агрегаттық күйі бойынша классификациялау. Қазақстандағы радиоактивті қалдықтар туралы проблемалар.

5


Радиациялық өлшеу құралдары. Қоршаған орта объектілерінің сынамаларын сұрыптау және оларды анализге дайындау. Спектрометриялық әдіс.

2

Практикалық (семинар) сабақтар




Бета-сәулеленуден қорғану.

2

Барлығы:

30

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІ
5.1 Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану туралы халықаралық конвенциялар мен келісімдер

5.2 Радионуклидтердің жартылай ыдырау периоды

5.3 Қазақстанның табиғи фонының сипаттамасы


    1. Радиацияның биологиялық әсері



6 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТА

Кесте 3


Тақырыбы

Көрнекі құралдар, ТСО, плакаттар, зертханалық тақталар

Өз бетімен оқып үйренуге арналған сұрақтар

Бақылау нысаны

Дәріс сабақтар

Практикалық сабақтар

Зертханалық сабақтар



Энергетика және өркениет

Радиоактивті процестердің статистикалық заңдылықтарын оқып-үйрену.

Плакаттар



Гидроэнергетика

Тест,

ауызша сұрау



Радиациялық экологияның физикалық негіздері

Радиометриялық өлшеулерде есептеу уақытын талдау.




Көп жылдық және қозғалмалы радоактивтік тепе-теңдіктер.

ауызша сұрау,

реферат


Қоршаған ортадағы табиғи радионуклидтер

Атмосфералық ауаның табиғи радиоактивтілігін зерттеу

химиялық реактивтер,

химиялық


ыдыстар,

дозиметр





ауызша сұрау,

реферат,



Қоршаған ортадағы жасанды радионуклидтер

Бета-сәулеленуші радионуклидтермен беттік ластануды өлшеу.

химиялық реактивтер,

химиялық


ыдыстар

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы қазіргі радиоэкологиялық жағдайы

ауызша сұрау,

есептер


Иондаушы сәулелер дозиметриясы

Иондаушы сәулелердің дозасын анықтау

химиялық реактивтер,

химиялық


ыдыстар,

дозиметр


Радионуклидтердің организмге түсу жолдары

ауызша сұрау,

реферат,


есептер

Радиоактивті қалдықтар




Плакаттар


Қазақстандағы радиоактивті қалдықтар туралы проблемалар

ауызша сұрау,

реферат


Радиациялық бақылау

Бета-сәулеленуден қорғану.







ауызша сұрау,

есептер





  1. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КАРТАСЫ

Кесте 4

Оқулықтардың, оқу әдістемелік құралдардың атауы

Дана (саны)

Студенттер саны

Қамтамасыз етілу пайызы

1

2

3

4

Белозерский Г.Н. Радиационная экология.-М.: Академия, 2008.-383 с.

10

4

100

Пивоваров Ю.Г. Радиационная экология. –М.: Академия, 2004.-240 с.

1

4

25

Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным. ҚР Ұлттық ядролық орталығы.-Павлодар: «ЭКО», 2008.-114 б.

5

4

100

Семипалатинский испытательный полигон. Радиационное наследие и перспективы развития./Институт радиационной безопасности и экологии. Тезисы докладов IV Межд.научно-практ. Конференций.-25-27 август 2010 г. Министерство Индустрии и новых технологий РК./ –Курчатов: 2010.-132 с.

1

4

25

Голиков В.Я., Кириллов В.Ф., Хвостов Н.Н., Черкасов Е.Ф. Радиационная гигиена/под ред. Ф.Г. Кроткова. –М.: Медицина, 1968.-164 с.

1

4

25

Ваганов П.А. Ядерный риск. Издательство Санкт-Петербургского университета, 1997.-112 с.

4

4

100

Төлеубаев Б.Ә. Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы.-Павлодар: 2001.-140 б.

1

4

25

Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск: СГПИ, 2005.-548 с.

17

4

100




  1. ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Негізгі әдебиеттер

8.1.1 Белозерский Г.Н. Радиационная экология.-М.: Академия, 2008.-383 с.

8.1.2 Пивоваров Ю.Г. Радиационная экология. –М.: Академия, 2004.-240 с.

8.1.3 Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным. ҚР Ұлттық ядролық орталығы.-Павлодар: «ЭКО», 2008.-114 б.

8.1.4 Апплби Л.Д. Пути миграции искусственных радионуклидов в окружающей среде. Радиоэкология после Чернобыля. -М.: Мир, 1999, 510 с.

8.1.5 У. Я. Маргулис, Ю. И. Брегадзе. Радиационная безопасность. Принципы и средства ее обеспечения. –М.: Эдиториал УРСС, 2000.-116 с.

8.1.6Н. Р. Мажренова Радиационная экология. -Алматы: Қазақ университеті, 2001.-114 с.

8.1.7Төлеубаев Б.Ә. Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы.-Павлодар: 2001.-140 б.

8.1.8 Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск: СГПИ, 2005.-548 с.


8.2 Қосымша әдебиеттер


8.2.1 Иванов В. И., Машкович В. П. Сборник задач по дозиметрии и защите от ионизирующих излучений. М.: Атомиздат.1973.-288 с.

8.2.2 Радиация. Дозы, эффекты, риск/Пер. с англ. -М.: Мир, 1990.-79 с.

8.2.3 Кривохатский А. С. Проблема радиоактивных отходов. Природа, №5, 1989. с. 50-60.


      1. Л. А. Ильин, В. Ф. Кириллов. Радиационная безопасность и защита. Справочник. .-М. Медицина. 1996, 336 с.

8.2.5 Голиков В.Я., Кириллов В.Ф., Хвостов Н.Н., Черкасов Е.Ф. Радиационная гигиена/под ред. Ф.Г. Кроткова. –М.: Медицина, 1968.-164 с.

8.2.6 Ваганов П.А. Ядерный риск. Издательство Санкт-Петербургского университета, 1997.-112 с.



8.2.7 Семипалатинский испытательный полигон. Радиационное наследие и перспективы развития./Институт радиационной безопасности и экологии. Тезисы докладов IV Межд.научно-практ. Конференций.-25-27 август 2010 г. Министерство Индустрии и новых технологий РК./ –Курчатов: 2010.-132 с.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет